Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 107 |
![]() | Кеше | 1631 |
![]() | Осы аптада | 10286 |
![]() | Өткен аптада | 15302 |
![]() | Осы айда | 45776 |
![]() | Өткен айда | 52979 |
![]() | Бәрі | 3582796 |
59 заң күшіне енді |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
04.07.2017 11:16 |
Апта басында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Жиында сот төрағасы Айбек Дәуренбекұлы сот әділдігін жүзеге асыру барысындағы шаруаларға кеңінен тоқталды. - 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Соған сәйкес, мемлекетті, экономика мен қоғамдық дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Ағымдағы жылдың 6 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысының қорытындысы бойынша 2016 жылдың 6 айымен салыстырғанда 128 іске (9,4 пайызға) көбейген. Атап айтқанда, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 2017 жылдың 6 айында – 1446 (2016 жылы – 1273) талап арыз, 1328 азаматтық іс қозғалған (2016 жылы – 1170), барлығы 1359 (2016 жылы-1231) азаматтық іс аяқталған. Қозғалған азаматтық істердің басым бөлігі мемлекеттік сатып алуға байланысты - деді А.Дәуренбеков. Қазіргі күні заманауи технологиялардың қарыштап дамуы сот жүйесіне де пайдасын тигізуде. Жаңа технологиялардың енгізілуі мен қолданылуы аясында сот жүйесі азаматтармен тікелей байланыс орнатып, сыбайлас жемқорлық көрсеткішінің төмендеуіне ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, тұрғындар үшін сот жүйесі ашық әрі қолжетімді бола түседі. Соңғы жылдары тәжірибеде қолданылып жүрген жобалардың бірі – «Сот кабинеті» сервисі. Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 6 айында сотқа 1446 талап арыз түссе, оның барлығы да Сот кабинеті арқылы түсіп, сот өндірісіне қабылданған. Осы жылдан бастап «ҚР-ның азаматтық, банктік заңнамаларды жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды жақсарту сұрақтары бойынша заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізілген. Түзетулерге сәйкес, жауапкерге немесе үшінші бір тұлғаға талап арыздың көшірмесін және оған тіркелген құжаттарды табыстау немесе жолдау бойынша міндет сотқа жүктеледі. Ал жауапкердің сол талап арызға қарсылық білдіру мерзімі оны алған күннен бастап, 10 жұмыс күнінен кешіктірілмеуі тиіс. Жазира БАҒЛАН |
ГОЛЛАНДИЯЛЫҚ ҒАРЫШКЕРЛЕР ЭТНОАУЫЛМЕН ТАНЫСТЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
04.07.2017 11:13 |
Жалпы, бүгінге дейін этноауылды 800-ге жуық адам тамашалаған. 5 шілдеде мұнда Жапония Парламентінің депутаттары келеді деп күтілуде. Өңірлік коммуникациялар қызметі |
Керемет көріністерді көзбен көрдім |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
04.07.2017 11:08 |
Астана күні қарсаңында «Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық». Халқымыздың осынау даналық сөзі тегін айтылмағанына тағы да көзім жетті. Біздің елімізде өткізіліп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі туралы БАҚ беттерінде біршама уақыттан бері айтылып та, жазылып та жүр. Бұл тақырып әлемдегі көптеген мемлекеттердің назарын өзіне аударып та үлгерді. Ал әлемдік деңгейде маңызы бар көрмені аралап шығып, етене танысу кім-кімнің де өмірінде ұмтылмастай әсер қалдыратыны тағы рас. Жуырда мен де дәл осындай қуанышты жайтты басымнен кешірдім. Алғашқылардың қатарында еліміздің бас қаласы Астанадағы Халықаралық көрмені тамашалауға Арал ауданынан барған топтың құрамында мен де болған едім. Мұны жеке өмірімдегі орны ерекше оқиғаның біріне балап, қатты қуандым. Көрмеден ұлағат тұтар көп нәрсені аңғарып, жақсы әсер алдым. Жасыратыны жоқ, тамашалауға тұрарлық нәрселер өте көп екен. Маған, әсіресе, Қазақстанның көрмесі өте қатты ұнады. Зәулім де келбетті сегіз қабаттан тұратын еліміздің көрмесінде әсері тамаша көптеген заттар қойылыпты. Соны көргенде келешегіміздің мұнан да жарқын екенін сезіндім. Әр қабатында өзіндік әсер қалдыратын болашақты баяндайтын аса тартымды көрмелер қойылған. Бойымды шаттық биледі. Ғажап әсер алдым. Әрі еліміздің алдағы уақытта көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізетіндігіне сенімім арта түсті. Шет мемлекеттерден келген саяхатшылар, көрме қонақтары да сүйсінгендерін жеткізіп жатқанда кеудемді мақтаныш кернеді. Шын жүрегіммен Астананың әсем келбетіне марқайдым. Қазақстанда осындай әлемдік деңгейдегі көрменің өтуіне атсалысқан жайсаң жандарға, ұйымдастырушыларға деген ризашылығымды өзім түрақты оқырманы саналатын асылым арқылы жеткізуді жөн санадым. Сонымен қатар Арал ауданының тұрғындарына да керемет көрмені тамашалауға мүмкіндік жасаған аудан әкімшілігіне де алғысымыз шексіз. Туған күніңмен, Астана! Қосай Бақшақбаев, Арал аудандық мәдениет үйінің қызметкері |
АСТАНАНЫ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАСИЕТТІ СЫР ЕЛІНЕН БАСТАУ АЛАДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
03.07.2017 13:53 |
- Ең маңыздысы, «Қараөзек» станциясының құрылысы елордамыз Астана қаласын және солтүстік өңірлерді алдағы газдандыруды есепке ала отырып жоспарланған. Болашақта елорданы газдандыру жұмыстары қасиетті Сыр елінің жерінен бастау алады. Елбасының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралды газ құбыры Сыр еліне зор мүмкіндік берді. Облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры Қызылорда облысын газдандыруға жол ашты. Бұл – Мемлекет басшысының бізге жасаған тікелей қамқорлығы. Аталмыш станцияның іске қосылуы – газ саласы қызметкерлерінің Астана күніне жасаған сыйы, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев жаңа компрессорлық стацияны іске қосу салтанатында сөйлеген сөзінде. Жаңа станцияның мүмкіндігі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ құбырының өткізгіштік қабілетін 10 млрд.текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 1534 шақырым, оның 180 шақырымы Қызылорда облысы аумағынан өтеді. Жобаның 1-ші кезеңінде Астана қаласы, Қарағанды облысы және Ақмола облысының оңтүстік аудандары газдандырылмақ. Атап өту керек, Қызылорда облысы әкімдігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ" Акционерлік қоғамы арасында жасалған меморандумға сәйкес 4 ауданның орталығы (Арал, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған) және Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарату станциялары мен ішкі газ құбырларының құрылыстары жүргізілді. Бұған жалпы сомасы 23 млрд. теңге қаржы бөлінді. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қызылорда облысында жоғары технологиялық «Қараөзек» газ компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді.Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ вице-президенті Қайрат Шәріпбаев қатысты. «Қараөзек» компрессорлық станциясы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан 944 шақырымда орналасқан, осы жылғы сәуірде Ақтөбе облысында пайдалануға енгізілген «Бозой» станциясынан қосарлы жұмысқа есептелген. Облыс әкімінің баспасөз қызметі |