Өзекті мәселелер

  • 14.02.19

    «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баспасөз брифингін өткізді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін бас шаһардың басшысы баспасөз алаңына ат басын бұрған емес. Өйткені, облыс орталығында өңірдегі БАҚ-тың басым бөлігі орналасқан. Сондықтан мұны ақпандағы эксклюзивті кездесу десек те болады. Жыл басында журналистермен жүздесуге жақсы...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметін­ің хабарлауынша, өткен жылы республика бойынша 2,4 млрд теңге еңбекақы берешегі өндіріліпті. Соның 191 млн теңгесі біздің облысымызға тиесіл­і екен. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалау актісімен 13 мың жұмысшы алдындағы 191 млн теңге жалақы қарыз өндірілген.

    ...
    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Нағыз жігіттерді еркек деу дұрыс емес, еркек – адамның жынысын білдіретін атау ғана. Қазақ халқы ер адамды ерекше сыйлаған, киімін баспаған, алдын кесіп өтпеген, сөзін тыңдаған, алдындағы асқа одан бұрын қол тигізбеген, т.с.с. Десе де, бұл қазір мұндай емес дегенді білдірмейді. Әйелден бір саты жоғары тұрған ер-азаматтардың да өз биігінен түсіп кетіп жүргендері бар. Ер жігіт ретінде өте...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Әрбір  әйел  қауымы көрікті болып, бет терісіне ерекше назар аудару керек. Күтім жасап, әсем де нәзік болып жүретін бұрымдылар сырт көзді де тамсантатыны рас. Осы тұрғыда қыз-келіншектердің бет терісінің күтімі жөнінде не айта аламыз? Олардың бет терісінде жиі кездесетін мәселе қайсы? Сау әрі әдемі келбетті сақта­у  үшін  қайтпек  керек?

    Қазіргі таңда сұлулықтың құны жеңіл еместігі бесе...

    Толығырақ...
  • 14.02.19

    Мен «Халық» газетінің 6.ХІІ.2018 жылғы санында «Тұмар  ханым» бетінде жарияланған «Өзі үшін» некесіз бала тапқысы келеді» тақырыбындағы мақаланы оқыдым. Тақырып­қа орай көңіл түкпірінде жүрген ойларды қағаз беті­не  түсіргім  келді.

    ...
    Толығырақ...
Жұма, 21 Шілде 2017

Қызылордада бөтен біреудің автокөлігін айдап кеткендер қолға түсті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.07.2017 15:45

2017 жылғы маусымда Қызылорда қаласының тұрғыны үй алдында тұрған «KIA Cerato» маркалы автокөлігін белгісіз біреудің ұрлап кеткендігін көрсетіп, ішкі істер органдарына шағымданады. Аталған арыз негізінде жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 24 жастағы және 20 жастағы 2 азамат ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Дәл осындай тағы бір дерек тіркелді. Алайда бұл жағдайда әккі ұры «ВАЗ – 2107» маркалы автокөлік есігінің ашық қалғанын оңтайлы пайдаланып, белгісіз бағытқа қарай айдап кеткен. Полиция қызметкерлеріне бағыт-бағдар беріліп, іздестіру шараларының нәтижесінде 21 жастағы қала тұрғыны анықталып, қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Оған да қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Осыған сәйкес, қызылордалық полицейлер облыс тұрғындарына автокөліктерін үй аулаларына, автотұрақтарда қалдырған кезде қырағылық танытуына кеңес береді. Сондай-ақ, автокөлікті қараусыз қалдырмауларын, қараңғы жерлерде ұзақ уақытқа тұраққа қоймауларын, құжаттар мен құнды заттарды автокөлік ішінде сақтамауларын ескертеді.

Көліктен аз уақытқа шықса да, есіктері мен терезелерінің, жүксалғышының жабық екендігіне көз жеткізіп, кілтті тұтандыру тетігінде қалдырмауларын, мүмкіндігінше автокөлікті сақтандырып, айдап кетуге қарсы жүйені орнатуларын сұрайды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


Тағы бір алаяқ ұсталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.07.2017 13:47

Қызылордалық полицейлер адамдардың сеніміне кіріп, ірі көлемдегі ақшаларын алаяқтық жолмен иемденіп, пайдасына жаратқан 35 жастағы ер азаматты қолға түсірді.

Аталған азаматтың үстінен Қызылорда қаласының 11 тұрғыны шағымданған. Біріне жүргізуші куәлігін жасатып беремін деп уәде етсе, енді бірін жұмысқа тұрғызып, біріне арзан бағаға жер немесе автокөлік сатып алып беремін деп, енді бірінің көлігін тіркеуден тез арада шығарып беремін деп уәде етіп, ақшаларын алып, ізін суытып отырған. Азаматтарға келтірілген жалпы шығын көлемі 1 миллион 611 мың теңгені құраған.

Ірі көлемдегі шығынды С.А. есімді азаматқа келтірген. 2016 жылы аталған азаматтың «Mitsubishi Galant» маркалы автокөлігін сатып алмақ болып уәделеседі. «Анама көрсетіп келейін» деген желеумен оқиға орнынан бой тасалап, құны 720 000 теңге тұратын біреудің мүлкін заңсыз иемденеді.

Қазіргі таңда аталған азаматтың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оның алаяқтық әрекетінен зардап шеккен басқа да қала тұрғындарының жеке басы анықталуда. Егер де оның кінәсі толық дәлелденсе, онда мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айта кетерлік жайт, бұл қылмыстардың тіркелуіне тұрғындардың немесе жәбірленушілердің әлеуметтік жағдайларын түзеп беруге, атап айтқанда, жұмысқа орналасу, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, жеңілдетілген пайызбен несие алып беру, жер немесе пәтер алу жұмыстарына көмектесуге уәде еткен азаматтардың сөзіне алданып, оңай жолмен өз жұмыстарын бітіруге талпынулары себеп болып отыр.

Сөз соңында, облыс тұрғындарынан жылжымайтын мүлік сатып алу немесе басқа да мәселелер бойынша келісімшарттар жасамас бұрын, заңгерлермен және құзырлы орган қызметкерлерімен кеңесіп, құжаттарды мұқият қарап, сақтық шараларына аса көңіл бөлулерін және осындай алаяқтардың арбауына түсіп қалған жағдайда уақытты босқа шығындамай ішкі істер органдарына арыздануларын сұраймыз.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Шілде 2017 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары