Өзекті мәселелер

  • 21.11.19

     

    Ерлан  ЕСТЕК,

    қазақ күресінен ұлттық құраманың бас бапкері:

    Толығырақ...

  • 21.11.19

    «Заманның  қожасы  да,  тұтқасы  да – жастар!». 1921 жылы «Жас Алаш» газетінің алғашқы нөмірі осы ұранмен жарыққа шықты. Тарих бетінде «Жас Алаш» көтерген үндеу алтын әріппен жазылды. Ел жастарының жанында жатталып қалды. Осы басылымда Ғани Мұратбаев тұңғыш редакт­орлық қызмет атқарған еді. Жалпы, Ғани туралы айтылатын, жазыла­тын дүние көп. Тым қысқа ғұмырында тындырымды тірлік жасап­  кеткені...

    Толығырақ...
  • 21.11.19

    «Шыдамның да шегі бар». «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК мен «Су жүйесі» МКК басшылығы осылай дейді. Сұрауы бар су мен қытымыр қыста жан сақтайтын жылудың ақысына келгенде тұрғындар таршылық танытатын­ көрінеді. Олар ай сайын емес, жыл сайын қордаланға­н қарыздарын жеке тұрғындар мен меке­мелерге ескертуден шаршаған. Жылдың басында жылуға­ қарыз көлемі 200 миллион теңгеге жеткен. Ал...

    Толығырақ...
  • 21.11.19

    Аграрлық өңірдің әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар бүгінде өз жемісін беруде. Кеше ғана ауыл шаруашылығы саласында көштің басында тұрған Жалағаш ауданымен қалай мақтансақ та жарасады. Аллаға шүкір, ауыл еңбеккерлері Жер-Ананың берген ырзық-несібесін ысырап қылмай, Сырдың басты дақылынан тау тұрғызуда белсенділік танытуда.

    ...
    Толығырақ...
  • 21.11.19

    Қазақстандық медицина  саласын  жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жобалардың  бірі – «Денсаулық» бағдарламасы. Үш жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бұл бағдарламаның да мәреге жетуіне аз қалды. Қызылорда облысында аталмыш бағдарлама аясында ауқымды жұмыстар атқарылды.

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 04 Шілде 2017

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 128960 ОҚУШЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.07.2017 10:06

 


ЕЛАМАН ЕРҒАЛИЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНЕН ЕКІ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕР СЫЙҒА АЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.07.2017 14:15

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Тұңғыш Президентінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен VII «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиевпен кездесті.

«Төл спортымызды түлету біздің облысымыздан бастау алғаны – біз үшін үлкен абырой. 2011 жылы алғашқы «Қазақстан барысы» титулын иеленген Ұлан Рысқұл болса, Руслан Әбдіразақов күміс және қола жүлделерді иеленді. Олардың жеңісті жолын 22 жастағы батырымыз Еламан Ерғалиев жалғастырып отыр. Осы спортшылардың биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жетуіне үлес қосқан жаттықтырушысы Садық Мұстафаевтың және Әділбек Серікбаевтың да еңбегі зор деп атап өткім келеді»,- деді облыс әкімі.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қазақстан барысы» жеңімпазына екі бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады.

Өз кезегінде Еламан Ерғалиев облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін үшін алғысын білдіріп, болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Оның мақсаты – олимпиада медалін жеңіп алу.

«Бозкілемдегі белдесуде ойымда тек туған жерім мен жерлестеріме жеңіс сыйлау тұрды», - деді Еламан Ерғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев жүлдесіне арналған қазақ күресінен VII «Қазақстан барысы» турниріне барлығы 34 спортшы қатысты. Оның ішінде облысымыздан 3 спортшы:  «Алтын белбеу» аймақтық іріктеу жарысында «Сыр барысы» атанған Мақсат Исағабылов пен «Сыр арланы» Нұрым Сәлімгереев және «Әскер барысы» Еламан Ерғалиев сынға түсті. Сәуір айында әскерилер арасында өткен «Әскер барысы» жарысында Еламан Ерғалиев жеңімпаз атанып, «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама алған болатын.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Жайнай бер, әсем Астана! PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.07.2017 14:07

Өткен уақытқа ойлы көзбен қарайтындай жасқа келгендіктен бе, балалық күндерімізді бірге өткізген достарымыз, құрбы-құрдастардың бейнесі сағынышпен ойға оралады. Сонау сексенінші жылдардың орта шенінде қазіргі Жанқожа батыр ауылындағы орта мектепті тамамдап, өзге де кластастарыммен бірге «Армандастар» атты комсомол жастар бригадасында еңбек еттім. Бізбен көршілес Бекарыстан би (бұрынғы Карл Маркс кеңшары) ауылының түлектері де бас-аяғы 70 жас бірге жұмыс жасадық. Осынау жалын жігерлі жастардың легі ауылдағы тынымсыз еңбекке араласа жүріп, бос уақыттарында мәдени-рухани шараларға да белсене атсалысушы еді. Осылайша арада бір жылдың қалайша өткенін аңғармай да қалдық. Сол тұста Базар апай басқаратын ауыл кітапханасына жиі барушы едік. Шағын оқырмандар залында отырып кітап деген құдіретті әлемге бойлап еніп, ақын-жазушылардың, әлемдік деңгейдегі шығармалармен сусындап өстік. Кітап атты киелі дүниенің әсерімен менің екінші өмірім басталды десем артық емес.

1986 жылы аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Есқара Көмекбаев ағай өзінің кабинетіне орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры  Маржан Қарабалаеваны шақырып алып «мына қызымызға Қызылорда қаласындағы бір жылдық кітапханашылар даярлайтын курсқа жолдама беріп отырмын, оқуын аяқтағаннан кейін осында келіп жұмыс істейді» деген еді. Ауыл мектебінде алған білімнің сапалылығы шығар, оқу барысында көп қиналғаным жоқ. Оған қоса Ш.Сәруарова, К.Сисекеева, Платонова, Беляева сынды тағы басқа да кітапхана саласының майталмандарының қызығы мен қиындығы қатар жүретін осынау мамандыққа машықтануыма тигізген үлкен әсері болды. Мұнан соң Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту училищесін, кейін Шымкенттегі М.Әуезов Мемлекеттік университетін «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша тамамдадым. Алдыңғы буын әріптес апайларым Маржан Қарабалаева, Нәбира Көпжасар, Мамық Үржанбекова, Сақыпжамал Тұрлыбаева, Миуагүл Есімова, Алмагүл Қаржаубаева, кейінгі буын әріптестермен бірге жүріп әдістемелік-ұйымдастырушылық, кәсіби, оқырмандарға қызмет көрсетуде  өткізілетін ауқымды іс-шаралардың өз дәрежесінде жүргізілуіне машықтандым. Сонымен қатар бүгінгі күні осындай танымдық-тағылымы мол жоспарлы шаралардың заман талабына сай өтуіне, кітапхана қызметкерлерінің жаңа технологияны игеруіне барлық бөлімдердің жұмыс орындары автоматтандырылып, РАБИС бағдарламасы аясында 5 модуль бойынша жұмыс жасап, электронды қордың толық негізде жүргізілуіне ұйымдастырушылық шеберлігін танытып отырған Индира Әбілқасымқызының еңбегін ерекше атауға болады.

Мені кітапханашылық жұмысқа қабылдаған алғашқы директорым Маржан Қарабалаева болатын. Міне, сонан бері де тура 30 жыл уақыт өтіпті. Кітапхана саласындағы азды-көпті еңбегімді ескерген шығар Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталдым. Бұл марапат тек менің ғана емес, барша кітапхана қызметкерлерінің марапаты деп есептеймін.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақшы» - деген болатын. Осы тұрғыда дарқан даламыздың дара перзенті, халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі Арықбалық шайқасына арналған «Ел есіндегі Арықбалық шайқасы» атты еске алу кеші баршаның көңілінен табылғанын атап кету ләзім. Сондай-ақ "ЭКСПО-2017 - Қазақстанның болашағы" атты танымдық кеш те тартымдылығымен ерекшеленді.

Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына бару бақыты маған бұйырды. Бұл менің әріптестерімнің маған деген ілтипаты, ұжымдағы береке-бірліктің арқасы деп есептеймін. Астана қаласына барып-қайту, ЭКСПО көрмесінің билеті баршасы осындай жаны жайсаң әріптестерімнің қолдауымен болды. Алғашқылардың қатарында көрмеге ауданнан 50 адам арнайы бөлінген автобуспен бардық. Біреулер жаяулап, енді біреулер велосипедпен жетсе, біздер автобуспен қиналмай барып-қайттық. Көп мағлұмат алдық. Өзге мемлекеттердің павилондарын тамашалап, бірге суретке түсіп, жақсы әсерге бөлендік.

Өзіме ерекше ұнағаны «Нұр Әлем» ғимараты болды. Осынау алып шардың кереметін сөзбен айтып жеткізу мұмкін емес. Оның жоғары қабатында тұрып зер салсаңыз, төменгі қабатқа дейінгі көрініс көз тартады. Жоғарыдағы шыны көпірмен бойлай жүріп, төменге көз тастағанда аздап жүрексіндік те.

Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Елордамыздың төрінде өткізілуі еліміздің тарихында ғана емес, ЭКСПО-ның өз шежіресіне заманауи көріністерімен, қайталанбас сәулетімен, жаңа технологияның озық үлгілерін қолдануымен ерекшеленетіні анық. Жарқырап, жайнай бер, әлем көз тіккен Астана!

Зоя Мұстафаева,

Қазалы аудандық

орталық кітапханасының оқырмандарға

қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі

 


ИІРКӨЛ мен ТӨРЕБАЙ БИ АУЫЛДАРЫНДА БАЛАБАҚША БОЙ КӨТЕРУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.07.2017 13:58

Иіркөл ауылындағы 50 орындық «Самал», Төребай би ауылындағы 50 орындық «Ақкөгершін» атты бөбектер үйінің жалпы жоба-сметалық құны 372 миллион теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын «Мега ЛТД» ЖШС мен «Асар» ЖШС-нің жұмысшылары атқаруда. Бүлдіршіндерге арналған бұл бөбекжайлардың құрылысы келесі жылдың мамыр айында аяқталмақ.

Қазіргі таңда Иіркөл ауылындағы балабақша құрылысы бойынша іргетас жұмыстары мен 1-қабатының кірпішін қалау жұмыстары аяқталып, төбесін жабу, ішкі сылақ жұмыстары жүргізіліп жатса, Торебай елді мекеніндегі балабақша құрылысы бойынша іргетасын көтеру жұмыстары аяқталып, кірпішін қалау жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

Айта кетейік, аудан бойынша 57 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасаса, олардың 24-і - мемлекеттік, 8-і - жеке балабақша, 25-і - шағын орталық. Бүгінде 31 балабақшада 3615 бала тәрбиеленуде. Ауданда 3-6 жастағы балалалар мектепке дейінгі тәрбие және оқумен 100 пайызы қамтылып отыр.

Қармақшы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Шілде 2017 >
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары