Өзекті мәселелер

  • 16.08.18

    2018 жылдың 2 тамызында «Халық» газетінің №30 санында жарияланған «Талдардың күйі тайып­ барады?» тақырыбындағы мақалаға орай Әйтеке би кенті әкімі аппараты төмендегі ақпаратты ұсынды.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі­нің Су ресурстары комитеті Сырдария өзеніндегі су шаруашылығы жағдайының өзгеруіне байланысты­ Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысын...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Топырағымыз құнарсыз, сор болса да, аймағымызда есірткі өсімдігін өсіру өршіп тұр. Қарапайым өсімдікке қолайсыз табиғаттың нашаға келгенде өте қолайлы болғанын қарасаңызшы! Нәтижесінде, жыл сайын есірткі түрлерін егу азаймай келеді. Соған сәйкес бұл бизнеспен айналысатын қаскөйлер де көбейіп барады. Өйткені Қызылорданың топырағында өскен есірткінің күштілігі Шудағы жабайы анашадан ...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры жақында ғана Шотландияның Эдинбург қаласында өткен “Фриндж” (“Fringe”) халықаралық өнер фестиваліне қатысып қайтты.­ Аталмыш халықаралық фестиваль 1947 жылдан бастап жыл сайын тамыз айында ұйымдастырылып келеді. Әлемдегі ең жоғары деңгейде өтетін өнер сайыстарының бірі. Биылғы өнер иелерінің додасына әлемнің 50 мемлекетінен 50000 ө...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Қайран дүние, көрген түс­тей, сонау балдәурен бала күнімізде еліте тыңдаған әдемі ертегідей өтті де кетті ғой мына өмір. Иә, әлгі ерте­гі демекші, қазіргі таңда қария жасына жетіп, енді немер­елеріміз оқып беріп жүрген ертегілерді естіге­ні­мізде анау ақбоз атқа мініп, бойжеткен қызға келетін ханзадаға кездесуді келешегінен нәзік үміт күткен әрбір ару аңсай арман­дайды  екен-ау. Енді бүгін өтке...

    Толығырақ...
  • 16.08.18

    Биыл Елбасының «Әлеуметтік бес бастамасының» арқасы­нда жас түлектерге арнайы қосымша 20 мың грант бөлінді. Бұл  керемет  жаңалық­қа  бөріктерін  аспанға  лақтыр­ған ата-ана, талапкер қалмаған шығар. Хош, бұл бастаманың нәтижесіне таяу күндері 20 мыңдық грант иелерінің тізімі анықталғанда бір қуанармыз. Десе де, әңгіме басқада... Жалпы, жастардың қатары жұмыссыз жүргендердің ішінде 90 пайызды қ...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.01.2018 10:08

Қызылордада Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттерін талқылауға бағытталған актив отырысы болып өтті.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев Төртінші өнеркәсіптік революция – болашақ емес, бүгінгі күннің көрінісі екенін атап өтті.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы өмір сүру жедел бейімделуді талап етеді. Жуырда Татарстан Республикасына іссапар барысында олардың тың жаңалықтары көп екеніне көзіміз жетті. Иннополис «ақылды қаласында» тіпті мектеп оқушыларының өзі 3D-принтерлерді қолданып жүр. Осы орайда облыс әкімінің арнайы білім гранттары бөлініп, Елбасы Жолдауында көрсетілген болашақта сұранысқа ие болатын кадрларды дайындайтын боламыз»,- деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы лауазымды тұлғаларға облыс мектептерін интернет және видеоқұрылғылармен қамтамасыз етіп, балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру және жас ғалымдарға ғылыми гранттар аясында квота бөлуді жүйелі қолдану бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Жаңа Жолдау шеңберінде жұмыс істейтін және басқа да жоспарланған шаралар туралы мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, И.Жахаев атындағы күріш шаруашылығы қазақ ғылыми-зерттеу институының бас ғылыми қызметкері, «100 жаңа есім» бағдарламасының жеңімпазы Александр Подольских, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Индира Ақжігітова, «Orda Glass Ltd» ЖШС басқарма төрағасы Ержан Сағымбаев және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі Сәбит Ибадулла баяндады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


«Бастау Бизнес» жобасы аясында қызылордалықтар 947 млн теңге алды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.01.2018 09:48

Елбасы биылғы дәстүрлі Жолдауында «Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек», - деп басымдық берді. Бұл мәселе әрине нәтижесін беруде. Былтыр елімізде басталған «Бастау Бизнес» жобасы Қызылорда облысында пилоттық режимде 5 ауданда: Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында өткен болатын. Жыл көлемінде 937 ауыл азаматы оқытылып, 358 азаматтың жобасы қаржыландырылды. Жоба аймақ азаматтарын жаппай кәсіпкерлікке тартуға, жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Осы жоба аясында несие алып, кәсібін  дөңгелетіп отырғандар қатарында  кәсіпкер Ерлан Жұмабаев та бар.

Баймұрат батыр ауылының тұрғыны Ерлан Жұмабаев өз кәсібін осыдан 4 жыл бұрын бастаған. Облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгініп, несие алады. Алған қаражатына азын аулақ ірі қара алып, мал шаруашылығымен айналысады. Кәсібі өрлеп, алған несиесін төлеп болған соң, тағы да палата көмегіне жүгініп, бизнесін дамыту үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 6 млн теңге несие алады.

Бүгінде жиырмадан астам ірі қара малын бағып, кәсібін дөңгелетіп отырған шаруа, алдағы уақытта мал бордақылап, сүт өндіруді жоспарлап отыр. Одан бөлек, мал қорасын кеңейту де ойда бар. Айта кетейік, кәсіпкер Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы үйін кепілге қойып алған қарызын 6,5 жылда 6 пайызбен қайтарады. Бұл шаруа бастаймын деген адам үшін ең тиімді несие екендігін айтады.

«2017 жылдың кәсіпкерлік саласындағы үздік жобасы ретінде «Нәтижелі жұмыспен қамту 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясындағы «Бастау Бизнес» жобасын айтуға болады. Жоба біздің азаматтарымызды жаппай кәсіпкерлікке тартуға айтарлықтай сеп болды. Ерекшелігі – кәсіпке икемі бар азаматтарды тест арқылы іріктеп алып, 1 ай оқыттық, содан кейін бизнес-тренерлерімен бірге бизнес-жоспарлары әзірленді. Дайын жобаларды жергілікті және облыстық комиссия алдында қорғап, сертификаттарын алады. Әрі қарай бұл жобалар қаржыландыру үшін қаржы институттарына жолданады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жобаларды қаржы институттары: «Қызылорда» инвестициялық орталығы мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалы қаржыландырды», - дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Биыл да бұл жоба өңірде жалғасатын болды. Жоспар бойынша жобаға жоғарыда аталған 5 ауданнан өзге Жалағаш және Сырдария ауданының тұрғындары да қатыса алады. Кәсіпкерлер палатасы жыл ішінде 1600-ден астам қызылордалықты оқытуды көздеп отыр.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


«Dalatex» 185 оқушыға тегін көйлек тігіп берді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.01.2018 09:46

Елбасының мақаласынан кейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Атамекенім» акциясына қызылордалық кәсіпкерлер де үн қосуда.

Кәсіпкерлер палатасына аймақ тұрғындарынан қайырымдылық көмек көрсету жөнінде көптеген хаттар түседі. Палата – кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсететін ұйым. Дегенмен, мұндай өтініштерге қатысты мүмкіндігіне қарай көмектесуге тырысады.

Осындай өтініштердің бірі жақында қаладағы №144 мектептен түсті. Мектеп басшылығының айтуынша, білім беру ұйымында 200-ге жуық әлеуметтік аз қамтылған, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар оқиды екен. Мектеп басшылығы осы балаларға қандай болса да көмек көрсетілуін сұраған екен. Өтінішке қаламыздағы "DALATEX" ЖШС-нің басшысы Ділмұхамед Абизов көмек көрсетуге әзір екендігін білдіріп, аталмыш мектеп оқушыларына 185 қыз және ер балаларға арналған арнайы жейделер тігіп берді.

Компанияның менеджері Гүлмира Рамазанқызы «Dalatex» ЖШС-нің құрылғанына 2 жылдай уақыт болса да қайырымдылық шараларына белсенді қатысатындықтарын жеткізді.

- Компания басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қайырымдылық шараларына белсенді қатысады. Соның ішінде осы №144 мектепке арналған шарада көмек ретінде 185 балаға жейделерді әкеліп отырмыз, - деді

«DALATEX» ЖШС – Сыр өңірінде ерлер жейдесін тігумен айналысатын отандық компания. Фабрикада барлық технологиялық процеске қажетті заманауи озық жабдық қойылған. Қазіргі таңда фабрикада күніне 500 көйлек тігіледі. Компанияда 40 жұмысшы еңбек етеді. Сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін еліміздің өзге де өңірлерінен сауда қоймаларын ашу жоспарланған. Бүгінде кәсіпкер ресейлік әріптестермен ынтымақтастық орнатып отыр.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қаңтар 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары