Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 07 Маусым 2017

МҰНАЙДЫҢ МҰҢЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
08.06.2017 11:48

Соңғы кезде еліміздегі «қара алтынға» қа­тысты әңгімелер де, ресми­ статистика да сан құбылып  тұр. Естеріңізде болса, өткен жылы Қазақстан ОПЕК-ке мұнай  өндіру  көлемін 1,7 млн  баррельден 20-30 мың баррель кем өндіру туралы уәде берген болатын. Оған себеп, әлемдегі мұнай өндіруші елдердегі мұнай өндірі­сінің  төмендеуі.

Дегенмен, дүние­жүзілік банк мұнайдың бағасы жақын арада қайтадан көтерілуі мүмкін дегенді алға  тартып отыр. Олардың  айтуынша, 2018 жылы мұнайдың баррелі орташа есеппен 60 АҚШ долларын құ­рауы мүмкін. Алайда оның бір ғана есептік мүмкіндігі бар. Ол – мұнай өндіру көлемін қысқарту.

Меруерт  МАХМҰТОВА,

экономист:

- Мұнай бағасы тікелей Құрама Штаттардың мұнай өндіруіне байла­нысты. Оларда дамыған технологияның  арқасында мұнай өндірудің бағасы төмендеп жатыр. Сондықтан осындай төмен бағамен мұнай өндіру оларға­  пайдалы.

Экономист маман осылай жорамалдады. Ғаламдық деңгейде тал­қыға түскен бұл мәселелер  Ресей мен Сауд Арабиясының өндіріс саласының да «ыстығын» көтеріп тұр. Осы күні мұнай экспорттаушы ірі елдер  Сауд Арабиясы мен Ресей мұнай өндіру көлемін азайту турал­ы келісім тағы бір жылға ұзартылғанын  жөн  санап отыр. Бұл әлемдік нарықта мұнай бағасының кө­терілуіне әсер етті. Сарапшылардың пікірін­ше, Дональд Трамп басқарып отырған АҚШ Сауд Арабиясымен келісе отырып, мұнай бағасын түсіруді бірге қолға алған. Бұлай болжам айтуға да негіз бар көрінеді. Себе­бі, тарихта Мәскеуге ық­пал ету үшін АҚШ-тың араб ханзадалары көмегі­мен мұнай бағасын құ­латқан оқиға болған. 1985 жылдың 13 қыркүйегінде Сауд  Арабиясының сырт­қ­ы істер министрі Ямани өздерінің мұнай өндіруді шектеу саясатынан бас тартатындығын мәлім­дейді. Осыдан кейін алты ай ішінде Сауд Арабиясының мұнай өндіру көлемі 3,5 есеге өскен, жыл соңында ол 6,5 есені құрайды, нәтижесінде баға да төмендепті-міс.

 

БАС  ЭНЕРГЕТИКТІ  НЕ  МАЗАЛАП  ЖҮР?

Біздің елде де мұнай саласының «сай-сүйегі» «сыр­қырап» тұр. Тіпті сапасы сын көтеретін халде емес. Мәселен, Қызылорда облысындағы өндіріліп жатқан мұнайдың құрамының 95 пайызы – су, қалған 5 пайы­зы ғана таза құрамдағы мұнай екенін аймақ басшысының өзі де айтты. Бұл ақиқаттың да нарыққа әсер етпей­ қоймасы анық. Елдің аузында жүрген «майлы» мәселе­ еліміздің бас энергетигінің де мазасын алғанға ұқсайды. Айдың басында берген есебінде осы мәселеден айналып өте алмағанына қарағанда энергетика министр­і де мұнай нарығын қарайлап жүр.

Өткен жылы іске қосылған Қашаған ірі кен орнынан­ осы жылы 5 млн тоннадан астам мұнай және 3,1 млрд текше метр газ өндіру жоспарлануда. Айта  кетейік,  биыл  елдегі мұнай өндіру жоспары 81 млн тоннаны нысаналап отыр. Жалпы, «қара алтын» өндірудің негізгі өсімі Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарында қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар орта және кіші кен орындарында мұнай өндіру көлемдері­ өткен жылғы 36 млн тоннадан 2020 жылы 33,2 млн тоннаға дейін төмендеуі әбден ықтимал.

 

АИ-80  МАРКАЛЫ  БЕНЗИН  ӨНДІРІЛМЕЙДІ

Кейде көлігімізге жанар-жағармай іздеп, қаланың ішін шарлап, май құю бекеттерін аралап кететін кезіміз болады. Әсіресе, баға қымбаттайтын тұста дәл осы «бензин жоқ» деген «ертегі» жиі қайталанатыны шындық. Соңғы уақытта бензин тапшылығын еске алып қана жүрміз. Өйткені ол қымбат. Ал қымбат тауар­ды кім сатып жібергісі келмейді. Көзіне көп ақша, көкейінде байлық буы тұрғанда қорда сақтау не тәйірі?!

- Біз нарықтық экономика заманында өмір сүреміз. Қазақстан бес мемлекетпен шектеседі. Түрікменстанды қоспағанда, олардың төртеуінде жанар-жағармай бағасы жоғары. Егер біз бағаны төмендеткіміз келсе, онда  отын  саны шектелетіндігін түсінуіміз керек. Бұл – нарықтық экономиканың қарапайым заңы. Мен Қазақстандағы отынға бағаны Еуропа елдерімен салыс­тырмаймын, өйткені табыс деңгейі де әртүрлі екендігін бәріміз жақсы білеміз. Бірақ ТМД елдерінің ішінде Қазақстандағы бензин бағасы ең төменгі бағалардың бірі деп сеніммен айта аламын. Министрлік тарапынан баға белгілеуді ашық түрде жүргізуге және ішкі нарыққа мұнай жеткізудің экономикалық рентабельді шарттарын жасауға тырысамыз. Ол үшін мұнай өнімдерін биржа арқылы сату, болашақта салықтық саясатты өзгерту сияқты бір­қатар тетіктерді қарастырамыз, - деді межелі мерзімге есеп берген ҚР Энер­гетика­ министрі Қанат Бозымбаев.

Осы жылғы қаңтар-сәуір аралығында үш мұнай өңдеу зауыттарындағы мұнай өндіру көлемі 4,5 млн тоннаға артты, ішкі нарықтың отандық бензинмен қамтылуы 77,5%, дизель отынымен 98,9%, авиакеросинмен қамтылуы 39,0%-ды құрады. Министрдің мәлімдеуінше, алдағы уақытта ашық түсті мұнай өнімдері, яғни бензин,­ дизель отыны және әуе отынын өндіру артады. Есесіне мазут өндіру кемиді де, ал АИ-80 маркалы бензинін шығару түбегейлі тоқтатылады.

А.НҰРТАС

 


«ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ СЫРТҚЫ ҚАТЕРЛЕРГЕ ТОЛЫҚТАЙ БЕЙІМ» PDF Print Email
Жаңалықтар - Бүгінгінің болмысы
08.06.2017 11:41

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрі  Тимур  СҮЛЕЙМЕНОВ:

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміздің экономикасы көңіл көншітерлік дәрежеде болған жоқ. Елбасының сындарлы саясаты мен болашаққа бағытталған стратегиялық жоспарларының маңыздылығының нәтижесінде мемлекетті дамыту үшін қажетті бағдарламалар қабылданды. Нәтижесінде егемендік алған жас елдің қанаты күн санап қатая түсті.

Мемлекет басшысының іскерлік белсенділігі мен халыққа қолдау көрсете отырып, әлемдік деңгейдегі асуларды бағындыра білуінен өзіндік орны бар тұлға екені анық көрінді. Бастама оң болды, жұмыс қарқынды жүргізілді, осыдан 15-20 жыл бұрын қандай едік, қазір қай деңгейдеміз? Қазір экономикамыз күн санап дамыған, жаһандық деңгейдегі экономикалық одақтармен байланыс орнатулы, дипломатиялық қарым-қатынас өз дәрежесінде, тіпті Еуразиялық экономикалық одақта да ойып алар орнымыз бар. Сыртқы сауда-саттық, экономикалық тұрақтылық, ішкі жалпы өнім, кәсіпкерлік, өндіріс орындары, тағысын тағы осы бағыттардың барлығы экономикаға тікелей әсер ететін сегменттердің қатарында. Осы ретте экономикалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жөнінде білу үшін еліміздің бас экономисі, яғни ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті әңгімеге тартып көрген едік.

- Тимур Мұратұлы, Қазақстандағы экономикалық ахуал туралы айтып берсеңіз. Сіздің экономикалық болашақ даму туралы болжамыңыз қандай?

- Біздің еліміздің экономикасындағы жағымды тенденция елдегі экономикалық белсен­ділікті ынталандыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асырум­ен  байланысты. Ең алды­мен, бұл шаралар шағын және орта бизнесті, инфрақұрылымды, тұрғын үй нарығы мен экономи­каның мұнай өнді­ру, металлургия, құрылыс, ауыл шаруа­шылығы секілді негізгі салаларын дамытуға бағыт­талды. 2016 жылы Қазақстанның экономикасы 1%-ға өсті. Алдын ала бағалау бойынша 2017 жылғы 4 айда Қазақстанның  ІЖӨ өсімі 3,7%-ды құрады.

Сонымен қатар, экономикалық өсім мемлекеттік меншіктегі нысандарды жекешелен­діру және мемлекеттік-жекеше әріптестікті пайдалану арқылы сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту есебінен қамта­масыз  етілді.

Ағымдағы жылы біздің экономикамыз үшін Қазақстанның негізгі сауда әріптестері тарапынан сұраныстың артуы және әлемдік  нарықтағы биржалық тауарларға  баға өсімі жағымды­ серпінге айналды. Бұл факторлар мұнай өндіру және металлургиялық өнеркәсіп, мұнай өңдеу, машина жасау және т.б. кәсіпорындардың жұмысын жандандыра түсті. Тұтас алғанда, экономикалық өсімнің соңғы динамикасы Қазақстан экономикасының сыртқы қа­терлерге толықтай бейім­дел­гендігін  көрсетеді.

Ал экономикалық даму бола­шағына келер болсақ, ортам­ерзімдік кезең біздің күткеніміздей экономикалық салалардағы даму ырғағының бірқалыпты қалпына келу кезеңі болмақ. Бұған сыртқы жағдайлардың тұрақтануы мен тұтынушылық белсенділіктің артуы ықпал етеді. Мәселен, жыл басынан бергі 4 айдың қорытындысы бойынша, мұнай бағасының бір баррелі үшін 53,8 АҚШ долларына көтерілді. Басты сауда әріптестеріміз Ресей­ мен Қытайдың даму перспект­ивасы барынша қо­лайлы. Ресей 2 жылғы экономи­калық белсенділігінің төмен­деуінен соң қалпына келу кезе­ңіне аяқ басты. Сонымен бірге, Қытайда ертеректе күтіл­ген «экономикалық көрсеткіштер­дің  бірден  төмендеуінің» орнына айтарлықтай перспективалық болжам жасалуда, оның соңын­ан сыртқы саудада­ғы жағым­ды тенденция  күтілуде.

2015 жылдың аяғындағы және 2016 жылдың басындағы айырбастау бағамының күрт төмендеуі тұтыну бағасының едәуір артуына алып келді. Деген­мен қазіргі кезеңде инфляц­ия  мақсатты диапазон­ға сәйкес келетін деңгейге төмендеді.  Инфляцияның 7,7%-ға төмендеуі, сондай-ақ халықтың нақты ақшалай табысының өсімі тұтынушылық сұраныстың артуына, бұл өз кезегі­нде,  ағымдағы  жылдың         1 тоқсанының қорытындысы бойынша бөлшек сауданың 5,5%-ға өсуіне және экономика­ салалары дамуының ішкі параметрінің біртіндеп теңдесті­рілуіне әсер етті. Жалпы эконо­миканың өнеркәсіптік салалары мен инвестициялардың өсуі есебінен қалыптасқан экономикалық белсенділіктің жағымды  динамикасы  байқалады.

Сонымен қатар, әлемдік эконо­микада  сауда қырқысына­ және оқшаулануға әкелуі мүмкін протекционизм қатері сынды белгілі бір экономикалық қауіп бар. Сондай-ақ біз дамыған елдердегі пайыздық мөлшерлемелердің артуын көріп отырмыз, соның нәтижесінде тауарлық нарықтардағы құбылмалылық ұлғаюы мүмкін.

- Әлемдік деңгейдегі қанда­й мәселелер эконо­ми­каға  әсер  етуі  мүмкін?

- Геосаяси шиеленісудің артуын жекелей атап өту қажет, сондай-ақ қауіпсіздік пен терроризм проблемасы әлемдік сауда­ның, инвестициялардың қысқаруына және дамушы елдер­ден қаржының кетуінің жылдамдауына алып келуі мүмкін. Жоғарыда тек бірнеше тармақтар ғана санамаланды, бірақ олардың сыртында іске қосылатын әлемдік экономиканың тұрақсыздығын тудыратын басқа да триггерлер бар.

Халықаралық тауарлық нарық­тағы бағаның аяқасты төмендеуі секілді макроэкономикалық есеңгіреулерді жұту қабілеті біздің экономикамыздың ұзақмерзімді кезеңдегі икемділігін, жеделдігін және төзімділігін көрсетеді. Жоғарыда көрсетілген факторлармен  байланысты біз экономикалық өсім бойынша болжамдарымызға бірқалыпты оптимизммен қараймыз. Яғни, осы жылы  экономикалық  өсімді  біз 2,5%, 2018-2020 жылдары орташ­а 3,1% деңгейінде жет­кізу  жоспарда  бар.

- Сіздің пікіріңізше, эко­номиканың болашақтағы дамуы­  үшін  қандай  қадамдар жасау  қажет?

- Экономиканың анағұрлым жоғары өсімін қамтамасыз ету үшін бізде инвестициялар мен жаңа технологияларға бағдарланған, негізгі бағыттары «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында баян­далған өсімнің жаңа моделі жаса­луда. Экономиканы тұрақты дамыту мақсатында біз әсіресе, өңдеу және қызмет көрсету  салаларындағы еңбек өнімділігін арттыру үшін экономика салаларын техноло­гиялық жаңғыртуға жұмылу­дамыз.  Бұл  үшін Үкімет тарапынан экономиканы үдемелі дамыт­у мақсатында бірқатар құрылымдық  реформалар  бо­йынша жұмыстар басталды, оның  ішінде «Бес институттық рефор­маларды іске асыру жөнін­дегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары да бар. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан құрылымдық реформалар экономикалық саясат­тың қалыптасып отырған экономикалық  ақиқатқа бе­йім­делуімен және институттық ортаны­ң  жақсаруымен  жүре­тін жүйелі өзгерістерді болжайды. Жоспардың үшінші бағыты­ аясында индустрияландыруды жеделдету мен экономикалық өсім бойынша шаралар жүзеге асырылуда.

Екінші, мемлекеттік ин­дустриялық-инновациялық даму  бағдарламасының  екінші бесжылдығы негізінен экс­порт­қа  бағдарланған  8 саланы­ (қара және түсті металлургия, мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ химиясы, агрохимия, машина жасау, электр жабдықтары, азық-түлік өнімдері өндірісі) дамытуға шоғырландырылған. Үшінші, жеке сек­торды жекешелендіру және дамыт­удың негізгі мақсаты мемлекеттің экономикадағы үлесін ЭЫДҰ елдерінің деңге­йіне – ІЖӨ-нің 15%-на азайту және елдегі жеке бизнестің одан арғы дамуына серпін беру. Төртіншіден, «Нұрлы жол» инфра­құрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және оның халықаралық көліктік жүйеге интеграциялануына, сондай-ақ Қазақстанның транзит­тік  әлеуетінің ұл­ғаюына­  бағытталған. Бесінші, «Нұрлы жер» 2017-2021 жылдарғ­а  арналған  тұрғын  үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы қалың көпшілік­тің тұрғын үйге қол жеткізуін арттыру үшін тұрғын үй құрылысын ынталандыруға орай­ластырылған. Алтыншы, 2017-2021  жылдарға  арналған  АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – агроөнер­кәсіптік кешеннің бәсекеге қабілетті өнімдері өндірісін отандық өнімнің экспортт­ық  әлеуетін дамыту арқылы қамтамасыз ету. Мемлекеттік  бағдарлама  нәтиже­сінде аграрлық сала эконо­ми­каның жаңа драйверіне айна­лады деген сенім бар.

Жалпы алғанда, біздің сені­міміз бойынша, жоғарыда аталғ­ан іс-шаралар ІЖӨ өсімі­нің  анағұрлым  жоғары қарқынын қамтамасыз ете отырып, экономикалық үдерістерге жағым­ды  әсер  етпек.

- Тұтынушылық  сенім  мен жалпы макроэкономикалық тенденциялар туралы айтыңызшы.

- Тұтынушылық сенім туралы  бөлшек тауар айналымы динами­касы және басқа экономикалық көрсеткіштер бойынша төрелік айтуға болады. Барлық қолда бар деректер жалпы экономикалық ахуалдың жақсаруымен байланысты тұтынушылық көңіл күй де артқанын көрсетеді. Соңғы деректер бо­йынша, 2017 жылғы қаңтар-сәуірде  бөлшек сауда көлемі 2,4 трлн теңгені немесе 2016 жылғы сәйкес  кезеңімен са­лыс­тырғанда  5,5%-ды құрады.

Тұтынушылық  көңіл  күйдің жақсаруына  2017 жылы халық табысының  өсуі  жағымды  әсер етті. Мәселен, халықтың жан басына шаққандағы орташа номи­налдық ақшалай табысы 2017 жылғы қаңтар-наурызда 232,1 мың  теңгені  құрады  және бұл 2016 жылғы сәйкес  кезеңге­  қарағанда  номиналдық  өлшемде 10,4%-ға, нақты 2,4%-ға өсті. Орташа айлық номина­лдық жалақ­ы 2017 жыл­ғы қаңтар-сәуірде (бағалау) 140,1 мың теңгені құрады және номиналдық өлшемі 11,9%-ға, нақты құны 3,8%-ға ұлғайды. Тағы бір айта кетерлігі, тұтынушылық  белсенділіктің артуына сондай-ақ халықты несиелеу көлемінің ұлғаюы ықпал етті. 2017 жылғы қаңтар-наурызда жаңадан берілген несиелер көлемі 2 164,6 млрд теңгені құрады және 2016 жылғы сәй­кес кезеңмен салыстырғанда 3,6%-ға  өскендігі  аңғары­лады.

Жалпы  макроэкономикалық тенденциялар туралы сөз қозғайтын болсақ, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанның экономикасы әлемдік экономиканың даму перспективасының және биржалық тауарларға баға конъюнктурасының жақсаруы жағдайында қалыптасты. Сыртқы нарықтардағы жағымды белгі жағдайында Қазақстанда сұраныстың артуы байқалады, сондай-ақ нарық субъектілерінің инвестициялық белсенділігі сақталуда.

Алдын ала бағалау бойынша, 2017 жылғы қаңтар-сәуірде ІЖӨ өсімі 2016 жылғы сәй­кес кезеңге қарағанда 3,7%-ды құрады. Елдегі ІЖӨ-нің 60%-дан астамын құрайтын экономиканың негізгі салалары экономикалық өсімге басты үлес қосты. Салалық тұрғыда өнеркәсіпте жағымды нәтижелер байқалады, бұл салада 2016 жылғы сәйкес кезеңдегі 1,4%-дық төмендеуге қарсы 7,1%-ға ұлғайды. Сондай-ақ, мамыр айын­а дейінгі ауыл шаруашылығы өндірісі 2,9%-ға өсті, құрылыс жұмыстары көлемі 6,1%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 20,4%-ға ұлғайды.

Белсенді құрылыс, оның ішінде тұрғын үй нарығындағы инфрақұрылымдық жобалардың және индустриаландыру картасы  жобаларының  жүзеге асырылуы инвестициялардың негізгі  капиталға  өсімін 5,5 %-ға  қамтамасыз  етті.

Қызмет көрсету саласында жүк тасымалдау көлемі 3,5%-ға өсті. Бұл ретте жүк айналымы 5,9%-ға, жолаушылар тасымалы 3,2%-ға  ұлғайды.

Елдің төлем теңгеріміндегі алдын­ ала деректерге қарағанда, ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда тауарлар экспорты 29,9%-ға, яғни 10,9 млрд АҚШ долларына дейін, мұнай және газ конденсаты­ бағасы 35,2%-ға, қара және түсті металдардың  сәйкесінше  63,4%  және  24,2% өсуі  есебіне­н  ұлғайды. Тауар импорты  19,1%-ға өсіп, 6,9 млрд АҚШ долларын құрады.

- Инфляция  жөнінде  бірер  сөз...

- Қазақстанда жыл басынан бері инфля­ция деңгейінің бәсеңдеуі байқалады, бұл инфляциялық таргеттеу шараларымен байлан­ысты. Жылдық инфляция 7,5%-ды құрады және 6-8%-дық көрсеткіш – мақсатты дәліз шегі. 2020 жылға қарай Қазақстан оның деңгейін 4%-ға дейін төмендетуге ниеттеніп отыр. Іскерлік белсенділікті ынталандыру жөніндегі шаралар және құрылымдық реформалар еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді. Өткен жылдан бері Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-дан асқан жоқ.

- Сіз  басқарып  отырған  министрліктің бірден-бір  жұмыс  бағыты – кәсіпкерлікті дамыту. Осы  жөнінде  оқырмандары­мыз­ға  мағлұмат  беріп  өтсеңіз.

- Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы кәсіп­керлікті кешенді қолдаудың маңызды құ­ралдарының бірі – «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың­  бірыңғай бағдарламасын және жаңа «Өнімді еңбекпен қамту мен жаппай кәсіп­керлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру. Аталған бағдарламалар кәсіпкер­ліктің тұрақты және үйлесімді дамуын қамтам­асыз етуге, сондай-ақ халықты өнімді еңбекпен қамтуға және азамат­тарды бизнес-ортаға тартуға жәрдемдесуге бағытт­алған. Өнімді еңбекпен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында ауылдағы қаржыландырудың жетіспеушілігі мен кепілдік қамтамасыз  етудің  жеткіліксіздігімен байланысты проблемаларды  шешуге бағытталған шаралар қарастырылған. Мәселен, жаппай кәсіпкерлікті  дамытуды  ынталандыру  үшін шағын  несиелеу  көлемі  8 мың  АЕК-ке          (18 млн теңге) дейін 6%-дан аспайтын ақырғы сыйақы мөлшерлемесімен 7 жыл мерзімге арттырылды, бұл – несиелеу на­рығ­ындағы қалыптасып отырған 22-35%-дық деңгейдегі микронесиелер бағасымен салыстырғанда бизнес жобаны жүзеге асыру үшін анағұрлым тиімді ұсыныс.

Сонымен қатар, бірінші рет кәсіпкерлік әрекетті микронесиелеу мемлекет тара­пынан кепілдендірумен бекітілді. Мәселен, әрекет етудегі кәсіпкерлер мемлекет есе­бінен микронесиенің 50%-ына дейін, ал жаңа бастағандар 85%-ына дейін кепілдік ала алады. Бағдарлама аясында бизнес жүргізу негіздеріне оқытуға айрықша наза­р аударылады. Ісін жаңа бастаған ауылдық кәсіпкерлерге «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бизнес жүргізу негіздеріне бейімделген дайындық курстарынан өту мүмкіндігі бар. Оқытумен жыл сайын­ғы қамту республика бойынша 30 мыңнан кем емес адамды, бірінші жылы 15 мың адамды  құрайды.

Бағдарлама аясында әзірленген шаралар 14 500 жобаны (қалаларда 2500, ауылдық жерлерде 12 мың) қаржыландыруға, кепілдік жетіспеушілікті 1220 жобаға дейін (ауылдық  жерлерде 720 және қалаларда 500 жоба) қамтамасыз етуге, сондай-ақ, аз табыс табатын ауыл тұрғындарының айтарлықтай бөлігінің келешектегі материалдық әлеуетін жақсартуына мүмкіндік  береді.

Егер «Өнімді еңбекпен қамту мен жаппай  кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жұмыссыз және нәтижесіз еңбекпен қамтылғ­ан халыққа бағытталса, тұралаған бизнес үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» (бұдан әрі – «БЖК – 2020») бизнес­ті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағ­дарламасы  жүзеге  асырылады.

«БЖК – 2020» аясында кәсіпкерлерге 10%-ға дейін несие бойынша номиналдық мөлшерлемені арзандату бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіледі, несие құнының 85%-ына дейін кепілдік беріледі, қайтарымсыз және өтеусіз негізде 3 млн теңгеге дейін жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру­ға гранттар бөлініп, шағын және орта кәсіпкерлік жобаларына жетіспейтін инфрақұрылым тартылып, индустриялық аймақтар құрылады. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіп­кер­лік бастама көтерген тұрғындарға кәсіп­керлердің еңбек өнімділігі құзыретін дамытуғ­а және арттыруға бағытталған қаржылық  емес  қолдау  шаралары ұсынылады,­ сондай-ақ  шетелдік әріптестермен іскер­лік  байланыстар  кеңейтіледі.

Бірыңғай бағдарлама аясында көр­се­тілген қолдау арқылы 608,3 млрд теңгеге салық­тық түсімдер сомасы ұлғайтылды,  өнім  шығару көлемі 8604,2 млрд теңге сомасында қамтамасыз етілді, 222,9 мың жұмыс орны сақталды және 81,3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бірыңғай бағдарламаны жүзеге асыру­дың соңында­ 2020 жылы өңдеу өнеркәсібінің ІЖӨ құрылымындағы үлесі 12,5%-ға жеткізілетін  болады, жұмыспен қамтылғандар мен жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері 2014 жылғы деңгейден 50%-ға ұлғаяд­ы, сондай-ақ, ШОБ өнім шығару көлемі 2014 жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есе  артады.

- Жекешелендіру бағдарламасы турал­ы (кестесі, мақсаттары және есебі)  не  айтасыз?

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық экономикадағы мемлекеттің үлесін көптеген ЭЫДҰ елдері деңгейіне – ІЖӨ-нің 15%-на дейін қысқарту бойынша жұмыстар жүргізуде. 2015 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Үкіметі 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын қабылдады және жекешелендіруге және бәсекелестік ортаға беруге жататын 878 ұйымның тізбесі анықталды. Оның ішін­де,  68 ірі компания бар, оның 14-і – республикалық меншіктегі ұйымдар. Бір ұйым коммуналдық меншікте (Қызыл­орда қаласындағы «Қорқыт-Ата» Әуе­жайы» АҚ), 53 ұйым – ұлттық басқару холдингтері. ТОП-68-ге енбеген «Са­мұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 168 ұйы­мы, республикалық 50 және коммуналдық меншік­тегі 440 ұйым. Ұлттық бас­қару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялардың 152 ұйымы, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпо­рациялары (ӘКК) бар. (Бұл тізбе ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы  №1141 қаулысымен бекітілген).

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке кешенді­ жоспарға енгізілген ұйымдарды 2018 жылдың соңына дейін жеке­шелендіруді  аяқтау тапсырылды. Осыған­ орай, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік  органдар және ұйымдармен, сондай-ақ ұлттық басқару холдинг­терімен бірлесіп жекешелендіру үдерісін жандандыру  бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Мәселен,  2017 жылғы  1 сәуірде  әрбір нысанды сату бойынша кесте бекі­тіл­ді және Жол картасы әзірленді. Нәтижесінде 2017 жылы 325, 2018 жылы 61 ұйым (жаңа 137 нысанның кестесі нақты­лануда) сатылымға шығарылады. «Эйр Астана» АҚ, «Қазатомпром» ҰАК АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Тау­Кен  Самұрық» ҰК»  АҚ  секілді  еліміздегі 8 ірі активтерді IPO/SPO-ға 2019-2020 жылдарда шығару  жоспарлануда.

Бұл компанияларды шығарудың басым алаңы ретінде Астанадағы Халықаралық қаржы орталығы (AFS) қарастырылуда. Көрсетілген мерзімде сатудың басталуы дайындық жұмыстарын, оңтайландыру шараларын және компаниялардың өз­геруін жүргізу қажеттігімен байланысты.

Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия ТОП құрамындағы 29 активті сату әдісі бо­йын­ша шешім қабылдады, оның ішінде республикалық меншіктегі 8 компания және  «Самұры­қ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 21 компаниясы, сондай-ақ, Қордың бәс­келестік ортаға беруге жататын ұйым­дарының қосалқы тізбесіндегі 137 актив­ бар.

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге­ асыру жөніндегі одан арғы жұмыс бекі­тілген сатылатын нысандардың Кестесі­не сәйкес жалғастырылмақ. Жекеше­лендіру үдерісінің айқындығы мен тиім­ділігін, мүдделер қайшылығын болдырмау және ірі активтерді сату үдерісін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында жекешелен­дірудің кешенді жоспары Жобалық кеңсе­ні құруды қарастырады. Оның міндеті – жағдайларды, әдістерді, акциялар­ пакетінің мөлшерін (қатысу үлесін), сату мерзімін және нысандарды сату алдында­ғы дайындық бойынша ұсы­ныстар­ды қосқанда, ұсыныстар жасау.

Бұл жұмыстар үшін үздік халық­аралық  кеңесшілер тартылуда.

- Уақыт  бөліп,  сұхбат  бергеніңізге рақмет!

Сұхбаттасқан  Нұрбике  ҚАЗИҚЫЗЫ

 


ӨТЕЛМЕГЕН ЗАЛАЛ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
08.06.2017 11:39

Естеріңізде болса, 2013 жылы шіл­деде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ресейлік  «Протон-М» зымырантасығышы  көкке  көтерілген сәтте құлаған болатын. Әуе апатының салдарынан бұған  дейінгі  деректерге  сүйенсек, 600 тонна улы гептил ауаға тараған. Содан  бері  4 жылға  жуық уақыт өтсе де, ресми  Мәскеу  экологияға  келтірген  залалы  үшін  өтемақы  төлеу  мә­селесі  туралы  жақ  ашпай келді. Сол кездері Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат  Мұсабаев  «Зымыран Ресейдің Қазақстаннан  жалға  алған  территориясына құлады. Бұл - “Роскосмостың” ішкі  шаруасы» деп қысқа қайыр­ғаны  бар. Аталмыш апаттан соң қоғам белсенділері «көршілес ел экологияға келтірген  шығынын өтеуі тиіс» деп талап­  етті.

Күні кеше ғана жауапты орган бұл мәселенің нүктесін қойды. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов «Протонның» соңғы апатынан келген экологиялық шығынды да ресми­  Мәскеу  өтемейтінін  ашық айтты.

Гептил Байқоңырдың өз басында төгілді. Барлық залалсыздандыру жұмыстарын Ресей өзіне тиесілі аумақта жүргізді. Сондықтан бұл мәселе жабылды. Оның үстіне олар бізге гептилдің зиянын зерттеуге ақша бөлді. Біздің тарап оған 10 бағдарлама бойынша сараптама жүргізіп жатыр,- деді министр.

Біздің түйгеніміз, Ресей төгілген гептилдің зиянды­лығын зерттеңдер деп қаржы бөлген. Ал табиғат пен адам өміріне келтірген залалына бас қатырып жатқан жан жоқ. Бұдан әрі «аю патшалығы» Байқоң­ырдан «Протонын»  ұшыруын жалғастыра бермек­. 2021 жылға­ дейін ғарыш  айлағынан жыл сайын­ жеті кеме гептилмен  көкке көтеріледі. Бейбіт  Атам­құловтың айтуынша­, Қазақстан 2025 жылы бұл отыннан­ біржола құтылады екен. Енді «Протонның» орнына “Самұрық” деп аталат­ын  жаңа зымырандар көкке жол тартпақ. Құны 750  миллион доллар тұрады. Зымыранның өзін ресейліктер жасаса, ал жердегі қондырғысын өзіміздің маманд­ар құрастырмақ. Алайда­ біздің өңірімізден қанша әуе көлігі ұшып жатса­ да, отандық аэроғарыш саласында өзіміздің төл өнімдеріміз жоқтың қасы.

Десе де, ең бірінші орында халықтың денсаулығы тұруға тиіс. Гептилден келетін зиянның жай-жапсары­ белгілі жайт. Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы айтпақшы, жерімізді жалға берсек те, ондағы халықты жалға берген­  жоқпыз...

Қ.ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


БАЙЛАР БАСҚАША БАҒАМДАЙДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
08.06.2017 11:34

Көлік нөмірі көрік пе? қаңылтырға қызыққан қазағым­, «отбасылық нөмір» әлеуетіңді көрсете ме?

– Қазір елімізде қалтасы қалың азаматт­ар жетерлік. Байлардың болған­ы өзімізге жақсы. Дұрыс, байысын, бірақ  жан-жағындағы  адамдардың да жағдайын түзесін. Жұмыс орын­дарын ашсын, қайырымдылыққа көңіл бөлсін, мектеп салсын, спорттық кешен­ тұрғызсын. Қиын емес қой. Оларға­ кезінде мемлекет қолдау білдірді, көмектесті, қысқасы, жағдай жасады. Ендігі кезекте олар мемлекетке қол ұшын берулері тиіс,- деді президент Нұрсұлтан Назарбаев кезекті­  жиындардың  бірінде.

Рас. Елбасы бұл тақырыпты бекер қозғаған жоқ. Мемлекет Ұлттық қордан қаржы  бөліп, қашанғы  халыққа үй салып­ береді? Оның өзі көк шығын. Жұрт болып жұмылсақ, жетім-жесірдің жағдайы  бұдан бетер түзелер ме еді? Кім білсін? Ал ауқаттылар Дубай мен Парижде  паңқып өмір сүруде. Вилла­лар­ мен  сарайларда  сайран  салып, «көк қағазды» басып жатыр. Елдегі қандастары түнеуге пәтер таппай сенделуде. Мүмкін келісерсіз, келіспессіз. Әркім өзі үшін еңбек етеді, нан табады. Десе де, дөкейлердің кейбір қылығы күлкілі, әрі аянышты...

Негізі, біз өзара бәсекеге біртабан жақын елміз. Бәлкім, бұл – қанымызда бар қасиет. Қарапайым ғана мысал. Көршіңіздің үйі сіздікінен сәл биіктеу орналасса, келер жылы «менің үйім көршімнен аласа болып қалды» деп қарызданып болса да жаңадан баспана саламыз. Даңғарадай коттедж. Міне, осылай өтіп жатқан өмір ырғағы. Ал ақшаның буымен жүргендер не істейді? Қос-қостан көлік мініп, ай сайын Антал­ия мен Англияға сапар шегіп, дүниенің барлық кереметін тауысуға жақын. Осы көлік дегеннен шығады. Соңғы  уақытта «отбасылық нөмір» деген­ үрдіс белең алыпты. Ұзын-ырғасы­ былай­. Бүтіндей бір отбасы көліктеріне­ бірдей нөмір тағып жүреді. Яки, кешегі­ше айтқанда, кімнің баласы дегендей ғой. Шыны керек, кейбір әулетіңнің әлеуетін осы дүниеге қарап білетін болдық. Мәселен, ауқаттылар мініп жүрген (орташа бағалары) «Lexus LX 570» маркал­ы автокөлік 35 миллон теңге, «Toyota Land Cruiser»-дің соңғы нұсқасы­ кемі 27 миллион теңге, «Mercedes-Benz G63 AMG» 15 миллон теңге тұрады. Есептей беріңіз. Біздегі қалтасы қалыңдар ақшаны қайда шашып жатқандығын.  Енді  көпшілікті «крутой» нөмір­дің бағасы қанша екендігі қызықтыратыны анық. Жалпыға мәлім, 2014 жылдың қазан айына дейінгі мерзімде жоға­ры­ сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне (МТНБ) тыйым салынып келген. Көрсетілген мерзімнен кейін ҚР-ның Салық кодексіне енгіз­ілген өзгертулер мен толықтыру­ларға сәйкес аталған нөмірлер ашық түрде сатылымға шыға бастады. Атап айтқанда, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгісіндегі нөмірлердің бағасы 2017 жылғы АЕК бойынша 310 853 теңге деп белгіленген. Ал 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлер биыл белгіленген баға бойынша 517 332 теңге­ тұрады. VIP нөмірлерге  сұраныс та әжеп­тәуі­р. Қызылорда облысы ішкі істер депар­таментінің мәліметінше, жоғары сұраныстағы  нөмірлердің  2015 жылы 118, 2016  жылы 95 және 2017 жылдың басынан 31-і сатып алынған. «Қымбат нөмірлерді сату арқылы облыс көлемін­де 2016 жылы 33 млн 781 мың 167 теңге, 2017  жылдың басынан бастап 11 млн 288 мың 275 теңге қаржы мемлекет пайдасына­ түсірілген» дейді ОІІД ӘПБ бастығы А.Ахметов. Ал, ҚР ІІМ-нің «Автомобиль» біріктірілген деректер банкінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні облыс көлемінде сұраныстағы МТНБ тағылған  356 көлік құралдары бар.

Бай-бағландардың арасындағы бәсекені­ң бірі – осы. Ал біз қымбат нөмірлерге қызығып жүрсек, шетелде «қу  қаңылтырды»  қоқыс таситын көлік­тер тағады екен...

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


 

Желідегі  жазбадан

Бекзат Есқали:

Құлдық сананың синдромы ғой. «Понтты» парасат санаймыз әйтеуір. Әйтпесе, “крутой нөмірдің” құны кейбіреулердің жылдық жалақысынан асып жығылады. Айлық ақысы күндік көжесіне жетпей жүргендер қаншама...

 

Қасым Қожантаев:

Өлгенде де сол нөмірді артына тағып барсын. Бірақ ол жақтың «ЖПП-лары» қарамайды-ау...

 

Болат НұрХожаев:

Біз жетеміз деп жүрген Еуропада ол нөмірлер сөреде жылдап жатады. Ешкім алмайды. Біріншіден, оны таққанымен саған деген көзқарас одан өзгермейді. Екіншіден, тіпті, ондай нөмір таққан адамға қоғамда қызығушылық емес, жеккөрушілік көзқарас бар.

 

Гүлдана  Есендікова:

Біздің көршінің үйінде 3 көлік бар. Бәрінің нөмірі бірдей.

 


СИЫР ТАЛ ЖЕЙДІ МЕ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
08.06.2017 11:28

Біздің айтпағымыз жұм­бақ емес, өзіміз куә болған жайт. Ендеше, оқырманның көңілін күпті қылмай тура­сына  көшейік.

Үйреншікті әдетпен ертелетіп көше жағалап серуен­деуге шыққанмын. Көкжиектен шашырай төгілген күн шапағы жаныңа қуанышты күй сыйлайды. Таңғы уылжыған таза ауа, мүлгіген мамыражай тыныштық кент аумағын жас сәбише әлдилеп тұрғандай әсер қалдырады. Бойым­ды аудан орталығының көрікті көшелеріне деген­ сүйсіну сезімі кернеп, ілгері қарай адымдай жөнел­дім.

Бірақ... Әй, осы бірақ жүрген жердің әсте дұрыс болмайтыны жаман. Қуанышым ұзаққа созылмады. Сәл алға басқанымда, көше бо­йындағы жайқалған талдарға әукесін созған екі-үш сиырды жанарым шалды. Ал жанын­да керілдесіп екі адам тұр. Әне-міне дегенше қып-қызыл жанжал тұтанатыны анық еді. Жандарына барып ашуларына сабыр тілеп, мән-жайды сұрадым. Жастауы өзінің ауласының алдындағы көше бойына көлеңкелі талдар еккенін, қоршауға мүм­кіндігі жоқтығын, еңбегінің еш кетпей тігілген тал қаламшасының түгел көктегенін, алайда көршісінің сиырлары маза бермейтініне қынжылыс білдірді. Пайғамбар жасына жақындаған отағасы болса, сиырлары тал жемейтінін, тек шөппен азықтанатынын айтып ақталып жатыр. Ақыры ағамыз сиырларын қуалауға кірісті.

Орталық көшеге келгенде «қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» деген аталы сөз еріксіз ойға оралды. Кенттің ажарын ашып, елдің көз қуанышына айналған әсем көшенің бойы өріске бет алған сиырлардан (бұл суреттер 07.06.2017 жылы түсі­рілген) көрінбейді. Аяғын санап­ басқан мүйізді ірі қараларды асықтырып, жолынан тосылған көлік иелерінің үздіксіз берген сигналына сиырл­ардың мөңірегені, адамдардың ашулы дауысы қосылғанда азан-қазан үннен төбе құйқамыз шымырлады. Жаңа ғана мүлгіген тыныштықтан жұғын да қалмады. Оған қоса төрт аяқты хайуанның санасында «Мына ісіміз әбес болды-ау. Қыруар қаржы шығындалып, қаншама тер төгіліп жасалған көше еді. Жапамызды тастамайықшы» деген ой болмасы тағы бел­гілі. Табын өтіп кеткен соң жас тезектер әр жерде шашылып жатты. Мал иелерімен тілдестік. Тұрғындар да, бақташ­ы жігіт те көше бо­йындағы қоршауы жоқ жерлерді қоршау қажеттігін, мал ұстап күнкөріс жасап отыр­ғандарын алға тартты.

Жарайды, тезек тазаланар. Сиыр да өріске ұзар. Тұрғындардың мал асыра­ғанына инедей қарсылығымыз жоқ. Ауыл баласы бол­ғандықтан, тіпті қуана құп­таймыз да. Дегенмен тазалық, тәртіп мәселесін, малымызды өріске шығарып, күтіп алу жайын да назарда ұстасақ. Әрине, көпке топырақ  шашудан  аулақпыз. Осы ретте ауданға танымал Сақыбай көкеміздің малын бас жібінен жетелеп әкеліп бақташы келгенше күтіп, табын­ға қосқанын көзіміз көрді. Ақсақалдан неге үлгі алмас­қа? Сіз қалай ойлайсыз?

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Әйтеке би кенті,

Қазалы ауданы

 


КІМ ЖАУАП БЕРЕДІ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
08.06.2017 11:27

Жаңақұрылыс елді мекені тұрғын­дарын толғандырып жүрген Қазалы ауданы­ның Бекарыстан би ауылы мен Жаңақұрылыс ауылының аралығындағы 22 шақырым жолды Қазалы ауданының есебінен шығарып, Арал ауданының теңгері­міне алып, қаржы бөліп, аталмыш жолды жөндеуден өткізсе деген ұсынысымызды облыс, аудан басшылары мен халық сайлаған депутаттарымызға жылма­-жыл айтып келеміз. Өкінішке орай, бүгінгі таңға дейін халық тілегі орындалған жоқ. Түсінікті болу үшін сәл шегініс  жасайын.

Жаңақұрылыс елді мекені 1991 жылға дейін Қазалы ауданына қарап келген. 1986 жылы Бекарыстан би ауылынан (ол кездегі атауы Карл Маркс совхозы) Жаңа­құрылыс ауылына дейін 36 шақырым  тасжол төсеп, жаңадан жол салған. Сол жол бүгінгі күнге дейін 31 жыл ішін­де бір жөндеу көрмеген шұрық-тесік, кейбір жерлері көктемгі, күзгі қар суларынан ортасынан ойылып, жыра болды. Осы 36 шақырым жолдың 22 шақырымы – Жаңақұрылыс елді мекеніне қарасты, яғни Арал ауданының жері. Біз осы жолды уақыт жоғалтпай аудан теңгеріміне алса дейміз. Себебі азын-аулақ қаражат бөлінсе, ең болмағанда осы кезде жер толық кеппей тұрғанда жолды­ жөндемегенімен грейдерлеп, ойлы-қырлы жерлерін тегістеп алар едік.

Ертеректе қарияларымыз «жол мен көпір салған адамға Алланың шапағаты тиеді» деп отырушы еді. Қаншама жолау­шының алғысын алып, Алланың шапағатына кім ие болар екен деп отырмыз. Қаратерең, Жаңақұрылыс ауылының күнделікті тыныс-тіршілігі Қазалы ауданымен тығыз байланысты. Әрине, мұны дұрыс түсіну керек. Күнделікті пайдаланатын азық-түлігі, үй тұрмысына қажетті заттары­, ағайын-туыстарының қуанышына, қайғысына ортақтасу және басқа да жұмыс­тарына баруға Қазалы ауданы тиімді. Себеб­і Қазалы ауданы 86 шақырым, ал Арал 145 шақырымда жатыр. Арақашықтықты есептей беріңіз. «Ауру айтып келмейді» дегендей, аяқ астынан соқыр ішек, мерзімінен бұрын босану, әртүрлі жарақат­ алу сияқты науқастарды дәрігерге жеткізу­ үшін жолы тәуір жақын жердегі ауру­хананы іздейсің. Жолың жайлы болмаса, ауруды қалай жеткізесің?! Жолда жазатайым оқиға болса, кім жауап береді? Елбасы­мыздың  «Нұрлы  жол»  бағдарла­мас­ы қайда? Ол  ауылға жеткен  жоқ па?

Ауыл тұрғындары заманға байланысты жеңіл көлік алғысы келеді, оны қалай алады­, жүрер жолы ойлы-қырлы болып, дөңгелегі мен картерін тас тесіп жатса? Осы жолдың жайын 1-2 жылдың шамасында облыстық «Сыр бойы» газетіне суретке түсіріп, мақала­ бергенмін. Мақала газет бетіне шыққанымен, жауапсыз қалды. Бұрынғы уақытта газетк­е сын-мақала жазсақ, жауабы болатын еді. Ал қазір ше? Біздің бір үмітіміз – «Сыр бойы» газетінің ақпан айындағы №30-31 санында жарияланған 2017 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің іс-қимылы жоспарында Қазалы - Бекарыстан би - Жаңақұрылыс жолындағы 33 шақырым  болатын  Әлсейіт аймағынан Сырдария өзенінен өтетін өтпелі көпірдің құрылысы. Яғни, 33 шақырым жолдың ішінде біздің де үлесіміз бар деген. Әрине осы бағыттағы жолға жылда облыстан қаражат бөлінеді. Бірақ Қазалы ауданы өздерінің шаруашылықтарына  пайдаланады.  Басқ­а ауданның жолының не керегі бар олар­ға? Қаражат ішіне Жаңақұрылыс та кіреді. Себебі Қазалы үшін тиімді. Бірақ жол жасалмайды. Біздің айтпағымыз жол иесін тауып, жөндеуден өткізілсе екен  дейміз!

«Жығылғанға жұдырық» дегендей күнделікті Арал ауданына қатынайтын жол қатынасы ауыл тұрғындарын әуре-сар­саңға салып қойды. Оған себеп, Сырдар­ия өзенінде орналасқан «Хан» қалқы­малы көпіріне тендерден өтіп, жөндеу жүргізіледі деп көліктерді өткізбей қойды. Оған да, міне, бір айдың уақыты болды. Тендерден қашан өтеді? Бүгінгі таңда Жаңақұрылыс халқына қиыншылық тууда. Жоғарыда айтылғандай, әсіресе аурулар мен аяғы ауыр әйелдердің дәрігерге көрінуі, сонымен қатар апта сайын аудан орталығына тест тапсыратын, ертеңгі күні ҰБТ-ға баратын оқушыларға қиыншылық туындайды. Қазіргі кезде Арал қаласына бару үшін 250 шақырым жол жүреді, есептей беріңіз­дер. Демек, халықтың мұңын тыңдайт­ын  кім  бар?

Құрметті редакция, осы мұңымызды «Халық» газеті арқылы тиісті жерлерге жеткізіп, тез арада оңтайлы шешімін табуы­на ықпал етсеңіздер, халықтың ризашы­лығы  шексіз  болар еді.

Сердалы  ШАЛБАЕВ,

КСРО  денсаулық  сақтау

саласының  үздігі.

Жаңақұрылыс  ауылдық  ардагерлер кеңесінің  төрағасы.

Арал  ауданы

 


КІМ ЖАУАП БЕРЕДІ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
08.06.2017 11:27

Жаңақұрылыс елді мекені тұрғын­дарын толғандырып жүрген Қазалы ауданы­ның Бекарыстан би ауылы мен Жаңақұрылыс ауылының аралығындағы 22 шақырым жолды Қазалы ауданының есебінен шығарып, Арал ауданының теңгері­міне алып, қаржы бөліп, аталмыш жолды жөндеуден өткізсе деген ұсынысымызды облыс, аудан басшылары мен халық сайлаған депутаттарымызға жылма­-жыл айтып келеміз. Өкінішке орай, бүгінгі таңға дейін халық тілегі орындалған жоқ. Түсінікті болу үшін сәл шегініс  жасайын.

Жаңақұрылыс елді мекені 1991 жылға дейін Қазалы ауданына қарап келген. 1986 жылы Бекарыстан би ауылынан (ол кездегі атауы Карл Маркс совхозы) Жаңа­құрылыс ауылына дейін 36 шақырым  тасжол төсеп, жаңадан жол салған. Сол жол бүгінгі күнге дейін 31 жыл ішін­де бір жөндеу көрмеген шұрық-тесік, кейбір жерлері көктемгі, күзгі қар суларынан ортасынан ойылып, жыра болды. Осы 36 шақырым жолдың 22 шақырымы – Жаңақұрылыс елді мекеніне қарасты, яғни Арал ауданының жері. Біз осы жолды уақыт жоғалтпай аудан теңгеріміне алса дейміз. Себебі азын-аулақ қаражат бөлінсе, ең болмағанда осы кезде жер толық кеппей тұрғанда жолды­ жөндемегенімен грейдерлеп, ойлы-қырлы жерлерін тегістеп алар едік.

Ертеректе қарияларымыз «жол мен көпір салған адамға Алланың шапағаты тиеді» деп отырушы еді. Қаншама жолау­шының алғысын алып, Алланың шапағатына кім ие болар екен деп отырмыз. Қаратерең, Жаңақұрылыс ауылының күнделікті тыныс-тіршілігі Қазалы ауданымен тығыз байланысты. Әрине, мұны дұрыс түсіну керек. Күнделікті пайдаланатын азық-түлігі, үй тұрмысына қажетті заттары­, ағайын-туыстарының қуанышына, қайғысына ортақтасу және басқа да жұмыс­тарына баруға Қазалы ауданы тиімді. Себеб­і Қазалы ауданы 86 шақырым, ал Арал 145 шақырымда жатыр. Арақашықтықты есептей беріңіз. «Ауру айтып келмейді» дегендей, аяқ астынан соқыр ішек, мерзімінен бұрын босану, әртүрлі жарақат­ алу сияқты науқастарды дәрігерге жеткізу­ үшін жолы тәуір жақын жердегі ауру­хананы іздейсің. Жолың жайлы болмаса, ауруды қалай жеткізесің?! Жолда жазатайым оқиға болса, кім жауап береді? Елбасы­мыздың  «Нұрлы  жол»  бағдарла­мас­ы қайда? Ол  ауылға жеткен  жоқ па?

Ауыл тұрғындары заманға байланысты жеңіл көлік алғысы келеді, оны қалай алады­, жүрер жолы ойлы-қырлы болып, дөңгелегі мен картерін тас тесіп жатса? Осы жолдың жайын 1-2 жылдың шамасында облыстық «Сыр бойы» газетіне суретке түсіріп, мақала­ бергенмін. Мақала газет бетіне шыққанымен, жауапсыз қалды. Бұрынғы уақытта газетк­е сын-мақала жазсақ, жауабы болатын еді. Ал қазір ше? Біздің бір үмітіміз – «Сыр бойы» газетінің ақпан айындағы №30-31 санында жарияланған 2017 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің іс-қимылы жоспарында Қазалы - Бекарыстан би - Жаңақұрылыс жолындағы 33 шақырым  болатын  Әлсейіт аймағынан Сырдария өзенінен өтетін өтпелі көпірдің құрылысы. Яғни, 33 шақырым жолдың ішінде біздің де үлесіміз бар деген. Әрине осы бағыттағы жолға жылда облыстан қаражат бөлінеді. Бірақ Қазалы ауданы өздерінің шаруашылықтарына  пайдаланады.  Басқ­а ауданның жолының не керегі бар олар­ға? Қаражат ішіне Жаңақұрылыс та кіреді. Себебі Қазалы үшін тиімді. Бірақ жол жасалмайды. Біздің айтпағымыз жол иесін тауып, жөндеуден өткізілсе екен  дейміз!

«Жығылғанға жұдырық» дегендей күнделікті Арал ауданына қатынайтын жол қатынасы ауыл тұрғындарын әуре-сар­саңға салып қойды. Оған себеп, Сырдар­ия өзенінде орналасқан «Хан» қалқы­малы көпіріне тендерден өтіп, жөндеу жүргізіледі деп көліктерді өткізбей қойды. Оған да, міне, бір айдың уақыты болды. Тендерден қашан өтеді? Бүгінгі таңда Жаңақұрылыс халқына қиыншылық тууда. Жоғарыда айтылғандай, әсіресе аурулар мен аяғы ауыр әйелдердің дәрігерге көрінуі, сонымен қатар апта сайын аудан орталығына тест тапсыратын, ертеңгі күні ҰБТ-ға баратын оқушыларға қиыншылық туындайды. Қазіргі кезде Арал қаласына бару үшін 250 шақырым жол жүреді, есептей беріңіз­дер. Демек, халықтың мұңын тыңдайт­ын  кім  бар?

Құрметті редакция, осы мұңымызды «Халық» газеті арқылы тиісті жерлерге жеткізіп, тез арада оңтайлы шешімін табуы­на ықпал етсеңіздер, халықтың ризашы­лығы  шексіз  болар еді.

Сердалы  ШАЛБАЕВ,

КСРО  денсаулық  сақтау

саласының  үздігі.

Жаңақұрылыс  ауылдық  ардагерлер кеңесінің  төрағасы.

Арал  ауданы

 


ЖАРТЫ ЖЫЛҒА ЖЕТПЕЙ 342 922 000 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
08.06.2017 11:23

Арман (кейіпкердің есімі өзгертілді) шылым шегіп тұрып, тұқылын қоқыс жәшігіне емес, жерге тастады. Мұны дер кезінде байқаған полиция қызметкері оның әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтып, айыппұл салды. Заңға жүгінсек, азамат­тардың қоғамдық орындарда темек­і тұқылын тастаған әрекеті үшін 22 690 теңге айыппұл салынады. Дұрыс делік, жаза бассаңыз, жазаланасыз. Заң алдындағы жауапк­ершіліктен қашып кетемін деу мүмкін емес.

Ұсақ қылмыстық әрекеттердің алдын алмасақ, ол ірі ауқымдағы қылмысқа ұласуы да ықтимал. Алайда әкімшілік айыппұлдарды кей азаматтардың қал­тасы көтере бермейді. Біз кейіпкер етіп отырған Арман да осы жағдайға мысал. Оның айлық жалақысының мөлшері – 50 000 теңге. Темек­і тұқылын тастағаны үшін айлығы­ның жартысына жуығын айыппұлға  берсе, қалған  күнін  кім ойлайды?! Оның өзге тұрғындар секілді отбасына азық-түлік алуы, несие төлеуі керек, тағысын тағы шығындары бар. Қоғамға тәртіп қажет. Айыптыларды жауапкер­шілікке тартамыз. Десек те таяқтың екі ұшы бар емес пе? Арманның күйін кешкен азаматтар қаншам­а.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар турасында құзырлы органдардан сұрағанымызда, осы жылдың 5 айында облыс­ бойынша 48 мың 344 құқық­бұзушылық анықталғаны туралы ақпарат берді. Облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы А.Ахметовтың мәліметінше, 34029 әкім­шілік құқықбұзушылыққа салын­ған айыппұл көлемі – 342 922 000 теңге, қазіргі уақытта оның 164 269 000 (47,9%) теңгесі өндірілген. Сондай-ақ, облыстық ішкі істер депар­таменті әкімшілік полиция бөліністерімен облыстық бюджеттік 204 106 есеп шотына 270 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл мемлекет пайдасына өндірілген.

Жылдың жартысына жетпей жатып, азаматтардың жасаған құқықбұзушылығына 343 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынған. Қылмыстық жазалаудың бір түрі ретінде қарастырылатын айыппұлдың артықшылығы сол, түрмеде отырғандар санының азаюы­на ықпал етеді, сондай-ақ, мемлекет бюджетіне кіріс түсіреді.

Ал әлемнің басқа елдері айып­пұл салуға қалай қарайды? Мәселен, Германия айыппұлды маңыздылығы жағынан екінші орынға қояды, ал Францияда айыппұл салуд­ы абайсызда өлімге әкелу, есірткі саудасы, жәбірленушінің жарақат алу секілді қылмыстарда қолданады. Соңғы кездері батыс елдерінде айыппұлды несие секілді бөліп төлеу жүзеге асырылып жатыр. Оған басты себеп – жа­уапкершілікке тартылған азаматтардың айып­пұлды бір мезетте то­лық төлеуге жағдайы  келмеуі.

Ж.БАҒЛАН

 


ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАННАН БАСҚА ОТАНЫ ЖОҚ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
08.06.2017 11:18

Мінәжадин   ӨТЕЕВ,

«Сыр  маржаны»  ЖШС  директоры,

облыстық  мәслихаттың  депутаты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған­ жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай  жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін  жан  баласы болмайды» деген жолдар еңсесін енді көтерген тәуелсіз мемлекетіміздің әрбір азаматына ой салады деп ойлаймын.

«Туған жерге деген сүйіспен­шілік – Туған елге, Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады», - дейді Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Алаш  жұртына, кейінгі  өскелең ұрпаққа керегі де осындай аталы сөз екендігі айқын­. Енді осыны өз ойыммен тарқатып  көрейін.

Қазақтың  Қазақ елінен басқа Отаны жоқ. Қазақта Отан деген қасиетті ұғым бар. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дейтін жүректі  тербейтін тәлімді нақылы тағы бар. Ұлы Даланың талай ғасырлар бойы жасаған ғаламат бай мұрасы, болашақтағы жар­қын өмір, еркіндік жолында «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың өмір тәжірибесінен жинақтаған даналығы мен өмірлік кәдеге жарайтын бұлжымас қағидаларының қосындысы осы рухани жаң­ғыруға негіз болатыны сөзсіз ақиқат. Зейін салар болсақ, Жер­ұйық түсінігінде «Мәңгілік» деген ұғым бар. Ол қазақтардың туған жеріне деген құрметінің айшықты символы. Соларды зерделей келіп, еңбекті құрметтеуде, мамандық таңдауда еліміздің жастары нағыз отансүйгіштік сезімдерін танытулары қажет. Оған мемлекетімізде барлық жағдай жасалған.

Туған жердің табиғатын аялау ісінің қаншалықты маңыздылығы Елбасы мақаласында барынша ашып көрсетілген. Атам қазақтың: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», деуі тегіннен-тегін болмаса керек. Жұмыр жер адам баласының игілігі үшін жаратылған. Демек­, исі қазаққа ортақ елдің иесіз, жерінің киесіз бол­масы анық. Жер-Ана қойнауындағы бар байлықты орынды пайдалануға, экология тазалығына ұмтылуға қатысты айтылған тұс­тары көкейге қандай қонымды. Ол туралы алда кеңінен тоқтайтын  боламыз.

«Туған жер» атты бағдарлама қабыл­дауды  ұсынған Елбасы­ әрбір отандасымыздың, жастардың пат­риоттық сезімін арттыру үшін аймақтарда өлке тарихын көбірек насихаттап, туған же­рін­е көмек қолын созып жүрген жан­дарға құрмет көрсету жолдарын қарастыру қа­жеттігін де еске салу­ды міндеттепті. Сол секілді, ұлан-байтақ жеріміздегі өзін­дік тарихы мен қасие­ті бар танымал  жерлер­ге­ жүйелі зер салып, «Мәдени географиялық белдеуді» ұлттық құндылықтарымыздың қатарында дәріптеу идеясын ұсын­ған. Туған­ жер десе, кеудесін сағыныш кернеп ала  жөнелетін  барлық зиялы қауым бұл идеяны­  қуана қол­дай­тыны  шындық.

Сонымен  бірге «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы­ талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқы­на суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақ­талған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп жастарымызға түсіндіру мақсатында насихат жұмыстарын күшейтуді  тапсыруы көңілге  өте  қонымды-ақ.

Кең-байтақ жерімізде қыр-сыры беймәлім түрлі қазыналар мен тарлан тұлғалар бар. Мемлекет басшысының осы ұсынысы мұндай дүниелерді кеңінен насихаттауға зер салуы ұрпағымыздың болашақтағы тәрбиесі емес пе?!

Бізге өзгенің салт-дәстүрі таңсық емес. Оның керек жағын зерделей жүріп, ұлттық келбеті­мізді сақтап қалу үшін нақты сая­си ұстаным қажет. Сондықтан ұлт­тық мәдениет, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық қолтума, төрт түлік түр­лері, ұлттық өнер туралы арнайы заң қабылданса болар еді. Мұның бәрі болашақ ұрпақтың несібесі мен тұрақты тіршілігінің алтын арқауы. Біз қазір Қазақстандағы барша ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасап отырсақ, өзіміздің ұлттық құндылықтарымызға да сондай жағдай тудыруды естен шығармайық.

Бүгінгі  таңда  аталған  бағдар­лама  жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналып отыр. «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының жүзеге асырылуы мақсатындағы «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан,  мыңжылдық тарихымызда  біз алғаш рет осындай ауқым­ды­ жобаны жасап, жүзеге асыру­ға тиіспіз» - деген Елбасымыздың бастамасы қашан да қасиетті.

Географияны оқытуда Қазақстанның нарықтық экономикасын дамыту жолдарын кең ашып көрсету оқушыны Қазақстанның қандай даму жолдарынан өткендігін және болашағын болжауға үйретеді. Өз басым кәсіби қызметіме сай, әлем елдерін көп аралаймын. Көргенім де көп, айтар­ым да бар. Мәселен, Орынбор облысында дала табиғатын, оның өсімдіктер әлемін, жануарлар дүниесін жан-жақты зерттейтін бүкілресейлік Дала ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. Бізге де осы үлгідегі Ұлы Дала Елінің табиғат фаунасын зерттейтін бір құрылым керек сияқт­ы.

Бүгінде экономикалық даму Қазақстанды бес ірі экономикалық-географиялық аймаққа бөлуге негіз жасады. Қазақстан нарықтық экономикаға көшу арқыл­ы әлемге танымал, әрі шет елдермен тығыз ынтымақтастық қатынастарын берік орнатты. Елімі­зде нарықтық экономика арқы­лы экспорт және импорт көлемдері  артуда. Сонымен  қатар халықаралық үлкен іс-шаралар да бізде өтуде. Бұл дегеніміз еліміз­дің жарқын болашаққа аяқ басып келе жатқандығын көрсетеді және елімізде өткізіліп жатқан халықаралық шаралардың көлемі әлемдік картада елдің саяси тұрақты серіктес ретінде беделі­нің нығаюын айғақтайды.

2010 жылы Қазақстан Республикасының жеделдетілген индус­триялы-инновациялық даму­ы бойынша 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарл­амасы  қабылданды. Оның негізгі басымдылығы – инвес­тицияларды, әсіресе, шетел инвес­тицияларын жаңа және экспор­тқа  бағытталған  өндіріс­ке тарту, осылардың барлығы дерлік экономикамыздың көр­кеюіне  жағдай  туғызады.

Қазақстан сирек кездесетін металдарға бай өлке. Елімізде алтын­ мен күміс өндіру ежелден жолға қойылғаны белгілі. Нақтыланған алтын қоры жағынан Қазақстан әлемдегі жетекші ондық­қа  кіреді және күміс өндіру көлемі бойынша Азияда  1-орын алады. Елімізде 100-ден астам барланған уран кендері бар. Бұл – орасан  зор  байлық.

Республикамызда шикізат ресурс­тары мол. Қазба байлық­тарында іс жүзінде Менделеев кестесін­дегі барлық әлементтер кездеседі. Қазақстанда 155 кен орны, тас көмір мен қоңыр көмір, жанғыш тақтатас шығарылатын 102 орны бар. Мұнай мен газ қоры орасан зор. Каспий ойпатында Орталық Азиядағы ең ірі Теңіз  мұнай кен орны орна­лас­қан.­

Мұхитқа тікелей шыға алмайтын  мемлекеттердің  ішінде Қазақстан – ең  үлкені. Бес  мемлекетпен көршілес,  солтүстігінде Ресеймен – 6 467 шақырым, оң­түс­тігінде Түркіменстан – 380 шақы­рым, Өзбекстан – 2 300 шақыр­ым және Қырғызстан – 980 шақырым, ал шығысында Қытаймен 1 460 шақырымда шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы – 13392,6 шақырым. Батыста Каспий теңізімен, оңтүс­тікте Арал теңізі­мен  құндақталған.

Қазақстан  Республикасының аумағы Еділ өзені алабынан шығыс­ында  Алтай тауы шыңдарына дейін, Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазы­ғы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауы­на дейін созылып жатыр. Аумағы­ның 10 пайызы биік таулы өңір­лер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері – Хан тәңірі шыңы (6995 метр). Ол Тянь-Шань тау жүйесіндегі мұзарт және Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы елдің ең төмен жері Қарақия (Каракие) ойысы теңіз деңгейінен 132 метр төмен орналасқан. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан жер шарындағы ең бай аймақтардың  бірі саналады.

Жаңа қасиетті орындарға барып­, қазақ халқының тарихи-семантикалық атласын жасау керек.­ Бұл Елбасымыздың мақаласында айтылған ұсыныстармен дөп келеді. Президент еліміздің қасиетті жерлерінің мәдени географиялық белдеуін құруға тапсырма беруі біз үшін үлкен мақтаныш. Мәдени генетикалық ұлттық кодының негізі көне ескерт­кіштерінде, қасиетті орындарда, туған жерімізде. Көне жәдігерлерді ғана емес, тәуел­сіздік құндылықтарын да таны­туымыз керек. Біздің тарихи-мәдени географиялық белдеу жасайтын уақытымыз туып отыр. Себебі­, өз географиямыздың белдеуінен бөлек, саяси, экономикалық, тарихи, мәдени құндылықтардың белгілі бір деңгейдегі белдеуі болуы керек. Жер бетінде­ тілдердің картасы бар, интернет қолданушылардың картасы және алпауыт елдердің домендік атауларының қолданыс картасы бар. Мұнымен қоса туған жеріміздің ең қасиетті орындарын көрсете­тін карта жасалса. Осыған орай жыл сайын студент жастардан тұратын арнайы экспедиция ұйымдастырып, оларды еліміздің әр өңіріне жіберіп, зерттеу жұмыс­тарын жүргізуді қолға алу тиімді. Оларға қасиетті орындар туралы мәліметтер жинақтатып, ойларын ояту қажет. Сайып келгенде бұлардың бәрі мәдени, рухан­и құндылық. Оның сара жолын­  Елбасының өзі бастап, салып­ берді. Мысалы, «Бәйтеректі» алайықшы. Аңыз бойынша Бәйтеректің басына жұмыртқалаған самұрық құс заманауи символға айналды. Бұл – қасиетті­ліктің  белгісі.

Тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – ата-анаға қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ шығар. Кезінде Ғабиден Мұстафин: «Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес», – деп айтып өткендей, ата-ананы ардақтамайтын халық жоқ десек, артық айтпаған болар едік.

Әркімнің туған анасы, туған әкесі бар. Ендеше, ата-анасыз өмір жоқ, яғни, адам жоқ. Шынында да баласын алдына алып отырған атаның «ой өлкесінің гүлденуі» қандай тамаша тәрбие бесігі дерсің! Ата-анамыз біздің бақытымыз жолында құлшына еңбек етті. Терін төгіп, бейнет шекті. Ал өз ата-анасын құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын ынта-ықы­ласпен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, ізгі қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан нендей қайыр күтуге болады?! Баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлген, жарық дүниені сыйлаған ата-анамызға, қолғабысымызды тигізіп, көңілдеріне кірбің түсірмеу біздің перзенттік парымыз  болмақ.

Әлемге әйгілі ғұламалар мен ақындардың ата-ана махаббаты, перзент парызы жайында тебірене айтпағаны, жазбағаны кемде-кем. Олардан қалған асыл сөздер қаншама!

«Баланың бас ұстазы – ата-анасы», – деп қазақ бекер айтпаған. Әркімнің ата-анасы баласын адамдарды ардақтауға, құрмет­теуге, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олармен қарым-қатынастары салтанат құруына жағдай жасайды. Ата-ананың өз балаларын сүюі қандай шексіз болса, балалардың ата-анасы алдындағы борышын да ешнәрсемен  өлшей  алмайсың.

«Үйрету – үлкеннен, үйрену – кішіден» дегендей, үлкендердің өмірден көргені мен түйгені көп, тәжірибесі жеткілікті. Ендеше олардың жастарға, балаларына үйретері де, айтар ақыл-кеңесі де көп. Ата-ананы сыйлау, сәби шағы­мызда өзімізді қалай бағып-қақса, қартайғанда ата-анамызды солай алақанға салып, аялап күту – қа­сиетті міндет. Олай болса, ата-анамыздың алғысын, ақ батасын алуға, үлкендердің мерейін көтеруге жаста­р да әрқашан борыштар.

Қазіргі ұрпақтардың кейбірі ата-бабасы туып, қоныс қылған мекенінен тарап, басқа жерде өмірге келіп, алыста өсіп жатыр. Сондықтан да туған жер, ата-баба­ның кіндік қаны тамған мекен дегенге мән беру соңғы жылдары қалыс қалып бара жатқан сияқты­.

“Туған жер”,“кіндік қаны тамған жер” деген ұғымдар ел болып, ірге көтерген халықтар үшін патрио­тизмнің бастауы. Ата-бабаның­ қоныс қылған орнын ежелден құрмет тұту, оны ардақтау, қажет болған жағдайда қасық қаны қалғанша қорғау әрбір адал туған ұлдың абыройлы міндеті деп есептелінген.

Қазақта туған жердің қасиеті, киесі адамның бойына дариды, өскелең ортасының ақылы мен даналығы, тәлімі мен тәрбиесі жақсы қасиет болып сіңеді деген ұғым бар. Расында да туған жер­дің ерекшелігінен өзгеше нәр алып, атағын алысқа шығарған адамдардың  қатары толып жатыр. Егер, Абай туып-өскен жердің қасиеті болмаса, Мұхтар Әуезов телегей-теңіз білімдар бола қояр ма еді? Әрине, Алланың берген дарын­ы оны жерде қалдырмас, бірақ туған жерден бойына сіңірген даналық оған Алланың берген  қасиетін  одан  әрі дамыт­қаны сөзсіз.

Туған жерге кісілік жүрмейді. Адам өзі туған жерінің қонағы бола алмайды, қара қызметшісі болуы мүмкін. Егер адам қаншалықты дарынды болса да оның генети­калық фоны таза антропологиялық денгейдегі рух мәде­ниеті, ар-намыс ұғымы, ел-жұртын сүю қасиеті күшті болмаса, оның данышпандығының құны шамалы. Сондықтан мен өзімнің туған жерім­е кіндігімді байладым, осы жерде өстім, осы жерде көгере­мін. Туған жерім Қазалым – менің мысыр шаһарым, мен үшін одан басқа  артық  жер  жоқ!

Шыр етіп дүние есігін ашқан кез  келген  адамның  Отаны, туған жері болады. Туған елге деген, жерге деген ыстық махаббат әр адам жүрегін тербейді. Кез келген  халық өз елінің бейбіт өмір сүруін,  қарыштап  дамуын  тілейді, армандайды. Ал елдің бейбіт ғұмыр кешіп, өсіп-өркендеуі, кемел­ мемлекет, ізгі қоғам құру талпынысы елдің басшысына тікелей  байланысты.

«Толқыннан толқын туады, толқын­ды  толқын  қуады»  деген­дей,  атадан  балаға  беріліп келе жатқан бүкіл қазақ болмысының бай рухани мұрасын бойына сіңірген, «жүрегі елім деп соққан» және сезімін нақты ісімен дәлелдей білген Елбасымыз Қазақстан халқының маңдайындағы  бағы, ырыс-берекесі екен­дігі анық.

 


ҮМІТКЕРЛЕР ҮГІТКЕ КІРІСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.06.2017 11:17

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 7 маусымда Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды.

Сайлау науқанында облыстық сайлау комиссиясымен Қызылорда облысынан Парламент Сенатының депутаттығына ұсынылған 5 кандидаттың 3-еуі тіркелді, екі кандидат өз-өзін ұсыну туралы шешімнен бас тартты.

Тіркелген кандидаттар 2017 жылғы 8 маусымнан бастап 26 маусым күнгі сағат 24-00-ге дейін жүргізілетін сайлау алдындағы үгітке кірісе алады.

Республикалық бюджеттен әрбір кандидаттың теледидардан 15 минут сөз сөйлеуіне, радиодан 10 минут сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялануына тең мөлшерде қаражат бөлінген.

Облыстық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 2 маусымдағы №ОСК- 110/238 қаулысымен кандидаттардың таңдаушылармен – облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттарымен кездесулерінің кестесі бекітілді.

Облыстық сайлау комиссиясына осы сайлау науқанына қатысты өтініштер (шағымдар) келіп түскен жоқ.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2017 >
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары