Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
Шілде 2017

Яксарттағы жолбарыспен шайқас PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
13.07.2017 09:56

Сыр бойында жолбарыс өте көп болған. Жолбарыстар жайлы ата-бабалардың әңгімелерінен басқа орыс отарлаушы офицерлері мен генералдарының естеліктері мен жазбаларында, сол кездегі орыстың аңшылық пен балықшылық жайлы журналдарында 19-ғасырда жарияланған әңгімелер көп. Сондай естеліктердің бірін 1852 жылы Ақмешіт қамалына шабуыл жасаған орыс генералы И. Бларамберг жазған екен.

Сырдарияның төменгі жағалау­ларын алып, оның оң жағал­ауында алғашқы форт­тарды салған кездерімізде тек қарақшы хиуалықтар мен қоқандықтармен  ғана соғыс­қан жоқпыз, сонымен бірге Яксарт­тың жағасындағы қалың қамыста жиі кездесетін бенгалдық корольдік жолбарыстармен талай рет шайқасуға тура келді. Бұл керемет жануарлар адамдардан үрікпеген жағ­дайда өмір сүретін еді, себебі қазақтардың оларды аулайтындай қарулары  жоқ  болатын.

Биіктігі 20 фут болатын қалың қамыста жолбарыстар аулайтын жабайы қабандардың көп болғандығына қарамастан, жолбарыстар қазақтардың сиыр­лары мен өгіздерін алып кететін (күндіз өте сирек), адамдарға да шабатын әдеті жиі орын алып тұрған. Аталған жылдардың ішінде біздің солдаттар  көп жолбарысты өлтір­ді, біртіндеп Яксарттың ойпаттарында олар азая бастады. Перов­ск бекінісінің солдат­тары әуелгі кездерде оларды Қараөзектің жағасындағы қамыстардан шартылдақпен қуып шығарып жүрді, бірақ көптеген бақытсыздық жағ­дайларға кезігіп, жолбарыс­тарға  қақпан  құратын  болды.

Белгілі бір жерге, Перовск бекінісіне  жақын  жерде  казак­тар екі жұп  мықты қазықты жерге крестеп қағып итарқа қылады. Итарқаның үстіне көлбетіп штыгы тығылған солдаттың мылтығы қойылады. Мылтықтың шүріппесіне мықты жіпті байлап жіпті мылтықтың бойымен аузына дейін әкеліп штыкпен қосылған жерден­ төмен жібереді, жіпке бір кесек етті байлайды да шүріппені қайырып қояды. Түнде аң аулауға шыққан жолбарыс еттің иісімен мылтыққа жақындап келіп, етке аузымен бас салады. Сол кезде мылтық атылып, жолбарысты өлтіреді немесе ауыр жаралайды. Ондай кезде аңшылар оны аққан қанның ізімен іздеп, жолба­рыстың өлігін немесе ауыр жара­қатты күйінде (көп жағдайда суарма каналдың іші­нен) табады. Мынандай жағдайды  айтайын.

Бір күні линиялық ба­тальонның Перовск бекінісінде орналасқан үш қорықшысы кешке ерекше қақпан құрып, форттың қабырғасында қа­рауылда тұрған күзетшілерге айтып қояды, «егер түнде мылтықтың дауысын естісеңдер, бізге ауысқан кездеріңде айтыңдар» дейді. Түнде қарауылдар  мылтықтың дауысын естіп, таңертең оны қорықшыларға айтады. Қорықшылар таң сәріде қақпан қойған жерге барса, ет жұлынып алынған, шөптің үсті қанға боялған. Үшеуі де ерекше сақтықпен, мылтықтарын дайын ұстап, бір-бірінен 20 қадам жүріп келе жатады. Алдында келе жатқан қорықшы іздің кеуіп қалған каналға  бұрылғанын байқайды. Қорықшы сақтық жасап канал­дың жиегіне жақындайды, осы кезде жаралы жол­барыс көз ілеспес жылдам­дықпен ұмтылып, оны астына басып­ алады. Екінші қорықшы дереу  мылтығын  көздеп атады, жолбарыс қозғалыссыз құлап, жолдасының үстіне сылқ ете қалады. Жолбарысты өлді деп ойлаған қорықшы жүгіріп келіп жолдасын жолбарыстың астынан көтеріп алмақ болады. Бірақ жолбарыс өлер алдындағы бар күшімен аңдаусыз қорықшының оң аяғының бұл­шық етін жұлып алады, ол да құлайды. Үшінші қорықшы жақындап келіп қансырап жатқ­ан  жолбарыстың құлағын­а атып өлтіреді. Сөйтіп қорықшының бірі мүгедек болып, екіншісі лазаретте өледі.

1854 жылы  Орынборда  ұзын бойлы жас солдатпен сөйлес­тім, жолбарыс оның сол қолын майып еткендіктен, қолын амалсыз иығына дейін кесуге тура келіпті, бірақ ержүрек­ солдат жолбарысты өлтірген екен. Жас солдат Орынбордың көшесімен жолбарыстың терісін оң иығына асып мақтанышпен жүріп өтті. Граф Перовский әдемі тері үшін оған 50 рубль берді.

Осы жылдың жазында Орскіде­н көптеген арба керуенімен Қазалыдағы жаңа бекі­ніске азық-түлік  тасып апар­ған башқұрттардың отрядын армия­  майорының басқаруымен Яксарттың сол жағасында өсіп тұрған жас құрақ шөпті орып әкелуге жұмсайды. Башқұрттар ұзын қатарға тұрып шөп орып жатады, майор аузына сигарын салып қамысты шөптің жиегінде орақшылардың жұмысына қарап жүріпті. Сол кезде күтпеген жерден майорға қамыстың арасынан шыққан жолбарыс бас салып құлатып, енді алып кетейін деген кезінде бейшараның дауысын естіген башқұрттар айқайлап, орақтарын алып жүгіреді. Қорыққан жолбарыс адамды тастап қамыстың арасына жоқ болады. Сорлыны лазаретке жеткізіпті, бірақ сол күні жан тапсырыпты.

Жолбарыспен болған тағы бір жағдай. 1854 жылдың қазан айында Сырдария линиясының жаңа бастығы, полковник Фитингоф Орскіден Қазалы бекінісін көріп қайту үшін барад­ы. Ол жердің офицерлері инспекциялау біткен соң кешкі қоштасу тамағын беріп, 10 шақырымға дейін атпен шығарып салады. Содан соң полковник Фитингоф қасында бір казак бар, екеуі Перовск бағытына, штаб-пәтерге өздері кете береді. Оны шығарып салған офицерлердің ішінде Арал парох­одтық флотилиясында қызмет еткен инженер-механик лейтенант Синкони да болға­н еді. Офицерлер желіп жүріп қайтып келе жатқанда, кеш қараңғылығы түсе бастаған екен. Бір суармалы каналға жеткен кезде Синкони ат­мінер­лігі жөнінен тәжірибесі жоқ болғандықтан қасындағылардан ұзап тар өткелді іздеп кетеді. Достары артынан ай­қайлайды: «Синкони! Қалып қойма, әйтпесе, қараңғыда адасып­ кетесің!». Бір кезде каналд­ың тар жері-ау деп ойлаған­, үстін жартылай мұз басқан жерінен өтеді, дәл осы сәтте дәу жолбарыс оң жағынан атылады, бірақ бақытына орай жолбарыс мүлт кетіп, мұзды тесіп каналға құлайды. Синконидің үріккен аты сол жерде шалт жылдамдықпен дала­ға құтырғандай шаба жөнелед­і. Синкони қолында қамшы, қарусыз, құлақшынсыз тізгіннен ұстаған күйі артында жолбарыс қуып келе жатыр деп ойлап  шаба береді. Бір уақытта шаршаған аты зорығып құлайды. Далада қараңғылық орнаған. Синкони қай жерде келе жатқанын білмейді. Түні бойы артымнан жолбарыс қуып келеді деп өлердей қорқыпты. Түн өте суық болыпты. Адас­қан байғұсты аштық пен шөл қысып, қалтасында тойлаудан қалған бір түйір қантты сорады. Түн ешуақытта таусылмайтындай көрінеді. Бір уақытта әйтеуір таң атып жарық түседі, бірақ жан-жағы тұман, Синкони  бағыт таба алмайды. Әбден титықтаған атына мініп беті ауған жаққа даламен жүре береді. Бір кезде тұман сейіліп, таңертеңгі сағат онның кезінде екі өгізін айдап келе жатқан бір қазақты кездестіреді. «Қазалы бекінісі қайда?» деген сұрағына, «әлдеқашан өтіп кеттің» деп жауап береді. Қазақ барар жолын көрсетіпті, ол әбден шаршап, фортқа тек түсте ғана жетіп, өліп қалды деп санаған жолдастарын қуантады. Синкони осы түнді өмір бойы есіне сақтапты.

Генерал И. Бларамбергтің «Естеліктерінен».

Қазақшалаған  С.ЖҮСІП

 


Көліктік бақылау бекеттерінде жемқорлық мәселелері бар PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.07.2017 17:05

Бүгін облыс әкімдігінің мәжіліс залында Әдеп кеңесі мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін қарады.

Осыдан біршама уақыт бұрын 101.tv.kz интернет-телеарнасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойында олқылықтар орын алды деген мазмұнда сыни бейнежазба жарияланған еді. Осыған байланысты Әдеп кеңесінің мүшелері көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Г.Пірназарованың баяндамасын тыңдап, сауалдар қойды. Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің бас маманы Еркебұлан Сарымбетов: «Қоғамдық мониторинг тобының мүшелерімен екі жылжымалы көліктік бақылау бекеттеріне қарау жүргізіліп, ондағы көліктік тіркеу, салмағын өлшеу және тағы басқа қондырғыларға тексеру жасалып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын бірнеше мәселелер анықталды», - дейді. Оның айтуынша, өлшеуіш таразыны тексеру барысында инспекция қызметкері өзінің ыңғайына қарай жүк автокөлігінің салмағын өлшейтін таразыны, мәліметтерді тіркейтін қондырғыны қолмен қосып-ажырататыны және мәліметтерді флэшкаға енгізіп отыратындығы белгілі болған. Сондай-ақ, өлшеуіш таразының жадында барлық өлшенген жүк автокөліктері туралы мәлімет толық сақталмайтындығы және салмағы өлшенген автокөліктер туралы мәлімет флешкадағы деректермен сәйкес келмейтіні расталды. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жақсылықұлы БАҚ өкілдеріне берген брифингте «бұл бейнежазбадағы ақпараттың барлығы шындыққа сәйкес келмейді» деген болатын.

Әдеп кеңесінде көтерілген екінші мәселе – Жаңақорған ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы С.Асеновтың тәртіптік ісі. Ол өз кезегінде заңсыз сыйақы алғанын, қателігін мойындайтынын айтты. Кеңес мүшелері С.Мырзабекұлының ұзақ жылдар бойғы еңбек жолында өрескел құқықбұзушылықтар жасамағанын, тәжірибелі маман екенін ескеріп, жұмыстан босату жазасын емес, «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берді. Әрі қарай Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Н.Күзембаев пен сектор меңгерушісі Е.Исаевтың тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алу мәселесі қаралды. Оларға мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілген. Аталмыш лауазымды тұлғаларға көрілген тәртіптік жазаны алуды Қармақшы ауданының әкімі ұсынып отыр. Кеңес мүшелері өзара дауысқа сала келе, тәртіптік жазадан уақытынан бұрын босатты. Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абзал Сансызбайұлы: «Екінші рет біздің алдымызға келмейді», - деді. Ендігі ретте осы жағдай қайталанатын болса, бұл мәселе бойынша құзырлы органдар айналысады.

Абзал Мұхимовтың сөзінше, бұл – Әдеп кеңесінің жазғы маусымдағы соңғы отырысы. Әріптестеріне келесі жұмыс кезеңіне дейін сәттілік тілеген ол әлеуметтік желілерде жарық көрген сыни бейнежазбаға қатысты түйткіл қайта қаралатынын мәлімдеді.

Жазира  БАҒЛАНҚЫЗЫ

 


Бұқараны спортқа баулу – басқарманың басты мақсаты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.07.2017 13:56

Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады. Бүгінде мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Елбасы Жолдауынан туындайтын тапсырмалар төңірегінде бұқаралық спортты дамыту үшін 2017 жылы бюджеттен 113,7 млн теңге бөлінген. Жоба аясында 270 спорт нұсқаушысы 133 елді мекенде 41040 адамның спортпен шұғылдануына жағдай жасауда.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен жиында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жақсылық Оспанов мәлімдеді.

Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – жарыстарды көптеп өткізіп, халықты спортқа тартып, спортпен айналысуына көмектесу. Осы мақсатта есепті кезеңде 764 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оған 182485 адам қатысқан.

- Дария жағасында вело және жүгіру жолы ашылып, бүгінгі күні қала тұрғындары арасында велоспортпен айналысушылар, жүгіру спортына ден қойғандар қатары көбейіп келеді. Одан өзге, өткен жылдың қыркүйек айында шорт-трек бөлімшесі ашылған болатын. Қазір мұнда 42 бала спорттың осы түрімен тұрақты шұғылдануда, - деді Жақсылық Оспанов.

Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қызылорда қаласы мен аудандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында 8 әлеуметтік жоба іске асырылып келеді. Бұл мақсатқа үстіміздегі жылы 65,5 млн теңге қаралған. Жобаның басты міндеті мүмкіндігі шектеулі жандарды толыққанды қоғам өміріне қатыстыру және оларды дене шынықтыру мен спорт құралдары арқылы әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды жүзеге асыру болып табылады. Жоба аясында 16 жаттықтырушы 12 спорт түрінен (отырып ойнау волейболы, тұрып ойнау волейболы, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, жеңіл атлетика, үстел теннисі, пауэрлифтинг, дзюдо, арбадағы би, шағын футбол) 282 мүгедекпен жаттығулар жүргізілуде.

Бұқаралық спорт дегеніміздің өзі – спортпен жүйелі шұғылданатын адамдар мен спорт түрлерінің дамуы. Бұл бағытта облыста Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істеуде. Ол жерлерде 16792 оқушы 32 спорт түрлерімен шұғылданады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру және 2020 жылға дейін 30% бұқаралық спортқа тарту тапсырмасы берілген болатын. Осыған орай, 2016 жылы облысымызда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 203 594 адамға (2015 жылы – 192 885) артып, облыс тұрғындарының 26,4 пайызын (2015 жылы - 25,3) құрады. Республика бойынша 2016 жылы халықтың дене шынықтыру және спортпен шұғылдану көрсеткіші 4863747 адамға артып, 27,4%-ды көрсетті.

Рыскелді  Сәрсенұлы

 


ЭКСПО-2017 көрмесі жұмысының бір айлық қорытындысы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.07.2017 09:13

10 маусым мен 10 шілде аралығында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерінің саны 921 293 адамға жетті.

Жақын арада миллионыншы адамның көрмеге келуі күтілуде.

Халықаралық павильондарға жалпы келушілердің саны 5 960 212 адамды құрайды.

Көрме кешенінің негізгі объектілеріне 834 579 адам барған.

Ең ауқымды келушілер санын, 303 007 адамды Нұр-Әлем павильоны жинаған.

Жалпы санақ бойынша көрмеге келушілердің 14%-ы немесе 130 мың адам шетелдік азаматтарды құрайды.

Бір ай ішінде 160 мың адам көрмеге жеңілдіктер арқылы кірген.  Бұл тізімге мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және 6 жасқа дейінгі балалар мен мүгедектер, ҰОС ардагерлері жатады.

Сонымен қатар, 1031 мәдени ойын-сауық және іскерлік іс-шаралар, ел басшыларының, министрлер мен халықаралық павильон комиссарларының қатысуымен барлығы 84 ресми іс-шара өткізілді.

Қоғаммен байланыс департаменті

 


Жолдастық кездесу PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.07.2017 09:09

Ағымдағы жылдың 28 маусымында Астана күніне орай «Динамо» спорт кешенінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командалары арасында футболдан жолдастық кездесу өтті.

Ойын жолдастық кездесу мінезде болғанымен, команда ойыншылары намысты қолдан бермеуге тырысты. Төрешінің ысқырығы естілісімен, командалар тартысты ойынға кірісіп кетті. Алма-кезек шабуылмен өткен ойынның бірінші кезеңінде есеп 2:2 тең аяқталды. Үзілістен кейін қос команда да қанша шабуылдағанымен, жеңімпаз анықталмады, қорытынды есеп 6:6.

Алайда командалардың басты мақсаты ұту емес. Мемлекеттік қызметшілер бос уақыттарын тиімді жұмсауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жас ұрпаққа үлгілік тәрбие көрсету болып табылады.

Кездесу соңында командалар қол алысып, бір-бірлерін естелік кубоктарымен марапаттады. Мемлекеттік қызметшілер спортпен шұғылдану тәжірибесін одан әрі жалғастыратын болады.

 


Қызылордада «Бастау-Бизнес» аясында оқыған 8 азаматтың жобасы қаржыландырылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.07.2017 08:55

Қызылорда облысы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқытылған азаматтардың жобасын қаржыландыруды бастады.

«Бастау-Бизнес» жобасының екі легінің қорытындысымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 8 қатысушының жобасы қаржыландырылды.

Атап өткен жөн, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ауылдың 367 азаматын «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқытып шықты.

«Бастау-Бизнес» жобасы «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған.

Жобаның қатысушылары - ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікпен айналысуға әлеуеті бар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен жұмыссыз азаматтар.

- «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша өңірдегі қазіргі таңда пилоттық режимде Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарының тұрғындары оқытылуда. Жыл соңына дейін алты лекпен 937 адамды оқыту жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін оқытудың екі легі аяқталып, 367 қызылордалық оқып шықты. Қазір үшінші лектің азаматтарын оқытуды бастадық. Оған 168 азамат өтінім беріп, оның 157-сі тестілеуден сәтті өтті, - дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Оқу процесі барысында қатысушылар бизнес-тренермен бірге бизнес-жоспарларын әзірлеп, әр лектің қорытындысымен қатысушылар жобаларын Палата жанындағы облыстық комиссия алдында қорғап шығады. Комиссия құрамына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы Микро қаржылық ұйымы» ЖШС өкілдері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері енгізілген. Жобасын сәтті қорғап шыққан азаматтарды Кәсіпкерлер палатасы жоғарыда аталған қаржы ұйымдарына қаржыландыру үшін ұсынады.

- «Бастау-Бизнес» жобасының екі легінің қорытындысы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 8 қатысушының жобасы қаржыландырылды. Бұл - Қармақшы ауданы тұрғындарының жобалары. Бүгінгі таңда Қор өзге де аудандардағы қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін зерттеп, қарап жатыр, - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Байәділ Садиев.

- Өз ісімді, отбасылық бизнес түрін ашуды көптен армандап жүрген едім. «Бастау-Бизнес» жобасының бірінші легінде бір ай көлемінде оқып, біліктілігімді жетілдірдім. Наубайхана ашу жөніндегі бизнес-жоспарымды облыстық комиссия алдында қорғап, нәтижесінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жобамды қаржыландырды. 4 миллион теңге несие алдым. Қуанышымда шек жоқ. Мемлекеттің қолдауының арқасында отбасымда жұмыспен қамтылып отыр,-дейді жас кәсіпкер Ғайни Бекеева.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Абайсызда әріптесін атып алды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.07.2017 17:24

Осы жылдың 8 наурызында «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі 1-полиция батальонының полиция кіші сержанты әріптесімен бірге күндізгі ауысымдағы кезекшілікке түскен. Жұмыс барысында сотталушы өзінің белдігіндегі арнайы құралдардың салмағы ауырлап, төмен тартып тұрғанын байқайды. Оны тексермек болып қайта салған сәтте тапаншаның сақтандырғышы ашық тұрғанын көреді. Ішінде оғы бар-жоғын тексеру мақсатында бір мәрте оқ атады. Алайда оқ сол жерде кезекшілікке бірге түскен серіктесінің сол жақ кеудесіне тиіп, жарақаттанады. Арада ұзақ уақыт өтпестен жәбірленуші сол оқтың құрбанына айналған.

Жуырда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған (адам өлтіру) азаматқа қатысты айыптау үкімі жарияланды. Айыпталушы – 23 жаста. Сот отырысы кезінде сотталушы кінәсін мойындап, жәбірленушіні қасақана өлтіру ниеті болмағанын, қаруды тексеріп жатқанда абайсызда атып алғанын айтып, жеңіл жаза беруді сұрады.

Аталған қылмыстық іс бойынша басты сот талқылау жасап, жан-жақты зерделенген соң сотталушының қылмыстық әрекетін 99-бабының 1-бөлігінен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 104 бабының 1-бөлігіне (абайсызда қазаға ұшырату) қайта сараланды. Нәтижесінде сот үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің барынша төмен мекемесінде өтеуге белгіленді. Сондай-ақ сотталушы жәбірленушінің тарапына 2 000 000 теңге моральдық шығын, 500 000 теңге материалдық шығын өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ж.БАҒЛАН

 


Күре жолда жүруде де заңбұзушылықтар бар PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.07.2017 17:24

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жақсылықұлы БАҚ өкілдеріне брифинг берді. Онда осы сала бойынша 6 айда атқарылған жұмыстар тілге тиек етілді.

-        Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының негізгі міндеттері – жалпы пайдаланылатын автожолдардың сақталуын қамтамасыз ету. Осы салада жүзеге асырылған бақылау жұмыстарының нәтижелерін жергілікті БАҚ арқылы ақпараттандырып жүрміз. Жұмыс барысында көптеген жобаларды екінші бір мекемемен бірлесіп жасап жатырмыз. Соның бірі – «Қазавтожол» компаниясы, екіншісі – жергілікті полиция. Осының барысында көлік заңнамасының талаптарын сақтамаған 2375 заңбұзушылық фактілері анықталып, осы көрсеткіштердің үштен бірі, яғни белгіленген салмақтық параметрлердің сақталмауы 876-ны құрап отыр. Сондықтан бұл әрбір айыппұл сала алатын өкілетті орган ҚР әкімшілік Кодексінің талаптарына сәйкес, айыппұлды өндіруі міндет. Бұл бағыттағы жұмыстар инспекцияның басты назарында. Қазіргі таңда осы заңбұзушылықтар бойынша 170 миллион теңге айыппұл салынса, соның 94 пайызы, яғни 160 миллион теңгесі өндіріліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы жұмыстардың алты айлығына келер болсақ, бүгінгі күнде 715 заңбұзушылықтар анықталса, соның үштен бірі, негізінен, инертті материалдар тасымалдаумен айналысатын автокөліктердің жүргізушілеріне қатысты, - деді инспекция басшысы Е.Жақсылықұлы.

Оның айтуынша, бүгінгі күні аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері «Қазавтожол» АҚ Қызылорда облыстық филиалы мен және жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтік тексерістер өткізілуде. Сондай-ақ алдағы уақытта инспекция әр ауданнан жүк көліктерін уақытша қоятын айып тұрақтарын ашуды жоспарлап отыр. Брифинг барысында тілшілер тарапынан жуырда 101.tv.kz интернет-телеарнасында жарық көрген бейнеролик турасында сауал қойылды. Бейнероликте Қызылордадағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізіндегі құқықбұзушылық және жемқорлық әрекеттері айтылған. Онда жүк көліктерінің заңда белгіленген мөлшерден жоғары көлемде жүк тасымалдауы, тіпті олардың жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жүруі айтылып, заң шеңберінен шыққан әрекеттері үшін оған айыппұл салынып, салық алынбайды делінген. Осы жөнінде инспекция басшысы Ержан Жақсылықұлы бейнероликте көрсетілген зерттеулер мен ақпараттардың барлығы шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді. Ал ЖПП қызметкерлерінің алып жүруіне келсек, бейнежазба аймақты су басу қаупі төнгенде Қармақшы ауданындағы бөгеттерді нығайтуға 15 көлікті жөнелту кезінде түсірілген дегенді алға тартады.

Жазира  БАҒЛАН

 


Құрылысы қарқынды, бақшасы ажарлы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.07.2017 12:01

Құрылыс нысандарының салынуы халықтың әл-ауқатының қаншалықты деңгейде екенін аңдататыны рас. Бұл тұрғыда Қазалы ауданында бірқатар шаралар атқарылуда. Өткен жылдың өзінде әлденеше әлеуметтік және инженерлік-инфрақұрылымдық нысандар құрылысы іске асырылды. Жалаңтөс батыр ауылынан 90 орындық балабақша пайдалануға берілсе, апаттық жағдайдағы бес білім ошағы мен аудандық аурухананың құрылысы басталды.

Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын аралап, жағдаймен танысқан аудан әкімі Нажмадин Шамұратов нысандарды сапалы аяқтауды міндеттеді. Кенттің 5-квартал аймағынан 300 орындық мектеп құрылысын бастауға биыл 308,702 млн теңге бөлінген болатын. Нысанды салып жатқан «Жабдықтау» ЖШС-дегі жұмысшылардың басым бөлігін жергілікті тұрғындар құрайды. Мектеп келесі жылы пайдалануға берілмекші. Жалаңтөс батыр ауылындағы клубты қыркүйек айында аяқтау межеленген. Бас мердігері – «Болашақ» ЖШС.

Аудан әкімі Жанқожа батыр ауылынан салынып жатқан спорт кешені құрылысымен де танысты. Нысанды бастауға ағымдағы жылы 50 млн теңге бөлінген еді. Озық үлгідегі спорт кешені алдағы жылы есігін келушілерге айқара ашатын болады.

Қазалыда бау-бақша егуді жандандыру тұрақты күн тәртібіне қойылған. Осы тұрғыда ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселесі қарастырылуда. Халықты жергілікті бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында кенттің бірнеше жерінен арнайы орындар белгіленді. Шамұратов бүгінгі сапарында бау-бақша өнімдері сатылатын жерлерді де аралап шықты. Бұл орындарда сатушыларға қолайлы жағдай жасау үшін шатырлар орналастыру көзделуде. Осылайша тұрғындар өздері тұратын аймақтан да бақша өнімдерін тиімді бағада алатын болады. Ауданда бақша дақылдары егісін өндірістік негізде өсіру 600 гектарға ұлғайғанын атап кеткен жөн.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


АСТАНАНЫҢ ТӨРІНДЕ – ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
06.07.2017 09:58

Төрткүл дүние Астана төрінде тоғысты.

Әлем назары Астанаға ауды.

Халықаралық айтулы шара Қазақстанның төрінде туын желбіретті.

Күллі әлем қазақтың қоңыр домбырасының күмбіріне елітті.

Абыройымыз Алатаудай асқақтады.

Алаш Астанасының асығы алшысынан түсті.

Күллі әлемді таң қылған ЭКСПО көрмесі жаһанның жанарын өзіне байлады.­

Осылайша, қазақты әмбеге танытудың бірегей жолы басталады.

Тарихтан там-тұмдасақ, алғаш­ рет Қазақстан делега­циясы 1967 жылы Канаданың Монреаль қаласында өткен «ЭКСПО – 67» дүниежүзілік көрмесіне қатысты. Содан бері жарты ғасырды еңсеріп, эко­номикасы өскен, іргесі берік, тегеуріні мықты елдің өз төріне айтулы көрмені шығаруы – үлкен жетістік. Тәуелсіз мемле­кеттер достастығы және Шығыс Еуропа елдері арасында тұңғыш рет өткізіп, Астанамыз осындай мәртебеге ие болған әлемдегі 35 қаланың қатарынан  табылды.

Сонымен  жасыл энергетика­ «қой үстіне бозторғай жұмырт­қалаған» жаңа заманның есігін қалай ашты? Жаңа дәуір жаршысына  қалай  айналды?

Астана күні қарсаңында ЭКСПО қалашығына  арнайы табан тіреп, осы сауалдарды алдымызға көлденең тартып көрген  едік...

Көрмеге кіріп келгенде алды­мен көзіңізді «Нұр әлем» сферасына саласыз. Бұл – Қазақстанның ұлттық па­вильоны. Көрменің архитек­туралық символына айналған орталық нысан алып шар тә­різді. Оның диаметрі 80 метр болса, биік­тігі – 100 метр. Сфераның тө­менгі  табанындағы 5 мың шаршы метр аумақта Ұлттық па­вильон бар. Па­виль­он «Қа­зақстанмен танысу» және  «Жасампаздық энергиясы» атты екі басты тақы­рыпты қамтиды.

Жеті қабаттан тұратын нысанның әр қабаты ғарыш, күн, биомасса, жел, су  және кинетикалық  энергияға  ар­налған. Осылардың бәрін аралап, көзіңді де, көңіліңді де тойдырып, ең төбесіне шыққанда 8-қабаттағы болашақ Астанаға табан тірейсіз. Ал сегізінші қабат «Астана – болашақтың қаласы 2050» экспо­зициясына арнай­ы  бөлінген.

Ғимараттың ең үстіндегі  шолу  алаңына көтерілгенде ЭКСПО­ ауданында болып жатқан әдемі кө­ріністерді тама­ша­лай аласыз. Барлық қабатында да та­қы­рыпқа сай түрлі жобаларды, Елба­сы­ның  энергетика  және қоршаған ор­таны қорғау сала­ла­рындағы бастамаларын кө­ріп, танысуға  мүмкіндік  бар.

Көрме көрігін қыздыру үшін Еу­ро­па мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан, Тә­уелсіз мемлекеттер достастығы елде­рінен, алып қоңсымыз – Қытайдан, бауырлас түркі елдері­нен келетін мил­лиондаған жұртшылық қазақ елінің бүгінгі жетістіктерін өз көздерімен көріп, естіп-біледі.

Осыған дейін әлем елдері­нің көбі өз павильондарын салтанатты  түрде  таныстырып қойды. Алдыңғылардың қа­тарында тұрған Қытай, Австрия, Швейцария, Таиланд сынды елдерді айтуға болады. Болашақтың қуатын тақы­рыпқа арқау еткен павильондардың  қай-қайсысы  да  көз­дің жауын алардай әдемі. Бас сұққан адамның бас тартып шығып кетуі екіталай. Әр павильон өздерінің артықшылықтарын алға тартып, көрерменнің көңілі үшін барын салу­да. Таиланд болашақтың энергиясын өз елінде өсетін ауыл шаруашылығы өнімдерімен тікелей байланыстырса, Жа­пония өздері ойлап тапқан ауаны ластамайтын сутекті жанар­маймен  жүретін  қауіпсіз көлікке назар аудартты. Ал Авст­рия қуат машинасын көз алдымызға көрсетті. 870 шаршы метрге орналасқан па­вильон­ техникалық музей іспетті. Энергияны қарапайым тілмен түсіндіру үшін оған түрлі ойын түрлерін қосқан. «ВWM» сәулетшілері жеңіп алған бұл жоба «Австриялық қуат машинасы» деп аталады. Швейцария инновациялық үйлерімен ерекшеленіп тұр. Алпауыт АҚШ болса күні кеше өздерінің «таусылмас қуатын» көрсетті. бауырлас түріктер «Түркия – энергия орталығы» ұранымен дүниежүзілік қауымдастыққа энергетика жолындағы жетістіктермен қатар, бола­шаққа сеніммен қарайтын бейбітшілік сүйгіш ел екендік­терін паш етуде. Ал француздар  ауданы 1069,1 шаршы метр павильонға ие болған. «Жасыл» өсім бағытындағы энергетикалық бұрылыс» деп аталатын тақыр­ыппен жасыл энергетика саласындағы жетістіктерін көрсетеді. Оның ішінде болашақтың қаласы, жаңартылған энергия және экологиялық көлік түрлерін кеңінен таңдаған. Венгрия  павильоны болса, «Болашақ энергиясы бізді біріктіреді» деп, қолжетімді энергия көздерінің географиялық және экономикалық ерекшеліктерін екшейді.

Осылайша, барлық па­вильонды үзбей бес күн бойы аралап  шықтық. Жаяу жүргін­шіге бұл да аз уақыт екен. Көрме ауданындағы ерекше нысандардағы күнде өткізіліп жат­қан мәдени іс-шараларды тама­шалап тұрар болсақ, бұдан да көп уақытты бөлер едік. Нысан­ демекші, 12 мың адамға арналған Амфитеатрда ірі концерт­тік және театрланған мәдени-бұқаралық іс-шаралар күнде өтеді. Ал мың адам сыятын концерт залы Энергия холы – заманауи өнердің қазіргі орындау барлық түрлерін (джаз, қазіргі балет, камералы өнер) көрсетуге арналған бөлек сахна. Бұған қоса, көрме көрермендерінің дәстүрлі және қазіргі заманғы үздік көркем мәдениет үлгілерімен таныстыратын Өнер орталығы да бар. Ұлттық күн сахнасында әр елдің  ұлттық күндері өтеді.

Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы: «ЭКСПО» көрмесі – жаһандық ауқымдағы оқиға. Оны маңыздылығы жағынан ірі экономикалық форумдармен, туристік тартымдылығы бойынша әлемдегі ең танымал спорттық ойындармен салыстыруға болады. Көрме біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүм­кіндік туғызды. Сондай-ақ «ЭКСПО» көрмесін өткізу арқылы Қазақстан «жасыл» экономиканы дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады» деген еді. Әлемдегі мұнай мен газ қоры жыл сайын азайған үстіне азайып, ал таскөмірді пайдалану әсерінен ауаға шығарылатын зиянды қалдықтардың  артуы  жер бетіндегі климатты өз­герт­іп отырған қазіргі зама­нда энергетиканың бұл ба­ғытын таңдау ең ұтымды шешім болды. Еліміз  осы  арқылы  ха­лық­ара­лық туристік нарық­қа өз ұлттық  бренді­мен танылуына үлкен мүмкіндік  алға­нына куә болудамыз. Оның сыртында еліміз­дің салт-дәстүрін, мәдениетін, тұрмыс-тірші­лі­гін  бүкіл әлемге паш ететін­дей тың  жобалар да жүзеге  асуда.

Жуырда ғана әлемге танымал басылым «The New York Times» 2017 жылы баруға болатын елдер­ тізіміне Астана қаласын қосыпты. Басылым саяхаттанушыларға мешін жылы назар ау­даруға кеңес берген 52 ба­ғытты анықтаған. Соның ішінде елімізде өтетін «ЭКСПО-2017» халық­аралық маманданды­рылған көрмесі рейтингте 26-орында тұр. Онда көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы» екені айтылып, соңғы жылдары  ашылған  таңғажайып­ мейманханалардың көп­тігін материалға ар­қау  етіпті.

Десе дегендей, келіп, көріп, Астананың әсем­дігіне сүйсініп жатқан көрермендерінің қатары күн сайын артып отыр. Оны тамашалауға 20 күн­де жарты миллионнан астам адам келді. Астана­ға жұрт ағылып жатыр, ағылып жатыр... Көрме аяқталғанша келушілер­дің қатары 4-5 миллион­ға жетуі мүмкін деген жоспар  бар.

Көрме алаңында төбе­сі жабылған демалыс, аялдау орындары арнайы соғылған. Шаршағанның демін алатын жерлер өте көп. Ашық аспан астындағы әлемді аралап жүр­ген көрме көрермендері кез келген уақытта тамақтанып, тынығып, саяхатын емін-еркін жалғастырып жүр. Ғажап! Сырт­тан қарап сүйінетін, дұшпаның күйінетін көрініс деуге де болады. Көкірегіңді кернеген қуаныштан күлуге де, жылауға да болады.

Бұл – біздің Әлем алдын­дағы  мол табы­сымыз! Асқақтай  бер,  Астана!­

 

Гүлжан  РАХМАН,

журналист.

арнайы «Халық» газеті  үшін,

Астанадан.



 

Пікір-пайым

 

Алдан  СМАЙЫЛ,  жазушы,  публицист,

ҚР  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты:

- «ЭКСПО» белгілі бір кезеңдерге технологиялық дамудың негізгі бағыттарын айқындайтын және соны жүзеге асыратын көрме болып есептеледі. Мәселен, Астанада өтіп жатқан халықа­ралық көрменің мақсаты жасыл экономиканы дамыту болып отыр. Себебі күндердің бір күнінде әлемде көмір де, мұнай да таусылады. Оның үстіне жер шарының экологиялық жағдайы күрделеніп бара жатыр. Сондықтан әлем жел мен су энергияларына, басқа да энергия түрлеріне көшеді. Бұл үрдіс басталып да қойды. Ал Қазақстандағы «ЭКСПО» бұл мәселеге әлемнің назарын тағы бір аударуды, осы саладағы әлем елдерінің­ жетістіктерін насихаттауды және мүмкіндігінше игеруд­і көздеп отыр. Сол тұрғыдан алғанда Астанадағы «ЭКСПО»­ көрмесінің маңызы ерекше.

Көрме уақытында елімізге шетелдерден көптеген қонақ келеді. Олар Қазақстанмен танысып, оның экономикалық, рухани, әлеуметтік мүмкіндіктерін көріп, зерттейді. Қонақтар­ арасында мемлекет басшылары, кәсіпорын, корпорация жетекш­ілері сияқты әртүрлі кәсіп иелері болады. Бұл кісілер Қазақстанға инвестиция салып, елімізбен іскерлік қарым-қатынасты орнатуы мүмкін. Осы жағынан алып қарағанда, басқа­ елдермен саяси-экономикалық байланыстың жаңа арнала­рын  ашып, ұтамыз.

Астанаға туристерді тарту керек екендігін де естен шығармайық. Жалпы, Еуропа елдерінде, Швейцария сияқты таби­ғаты­ өте әсем жерлер болмаса, туристер көбінесе қалаларға барады. Мысалы, Париж, Мадрид, Вена, Флоренция, Венеци­я сынды шаһарларға қызығады. Астанаға да сондай қызығушылықты тудыру керек. Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін де сырт елдермен қарым-қатынас жасамай отыра алмайсыз. «ЭКСПО»­ кезінде Астанаға энергетикамен айналысатын үздік ғалымдар да келуі мүмкін, келеді де. Олармен келісімшартқа отырып, болашақта бәлкім, Астанада жасыл экономиканы дамытаты­н, сол төңіректегі жұмыстармен айналысатын, сол саладағы  мамандарды дайындайтын оқу орнын ашармыз. Яғни, халықаралық көрме арқылы ғылыми байланысты да дамыту­ымыз  керек.  «ЭКСПО»  көрмесінің еліміз үшін осын­дай­ жан-жақты маңызы бар.

 

Шархан  Қазығұл, журналист:

Қазақтың атын әлемге бірді-екілі адам ешқашан атойлап шығара алмайды. Елдің атын ел болып шығара аламыз. Бұл – аксиома. Қазақ елін осы уақытқа дейін әлем танып білді деп айту қиын. Өз басым ЭКСПО-2017 жобасын жеңіп алғанымыз­да қатты қуандым. Өйткені ЭКСПО – қазіргі заманғы әлем тарихының ең басты атрибутының бірі де бірегейі.

ЭКСПО өткізген ел дүние тарихына алтын әріптермен жазылы­п қалатыны  хақ. «Соқыр десең Құнанбайға тиеді», бұған дейін осы төңіректе «анау-мынау», «ырың-жырың» әңгімеміз көп болды. Мұндай «пыш-пыш» бізді ел қылмайды. Жиған-тергенін тек тойға шашуды тілеп тұратын халық емес пе едік?! Томаға-тұйықтық пен қасаңдық бізге ешқашан опа бермейтіні қазір дәлелдеуді керек етпей қалды. Дүниеден өз орныңды ойып алу – қиямет-қайым шаруа. Шаш етектен шығын­  шығармай, шашбауыңды көтеретін ел табу қиын қазір. Бізге басқа елдер ұмтылу үшін ең алдымен біз оларға өзіміз ұмтылуымыз  керек.

Таңдау – мықты мемлекеттерде. Бізде қазір таңдау бар ма? Анығы сол, өзімізді әлемге танытудың бұдан басқа жолы жоқ. Өзіңді де сыйлататын күнге жету үшін өзің де сыйлай білетін күнді бастан өткеру керек шығар! Құдайға шүкір, ЭКСПО аясында­ елдігімізді көрсетіп жатырмыз. Шынымызды айтамыз­ деп, сырымы­зды ашып алмайық, ағайын! «Державамыз» деп шалбары сөгіліп кете жаздайтын Ресейдің өзі өткізген жоқ мұндай  халықарал­ық жоғары деңгейдегі шараны. Ал бізге, ойбай­-ау, әлем халықтары келіп, сәлем салып жатыр ғой. Сондық­тан да қазақ үшін мақтана білейік. Елің үшін мақтана білу де – үлкен өнер. Тіпті осыдан асқан өнердің атасы бар ма екен?!

 

Петер  ВИСКОВСКИЙ, Австрия:

– Көрме кешенінің инфрақұрылымы өте ыңғайлы­ жасалған. Мұнда Астана экономикалық форумына қатысатын болғандықтан, әлі біраз күн осында боламын. Әлем павильондарымен танысуға мүмкіндігім бар, әсіресе, АҚШ, Венесуэла елдері­нің­ тақырыптық павильондары қызықтырады­. Астан­аға алғаш келіп тұрмын, архитектуралық түрлілігімен Лас-Вегасқа ұқсайтын әдемі қала екен.

 

Вера  СВАНСОН, АҚШ:

– Мен АҚШ университетінде биология факультетінің «Қоршаған ортаны қорғау» мамандығын бітірдім. Ата-әжеміз 1990 жылдары Қазақстанның Жамбыл облысынан АҚШ-қа қоныс аударған екен.

Мен АҚШ павильонына келген қонақтарға таны­стырушы студенттердің қатарындамын. Қазақстанға ең алғаш 2015 жылы оқу мақсатында келген­мін. Астана, Ақтау, Алматы секілді әсем қалаларды көрдім. Ұлы Жібек жолы бағытымен Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларын аралап, Шарын шатқалы­ мен Қайыңды, Көлсай көлдерінің сұлулығын тамашаладым.­

Қазақстан мені таңғалдырады. Қазақ халқы қонақжай, ашық, еркін, адаммен тез тіл табысып кетеді. Сонымен қатар, батыстағы ландшафты өлкенің кереметтігіне сөз жоқ. Астананың айналасы­ дала болса да, әдемі. Батқан күннің өзі картинаға ұқсайды. Өзім осында келгеніме қуаныштымын.

 

Лу  ДЖЭ ПИН, Қытай:

– Мен АҚШ-тың Питсбург университетінің студентім­ін. Мұнда Шанхай қаласынан келгеніме бесінші күн болды. Маған, әсіресе, Астананың ауа райы ұнады. Шанхайда күн ыстық болса, мұнда қоңыр салқын, самал ескен жел. Күн шығып тұрса да, адамға өте жайлы ауа райы екен. Өзім Австралия, Германия, Голландия елдерінің павильонын тамашалап үлгердім, бәрі керемет экпозициясымен ерекшеленеді. Көрме кешенінің архитектуралық көрінісі де  өзгешелігімен  ұнады.

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2017 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары