Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

    ...
    Толығырақ...
Шілде 2017

Мөлдір Жаңбырбай үшінші мәрте Азия чемпионы атанды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.07.2017 14:10

Астана қаласында каратэ-додан өткен 14-ші Азия чемпионатында жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай алтын жүлдені иеленді.

Әлемнің 28 мемлекетінен мыңнан аса спортшы қатысқан бұл дүбірлі додада Мөлдір қазақ елінің туын көкте желбіретіп, әнұранын шырқатты.

50 келіге дейінгі салмақта жастар арасында өнер көрсеткен спортшымыз жарыс барысында үш кездесу өткізіп, финалда Иран спортшысын 5:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Мөлдір 2012, 2013 жылдары қатарынан екі мәрте Азия чемпионы, үш мәрте күміс жүлдегері атанған болатын. 2015 жылғы жастар және 2016 жылғы ересектер арасындағы Әлем чемпионы.

Оның алдағы жоспары - үстіміздегі жылдың қазан айында Испанияның Тенерифе қаласында өтетін Әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көріну.

Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын спортшыны жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев дайындады.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

 


Бес жастағы бүлдіршін суға батып кетті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.07.2017 11:05

Облыста жыл басынан бері 13 адам суға кеткен, оның 4-еуі – бала. Шілденің 12-сі күні Жалағаш ауданы, Аққұм ауылында 5 жастағы бүлдіршіннің суға батып кеткендігі анықталған. Деректерге сүйенсек, су жағасынан бүлдіршіннің киімі мен велосипеді табылған. Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

– Өткен жылдарға талдау жасасақ, 2015 жылы облыс айдындарында 45 адам суға кетті. Оның ішінде 15-сі – бала, ал 2016 жылы 35 адам тілсіз жаудың құрбаны болса, оның 13-і – бала,- дейді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы (Қызылорда қаласы)» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бахыт Сағынбекұлы.

Мамандардың айтуынша, күн райының қатты ысуына байланысты суға түсіп салқындап алатындардың қатары көп. Десе де, олар су айдындарында рұқсат етілмеген аумақтарға шомылады. Осының салдарынан оқыс оқиғаға жиі тап болып отырмыз. Бұл – бірінші фактор. Екіншіден, балаларға ата-аналар тарапынан бақылаудың болмауы да төтеншеліктердің жұмысын қиындатуда. Мәселен, апта басында ғана Сырдария өзенінің арнасында суға түскен мектеп оқушылары құтқарушылардың назарына іліккен. Оларға тиісті шаралар қабылданып, ата-аналарына ескерту жасалған. Үшіншіден, жаз мезгілі – тынығуға қолайлы уақыт. Тұрғындар да бұл сәтті қалт жібергісі келмейтіні түсінікті. Сондықтан су жағасында тыныққанды жөн санайды. Алайда ащы судың арқасында ана дүниеге аттанып кетіп жатқандар да баршылық. Жағалауда мас күйінде шомыламын деп, суға батқандардың саны бүгінде 5-еуге жеткен.

Соңғы үш жылда суға кеткендердің жалпы саны – 90 адам. Осы мәселеге қатысты облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төтеншеліктерге қатаң тапсырма жүктеген. Тілсіз жаудың құрбаны болғандардың басым бөлігі – облыс орталығы мен Шиелі, Қармақшы аудандарының тұрғындары.

Бүгінде жауапты сала өкілдері рұқсат етілмеген су айдындарын бақылауға алған. Әйтсе де, бұған құлақ асып жатқандар аз дейді олар.

Қозы  Көрпеш  Жасаралұлы

 


Отандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында кәсіби маман тапшы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.07.2017 10:11

Көппәтерлі 20 мыңнан астам тұрғын үй апаттық жағдайда.

11 шілдеде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Қазақстан мен Өзбекстандағы тұрғын үй басқармасы» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Жиынға неміс қауымдастығы мен бизнесінің өкілдері, Өзбекстаннан келген серіктестер, мемлекеттік органдар, Пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері, Қазақстанның 14 өңірінен және Астана мен Алматы қалаларынан көтеріліп отырған мәселеге қызығушылық танытқан басқарушы және сервистік компаниялар қатысты.

Аталған конференция Ұлттық палата мен неміс, өзбек серіктестерінің үшжылдық ынтымақтастығының бастапқы іс-шарасына айналды.

Еске салсақ, «Атамекен» ҰКП 2017 жылдың 31 мамырында IWO-Бастамасымен «Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» (Германия) атты жобалық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойған еді. Аталған жобаны Еуроодақ қаржыландырады. Бұл келісім туралы Ұлттық палатаның IV съезінде айтылды.

«Бүгінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына қоғам қайраткерлері, ҚР парламентінің депутаттары ғана емес, Мемлекет басшысы назар аударып отыр. Бұл сала реформалаудың келесі кезеңі аясында мемлекеттік реттеу қағидаттарын жетілдіру нысанына айналып отыр», - деп сөз бастады «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның қабылданғанына 10 жыл толды және тұрғын үй қорын басқару қағидалары түбегейлі өзгермеді. 1997 жылдан бері тұрғын үй қорын басқару меншік иесінің қолына өтті. Қазіргі жағдай оларға білікті ұйымдастырушылардың кәсіби тәжірибесі керек екенін анық көрсетеді.

«Бүгінде Қазақстанда 78 мың тұрғын үй санында тіркелген шамамен 35 мың кондоминиум бар. Нәтижесінде Пәтер иелері кооперативіне 6 тұрғын үйден келеді деген сөз. Мәліметтерге сүйенсек, 2016 жылы мемлекеттік органдарға ПИК қызметіне 5 мың шағым түскен. Бұл мәселенің қордаланғанын көрсетеді», – деп атап өтті Басқарма Төрағасының орынбасары.

Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үй саны – 78371, олардың ішінде – 20 437-сі (26%) апаттық жағдайда тұр.

Бұл мәселені Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да назардан тыс қалдырмады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесін сапалы модернизациялау керек. Бизнестің мәселесін шешуге, шоғырландыру, нығайту үшін және қызмет үшін негізді қалыптастыруға арнайы құрылған «Атамекен» осы бағыттағы жұмысты қарқынды жүзеге асыруды қолға алды.

Жоба бойынша ең алдымен әлеуетті қатысушылар тобын, заңнамалық жетілдірілмегендікті, басқарушы компания мен ПИК-тің мүмкіндіктерін және әлеуетін зерттеу жоспарланған.

Жобаның толық мерзімі ішінде Ұлттық палата бизнеске жылжымайтын мүлікті басқаруды дұрыс әрі жоғары деңгейде басқаруға көмектесу үшін бірнеше семинар ұйымдастыруды жоспарға енгізді.

Конференция аясында неміс серіктестер өз баяндамаларында Германияда тұрғын үйді басқару жүйесіндегі ерекшеліктер туралы, тұрғын үй басқаруындағы бизнес-делдалдық ұйымдардың қызметі қандай қағидалар негізінде құрылғаны туралы хабарлады.

«Қазақстанда жұмыс істегенімізге 10 жылдан асты. Біз Ұлттық палатадай сенімді серіктес таптық, осы арқылы тәжірибе алмасып, бірлескен жобаларды қолға алдық. Тұрғын үй қорын дамыту – маңызды бағыттардың бірі. Сондықтан орын алған мәселені шешуге әрдайым дайынбыз», - деді Германиядағы IWO компаниясының директоры Кнут Хеллер.

Ал Өзбекстандағы тұрғын үй қорына қызмет көрсететін кәсіби басқарушы ұйымдар қауымдастығының атқарушы директоры Башорат Джумаева өз елдеріндегі басқару жүйесі туралы баяндады.

IWO жобасының үйлестірушісі Йоханн Штрезе жоба аясында Германияда тәжірибе алмасу қарастырылғаны жоспарда бар екенін атап өтті.

«Біз тұрғын үйді үздік басқару тәжірибесіне байқау жариялаймыз. Оған осы саладағы көптеген қатысушылар шақырылмақ. Олардың ішінде жеке компаниялар да, ПИК өкілдері де болады. Байқау жеңімпаздары Германияда білім алу мүмкіндіге ие болып, тұрғын үй басқарудағы неміс тәжірибесін игереді», - деп хабарлады Йоханн Штрезе.

Жиын барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы мен «Ашық тариф» қазақстандық қауымдастығының басшылары да өз ойларын ортаға салды.

Қазақстан тарапынан серіктес «Атамекен» болғаны көңіл қуантады, демек, осы бағыттағы көп мәселе шешімін табады. Бұл салаға сенімді заманауи компаниялар қажет. Менің ойымша, Тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығына екі деңгейлі жүйе енгізілуі жөн. Біріншіден, бір үй – бір кондоминиум – бір Пәтер иелерінің кооперативі. Екіншіден, қалалық ықшам аудан деңгейінде басқарушы компанияларды МЖӘ жобасы негізінде құру қажет», - деп ұсынды «Ашық тариф» қазақстандық қауымдастық Төралқасының төрағасы Петр Своик.

Жобаның мақсаты - басқарушы, қызмет көрсетуші, сервистік және басқа да компаниялар міндетін жақсарту, аталмыш ұйымдардың өз қызметін жоғары деңгейде атқаратын адал ұйымдардың мәртебесін нығайту, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға қолайлы жағдай жасау.

Шара соңында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов қатысушылардың қызығушылық танытқандарына алғыс білдіріп, жұмыс барысына белсенді атсалысуға шақырды.

«Бірінші кезекте нарыққа қатысып отырған тараптарды анықтап алу маңызды, орын алған мәселелерді де анықтап, жүйелеу қажет. Басқарушы компаниялар, сервистік компаниялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтар өкілдерін жобаға белсенді араласып, өз ұсыныстарын білдіруге, жұмыстың басынан бастап мәселелерді шешуге атсалуға үндеймін», - деді Елдос Рамазанов.

Palata.kz

 


ҚАРМАҚШЫДА ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.07.2017 09:23

Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылында жылына 1500 тонна дайын өнім шығаратын құс фабрикасының іргетасы қаланды.
- Өздеріңізге белгілі, Елбасымыздың алға қойған мақсаттарының бірі – агроөнеркәсіп кешенін дамыта отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саланың экспорттық әлеуетін асыру. Міне, бүгін осы ойымыздың жүзеге асуына біртабан жақындадық. Қызылорда облысының тарихында ет өнімдерін шығаратын алғашқы құс фабрикасының іргетасын қалауға жиналып отырмыз. Осы орайда, талапқа сай, экономикалық негізі бар және тұрақты сұраныстағы инвестициялық жобаларды әрі бастамашы кәсіпкерлерді қолдап, оларды іске қосуымыз қажет, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Айта кетейік, Қармақшы ауданындағы құс фабрикасының құрылысы - «Ақтөбе и К» (кәсіпкер Нұрлан Іздібаев) және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның бірлескен жобасы. Жобаның жалпы құны – 2 млрд. теңге. Іске асырылу уақыты – 2017-2018 ж.ж.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ШЕКАРА ЗАСТАВАСЫ мен МЕКТЕПКЕ ЖАНҚОЖА БАТЫРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.07.2017 09:18

ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Оңтүстік» өңірлік басқармасы 2019 әскери бөлімінің «Қызылқұм» шекара заставасына және Қармақшы ауданындағы №269 орта мектепке ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілі, отаршылдарға қарсы Сыр бойындағы халық көтерілісінің басшысы, қазақ даласының қас батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есімі берілді.
Шекара заставасына Жанқожа батырдың есімін беру салтанатты шарасына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Дархан Ділманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл қатысты.
-Жанқожа Нұрмұхаммедұлы өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел, халық алдындағы парызын адал атқарып кеткен перзенттер санатында. Озбыр да өктем жауға қарсы азаттық туын көтеріп, өмірінің ақырғы күндеріне дейін аттан түспеген батырдың аңсаған арманына Елбасы бастаған бүгінгі ұрпақ біз жеттік. Сондай-ақ, Жанқожа бабамыздың ұрпағына «Мені Қоқанмен шекараға қойыңдар, жай жатқанша аяғыммен қазақтың қасиетті жерін тіреп жатайын» деп аманат қалдырғаны туралы тарихта деректер бар. Әлі күнге батыр бабамыз шекарашылармен бірге ел қауіпсіздігін қорғап тұрғандай. Күні-түні еліміздің, өңіріміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген шекарашыларымызға бұл асқақ рух, айбат беріп, қайраттандырып, жігерлендіре түсері сөзсіз,-деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Сонымен бірге ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл шекарашыларды заставаға Жанқожа батырдың есімі берілуімен құттықтады.
Жанқожа Нұрмұхаммедұлы – 18-19 ғасырда Сыр бойы мен Арал теңізі аймағындағы халықтың ұлт-азаттығы жолындағы күресінің қаһарманы. Ол – оңтүстікте Қоқан мен Хиуа хандығының шапқыншылығына, батыста Ресей патшалығының отарлау саясатына қарсы қозғалыстарды ұйымдастырған даңқты қолбасшы.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жыл батырдың туған жерінде – Қызылорда облысының Қазалы ауданында «Жанқожа Нұрмұхаммедұлы жылы» деп жарияланды. Халық батырының 240 жылдығы кең көлемде аталып өтілді. Қызылорда қаласында батырдың ескерткіші орнатылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Кәмелетке толмаған оқушы қамаққа алынды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.07.2017 09:17

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылының тұрғыны, 1999 жылдың 13 қарашасында туған Сәуірбай Досхан Талғатұлы 27 маусым 2017 жылғы 27 маусымда сағат 00:30 шамасында бір топ сыныптастарымен бірге Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылының батыс бөлігіндегі ескі гараж маңында ауылдың бір топ 10 және 11-сынып оқушылары жиналып тұрған жерге барып, кәмелетке толмаған Д.Сәуірбай 10-сынып оқушыларын сол жерге қатарластырып тұрғызып, болмашы нәрсені желеу етіп бұзақылық ниетпен өзінен бір жас төмен оқыған кәмелетке толмаған А.Қ.-ның көкірек тұсынан жұдырығымен бір рет ұрған. Соның салдарынан соңғысы қайтыс болған деп, адамның өміріне қауіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан әрекетті, яғни Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігінде қаралған қылмысты жасаған деп күдіктеліп, Жаңақорған аудандық сотының 29 маусым 2017 жылғы қаулысымен «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпас шарасын қолдануға санкция беру туралы Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі О.Анарбаевтың өтініш хаты қанағаттандырылды.

Күдікті кәмелетке толмаған Сәуірбай Досхан Талғатұлына 2 (екі) ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Дәл осындай факті аудан бойынша ағымдағы жылдың 6 айында 3 рет орын алып отыр.

Б.Налибаева,

Жаңақорған аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі

 


Халық қалаулылары«Агро Холдинг «Байқоңыр» ЖШС-нің жұмысымен танысты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.07.2017 09:13

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абзал Ералиев, Генадий Шиповских аймағымыздағы ірі өндіріс орындарының бірі «Агро Холдинг «Байқоңыр» ЖШС-гіне қарасты Жалағаш элеваторы күріш ақтау зауытының жұмысымен танысты.

Зауытта 60 мың тоннаға дейін астық қабылданып, тазаланып, кептіріліп сақталады. Қазіргі күні шаруашылықтарды тұқыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Мұнда күріш ақтау, тұқым дайындау цехтары, дайын өнімдер қоймасы, өндірістік-техникалық зертхана толық жұмыс істеп тұр. Жаңадан сатып алынған шетелдік заманауи қондырғылар арқылы тазарту жұмыстарының нәтижесінде кондициясы 2-3 кластық себу дәрежесіне жеткізілген бірінші репродукциялы тұқымдар дайындалды.

Облыс әкімдігінің 2015 жылы бекіткен «Күріш дақылының элиталық тұқымдарын сатып алу» туралы бюджеттік инвестициялық бағдарламасы бойынша 81,9 млн теңге қаржыға Краснодар өлкесінен 333 тонна «Лидер», «Фаворит», «Янтарь» сорттарының элиталық тұқымдары сатып алынып, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы 3 тұқым өсіруші шаруашылықтарының 1280 гектар егістік жеріне орналастырылды»,-деді завод басшысы Манарбек Еспанов.

Елімізде 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы қабылданды. Онда бізді қуантатыны күріш дақылының бір гектарына берілетін субсия да сақталып қалды. Сонымен қатар жоғарғы өнімді қалыптастыру үшін күріш тұқымына берлетін субсидия көлемі өсті. Онан бөлек тыңайытқыштардың барлығына бірдей 50 пайызына жуығы субсидиялануда. Бұл Сыр өңіріндегі күріш өнімін өсіріп, тұқым дайындаумен айналысатын шаруашылықтар үшін мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қолдау екенін атап өтті Мәжіліс депутаты Абзал Ералиев.

«Агро Холдинг «Байқоңыр» ЖШС-нің жұмысмен танысып, жұмысшы ұжыммен кездескен халық қалаулылары ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа технологияларды енгізу мәселелерін ортаға салып, жұмысшылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс тілектерді назарға алды. Сонымен қатар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын кеңінен насихаттап, Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыс барысы мен оң өзгерістерді, қабылданған заңдар мен алдағы уақытта депутаттардың назарына ұсынылатын жобалар жайында атап өтті.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі

 


Қызылордада қала тазалығын ластаушыларға әкімшілік шара көрілуде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.07.2017 17:14

Қоғамдық тазалықты сақтап, өзге де азаматтар мен олардың еңбегіне сыйластықпен қарау – әрбір азаматтаң парызы. Елбасымыздың өзі мемлекетіміз құқықбұзушылыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыру қажет деген болатын. Сонымен қатар, кез келген заң бұзушылықтың барлығы ұсақ тәртіпсіздіктерден басталатынын ескерсек, қылмыс көшедегі қоғамдық мүлікті бүлдіруден бастау алуы да ғажап емес. Сондықтан құқық қорғау саласының қызметкерлері тазалық жұмыстарына араласып, тәртіпсіздіктермен күрес жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруда.

Атап айтқанда, 2017 жылғы 4 шілдеде полиция қызметкерлері үйінен шығарылған қоқысты қала орталығындағы арықтардың біріне тастай салған қала тұрғынын байқайды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды.

Дәл осы күні бейнебақылау камераларының назарына әңгіме-дүкен құрып отырған 4 азаматтың құқықбұзушылық әрекеті түседі. Олар адамдардың ортақ пайдаланатын орнына шемішкі шағып қана қоймай, темекі қалдығын тастай салғандары анықталады. Оларға қатысты да ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сай әкімшілік шара көрілді.

Егер де айналаны ластаушылардың кінәсі дәлелденген жағдайда олар 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға жазаланады.

Аталған бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде жалғасатын болады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


Балабақша мамандары тәжірибе алмасты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.07.2017 14:12

Жазғы сауықтыру, шынықтыру шаралары №5 аймақ әдістемелік жұмысының жоспары бойынша Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі №2 «Бөбек» санаториялық балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Спорт - біздің досымыз» атты қалалық семинар өткізілді. Шараға қаладағы «Бүлдіршін», №32 «Қызғалдақ», «Әл-Сабыр», «Ақтайлағым», №4 «Қуаныш» және т.б. балабақшалардың мамандары тәжірбие алмасу барысында қатысты. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан келген Зәуреш Маханбетова өзінің ізгі тілегін жеткізді. «Жазғы сауықтыру, шынықтыру жұмыстарының дәстүрден тыс әдіс тәсілдері» бойынша балабақша педагогтары материал қалдықтарынан, өз қиялдарынан туындаған шығармашылық көрмесімен таныстырды. «Спорт - біздің досымыз» тақырыбында «Болашақ» ересектер тобының бүлдіршіндері сұлтаншамен, доппен, лентамен, шығыршықпен, гимнастикалық жаттығулар арқылы спорттық шоу билерін орындады.

Семинарды қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі бөлім әдіскері Мадина Хаби ашып берді. Балабақша меңгерушісі Мөлдір Балғабайқызы: «Салауатты өмір салтын қалыптастырып, егеменді еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу - біздің міндетіміз. Сондықтан жаңаша дәстүрден тыс әдіс тәсілдерді көрсете отырып, өсіп келе жатқан балаларымызды креативтік көзқараспен білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге атсалысуымыз керек», - деп атап өтті. Балабақшаның педагог-психологы Мөлдір Абдікамал әрітестеріне дұрыс бағыт-бағдар беріп, семинарды өз деңгейінде ұйымдастырып, өткізілуіне үлкен үлесін қосты. Өз білгенін әріптестерінен аямады. Тосын сый да болды, тәрбиеші Айгүл Манасова топ бүлдіршіндерімен таза ауада серуендеп, ауа райын бақылады. Ал тәрбиеші Рыскүл Жакеева балалармен құмзар қалашығында майтабандылықтың алдын алу барысында, әртүрлі кедергілерден жүріп, емдік гимнастикалық жаттығулар жасап көрсетті. Балабақша медбикесі балалар денесінің өсіп жетілуін қадағалап, әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын өткізеді. Түрлі емдік шөптерден фитошай дайындап, балаларға бергізеді. Денсаулықты нығайту мақсатында түрлі спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады және майтабандылық жаттығулардың маңызы өте зор екенін атап айтты. «Балапан» І кіші тобының тәрбиешісі Индира Жұнайтова топ бүлдіршіндерімен үрлеу әдісін қолданып, көбелектерді үрлеп, бассейннен қармақпен балық аулады. Балалар қызыға ойнады. Ортаңғы топ тәрбиешісі Айжан Қарамолдаева ата-аналар арасында ұйымдастырылған «Біз мейірімді отбасы» тақырыбында отбасылық «Толаѓай» сайысын өткізді. Сайыс бірнеше турдан тұрды, оған Махмутовтар және Әбілқасымовтар отбасымен қатысып, өз ептіліктерімен, шапшаңдықтарымен көзге түскен Махмудовтар отбасы І орынға, ал Әбілќасымовтар ІІ орынға ие болды. Сайысқа қатысушы  отбасылар дипломен марапатталып, балалары сыйлықтар алып, олжалы болды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» тақырбында ересек топтың балалары екі топқа бөлініп, сайыс өткізді. Сайысты топ тәрбиешісі Айгүл Жантаева жүргізді. Сайыс өз деңгейінде µөіп, балалар да жүлделерге ие болып, дипломмен марапатталды. «Еркемай» ІІ кіші тобының тәрбиешісі Камшат Есекеева балалармен «Джунглидегі маймыл Йога» ертегі желісімен Хатка Йога жаттығуын орындады. Йога жаттығуының балалардың дене бітімі дұрыс қалыптасуына тигізер пайдасы мол. Балабақшамызда барлық топтың балалары қалыс қалмай, қамтылды. Обылыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Зәуреш болашақта өз орталығымен бірлесіп жұмыс жасауға шақырып, бірнеше тәрбиешілерді Алғыс хатпен марапаттады.

Қорыта келгенде шара соңында семинарға қатысқан №5 аймақ педагогтары іс-тәжірибе алмасып, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Камшат  Жаңбырбекқызы,

балабақша  тәрбиесшісі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУ БЕЛСЕНДІ ЕНГІЗІЛУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.07.2017 12:53

Жобалық басқарудың озық тәжірибесі Ресей Федерациясының Белгород облысынан алынып отыр.

"Биылдан бастап, Ресей Федерациясының Белгород облысының тәжірибесін қолдана отырып жаңа мемлекеттік басқару моделі ретінде «Жобалық басқаруды» енгізу бойынша белсенді жұмыс бастап кеттік. Осы ретте, біз үздіктер қатарына кіру үшін алдымызға айтарлықтай өр мақсат қойып, «Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жобасын басқару» жобасымен ТМД елдерінің «Проектный Олимп» байқауына қатысуға өтінім ұсындық", - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  облыстық мәслихаттың бірінші жартыжылдықтың қорытындысына арналған сессиясында сөйлеген сөзінде.

Мемлекеттік сектордағы жобалық қызметті кәсіби түрде басқару бойынша «Жобалық Олимп» халықаралық конкурсы Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы талдау орталығында өткізіледі. Конкурстың мақсаты – мемлекеттік сектордағы жобалық басқару құралдарын кеңінен қолдану, экономиканы дамытуда әсері бар мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік корпорациялар мен компаниялардың тиімділігін арттыру. Айта кетейік, конкурс барысында нақты жоба немесе бағдарлама емес, мекемелердегі жобаларды басқару жүйесінің тиімділігі бағаланады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2017 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары