Өзекті мәселелер

  • 11.07.19

    САУЫҚҚАН  ЭКОНОМИКА САЛАНЫ  ДАМЫТАДЫ

     

    Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бастап-ақ нарықтық экономика сатыларына аяқ басуды ұйғарды. Оған дейінгі ауылшаруашылығы, егін  шаруашылығы деген салаларды тара­зы­дан түбегейлі алып тастаған жоқ. Ел экономикасының қарқынды дамуына осы салалармен қоса жаңа жо...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Ізгілік пен қайырымдылық – адамзаттық құндылық. Тіпті, бұларды адамгершіліктің өзегі деп те атаған. Әр нәрсе өзінің мәнімен, өзін­дік қасиетімен қа­дірлі, құнды. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті – адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі  абзал  болмақ.

    Осы орайда Арис­тотельдің өзі «Бақыттың кілті – қайы­рымдылықта» деген екен. Демек, ізгілік, қайырлы іс – адам баласын бақытқа жетк...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Тапсырманың да түр-түрі болады. Мұнан біраз уақыт бұрын ата-аналар тарапынан «үй тапсырмасын үйіп-төгіп бермесін» деген талап «төрге озған» еді. Рас, мектеп бағдарламасын шамадан тыс қиындату оқушының білімге деген ынта-жігерін төмендетпей қоймайды. Қит етсе, мұғалімдерді аяп, қаралап шығатын қауым көбейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деуші едік. Қазір әлеуметтік желіде ...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    Шілде басталмай, сауда орындарында қауын-қарбыздың саудасы­ қызды. Бау-бақша өнімдерінен көз сүрінеді. Нарықтағы бағалары былтырғы­мен  салыстырғанда  қымбаттау.  Қарбыздың  келісі  80-100, қауынның келісі 200-300 теңгеден сатылуда. Бірақ көпшілік  бағамен санасып жатқан жоқ. Шөл басатын әуес асты қалтасына қарамай алып жатыр. Негізі бақша өнімдері  шілде айының соңына таман піседі.  Та...

    Толығырақ...
  • 11.07.19

    ЖАҢА  СТАДИОНДАҒЫ   ЖАҢА  КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

     

    Өткен аптада сыр­бойылық футболсүйер қауым көптен күткен матч өтті. Ел біріншілігінің 17-туры аясында «Қайсардың» «Шахтерді» қа­былдаған кездесуі Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орталық стадионның ашылу күніне сай келді. Жөндеу жұмыстарынан соң жап-жаңа алаң атағына ие бол­ған бұл нысан туралы азды-көп...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 25 Шілде 2017

"111" – жоғары сұранысқа ие көлік нөмірі PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.07.2017 11:18

Осы жылдың 6 айында сәнді автокөлік нөмірлерінің 43 данасы сатылып, мемлекетке 15 миллион теңге көлемінде түсім түскен. Өткен жылы мұндай белгідегі нөмірлердің 76 данасы 25 миллион 944 мың теңгеге сатылған болатын. Қызылорда ОІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, тұтынушылар тарапынан “111” санынан тұратын нөмір өте жоғары сұранысқа ие. Оның құны – 310 853 теңге. Бұл нөмірлік белгіні былтыр 31 көлік жүргізушісі 290 577 теңгеден сатып алса, биыл 20 автокөлік иесі иеленіп отыр.

Көлік жүргізушілері, қала берді, қарапайым жұртшылықтың арасында аса беделді саналатын нөмірлердің қатарын “001”, “888”, “100”, “111”, “555”, “777” құрайды. Жыл басынан бері Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу емтихан қабылдау бөлімшесімен 15 813 көлік құралдары тіркеуге алынса, 13 620 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері берілген. Айта кету керек, ОІІД ӘПБ ТЕжБ-мен есепті мерзімде 449 көлік құралы қайта тіркеуге алынса, оның ішінде Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралдарының саны – 76, алыс шет елдерде шығарылған көлік құралдарының саны – 116, ТМД елдерінен шығарылғаны – 17 және Кеден одағы елдерінен әкелінгені – 240.

 


Жолы жөнделіп, құрылысы қарқындаған PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.07.2017 15:37

Құрылысшылар  күні қарсаңында

Өзге өңірлер сынды Арал ауданында да көрікті құрылыстар көптеп бой көтеруде. Оған ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында бірқатар жұмыстардың атқарылғаны дәлел болады. Олардың қатарында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы Арал қаласындағы 300 орындық №14 мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстары басталғанын атап кетсек. Жобаның сметалық құны 802,0 млн теңгені құраса, құрылыс жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен 225 000,0 мың теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда мердігері анықталған нысанның аяқталуы келесі жылға өтпелі.

Арал аудандық орталық аурухана құрылысын жүргізуге де биылғы жылға қаржы қаралған еді. Жеңімпаз мердігер «Абусер» ЖШС болып танылған құрылыста еңбек ырғағы қалыпты соғылуда. Ал Сексеуіл кентіндегі учаскелік полиция бөлімшесі ғимаратының құрылыс-монтаж жұмыстары жыл соңына дейін толық орындалып, тапсырысқа беріледі деп жоспарлануда. Оған қоса аталмыш кенттен спорттық сауықтыру кешені салынып жатқаны әмбеге аян. Салауаттылық салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға үлесін қосады деп межеленген бұл нысан да алдағы жылы пайдалануға беріледі.

Осы ретте тағы да бір қуанышты жайтты бізге назарын аударған оқырманмен бөліссек. Сапасы жоғары ауызсудың күнделікті тіршілікте қаншалықты маңызды екенін айтып жату артық шығар. Бұл тұрғыда теңіз төскейінде игілікті істер қолға алынуда. Ауданға қарасты Конту стансасы мен Бөген, Аманөткел, Қамыстыбас, Аралқұм, Шижаға елді мекендерін сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүргізілуі тұрғындарды қуанышқа кенелтті. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қайтарымды қаражаттар есебінен ауызсумен қамтуға қомақты қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігерлер анықталып, құрылысы басталып та кетті. Жағымды жаңалық. Сексеуіл кентінде ішкі су жүйелерін жаңғыру және кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның мердігері – «Ка Строй LTD». Сондай-ақ, өткен жылдан биылға өтпелі болған Көктем, Үкілісай, Ерімбет жаға, Аққұлақ, Ескіұра, Құланды елді мекендерінде балабақшасымен қоса салынған 50 орындық мектеп құрылысы жұмыстары жалғасын тапқан еді. Осының ішінен Көктем, Үкілісай, Ескіұра мектептері облыс әкімінің қатысуымен соңғы қоңырау соғу сәтінде салтанатты жағдайда ашылды. Ал Ерімбетжаға, Аққұлақ Құландыдағы білім ошақтары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Мұның өзі ел ертеңі өскелең ұрпақтың білікті де парасатты әрі тағылымды болып қалыптасуы үшін жасалынып жатқан қамқорлық екені даусыз.

Осындай көпшілік көкейінен табылған басқа да шараларға қысқаша шолу жасасақ. Аудандық құрылыс бөлімінің мәліметіне сүйенсек, Арал қаласындағы №1 мөлтек ауданының электрмен жабдықтау жүйесінің құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 171 459,0 мың теңге қаржы бөлінгенін, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, жеңімпаз мердігері болып «ҚЭТТК» АҚ анықталғанын, бүгінгі таңға 324 бағана орнатылып, кабельді сым тартылатын арматуралары бекітілгенін білуге болады. Оған қоса Аралдағы №62, №220, №83, №262 білім ордалары мен «Қарлығаш», «Сартай» балабақшаларының, «Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ-сінің, аудандық мәдениет үйінің бу қазандығын газбен жабдықтап қайта жаңғырту жұмыстарына, №4 мөлтек ауданнан салынатын Рәміздер алаңы мен ашық спорт алаңдарының қаржысына экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған болатын. «Осы жобалардың бірқатарына ақша бөлініп, бөлімнің қаржыландыру жоспарына енгізілді. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуде» дейді біз тілдескендер.

Енді аудандағы жолдардың жайын әңгімемізге арқау қылсақ. Ағымдағы жылы автомобиль жолдары бойынша аудандық, облыстық, республикалық  бюджеттен қомақты қаражат қаралыпты. Оның ішінде аудандық маңызы бар «Сазды елді мекеніне кіреберіс», «Райым-Водокачка елді мекеніне кіреберіс» автожол құрылысының бірқатар бөлігі, «Арал-Әуежай-Жалаңаш (Бірлестік)» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарының тең жарымы атқарылған. Ал Қызылжар елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеудің ІІ кезеңін мемлекеттік сатып алу веб-порталына жариялау үшін құжаттары дайындалуда. Сондай-ақ аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы мезгілде күтіп ұстауға, Аманөткел ауылдық округінің Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы  көпірді күтіп ұстауға жыл аяғына дейін ақша бөлінген. Оған қоса «Самара-Шымкент-Сексеуіл», «Қосжар елді мекеніне кіреберіс», «Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» автожолдары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, «Тәуелсіздік» алаңы жанындағы жол тегістелген. Қосымша облыстық бюджеттен қаралған қаражатқа Қызылжар елді мекені тұсындағы Сырдария өзеніне қалқымалы көпір (понтонный мост) салу, қаладағы Сапақ би-Қаюпов көшелерін орташа жөндеу үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл тұрғыда ауданда тындырылған өзге де толымды тірліктер баршылық.

Жұмабек Табынбаев,

Арал ауданы

 


Үйінде есірткі сақтаған PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.07.2017 14:19

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемде есірткі затын сақтаған топты құрықтады. Бұл жайт Қызылорда облысы бойынша жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде белгілі болған. Қолға түскен 31 және 35 жас шамасындағы 3 азаматтың үйін тінткен кезде есірткі затын тұтынуға арналған құрал-саймандар, есірткіге ұқсас заттек салынған орамалар табылды. Полиция қызметкерлері заттарды дәлел ретінде алып, тиісті сараптама жүргізген. Оның қорытындысы бойынша тұтқындалған азаматтардың үйінен табылған заттар 1 кг 179 гр марихуана, 207 гр гашиш есірткісі екені анықталды. Қазіргі таңда тұтқындалған азаматтар Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 


Күнтізбе

< Шілде 2017 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары