Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
Шілде 2017

Мағынасы зор жүздесу PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.07.2017 17:18

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласын талқылау, ел ішінде насихаттау кең тұрғыда жүргізілуде. Осындай жиынның бірі Арал ауданында көрініс тапты. Мәдениет үйінде облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы, «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен болған кездесуді Арал ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жұмагүл Нахтайқызы ашты. Мемлекет басшысының аталмыш мақаласын маңызды саяси идеологиялық құжат деп айтуға толық негіз бары, онда ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы баса айтылғаны әмбеге аян. Соған орай бүгінгі облыстық АНТ мүшелерімен болған жиын өзінің тартымдылығымен ерекшеленді.

Жиын барысында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Қызылорда облысында ілгерілету жөніндегі жобалық офис басшысы Әлімжан Жарылқағанов, «Сананы жаңғырту және ұлттық прагматизм» атты тақырыпта Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық ақпараттық топ мүшесі Мыңжас Нұрлыбек, облыстық мәслихат хатшысы, облыстық ақпараттық топ жетекшісі Наурызбай Байқадамов мағыналы да мазмұнды баяндама жасады. Жиын соңында кездесуге қатысушылар баяндамашыларға сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.

Мұнан соң облыстық ақпараттық топ мүшелері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында оқыту курсын өткізді. Курс барысында облыстық ішкі саясат басқармасының Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Қаракөз Есбосын, облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының директоры Нұрсәуле Мусаева курсқа қатысушыларға Президенттің мақаласын түрлі аспекттер бойынша түсіндірсе, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және өткізу жолдары туралы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің бас менеджері Серік Мәмбетов баяндама жасады.

Оқыту курсына аудан жастары, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Түс ауа облыстық АНТ мүшелері Қазалы ауданында жұртшылықпен жүздесті.

Жұмабек Табынбаев,

Арал, Қазалы ауданы

 


"111" – жоғары сұранысқа ие көлік нөмірі PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.07.2017 11:18

Осы жылдың 6 айында сәнді автокөлік нөмірлерінің 43 данасы сатылып, мемлекетке 15 миллион теңге көлемінде түсім түскен. Өткен жылы мұндай белгідегі нөмірлердің 76 данасы 25 миллион 944 мың теңгеге сатылған болатын. Қызылорда ОІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, тұтынушылар тарапынан “111” санынан тұратын нөмір өте жоғары сұранысқа ие. Оның құны – 310 853 теңге. Бұл нөмірлік белгіні былтыр 31 көлік жүргізушісі 290 577 теңгеден сатып алса, биыл 20 автокөлік иесі иеленіп отыр.

Көлік жүргізушілері, қала берді, қарапайым жұртшылықтың арасында аса беделді саналатын нөмірлердің қатарын “001”, “888”, “100”, “111”, “555”, “777” құрайды. Жыл басынан бері Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу емтихан қабылдау бөлімшесімен 15 813 көлік құралдары тіркеуге алынса, 13 620 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері берілген. Айта кету керек, ОІІД ӘПБ ТЕжБ-мен есепті мерзімде 449 көлік құралы қайта тіркеуге алынса, оның ішінде Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралдарының саны – 76, алыс шет елдерде шығарылған көлік құралдарының саны – 116, ТМД елдерінен шығарылғаны – 17 және Кеден одағы елдерінен әкелінгені – 240.

 


Жолы жөнделіп, құрылысы қарқындаған PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.07.2017 15:37

Құрылысшылар  күні қарсаңында

Өзге өңірлер сынды Арал ауданында да көрікті құрылыстар көптеп бой көтеруде. Оған ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында бірқатар жұмыстардың атқарылғаны дәлел болады. Олардың қатарында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы Арал қаласындағы 300 орындық №14 мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстары басталғанын атап кетсек. Жобаның сметалық құны 802,0 млн теңгені құраса, құрылыс жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен 225 000,0 мың теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда мердігері анықталған нысанның аяқталуы келесі жылға өтпелі.

Арал аудандық орталық аурухана құрылысын жүргізуге де биылғы жылға қаржы қаралған еді. Жеңімпаз мердігер «Абусер» ЖШС болып танылған құрылыста еңбек ырғағы қалыпты соғылуда. Ал Сексеуіл кентіндегі учаскелік полиция бөлімшесі ғимаратының құрылыс-монтаж жұмыстары жыл соңына дейін толық орындалып, тапсырысқа беріледі деп жоспарлануда. Оған қоса аталмыш кенттен спорттық сауықтыру кешені салынып жатқаны әмбеге аян. Салауаттылық салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға үлесін қосады деп межеленген бұл нысан да алдағы жылы пайдалануға беріледі.

Осы ретте тағы да бір қуанышты жайтты бізге назарын аударған оқырманмен бөліссек. Сапасы жоғары ауызсудың күнделікті тіршілікте қаншалықты маңызды екенін айтып жату артық шығар. Бұл тұрғыда теңіз төскейінде игілікті істер қолға алынуда. Ауданға қарасты Конту стансасы мен Бөген, Аманөткел, Қамыстыбас, Аралқұм, Шижаға елді мекендерін сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүргізілуі тұрғындарды қуанышқа кенелтті. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қайтарымды қаражаттар есебінен ауызсумен қамтуға қомақты қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігерлер анықталып, құрылысы басталып та кетті. Жағымды жаңалық. Сексеуіл кентінде ішкі су жүйелерін жаңғыру және кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның мердігері – «Ка Строй LTD». Сондай-ақ, өткен жылдан биылға өтпелі болған Көктем, Үкілісай, Ерімбет жаға, Аққұлақ, Ескіұра, Құланды елді мекендерінде балабақшасымен қоса салынған 50 орындық мектеп құрылысы жұмыстары жалғасын тапқан еді. Осының ішінен Көктем, Үкілісай, Ескіұра мектептері облыс әкімінің қатысуымен соңғы қоңырау соғу сәтінде салтанатты жағдайда ашылды. Ал Ерімбетжаға, Аққұлақ Құландыдағы білім ошақтары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Мұның өзі ел ертеңі өскелең ұрпақтың білікті де парасатты әрі тағылымды болып қалыптасуы үшін жасалынып жатқан қамқорлық екені даусыз.

Осындай көпшілік көкейінен табылған басқа да шараларға қысқаша шолу жасасақ. Аудандық құрылыс бөлімінің мәліметіне сүйенсек, Арал қаласындағы №1 мөлтек ауданының электрмен жабдықтау жүйесінің құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 171 459,0 мың теңге қаржы бөлінгенін, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, жеңімпаз мердігері болып «ҚЭТТК» АҚ анықталғанын, бүгінгі таңға 324 бағана орнатылып, кабельді сым тартылатын арматуралары бекітілгенін білуге болады. Оған қоса Аралдағы №62, №220, №83, №262 білім ордалары мен «Қарлығаш», «Сартай» балабақшаларының, «Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ-сінің, аудандық мәдениет үйінің бу қазандығын газбен жабдықтап қайта жаңғырту жұмыстарына, №4 мөлтек ауданнан салынатын Рәміздер алаңы мен ашық спорт алаңдарының қаржысына экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған болатын. «Осы жобалардың бірқатарына ақша бөлініп, бөлімнің қаржыландыру жоспарына енгізілді. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуде» дейді біз тілдескендер.

Енді аудандағы жолдардың жайын әңгімемізге арқау қылсақ. Ағымдағы жылы автомобиль жолдары бойынша аудандық, облыстық, республикалық  бюджеттен қомақты қаражат қаралыпты. Оның ішінде аудандық маңызы бар «Сазды елді мекеніне кіреберіс», «Райым-Водокачка елді мекеніне кіреберіс» автожол құрылысының бірқатар бөлігі, «Арал-Әуежай-Жалаңаш (Бірлестік)» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарының тең жарымы атқарылған. Ал Қызылжар елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеудің ІІ кезеңін мемлекеттік сатып алу веб-порталына жариялау үшін құжаттары дайындалуда. Сондай-ақ аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы мезгілде күтіп ұстауға, Аманөткел ауылдық округінің Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы  көпірді күтіп ұстауға жыл аяғына дейін ақша бөлінген. Оған қоса «Самара-Шымкент-Сексеуіл», «Қосжар елді мекеніне кіреберіс», «Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» автожолдары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, «Тәуелсіздік» алаңы жанындағы жол тегістелген. Қосымша облыстық бюджеттен қаралған қаражатқа Қызылжар елді мекені тұсындағы Сырдария өзеніне қалқымалы көпір (понтонный мост) салу, қаладағы Сапақ би-Қаюпов көшелерін орташа жөндеу үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл тұрғыда ауданда тындырылған өзге де толымды тірліктер баршылық.

Жұмабек Табынбаев,

Арал ауданы

 


Үйінде есірткі сақтаған PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.07.2017 14:19

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемде есірткі затын сақтаған топты құрықтады. Бұл жайт Қызылорда облысы бойынша жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде белгілі болған. Қолға түскен 31 және 35 жас шамасындағы 3 азаматтың үйін тінткен кезде есірткі затын тұтынуға арналған құрал-саймандар, есірткіге ұқсас заттек салынған орамалар табылды. Полиция қызметкерлері заттарды дәлел ретінде алып, тиісті сараптама жүргізген. Оның қорытындысы бойынша тұтқындалған азаматтардың үйінен табылған заттар 1 кг 179 гр марихуана, 207 гр гашиш есірткісі екені анықталды. Қазіргі таңда тұтқындалған азаматтар Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 


Бағаны төмендетуге бағытталған тірлік PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.07.2017 14:38

Аймақта азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның еншілес «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС-гі құрылды. Негізгі мақсат – тұрғындар жиі тұтынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын бір қалыпты ұстап тұру. 2011 жылдан бүгінге дейін облысқа 3313,8 млн теңгеге 47189,7 тонна көлеміндегі өнімдер сатып алынған. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 207,3 млн теңгенің 1753,5 тонна өнімі бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, үш жақты келісімшарт аясында әлеуметтік дүкендер ашылғаны белгілі.

– Бұл өнімдер Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында орналасқан әлеуметтік дүкендерде белгіленген бағада сатылуда. Биыл 5 дүкеннің құрылысы жоспарланып отыр. Тұрақтандыру қорынан жыл басынан бері 223,9 млн теңгенің 1185,1 тонна өнімі сатылды, - дейді «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС директоры Лаура Сақтағанқызы.

Қаладағы «Шанхай» мөлтек ауданында «Дәмді» әлеуметтік дүкені жақында ашылған. Тауарлардың бағасы базарға қарағанда арзан. Атап айтқанда, картоп – 90, ұн – 70, күріш – 135, қант – 235, шемішке май – 310, құрақұмық – 280, сәбіз 115 теңгеден саудалануда.

– Біздің ықшам ауданда осы дүкеннің ашылғанына шын қуаныштымын. Азық-түлік бағасы қалтаға қонымды. Әлде де мұндай сауда нүктелерінің санын көбейтсе, жақсы болар еді, - дейді қала тұрғыны Гүлмира Тілеубекова.

Жауапты сала өкілдері биыл облыс әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік дүкендердің санын көбейту жоспарланып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар тауар өндірушілер «Дәмді» дүкендерін жалға алу арқылы өз өнімдерін тікелей нарыққа шығаруға мүмкіндік алып отыр. Соның бірі – «Тоған» шаруа қожалығы. Балық шаруашылығы бағытында жұмыс істейтін қожалықтың өнімдеріне сұраныс жоғары. Тұрғындар үшін айта кетейік, бұл дүкен «Құлагер» (қалалық ішкі істер басқармасы жанында) ықшам ауданында орналасқан. Бағасы да қолжетімді. Аталмыш шаруашылық тұрақтандыру қорымен форвардтық келісімшартқа отырған. Яғни, «Байқоңыр» ӘКК АҚ-ның иелігіндегі жерге 500 тонна картоп егіп, келісін 50 теңгеден саудаламақ. Бүгінде егу жұмыстары толық тамамдалған. Тағы бір делдалдарсыз тікелей нарыққа жолдама алған өндіруші компания – «Сыр маржаны» ЖШС. «Универсам» ықшам ауданында орналасқан дүкенде ет өнімдері сатылуда. Серіктестік басшысы орынбасарының айтуынша, тұрғындардан сұраныс бар. Сондықтан жергілікті атқарушы орган өкілдері компанияға жер телімін тауып берсе дейді.

Күн сайын құбылатын бағаны тұрақтандыру оңай емес. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын оңтайландыру үшін көлік үстінен сату да жүйелі жүргізіліп келеді.

Қаржы компаниясының директоры Лаура Сақтағанқызы «Дәмді» дүкендеріндегі азық-түліктің сапасына қатысты сын ескертпелердің болғанын жасырмады. «Халық» газетінің №19 нөмірінде (25.05.2017 ж.) жарық көрген «Кім кімді алдап?» жүр тақырыбындағы мақалаға қатысты тиісті жұмыстар атқарылғаны айтылды. Әлеуметтік сауда қатарларында өнімдерді белгіленген бағадан қымбаттатып сатқаны үшін кәсіпкер «Алтайбаеваның» дүкендерін қайтып алу ісі жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Қозы  Көрпеш  Жасаралұлы

 


«Ақ бидай» ауыл спорт ойындары өтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.07.2017 10:45

20-22 шілде аралығында Қызылорда қаласында  облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен VI «Ақ бидай» ауыл спорт ойындары өтті. Бұл сынға облыстың аудандарынан 7 команданың намысын қорғаған 1000-ға жуық спортшылар спорттың 8 түрінен қатысты.

Төрт жылда бір рет өтетін ауыл спорт ойындары 3 кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңі мамыр айында ауылдық елді мекендерден бастау алса, екінші кезеңі маусым, шілде айында аудан орталықтарында өткізілді.

Мақсаты – дене шынықтыру және спорт арқылы ауыл жастарының арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауылдық денешынықтыру қозғалысын дамыту, ауылдық жерде спорттық базаларды нығайту, ауыл спортшыларының спорттық шеберлігін арттыру және үстіміздегі жылдың 11-16 қыркүйек  аралығында Ақтөбе облысында өтетін республикалық «Ақ бидай» спорт ойындарына спортшыларды іріктеу.

Жалпы есепте жеңімпаз және жүлдегер командаларға дипломдар мен кубоктар табыс етілсе, спорт түрлерінен жарысқа қатысушылар жекелей есепте естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Жарыстың 3 күнгі қорытындысы бойынша:

Спорт түрі

I орын

II орын

III орын

1

Тоғызқұмалақ

Қазалы ауданы

Жаңақорған ауданы

Жалағаш ауданы

2

Қазақ күресі

Қармақшы ауданы

Шиелі ауданы

Жалағаш ауданы

3

Гір көтеру

Сырдария ауданы

Жаңақорған ауданы

Қазалы ауданы

4

Қол күресі

Жаңақорған ауданы

Сырдария ауданы

Қармақшы  ауданы

5

Шағын - футбол

Жаңақорған  ауданы

Қазалы ауданы

Қармақшы ауданы

6

Асық ату

Арал ауданы

Қазалы ауданы

Жалағаш ауданы

7

Жазғы  Президенттік көпсайыс

Қармақшы ауданы

Сырдария ауданы

Жалағаш ауданы

8

Волейбол (әйелдер)

Шиелі ауданы

Сырдария ауданы

Жаңақорған  ауданы

Волейбол (ерлер)

Сырдария ауданы

Жаңақорған  ауданы

Шиелі ауданы

Жалпы командалық есепте

Жаңақорған ауданы

Сырдария ауданы

Қазалы ауданы

 


Астанада өтетін көрмеде қызылордалық кәсіпкер елімізде теңдесі жоқ интеллектуалды автоматтандыру жүйесін таныстырады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.07.2017 10:38

28-30 шілдеде Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары - 2017» республикалық көрме-байқауына Қызылорда облысынан 9 компания қатысады. Осы компаниялардың ішінде «Қазақстанның үздік тауары» облыстық көрме-байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясы бойынша 1-орынды иеленген «Электро Технология» ЖШС республикалық шарада елімізде теңдесі жоқ интеллектуалды автоматтандыру жүйесін таныстырады.

«Электро Технология» ЖШС-нің негізі 2003 жылы қаланды. Содан бері Қазақстандағы қызмет көрсету саласы нарығында берік орныққан. Кәсіпорынның Қызылорда қаласында, «Құмкөл», «Әлібекмола», «Қожасай», «ӨзенМұнай газ» кеніштерінде арнайы электротехникалық жабдықтарды жөндеуге арналған өндірістік және жөндеу базалары, интеллектуалды автоматтық станцияларды басқару жүйесін жинап, жөндеу цехтары бар. Компания «Торғай Петролеум» кәсіпорнын толығымен электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. «Электро Технология» ЖШС-нің инженерлік-техникалық қызметкерлері үнемі жаңа жабдықтардың құрылымын игеріп, өздерінің біліктілігін көтеріп отырады. Алғашында кеніштердегі качалка станоктарында мұнай өндіруді оңтайландыру үшін құрылғылар орнату, электрқұрылғыларына сервистік қызмет көрсету, электржүйелерін және подстанцияларды жөндеу жұмыстарынан бастаған компания, биылдан бастап электрқұрылғыларын өздері шығара бастады. Зауыт директоры Батырбай Әбуовтың айтуынша, өнімге сұраныс жоғары. Зауыт өнімі Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында кеңінен танылған.

«Біздің өндіріп жатқан интеллектуалды автоматтандыру жүйесі бұрын Қазақстанда шығарылмаған. Біз бұл басқару жүйесін елімізде бірінші болып шығарып жатырмыз. Қазір өзге компаниялар жұмыс жасап жатқан интеллектуалды станциялар шет елдерден келеді. Осы кезге дейін шетелден алып, орнатып келген болатынбыз. Кейін дағдарысқа, теңгенің девальвацияға ұшырауына байланысты сырттан тасу қымбатқа түсіп кетті. Содан біз ақылдаса келе, өзіміз шығаруға шешім қабылдадық. Өнімімізге елімізде сұраныс өте жоғары», - дейді Батырбай Әбуов.

«Электро Технология» серіктестігінде бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс жасау мүмкіндігі бар лаборатория жабдықталған. Одан бөлек, интеллектуалды басқару станциясын жөндеуге арналған цех жұмыс істейді. 200-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған компания жаңа электр құрылғыларын құрастыру барысында нақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тапсырыс берушілердің барлық талап-тілектерін ескеруге тырысқан. Интеллектуалды САУ өте шағын және қондыруға оңай. Шетелдік қондырғыларға қарағанда монтаж жасауға ыңғайлы етіп шығарылуда. Сапа мен сенімге негізделген компания жұмысы бүгінде өрлеу үстінде. Жылына 500 құрылғы шығаруға қауқары бар кәсіпорын қазақстандық мұнай компанияларын толығымен отандық өніммен қамтасыз етіп, оларға сервистік қызмет көрсетуге дайын.

Айта кетейік, Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары - 2017» республикалық көрме байқауында Қызылорда облысынан «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «ЭлектроТехнология» ЖШС, «Полимер Продукт» ЖШС, «МИР 2001» ЖШС, «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша «ДАЛАТЕКС» ЖШС, «Қызылорда соқырлар қоғамы» оқу өндірістік коперативі» ЖШС, «ПромКоммерцКА» ЖШС, «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша «Арал тұз» АҚ, «Арал» сервистік дайындау орталығы» ЖШС, ЖК «Ермаханов» қатысады.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ҚОНАҚҮЙ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.07.2017 10:34

Қызылорда қаласының орталығында «Sultan Plaza» атты қонақүйдің ашылу салтанаты өтті.

Қонақүйдің құрылыс жөніндегі жетекшісі Сабыр Сейітханов нысанның презентациясын жасады.

- Біздің қонақүйде 80 нөмір бар: 1-президенттік, 1-VIP, 8-люкс санатты және 70-стандартты бөлме. Сонымен қатар қонақүйде фитнес залы, бассейн, сұлулық салоны, 400 орындық конференц зал және 300 орындық мейрамхана бар. Қонақүйде 120 адам жұмыспен қамтылады,- деді С.Сейітханов.

Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

Жалпы алғанда облыстың туристік әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Аймақта туристік нысандарды дамыту бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Мәселен, соңғы бірнеше жылда Қармақшы ауданында этноауыл, Арал ауданында «Қамбаш» туристік аймағы ашылып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне реконструкция жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Жанкент, Шірік-Рабат, Сығанақ секілді көне қалаларға археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Ф.ОМАРОВА

 


Қызылордада көші-қон заңнамасын бұзған 3085 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.07.2017 10:31

2017 жылдың 6 айында облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 20 689 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды, оның 709-ы алыс шетелдерден, ал 19 980-ы – ТМД елдерінен келгендер.

Олардың біздің облысымызға келуінің басты мақсаты еңбек қызметін жүзеге асыру болып табылады.

Шетелдіктердің республика аумағында болу, келу-кету ережелерін сақтау жағдайына жүргізілген арнайы шолу барысында көші-қон заңнамасын бұзған 3085 шетелдік анықталып, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша, яғни шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 148 және ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін 60 Қазақстан Республикасының азаматына әкімшілік шара көрілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін Өзбекстан Республикасының 3 азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Көші-қон заңнамаларын бұзуға жол берген 11 шетелдік және Өзбекстан Республикасының 162 азаматы республика аумағынан аластатылып, 551 шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзімдері қысқартылды.

Ағымдағы жылдың 6 айында көші-қон полициясы қызметі бөліністерімен 12 млн. 094 мың 853 теңге айыппұл салынып, 95%-ы өндірілді.

Сонымен қатар, еңбекші көшіп-келушілерге барлығы 8681 рұқсат рәсімделіп, жергілікті бюджетке салық төлемі ретінде 85 млн. 650 мың 512 теңге түсірілді.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


Қызылордада бөтен біреудің автокөлігін айдап кеткендер қолға түсті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
21.07.2017 15:45

2017 жылғы маусымда Қызылорда қаласының тұрғыны үй алдында тұрған «KIA Cerato» маркалы автокөлігін белгісіз біреудің ұрлап кеткендігін көрсетіп, ішкі істер органдарына шағымданады. Аталған арыз негізінде жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 24 жастағы және 20 жастағы 2 азамат ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Дәл осындай тағы бір дерек тіркелді. Алайда бұл жағдайда әккі ұры «ВАЗ – 2107» маркалы автокөлік есігінің ашық қалғанын оңтайлы пайдаланып, белгісіз бағытқа қарай айдап кеткен. Полиция қызметкерлеріне бағыт-бағдар беріліп, іздестіру шараларының нәтижесінде 21 жастағы қала тұрғыны анықталып, қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Оған да қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Осыған сәйкес, қызылордалық полицейлер облыс тұрғындарына автокөліктерін үй аулаларына, автотұрақтарда қалдырған кезде қырағылық танытуына кеңес береді. Сондай-ақ, автокөлікті қараусыз қалдырмауларын, қараңғы жерлерде ұзақ уақытқа тұраққа қоймауларын, құжаттар мен құнды заттарды автокөлік ішінде сақтамауларын ескертеді.

Көліктен аз уақытқа шықса да, есіктері мен терезелерінің, жүксалғышының жабық екендігіне көз жеткізіп, кілтті тұтандыру тетігінде қалдырмауларын, мүмкіндігінше автокөлікті сақтандырып, айдап кетуге қарсы жүйені орнатуларын сұрайды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2017 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары