Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

    ...
    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 25 Қаңтар 2018

Салынған салық жолаушы тасымалын тұқырып тұр PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.01.2018 10:55

«Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес отырысында Мемлекеттік кірістер департаментінің шешімі салдарын талқылады.

Шығыс Қазақстан облысы автобуспен жолаушы тасымалдаушыларына Мемлекеттік кірістер департаменті шамамен 4,5 млрд теңге көлемінде қосымша ақы салған.

Бұл мәселе Бірлескен қызмет туралы шарт салдарынан туған. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәлімдеуінше, келісімшарт жасауда маршрутқа қызмет көрсету құқығы жасырынған, ал бұл Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына қайшы әрекет.

Дегенмен келісімшарттар заңсыз деп танылған жоқ. Олардың шарттары бойынша тасымалдаушылар жарна ретінде қарапайым бірлестікке автобустарды ұсынады, ал жеке кәсіпкерлік өз кезегінде кондукторлар мен жүргізушілердің жұмысын ұйымдастырады. Билеттерді сатудан түскен табыс салықтық есепте жеке кәсіпкерлік табысы сияқты көрсетіледі, басқа табыстар тасымалдаушылардың иелігінде.

ШҚО Өңірлік кәспікерлер палатасы осы мәселемен Мемлеттік кірістер департаментіне сілтеме жасай отырып, Прокуратура мен мемлекеттік органдарға жүгінген. Облыс прокуратурасы Мемлекеттік кірістер департаментіне хабарландыруларды жою туралы наразылық білдірді, бірақ сәйкес әрекет жоқ.

«Қарастырылып жатқан мәселе Шығыс Қазақстан облысы үшін әлеуметтік мәнге ие, өйткені өңірде қоғамдық көлік толығымен қызметін тоқтатса, салдары қоғамда әлеуметтік күйзеліске әкеп соғады. Бұл қауіп әбден орын алуы мүмкін, салынған қосымша салық көлемі күннен-күнге өсіп, бүгін 4,5 млрд теңге соманы құрап отыр. Тіпті тасымалдаушылардың шотын бұғаттаудың өзі автобустарды бағыттарға шығаруға кедергі келтіреді, өйткені жанармай алынбай қалады», – деді Серік Төрегелдин.

Талқылау барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Тілеу Жанғарашев салынған салық заңды деп танылуын түсіндірді.

«Жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелеріне сәйкес жол ақысы үшін берілетін билет қолма-қол ақша беру арқылы тасымал заңды деп танылады, шарт орындалды деген сөз. Бұл жағдайда барлық жол жүру билеттері  тасымалдаушылар, заңды тұлғалар атынан болған. Осы тасымалдаушылар Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ШҚО көлік департаментімен шарт жасаушы тарап ретінде пайдалану бойынша есеп тапсырып тұрған. Осы ретте билеттер бойынша өндіріс көлемін салықтық есепте көрсетпей келген», – деді Азамат Дүйсенбеков.

Мемлекеттік кірістер комитеті осыған ұқсас жағдайлар бойынша басқа өңірлерде талдау жүргізіліп, бақылау шаралары жасалғаны жайында хабарлады. «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері кәсіпкерлерді барлық кезеңдерде құқықтары мен мүдделерін қорғайтындарын жеткізді.

«Облыста тасымалдаушылар банкротқа ұшырауы мүмкін, ал бұл жағдай халыққа қызмет көрсетуді тежейді, әлеуметтік салдар орын алуы мүмкін. Бас Прокуратура бұл істі тез арада қарап, мәселеге нүкте қоюы керек деп санамаймыз. ҚР Қаржы министрлігі де бұл мәселеге мін беруі тиіс. Кеш болмай тұрғанда оңтайлы шешім табу керек!», – деді Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

Алия Кемелбекова,

"Атамекен" ҰКП сайты

қазақ редакциясының журналисі

 


Мемлекеттік органдар сатып алулар туралы заңды бұзды, енді бизнеске қарызын неге қайтармайды? PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.01.2018 10:47

ҚР Қорғаныс министрлігі және ҚР Ішкі істер министрлігінің қарыздары салдарынан кәсіпкерлер шығынға батты.

25 қаңтар күні «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес отырысында мемлекеттік органдардың заңға қарсы әрекеттері талқыға салынды.

«Ұлттық палатаға кәсіпкерлер заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар түсіруде. Түскен өтінімдерді сараладық. Бүгінгі талқылауда солардың бір-екеуін қарамақпыз. Кәсіпкерлердің мүддесі мемлекет тарапынан тапталмау керек», – деді ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

Аталған шараға Қазақстан кәсіпкерлерінің құқытарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, мемлекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері, бизнес-қоғамдастық, сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ішкі минитсрлігі өкілдері мен зардап шеккен кәсіпкерлер қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша мән-жайды «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаменті директоры Олег Савеленко баяндап берді.

«2016 жылдың желтоқсан айының соңына қарай ҚР Қорғаныс министрлігі кәсіпкерлермен бұрын жасалған негізгі шарттар бойынша қосымша келісімдерге қол қойған болатын, онда 2017 жылдың қаңтар айынан бастап ақпан айына дейінгі кезеңде, яғни байқау процедуралары шешілгенше, кәсіпкерлер әскери бөлімшелерге әскери қызметшілерді тамақтандыруға міндеттелді», – деді Олег Савеленко.

Алайда қызмет көрсету жасалған соң ҚР Қорғаныс министрлігі орындалған жұмыс актілеріне қол қоюдан және кәсіпкерлерге жасалған қызметтері бойынша ақша төлеуден бас тартты, салдарынан бизнес қаржылық шығынға батып отыр.  Өзінің бұл әрекетін мемлекеттік орган шарттың қазынашылық органдарда уақытында тіркелмегендігімен түсіндіреді.

Осымен қоса шарт талаптары бұзылып, кәсіпкерлер айтарлықтай қаржылық тығырыққа ұшыраған. Қазіргі таңда шамамен 200 млн теңге көлемінде шығынға батқан 11 шағын және орта бизнес субъектісі жайында мәлімет бар. Осы ретте келтірілген шығын қызмет көрсету бойынша төленбеген сомамен ғана емес, сондай-ақ қызметкерлерге уақытында еңбекақыны беруге, салық төлеуге, несие өтеуге де кедергі етіп отыр.

Тура осындай жағдайға Оңтүстік Қазақстан облысының "Өндіріс ҚұрылысТехМонтаж" компаниясы да ұрынған. Кәсіпорын 2012 жылы Шымкент қаласындағы ІІМ мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша байқауды ұтып алады. Бірақ жөндеу жұмыстары үшін ақы ала алмайды. Компания директоры Руслан Өтешевтың айтуынша, осы міндеттерді орындамау фирманың түбіне жетті.

 

«Егер бұл істер соттарда қаралып жатса, біздің қарастырып жатқанымыз дұрыс па?», – деп сұрақ қойды Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Жанат Ертілесова.

«Иә, Әрине, егер іс сот қарауында болса, біз белгілі бір шешім шығаруға құқылымыз. Біз («Атамекен» – ред) мәселенің тағдырын шешетін шешім қабылдай алмаймыз. Біздің шешімдеріміз тек ұсыныс ретінде қабылданады, осылайша қоғам және мемлекеттік органдар орын алып отырған өрескелді реттесе екен, қарызды өтесе екен деген оймен», – деп жауап берді Кеңес төрағасы.

Астана қаласының Адвокаттар алқасының адвокаты Мұхтар Қожахметов Астана сотының кәсіпкерлерді қолдағанын жеткізді.

«Өзінің бұл әрекеттерімен министрлік мемлекет беделін түсіріп отыр. Кеше ғана Астана қаласы соты Қаржы министрлігіне қарасты біздің позициямызды қолдап, экономикалық соттарды алып тастады. Сот қарызды әскери бөлімшеге өтеуді орындау туралы шешім қабылдады», – деді адвокат.

Мұхтар Қожахметовтың айтуынша, қазынашылық органдарға осы мәселеге назар аудару керек екені айтты, осындай мәселе орын алмау үшін келісімдерді тіркеу бойныша ішкі бақылауды немесе басқа процедураларды күшейтуді ұсынды.

«Біз өзіміздің міндеттерімізден бас тартпайтынымыз жайында мәлімдейміз. Аталған мәселе, өкінішке орай жүйелі түрде орын алады. Оның шешімі мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттарды тығыз жағдайға бір дереккөзден шығару әдістерін қосу арқылы заңнамалық базаны жетілдіруде жатыр. Мұндай жағдай неліктен орын алды? Өйткені қолданыстағы келісімшарттар 2016 жылдың 31 желтоқсанында күшін жойды, сондықтан қосымша келісімдер жасалды. Шарттардың заңдық күші жойылған уақытта кейбір сомалар қалған болатын, осы шарттарды бұзуға тұра келді. Солай жасалды да, алайда қосымша шарттарды жасарда қазынашылық органдар біздің өтінішті қабылдамады», – деді ҚР Қарулы Күштері Мемлекеттік сатып алудың бас басқармасының бастығы Александр Степаненко.

Сұрақтар легінен кейін талқылауға қатысушылар қорытынды жасады. Шара барысында Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов ҚР Қорғаныс министрлігі және ҚР Ішкі істер министрлігінің бұл әрекеті келісімді қатынастарда сенімді серіктес ретіндегі мемлекет беделіне нұқсан әкелетінін айтты.

«Мұндай әрекеттер қызметтік міндеттерге қылмысты-немқұрайды қарау болып бағалануы тиіс, олардың соңы көп миллионды шығынға әкеледі, тиісінше іс қылмыстық заңнама негізінде қаралауы керек. ҚР Қорғаныс министрлігіне қатысты материалдарды сәйкес тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін қарау үшін Бас әскери прокуратураға жолдауды, ал ҚР Ішкі істер министрлігі ісін – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолдауды ұсынамын», – деді Қайырбек Сүлейменов.

Алия Кемелбекова,

"Атамекен" ҰКП сайты

қазақ редакциясының журналисі

 


АҚЫН МЕРЕЙІ 2017 жыл қорытындысымен ақын Айбек Қалиев «Айтыстың ақтаңгері» атанды PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
26.01.2018 10:30

Айбектің айтыстарда аққан тері,

Шаң жұқпай шашасына шапқан сері...

Тауық жылы Торғайдан шыққан тұлға,

Атанды жыл айтыстың ақтаңгері.

 

Халықтың мүддесін ол жырлаған-ды,

Айтысын тыңдағандар жырға қанды...

Сан түрлі түйткілдерді түзеу үшін,

Шешетін жол іздеді шырғалаңды...

 

Біреулер кемшілікті күліп айтты,

Деу қиын бұндайларды біліп айтты.

Ал Айбек салт-дәстүр мен тіл туралы,

Тағы басқа түйткілді тіліп айтты...

 

Арандардың шыдамай азарына,

Жемқорлық та ілінді назарына...

Халықтың қаржысын қарпи бермей,

Қанағатшыл бол деді қазағыма.

 

Аңыздардан естіген Асан жайлы,

Естігендер ескерген қашан жайды?!

Ақиқат пен шындықты айтқан ақын,

Алғашында атанды «Асанқайғы».

 

Ел тағдырын ойлаумен батып мұңға,

Жүргенде мән бермеді мұндай «сынға».

Жұртының бірлігі мен тұтастығын,

Жырлаумен көтерілді биік шыңға.

 

Алаш өте сыйлаған ақындарын,

Біледі аса дарын ақын барын.

Орынды жырларыңмен оза шауып,

Бәйгеде бағың жансын ақындарым!

Қазыбек  ӘШІРБЕКҰЛЫ,

Қызылорда  қаласы

 


«Жалған терроризм» үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.01.2018 16:28

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді, ол болашақта терроризм актісі туралы қасақана жалған ақпарат үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

2014 жылдың соңына дейін қолданылған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 242-бабы жаңа Қылмыстық кодекстің 273-бабына өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабында терроризмнің жаңадан жасалып жатқан әрекеті туралы дәлелді жалған хабарлау алты жылға дейін бас бостандығынан айыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған мемлекеттік органдардың материалдық залалын өтеуі мүмкін.

2017 жылы Қызылорда облысының ІІД-нің қашықтағы операциялық басқармасы лаңкестік әрекеттің алдын алу шаралары туралы екі жалған шақыруды қабылдады, арнайы операция кезінде облыс орталығының тұрғындары ұсталды, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды және сотқа жіберілді.

Осыған байланысты, аймақтың тұрғындары саяхат пен қол жүгі бар заттарға барынша мұқият болу керектігін атап өтуге болады. Өйткені бұл заттарды үлкен концентрацияларды қараусыз қалдырған жерлерде қалдыру халық арасында қобалжуға әкеледі.

Бұл қылмыстың аса ауыр түрлеріне жатады. Қазіргі заманғы жоғары технологиялық қауіпсіздік жүйелеріне сәйкес, терроризм актісі туралы жалған хабар берген азаматтың орналасқан жерін анықтау қиын емес екенінің дәлелі.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


ЖАҢА КІТАПТАР ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАЙДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.01.2018 12:05

“Егер кітап жеуге келетін болса, оқырман көбейер еді”. Бұл – бүгінгі хал-ахуалды айқындап беретін дөп сөз. Ал, сіз отыз мың оқырманы бар кітапханаға  бас  сұғып  жүрсіз  бе? Жоқ десеңіз, оның себеп-салдары ақылға қонымды ма? Әлде себеп керек пе? Ендеше...

Сырдың сыршыл ақыны Әбділда Тәжібаев атын иеленген облыстық кітапхана ұжымы оқырмандар үшін “Кітаптар әлемінде” атты кітап көрмесін ұйымдастырып отыр. Көр­менің  мақсаты – оқырман қауымды жаңа  кітаптармен  таныстыру, кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру.­

Көрмеге қазақ халқының айтулы ақыны, дүлдүл әншісі Кенен Әзір­баевтың “Бестомдық шығармалар жинағы­”, классик жазушы Шыңғыс Айтматовтың “Тау құлаған” романы, Рахымжан Отарбаевтың “Шыңғыс ханның көз жасы”, әдебиет сыншысы­ Сағат Әшімбаевтың қазақ әдебиетінің өткен жолынан тағылымды сыр шертеті­н “Үш томдық шығармалар жинағ­ы”, Нұртөре Жүсіптің өмірдің өзекті мәселелері туралы жазылған “Мың құмырсқа және біз” кітабы, Есенғали Раушановтың “Амал деген айыңыз…”, Қуаныш Жиенбайдың “Жер үстінде де жұмақ бар” романы, Асқар Алтайдың “Дегелеңдегі қызыл күн” әңгімесі, есімі республикаға таным­ал қаламгер, ақын Есенгелді Сүйіновтың “Тербеген теңіз әлдиі” эсселері, ақын Қайрат Зекенұлының өлеңдері мен таным негіздерін сипаттайтын тұшымды ойлардан тұратын “Дүлдүлдер дүбірі” жыр жинағы, көрнекті жазушы Әнес Сарайдың “Ақ тымық түн” повесі, Тілеген Бекарыстановтың “Үлкен болғым келмейді” атты үш бөлімнен тұратын жинағы, Уәлихан Қалижановтың соңғы жылдары жазған ғылыми мақалалары, зерт­теулері мен әдеби портреттері енген “Ұлт рухы” кітабы, жазушы Әмір Мәжитовтың “Шығармалары мен естелік­тері”, Жолтай Әлмашевтың “Тоғыз тұңғиық” хикаят және әңгімелері, “Қазақ афоризмдері: ақыл-ой антол­огиясы” және тағы басқа 100-ден аса жаңа әдебиеттер қойылды.

Кітап адам өміріндегі ең қажетті құндылық болып табылады. Ондағы білімді  бойымызға сіңіріп, сол арқылы­ өз-өзімізді тәрбиелей аламыз. Сондықтан, кітапты көп оқып, оның жанашыры болуға асығыңыз. Кітаппен тыныстап, рухани байып қалғыңыз келсе, облыстық кітап­хананың  есігін  қағыңыз...

Халық-хабар

 


Жүйелі жоспар жетістікке жетелейді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.01.2018 12:01

Апта  басында  ай­мақ басшысы Қы­рымбек Көшербаевтың  төрағалығымен облыс активінің отырысы  өтті. Аудан әкімдерінен бастап басқарма басшыларына дейін тайлы-таяғымен түгел қа­тысқан  бұл жиынның жөні бөлек. Күн тәр­тібіндегі негізгі мә­селе – ел прези­ден­тінің жыл басындағы Қазақстан халқына арналған жолдауы. «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайындағы  дамудың жаңа мүмкін­діктері»  тақырыбындағы жолдаудың ерекшелігін облыс әкімі тәптіш­теп тұ­рып түсіндір­ді. Ол жиынның алғы сө­зінде Бүкіләлем­дік экономикалық форумның негізін салушы  және  төрағасы, профессор Клаус Швабтың «Четвертая промышленная револю­ция» атты кітабын көрсетіп, «Елбасының жол­дауын толық түсіну үшін осыны­  оқып  шығыңыздар»  деп  кеңес  берді.

Рас, «қара  алтынның»  дәуірі  тамамдалды. Қай мемлекетті алсаңыз да, дамудың жаңа сатысына ден қойған. Сарап­шылардың сөзінше, бүгінгінің мұнайы – ақпарат және сандық технология. Бұл ретте әлемдік өркениеттен ажырамас үшін қарекет қажет. Шындығында, еліміз сандық технология  саласынд­а  кенжелеп келеді. Елбасы­ның кешегі жолдауы осы олқылықтың орнын­  толтыруға  негізделген. Мәселен, Татарстан Респуб­ликасы жаңа технологияның тілін тауып, төрткүл дүниені тәнті етіп отыр. Тіпті, ІТ қалашықтан  бөлек,  болашақта 150 мың тұрғынға ар­налған Иннополис қалашығы да  тұрғызылған.  Онда ІТ  саласының  жас  мамандары  білімін жетілдіруде.

– Екі миллиардқа жуық халқы­  бар Қытай инновациялық  технологияларды  дамытуды осыдан 30 жыл бұрын баста­ды. Нәтижесінде әлемдегі технология саласында алды­ңғы қатарда келеді. Біз жақында Татарстанға іссапарға бардық. Олар да жаңа техно­логия саласында біздің алдымызда  екен. Әлемдік бәсекеге қабілетті ІТ парк және Иннополис қалашығы таңданысымызды тудырды. Біріншіден, осыны ескердік. Алдағы уақытта жыл сайын облыстан 20 талантты жасты сонда оқуға жібереміз,- деді өңір басшысы.

Заманауи құрылғылар ауқымды жобаларды жүзеге  асыруға мүмкіндікті молай­тады. Оған дәлел, қайбір жылы «Аралтұз» АҚ-на испаниялық “Construcciones Mecanicas J.SERRA, S.A.” компаниясының тұз өндіруге арналған су жаңа  технологиясын  орнатты. Соның арқасында тұз өн­діруші компанияның  экс­пор­ттық  әлеуеті  65  па­йыз­ға өссе, ал Ресей нарығының 13 пайызын жаулап алды. Демек, жаңа  жабдық жақсы  нәтижеге  қол  жет­кізеді.

Жиын барысында аймақ басшысы жолдауды ә дегеннен «аттандап» кетпей, нақты жо­бал­армен жүйелі түрде айна­лысуды  міндеттеді. Сондай-ақ, кеткен кемшіліктерге де тоқталды.  Айталық, 26 мыңдай ауызсу тұтынушы «Су жүйелері» КММ-не тіркелмеген. Сонымен қатар мемлекет тарапынан берілетін инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген жер телімін сатуға бұдан былай жол жоқ. Мұны Қырымбек Елеуұлы қадап айтты­. Былтыр облыста жер­гілікті маңызы бар автомобиль жол­дары мен елді мекен көшелерін жөндеуге 9,5 млрд теңге бөлінген. Биыл осы бағытта жұмыстар күшейе түспек. Облыс әкімі мектептерді интернет  және  видеоқұрылғылармен қамтамасыз етіп, балалар технопарктері мен бизнес-инкубат­орларының желісін құру және жас ғалымдарға ғылыми гранттар аясында квота­ бөлуді жүйелі қолдану бойынша  шарал­ар  қабылдауды жеткізді. Сандық технологияны жетілді­ру және басқа да мәселелер бойынша аймақ бас­шысы  орынбасарлары  мен басқар­ма басшыларына және аудан әкімдеріне бірлесіп жұмыс  істеуд­і  тапсырды.

Елбасы жолдауы ая­сында Қызыл­ордада «Ақылды қала» жо­басы қолға алынбақ. Бұл туралы облы­с әкімі аппараты басшысының орынбасары Индира Ақжігітова  айтты.

– Медицина, білім салалары бойынша және коммуналдық төлемдерді жеңіл­детуге бірнеше жобаны әзір­ледік. Мысалы, науқас адамға­  жедел  жәрдем жеткеннен кейін, ол медициналық бөлімге жет­кі­зілгенше нау­қастың нақты жарақа­ты базаға­ тіркеліп тұрады.­ Халықтың  коммуналдық тө­лемдерді үйде отырып-ақ төлеуге мүмкіндігі бар. Ол үшін интернет қолжетімді болуы­ тиіс. Алдағы уақытта коммуналдық төлемдер (жылу, газ, ауызсу, жарық) бір ғана құжат негізінде жүзеге асады. Білім саласына келсек, әр оқушы туралы ақпарат бір базаға­ жинақталады. Осы мақсат­та өңірдегі барлық мектептерді интернет желісімен  қамтуымыз  шарт,- деді ол.

Сондай-ақ, жиында об­лысты­қ мәслихат хатшысы Нау­рызбай  Байқадамов, И.Жахаев­ атындағы  күріш  шаруашы­лығы  қазақ  ғылыми-зерттеу инсти­туының бас ғылыми қызмет­кері, «100 жаңа  есім»  бағдарламасының жеңімпазы Александр Подольских, «Orda Glass Ltd» ЖШС басқарма төрағасы Ержан­ Сағымбаев, Қорқыт  Ата  атындағы  Қызыл­орда мемлекеттік университе­тінің есептеу техникасы және ақ­параттық жүйелер кафедра­сының меңгерушісі Сәбит Ибадулла  баяндама  жасады.

Қозы  Көрпеш  ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


Жүз жырау шыққан мекенде жүйелі жұмыс бар PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.01.2018 12:00

Елбасының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі С.Мақашов ел алдында есеп беру жиынын аудан орталығы Жосалы кентінде қорытындылады. Есепті кездесуге «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев, Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Б.Бекпанов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ерсұлтанов және аудан тұрғындары қатысты.

Жиында аудан басшысы ауданымыздың өткен 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуы мен атқарылған жұмыстармен қоса, ағымдағы жылы алға қойған негізгі міндеттер туралы баяндады. Жалпы, Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығы Қармақшы ауданы үшін табысты жыл болды. Соңғы үш жылда аудан экономикасының өсу динамикасы қалыптасты. Салық түсімі ұлғайып, ауданның бюджеті өсті. Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістік ауыз толтырып айтарлықтай. Ақ күріштен тау тұрғызған ауданымыз облыста «үздік» атанды. Өлкеде өндірілген өнімдер сыртқы елге экспорттала бастады. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Елді мекендерде де ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Ең бастысы, соңғы үш жылда аудан тұрғындарының қажеттіліктерін өтеуге үлкен жұмыстар жүрді. Атап айтқанда, қармақшылықтар сапалы ауызсумен толық 100 пайыз қамтылды. Апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Балабақшамен қамту 100 пайызға орындалып отыр. Жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда. Мал шаруашылығын дамытуға, шабындық жерлер мен жайылымдарды ұлғайтуға және балық шаруашылығын дамытуға су тоспалары салынды. Сондай ақ, Жосалы кентіндегі жыл бойы жұмыс жасайтын балалар демалыс лагерінің құрылысы мен аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайына және кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер ететін аудан орталығы Жосалы кентін газдандыру жобасының басталуы. Яғни, Қармақшы ауданында жүйелі жұмыстар жасалып, тындырымды тірлік бар. Мұның барлығы еліміздің Тәуелсіздігінің, Елбасының жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында екені даусыз. Осындай атқарылған жұмыстардың есебін жасаған аудан басшысы елдің ауызбірлігі болса, алдағы уақытта да ауданды көркейте беруге айшықты істер жасалатынын жеткізді.

Кездесуде аудан әкімі барлық елді мекендердегі есеп беру жиналыстарында тұрғындардан түскен сұрақтар, ұсыныс-пікірлердің және мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың сапалы, уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізсе, аудан тұрғындары табысты атқарылған жұмыстар мен алда атқарылатын міндеттерге оң бағаларын беріп, аудан әкімінің жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қаңтар 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары