Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
Шілде 2017

АСТАНАНЫ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАСИЕТТІ СЫР ЕЛІНЕН БАСТАУ АЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.07.2017 13:53

«Қызылорда облысында пайдалануға берілген «Қараөзек» компрессорлық станциясы болашақта Астана қаласын және еліміздің солтүстік өңірлерін газдандыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа станцияның салтанатты ашылу рәсімінде.

- Ең маңыздысы, «Қараөзек» станциясының құрылысы елордамыз Астана қаласын және солтүстік өңірлерді алдағы газдандыруды есепке ала отырып жоспарланған. Болашақта елорданы газдандыру жұмыстары қасиетті Сыр елінің жерінен бастау алады. Елбасының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралды газ құбыры Сыр еліне зор мүмкіндік берді. Облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры Қызылорда облысын газдандыруға жол ашты. Бұл – Мемлекет басшысының бізге жасаған тікелей қамқорлығы. Аталмыш станцияның іске қосылуы – газ саласы қызметкерлерінің Астана күніне жасаған сыйы, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев жаңа компрессорлық стацияны іске қосу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Жаңа станцияның мүмкіндігі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ құбырының өткізгіштік қабілетін 10 млрд.текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 1534 шақырым, оның 180 шақырымы Қызылорда облысы аумағынан өтеді. Жобаның 1-ші кезеңінде Астана қаласы, Қарағанды облысы және Ақмола облысының оңтүстік аудандары газдандырылмақ.

Атап өту керек, Қызылорда облысы әкімдігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ" Акционерлік қоғамы арасында жасалған меморандумға сәйкес 4 ауданның орталығы (Арал, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған) және Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарату станциялары мен ішкі газ құбырларының құрылыстары жүргізілді. Бұған жалпы сомасы 23 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қызылорда облысында жоғары технологиялық «Қараөзек» газ компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді.Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ вице-президенті Қайрат Шәріпбаев қатысты.

«Қараөзек» компрессорлық станциясы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан 944 шақырымда орналасқан, осы жылғы сәуірде Ақтөбе облысында пайдалануға енгізілген «Бозой» станциясынан қосарлы жұмысқа есептелген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Еламан Ерғалиев «Қазақстан Барысы-2017» атанды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.07.2017 11:20

Астанада өткен қазақ күресінен "Қазақстан барысы-2017" турнирінде "су жаңа" чемпион шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балуандар бәсекесінде Алматы облысының өкілі Ұлан Рысқұл мен әскер барысы Еламан Ерғалиев бас жүлдеге таласты. Аса тартысты өткен шешуші сында Еламан Ұланды қапы қалдырып, "Қазақстан барысы-2017" атағын жеңіп алды. Осылайша Ұлан Рысқұл күміс жүлдегер, Айбек Нұғымаров қола жүлдегер атанды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды жеңіп алған Ерғалиев 25 миллион теңгені және алтын белбеу мен алтын тайтұяққа ие болды. Ал оның бапкеріне 3,5 миллион теңге сыйақы тапсырылды. Екінші орын алған Ұлан Рысқұл 5,5 миллион теңгемен марапатталса, бапкері 1,8 миллион теңгені еншіледі. Үздік үштікті түйіндеген Айбек Нұғымаровқа 1,8 миллион теңге сыйақы тапсырылса, бапкеріне 900 мың теңге берілді.

 


ЖАЛАҒАШТЫҚ ЖАСТАР ЭТНОАУЫЛДЫ ТАМАШАЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.07.2017 10:27

Жалағаштық жас жеткіншектер ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ашылған киелі Қармақшы ауданындағы этноауылды тамашалады. Этноауыл қазақилығымен көздің жауын алады. Ақшаңқан  киіз үйлердегі, атап айтқанда, хан киіз үйі, кілем бұйымдар қойылған үй, сондай-ақ, былғары, зергерлік, саз, киіз, иірілген жіптен жасалған бұйымдар үйлерінде ұлттық дәстүр көріністеріне куә болып, ұлттық өнерімізді айшықтайтын қолөнер бұйымдарымен танысуға зор мүмкіндік жасалды.. Жалағаштық жастар этноауылдағы зергерлер мен қолөнершілердің көз тартар қазақы бұйымдарымен танысып, жіп иіру, кілем тоқу сияқты қолөнер шеберлерінің жұмыстарын тамашалады. Этноауылда сонымен қатар, жүн, былғары, киізден жасалған табиғи қолөнер бұйымдарын өздеріне сатып алуға, атқа мінуге де мүмкіндік қарастырылған.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АРАЛ ӨҢІРІ БАЛЫҚШЫЛАРЫНЫҢ ІІІ СЛЕТІ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.07.2017 15:44

30 маусым мен 1 шілде күндері Арал ауданында ІІІ халықаралық балықшылар слеті өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Марлен Айнабеков, Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қордың, «Казрыбхоз» қоғамдық бірлестігінің, қоғам қайраткерлері мен аймақтың балық шаруашылығы саласының ардагерлері, Дания, Ресей елдерінің, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты.

- Өздеріңізге белгілі, Елбасының бастамасымен Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жөнінде Қазақстан ауқымды шаралар нәтижесінде, Арал өңірінің ата кәсібі - балық шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріліп, қарқынды дамуда. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі мен Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы біз үшін көрші мемлекеттермен байланыстар жасауға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік беруде. Соның айқын дәлелі – бүгінгі слетке қатысып отырған ресейлік кәсіпкерлерімізбен бірігіп салған Ресейдің Ульяновск облысындағы «Димитровград балық өлкесі» балық өңдеу зауыты. Зауытқа шикізат негізінен Арал теңізінен жеткізіледі. Балықтың сапасы жақсы, нарықтағы сұранысы да жоғары,- деп атап өтті облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде Арал балығы Данияға, Польшаға, Ресейге, Грузияға және Әзербайжанға экспортталады, ал Арал теңізінен жылына 8 мың тоннаға жуық балық ауланады.

Сондай-ақ слетке «Каттагеттен Арал теңізіне дейін» жобасына қатысушылардың бірі, «Тірі теңіз» бірлестігінің зерттеуші-ихтиологы Ян Кристиан Грюйер Ларсен қатысты.

- Кезінде, судың тұздануынан Арал теңізінде жалғыз қалған камбала балығын аулауды даниялық Курт Кристенсен бастаған балықшылар үйретіп, «Каттегаттан - Аралға дейін» жобасын жүзеге асырды. Бірлесіп жасалған жұмыстың нәтижесінде  балықтың 22 түрі қайта пайда болып, балық өндіру көлемі бірнеше есе өсті,- деді Қырымбек Көшербаев.

Слет барысында балық шаруашылығы саласының ардагерлері мен бірқатар жұмысшылар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімінің медальдарымен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, слет аясында бірақатар іс-шаралар ұйымдастырылды: «Қамыстыбас» балық питомнигіне экскурсия, өңірдің балық шаруашылығының тарихына қатысты жәдігерлер мен балық өнімдерінің көрмесі, Арал бекіре балығын сырғалап суға жіберу, балық аулаудан жарыс, балық өнімдерінен ас әзірлеу және гала-концерт.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ОБАДАН КЕЛЕР ҚАУІП ЖОҚ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.07.2017 12:17

Облысқа обадан төнетін қауіп жоқ. Бұл туралы кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінде сала басшыларының қатысуымен өткен баспасөз конференциясында обаға қарсы күрес станциясының басшысы Алма Матжанова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Байқоңыр қаласынан 12 шақырым жерде табиғи ошақтың белсенділігі байқалған. Яғни, ауланған тышқандар мен олардың үстіндегі бүргелерден оба қоздырғыштары табылды. Осыған байланысты «Байқоңыр» кешенінің басшылығына аталған эпизоотиятуралы хабар беріліп, сол аумаққа жақын жердегі су торабында жұмыс істейтін азаматтарға обаға қарсы екпе жасату ұсынылған.

Сондай-ақ, 4 шаршы шақырым аумақта далалық дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүріп, қорғаныс шебі құрылды. Тұрғындар арасында түсіндірме жүргізілді.

Баспасөз конференциясына қатысқан облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетовтің мәлімдеуінше, облыста 32400 бас түйе мен 229 мың бас уақ малға обаға қарсы вакцина салынған.

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев қауіпті кеселге қарсы күрес жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізіліп жатқанын баяндады. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ, аймақтағы ахуал тұрақты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2017 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары