Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 05 Маусым 2017

Бас жүлде Исламхановтар отбасына бұйырды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.06.2017 09:49

Әр шаңырақта береке, бірлік болмай, ел болып еңсе тіктеуіміз екі талай. Сондықтан да мемлекетіміздің мәйегі мерейлі отбасылар дейміз. Құт қонған шаңырақтарды насихаттау, олардың өмірін келер буынға өнеге ету елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде жүзеге асып келеді. Оған бірден-бір себепкер – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы.

Апта басында А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» облыстық конкурсының жеңімпаздары мен үздіктерін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев марапаттады.

-   Құрметті қауым, біздің халқымыз үшін отбасы – қасиетті ұғым, қастерлі құндылық. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келіп, ұлттық мәртебе берілген «Мерейлі отбасы» конкурсы отбасы құндылықтарымен қазақ үшін қашан да киелі саналатын бір шаңырақ астында мерекелі өмір сүрудің маңыздылығын насихаттауда орны ерекше тағылымды шараның біріне айналып отыр. Аймағымызда төртінші рет өткізіліп отырған мерейлі шараға қатысуға ниет білдірушілер жылдан-жылға артып келе жатыр. Биыл облысымыздың барлық өңірінен 337 отбасы қатысты. Бұл отбасылардың барлығы да керемет, нағыз жеңімпаз отбасылар. Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, әрбір отбасына амандық пен құт-береке тілейміз. Жарасымдылықтарыңыз атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін. Ата жолын жалғастырған мерейлі ұрпақ көбейе берсін,- деді аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы.

Мұнан соң облыс әкімі байқаудың облыстық кезеңінен іріктелген үздіктерге кезек берді. «Қамқорлық» номинациясымен Қызылорда қаласынан Балмахановтар отбасы, «Отбасылық үйлесім» номинациясымен сырдариялық Мясцовтар отбасы, «Өнерлі отбасы» номинациясымен қармақшылық Шымбаевтар отбасы, «Ұлағатты отбасы» номинациясымен жаңақорғандық Арыновтар отбасы марапатталды. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің ІІІ дәрежелі дипломы жалағаштық Нұрмағанбетовтер отбасына бұйырса, ІІ дәрежелі дипломды аралдық Аймырзаевтар отбасы иеленді. Ал І дәрежелі дипломды жалағаштық Ғаниевтер отбасы қанжығасына байласа, бас жүлдені жүзден жүйрік шыққан шиелілік Исламхановтар отбасы ұтып алды. Жеңімпаздарға тұрмыстық техникалар сыйға берілді. Ал бас жүлде иегері Исламхановтар отбасы екі адамға арналған демалыс орнына тегін жолдама алды.

Осылайша ынтымағы ұйысқан отбасылардың ел алдында тағы бір мәртебесі көтеріліп қалды. Әрине, шаңырағындағы шаттықты еселеп, бақ пен бақытты бірге ұстау ерен еңбекпен келеді. Өмір жолында кездескен қиындықтарға қарсы тұрып, қандай жағдай болмасын, ошақтың отын өшірмей келгені келер ұрпақ үшін үлгі. Байқау озаттары марапатталған соң жиын мерекелік кешке ұласты. Сыр елінің өнерпаздары әнмен шашу шашып, жиылған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 


Сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу мәселесі талқыланды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.06.2017 09:09

Қызылорда облысы ішкі істер департаментінде полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасуға бағытталған «Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне жол бермеу мәселесі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Аталмыш шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын күнделікті қызметте қолдану тәсілдері туралы түсіндірме беріп, заңның қолдану шеңберінде туындайтын сұрақтар бойынша пікір алмасу болып табылады.

Кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқарма басшысының міндетін атқарушы  Ізкенов Бағдат Оразбекұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Байқуатова Марал Жұмабекқызы, департаменттің Әкімшілік полиция, Көші-қон полиция басқармалары, Күзет қызметін бақылау бөлімі, Қызылорда ҚІІБ және барлық АІІб  басшыларының орынбасарлары мен қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңесті Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетов ашып, семинар-кеңестің бағдарламасымен  таныстырды, сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Шара барысында Көші-қон полиция басқармасы бастығының орынбасары С.Умаровтың, Күзет қызметін бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы С.Жүсіпованың баяндамалары тыңдалды.

Семинар соңында қатысушы қызметкерлер келген қонақтарға өз тәжірибелерінде келеңсіздік тудыратын кейбір жайттарға қатысты ақыл-кеңес сұрап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Семинар-кеңес  заңнамалар төңірегінде өзара пікір алмасумен аяқталды.

ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ "БЖЗҚ"АҚ-мен МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.06.2017 17:30

5 маусым күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймаққа жұмыс сапарымен келген «БЖЗҚ» АҚ-ның Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаевамен кездесті. Кездесу барысында Қызылорда облыстық әкімдігі мен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға сәйкес, қор қызметкерлері облыс тұрғындарын ақпараттандыру, атап айтқанда, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту және зейнетақы жүйесін жаңғырту жөнінде іс-шаралар жүргізеді.

Аймақ басшысы атап өткендей, ресми деректерге сүйенсек, Қызылорда облысы халқының саны 769,5 мың адамды құрайды. Ал, 345 623 адам экономикалық тұрғыдан белсенді болып саналады. Оның ішінде, 206 904 адам (60%) жалдамалы қызметкерлер болса, 121 647-сі (35%) - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қызылордадан «Алтын сапаға» 3 кәсіпкер, «Қазақстанның үздік тауарына» 25 кәсіпкер қатысуға ниет білдіріп отыр PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.06.2017 17:23

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатова айтты.

Оның айтуынша, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының облыстық шарасына қатысуға ниет білдірушілердің қатары өткен жылмен салыстырғанда өсіп отыр.

Мәселен, өткен жылы облыстық байқауға 17 кәсіпкер қатысқан болса, биыл «Қазақстанның үздік тауары» байқауына 25 кәсіпкер қатысуға ниет білдірген. «Алтын сапа» байқауына 3 кәсіпкер құжат тапсырған.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы екі этап бойынша өтеді. Бірінші кезең облыстық деңгейде өткізіледі, облыстық деңгейде ұтқан кәсіпкерлер екінші кезеңге өтіп, республикалық байқауға қатысады. Бүгінгі күнге дейін жергілікті БАҚ арқылы кеңінен ақпараттандырылып, кәсіпкерлермен өткізілген түрлі кездесулерде насихат шаралары жүргізілді. Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасы тарапынан бизнес өкілдеріне жан-жақты әдістемелік көмек көрсетілуде. Атап айтқанда, құжаттардың ереже талаптарына сай толтырылуы үшін Палатаның сарапшылары мен аудандық филиалдағы қызметкерлер түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, барлық жағдайды жасауда», - дейді Гүлдана Таңатова.

Сонымен бірге, сәуір айында «Атамекен» ҰКП қызметкерінің қатысуымен тегін арнайы оқыту семинары өткізіліп, оған 40-тан астам кәсіпкерлік субъектілері қатысты.

Айта кету керек, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын ұйымдастыру 2015 жылдан бері «Атамекен» ҰКП-на жүктелген.

Өткен жылы облыста байқау аясында 50-ден астам кәсіпкерлер өздерінің жергілікті өнімдерін халыққа ұсынды. Оның ішінде, жоғарыда атап өткеніміздей 17 кәсіпкерлік субъектісі байқауға қатысты.

Өткен жылдың жеңімпаздары: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Кемикал» ЖШС, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша «ЖК Курбанбаев», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша «Сыр Маржаны» ЖШС жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, осы 3 номинация бойынша 1, 2, 3-орынға ие болған 9 кәсіпкер Астана қаласында орталық «Көрме» павильонында өз өнімдерін қойды. Байқауға барлық аймақтан 144 кәсіпкер қатысып, өздерінің жергілікті өнімдерін сол көрмеде қойып, халықтың алдында ұсынды.

Байқаудың қорытынысы бойынша Қызылорда облысынан «Сыр Маржаны» ЖШС «Атамекен»ҰКП-ның «Іскер» номинациясына ие болды. ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына үш компания: «Қазгермұнай» ЖШС, «Сыр Маржаны» ЖШС, «Нұрай» ЖШС қол жеткізді. «Қазгермұнай» ЖШС басшысы Медет Кәрім «Атамекен» ҰКП-ның «Ісіне адалды үшін» медаліне ие болды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


АСТАНАДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.06.2017 16:30

Елімізде «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесінің аясында ағымдағы жылдың маусым - қыркүйек айлары аралығында Елордада өңірлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу келісіліп, осыған орай 3-4 маусым күні Қызылорда облысы, Атырау және Батыс Казақстан облыстарымен бірігіп Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағында жәрмеңке ұйымдастырды.

Жәрмеңкеде Астана тұрғындары мен қонақтарына Қызылорда қаласы мен облыстың 7 ауданынан 15 автокөлікпен 30 түрлі өнім түрлері жеткізіліп, сатуға ұсынылды. Оның ішінде: күріш – 112 тонна, жылқы еті – 2,5 тонна, сүт өнімдері – 9 тонна, қымыз, шұбат – 0,7 тонна, ара балы - 0,2 тонна, балық өнімдері - 20 тонна, конфет – 2,5 тонна, көкөніс, қияр, қызанақ – 14,5 тонна, құлпынай, алма, алмұрт, өрік – 2,5 тонна, қырыққабат 2 тонна, сөк, талқан – 0,5 тонна, ас тұзы – 5 тонна, қауынқұрт, қауынқақ және т.б. өнімдері жәрмеңкеге шығарылды.

Жәрмеңкеде 45 млн. теңгенің 200 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері сатылды.

Жылқы етінің бағасы – 1600 теңгеден (Астана қаласында нарықта жылқы етінің 1 кг 1800-2000 теңге), күріш – 180 теңгеден, балық өнімдері 300 теңгеден 1500 теңге аралығында, сүт өнімдері, оның ішінде қымыз, шұбат – 500 теңгеден, қаймақ  – 600 теңгеден, ас тұзы - 40 теңге, қырыққабат – 70 теңгеден сатылды.

Жәрмеңкеде сатылған өнімдердің бағалары Астана қаласының ауыл шаруашылығы басқармасымен келісілген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Кәсіпкерлердің назарына: білу маңызды! PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.06.2017 13:56

2017 жылғы 1 шілдеден бастап салық/кеден органдарымен жүргізілген тексеру нәтижелері жөніндегі немесе бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға (бұдан әрі хабарлама) қатысты шағымдар уәкілетті орган – ҚР Қаржы министрлігімен қаралатын болады.

Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады. Палата тексеру нәтижелері жөніндегі немесе бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымданушы кәсіпкерлерге арналған арнайы Жадынама әзірледі. Жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.

Білу маңызды! 2017 жылғы 1 шілдеден бастап кәсіпкер хабарламаға қатысты шағымдану туралы шешім қабылдаған жағдайда шағым ҚР Қаржы министрлігіне беріледі.

Аталмыш хабарламаға қатысты кәсіпкердің шағымын қарау үшін ҚР Қаржы министрлігімен Апелляциялық комиссия құрылған. Комиссия мүшелері – мемлекеттік органдар мен "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының өкілдері.

ҚР Қаржы министрлігі кәсіпкерден шағым түскен жағдайда қажетті құжаттарды жинақтап, Апелляциялық комиссияға қарау үшін жолдайды.

Кеден Кодексінің 16-бабына және Салық Кодексінің 55-бабының 2-тармағына сәйкес Апелляциялық комиссияның мүшесі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі кәсіпкердің шағымын қарау барысында салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерге қол жеткізуге құқығы жоқ.

Кәсіпкерлік субъектісінің құқығын және заңды мүддесін қорғау, сондай-ақ хабарламаға сай берген шағымын өз дәрежесінде жан-жақты, объективті қарау мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкіліне салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерге қолжеткізу үшін кәсіпкердің жазбаша рұқсат қағазы қажет болады.

Білу маңызды! Кәсіпкер хабарламаға қатысты шағымдану барысында Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкіліне салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпия мәліметтерге қол жеткізуге рұқсат беретін жазба хатын қосып беруі қажет.

Апелляциялық комиссия мүшелерінің шағымды қарау қорытындысымен тиісті шешім қабылданатын болады.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Маусым 2017 >
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары