Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 01 Маусым 2017

Қайырымдылық акциясын ұйымдастырды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.06.2017 09:10

1 маусым күні «Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы республикалық балалар оңалту орталығының облыстық филиалында емделуші кішкентай бөбектерге мереке ұйымдастырды. Балаларды қорғау күніне орайластырылған қайырымдылық акция аясында «Даму» Қорының қызметкерлері балалардың оңалту орталығындағы ойын залына түрлі ойыншықтар сыйлап, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтады.

- Орталығымызда емделуші бөбектерімізді ұмытпай, оларға жақсы көңіл күй сыйлағандарыңызға өте ризамын. «Даму» Қорының қызметкерлері ұйымдастырған қайырымдылық акциясы үшін алғыс айтамын. Ауыр дертке шалдыққан балаларға үнемі көңіл бөлініп, жақсы жағдай жасау қажет. Бүгінгі сыйлықтарыңыз балалардың орталықтағы уақыттарын көңілді өткізулеріне мүмкіндік береді және олардың өмірін сәл де болса жарқын етеді деген сенімдемін, - деді республикалық балалар оңалту орталығының облыстық филиал директоры Айгүл Шамшатова.

Халықаралық балаларды қорғау күні тек балалардың жарқын мейрамы ғана емес, сондай-ақ қоғамға бүлдіршіндердің құқығын сақтап, оларды қорғау қажеттілігін де еске салады. Сондықтан да «Даму» Қорының қызметкерлері балаларға түрлі сыйлықтар беріп, барлық қатысушылардың жүздеріне күлкі үйірген арнайы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. «Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Ерқанат Абенов барша балаларды мерекемен құттықтап, оларға мықты денсаулық және бақытты балалық шақ тіледі.

«Даму» қоры облыстық филиалының баспасөз қызметі

 


Балалардың ойын-сауық орталығы ашылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.06.2017 09:09

Әйтеке би кентінде балаларға арналған ойын-сауық орталығы пайдалануға берілді. Заман талабына сай орталық ашуды жергілікті жеке кәсіпкер Қаржаубай Өтегенов қолға алған еді. Айта кетерлігі, түрлі ойын-сауық аттракциондарымен жабдықталған орталық жылдың барлық мезгілінде үздіксіз жұмыс жасайтын болады. «Барлық жақсы – балаларға». Осынау қағиданы тұтынған аудан орталығы енді тағы да бір ғажап нысанмен толықты. Бұл балалардың төл мерекесіне тартылған керемет сый болғаны анық.

Ашылу салтанатында сөз алған Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Қайрақбай Орынбасаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы.

 


БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІН АТАП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.06.2017 09:07

Орталық алаңдағы Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтуге арналған шарада түрлі байқаулар, жарыстар, балалардың орындауында концерттер ұйымдастырылды. Өзінің құттықтау сөзінде аудан әкімі Нажмадин Шамұратов ауданда білім ошақтары, шағын орталықтар, балабақшалар жүйелі жұмыс жасайтынын, 3-6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен толық қамтылғанын, өткен жылы апатты жағдайдағы 5 мектептің құрылысы басталып, жақында Бірлік, Лақалы ауылдарындағы білім ұяларының ашылғанын, жаңа оқу жылына дейін  Майдакөл, Шәкен, Шилі ауылдарынан және 5 кварталдағы ПМС аймағынан 300 орындық мектеп пайдалануға берілетінін атап өтті.

Ауданда балалардың демалысын тиімді өткізу үшін мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлері, «Шағала» демалыс орталығы жұмыс жасайды. Оған қоса облыс, республика көлеміне оқушыларды саяхатқа шығару жоспарлануда. Биылғы жылы Қазалы ауданындағы «Шағала» лагеріндегі 6 ауысымда 840 бала демалатын болады. Оның ішінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыдан шыққан 410 баланы аталмыш лагерьде демалдыруға 5 млн 300 мың теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ, «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығының ақылы ауысымына балаларды тынықтыруға жергілікті бизнес өкілдері де өз үлестерін қосып келеді. Осылайша кәсіпкерлер ағымдағы жылы 280 баланың демалуына атсалыспақшы. Тынығушы балаларды жаз бойы таза әрі сапалы бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында лагерь аумағынан қосымша 7 гектар жер бөлінген болатын. Бұл жұмыстар биылғы жылы да жалғасын таппақшы.

Мұнан өзге аудандағы мектептер жанындағы күндізгі тынығу лагерьлерінде 2472 бала демалатын болады. Оларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 6 млн 567 мың теңге қаралған. Сонымен қатар, мектептер жанындағы көркейту-көгалдандыру және құрылыс жасақтарына, Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне, облыстан тыс қалаларға саяхат жасауға, аула клубтары мен спорт алаңдарына жасөспірімдер жіберіледі.

Мерекеде балабақша тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, сурет салудан сайысқа түсті. Шара мектеп оқушыларының мерекелік шеруіне ұласты.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы.

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.06.2017 16:53

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев "Атамекен" балалар ауылында, облыстық балалар ауруханасында және «Шағбан» инклюзивтік балабақшасында болды.

31 мамыр күні аймақ басшысы, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбаймен бірге отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылына барып, ондағы тәрбиеленушілерді мерекесімен құттықтады. Бүлдіршіндерге музыкалық аппаратура сыйға тартты. Ал,«Атамекен» ауылының кішкентай тұрғындары мәртебелі меймандар назарына арнайы әзірлеген концерттік бағдарламасын ұсынды.

1 маусым күні облыс әкімі облыстық балалар ауруханасында болып, ондағы онкогематология, паллиативті емдеу бөлімшелеріндегі емделушілермен кездесіп, оларға сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, неонаталдық хирургия және сәулелік терапия бөлімшелерінің жұмысымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда қаласында 300 орындық балалар ауруханасы өткен жылы ашылған болатын.

Сондай-ақ, Қырымбек Көшербаев «Балапан» бағдарламасы аясында салынып, 2014 жылдың шілдесінде өз жұмысын бастаған «Шағбан» инклюзивтік балабақшасында болды.

Тәрбиеленушілердің тезірек сауығуы үшін мұнда заманауи емдеу тәсілдері кеңінен қолданылады. Мысалы: аутизм және басқа да науқас балалар үшін «ТАМЕТИСТ» бағдарламасы, иппотерапия (жылқы арқылы емдеу) және т.б.

Балабақшадағы тәрбиеленушілерді облыс әкімі мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қамқорлықтары үшін балабақша қызметкерлеріне алғысын білдірді.

- Қызылорда облысында 5062 мүмкіндігі шектеулі бала болса, соның ішінде 2238 бала инклюзивтік біліммен қамтылған. Сіздер ата-бабамыздың дәстүрін насихаттап, балаларды атқа мінгізу арқылы сауықтырып қана қоймай, сонымен қатар үлкен өмірге жол ашып беріп отырсыздар. Біз «Шағбан» балабақшасының тәжірибесін облыс көлемінде насихаттап, қолдап, оның жұмыс аясын кеңейтуге мүдделіміз. Алдағы уақытта облыстық әкімдік тарапынан бұл жұмысты зерттеп, тәжірибенің әрі қарай жұмыс жасауына мүмкіндіктер жасаймыз, - деді облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.06.2017 16:11

Жаздың бірінші күніне дәл келетін балаларды қорғау күні - халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді. Оны өткізу туралы шешім 1949 жылдың қараша айындағы Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. БҰҰ бұл бастаманы қолдады және балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыты деп жариялады.

Осыған орай, бүгін Жалағаш ауданының орталық алаңында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің» атты мерекелік іс-шара өтті. Балабақша балғындарының мерекелік кіріспе концертінен бастау алған шара дүбірлі мерекеге ұласты. Мерекелік іс-шараны аудан әкімі Т.Дүйсебаев ашып, балғын бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтап, қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, атамекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы екенін тілге тиек етті. Лайым елімізде сәбилердің күлкісі сыңғырлап, Отанымыздың мақтанышы, жас өскелең ұрпақтың аман болуына өз тілектестігін білдірді.

Шара барысында әлемнің әр тарабында өмір сүретін балалардан әуе шары арқылы хат күтіп алып, Жалағаш ауданы балаларының атынан жауап хат жазып, әуе шарын әуелете ұшырды. Мерекелік шарада аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Шара соңы «Шабыт» музыкалық ансамбльдер шеруіне ұласты. Және аудан әкімдігінің қолдауымен аталмыш мерекеге орай мың балаға балмұздақтар үлестіріліп, сахнада өнер көрсеткен әр бүлдіршінге естелік сыйлықтар табысталды.

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 


ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІН АТАП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.06.2017 15:56

Бүгін қазалылық балалар мен олардың ата-аналары Орталық алаңда Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті. Онда балалар үшін әртүрлі байқаулар, жарыстар, балалардың орындауында концерттер ұйымдастырылды.

Балаларды халықаралық мерекемен аудан әкімі Нажмадин Шамұратов құттықтады. «Бүгінде ауданымызда білім ошақтары, шағын орталықтар, балабақшалар жүйелі жұмыс жасауда. 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен 100 пайыз толық қамтыдық. Ал өткен жылы апатты жағдайдағы 5 мектептің құрылысы басталып, жақында Бірлік және Лақалы ауылдарындағы білім ұяларын аштық. Амандық болса, жаңа оқу жылына дейін тағы Майдакөл, Шәкен, Шилі ауылдарындағы 3 мектеп пен 5 кварталдағы ПМС аймағынан 300 орындық мектеп пайдалануға берілетін болады», - деді аудан басшысы.

Мерекеде балабақша тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, сурет салудан сайысқа түсті. Шара мектеп оқушыларының мерекелік шеруіне ұласты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


Мыңнан аса көлік техникалық байқаудан өтпеген PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.06.2017 14:44

“Автокөлікті техникалық байқаудан өткізуге халық келмейді. Құжатты 1500-2000 теңгеден сатып ала салады. Ол “буткаларда” коммерцияға айналып кеткен. Біреу сақтандыру компаниясынан өтсе, соған “техосмотрды” сыйлыққа береді. Болмаса, он литр бензин береді” дейді Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жақсылықұлы бүгін БАҚ өкілдеріне берген брифингте.

Ержан Жолдасовтың айтуынша, осы мәселе былтыр толық қаралып, облыс әкімдігінде талқыланған. Нәтижесі де жаман емес: келер 2017-2018 жылдың іс-шарасы енгізілді. Жергілікті полициямен бірлескен рейд барысында 1338 техникалық байқаудан өтпеген, 30 жалған диагностикалық карталар анықталып, жүргізушілері жауапкершілікке тартылған. Осындай іс-шараға дейін күніне орта есеппен 90-95 автокөлік техникалық байқаудан өтсе, бүгінгі күні ол көрсеткіш 140-145-ті құрап отыр. Демек, жүргізілген рейдтің “желге ұшпағаны”.

Жиын барысында сөз болған екінші түйткіл – жүк көліктері. Жаздың ми қайнатқан ыстығы асфальттың өзін ерітіп жіберетіндей болып тұрады. Ал тонналап жүк тасып жүрген көлік мұндай жолдармен жүрсе не болады? Облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы жазғы маусымда жүк көліктерінің жүрісіне уақытша шектеулер енгізілетіні жөнінде айтты.

- Жалпы, жаз мезгілінде асфальт-бетон жолдарының учаскелері үшін ауа температурасы 25 градустан жоғары болған жағдайда күндізгі 10:00-ден кешкі сағат 10:00-ге дейін шектеу қойылады. Халықаралық келісімдерге сәйкес, жүктердің және жолаушылардың тасымалына, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларға тартылған автокөліктерге, сондай-ақ, тез бұзылатын тауарларды тасымалдауды және жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын автокөліктерге уақытша шектеулер енгізілмейді, - деді Е.Жақсылықұлы.

Жол бойында оқыс оқиға болып, жұрт жапа шекпесі үшін күре жолдың басты “кейіпкері” – көліктің “дені сау” болуы тиіс. Уақытылы ем қабылдамайтынымыз секілді, темір тұлпарымызды да техникалық бақылаудан өткізбесек, соңында сан соғып қаламыз. Сондықтан көлікті межелі уақытта тексерістен өткізіп тұруымыз өзімізге пайдалы, тіпті міндет.

Айта кету керек, қазір Қызылорда облысында 14 техникалық байқау орталықтары тізілімге енгізілген.

Жазира  БАҒЛАН

 


Балалар шеруі өтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.06.2017 14:08

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай орталық алаңда балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі болды. Шараның мақсаты - "Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеясын іске асыру жағдайында өскелең ұрпаққа салтанатты және көше-фестивальды шеруі арқылы эстетикалық және патриоттық тәрбие беру. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған шараға республиканың барлық білім беру ұйымы қатысуда. Қызылордадағы шеруге 3 мыңнан астам бала қамтылды. Аймақтың түкпір-түкпірінен жиналған олар қаланың үш бағытындағы көшелердің бойымен ән салып, музыкалық композициялар орындап орталық алаңға жиналды.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов алғаш рет ұйымдастырылған шеруді республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға деп, қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтады.

Шеруге қатысқан балалар көтеріңкі көңіл күймен тарқады.

Өңірлік коммуникация қызметі

 


ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.06.2017 14:04

Деректерге көз жүгіртсек, нәубет жылдарында, дәлірек айтқанда, 1927-1939 жылдар арасында Қазақстанда 100 мыңнан астам адамның қуғын көріп, 25 мыңнан астам адамның атылғаны туралы айтылады. Зұлмат заманның запыранын жұтқан қазақ елі қатыгез қасіретке төзе білді. Азаттықтың арайлы таңы атып, 1997 жылы Елбасының Жарлығы бойынша 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.

Аудан орталығындағы «Тағзым алаңына» жиналған қауым қуғын-сүргін құрбандарының рухтарына құран бағыштап, бір минут үнсіздікпен еске алды. Мұнан кейін аудандық мәдениет үйінде қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандары еске алуға арналған «Алаш қозғалысына 100 жыл: тарих тағылымы» атты ғылыми-танымдық конференциямен жалғасты. Жиында аудан әкімінің орынбасары Б.Накипов: «1997 жылы қуғын-сүргін құрбандарының есімдері жазылған ескерткіш орнатылды. Елбасының Жарлығымен 1997 жылдан бастап сағынта, сарылта жеткен Азаттықтың ақ таңымен ақтаңдақ жылдардың құрбаны боп, «халық жауы» атанып кеткен арыстарымызды ақтау, арашалау дәуірі басталды. Біз бүгінгі өміріміз үшін елінің азаттығы, бірлігі, болашағы үшін күрескен, тар жол, тайғақ кешкен қайсар бабаларымызды еш уақытта ұмытпаумыз керек», - деді. Сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің PHD ғылымдарының докторы Д.Омаров «Алаш қайраткерлері және ұлттық мемлекеттік идеясы» тақырыбында баяндама жасаса, аталған оқу ордасының доценті, ғылым кандидаты Б.Әпенов «Мұстафа Шоқайдың әлеуметтік философиясы» тақырыбында сөз қозғады.

Шарада бұдан өзге де танымал ел ағалары ашаршылықты басынан өткермеген кейбіреулер бұл зұлматты аңыз секілді қабылдағанымен, сұрапыл нәубет халқымыздың бастан кешкен шынайы тағдыры екенін айтып, лагерьлерде ұлтымыздың ар-намысты алға қойған арда азаматтары мыңдап құрбан болғанына тебірене тоқталды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


Әлем назары Аралға ауды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.06.2017 14:02

Аралдың қазіргі жайы шындығында әлем назарын әлі де өзіне аударып келеді. Ағымдағы жылдың 30 мамырында бастау алған форум бүгінде әлі де жалғасын табуда. Алдымен облыс орталығында болған форум «ғасыр жобасына» баланған Көкарал бөгетінде жалғасты. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған САРАТС жобасының алғашқы кезеңінің куәсі болған форумға қатысушы делегацияны облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов және Арал ауданының әкімі М.Оразбаев бастап келді. Делегация құрамында экономикасы дамыған түрлі ел өкілдерінің Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік Банк ұйымдарының өкілдері бар.

Аралдықтардың ризығын еселеп, келешегін жарқын еткен САРАТС жобасының бүгінгі нәтижесіне назар салған шетелдіктер теңіз басында ерекше әсерге бөленіп, қазақтың дәруменге бай дастарқанынан дәм татты.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2017 >
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары