Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 09 Қаңтар 2018

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА АУРУХАНА АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.01.2018 16:50

Аудан орталығы Әйтеке би кентінде 150 орындық орталық аудандық аурухана пайдалануға берілді.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев жаңа емдеу мекемесінің ашылу салтанатына қатысып, дәрігерлер мен кент тұрғындарын жаңа аурухананың ашылуымен құттықтады.

«Қазіргі таңда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміздің денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде дамуда, Қазақстанның түкпір-түкпірінде озық технологиялармен жабдықталған жаңа медициналық мекемелер ашылуда. Бүгін, міне, 150 орындық аурухана ашылды. Бұдан бөлек, биыл осы аурухана жанынан 250 орындық емхана салуды көздеп отырмыз. Қазір емхана құрылысын салу бойынша құжаттары әзірленуде», - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы аурухана ұжымының жұмысына сәттілік тілеп, жаңа «Жедел жәрдем» көлігінің кілтін табыстады.

Сондай-ақ, аурухана үшін құны 400 млн теңге тұратын ангиограф медициналық қондырғысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында алынуда. Бұл қондырғы жедел және сапалы ота жасауға септігін тигізіп, Қазалы, Қармақшы, Арал аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

Аудандық аурухананың ашылуына қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Абай Тасболатов, Мұхтар Ерман және Геннадий Шиповских пен аудандық денсаулық сақтау саласының ардагері Орақ Кеубасов қазалылықтарды қуаныштарымен құттықтады.

Сондай-ақ, облыс әкімі аудандық сот жаңа ғимаратының ашылуына қатысты. Ғимарат ішінде судья мен хатшылардың кеңселері, сот мәжілісі залдары мен мұрағат, кеңсе және қызметтік бөлмелер орналасқан.

Түстен кейін аймақ басшысы Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының 2018 жылғы даму жоспары мәселелері бойынша жиын өткізіп, жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесіп, аудан және облыстың өзекті мәселелерін талқылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


СЫРДАРИЯДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.01.2018 12:33

Сырдария ауданында жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, түйткілді мәселелер шешімін табуда. Соның ішінде, жол мәселесі де тұрақты назарда болып, әр жылы кент орталығында және елді мекендерде көшелер асфальттанып жатыр. Өткен жылы да осы салада жүйелі жұмыстар жүргізіліп, бірнеше көшеге тас жол төселді.

«Жол қадірін жүрген білер» демекші, бұдан біраз жыл бұрын аудан халқы «жаңбырлы күні көшеде жүру мүмкін емес» деп базыналарын айтатын. Ал қазір ондай әңгімелердің ауылы алыстады. Өйткені, әр жылы ауылдарда 3-4 көшеге тас жол салынып, тұрғындар өз алғыстарын айтып келеді. Өткен жылы ауданда жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүрді. Ең бастысы, көп жылдар бойы арман болған Іңкәрдария елді-мекеніне кіреберіс жол асфальтанды. Бірнеше жыл қатарынан айтылып келген жолға бюджет қоржынынан 291,0 млн. теңге қаржы бөлініп, «Қызылорда жолдары» серіктестігі тас жол төседі. Сөйтіп, іңкәрдариялықтар бүгінде асфальт жолдың салынғанына ризашылықтарын білдіруде.

Бұдан бөлек, 2017 жылы кенттегі 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстарына 61,0 млн. теңге қаржы бөлініп, Қ.Бөдеев, Ақтам-2, Жеңістің 50 жылдығы, Желтоқсан, Қазақ, Жамбыл көшелерімен бірге Жамбыл тұйығы жөнделді. Жұмыстарды сапалы жүргізген «Дорстрой» серіктестігінің жұмысшыларына тұрғындар дән риза. Сонымен бірге, кентке қарасты О.Мәлібаев ауылы бөлігінде орналасқан Т.Қозыбаев, Ақтам, Қызылдихан, Айтбай арық, кенттегі А.Тоқмағанбетов көшелеріне жөндеу жұмыстары жүрді. Сонымен қатар, мұндай жұмыстар А.Тоқмағанбетов, Жетікөл, Қоғалыкөл, Айдарлы ауылдарында да атқарылды.

Жалпы айтқанда, өткен жылы елді мекендерде 14,6 шақырым жол жөнделіп, сырдариялықтар таза жолмен жүріп, алғыстарын білдіріп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын таппақ.

 


Күнтізбе

< Қаңтар 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары