Өзекті мәселелер

  • 11.07.19

    САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

     

    Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жо...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Ізгілік пен қайырымдылық – адамзаттық құндылық. Тіпті, бұларды адамгершіліктің өзегі деп те атаған. Әр нәрсе өзінің мәнімен, өзін­дік қасиетімен қа­дірлі, құнды. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі  абзал  болмақ.

    Осы орайда Арис­тотельдің өзі «Бақыттың кілті – қайы­рымдылықта» деген екен. Демек, ізгілік, қайырлы іс – адам баласын бақытқа жетк...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Тапсырманың да түр-түрі болады. Мұнан біраз уақыт бұрын ата-аналар тарапынан «үй тапсырмасын үйіп-төгіп бермесін» деген талап «төрге озған» еді. Рас, мектеп бағдарламасын шамадан тыс қиындату оқушының білімге деген ынта-жігерін төмендетпей қоймайды. Қит етсе, мұғалімдерді аяп, қаралап шығатын қауым көбейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деуші едік. Қазір әлеуметтік желіде ...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Шілде басталмай, сауда орындарында қауын-қарбыздың саудасы­ қызды. Бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Нарықтағы бағалары былтырғы­мен  салыстырғанда  қымбаттау.  Қарбыздың  келісі  80-100, қауынның келісі 200-300 теңгеден сатылуда. Бірақ көпшілік  бағамен санасып жатқан жоқ. Шөл басатын әуес асты қалтасына қарамай алып жатыр. Негізі бақша өнімдері  шілде айының соңына таман піседі.  Та...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    ЖАҢА  СТАДИОНДАҒЫ   ЖАҢА  КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

     

    Өткен аптада сыр­бойылық футболсүйер қауым көптен күткен матч өтті. Ел біріншілігінің 17-туры аясында «Қайсардың» «Шахтерді» қа­былдаған кездесуі Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның ашылу күніне сай келді. Жөндеу жұмыстарынан соң жап-жаңа алаң атағына ие бол­ған бұл нысан туралы азды-көп...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 10 Шілде 2017

ЭКСПО-2017 көрмесі жұмысының бір айлық қорытындысы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.07.2017 09:13

10 маусым мен 10 шілде аралығында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерінің саны 921 293 адамға жетті.

Жақын арада миллионыншы адамның көрмеге келуі күтілуде.

Халықаралық павильондарға жалпы келушілердің саны 5 960 212 адамды құрайды.

Көрме кешенінің негізгі объектілеріне 834 579 адам барған.

Ең ауқымды келушілер санын, 303 007 адамды Нұр-Әлем павильоны жинаған.

Жалпы санақ бойынша көрмеге келушілердің 14%-ы немесе 130 мың адам шетелдік азаматтарды құрайды.

Бір ай ішінде 160 мың адам көрмеге жеңілдіктер арқылы кірген.  Бұл тізімге мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және 6 жасқа дейінгі балалар мен мүгедектер, ҰОС ардагерлері жатады.

Сонымен қатар, 1031 мәдени ойын-сауық және іскерлік іс-шаралар, ел басшыларының, министрлер мен халықаралық павильон комиссарларының қатысуымен барлығы 84 ресми іс-шара өткізілді.

Қоғаммен байланыс департаменті

 


Жолдастық кездесу PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.07.2017 09:09

Ағымдағы жылдың 28 маусымында Астана күніне орай «Динамо» спорт кешенінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командалары арасында футболдан жолдастық кездесу өтті.

Ойын жолдастық кездесу мінезде болғанымен, команда ойыншылары намысты қолдан бермеуге тырысты. Төрешінің ысқырығы естілісімен, командалар тартысты ойынға кірісіп кетті. Алма-кезек шабуылмен өткен ойынның бірінші кезеңінде есеп 2:2 тең аяқталды. Үзілістен кейін қос команда да қанша шабуылдағанымен, жеңімпаз анықталмады, қорытынды есеп 6:6.

Алайда командалардың басты мақсаты ұту емес. Мемлекеттік қызметшілер бос уақыттарын тиімді жұмсауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жас ұрпаққа үлгілік тәрбие көрсету болып табылады.

Кездесу соңында командалар қол алысып, бір-бірлерін естелік кубоктарымен марапаттады. Мемлекеттік қызметшілер спортпен шұғылдану тәжірибесін одан әрі жалғастыратын болады.

 


Қызылордада «Бастау-Бизнес» аясында оқыған 8 азаматтың жобасы қаржыландырылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.07.2017 08:55

Қызылорда облысы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқытылған азаматтардың жобасын қаржыландыруды бастады.

«Бастау-Бизнес» жобасының екі легінің қорытындысымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 8 қатысушының жобасы қаржыландырылды.

Атап өткен жөн, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ауылдың 367 азаматын «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқытып шықты.

«Бастау-Бизнес» жобасы «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған.

Жобаның қатысушылары - ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікпен айналысуға әлеуеті бар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен жұмыссыз азаматтар.

- «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша өңірдегі қазіргі таңда пилоттық режимде Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарының тұрғындары оқытылуда. Жыл соңына дейін алты лекпен 937 адамды оқыту жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін оқытудың екі легі аяқталып, 367 қызылордалық оқып шықты. Қазір үшінші лектің азаматтарын оқытуды бастадық. Оған 168 азамат өтінім беріп, оның 157-сі тестілеуден сәтті өтті, - дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Оқу процесі барысында қатысушылар бизнес-тренермен бірге бизнес-жоспарларын әзірлеп, әр лектің қорытындысымен қатысушылар жобаларын Палата жанындағы облыстық комиссия алдында қорғап шығады. Комиссия құрамына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы Микро қаржылық ұйымы» ЖШС өкілдері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері енгізілген. Жобасын сәтті қорғап шыққан азаматтарды Кәсіпкерлер палатасы жоғарыда аталған қаржы ұйымдарына қаржыландыру үшін ұсынады.

- «Бастау-Бизнес» жобасының екі легінің қорытындысы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 8 қатысушының жобасы қаржыландырылды. Бұл - Қармақшы ауданы тұрғындарының жобалары. Бүгінгі таңда Қор өзге де аудандардағы қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін зерттеп, қарап жатыр, - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Байәділ Садиев.

- Өз ісімді, отбасылық бизнес түрін ашуды көптен армандап жүрген едім. «Бастау-Бизнес» жобасының бірінші легінде бір ай көлемінде оқып, біліктілігімді жетілдірдім. Наубайхана ашу жөніндегі бизнес-жоспарымды облыстық комиссия алдында қорғап, нәтижесінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жобамды қаржыландырды. 4 миллион теңге несие алдым. Қуанышымда шек жоқ. Мемлекеттің қолдауының арқасында отбасымда жұмыспен қамтылып отыр,-дейді жас кәсіпкер Ғайни Бекеева.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Абайсызда әріптесін атып алды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.07.2017 17:24

Осы жылдың 8 наурызында «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі 1-полиция батальонының полиция кіші сержанты әріптесімен бірге күндізгі ауысымдағы кезекшілікке түскен. Жұмыс барысында сотталушы өзінің белдігіндегі арнайы құралдардың салмағы ауырлап, төмен тартып тұрғанын байқайды. Оны тексермек болып қайта салған сәтте тапаншаның сақтандырғышы ашық тұрғанын көреді. Ішінде оғы бар-жоғын тексеру мақсатында бір мәрте оқ атады. Алайда оқ сол жерде кезекшілікке бірге түскен серіктесінің сол жақ кеудесіне тиіп, жарақаттанады. Арада ұзақ уақыт өтпестен жәбірленуші сол оқтың құрбанына айналған.

Жуырда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған (адам өлтіру) азаматқа қатысты айыптау үкімі жарияланды. Айыпталушы – 23 жаста. Сот отырысы кезінде сотталушы кінәсін мойындап, жәбірленушіні қасақана өлтіру ниеті болмағанын, қаруды тексеріп жатқанда абайсызда атып алғанын айтып, жеңіл жаза беруді сұрады.

Аталған қылмыстық іс бойынша басты сот талқылау жасап, жан-жақты зерделенген соң сотталушының қылмыстық әрекетін 99-бабының 1-бөлігінен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 104 бабының 1-бөлігіне (абайсызда қазаға ұшырату) қайта сараланды. Нәтижесінде сот үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің барынша төмен мекемесінде өтеуге белгіленді. Сондай-ақ сотталушы жәбірленушінің тарапына 2 000 000 теңге моральдық шығын, 500 000 теңге материалдық шығын өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ж.БАҒЛАН

 


Күре жолда жүруде де заңбұзушылықтар бар PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.07.2017 17:24

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жақсылықұлы БАҚ өкілдеріне брифинг берді. Онда осы сала бойынша 6 айда атқарылған жұмыстар тілге тиек етілді.

-        Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының негізгі міндеттері – жалпы пайдаланылатын автожолдардың сақталуын қамтамасыз ету. Осы салада жүзеге асырылған бақылау жұмыстарының нәтижелерін жергілікті БАҚ арқылы ақпараттандырып жүрміз. Жұмыс барысында көптеген жобаларды екінші бір мекемемен бірлесіп жасап жатырмыз. Соның бірі – «Қазавтожол» компаниясы, екіншісі – жергілікті полиция. Осының барысында көлік заңнамасының талаптарын сақтамаған 2375 заңбұзушылық фактілері анықталып, осы көрсеткіштердің үштен бірі, яғни белгіленген салмақтық параметрлердің сақталмауы 876-ны құрап отыр. Сондықтан бұл әрбір айыппұл сала алатын өкілетті орган ҚР әкімшілік Кодексінің талаптарына сәйкес, айыппұлды өндіруі міндет. Бұл бағыттағы жұмыстар инспекцияның басты назарында. Қазіргі таңда осы заңбұзушылықтар бойынша 170 миллион теңге айыппұл салынса, соның 94 пайызы, яғни 160 миллион теңгесі өндіріліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы жұмыстардың алты айлығына келер болсақ, бүгінгі күнде 715 заңбұзушылықтар анықталса, соның үштен бірі, негізінен, инертті материалдар тасымалдаумен айналысатын автокөліктердің жүргізушілеріне қатысты, - деді инспекция басшысы Е.Жақсылықұлы.

Оның айтуынша, бүгінгі күні аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері «Қазавтожол» АҚ Қызылорда облыстық филиалы мен және жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтік тексерістер өткізілуде. Сондай-ақ алдағы уақытта инспекция әр ауданнан жүк көліктерін уақытша қоятын айып тұрақтарын ашуды жоспарлап отыр. Брифинг барысында тілшілер тарапынан жуырда 101.tv.kz интернет-телеарнасында жарық көрген бейнеролик турасында сауал қойылды. Бейнероликте Қызылордадағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізіндегі құқықбұзушылық және жемқорлық әрекеттері айтылған. Онда жүк көліктерінің заңда белгіленген мөлшерден жоғары көлемде жүк тасымалдауы, тіпті олардың жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жүруі айтылып, заң шеңберінен шыққан әрекеттері үшін оған айыппұл салынып, салық алынбайды делінген. Осы жөнінде инспекция басшысы Ержан Жақсылықұлы бейнероликте көрсетілген зерттеулер мен ақпараттардың барлығы шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді. Ал ЖПП қызметкерлерінің алып жүруіне келсек, бейнежазба аймақты су басу қаупі төнгенде Қармақшы ауданындағы бөгеттерді нығайтуға 15 көлікті жөнелту кезінде түсірілген дегенді алға тартады.

Жазира  БАҒЛАН

 


Құрылысы қарқынды, бақшасы ажарлы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.07.2017 12:01

Құрылыс нысандарының салынуы халықтың әл-ауқатының қаншалықты деңгейде екенін аңдататыны рас. Бұл тұрғыда Қазалы ауданында бірқатар шаралар атқарылуда. Өткен жылдың өзінде әлденеше әлеуметтік және инженерлік-инфрақұрылымдық нысандар құрылысы іске асырылды. Жалаңтөс батыр ауылынан 90 орындық балабақша пайдалануға берілсе, апаттық жағдайдағы бес білім ошағы мен аудандық аурухананың құрылысы басталды.

Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын аралап, жағдаймен танысқан аудан әкімі Нажмадин Шамұратов нысандарды сапалы аяқтауды міндеттеді. Кенттің 5-квартал аймағынан 300 орындық мектеп құрылысын бастауға биыл 308,702 млн теңге бөлінген болатын. Нысанды салып жатқан «Жабдықтау» ЖШС-дегі жұмысшылардың басым бөлігін жергілікті тұрғындар құрайды. Мектеп келесі жылы пайдалануға берілмекші. Жалаңтөс батыр ауылындағы клубты қыркүйек айында аяқтау межеленген. Бас мердігері – «Болашақ» ЖШС.

Аудан әкімі Жанқожа батыр ауылынан салынып жатқан спорт кешені құрылысымен де танысты. Нысанды бастауға ағымдағы жылы 50 млн теңге бөлінген еді. Озық үлгідегі спорт кешені алдағы жылы есігін келушілерге айқара ашатын болады.

Қазалыда бау-бақша егуді жандандыру тұрақты күн тәртібіне қойылған. Осы тұрғыда ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселесі қарастырылуда. Халықты жергілікті бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында кенттің бірнеше жерінен арнайы орындар белгіленді. Шамұратов бүгінгі сапарында бау-бақша өнімдері сатылатын жерлерді де аралап шықты. Бұл орындарда сатушыларға қолайлы жағдай жасау үшін шатырлар орналастыру көзделуде. Осылайша тұрғындар өздері тұратын аймақтан да бақша өнімдерін тиімді бағада алатын болады. Ауданда бақша дақылдары егісін өндірістік негізде өсіру 600 гектарға ұлғайғанын атап кеткен жөн.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Күнтізбе

< Шілде 2017 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары