Өзекті мәселелер

  • 17.05.18

    Адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бар ғұмырын сот төрелігін атқаруға арнап, ардың ауыр жүгін арқалауға бел буған әділ қазылар қашанда қадамын қате жасамауға тырысады. Судья атты қасиетті ұғымға кірбің...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Мұрат  НАСИМОВ,

    саяси  ғылымдарының  кандидаты,

    қауымдастырылған  профессор,

    Толығырақ...

  • 17.05.18

    Нәзипа – қарапайым ғана ауылдың қара торы келіншегі. Осыдан 11 жыл бұрын ата-анасының қолынан ұзатылып, өзге босағаны аттаған еді. Бүгінде жасы 36-да. Адал жары, 3 баласы бар. Екі жыл бұрын әкесі өмірден озар шағында, «осы үй мен аналарың сендерге аманат, бас-көз  болыңдар» деп қызы мен күйеубаласына табыстап кеткен. Содан бері бұлар жалдап жүрген пәтерлерін біржола тастап, осында көшіп келген....

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Статистикалық мәлі­меттер бойынша елімізде болатын қылмыстардың үштен бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан орын алады екен. Ал бұл ретте қара күштің иесі ер-азаматтардан, әсіресе, әйелдердің таяқ  жеп, зардап шегетінін ескерсек, олардың тұрақтар жерге зәру болатыны анық.

    Қаламыздағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы дәл осындай жағдайға тап бол­ғандарға қол ұшын созады, уақытша болса да панала...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Айтыстың   абаданы  Серік ағам 60-қа келіпті. Ұлтының уызына жарығ­ан елдің еркесі Серік Ыды­рысовтың Сыр елі үшін орны бөлек. Сәкеңді өзімнің аяғым сынып, бауыр­ымнан  айырылып, қайғының уын ішіп жүрген көңілсіз күндердің, мазасыз түндердің бірінде ұялы телефо­н арқылы іздедім. 2017 жылдың 24 қыркүйегі түнгі сағат 11-ден 36 минут өткенде хабарлама жібер­дім. «Серік ағам бар ма екен кең дүниед­...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 29 Қаңтар 2018

«HUAWEI» КОМПАНИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «АҚЫЛДЫ ҚАЛА» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРМАҚ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.01.2018 11:03

Облыс әкімінің Қытайға жұмыс сапары аясында әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев бастаған аймақ делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапармен барып, Бейжің, Шанхай және Шэньчжень қалаларындағы бірқатар ірі компаниялардың жұмысымен танысты. Бағдарлама аясында ірі инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесіп, әріптестік жөнінде келіссөз жүргізді.

Атап айтқанда, Қызылорда облысының әкімі көмір, күн және су электр станцияларының құрылысымен айналысатын "CNEEC" («Қытай ұлттық электр инжиниринг корпорациясы») басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында Қызылордада су және күн электр станцияларын, қоқысты қайта өңдейтін зауыт салу, сондай-ақ, «ақылды қала» жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

«Біздің аймағымыз күн сәулесінің белсенділігі бойынша көшбасшы болып саналады, әсіресе, жаз мезгілінде үлкен қуаттылықтағы күн электр станциясын салу мүмкіндігі бар. Сырдария өзенінде қуаттылығы 20-25 мегаватт гидроэлектр станциясын салуға болатын «Ақлақ» гидротехникалық құрылғысы бар. Келесі жоба облыс орталығына байланысты, мұнда бізге жылдық қуаттылығы 150-160 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарататын зауыт қажет. Осы жоба бізге бірден екі мәселені, яғни қалдықтарды өңдеп ғана қоймай, біршама электр қуатын өндіруді шешіп беруі қажет, - деді Қ.Көшербаев.

Кездесу қорытындысы бойынша CNEЕC жұмыс тобы құрылды. Топ өкілдері жобаларды мейлінше жылдам жүзеге асыру мақсатында таяуда Қызылорда облысына келмек.

Өз кезегінде, CNEЕC компаниясының басшысы Чжэн Чэнцзюн «кездесу табысты болды, қызметіміз арқылы Қазақстан мен Қытайдың әріптестік қарым-қатынасын әрі қарай нығайту – біз үшін үлкен мәртебе» деп атап өтті.

Сондай-ақ, аймақ басшысы әлемдегі ең ірі шыны өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бірі «China Triumph International Engineering Co., Ltd» басшыларымен кездесті. Облыс әкімі Қ.Көшербаев және «Чайна Триумф» компаниясының басшысы шыны зауыты жобасының, әсіресе, оның екінші кезеңі – гаджеттерге арналған аса жұқа әйнектерді шығару мәселелерін талқылады. Естеріңізге сала кетейік, компания Қызылорда қаласында шыны зауытын салу жобасын жүзеге асыруда. Зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстары сәуір айының басында аяқталады, ал маусым айының аяғында тұрақты өндіріске қосылмақ.

«Келіссөз нәтижелі болды. Қазір біз Қызылорда облысында әлемдегі ең озық үлгідегі шыны зауытын салып жатырмыз. Бүгінгі кездесуде жаңа энергия, жаңа үлгідегі үй құрылысын жүргізуде әріптестікті нығайту мәселелерін талқыладық. Осы жылдар ішінде Қазақстан Үкіметі бізді ұдайы қолдап келеді.Сондықтан, әріптестікті одан әрі нығайтуға деген сеніміміз арта түсті», - деп мәлімдеді компания президенті Пэн Шу.

Одан бөлек, Қ.Көшербаев Шиелі ауданында тампонаждық цемент зауытын салып жатқан «Гежуба Групп Цемент КО ЛТД» ("China Gezhouba Group Cement Co., Ltd") компаниясының басшысы Ли Мин мырзамен кездесті. Зауыт құрылысы ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Ли Мин «Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан жоба заманауи әрі барлық экологиялық талаптарға сай» деп атап өтті.

Сондай-ақ, инвестор құрылыс цементін шығаратын зауыт салуға ниет білдірді.

Облыс әкімі құрамында 102 кәсіпорын бар "China Poly Group Corporation" мемлекеттік инженерлік-технологиялық бизнес-тобының жұмысымен да танысты.

Бейжің қаласында, сондай-ақ, жобалаушы компаниялардың қызметін таныстыратын таныстырылым ұйымдастырылды.

Сапар аясында Шеньчжень қаласында әлемдік инфокоммуникациялық шешімдерді жеткізуде жетекші «Huawei Technologies Co., LTD» компаниясымен меморандумға қол қойылды. Меморандум тараптардың өзара іс-қимылы мен мақсаттарына, әсіресе, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту, «Сандық Қызылорда» бағдарламасы, атап айтқанда, «smart city» - «ақылды қала» жобасын жүзеге асыруға қол жеткізуіне негіз болмақ.

Одан бөлек, Шанхайда құқық қорғау органдары мен әкімдік өкілдері «Safe city» («Қауіпсіз қала») жобасымен танысты.

«Қытайдағы келіссөз барысында жоғары технологиялық әрі экспортқа бағытталған жоба бойынша 6 нақты келісімге келдік. Мәселен, ол гаджеттерге арналған аса жұқа әйнектерді шығару бойынша шыны зауыты өндірісінің екінші кезеңін салу. Елбасының Жолдауында цифрландыруға ерекше назар аударылды, сондықтан, осы өнімді шығару өзекті мәселе болып табылады. Жақын арада біз қытайлық әріптестермен нақты келісімге қол қоямыз. Одан бөлек, біз «smart city» жобаларын жүзеге асыру саласында негізгі кәсіпорындардың бірі «Huawei» компаниясымен меморандумға қол қойдық. Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Сырдарияның сол жағалауында жаңа қала құрылысын салуды мақұлдады, бұл жоба «ақылды қала» ретінде жүзеге аспақ. Осы орайда, Қызылорда мен Шеньчжень қалаларының әріптестігі біз үшін өте маңызды. Оған қоса, осы бағыттардың барлығы жаңа Жолдауда көрсетілген, сондықтан, біздің жұмыс сапарымыз – Жолдауды жүзеге асыру бойынша нақты шаралар деп білемін», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Жолдау жауапкершілік жүктейді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.01.2018 11:02

Қазалыда Елбасымыздың халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауының негізгі міндеттерін көпшілікке түсіндіруге бағытталған жиын өтті. Актив мәжілісіне облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, кәсіпорын басшылары, ардагерлер мен жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиында сөз алған Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев Жолдауда айтылған негізгі бағыттар, одан туындайтын міндеттерге кеңінен тоқталды. Мұнан соң аудан прокуроры Б.Мырзабаев, еңбек ардагері Б.Пірманов, аудандық аурухананың бас дәрігері К.Әбілов, №190 мектеп директоры Д.Айтмамбет өздерінің ой-пікірлерін білдіріп, Жолдауды қолдайтындықтарын жеткізді.

Елбасы Жолдауындағы «индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» деген тапсырмасын орындау Қазалы ауданында да көрінісін табуда. Оған «РЗА» акционерлік қоғамының өндірген өнімдері айқын дәлел. Индустриялық-инновациялық бағдарламасының алғашқы бес жылында ауданда 17 жоба толық іске қосылып, 212 жаңа жұмыс орны ашылды. Ағымдағы жылы осы бағдарлама аясында «РЗА» АҚ-ның ірі қара өсіру кешені мен сүт зауыты II кезеңін іске асыру арқылы мал санын 1200 басқа ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ жыл көлемінде өнеркәсіп кәсіпорындарында 11,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген, бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 5,4 пайызға артық дегенді нұсқайды. Оған қоса Жолдауда айтылған «Ақылды технологиялар» агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі де ауданға бөтен емес. Қазалы – ауылшаруашылығына негізделген аймақ. Жыл ішінде негізгі инвестиция көлемі 189 млн теңгені құраса, қомақты өнім өндіріліп, салаға 1 млрд теңгеден астам субсидия төленуі құптарлық жайт. Ауданда күріштің әр гектарынан 45 центнерден өнім жиналып, қамбаға 30 мың тоннадан астам Сыр маржанын құйды. Ауыл шаруашылығы өнімдері өткен жылы Ресей, Украина, Тәжікстанға экспортқа шықты. Өткен жылы сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортты күріші екі гектарға егілген болатын. Биыл осы сортты күрішті недәуір ұлғайтып егуді жоспарланған. Алынған бақша дақылдары көршілес Арал, Қармақшы аудандарына, Байқоңыр, Ақтөбе, Астана қалаларына сатылып, қауын-қарбыз Ресейге экспортталғанын бұған дейін де жазған едік. Қуаныштысы, осы дәстүр Қазалыда биыл да жалғасын таппақшы.

Қазалыда құрылыс жұмыстарының қарқында жүргізілетіні баршаға аян. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасымен Әйтеке би кентінен 6 көпқабатты үйдің құрылысы басталды. Алдағы уақытта қала мен кент аралығынан тағы да тұрғын үйлер салу, Жолдау жүктеген өзге де тапсырмаларды іске асыру межеленуде.

Актив жиынында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сала басшыларына жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді қадап тапсырды.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Ақтөбе облысындағы апат: салаға түбегейлі өзгерістер керек PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.01.2018 09:07

Көліктердің тозығы, автобустардың жолаушылармен толмауы, жанармайдың қымбатшылығы, салық, климаттық ауыртпалықтар, нарықтағы заңсыз бәсекелстер кәсіпкер үшін бұл бизнесті табысты ете ме? Тасымалдау саласына лицензия жүргізу қажет пе? Автобустар тозығын кім бақылайды? Тұтынушы мүддесі мен кәсіпкерлер құқығын кім қорғайды? 29 қаңтар күні «Атамекенде» тасымалдаудың негізгі мәселелері талқыланды.

Автобус тасымалдау мәселесін талқылау «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың жетекшілігімен өтті. Жиынға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті, салалық қауымдастықтар, автокөлікпен тасымалдаушы кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

«Жуырда ғана Ақтөбе облысында  автобуста 52 шетел азаматы өртеніп, ажал құшқаны тасымалдауда жүйелі мәселелер барын, оларды тез арада шешу керек екенін аңғартты. Бұл – дабылдың басы. Мемлекеттік органдармен жедел жүргізілген сараптама нәтижесінде көлікпен тасымалдау саласында көптеген олқылықтар бары анықталды. Бүгінде тасымалдаушылардың шығынын субсидиялау, салықтан босату, автопарктерді жаңарту қажет екені ҚР Инвестициялар және даму министрі қатысуымен қаралды. Саланы қауіпсіз әрі табысты ету үшін кешенді бағдарламаларды бекіту қажет», – деді Елдос Рамазанов.

Қазақстан автокөлікшілер одағының Басқарма Төрағасы Серік Әлиғұжиновтың пікірінше, көлік саласына бақылаудан басқа, саланы дамыту бойынша түбегейлі шаралар қажет.

«Заңсыз тасымалдаушыларға қатысты мәселелрді шешу бойынша жұмыс тобын құру қажет. Жеке тұлға атына автобустарды тіркеуді шектеу керек. Тасымалдау кезеңінде жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші кезекке қойылуы тиіс, ал тәжірибе көрсеткендей жеке тұлғалар бұл міндетті қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар ұсынылып отырған автокөлікті дамытудың кешенді бағдарламасын бекітуді тездетіп, жүзеге асыру керек, сонымен қатар оның орындалуын қатаң бақылауға алу жөн», – деді Серік Әліғұжинов.

Қазақстан автокөлікшілер одағының бас директоры Сәбит Аманбаев заңсыз тасымалдаушыларға қатысты мәселе де кешенді түрде шешілу керек екенін хабарлады, бұл сұраққа салық салу мен шығындарды субсидиялау да жатқызылуы тиіс.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы «Автобус» жедел-алдын алу шаралары аясында өткізілген негізгі жұмыс туралы хабарлады. Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өкілі қолданылатын шаралар жайында айтты.

«Министрліктің жұмысы шеңберінде ІІМ-нен ҚР Инвестициялар және даму минситрлігінің көліктік бақылау органдарына бақылау функцияларын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде», – деді Автокөліктегі бақылау басқармасының жетекшісі Талғат Оспанов.

Өз кезегінде осы салада жұмыс істеп жатқан өңір кәсіпкерлері күнбе-күн болатын қиындықтарды айтып, саланы жақсартуға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, Қазақстан автокөліктік тасымалдаушылар қауымдастығының президенті Ирина Жайсанова жекелеген талаптарды күшейтуді ұсынды.

«Менің ойымша тасымалдауға берілетін лицензияны алуды қиындату керек, сонымен қатар 12 жылдан асқан көлікті тасымалдаудан шектеу қажет», – деді Ирина Жайсанова.

Ақмола облысының автопарк директоры жүргізуші құжатын беруде жас ерекшелік те назарға алыну керек екенің айтты. Көпшіліктің пайымдауынша, орын алған мәселелердің дені мемлекеттік реттеудің жетіспеушілігінен емес жергілікті өкілетті органдардың бақылауы төмендігінен, сонымен қатар тұтынушылар, кәсіпкерлер  тарапынан болатын қоғамдық бақылаудың жоқтығынан орын алып отыр.

«Функцияларды бір министрліктен екінші министрлікке беру жеткіліксіз, лицензияларды тек заңды тұлғаларға беруді ұсынамын. Осылайша кәсіпкер заңды түрде жұмыс істеп, тасымалдауда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Кәсіпкер осылай жұмыс істеу тиімді екенін түсінуі  керек. Заңсыз тасымалдаушылар салдарынан мемлекет салық төлемдері ретіндегі кірістен қағылып отыр», – деді Қарағанды облысы автокөлік кәсіпорындары қауымдастығының директоры Айнитдин Буралкин.

Жиын қорытындысы бойынша заңсыз тасымалдаушыларға бақылауды күшейту және қойылған міндетті ары қарай орындау белгіленді.

«Жиын қатысушыларын, тасымалдаушыларды жолаушыларды тасымалдау жұмысын жақсарту бойынша нақты ұсыныстарды «Атамекенге» жолдауларын және автокөлік саласына қатысты заңнаманы жетілдіру бойынша жұмысқа белсенді қатысуға шақырамын», – деді Елдос Рамазанов.

Бір сөзбен айтқанда, заңсыз тасымалдаушыларды қатаң бақылауға алу қажет.

Алия Кемелбекова,

"Атамекен" ҰКП сайты

қазақ редакциясының журналисі

 


Қызылорда – Қытай: әріптестік байланыс PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.01.2018 16:49

Кеше облыс әкімі Қ.Көшербаев бастаған Қызылорда облысының делегациясы жұмыс сапармен Қытай Халық Республикасына келді.

Сапар аясында делегация мүшелері Бейжің және Шэньчжэнь, Шанxай қалаларында болып, бірқатар ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысады. Алдымен Бейжің қаласында көмір, су электрстанцияларын салу және т.б. салаларда мол тәжірибесі бар CNEEC (Қытай ұлттық электр инжиниринг корпорациясы) компаниясының басшылығымен кездесті. Басқосуда Қызылорда облысында су және күн электр стансаларын салу жобалары талқыланды.

Қытайға жұмыс сапарының екінші күні облыс әкімі Қ.Көшербаев бірқатар компания басшыларымен кездесті.

Бүгін Бейжің қаласында шыны өнімдерін шығаратын ең ірі кәсіпорындарының бірі «China Triumph International Engineering Co., Ltd» компания басшылығымен келіссөз жүргізілді. Естеріңізге сала кетейік, бұл компания Қызылорда облысында шыны зауытының құрылысын жүргізуде. Зауыт ағымдағы жылдың шілде айында іске қосылмақ.

Сонымен қатар, облыс әкімі Бейжің қаласының Көліктік ситуациялық орталығы мен «Poly» ("China Poly Group Corporation") компаниясының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, аймақ басшысы Шиелі ауданында цемент зауытын салып жатқан «Гежуба Групп Цемент КО ЛТД» ("China Gezhouba Group Cement Co., Ltd") компаниясы өкілдерімен кездесті. Одан бөлек, «Cofco» компаниясының басшылығымен томат пастасын шығаратын зауыт құрылысы бойынша әріптестік мәселелері талқыланды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қалымбетов турнирінде «Ардагер» топ жарды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.01.2018 16:40

27-28 қаңтар күндері «Евразия» спорт кешенінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы және Қалымбетовтер отбасының ұйымдастыруымен аты аңызға айналған футболшы, қызылордалық шеберлер командасының бас бапкері Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған футзалдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир өткізілді. Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 40 жас және одан жоғары жастағы 9 командадан 150 ардагер футболшылар қатысып, үздіктері анықталды.

Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша «Ардагер» командасы «ПетроҚазақстан» командасын 3:2 есебімен жеңіп, екінші мәрте жеңімпаз атанды. Жаңақорғандық «Сығанақ» командасы үшінші орынды иеленсе, «Қайсар» командасы төртінші орынды қанағат тұтты.

«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Сергей Жмурин («Ардагер» командасы), «Үздік қорғаушы» - Ерлік Тұртанов («Сығанақ» командасы), «Үздік шабуылшы» - Бахыт Қадыров («Қайсар» командасы), «Мерген ойыншы» - Ғани Махамбетов («ПетроҚазақстан» командасы), «Үздік ойыншы» - Берік Жаппасбаев («Ардагер» командасы) марапатталды.

Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, диплом, ақшалай сыйақы берілді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

 


Айбек Шаукилов Әлем чемпионы атанды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.01.2018 16:39

Украинаның Одесса қаласында киокушинкай каратэден жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде еліміздің құрамасы 12 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлделерді иеленді.

21 мемлекеттен қатысқан айтулы сында Сыр бойынан барған Айбек Шаукилов жастар арасында бақ сынасып, 55 келіге дейінгі салмақта алтын жүлдені иеленді. Ол жарыс барысында төрт кездесу өткізді. Үш кездесуде де қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Финалда Украина спортшысын 4:0 есебімен жеңіп, Әлем чемпионы атанды.

А.Шаукилов 2001 жылы 7 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2009 жылдан бері киокушинкай каратэмен шұғылданып келеді. Ол осы күнге дейін бірнеше жарыста топ жарған еді. Жерлесіміз 2015, 2017 жылдары жасөспірімдер және жастар арасында ҚР чемпионатының екі мәрте күміс жүлдесін иеленсе, 2016 жылы ҚР кубогының иегері болды. 2016, 2017 жылдары «Kazakhstan Open» халықаралық турнирдің жеңімпазы және жүлдегері атанды. Ол №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады. Оны жарысқа бапкері Бауыржан Мұханов дайындады. Қазіргі таңда спортшы №101 орта мектептің 11 сыныбында оқиды.

Оның алдағы жоспары - ағымдағы жылдың маусым айында Астана қаласында жастар арасында өтетін Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көріну.

Киокушинкай каратэ спорты облыста 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Спортшылар №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде жаттығады. Осы уақытқа дейін өңірден алғашқы Әлем чемпионы шықты. Жалпы, өңірде киокушинкай каратэмен 300-ге жуық спортшы айналысады.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

 


Қызылордада 35 мектепте жаңадан енгізілген «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқытылуда PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.01.2018 16:38

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ерлан Молдыраимов айтты.

Қызылордада 2014 жылдан бері пилоттық режимде «Кәсіпкерлік негіздері» пәні №9 мектеп-гимназиясында өткізіліп келеді. 5-10 сыныптарда өткізілетін жоба осы жылдар аралығында өміршеңдігін, тиімділігін көрсетті. Нәтижесінде аталмыш білім беру ұйымында «Атамекен» мектеп компаниясы құрылып, 2017 жылы Токио қаласында ұйымдастырылған «JA Asia Pacific Company» халықаралық компаниясына қатысқан жалғыз қазақстандық команда болды.

«Кәсіпкерлік негіздері» пәнінде оқушыларға кәсіпкерлік ұғымына түсінік беріліп, алғашқы капиталды жинау тәсілдері, кәсіпкерліктің алғышарттары оқытылады.

Облыс мектептерінің ұстаздарын да аталмыш пән аясында әдістемелік даярлау мақсатында №9 мектеп-гимназиясының базасында оқыту семинарлары, біліктілікті арттыруға арналған курстар, бизнес-идеялар жәрмеңкесі, шеберлік сағаттары өткізілуде. Нәтижесінде Қызылорда облысында бүгінде «Кәсіпкерлік негіздері» пәні 35 мектепке енгізілді.

Мұнан өзге, жобаның «алғашқы қарлығашы» №9 мектеп-гимназиясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа оқу бағдарламасы сыналуда.

«№9 мектеп-гимназиясы жаңа бағдарлама аясындағы шараларды бастап кетті. Жақында ғана аталмыш білім беру ұйымында ашық сабақ ұйымдастырылды. Жаңа бағдарлама аясында өткен шарада оқушыларға Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен пилоттық негізде әзірленген «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» атты кітапты таратып бердік. Оқулықта экономика, бизнес саласындағы терминдер, компания құруға дайындық, бизнес-жоспар құрудың негізгі кезеңдері, т.б. материалдар қамтылған», - дейді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ерлан Молдыраимов.

Айта кету керек, «Атамекен» ҰКП ұсынған «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізу бастамасын ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдап, жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне енгізілетін болды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қаңтар 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары