Өзекті мәселелер

  • 15.08.19

    Қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Бұған дейін мәжіліс залында ине шаншар орын болмайтын. Бұл жолы орын бос болды. Шамасы, ақжағалылар тамылжыған тамызда тынығуды жөн санаса керек. Жә, бастысы, ол емес.
    Аппарат мәжілісінде екі мәселе таразыға тартылды.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Өткен аптада Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінде қарбыз шырынын шығаратын цех алғашқы өнімін сынақтан өткізді. «Енді Жайылмада қарбыз кластері дамиды» дейді білетіндер. Лайым солай болғай! Естеріңізге салайық, осыдан тура 6 ай бұрын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сүйінші жаңалықты Жаңақорған ауданының әкімі  Ғалым Әміреев бірінші болып жеткізген-ді. Сол кезд...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Жасыратыны жоқ, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп нәрсеге мүмкіндігі жоқ деген қате пікір әлі де бар. Алайда әр пенденің бұйыратын өз несібесі бар. Біреудің қолынан келмеген іс екінші адамның қолынан тууы мүмкін. Сол секілді айналадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекпен жетіп жатқан жұмыстарына қолдау көрсетіп, шынайы баға беруді міндет санағанымыз жөн. Сондай өмірге құштар, ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Кәсіпкерлік дамыса, еліміз де өркениетке өрлейді. Жұмыссыздық азаяды. Нарық халыққа қажеттіні қамтиды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдауды арттырды. Іскерлік мүмкіндігін молайтты. Солардың қатарында сырдариялық тұрғындар да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде. Мұны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы  мен ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Сәрсенбінің сәтті күнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімовтың қатысуымен брифинг өтті. Бір ерекшелігі, Олжас Азатұлы қашанда өзімен бірге спорттың әр түрінде жеңімпаз атанып, ел намысын қорғап жүрген қызылордалық өрендерді баспасөз мәслихатына  ертіп әкеліп, БАҚ өкілдерімен бетпе-бет жүздестіреді, кері байланыс орна...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 01 Тамыз 2017

Иранға ашылған есік PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.08.2017 16:21

Биыл Париж қаласында өткен Халықаралық эпизоотиялық бюросы Бас Ассамблеясының 85-сессиясында Қызылорда облысын аусыл ауруы бойынша вакцина қолданылатын таза аймақ қатарына енгізді. Бұл дегеніміз – өңір үшін үлкен жетістік. Өйткені Елбасы жүктеген міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік молая түсті. Қолда бар қорды есептей отырып, енді экспорттық әлеуетті арттыруға тиісті шаралардың алғашқы легі де атқарыла бастағандай. Осы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі біздің аймаққа 25 тонна қой еті мен 100 тонна сиыр етін сыртқы нарыққа шығаруды тапсырған. Десе де, аймақта халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ет комбинатының болмауы өнімдерді шетел асыруға қолбайлау болып отыр. Сондықтан аймақтағы іргелі шаруашылықтың бірі «Сыр маржаны» ЖШС мен Иран Ислам Республикасының «Inchen Broon Cooperative, Inc» компаниясы келісімге келіп, бұған дейін түйіні тарқатылмай келе жатқан мәселені шешу жолдарын қарастыруда. Қазіргі таңда ет комбинатының жоба-сметалық құжаттары дайындалу үстінде.

85 миллионнан аса халқы бар Парсы мемлекетінде қой етіне сұраныс жоғары. Биылдың өзінде ирандық компания 10-15 мың бас тірілей қозы және күз айларында ірі қара малын импорттауды межелеп отыр. Осы мақсатта қала іргесіндегі Абай елді мекенінен «Экспорттық карантиндік алаң» ұйымдастырылған. Онда сыртқа тасымалданатын малдар толықтай тексеруден өтеді.

Елбасы биылғы жолдауында «аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс» деген болатын. Сонымен қатар ішкі нарықты зерттей отырып, экспорттық әлеуетті 40 пайызға арттыру жоспарланған еді. Бұйырса, Иран мемлекетіне алғашқы лекте Жаңақорған ауданындағы «Нұрболат» ШҚ-нан тірідей 800 бас қозыны жібереміз. Кез келген ел тауарды қабылдаған кезде сақтық танытады. Біз бұл мәселелерді де бір жолға қойдық, - дейді Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Пірмұхаммед Сыздықов.

Тағы бір айта кетерлігі, әзірше Қазақстаннан тірілей қойларды тасымалдауға рұқсат алған жалғыз «Inchen Broon Cooperative, Inc» компаниясы болып отыр. Аталмыш компанияның бас директоры Али Сагеди Қызылорда қаласынан өз өкілеттілігін ашуды жоспарлаған. Егер жоспар сәтті жүзеге асатын болса, Иранға экспортталатын ауылшаруашылық жануарлары біздің облыс арқылы тасымалданбақ. Бұл Сыр өңіріне серпіліс әкелері сөзсіз.

Қозы  Көрпеш  Жасаралұлы

 


Күнтізбе

< Тамыз 2017 >
  2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары