Өзекті мәселелер

  • 17.05.18

    Адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бар ғұмырын сот төрелігін атқаруға арнап, ардың ауыр жүгін арқалауға бел буған әділ қазылар қашанда қадамын қате жасамауға тырысады. Судья атты қасиетті ұғымға кірбің...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Мұрат  НАСИМОВ,

    саяси  ғылымдарының  кандидаты,

    қауымдастырылған  профессор,

    Толығырақ...

  • 17.05.18

    Нәзипа – қарапайым ғана ауылдың қара торы келіншегі. Осыдан 11 жыл бұрын ата-анасының қолынан ұзатылып, өзге босағаны аттаған еді. Бүгінде жасы 36-да. Адал жары, 3 баласы бар. Екі жыл бұрын әкесі өмірден озар шағында, «осы үй мен аналарың сендерге аманат, бас-көз  болыңдар» деп қызы мен күйеубаласына табыстап кеткен. Содан бері бұлар жалдап жүрген пәтерлерін біржола тастап, осында көшіп келген....

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Статистикалық мәлі­меттер бойынша елімізде болатын қылмыстардың үштен бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан орын алады екен. Ал бұл ретте қара күштің иесі ер-азаматтардан, әсіресе, әйелдердің таяқ  жеп, зардап шегетінін ескерсек, олардың тұрақтар жерге зәру болатыны анық.

    Қаламыздағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы дәл осындай жағдайға тап бол­ғандарға қол ұшын созады, уақытша болса да панала...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Айтыстың   абаданы  Серік ағам 60-қа келіпті. Ұлтының уызына жарығ­ан елдің еркесі Серік Ыды­рысовтың Сыр елі үшін орны бөлек. Сәкеңді өзімнің аяғым сынып, бауыр­ымнан  айырылып, қайғының уын ішіп жүрген көңілсіз күндердің, мазасыз түндердің бірінде ұялы телефо­н арқылы іздедім. 2017 жылдың 24 қыркүйегі түнгі сағат 11-ден 36 минут өткенде хабарлама жібер­дім. «Серік ағам бар ма екен кең дүниед­...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 24 Қаңтар 2018

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.01.2018 11:59

Елбасының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, кеше аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ел алдында есеп беру жиынын аудан орталығы Жалағаш кентінде қорытындылады. Есепті кездесуге облыс әкімі Қ.Көшербаев, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары, ауыл әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, аудан тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында аудан басшысы ауданымыздың өткен 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуы мен атқарылған жұмыстармен қоса, ағымдағы жылы алға қойған негізгі міндеттер туралы баяндады. 2017 жылы ауданымызда экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері артты. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру, негізгі қорға тартылған инвестициямыз өсіп, қарқынды даму үстінде. Қай салада болмасын ілгерілеушілік бар. Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктеріміз орасан зор. Кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар жүйелі түрде жүзеге асып, тұрақты жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Жұмыссыздық деңгейі төмендеді. 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізуге міндеттеме толығымен орындалды. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, кент және ауылдық округтердегі жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда.

Сонымен қатар, алдағы жылы Жалағаш кентінде газдандыру жұмыстары басталып, күз айларында аудан тұрғындарына көгілдір отын пайдалануға беріледі деп күтілуде. Орталық аурухананың жаңа ғимаратының құрылысына жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде. Тағы бір айта кететін жаңалық, Мәдениет ауылында 90 орындық балабақша құрылысы, 150 орындық клуб және спорт кешенінің құрылыстары қарқынды жүргізілуде. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында да аудан орталығында ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Жалағаш ауданында жарқын істер мен жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Кездесу соңында аудан тұрғындары аудандағы атқарылған және атқарылмақ жұмыстарға оң баға беріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

 


«САНДЫРАҚ» СИНДРОМЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
25.01.2018 11:47

Теріскейлік «туысқанның» «табағындағы» сыбаға Қырғызстанның үлесінен 22, Белоруссияға бұйыр­ғанынан 26 есеге көп. Яғни ортақ одақтағы межелік шарт пен өнімнің үлесі «мал – баққандікі» дегенге тура кеп тұр. Шыны керек, Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеген­іне үшінші жыл болса да, табыс­қа тұншығып отырғандары шамал­ы. Ағайын алдында жинаған бедел секілді әлемдік экономикалық терезеде тек «Бестік одақ» деген ғана атағы  танауын  көкке  көтеріп  тұр.

Халықаралық интеграцияда ең сенімді әрі ірі сауда серіктесіміз санала­тын Ресей елінің экономи­касы үшін балтырымыздың тартылып, сүйегіміздің сырқырап отырғаны рас. Өйткені біздің елдегі демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі «алдымен эко­номика, содан соң саясат» деген қағидамен ілгерілеп келеді. Ал әккі­лігі  арқылы ішкі саяси тұрақтылықты­ сақтап, «саудада достық жоқ» екенін айқын дәлелдеп отырған «аю патшалығындағы» қағида экономиканы саясатп­ен матап отыр. Оған дәлел ретінде 15 599,2 млн долларды құраған  Қазақстан мен ЕАЭО арасындағы сауда көлемінің үлесін айтуға болады. Бір келінің ішінде тарыдай түйіліп жатқан бес елдің экспорт көлемі 4600,3 млн, импорт 10998,9 млн долларды құрап отыр. Ал Қазақстанның одақ елдерімен сыртқы сауд­а айналымының көлеміндегі Ресейд­ің үлесі 92,3 пайыз болса, Қырғызстан 4,2, Белоруссия 3,5 па­йызды еншілеген. Сондай-ақ, жыл қорытындысында шеңбер ішіндегі үш елде тұтыну бағаларының өсу қарқы­ны төмендеген. Еуразиялық экономикалық комиссиясы баспа­сөз қызметінің мәліметінше, одақ елдері арасындағы ең жоғары инфляци­я деңгейі Қазақстанды шарлап жүр. Ресейде 2,5, Арменияда 2,6, Қырғызстанда 3,7, Белоруссияда 4,6 пайыз болса, біздің елде 7,1 пайыз. Экономиканың күретамыры саналатын инфляция «айдынында» «аққу ұшып, қаз қонатын» жағдай жоқтың қасы. Мұндай көр­сеткішпен бөркіңді аспанға атпақ түгілі, аяқжолыңдағы жерге қарауға да  ұяласың.

Батыстың Ресейге «балтырын» «шымшып» салған санкциясы еш­қандай сес көрсетпеген сияқты. Санк­цияның салмағын сезініп отырға­н олар жоқ. Экономикалық көрсет­кіштері өзге елдерге қарағанда «бес» болып тұр. Ұпайы түгел, есебі дұрыс. Мойындамасқа амал жоқ, бірақ  біздегі  саясат “сандырақ” синдромынан ада емес. Ортақ одаққа мүше мемлекеттер ішінде көш бастап тұрған елдің есебі шимақ күй кешу­ден таза. Әрбір аттап басқан интегра­циялық қадамына «тұсау» салып­ тастаған Батыстың бұл әре­кетіне біздің шошынғанымыз рас. Ішкі жалпы өнімнің, тұрақтылық пен тауар сатылымы үдесінің үрейін ұшырған саяси теріс құжаттың сал­қындығы тонымызбен қоса тоңдыратындай кейіпке ендік. Ал көршіміз «апанынан» шықпаған «аю» секілді міз баққан жоқ. Дегенмен теріскей­лік көрші өзінің сыртқы саясатындағы «ойыншысын» іштей нақтылап отыр. Әйтпесе Путиннің позициясы үнсіз қалуға итермелемейді. Саяси-экономикалық одақ шеңберінде тығыз әріптестік танытып отырған елдердің бір қақпанға түсуіне жол бермейтініне сенімділік бар, бірақ сақтық жоқ. Бір таңғаларлығы, аяғы­на тұсау салынса да, экономика­лық көрсеткіштерінің әзірге қалыпты дейгейде тұрғандығы. Бүгінгі күннің өзінде Ресеймен бірлесіп жұмыс жасай­тын 6 мыңнан астам кәсіпорын бар. Мұнай химиясы, тау-кен металлургиясы кешені сияқ­т­ы бірқатар салада екіжақты инвест­ициялық жобалар жүзеге асуда­. Ресей кәсіпкерлері 9 млрд доллар капиталын Қазақстанда ұстап  отыр. Өткен жылы тағы 56 келіс­імге қол қойылып, болашақта 3 млрд долларды құрайтын сауда-саттық жасалынбақ. Бұл шаруалардың барлығы да ЕАЭО аясында атқары­лып жатыр. Осы ретте Ресей экономикасының сыртқы күшке де, тосын соққыға да төтеп беретін қау­қарының барын мойындауға тура келед­і. Интеграциялық деңгейдегі ауыр соққы көршімізге ұстараның жүзіндей де әсер еткен жоқ. Оның қасында Қазақстанның инфляциялық ахуалы мен одақтағы табыс мөлшері әлдеқайда әлсіз. Сол себептен экономикалық саладағы басты серіктесімізге салынған санкцияның салқыны елімізді айналып өтеді деу де қисынсыз. Одақтың ортақ шарттарына негізделген сауда-саттықтағы валюта мәселесі де бір шешімін тапқан жоқ. Импорт, экспортта өзге елдің ақшасын тұтынуымыз өз еркі­міздің жоқтығын дәлелдейді. Дегенмен іргелес елдермен достығымыз мәңгі болмаса да, көршілігіміз сол қалпында сақталады. Ал біздегі экономи­калық байланыс пен инте­грациялық үрдістерде Ресейдің үстемдігі байқалады. Оның зияны қандай, пайдасы  қайсы  екенін уақыт  еншісіне  қалдырайық.

СЕМСЕР

 


БҰРЫН – БАСПАНА, БҮГІН – БАЛАБАҚША PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
25.01.2018 11:43

БЮДЖЕТ   АҚШАСЫ БАЛАБАҚШАҒА   ЖЕТПЕЙ  МЕ?

Жақында қаладағы «Сыр еркесі» мемлекеттік балабақшасының өжіресі өртенді. Абырой бол­ғанда адам аман. Төтеншеліктердің шалт қимылының арқасында ондағы 165 бүлдіршін мен 26 қызметкер құтқарылды. Дардай мемлекеттік мекемеде орын алған оқиға көптің көкейіне күдік ұялата бастады. Бұл салғырттық па, салақтық па? Әлде тиісті  басқарма  тарапынан бақылаудың аздығы ма? Ата-аналардың айтары қандай? Жауапты басқарма  не дейді?

Жалпы, Қызылорда облысы бүлдіршіндерді балабақ­шамен қамту бойынша алдыңғы қатарда тұр. Айталық, өңірдегі мемлекеттік балабақшалардың саны 159 болса, 394-і – жекеменшік. Бүгінде аймақта  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарын­да­ 60 мыңнан  аса  бала тәрбиеленуде. Демек, бұл сала  салғырттықты  көтермейді.

Қайбір жылы ел Үкіметі бизнесті жетілдіру мақсаты­нда кәсіпкерлік нысандарды тексеруге тыйым салғаны мәлім. Дегенмен ата-аналар тарапынан осы салаға қатысты сын жиі айтылады. Бөбекжайдағы ас-ауқатты былай қойғанда, тәрбие жұмыстарына көпшіліктің көңілі көншімейді. Алайда амал жоқ. Өңірдегі жекеменшік балабақшалардың көп екенін ескерсек, түйткілді түгелімен түгесу мүмкін емес. Бүгінде бала тәрбиелеу бизнес көзі ме? Біздіңше, солай тәрізді. Сандар сөйлесін... Мәселен, «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азамат­тарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңға сәйкес айына­ 1 балаға есептелетін шығын көлемі 26127 теңгені  құрайды. Министрліктен экологиялық коэффи­циентті  санамағанда айына 1 балаға  19354 теңге төленеді. Қолдаудан кейін баспанасын балабақ­шаға  айналдыр

 


ҚЫТАЙ ЕКІНШІ БАЛАҒА НЕГЕ РҰҚСАТ БЕРДІ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
25.01.2018 11:39

Бір жыл болды, Қытай «бір бала» саясатынан бас тартты. Енді, қалалық жердегі адамдар екі балалы болуға­, ал ауылдағы жұртқа үш-төрт ұл-қыз тәрбие­леуге рұқсат беріп отыр. Неге? Кеше ғана халық көбейіп кетсе, асырай алмаймыз дегені қайда?! Әлде, еврейлер  сияқты небесная манна тапты ма, миллиард­ жұртты  тамақтандырар?!  Жоға, себебі  тым қара­байыр. Олай  болса, түсіндірейік.

 

«БІР   БАЛА»-ға  ҚАРАҒАН ҚЫТАЙ ҚАРТАЙЫП   БАРАДЫ

«Бір  отбасы – бір бала»  саясатының  кесірінен ерлі-зайыптылар 1 ғана сәби сүюге міндетті. Әлгі балақа­й ер жетіп, үйленгенше оның әке-шешесі қар­тай­ып үлгереді. Әкеден бөлек үйде ата-әже деген бар. Қысқасы, 1 бала 4 зейнеткерді асырайтын күн жақындап келе жатыр. Бұл не деген сөз? Төрт жұмысшы қартаяд­ы да, оның орнын басуға тек бір ғана адам келед­і деген сөз. Осының кесірінен, әлемдегі ең арзан­ жұмыс  күшінің  арқасында  экономикасын  аспан­да­тып  отырған  Қытай  құлап  қалуы да  ғажап  емес.

Экономикасын ұстап тұру үшін (күлкілі болса да айтайын) гастарбайтерлерге жүгінуіне тура келеді. Бір ғана  дерек  келтірейік. 2016 жылы  Қытайдағы  жұмыс­қа­ жарамды адамның саны 3,45 миллионға кеміген. Ал 2015-2025 жылдар аралығында 15 пен 59 жастағы кісілердің саны 24 миллионға азаяды екен. Ал 65 һәм одан да кәрі кісілердің саны 66 миллионға көбеймек. Қысқасы,  2050  жылға қарай ханзу ұлтының 4/1 зей­нет­кер болады деген болжам бар.

Мұның соңы бюджет тапшылығына әкеп соғады. Тәйірі, мұндай мәселенің дәмін Қытай алғаш 2011-де бір татты. Иә, сол жылы көршінің 14 провинциясы зейнеткерлерге тиесілі 12,6 миллиард долларын төлей алмай қалғаны бар. Қытай атқамінерлері мәселені шешудің бірден-бір жолы зейнет жасын ұлғайту деп ұйғарыпты.

Иә, қызмет жылдарын ұлғайту кімге ұнасын­?  Бірақ  күннен-күнге кежегесі кейін кетіп бара жатқан Қытай экономикасын сақтап қалу үшін, амалсыз жасалған амал-шарғы. Қытайдағы жұмыс күшінің азайып бара жатқаны қазірден білініп қап жатыр. Бұрын салығы аз, жұмысшысына арзан төлеймін деп Шанхай, Бейжіңге ағылған шетелдік компаниялар ақырын жылыстап жатыр. Мәселен, кәрістік Samsung Elec­tronics Co. Пекиндегі бір зауытын жауып, онысын Вьетнамнан қайта ашқаны бар. «Бақ ауып көршіге қонды» деген осы да.

 

«БІР  БАЛА»-ның  ЕНДІГІДЕ  ІНІСІ,

ҚАРЫНДАСЫ  БОЛАДЫ

Жә, зейнет жасын ұлғайту жұмыс күші­нің жетіспеушілігін шешер. Бірақ, уақытша. Себебі, бүгін жұмысшының жетіспеу­шілігін шал-шауқанмен толықтырарсың. Ертең олар өлген соң, орнын кім баспақ?! Кім баспақ демекші?! Си Цзиньпин еліміз­ге­ ресми іссапармен келіп, Назарбаев университетінде Абайдың өлеңін оқып бергені бар еді: «Дүние - үлкен көл, Заман - соққан жел, алдыңғы толқын - ағалар, артқы тол­қын - інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер», - деп.

Осы өлеңнен соң, Си Цзиньпин: Кәрі­нің орнын жас басуы керек. Ол үшін «бір бала»  саясатын  жұмсарту  керек  деп  шешті. Сөйтіп ресми  түрде  ханзу жұрты 2 бала тууға  рұқсат  алды.

Саясаттанушылардың көбі ҚХР билігі мұндай қадамға қос проблеманы шешу үшін барып отыр дейді. Біріншісін біз айттық, екіншісін  енді  айтамыз.

 

КІШКЕНТАЙ   «ИМПЕРАТОРЛАР»

«Бір баласы бардың – шығар шықпас жаны бар» деген. Осыдан-ақ түсінікті шығар?­ Жалғызы болғасын, бетінен қақпай өсіреді. Көзі неге түседі, соны әперуге тырыс­ады. Құдды патшасындай сыйлайды. Төбесіне көтереді. Мұндай тәрбиемен (тәрбие деуге келсе)  өскен бала ертең кім болады? Эгоист, әпербақан, қатыгез, адамның жағдайын түсінуге  тырыспайтын  болып  есейеді.

Айтпақшы, «бір бала» саясаты енгізілгелі де сол отбасында  жалғыз болып ер жетіп, бой жеткендердің алды  40-қа  келсе, орта буын 20 мен 30 жас аралы­ғында­. Қатыгез,  эгоист деп қалдық қой... Қытайда болған көп қазақ  айтып жүр, қандай да бір ханзу қиын жағдаятқа тап болса, оны нәсілі басқа біреулер ұрып жатса немесе­ жарадар болып қалса, басқа бір ханзу көмектеспейді. Құдды түк болмағандай өте береді екен.  Оны  қойшы.

Жалғыз өскеннен соң да шығар, басқаға мүлдем жаны  ашымайды. Қытай билігі «Бір баланың» осындай­  кесірге  әкеп  соққанын көрген соң, екіншіге рұқсат берді-ау?!  Хош, тууды  шектеу  саясаты  тек ата-ана  мен  баланың  арасындағы қатынасқа емес, әйел мен еркектің тепе-теңдігіне әсер етті. «Жалғыз» деп шектеген соң жұрт тек «ұл тусам» дейді.

 

НЕ   ЖЕТПЕЙДІ?   ҚЫЗ   ЖЕТПЕЙДІ!

Ер баланың қыздан бірнеше есе көп болып кетуі Қытайды кәдімгідей абыржытып отыр. Жаңа туылған 100 қызға 250 ұл баладан келеді. Енді осыны мил­лиардқа шағыңызшы?! Есебіміз дұрыс болса, 18-20 жылдан соң, 24 мил

 


БЕЛГІЛІ БІР «ПЫСЫҚТАР» БІЛІМ САЛАСЫМЕН «БІТЕ ҚАЙНАСЫП» КЕТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
25.01.2018 11:31

Гүлжан  РАХМАН,

журналист,

Астана  қаласы

Соңғы жылдары білім саласындағы берекесіздік­ басылым беттерінде жиі жазылып­  жүр. Өкінішке  қарай, еліміздің бас мұғалімінің назарына ұсынылған мәселелерге мардымды жауап ала алмадық. Тағы  да  сұраймыз, қазақ мектептеріне  деген  қамқорсыздық  қашанға  дейін  жалғасуы  мүмкін?  Онсыз­  да  қоғамымызда  қазақ  мектептерінің  беделі  төмен, бала­сының  ертеңіне  елеңдейтін  ата-ана  қазақ  мектебінің біліміне сенбейді. Сенетіндер – қолы қыс­қалар мен сондай­  биікке шығуға жолы қысқал­ар. Сенбесеңіз, кез келген  қалталының  баласы  қайда  оқып  жүр­генін қарап  көріңіз. Жә, әңгіме ол туралы емес. Әңгіме, осындай идео­ло­гиямызға  иланып, баласының болашағынан үміт күтіп жүрген қарапайы­м халықтың қалтасын қа­ғушылар тура­сынд­а   болмақ.

 

МЕКТЕП   ОЛҚЫ   БОЛМАСА,

ОРТАЛЫҚТА  НЕСІ  БАР?

Бүгінде «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегенді ұраны етіп ұстанған белгілі бір топ пайда болды. Бұл топтың өкілдері баланы мектепке дайындайды, үй тапсырмасын орындатады, сабағына көмектеседі, тіл үйретеді, олимпиада ұйымдастырып, білімдерін сынатып, мақтау қағаздарын береді... Тек, мұның бәрі ақылы! Бір сыныпқа әрең сыйып отырған 40 баланың ішінде өзінің баласына көңілдің қалай бөлінетінін білетін ата-ана баласын осындай ақылы орталық­тарға амалсыз апарып жүр. Ақысы 30-50 мың теңге тұратын мұндай оқыту орталық­тарында да орын тапшы екен. Демек, «балам­ үшін» дейтін а

 


«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІЛЕ МЕ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
25.01.2018 11:29

Кеңестік жүйенің ыдырауы ел дамуына жол ашқанымен, екінші жағынан тығырыққа тіреп қойғаны рас. Өйткені экономиканың жоспарлы түрінен нарықтық қалпына өткен кезде КСРО-дан «мұра» боп қалған теңгерімсіз экономика ғана бар-тын. Экономикалық дағдарыс та осы кезеңнен бастау алды. Қалыптасқан шиеленісті жағдайды реттеу үшін ел президенті республиканың экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге кірісті. Осы тұста елімізде жекешелендіру процесі  басталып  кетті.

Ондағы мақсат – жекешелен­дірілген кәсіпорындардың экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Басты орында мемлекеттік бюджет тапшылығын азайту­ мәселесі тұрды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі үрдістің әлі күнге тамыры үзілген жоқ. Бүгінгі күні жалғасын  тауып  отырған  жекешелендірудің  мақсаты – мемлекет бюджетіне көз сүзіп, иығына мініп отырған  көптеген  кәсіпорындарды  жекенің  жетегіне­  беріп, жанданған  жұмысқа  куә  болу.

Үкіметбасының төрағалығымен өткен жиында мемлекет  басшысының  тапсырмасына  сәйкес жүзеге­ асырылып  жатқан  жекешелендіру мәселесі қозғалды­. Мемлекет басшысы да өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкін­дік­тері» тақырыбындағы жыл сайынғы Қазақстан хал­қына Жолдауы аясында мемлекеттік органдардың ведом­ствоға қарасты ұйымдарын қысқарту есебінен кеңейту мен жекешелендіру жоспарын іске асыруды жылдам­датуды, сондай-ақ әкімшілік шығын­дарды азайту үшін мемлекеттік органдардың ведомствоға қарасты ұйымдарын мүмкіндігінше шоғырла­ндыруды  тапсырды.

Айта кетейік, 2016-2020 жылдарға арналған жекеш

 


ПӘТЕР ҰРЫЛАРЫ БАСЫНЫП БАРАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
25.01.2018 11:27

Қызылордалық тұрғындар пәтер ұрыларынан зиян шегуде. Облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ғ.Төлебаев ұсынған­  мәліметке сүйенсек, 2016 жылы  Қызылорда облысында тіркелген 8878 қылмыстың 1144-і пәтер ұрлығы бойынша екені расталып отыр. Ал былтырғы статистиканы сараптасақ, жалпы қылмыстың саны – 7887, ал пәтер тонау – 1083. Өзгенің үй-жайына астыртын кіріп, құнды дүние-мүлкін қолды қылатындар аудандарда да жоқ емес. Қазалы ауданы пәтер тонау қылмысы бойынша «көш бастап» тұр. 2017 жылы онда 70 пәтер ұрлығы қылмысы тіркелген.

Бүгінгі таңда пәтер тонаған 175 тұл­ғаның  133-і ер адамдар болса, қалған 42-сі – әйелдер. Шаңырақтың шы­райын кіргізіп, отбасын асыраушы ерлер­дің осындай «әрекетпен» нан тапқа­ны қынжыларлық жағдай. Ал әйелдер­ қауымының пәтер ұрлығымен қалай айналысатыны түсініксіз. Өзге біреудің құлыптаулы үйін қалай ашады? Олардың әдіс-тәсілдері қандай? Облыст­ық ІІД ұсынған ақпарат бо­йынша, тұрғын үйге кіру әдістерінің ішінде ең көп қолданылғаны – терезе, балкон арқылы ішке ену. Діттеген межеге­ жетіп, нысанаға алған үйге кір­геннен кейінгі оқиға ұрлық жасаушылардың «фантазиясына» орай іске асады. Өткен жылы осы тәсілмен 398 ұрлық жасалған. Бұл көр­сеткіш 2016 жылы 644 болатын. Демек, пәтер ұры­лары үшін арам ойын жүзеге асырудың қолайлы жолы – терезеден кіру. Ал кіреберіс есікті бұзу арқылы былтыр 97 іс тір­келсе, 54 пәтер ұрлығы кілтпен іріктеу арқылы жасалған. Енді қайтпек керек? Пәтер ұрыларынан сақтанудың қандай да бір әдісі жоқ болғаны ма? Осы орайда айта кету керек, былтыр өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтердің бірінде төтенше жағдайлар департаментінің басшылары пәтер иелерінің ұрылардан сақтану мақсатында терезесінің сыртқы бетінен темір қоршау жасағанымен, үйде өрт немесе басқа да апат бола қалған жағдайда қиынға соғатынын мәлімдеген-ді.

Қолдағы мәліметтерді бағамдасақ, пәтер ұрлығы қылмыстарына қарсы қызылордалық тәртіп сақшылары тарапынан жүйелі жұмыс жүргізіліп-ақ жатыр.­ Мәселен, былтырдың өзінде аталмыш қылмыстың ашылуы жақсар­ған, яғни 21,5 пайыздан 27,9 пайызға жоғарылаған. Ал профилактикалық шарал­арға келер болсақ, Қызылорда ОІІД-нің Криминалдық полиция басқармасымен Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімі және барлық аудандық ішкі істер бөліністерімен әр жылдың басында жоспар құрылады. Сол жоспарға сәйкес профилактикалық шаралар атқары­лған. Өткен жылы қала орталығында 5, аудандарда 14 жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілген.

Қарап отырсақ, құзырлы органдар тарапынан аталмыш қылмыстың алдын алу, оны ашу үшін біршама іс атқарылуда. Статистиканы сөйлетсек, өткен жылғы көрсеткіш 2016 жылға қарағанда төмендеген. Бұл бізге автоматты түрде қылмыс санының азайғаны туралы түсінік береді. Алайда санаулы ғана, 835-тен 821-ге, бар болғаны 14 іске азайған. Демек, қызылордалық тұрғындар түпкілікті түрде пәтер ұрыларынан қорға­на алмай отыр. Неліктен? Сал­дары белгілі. Себебі қайсы?

 


ҚАЗАҚСТАНДЫ ДАМЫТУШЫ КҮШ – ЭТИКАЛЫ МЕНЕДЖЕРЛЕР МЕН ЕҢБЕКҚОР КӘСІПКЕРЛЕР PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
25.01.2018 11:23

Әйгерім  БОЛАТҚЫЗЫ,

Боккони  университетінің  лекторы,

Сингапур Ұлттық  университетінің  Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат  мектебінің  кеңесшісі:

Әйгерім Болатқызы  Моңғолияда дүниеге келсе де, өзінің қазақ екенін бір сәт те естен шығармаған. Оны құрғақ сөзбен емес, қыруар ісімен көптен бері дәлелдеп жүр. Қазақ, орыс, ағылшын, чех, моңғол, итальян тілдерін жетік меңгерген ол халықаралық қатынастар, экономист, мемлекеттік саясат мамандықтары бойынша Моңғолия, Сингапур, Чехия мемлекеттерінің жоғары оқу орындарында білім алған.

Италияның Милан қаласындағы Боккони университетінде 2015 жылдан бері лектор және МРА магистрлік бағдарламасының меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Моңғолия мемлекетінің «Талантты жас буын» алтын медалін және Сингапурдың «Гарвин» лидерлік атағын, сонымен қатар 2017 жылы Қазақстанда «Жыл патриоты» құрмет белгісін иеленді.

Ерекше атап өтерлігі, Әйгерім 2016 жылы Боккони университетін Қазақстандағы «Болашақ» бағдарламасының негізгі тізіміне енгізді. Оның өзге де ел дамуы үшін жасаған мол мүмкіндіктерімен сұхбат барысында  таныса  аласыздар.

 

- Бір жылдары Дүниежүзілік банктің «халықты кедейші­ліктен шығару» бағдарламасында Премьер-министр  кеңес­шісінің көмекшісі лауазымында  қызмет атқардыңыз. Осы ретте, экономист маман рет­інде қазақстандықтардың   әлеу­мет­тік  жағдайын оңалту үшін қаржылық сауаттылығын арттыру­ға  қандай  кеңес  берер­  едіңіз?

- Дүниежүзілік банктің «Халықты кедейшіліктен шығару» бағдарламасында Премьер-министр кеңесшісінің көмекшісі лауазымында қызметте жүргенде Моңғо­лияның ауыл шаруа­шылық саласында кішігірім кәсіпкерлікпен айналысатын отбасыларға микрокредит бере­тін жобада істе­дім. Бұл жоба бойынша шалғай аймақтарда тұратын отбасылар Дүниежүзілік банктен ақшалай көмек алып, жеке бизнеспен айналысатын мүмкіндікке ие болды.

Моңғолияның климаты  ауыспалы болғандықтан, қыс­та -50 градусқа де­йін аяз болады. Осындай жұтта малынан айырылған малшыларға Дүние­жүзілік банктен берген қаржылай көмегі олардың кә­сібін ары қарай іске асыруына өз ықпалын тигізді. Қазір Моңғолияның мал саны 66,7 миллион­ға  жетті.

Қазақстанда да ауыл  шаруашылығын дамытып, мал санын өсіру, мал шару­ашылық өнім­дерін өңдеп шығаратын өндірістерді дамыту, құнарлы да ор­ганик бидай, күріш басқа да дәнді дақылдарды өңдеп, шикізаттан Қазақстанда жасал­ған таза табиғи өнім­дерді экспортқа шығаруды молайтса, тиімді болар  еді. Ол үшін Ел­басы  Нұрсұлтан Назар­баевтың  халыққа  Жол­дауында атап өткен төртін­ші  технологиялық  революцияны жүзеге асыру үшін дүние­жүзіндегі ең соңғы тех­нология, өндіріс тәсілі, тәжі­рибелерін зерттеп, өз елімізде іске  асыру  үшін бірінші ке­зек­те ­ инженер, жұмысшыларға шетел­ тілін үйретіп, кәсіпкерлікке  тәрбиелеу  қажет.

Қазақстанды дамытушы күш – этикалы менеджерлер мен еңбекқор кәсіпкерлер. Сондықтан біз оларға қолдау көрсетіп, білімін жетілдіруіне көмектесуіміз керек. Қазақстан – байлықтың үстінде отырған ел. Осы байлықты жеке кәсіпкерлер өндіріске айнал­дырып, еліне адал еңбек етсе, елдің өркендеуіне үлкен әсерін тигізері сөзсіз. Қазір мен өмір сүріп жатқан Италия елінің Еуропаның өркениетті елдерінің қатарында болу себебі­, жеке кәсіпкерлікті, отбасы­лық  кәсіпкерлікті  және жалпы кәсіпкерлік менталитетті дамытуының арқасы деп ойлаймын. Инновацияға негіз­делген  технологияны көп­теп дамытуда. Әсіресе, жастар­ кәсіпкерлік дағдыны жақсы  меңгеруге  талпынуда.

- Шыны керек, Атажұртқа келген қандастарымыздың көбі мемлекеттік тіл саясатына көңілі толмайтындығын ашық жет­кізеді. Ал сіз Қазақстандағы қан­дай­  саяси режимге түзету енгізуді  ұсынасыз?

- Ана тілін білу – қай елдің болса да азаматтарының басты парызы. Ана тілін білмеген адам өз ұлтының тарихын, салт-дәстүрін білмейді. Өз ұлтының салт-дәстүрін білмеген адам ата-анасын да сыйлай алмайды. Біз отбасымызда ата-әже, әке мен анамыздың айтып отыратын ұлтымыздың тарихынан, салт-дәстүрінен үйре­ніп, оларды есімізге бекем сақтаумен қатар, күнделікті өмірі­мізде дағдыға айналдырып, орта мектепте оқып жүрген кезім­ізде қазақтың классиктерінің тарихи және әдеби мұраларынан оқып, ұлттық сана­мызды қалыптастырдық. Балалық шағымызда орыс, моңғ­ол телеарналарын көріп, екі тілді игеруге мүмкіндік алдық, ал Моңғолия мемлекеттік  университетінің  славян зерттеу факультетіне түсіп, орыс, чех тілдерін үйреніп, Моңғолия  демократия  жолына көшкен 1990 жылдары шетел­ге шығып, ағылшын тілін өз бетіммен игердім. Елбасы биыл­ғы жылғы халыққа Жол­дауында: «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қа­зақстандықтар біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» - дегені Қазақстанның дамыған елдер қатарына қо­сылуында маңызды болмақ. Ең әуелі, Қазақстан жастары тек ғана қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерумен ғана шектелмей, қытай, жапон, түрік сияқты шетел тілдерін үйренуге талпынғаны жөн. Мысалы, Сингапур сияқты өркениетті және көпұлтты елдерді алып қарасаңыз, балабақшада екі тілді, мектеп қабырғасында қосымша үшінші тілді қатар үйренеді. Сингапурдың мемлекеттік тілдері – малай, қытай және ағылшын тілдері. Сингапурдың оқу жүйесі дүниежүзін­де ең үздік жүйе болып саналады және оқушылары жыл сайын­ дүниежүзілік тестілерде ең жоғарғы көрсеткіштерге ие болуда.­

- Елбасы  сізге  Сингапур  мен Қазақстан  арасындағы  келісімшартты әзірлегеніңіз үшін ерекше­  ілтипат  білдірген дейді. Осыған кеңірек тоқталсаңыз. Қандай  келісімшарт?

- 2009-2015 жылдар арасында Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде Орта Азия елдеріне жауапты басшы қызметінде төмендегі істерді атқардым. 2012 жылы Назарбаев университетінің жаны­нан «Жоғары мемлекет­тік саяси мектебін» (ЖМСМ) ашуға келісімшартқа (2012-2022) қол қойды. Бұл серіктес­тіктің негізгі мақсаты – ЛКЮ мектебінен Назарбаев университеті қасындағы ЖМСМ-нің магистратура және докторан­тура  бағдарламаларының академиялық оқу структурасын жасау, стратегиялық даму жобас­ын даярлау, шетелден ең үздік профессорларды және менеджерлерді жұмысқа алуға қол ұшын беру. ЛКЮ мектебі­нің тарапынан тек Қазақстан ғана емес Орталық Азия, Моңғолия, Қытай және т.б. шетел­дің студенттерін жыл сайын осы жаңа оқу орнына ілестіріп, оларға қойылатын шарттарды бекітеді. Мектептің ішкі және сыртқы саясатын жоспарлаумен қатар, ғылыми-зерттеу жобал­арын Қазақстанның негізгі даму салаларына қажет­ті  мәселеде жүргізуді қамтамасыз етеді. ЖМСМ осы салаларда ғылыми жұмыстарды екі елдің үздік профессорларына жасатуды, ол жұмыстарды дүниежүзіндегі үздік ғылыми журналдарына жариялауды ЛКЮ мектебінің тәжірибесіне сүйене отырып жасайды. Дүние­жүзіндегі ең үздік университеттерінің қатарына қосылу үшін халықаралық стандарттағы жоғарғы маман иелері өз елімізде дайындалуы қажет.

Сонымен қатар екі жүз елуге­ жуық Қазақстанның мемлекет­тік саясаткерлері, соның ішін­де министрлер, вице-министр­лер, департамент директор­лары және жауапты хатшылары, студенттері Астана және Сингапур қалаларында қысқа мерзімді оқуға қамтылып, мемлекеттік саясат саласындағы білімдерін шыңдады. Сол кездегі Үкімет басшысы бастаған кабинет мүшелері Астанада ұйымдастырылған қысқа мер­зімді оқуға қатысты. Қазір ЛКЮ мектебінде осы жоба бойынша кеңесшілік жұмысымды әрі қарай жалғастырудамын.

- Жасыратыны жоқ, бізде шетелге барып жұмыс істеген жастар ондағы өмір сүруге қо­лайлы ортаны  көріп, сонда қалу­ға тырысады. Әлемнің  50-ден аса  елін аралаған жан ретінде айтың­ызшы, бұл «синдромнан» қалай  айығуға  болады?

- Қазақ жастарының көзі ашық, көкірегі ояу болған сайын­ мемлекетіміз дамиды. Жастарымыз шетелдің ең үздік оқу орындарында білім алып, өркениетті елдерде еңбек етіп, тәжірибе жинаған сайын сол елдердің басынан кешірген қиыншылықтары мен қателіктерінен сабақ алып, үйренеді. Осы тәжірибелерді Қазақстан халқының ерекшелігіне сай келтіріп, іске асыруға мүмкін­дік туса, әрине, еліміздің дамып көркеюіне үлкен әсерін тигізер еді. Сондықтан да шетелде  оқып, білім алып жүрген жастарымыздың жаны қазақ, қаны қазақ болғандықтан, туған­ еліне, жеріне, жұртына деген сүйспеншіліктері оларды бүгін болмаса да ертең өз Отанына оралтады. Мен өз басым он жылдай Азия мен Еуропаның үздік университеттерінде жұ­мыс істеп жүргенде өз еліме қалай қол ұшымды берем, жастарды оқытып тәрбиелеуде қалай көмек көрсетсем деген ниетпен еңбек етіп келдім. Енді сол жылдардағы жи­нақт­аған тәжірибелерімді қазақ елінде іске асыруға ниеттімін.

- Мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибеңіз молайған уақытта сіз қандай жаңашылдыққа көшуді қолға алар едіңіз? Білім мен мемлекеттік менеджмент саласында...

- Жалпы білім беру саласында елімізге қажетті адами капиталын тәрбие­леп дайындау үшін бас­тауыштан бастап, колледж және жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламалары, ең әуелі, қазақ жастарын прагматизм, меритократия және этикамен кәсіпкерлік принциптерін дамытуға бағытталуы қажет. Ел­басы­мыздың «Рухани  жаңғыру» инициати­васы қазақ халқының тари­хында  болған «прагматизм»-ді қайта жаңғырту болып табылады. Өркениетті ел Сингапурдың тәжірибесіне қарасаңыз, ол елдің мемлекеттік саясаты прагматизм, меритократия  және  этикаға негізделген. Осының арқасында ол ел өркениеттің ең жоғарғы саты­сына жеткен. Елба­сының алыс келешекті болжап, қазақ елінің жарқын болашағы үшін жасаған жоспарларын  табысты іске  асыру  үшін  менед­жерлеріміздің кәсіп­керлік және этикалық басқару қабілеттерін арттыруымыз қажет. Жоғары этикалық және көшбасшылық қасиеттері бар, кәсіпкерлік дағдылары жақсы дамыған менеджерлер еліміздің мектептері, университеттері, ауруханалары, заң ұйымдары мен соттарды, полиция ұйымдарын, қалалық және ауылдық инфрақұрылымдарды өр­кендетуге, Қазақстанның азаматтық қоғам институттарын нығайтуға, ұлттық сананы жаңар­туға, соның нәтижесінде қазақ қоғамының адал да әділетті бір­тұтас ұлт болып дамуына үлкен үлесін қоспақ.

Менің мақсатым осы бағытта қазіргі менеджерлермен колледж, университет қабырғасындағы студенттерді, келешек менед­жерлерді осындай әділеттілік, адалдық және кәсіпкерлік қасиеттерді бойларына сіңіріп, тәр­биелеу  болмақ.

- Сұхбаттасқаныңыз үшін  көп  рақмет!

Сұхбаттасқан

Гауһарай  ЕСІМОВА,

Л.Н.Гумилев

атындағы  ЕҰУ,

Журналистика  және саясаттану  факультетінің І  курс  магистранты

 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОРЕЙ ТОЛҚЫНЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
25.01.2018 11:20

Дәрісханада достарымызбен кино саласы жайлы қызу талқылау басталып кетті. Сол сәтте бірі: «Менің тәтем үйден шықпай корей киноларын көреді, солармен бірге жылап, солармен бірге күледі»,-деді. Таңғалдық. Жан-жақтан сұрақты да жаудырдық. Бірақ, мардымды жауап ала алмадық. Бір білгеніміз жиырмадан асқан қазақтың бір ару қызы Корей еліне кету үшін қолдан келгенше  барын жасап жатыр екен.

Жуырда Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарай­ында концерт болды. Кеште көрсетілген өнердің басым­ көпшілігі «корей тол­қынына»  сай  келеді. Сол ұлтқа ұқсап киініп, би билеген жас өнерпаздарға қолдау білдіріп, қошеметтеп отырғандардың тең жартысы – мектеп оқушылары. Жан-жақтан суретке түсіріп, қолтаңба  алуға  асығып­ отыр. Кореядан келген қонақ “болды, қазақ жастары – біздің қолда!» деп ойлады-ау деп қорықтық.

Теледидардағы «Gakku Tv» арнасынан «Ninety one», «Mad­men», «Ziruza», «Black dail» сияқты q-pop жанрындағы бірнеше топтардың бейне­баяны беріліп жатыр. Үйдегі ұлдар мен қыздар шапалақтап, шулай жөнелді. Төртеуі төрт жақтан әуенге қосылып, би билеуд­е. Бір-біріне «Әлгісі әдемі, мынаусы көрікті» деп айтып қояды. Жастары он беске­ де толмаған жеткіншектердің корей стилінде өнер көрсеткен әншілерге қызыға қарағаны қуантпады. Ертеңгі күні елімізге махаббатпен қарай ала ма деп қобалжыдық.

Міне, осы сияқты көрініс­терді қазір көзіміз көптеп шалып­ жүр. Еліміздегі бір­шама жастар кәріс ұлтының актерл­еріне, әншілеріне, биші­леріне қызығып, соларды үлгі тұтады. Теледидардан жылт етіп көріне қалса болды, қосыла ән айтып, экранды «сүюге»  дейін барады. Ал, әлеу­ме­ттік желідегі парақшаларын қалт жібермей бақылап, күн­делікті өмірінен хабардар екені­не не дерсіз? Жалпы, жаста­рымыздың  корей  ұлтына еліктеуі есті ме, ерсі ме?

2009 жылы елімізде «Жігіт­тің сабаздары» атты корей сериа­лы көрсетіле бастады. Небәрі 20 бөлімнен тұратын бұл туынды жастардың санасын  жылдам  жаулады. Осыдан кейін теледидарымыздан кәрістің киносы, дәптер, күн­деліктің  сыртынан  әртістер­дің суреті түспейтін болды. Кәмелет жасқа толғандар да, толмағандар да кәрістердің киносын сүйсініп көруге айналд­ы. Ақыры осы ұлттың өнерлерін сүйіп көретіндерге арналып «Корей толқыны» пайда болды. Бұл «толқын» кәріс ұлтына «табынушылардың» талай арманын орындауға мүмкіндік беретін еді. Корея еліндегі атақты актерлер өз парақша­ларында әртүрлі жарыс­тар ұйымдастырып, жанкүйерлерімен кездесуге де кетәрі емес. «Қазақстанға келем­із» дегенде көпшілігі жанұш­ыра  жүздесуге  асығады. Тіпті, шекара асып кетіп қал­ғысы келетіндері де бар. Осындайд­а  өңіріміздегі  өнер­паз­дарға емес, шет елдің әнші, бишілеріне неге осыншалықты қызығып отыр деген сұрақ туындайды. Әрі корей тол­қыны  тек Қазақстанға емес, әлемге танылып үлгерген. Сонда бұл толқынның біз біл­мейтін қандай құдіреті бар?

Википедияның дерегіне сүйенсек, жаңа жанр Оңтүстік Кореяда 1990 жылдары пайда болған. Батыстың электропоп, хип-хоп музыкалық жанр­ларын бойына жинаған өнер­дің өзге қыры жастар арасында жылдам тарай бастаған. Мұндай қарқынды дамуға таңғал­ған пекиндік журна­лис­тер кореялық жанрды К-рор деп атайды. Көп ұзамай К-рор әлем жастарының қызығушылығын оятып, әр елде оңтүс­тіккореялық сән мен стильге еліктеген жастардың субкультурасы пайда болады. Міне, осылай белсенді түрде дамыған жаңа толқын қазақстандықтарды да айналып өткен жоқ. Біздің елде де К-рор стилін­дегі топтар мен әншілер сахнаға шыға бастады. Ал, оған еліктеушілердің саны күннен-күнге өсуде. Келбеттерін кәріс әншілеріне ұқсатып, тіліне дейін темір сырға тағып, көзі мен қасын көмірдей қап-қара етіп бояп алуды сәнге айналдырды. Әсіресе, жігіттер қауымы. Сахнаға өзіміздің құндылықтармен емес, шетел­дің шатпақтарымен шыққандарды көрген кез келген елін сүйер азамат мұндайда шыдап тұра  алмайтыны  анық.

Әрине, өнер шекара таңдамайды. Сондай-ақ, өнер ұлтқа, руға бөлінбек емес. Бірақ, біз сахнаға шыққан саңлақтың өнері арқылы қай елдің өкілі екенін білеміз. Өнер көрсетіп тұрған адам арқылы сол ұлттың ұстанымымен танысамыз. Мәселен, 23  жастағы ақтөбелік жігіт Димаш Құдайберген. Өнердің биік шыңына шығы­п үлгерген Димаш өзін ғана емес, қазақ елін дүние жүзіне танытты. Ол қазақтың қара домбырасымен, «Дайдидауымен» халықтың қошеме­тіне бөленді. Неге басқа өнерпаздар да осылай істемеске? Хош. Ұлттық аспап пен ұлттық киіммен көптің көзіне көрін­бей-ақ қойсын. Алайда қазақы бет-әлпетпен, қазақы тәрбиемен де «жұлдыз» болуға болатын шығар. Жас шыбықтай иілгіш келетін өскелең ұрпақ­қа «корей толқыны» қандай пайда, нендей тәрбие бере алады­? Біз білсек, Корея еліне деген қызығушылық пен махаббатты ғана арттырады. Осыдан кейін бойжеткендеріміз күннен-күнге теледидардан, интернеттен көздері көріп үйреніп қалған кореялық жігіттерге жар болып, «өзге» жастық жастанса қайтпекпіз?

Корей толқынына еліктеу­шілік қолды сілтеп, мойын бұрмай кететін жағдай емес. Егер еліктеудің дұрысы мен бұрысы болады деп білсек, жастарғ­а жөнді бағытын үйре­туімі­з керек. Жақсысын жиып, жаманынан жирене­тіндей жағдай жасауға тиіспіз. Қолдан келгенше қазақылықтан қашпай, қазақы өнерді, қазақы ән мен киноны дамыту – ең бірінші міндет. Тәрбие құралына айналған теледидардан тек қазақылықтың иісі аңқып тұруы  қажет.

Маржан  ҚҰРМАНҒАЛИЕВА,

Қорқыт  ата  атындағы

ҚМУ-дың  студенті

 


КЕШ КЕЛГЕН СЕЗІМ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
25.01.2018 11:16

Айман жасы қырыққа келсе де, жақсылықтан үмітін үзбейтін. Екі балапанын балабақ­шаға апарып салған соң, әдеттегідей күйеуін күтті. Оның үйден кеткеніне осымен бір ай болды. Өлі не тірі екенінен хабарсыз. Бірақ көңілі сенеді. Ол қайтып келеді. Өткен жолы да келген. Осындай ойлармен  арпалысып  отырғанда  есіне жас  күні  түсті.

«Заман-ай» деп күрсінді кенет. Мектепті «Алтын белгіге» аяқтап, жоғары оқу орнына түскенде де белсенділігімен, ізденім­паздығымен ерекше көзге түскен болатын. Ұстаздарының алдында өнерімен де, білімімен де сыйлы. Оған жібектей мінезін қосыңыз. Сұлулығы бір төбе. Өзімен бір топта оқитын Айнамен жақсы қарым-қатынаста болатын. Кітапханаға бірге барып, сабаққа бірге дайындалатын.

Үшінші курсқа келгенде Айна құрбысын өзінен үлкен ағасымен таныстырды. Айманны­ң бір көргеннен-ақ ағасына іші жылымады. Бір күні әдеттегідей сабақтан қайтып келе жатқанда Айнаның ағасы алып қашты мұны. Өзінің сүйген жігітіне Айманның өзге біреудің үйінің босағасын аттағаны ауыр тиді. Бірақ амал қанша. Айман­ болса, өзінің сөз байласқан жігіті барын айтқанымен, құрбысының ағасы, отбасы да жіберетін сыңай танытпайды. Олар көп, Айман жалғыз. Ауылдағы үлкен әже табалдырықтың алдына жатып алған соң, үлкенді аттамақ тұрмақ қарсы сөйлемейтін ол амалсыз көнеді. Алғашқы неке түні де өтті. Алайда Айман сүйіктісі келіп алып кетер деп үміттенді. Осылайша бір айдан соң келін болып түскен үйінен қашып шыққан ол қалаға барады. Сонда өзінің жігітімен табыспақшы. Бірақ сүйіктісі Самат ол күтпеген қылық жасады. Өздерінің талай қызығына куә болған саябақта қайта жүздескен екеуінің жүзінде мұң болатын.

- Мен ол үйден қашып кеттім. Сені сүйгендей ешкімді де сүйе алмаймын. Қайта қосылып, бақытты күн кешеміз енді, - деді  Айман.

Бірақ Самат болса жауап беруге асықпад­ы. Орындықта үнсіз ғана төмен қарап  отыр. Сірә,  қандай  шешімге келе­рін­  білмей  отырса  керек. Содан кейін ғана:

- Айман, сені өзге біреудің алып қашып кеткенін әке-шешем де естіді. Олар «есік көрген»  қызды  алуыма  мүлде  қарсы. Мен отбасындағы  жалғыз ұл болғандықтан, осы шаңырақты құлатпауға тиістімін. Ал ол үшін ата-анамның айтқаны бірінші орында. Сезімге ерік бермей отырмын. Әйтпесе, сені жанымнан артық көреті­німді білесің ғой, - деді де күмілжіп, сөйлей  алмай  қалды.

Айманның иығы селкілдеп үнсіз жылап отырғанын ары қарай көргісі келмеді ме, қош деместен, кетіп қалды. Оның да жанары жасқа толы еді.

Айман тағдырына налып, іштегі шері тарқағанша әбден жылады. Сөйтті де туыстарының үйіне қарай аяңдады. Себепсіз сабақтан қалып қойған соң оқуынан да шығып қалған. Өмірін қалай жалғарын білмеді. Сөйтті де аялдама­лардың бірінде «жұмысқа қабылдаймыз» деген хабарландыруды көзі шалып, байланыс телефонын жазып  алды. Үйіне барған соң нөмірге  хабарласты. Қаладағы  шағын кафелердің бірі  екен. Сонда ыдыс жуушы болып орналасты. Таңдаулы мамандықта оқып жүріп  оқуынан шығып  қал­ға­ны  қинады  бәрінен  бұрын. Ақша жинап­ жалғастырармын деп те қойды. Бірақ ыдыс жуушының күніне  алатын  азын-аулақ  тиыны  жеке басына­н артылсын ба?! Ақша жеткізер емес. Сондай күндердің бірінде қазіргі жұбын жолықт­ырды. Жұбайым деуге қимайды. Себебі­, бір апта үйде болса, бір апта түзде, әрі бұл оның қайда жүргенін, қашан келе­тінін сұрай да алмайды. Екеуі азаматтық некед­е. Араларында екі баласы бар. Десе де, балапандарға деген жауапкершілігін өзінен басқа ешкім сезінген емес. Азаматтық некеде­  тұрған  8  жылында көп нәрсе өзгерді. Сүйікті Саматы көп сұлулардың бірін жары етіп алса, құрбысының ағасы да екінші рет үйленіп, бақытты отбасы болып отыр. Өзгермеген Айман ғана. Мектепті үздікке аяқтап, ең танымал жоғары оқу орнына түсіп, келелі келешек жасаймын деген ол мақсатына жете алмады. Ешбір диплом да, салиқалы жар да бұйырмады. Қай жерде қателестім деп ойлады ол. Осылайша мұңға батып отырғанда есіктің қоңырауы соғылды. Үйге келген азаматтық  некедегі­  жұбайы  екен. Табалдырықтан аттай­ сала  Айманды көтеріп алған ол өлердегі  сөзін  айтты. Айман болса ештеңе­ге түсінбей дал. Ол өзінің осы жылдар  бойы  ақымақ  болып­  келгенін  айтып­, үйленуге  ұсыныс жасады. Өмір бойы аялап өтуге серт етті. Аяқасты мұндай шешімг­е қалай келгенін түсінбесе де, уәдесін орындайтынына күмәнданса да, сол  сәт  Айман  шынай­ы  бақытты  еді.

ТОЛҚЫН

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қаңтар 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары