Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Жұма, 02 Маусым 2017

Шетелдік туристер Сыр шаһарына табан тіремек PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.06.2017 17:46

Сарыарқаның төрінде орын тепкен Астана жыл сайын көркейіп, құлпырып келеді. Жас қалада аз уақытта аспанмен астасқан ғимараттар, зәулім үйлер де бой көтерді. Қаладағы ерекше атмосфера да кез келген мейманды өзіне баурап алады. Бүгінде Астанада бәрі – ЭКСПО. Тіпті аспанмен таласқан алып бұлттардан да көрменің иісі аңқиды. Тұрғындардың да айтатыны осы. Хош. Еліміздің бас қаласында әлемдік масштабта өткелі отырған «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына да санаулы күндер қалды. Жалпы, халықаралық маңызы бар шараға 115 мемлекет пен 21 халықаралық ұйымдар қатысуға ниет танытқан. Сонымен қатар Қазақстан ТМД кеңістігінде ЭКСПО көрмесін алғашқы болып өткізбекші. Нар тәуекел.

Сыр елі де үлкен шараға өз үлесін қосқалы отыр. Күрішті аймақта аталмыш көрменің туристік нысандары да орналасқан. Сыр өңіріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені шетелдік туристер табан тірейтін орындар ретінде де белгіленіп қойылған. Осы ретте атқарылған шаралар да ауқымды. Дайындық та қызу. Бұдан бөлек облысымыздың туристік әлеуеті жөнінде үш тілде бейнероликтер әзірленіп, Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында көрсетілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжанов айтып берді.

– Облыс тұрғындарының көрмеге барып-қайтуын басқарма жіті назарында ұстайды. Жалпы, көрме өткізілетін үш ай ішінде Қызылорда-Көкшетау және Қызылорда-Павлодар пойызымен теміржол тасымалы арқылы Астана қаласына облыс тұрғындары кезек реттілігі бойынша жіберілетін болады. Оларға қосымша 36 вагон жалғанбақ. Шамамен 93 күнге созылатын шарада теміржол тасымалы арқылы 50 мыңға жуық облыс тұрғындары жіберіледі деп күтілуде. Мұнан бөлек «Транс Сервис» жолаушылар тасымалы компаниясы күнделікті 5 жолаушылар автобусын шығаратын болады. Осы ретте жолаушылар тасымалы арқылы 20 мың тұрғынды жеткізуге мүмкіндік бар. Астана қаласына барғаннан кейінгі олардың жатын орны да алдын ала сайланып қойылды. Арнайы Қызылорда облысы тұрғындары үшін 48 пәтер бөлінген.Олардың орташа ақысы 8 мың теңгені құрап отыр, - деді ол.

Мұнан бөлек жоғарыда айтқан Сыр бойындағы туристік нысандарға қонақтар тарту мақсатында отандық туроператорлармен жұмыстар жүргізілуде. Нәтижелі келіссөздердің арқасында Англия, Германия, Қытай туристері «Байқоңыр» ғарыш айлағын көруді жоспарлап отыр.

Жалпы, көрменің мақсаты – ұлтты, ұлттық ерешеліктерді, дүниетаным мен салт-дәстүрді ұлықтау, өзге елдерге таныстыру. Осы орайда «Қорқыт Ата» зиярат ету кешенінің аумағында туристер мен қонақтарға халқымыздың мәдениеті мен дәстүрін дәріптейтін «Этноауыл» құрылмақшы. Мұнда облыстың танымал қолөнер шеберлері «Экспо-2017» аясындағы және ұлттық нақыштағы өз бұйымдарын ұсынады деп жоспарланған. Этноауыл спорттық жарыстар мен мәдени шаралардан да ада емес.

Мыңдаған турист табан тірейтін Бас қалада ең алдымен азық-түлік жетімсіздігі орын алмауы шарт. Осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін әр облыс межелі азық-түліктерін Елордаға жөнелтпек. Біздің облыс жалпы 7608 тонна азықпен қамтамасыз етуі қажет деп бекітілген. Оның ішінде 6847 т күріш, 546 т балық, 95 т қауын мен 120 т қарбыз бар. Бұдан бөлек ара балы, құлпынай, алма, сөк, талқан, ас тұзы, қауынқұрт, қауынқақ, көкөніс жөнелтілетін болады.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің басты мақсаты – жаңа технология арқылы жасалған, тиімді әрі пайдалы жобаларды таныстыру. Көрме дайындығы басталғалы бері еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі жобалар ұсынылып, ең ұтымдылары сараланып та алынды. Біздің аймақтан аталмыш көрмеге 6 жоба ұсынылған. Олардың қатарында Қызылорда қаласында тұрмыстық қалдық қоқыстарын өңдеу, күн сәулесін шығару, газбен жүретін автобус, қалдықтарды өңдеп, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау, оазисті тамшылап суару, дөңгелектің қалдықтарынан жасалған тамшылатып суару құрылғысы бар. Жаңа жобалар көрме күндері аясында туристерге тамашалауға ұсынылатын болады.

Облыстағы «ЭКСПО-2017» ресурстық орталығының басшысы Ж.Тұсмағанбетовтың айтуынша қазірдің өзінде біздің аймақтан 37 мың билет сатылған.

– Өздеріңізге белгілі, 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында маңыздылығы үлкен шара өткізілгелі отыр. Оған біздің облыстан 75 мыңнан астам азамат бару жоспарланған. Халық өте белсенді. 115-тен астам мемлекеттің азаматтары бас қосатын ғаламдық шарада мыңдаған жобалар көрсетіліп, әлем назарына ұсынылады. Оған Сыр елінің азаматтары да өз үлестерін қоспақ. Қазір біз облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен бірлесіп бірқатар жұмыстар атқардық. Қазірдің өзінде 37 мың билет сатылды, - деді ол.

Шара ауқымды, әлем елдері көз тігіп отыр. Сондықтан атқарылған істердің асығы алшысынан түсіп, абыройымыз асқақтасын деп тілейік.

Құралай  ЖАҚСЫЛЫҚ

 


Сәбилерге қуаныш сыйлады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.06.2017 15:27

Біздің қоғамда туғанынан жетімдік көріп, ананың аялы алақанын, әкенің қамқорлығын сезіне алмаған балалар баршылық. Бірі дүние есігін аша салысымен қамқоршыларынан ерте айырылса, енді бірін безбүйрек аналар өз қолымен жетімдер үйіне өткізіп кетеді. Осындайда қоғам алдындағы басты миссия – жалғыз қалған жетімекті аяғына тұрғызып, қанатын қомдап жіберу деп білеміз. Солай болып та жүр. Хош. Әңгімеміздің әлқиссасын жетімдер жайлы өрбіттік. Осы ретте мұндай балаларға қамқорлық танытып, өз қарауларына алған мемлекеттік орталықтардың барын да айта кеткен жөн. Осындай ұжымдардың бірі – облыс орталығындағы «Сәбилер үйі». Ата-анасы бас тартқан, жетім қалған талай тағдыр иесінің туған үйіне айналған орталықтың ашылғанына да биыл бес жыл. Бүгінде бұл орталықта 60 төсек болса, оның бірде-біреуі бос емес. Қынжылтатыны да осы. Орталықтың бас дәрігері Зоя Көшенованың айтуынша, аналар балаларын орталыққа өткізіп кеткенімен, кейін іздеп келіп, қайта қайтарып алатын жағдайлар да кездеседі екен.

– Мұнда туабітті денсаулығында ақауы бар балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, ата-ана құқығынан айырылушылардың балалары, уақытша тәрбиеленушілер бар. Сонымен қатар некесіз жас аналардан туылған балалардың арнайы «Үміт» тобы да жұмыс істейді. Орталық ашылғалы бері 300-ге жуық бала туған ата-анасына оралды. «Үміт» тобындағы балаларды біз 3 жасқа дейін, ал әртүрлі науқастылығы бар балаларды 4 жасқа дейін қараймыз, - деді.

Кеше орталық балаларды қорғау күніне арнайы мерекелік шара ұйымдастырды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов қатысып, бүлдіршіндерді құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

– Баланы қорғау деген көзге көрінген баланы қорғау ғана емес, бала ананың құрсағында жатқан кезден бастап-ақ қамқорлық пен шексіз мейірімге бөленіп өсуі керек. Сондықтан да балаларымыздың күлкісі күміс, ұйқысы тыныш болуы үшін аға ұрпақ ата-аналар қолдан келгенді аянбауы қажет. Ерік-жігерімізді, күшімізді балалардың болашағы баянды, келешегі кемел болуы үшін жұмсауымыз керек. Еліміз Тәуелсіздік алғалы балаларды қорғауға бағытталған 15 заң қабылданды. Сонымен қатар БҰҰ-ның барлық конвенцияларын қабылдаған елдердің біріміз. Бұдан бала мәселесі біз үшін ең маңызды болып саналатынын байқаймыз. Бала ештеңеге мұқтаж болмауы керек. Құдайға шүкір, біздің еліміз тыныш, бейбіт өмір кешудеміз. Ал сол тыныштықты ары қарай мамыражай тірлікке жалғастыру үшін күш салуымыз керек, - деп жылы лебізін білдірді.

Бұл орталықта балалардың бар жағдайы жасалған. Мұнда түскен балаға педиатр, психолог, дәрігерлер мен тәрбиешілер қарайды. Арнайы балалар үшін шетелден еуропалық, заманауи, өзін-өзі дамытуға жұмыс жасайтын «монтессори» жүйесін өз бағдарламамызға да енгіздік. Бала уайым-қайғысыз өмір сүруіне бар жэағдайы жасалған. Осылай дейміз-ау, бірақ ата-ананың аялы алақанын ешнәрсенің алмастыра алмайтынын түсінсек игі еді.

Қ.ВЛАДИМИРҚЫЗЫ

 


«Тау самалы» тынығуға таптырмайды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.06.2017 14:45

Оңтүстіктегі Жаңақорған ауданы – өндірісі өркендеген өңір. Шикізат өндірумен бірге, соңғы уақытта туризм саласына да бет бұрып отыр. Бүгінгі күні Жаңақорғанда 3 демалыс аймағы болса, олардың қатары тағы біреумен толықты. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шалқия кенті, Құттықожа ауылы маңынан «Тау самалы» демалыс аймағы ашылды. Оған аудан әкімі Ғалым Әміреев, ауыл ақсақалдары мен балалар қатысты.

Құрметті жаңақорғандықтар, қонақтар! Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев балалардың болашағына ерекше көңіл бөліп отыр. Бүгін міне, мереке қарсаңында Құттықожа елді мекені жанынан «Тау самалы» демалыс аймағы ашылды. Баршаңызды демалыс аймағына келіп тынығуға шақырамын,- деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, Ғалым Махмұтбайұлы кейбір тынығушылардың табиғатқа келтіріп жатқан зияны туралы тілге тиек етті. Өйткені демалуға келгендер экологиялық талаптарды сақтамайтын көрінеді. Сондықтан аудан әкімдігінің тікелей бастамасымен қолға алынып отырған дүниеге жанашырлық танытқан жөн. «Тау самалы» демалыс аймағына жету үшін жолға арнайы асфальт та төселген. Қауіпсізік шараларын сақтау мақсатында аумақ кене мен түрлі жәндіктерге қарсы улаудан өткен. Таза ауада отбасылық немесе ұжымдық шаралар өткізуге өте қолайлы. Киіз үйлер тігілген, айнала жасыл желек. Тынығу аймағының ашылу салтанатында бүлдіршіндер арасында түрлі спорттық сайыстар, сурет салу және қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Сонымен қатар алдағы уақытта автотұрақ, қонақүй, спорт алаңдары, монша мен бассейн орналаспақ.

– Мен табиғаттың суретін салғанды ұнатамын. Табиғат аясында бұл демалыс орнының ашылғанына қуаныштымын. Тағы да осында болғым келеді,- дейді оқушы Бекзат Жұмахан.

Аудан орталығында мереке күні балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті. Мұның мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеяны іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен студенттердің салтанатты, көше-фестивальды шерулерін қолдау мен дамыту. Аталмыш акция республиканың барлық өңірінде бір мезетте ұйымдастырылып отырғанын айта кеткен жөн. Шара соңы аудандағы өнерлі жастардың қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Халық-хабар

 


Аралдағы ерекше шеру PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.06.2017 14:04

Ұлттық ұстанымға айналған «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру халықтық қолдауға ие болып жатқаны баршаға аян. Әрі рухани адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру факторына негізделген идея қысқа мерзімде көпшіліктің қолдауын иеленіп те үлгерді. Осындай ахуал Арал ауданында да кеіінен көрініс табуда. Мұны теңіз төскейіндегі Халықаралық балаларды қорғау күні құрметіне өткізілген балалар мен жастардың орындаушылық шығармашылықтарын қолдау және дамыту бағытында балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдері және оркестрлерінен құралған шеруі анық аңғартты.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған шараға ауданның барлық білім беру мекемелері қатысып, өз өнерлерін баршаға паш етті. Шара барысында сөз алған Арал ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев тұңғыш рет ұйымдастырылған шеруді республиканың мәдени өмірінде өзіндік маңызы бар оқиға деп атап, қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтады.

Жұмабек Табынбаев,

Арал ауданы.

 


Күнтізбе

< Маусым 2017 >
      1 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары