Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018

Кәсіпкерлер палатасының Кеңесіне жаңа төраға тағайындалды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.01.2018 14:28

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің жаңа төрағасы тағайындалды. Бұдан былай бұрынғы судья Кеңесте төрағалық ететін болды.

Қайыркелді Темірбаев 1954 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1971 жылдан бастап 2017 жылға дейін сот жүйесінде жұмыс істеген. Атап айтқанда, еңбек жолын Қазалы аудандық сотында хатшы болып бастап, Қазалы, Жаңақорған аудандарында сот орындаушысы, Сырдария, Жалағаш, Қазалы аудандары мен Қызылорда облысының судьясы қызметтерін абыройлы атқарған.

Саладағы еңбегі үшін бірнеше рет Қызылорда облыстық сот төрағасының, Қазақстан Республикасы Соттар Одағының, ҚР Жоғары сот төрағасының алғыс хаттарымен, құрмет грамотасымен марапатталған. Сот саласындағы еңбек өтілі 20 жыл.

Айта кету керек, Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді жедел әрі жүйелі шешу мақсатында құрылған.

Кеңестің негізгі міндеттері:

- кәсіпкерлер құқығын және кәсіпкерлік қызметтің бостандығын қорғау;

- мемлекеттік органдар мен мекемелерге кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныстар беру т.б.

Кеңес құрамына жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, бизнес және БАҚ өкілдері енгізілген.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қаңтар 2018 >
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары