Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 22 Маусым 2017

Мемлекеттік қызметшілер марапатталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.06.2017 18:27

22 маусым күні Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев әріптестерін кәсіби мерекелерімен  құттықтады.

- Мемлекет басшысы да өзінің халыққа және қоғамға тынбай қызмет етуімен, Қазақстан мен қазақстандықтардың игілігі үшін жасап жатқан өлшеусіз еңбегімен бізге жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетіп отыр. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – туған Отаны мен халқына адал қызмет етуімен бағаланады. Мемлекеттік қызметші ел сенімінен шыға білсе, одан жоғары мәртебе, одан артық бақыт жоқ деп есептеймін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Салтанатты шара барысында мемлекеттік қызметке жақында қабылданған  облыс әкімдігінің қызметкерлері салтанатты түрде ант қабылдады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың  мамандары  мен сала  ардагерлері марапатталды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мақсатында өткен журналистер арасындағы шығармашылық байқаудың және мемлекеттік қызметшілердің облыстық спартакиадасының  жеңімпаздары марапатталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


«Халықтың» тілшілері топ жарды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.06.2017 18:08

 

 

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Сыр медиа» ЖШС-нің үйлестіруі әрі ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру жолдары» тақырыбында БАҚ өкілдері арасындағы шығармашылық байқауда «Халық» газетінің тілшісі Қозы Көрпеш Жасаралұлы жеңімпаз атанды. Жүзден жүйрік шыққан үздікті облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы өз қолымен арнайы дипломмен марапаттап, бағалы сыйлық тарту етті.

 

 

Сондай-ақ, өңіріміздегі діни тұрақтылықты нығайту, Ислам дінінің өркен жаю бағытындағы шараларды белсенді ақпараттандырып, Асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауға қосқан үлесі үшін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешіті "Халық" газетінің тілшісі Нұрбике Құдайбергенқызын алғыс хатпен марапаттап, арнайы сыйақы табыстады.

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» АТТЫ КӨРМЕ-БАЙҚАУ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.06.2017 18:05

22 маусым күні Қызылорда қаласында «Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік көрме-байқау болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тауар өндірушілер көрмесімен танысты және отандық өнімдерді қолдау үшін бұл байқаудың маңыздылығын атап өтті.

- Қазіргі таңда өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына зор үлесін қосып отырған 5 мыңға жуық шағын және орта бизнес кәсіпорындары және 35 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Аталған секторда 100 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған, бұл - облыстағы экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі,- деді аймақ басшысы.

Биыл байқауға 22 тауар өндіруші қатысты. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымы бойынша 1-орынды «ЭлектроТехнология» ЖШС иеленсе, 2-орын «Полимер Продукт» ЖШС-не бұйырды. Ал, үшінші орынды «МИР 2001» ЖШС жеңіп алды.

«Халыққа арналған үздік тауар» аталымы  бойынша 1-орынды «ДАЛАТЕКС» ЖШС, 2-орынды «Қызылорда зағиптар  қоғамы» оқу-өндірістік коперативі» ЖШС, 3-орынды «ПромКоммерцКА» ЖШС иемденді.  Сонымен қатар, «Үздік азық-түлік тауар» номинациясы бойынша 1-орын «Арал тұз» АҚ-на, 2-орын «Арал» сервистік дайындау орталығы» ЖШС-не,3-орын ЖК «Ермаханов»- қа бұйырды.

Байқау жеңімпаздары «Экспо-2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында өтетін республикалық көрме-байқауға жолдама алды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Жазатайым оқиғадан 3 адам қаза болған PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.06.2017 17:32

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ертілеу Шынтасұлы БАҚ өкілдеріне брифинг берді. Басқосу барысында еңбек саласындағы заңбұзушылықтар мен жалақы жайы, еңбек шарты турасында айтылды.

- Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекциясымен әртүрлі меншіктегі 125 мекеме мен кәсіпорындар тексерілді. Нәтижесінде 121 заңбұзушылық фактілері анықталып, жұмыс берушілерге анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 78 нұсқама берілді. Ал құқықтық оқулар мен арыз-шағымдар бойынша айтар болсақ, биыл 452 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралып, заңға сәйкес жауап берілді. Оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша – 429, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша – 9, жұмыспен қамту туралы заң бойынша – 14, - деді басқарма басшысы Е.Жалғасбаев.

Облыс бойынша банкроттық және оңалту рәсімі жүргізіліп жатқан 4 жұмыс орнының 104 жұмысшысына жалақы қарызы қалыптасқан. Еңбекақы қарызының жалпы көлемі 15,2 миллион теңгені құрап отыр. Атап айтқанда, мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Миниса Үміт» шағын орталығы 28 қызметкерге 5,4 миллион теңге, «СПМК Арслан» ЖШС 5 жұмыскерге 5,6 миллион теңге, «Н.С.С. – KZ» ЖШС 15 қызметкерге 2,5 миллион теңге, «Мұнайқұрылыс» көпсалалы құрылыс фирмасы» ЖШС 56 жұмыскерге 1,7 миллион теңге жалақы қарыз. Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің конкурстық басқарушылары қарызды өндіру жұмыстарын жүргізуде.

Еңбек етіп, нанпұлын айырудың жолында жүрген еңбеккерлер кейде өндірістік жарақат алып, өміріне зиян келтіріп жатады. Жыл басынан бері 23 жазатайым оқиға дерегі тіркелген. Оның 10 жағдайы еңбек қызметімен байланысты емес. Ал қалған 13 жазатайым оқиғада 14 адам зардап шегіп, 9-ы ауыр шығынға ұшыраса, 3-еуі қаза тапқан.

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 


Аймақ басшысы ауызашар берді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
22.06.2017 16:15

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ауызашар берді. Ақшам намазына азан оқылған соң дәстүрлі дастарқанға ардагерлер мен облыс имамдары, мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрмысы төмен отбасы мүшелері, өңірдің дамуы үшін түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтар келді.

Жиылған жамағатқа ауызашар дұғасын Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өңірдегі өкілі, облыстың бас имамы Талғат қажы Омаров оқыды. Мұнан кейін облыс басшысы ауыз бекіткен жандарды қасиетті аймен, Қадір түнімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

– Қадірлі жамағат, қасиетті Рамазан айы мүбарак болсын! Қадір түнінде Жаратқаннан сұраған тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын! Бүгінгі Қадір түнінде мен де өз тілегімді жеткізгім келеді. Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған ой-толғамдары қазір қоғамда қызу қолдау тауып отыр. Елбасының осы мақаласында ысырапшылдықтан, астамшылықтан сақтанып, масылдыққа, даңғойлыққа жол бермеу керектігі айтылады. Біздің халқымызға ең қажеттісі – ұстамдылық, қанағатшылдық, білімділік, қарапайымдылық деген еді. Тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстайтын жастарға бұл керек қасиет. Өйткені, өскелең буын халқымыздың асыл арманы мен үкілі үмітін жалғастырады.

Жастарымыз ата-дәстүріне адалдық танытып, қалыптасқан дәстүрімізді ұштастыра білсе, біз алдымызға қойған мақсат-міндеттерімізге жетеміз. Елбасы «XXI ғасыр – қазақ халқының алтын ғасыры болса екен деп армандаймын» деген болатын. Баршаңыздың ізгі ниет-тілектеріңіз қабыл болсын, - деді облыс әкімі.

Ауызашарда еңбек ардагері Сәнімгүл Желдербаева, ақындар Замаддин Ибадуллаев пен Шәкизада Әбдікәрімов жиналған көпшілікті қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Қадір түнінде ниет еткен жандардың тілегі қабыл болуына тілектестік білдірді. Қадір түнінің адамзатты бірлікке, бауырмалдыққа, ата-ананы құрметтеуге, жақсылыққа шақыратын рухани сәт екендігін жеткізіп, ғибратты әңгімелер айтты.

Нұрбек  ДӘУРЕНБЕКОВ

 


Күнтізбе

< Маусым 2017 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары