Өзекті мәселелер

  • 12.07.18

    Қазақтың ұлттық болмысындағы өзіне ғана тән қасиеттердің бірі – «аманат­» қағидасы. Ұлы даланың демо­кра­тиялық принциптерінің нақты көрі­нісі болып табылатын осынау ерекше түсінік отарлық жүйенің қасаң саясатының негізінде «майдаланып» та кетке­нін жоққа шығару қиын шығар. Мұның сыртында ұлтымызды рухани мешел­дікке ұшырату мәселесі тұрғаны белгілі. Кезінде заманымыздың заңғар, данагөй қайратк...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Шығармашылықтың шыңына лезде­  шығу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні белгілі. Ал Аралдың жағасын­да  туып, анау асқаралы Алатауды бағындыру – бөлек әңгіме. Тұңғыш рет «Білім және еңбек» журналы­нда «Аралды қайтсек сақ­таймыз?» мақаласы басылды. Жұрт назары­ бірден ауған. Сонан соң «Қазақстан пионері» газетінде «Бо­з­айғыр»   әңгімесі   жарыққа  шықты. 1971 жылы республикалық жастарға арна...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Жаз айлары еліміз үшін мерекеге толы. Сол мерекелердің бірегейі – Елордамыз Астана қаласының туған күні. Ел болып атап өтетін Ел­ордаға биыл – 20 жыл. Қызыл­орда қаласының 200 жылдығымен  тұспа-тұс келген мерейтойдың  қуанышты еселей­ түскені рас. Еура­зия­ның жүрегінде бой көтерген қаланың тынымсыз еңбек пен даму жолына түскеніне де жиырма жыл. Ару қала Астананың туған күнімен құт­тықтауды Сыр...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген мақал бар. Расымен, үйдің іші сыңғырлаған бала күлкісіне толы болғанға не жетсін, шіркін! Отбасын құрудағы басты мақсат та – осы. Алайда үлкен жауапкер­шілікті талап ететін бұл ұғым ер мен әйелге өзіндік қиыншылықтар тудырады. Дүниеге бала әкелу адамның денсаулығына байланысты, бірақ оған тәуелді емес. Физикалық, психологиялық және әлеуметті...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең деп бекер айтылмаса керек. Әрбір ата-ана сәбиі дүниеге келген сәттен бастап мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Бөбегінің былдырлаған тілін қызықтап жүріп, бірінші сыныпқа баратын уақытының келгенін де аңғармай қалады. Бірінші сыныпқа барған соң, оң-солын танытып, бар керегін алып беру үшін күні-түні еңбекте...

    Толығырақ...
Жұма, 14 Шілде 2017

Қызылордада қала тазалығын ластаушыларға әкімшілік шара көрілуде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.07.2017 17:14

Қоғамдық тазалықты сақтап, өзге де азаматтар мен олардың еңбегіне сыйластықпен қарау – әрбір азаматтаң парызы. Елбасымыздың өзі мемлекетіміз құқықбұзушылыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыру қажет деген болатын. Сонымен қатар, кез келген заң бұзушылықтың барлығы ұсақ тәртіпсіздіктерден басталатынын ескерсек, қылмыс көшедегі қоғамдық мүлікті бүлдіруден бастау алуы да ғажап емес. Сондықтан құқық қорғау саласының қызметкерлері тазалық жұмыстарына араласып, тәртіпсіздіктермен күрес жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруда.

Атап айтқанда, 2017 жылғы 4 шілдеде полиция қызметкерлері үйінен шығарылған қоқысты қала орталығындағы арықтардың біріне тастай салған қала тұрғынын байқайды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды.

Дәл осы күні бейнебақылау камераларының назарына әңгіме-дүкен құрып отырған 4 азаматтың құқықбұзушылық әрекеті түседі. Олар адамдардың ортақ пайдаланатын орнына шемішкі шағып қана қоймай, темекі қалдығын тастай салғандары анықталады. Оларға қатысты да ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сай әкімшілік шара көрілді.

Егер де айналаны ластаушылардың кінәсі дәлелденген жағдайда олар 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға жазаланады.

Аталған бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде жалғасатын болады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


Балабақша мамандары тәжірибе алмасты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.07.2017 14:12

Жазғы сауықтыру, шынықтыру шаралары №5 аймақ әдістемелік жұмысының жоспары бойынша Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі №2 «Бөбек» санаториялық балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Спорт - біздің досымыз» атты қалалық семинар өткізілді. Шараға қаладағы «Бүлдіршін», №32 «Қызғалдақ», «Әл-Сабыр», «Ақтайлағым», №4 «Қуаныш» және т.б. балабақшалардың мамандары тәжірбие алмасу барысында қатысты. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан келген Зәуреш Маханбетова өзінің ізгі тілегін жеткізді. «Жазғы сауықтыру, шынықтыру жұмыстарының дәстүрден тыс әдіс тәсілдері» бойынша балабақша педагогтары материал қалдықтарынан, өз қиялдарынан туындаған шығармашылық көрмесімен таныстырды. «Спорт - біздің досымыз» тақырыбында «Болашақ» ересектер тобының бүлдіршіндері сұлтаншамен, доппен, лентамен, шығыршықпен, гимнастикалық жаттығулар арқылы спорттық шоу билерін орындады.

Семинарды қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі бөлім әдіскері Мадина Хаби ашып берді. Балабақша меңгерушісі Мөлдір Балғабайқызы: «Салауатты өмір салтын қалыптастырып, егеменді еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу - біздің міндетіміз. Сондықтан жаңаша дәстүрден тыс әдіс тәсілдерді көрсете отырып, өсіп келе жатқан балаларымызды креативтік көзқараспен білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге атсалысуымыз керек», - деп атап өтті. Балабақшаның педагог-психологы Мөлдір Абдікамал әрітестеріне дұрыс бағыт-бағдар беріп, семинарды өз деңгейінде ұйымдастырып, өткізілуіне үлкен үлесін қосты. Өз білгенін әріптестерінен аямады. Тосын сый да болды, тәрбиеші Айгүл Манасова топ бүлдіршіндерімен таза ауада серуендеп, ауа райын бақылады. Ал тәрбиеші Рыскүл Жакеева балалармен құмзар қалашығында майтабандылықтың алдын алу барысында, әртүрлі кедергілерден жүріп, емдік гимнастикалық жаттығулар жасап көрсетті. Балабақша медбикесі балалар денесінің өсіп жетілуін қадағалап, әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын өткізеді. Түрлі емдік шөптерден фитошай дайындап, балаларға бергізеді. Денсаулықты нығайту мақсатында түрлі спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады және майтабандылық жаттығулардың маңызы өте зор екенін атап айтты. «Балапан» І кіші тобының тәрбиешісі Индира Жұнайтова топ бүлдіршіндерімен үрлеу әдісін қолданып, көбелектерді үрлеп, бассейннен қармақпен балық аулады. Балалар қызыға ойнады. Ортаңғы топ тәрбиешісі Айжан Қарамолдаева ата-аналар арасында ұйымдастырылған «Біз мейірімді отбасы» тақырыбында отбасылық «Толаѓай» сайысын өткізді. Сайыс бірнеше турдан тұрды, оған Махмутовтар және Әбілқасымовтар отбасымен қатысып, өз ептіліктерімен, шапшаңдықтарымен көзге түскен Махмудовтар отбасы І орынға, ал Әбілќасымовтар ІІ орынға ие болды. Сайысқа қатысушы  отбасылар дипломен марапатталып, балалары сыйлықтар алып, олжалы болды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» тақырбында ересек топтың балалары екі топқа бөлініп, сайыс өткізді. Сайысты топ тәрбиешісі Айгүл Жантаева жүргізді. Сайыс өз деңгейінде µөіп, балалар да жүлделерге ие болып, дипломмен марапатталды. «Еркемай» ІІ кіші тобының тәрбиешісі Камшат Есекеева балалармен «Джунглидегі маймыл Йога» ертегі желісімен Хатка Йога жаттығуын орындады. Йога жаттығуының балалардың дене бітімі дұрыс қалыптасуына тигізер пайдасы мол. Балабақшамызда барлық топтың балалары қалыс қалмай, қамтылды. Обылыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Зәуреш болашақта өз орталығымен бірлесіп жұмыс жасауға шақырып, бірнеше тәрбиешілерді Алғыс хатпен марапаттады.

Қорыта келгенде шара соңында семинарға қатысқан №5 аймақ педагогтары іс-тәжірибе алмасып, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Камшат  Жаңбырбекқызы,

балабақша  тәрбиесшісі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУ БЕЛСЕНДІ ЕНГІЗІЛУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.07.2017 12:53

Жобалық басқарудың озық тәжірибесі Ресей Федерациясының Белгород облысынан алынып отыр.

"Биылдан бастап, Ресей Федерациясының Белгород облысының тәжірибесін қолдана отырып жаңа мемлекеттік басқару моделі ретінде «Жобалық басқаруды» енгізу бойынша белсенді жұмыс бастап кеттік. Осы ретте, біз үздіктер қатарына кіру үшін алдымызға айтарлықтай өр мақсат қойып, «Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жобасын басқару» жобасымен ТМД елдерінің «Проектный Олимп» байқауына қатысуға өтінім ұсындық", - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  облыстық мәслихаттың бірінші жартыжылдықтың қорытындысына арналған сессиясында сөйлеген сөзінде.

Мемлекеттік сектордағы жобалық қызметті кәсіби түрде басқару бойынша «Жобалық Олимп» халықаралық конкурсы Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы талдау орталығында өткізіледі. Конкурстың мақсаты – мемлекеттік сектордағы жобалық басқару құралдарын кеңінен қолдану, экономиканы дамытуда әсері бар мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік корпорациялар мен компаниялардың тиімділігін арттыру. Айта кетейік, конкурс барысында нақты жоба немесе бағдарлама емес, мекемелердегі жобаларды басқару жүйесінің тиімділігі бағаланады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ 2000 ТОННА БАҚША ӨНІМДЕРІН ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.07.2017 12:20

Өткен жылы аймақ көптеген жылдардан бері бақша өнімдерін экспорттауды жаңғыртты, шетелге 1 мың тонна өнім жөнелтілді.  Ағымдағы жылы экспортқа енді 2 мың тонна бақша өнімін шығару жоспарлануда.

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында жасаған баяндамасында мәлімдеді.

"Аграрлық секторды әртараптандыру бойынша жұмыс қатар жасалуда. Біз қазір бақша дақылдары мен майлы дақылдар, сондай-ақ, картоп пен өнеркәсіптік негіздегі көкөніс өсіруді ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жасаудамыз",- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Әкімнің айтуынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің негізгі үлесі ұсақ шаруашылықтарға тиесілі болғандықтан ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмыстары  белсенді атқарылуда. Қазіргі таңда облыста 64 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Олар 1325 жеке қосалқы шаруашылықтардың басын біріктіріп отыр.

Айта кету керек, сыртқы нарыққа шығарылатын экспорттың негізгі өнім түрлерін күріш пен балық құрайды. Тек соңғы төрт жылдың ішінде күріш экспорты 28%-ға, ал, балық 8 еседен жоғары өсті. Бұған қоса  күріш өткізуде нарықты қайта бағыттау бойынша жұмыстар басталды, мысалы, Иранға.

" Жаңа нарыққа көшу барысында күріш шаруашылығы агроөнеркәсіп кешенінің негізгі экспорттық саласы болып саналады. АӨК саласында күріштің экспортта алар орны 44 %-ды құрайтын болады"-деп атап өтті әкім.

Ауыл шаруашылығы өндірісі саласындағы бәсекелестік артықшылықтарын бағалау үшін, кешенді маркетингтік зерттеулер жүргізілді.  Бұдан соң, облыстың әлеуетін ескере отырып, 2020 жылға дейінгі агроөнеркәсіп кешенін дамытудың «Агрокартасы» жасалды, өндірістік қуаттарды енгізудің 2017-2020 жылдарға арналған жоспары бекітілді. «Агрокартада» белгіленген шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің өсімі 2,4 есеге немесе 213 млрд. теңгеге артатын болады, бұл ретте 2020 жылға қарай экспорт көлемін      5 еседен жоғары арттырудың әлеуетті мүмкіндігі бар.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қ.КӨШЕРБАЕВ: "СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ СОЛ ЖАҚ ЖАҒАЛАУЫНДА РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ" PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.07.2017 12:19

Сол жағалауда салынатын Қазақ Орталық Атқару комитетінің (КазЦИК) тарихи ғимаратында музеймен бірге Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыратын аймақтық Рухани жаңғыру орталығы қатар орналасатын болады.

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында жасаған баяндамасында мәлімдеді.

- Сол жағалауда салынатын Қазақ Орталық Атқару комитетінің (КазЦИК) тарихи ғимаратында музеймен бірге Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыратын аймақтық Рухани жаңғыру орталығы қатар орналасатын болады. Қазақ халқының өсіп-өркендеуіндегі арадағы бір ғасырлық уақыт осылайша бір-бірімен сабақтасып, рухани жалғасын таппақ,- деді облыс әкімі.

Сонымен бірге, Сырдария өзенінің сол жағалауынан  Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимараты бой көтереді.  Жаңа орталық жастардың жан-жақты даму  мәселелерімен айналысатын болады.

Облыс әкімінің айтуынша, "ЭКСПО-2017" халықаралық  көрмесі аясында Қорқыт Ата мемориалды кешенінде ашылған этноауылды бүгінгі таңда республика өңірлерінен ғана емес, Ресей, Голландия, Франция, Германия, Жапония, Польша сияқты шет мемлекеттерден де туристер келіп, тамашалауда. Қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен танысып қана қоймай, Қорқыт Ата туралы мәліметтер алуда. Бұл - Қызылорда облысын, Сыр елін, қазақ халқын шет мемлекеттерге танытуға бірден-бір мүмкіндік болмақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КӨЛЕМІ 64 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.07.2017 12:16

268 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 64%-ға артық. Тұрғын үй құрылысының көлемі бойынша облыс бүгінде Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысымен қосқанда үздік төрт көшбасшы құрамында.

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында жасаған баяндамасында мәлімдеді.

"Тұрғындардың өз күшімен салынған тұрғын үй көлемі де 74%-ға өскендігін атап өткен жөн. Осыған қарап халықтың жалпы өмір сүру деңгейін пайымдауға болады. Биыл  «Қызылорда-Жезқазған» трассасының бойынан тағы 150 гектар аумаққа егжей-тегжейлі жоспарланған жоба дайындалды. Бұл 1200 отбасына жеке тұрғын үй салуға мүмкіндік береді",-деп атап өтті әкім.

Тұрғындарға несиелік тұрғын үйді барынша қолжетімді ету үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ несиелерін беруде алғашқы төлемді 30%-дан 15%-ға дейін төмендету жөнінде мәселе қарастырылуда.

"Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігінің мүдделерін қорғау мақсатында жаңа тұрғын үйге орналастыру уақытын созып отырмыз. Облыс әкімдігі бұл мәселеде Үкімет тарапынан қолдау болады деп үміттенеді, өйткені, бұл жағдай өзге өңірлерге де тән. Дегенмен, аталған жағдай "Тұрғын үй құрылы жинақ банкі"АҚ бақылауында қала береді",-деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кету керек, мемлекет қаражатының есебінен ағымдағы жылдың басынан бері 980 пәтерлік 19 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 1809 пәтерлік 41 көппәтерлі үй, оның 11-і халықтың әлсіз қорғалған топтары үшін (яғни, жалгерлік тұрғын үй) пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КАЛЬЦИЙЛЕНДІРІЛГЕН СОДА ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.07.2017 12:05

Зауыт құрылысы жыл соңында басталады деп жоспарланған.

"Құрылысты бастау бұдан ертерек жоспарланған болатын, алайда жоба бастамашысы тарапынан зауыттың өнімділік қуатын ұлғайту туралы шешім қабылданып, жобаға тиісті түзетулер енгізілуде. Қаржы көлемінің аз ғана ұлғаюы нәтижесінде (81 млрд-тан 87 млрд-қа дейін немесе 7,4%) жобаның жылдық өнімділік қуаты 200 мың тоннадан 300 мың тоннаға немесе 50%-ға көбеюде",-деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін облыстық мәслихаттың ХІV сессиясында сөйлеген сөзінде.

Әкімнің айтуынша, Үкімет аталған жобаны мақұлдап, жаңа зауыттың инфрақұрылымын жүргізу үшін 2018 жылы республикалық бюджеттен 3,5 млрд. теңге бөлінетін болды.

Айта кету керек, бұл заманауи, әрі еліміздің барлық қажеттілігінің 75%-ын қамтамасыз ететін республикадағы бірден-бір кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт болмақ. Бүгінгі таңда кальцийлендірілген сода нарығын 100% импорттық өнімдер құрайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қ.КӨШЕРБАЕВ: "ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ОҢ ӨСІМ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ" PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.07.2017 12:00

Қызылорда облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері бойынша, мұнай өндіру мен өндіріс көлемін есептемегенде оң қарқын қамтамасыз етілді. Бұл туралы облыстық мәслихаттың сессиясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

"Жалпы алғанда, жылдың бірінші жартысында әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері бойынша оң өсім қамтамасыз етілді. Мұнай өндіру көрсеткішін және сәйкесінше, өнеркәсіп өндірісінің көлемін қоспағанда. Бірақ, бұл жерде объективті себеп бар – мұнай өндіру көлемінің табиғи төмендеуі. Бұл - Өздеріңізге белгілі. Өкінішке қарай, бұл көрсеткішке біз ешқандай әсер ете алмаймыз. 2017 жыл болжамы - 6,8 млн тонна, 2016 жылға қарағанда 840 мың тоннаға аз, ал 4 жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,2 млн тоннаға төмендеген. Бұл, көршілес Ақтөбе облысының жылдық мұнай өндіру көлеміне сәйкес. Ағымдағы жыл басынан біз 450 мың тоннаны ала алмадық. Жағдай мұнайдың тұрақсыз, төмен бағасына қатысты күрделенуде",- деді облыс әкімі.

Әкімнің айтуынша, шығынның көлемі мен мұнай саласының экономикаға ықпалын еліміздің Ұлттық қорына түсетін түсімдерге қарап-ақ пайымдауға болады. 2013 жылдың өзінде мемлекет қазынасына Қызылорда облысынан 500 млрд. теңге аударылған болса, ал биылғы жыл басынан бар болғаны - 58 млрд.теңге.

Осыған байланысты аймақ басшылығы Үкіметтен жаңа кен орындарын барлау құқығын беретін келісімшарттардың мерзімдерін ұзарту, экспортқа шығарылатын мұнай көлемін арттыру мәселелерін тездетіп қарауды сұраған болатын. Сондай-ақ, өңірдегі уран өндіру көлемін қысқартпау мәселесі де қойылды.

Айта кету керек, Қызылорда облысында мұнай қорының азаюына байланысты  шикізатқа тәуелділіктен арылып, құрылыс көлемін арттыру және жаңа өндіріс орындарын ашу мақсатында өңір экономикасын әртараптандыруды көздейтін 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы әзірленді. Аймақ өңдеу өнеркәсібінің дамуы бойынша республикада алдыңғы қатарда, бұл облыс экономикасындағы құрылымдық өзгерістер мен әртараптандырудың қарқынын көрсетеді. Мұндай қарқынды даму инвестиция тарту, құрылыс, АӨК дамыту және әлеуметтік салада да бар.

Бүгін Қызылорда облысында облыстық мәслихаттың ХІV сессиясы өтіп, онда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Шілде 2017 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары