Өзекті мәселелер

  • 17.01.19

    Марат  ӘЙТІМОВ:

    Қас талант тасада қалмайды. Түптің түбінде танылары хақ. Күндердің күні маңдайы жарқырап, жұлдызы биіктей түсетіні белгілі. Сөйтіп, аты мәшһүр адамға айналары сөзсіз. Бұған мыңдап мысал келтіруге болады. Айталық, миллиардтаған қытайды мойындатқан, әлемдік «мен» деген өнер майталмандарының өзі құрметпен ...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Қызылордалықтар қашанда күн суыта бастасымен жандарын шүберекке түйіп отырады. Бұрыннан-ақ тосыннан келетін апат халықты дүрліктіріп қойған. Дария суының арнасынан асып, елге төндірер қаупін айтамыз. Бұл үшін жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы да бөлініп келеді. Арнайы бөгеттер салынып, мұз жару жұмыстарына дейін ел қазынасынан ақша шығарылады. Иә, табиғаттың тосын мінезін біліп болмайсың. Десе д...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Халық арасында білім саласына қатысты айтылатын сын көп. Әсіресе, жұмыс іздеп, мұғалім болу­ды армандайтындар, тіпті, еден жуушы болып жұмыс істегісі келетіндерден «мектептің ставкасы мынанша» дегенді естіп жүрміз. Алғашында сенбейтінбіз. Өркениетке қадам басқан елімізде еден жуушыдан пара сұрамайтын болар деп ойлайтынбыз. Бірақ дәл сондай жағдаймен бетпе-бет келгендердің бар екені жасырын емес...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Баспанасыз жүргендердің бағы жанатын болды. Талайдың табал­дырығын тоздырып, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген отбасылар енді өз елінен пана табады десек те қателеспейміз. Тек жиған-тергеніңіз қалтаңызда емес, банк есепшотында болса болғаны. Естеріңізде болса­, өткен жылы Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуінде:

    ...
    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Әрдайым әдемі болып жүруді қалайтын қыз-келіншектер киім үлгісіне келгенде ерекше талапшыл. Тіпті кейбір сұлулар үшін құрбы­ла­рының үстіндегі жейде немесе көрші­сінің спорттық белдемшесінің өзіні­кімен бірдей болуы «ғаламдық проб­лемамен» пара-пар. Мұндай көрі­ніс­ке сіздің де жиі куә болып жүрге­ніңізге сенімдіміз. Байқағанымыз, бұрымдылар өзгеше болуға ұмтылады. Бүгінде талғампаз бойжеткенде...

    Толығырақ...
Жұма, 26 Қаңтар 2018

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА ЖҮКТЕЛЕР МІНДЕТ КӨП PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.01.2018 16:59

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова Сырдария ауданында болып, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық аурухана жұмысымен танысып, ұжым қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова, аудан әкімінің баспасөз хатшысы А.Ибрагимұлы, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері З.Көшенова, амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Н.Мырзағалиева, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Н.Мырзағалиева есепті мерзімде аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер туралы баяндама жасады. Аудандық аурухананың материалдық-техникалық жабдықталуы жыл санап артып келе жатқанын айтқан ауданның бас дәрігері Нұржамал Жұмағалиқызы бұл көрсеткіш 2015 жылы 42,7 пайызды құраса, былтыр 82,2 пайыз болғанын атап өтті. Сондай-ақ, дәрігерлердің біліктілігін арттыру, медициналық қызмет сапасын жақсарту, өлім-жітім көрсеткішін төмендету мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Жиын барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова денсаулық сақтау саласына жүктелер міндет көп екенін айтып, сала мамандарына тоқмейілсуге болмайтынын жеткізді. Сонымен бірге, халықтың сенімін ақтау басты міндет екеніне тоқталды. Аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, аудандық "Мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Сауытбаевтар сөз сөйлеп, сала мамандарына жауапты жұмыста абыройлы болуға тілектестігін білдірді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

 


Күнтізбе

< Қаңтар 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары