Өзекті мәселелер

  • 13.12.18

    Жазылған  жайттың  жалғасы

    Қоғамдағы кейбір жайттарға көңілі толмаған, мәселесіне тиісті орындардан мардымды жауап ала алмаған­ жандардың бір ықпалы тиер деп БАҚ-қа үміт артып келетіні бар. Жалпы, бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты мен міндеттері, онда қызмет ететін журналистердің басты қызметі – қоғам үшін маңызды ақпарат іздеу, табу, аны...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Анар   РАХЫМЖАНОВА,

    желтоқсан  оқиғасына  қатысушы:

    «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, сол қызметке Г.Колбин таға...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Қай күні ақын Ұлықбек Бекұзақұлы «Ит жылы дүниеге келгендіктен бір-бірімен «ырылдасып» ойнап, әзілдің түбін түсірген (және түсіретін – ред.) «Сырдың бес серісі, бес перісі» атанған 58-дер: Бекұзақ Тәңірбергенов, Сұраған Мырзаев, Ниятолла Раманқұлов, Серік Ыдырысов және Оңталап Нұрмахановтар болатын. Бұлардың соңғы екеуінен басқасы «түйе қарап» кетті...» деп жазған еді. Уақытынд...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    ШҮКІРШІЛІК

    «Түн баласы дөңбекшіп, олай бір аунап, былай бір аунап, ұйықтай алмай, көрер таңды көзіммен атырамын» дейді де отырады бір парақор. Құлқындап өліп жүрсе де, жүрегінің арғы бір терең, қапас түкпірінде ұят пен ардың болмашы бір қалдықтары, тозаңдары қалғанына да әйтеу...

    Толығырақ...
  • 13.12.18

    Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы тың мәселелерге толы. Әрбір Жолдау мазмұны қоғам дамуы үшін өте маңызды. Барлық жұмыстар тек билік өкілдеріне ғана емес, ел азаматтарына да үлкен міндеттер жүктейді.

    Осы жылдың күзіндегі Жолдауда мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ұлт көшбасшысы аталмыш заң мұғ...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 10 Қаңтар 2018

КӨККЕСЕНЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
11.01.2018 10:07

Көгілдір  көк  күмбезімен, ерекше  сұлулығы,  тұтас әсемдігімен шебер тұрғызылған кесене кезінде көргендердің көз жауын алған. Ғимарат Айша бибі, Алаша және Жошы хан күмбездерімен ұқсас, көркемдік нақыш­та­рымен үндес болған. Шыңылтырланған ақ сылақ пен көк сылақ, өзге де бояуларымен әрленген, төрт құбыласы сай өрнектер пропорция құраған. Осы жайлы орыс ориенталисі Е.И.Шмидт «Қырғыз даласының очерк­терінде» тамсана баяндаған.

Хиуа тағында 1645-1663 жылдары отырған тарихшы Әбілғазы Баһадүр хан өзінің 1661 жылы жазып шыққан «Түрікмен шежіресі» кітабында осы мавзолей жайлы алғашқы болып мәлімет берген. Заманына сай жеткілікті білім алған, араб, парсы, түркі тілдерін меңгерген, көп елдерді аралаған төл тарихшының осы еңбегін академик Х.Френ «Шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс» деп бағалаған. Қазақ Совет энциклопедиясында  төмендегіше жолдар  бар.

«Оғыз-қыпшақ заманында (XI ғ.) Сырдария жағасына­ (Қызылорда облысы, Төмен­арық  станциясының  Солтүс­тік батысында тұрғызылған сәулетті күмбез) Көккесене Мамыш бектің (алып Мамыш, Алпамыс) жұбайы Баршын сұлудың (Гүлбаршын) қабіріне салжұқ-Хорезмшах заманы сәулет өнері үлгісі­мен (биік мұнаралы) салынған. Қабырғаларын Алаша хан күмбезі секілді қыштан кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қалаған. Көккесене Қарахан мазарына өте ұқсас. Қазір бұл тамаша  ескерткіш  түгел дер­лік бұзылған. Көккесенеге таяу жерде Баршын сұлудың әкімшілік құрған астанасы Баршынкенттің құлаған орны  бар. (А, 1995, 6-т. 11-б)

Сәулет өнерінің осы айтулы ғимаратының ертеден бар екендігін Балх қала­сынан шыққан мұсылман әлемінің ірі ғалымы, кезінде саяха­ттап Мауереннахр аймағын аралаған Махмуд ибн Вали өзінің «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахйар» атты еңбегінде «Большими городами (Туркестана) которые при Чингисхане были центрами его, являются Келуран, Каракорум, Кок кашене и Дашт и Кипчак» деп жазыпты («История Казахстана в персидских  источниках» V-том, А 2007 стр. 300).

Ойраттардың қазақ же­ріне  алғашқы  шабуылы зама­нында да Көккесене мавзолейі жазба тарихта аталып өткен. Өзбекстан Ғылым Академиясының архив қо­рында сақталған Б.А.Ахмедовтың орысша аударма­сындағы Масуд Кухистанидың «Тарих-и Абу-л-хайр-хани» шығармасында Уз-Тиму­р-тайшы әскерлері мен Әбілхайыр хан сарбаздарының соғысы алдындағы кездесуі (1457 ж) жайлы төмендегіше  хатқа  түскен.

«Когда дошли до мес­теч­ка  Дуржи Кутли Кийат в Нур-Тукайе, что рядом с Кок-Кашене перед ними, подобно горе, предстояло вражеское войско» («История  Казахстана  в  персидских источниках», V-т, А 2007, 238 стр).

Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің мүшесі, Перовск уезінің бас­тығ­ы, полковник В.А.Кал­лаур 1901 жылы жазда келіп Көккесенені зерттеген. Ол толтырған 11 желтоқсандағы №6 хаттамаға қарағанда ке­сене күмбезінің ішкі жағында айнала жазылған арабша жазбаларды кеңсе қызметкері Жайлыбаев көшіріп ал­ға­н, фототаспаны А.Я.Уткин­ түсірген. Каллаурдың ай­туынша, ғимараттың артқы бөлігінде сағана болған, еденнен төмен түсер ауызғы жағы тасқа толып бітеліп қалға­н. Сағана үстінен мұсылман әулиелерінің мазарларына тән жасаулы құл­пытас орнатылыпты. Кал­лаур анықтамаларынан ұғылатыны мавзолейді ша­шы­лған қыштан, қоқыстан тазартушы құлпытас орнатып, ту қоюшы бұл жерде «Көккесене ата» аты беріле­тін жаңа әулие орнын ашуға ойы бар Сығанақ шырақшысы болса керек деп түсінік келтірілген. Каллаур зерт­теулері кезеңінен бері көп­теген ғалымдар мен өзге зерт­теу­шілердің Көккесене ту­ра­л­ы еңбектері мен мақалалары­ жарық көргені мәлім. Осы жолдардың авторы да 2002 жылдың тамыз айында Қожамберді ауылындағы ақ, көк шеңгел, жыңғыл мен жантақ араласқан тырбық бұталар арасындағы биіктігі 2, үстіңгі диаметрі 10 м болатын конус тәріздес төбешік болған ғимарат орнын көруге арнайы барған еді. Ғимарат төбешігіне деңгейлес теріск­ей - батыс бетте өзара 10-15 метр қашықтықта бір түзу бойында үш төбешік орна­ласқан екен. Соңғы төбенің бөгетке ұқсатарлық ұзындығы 150 метрге жуық құйрығы одан әрі еңіске созылып­ты. Бұл төбешіктер қайсыбір зерттеушілер па­йымдағандай ғимараттар орны емес, кезінде кірпіш­тер, әшекейлі «изразецьтер» мен сырлы бояулар дайындайтын қосалқы құрылыс-өндірістік нысандары бол­ғанын болжалдауға болады. Көргеніміз бен түйгеніміз жайлы  аудандық  газеттің сол жылғы №42 санында «Қаратаудан көрінген Көк­кесене»  тақырыбында мақаламыз  жарық  көрген.

Көккесенеге таяу деуге болмас, әйтсе де археолог-ғалымдар Сырдария ауданы Қоғалы ауылының оңтүстік шығысында 4-5 шақырым жерде Баршынкент қаласының  орны  болғандығын  сөз етеді. Қа

 


Күнтізбе

< Қаңтар 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары