Өзекті мәселелер

  • 24.05.18

    «Ауру – астан». Алайда біздегі білім ордаларындағы асханалардың жай-күйі біраз жайттың бетін ашып бергендей. 18 мамырда Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округіндегі №192 орта мектептің асханасынан тамақтанған 25 оқушы уланып қалды. 21 балаға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілсе, 4-еуі аудандық ауруханаға жеткізілген. Ақ халаттылардың айтуынша, эпидемиологиялық ...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты. Онымен күрес барлық уақытта да маңыздылығын жолғалтпаған. Соңғы кезде қанатының кең жайылып кетуінен қауіптенген еліміз оның тамырына балта шабу үшін жаңа стратегиялар қабылдап, үзіліссіз күрес жүргізіп келеді­. Тіпті 2017 жылы Елбасына  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасы» ұсынылған болатын. Онда әлеуметтік зерттеу қорытындыла...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Қашанда таланттыларды  тасада  қалдырмаған  қазақ  тағы бір өнерлі ұлын ұлықта­ды. Сыр елі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған ау­қымды шара ұйым­дастырды.

    Бұл жолғы сән-салтанат пен халық құрметі айрықша есте қалды. Себебі кейбір сарсаңға са­латын «көпсөзді» жиынға  барудан шаршаған жұртшылық  көңілді кон­церт­ке  келіп, рухани демалыс ...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Жоғарыда аталған тақырыпқа орай жастар арасында­ сауалнама жүргіздік. Бірі былай тартады, енді біреуі былай тартады. Пікірлер сан алуан. Расымен, сөз байласып жүрген жастардан бұрын, біраз жыл бірге тұрып, ажырасып кететін отбасылар да аз емес. Сенімге селкеу, сыйластыққа сызат түсіп, сүйгеніне берген сертін бұзатын білектілер мен бұрымдылар баршылық. Қос ға...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    КІСІНЕГЕН   КІСІ

    Сықақшы

    Ғаббас  ҚАБЫШҰЛЫНА

    Толығырақ...
Сейсенбі, 30 Қаңтар 2018

Сан салада серпін бар PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.01.2018 10:32

Кеше облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов өңірдегі әр сала басшыларымен бірге БАҚ өкілдеріне брифинг берді.

Алдымен ауыл шаруашылығы саласын тілге тиек еткен ол өткен жылға қарағанда өсім бар екенін айтты. 2017 жылы өңірдің аграрлық секторын қолдауға мемлекет тайқазанынан 9,3 миллиард теңге бөлінген. Көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға көбейіп отыр. Қарап отырсақ, қыруар қаржы. Бір ғана ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталып отыр. Құйылған инвестиция да өз кезегінде құнын ақтаған секілді. Себебі, өндірілген өнім көлемі 86,1 миллиард теңгені құрап, алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға артыпты. Ал тамақ өндіру көлемі 619,3 миллиард теңге болған.

Сыр бойы дегенде ақ маржанымыз бірінші еске түсетіні белгілі. Негізгі дақылымыз былтыр 90 882 гектар жерге егіліп, әр гектарынан 55,3 центнерден өнім алып, 502,5 мың тонна күріш салысы жиналған. Бұл егінжай ерлерінің ерен еңбегінің жемісі десек, қателеспеспіз.

Ата кәсібімізді күйттеген шаруалар мемлекет ұсынған бағдарламалардың көмегімен жұмысын жетілдіруге мүмкіндік алды. Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2100 бас аналық сиыр сатып алу жоспарланып, діттеген мақсат орындалды. Тіпті, артығымен - 119,4 пайыз. «Алтын асық» бағдарламасымен 1000 бас қой алу жоспарланып, жұмыс 163,3 пайызға жүргізілген. Ал «Құлан» бағдарламасы негізінде 500 жылқы сатып алу көзделсе, нәтиже ойлағаннан да асып түсіпті, 134,6 пайыз.

Су шаруашылығына келсек, облыста 159 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру және пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар жерді қайта айналымға қосу үшін 3 жоба енгізілген. Оның жалпы құны – 122 миллиард теңге.

Жасыл желегімізді көркейтіп, көгалдандыру жұмыстарына қаражат қаралып, туған жердің табиғатын жақсартуға жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жыл сайын облыс бюджетінен мемлекеттік орман қоры жерлеріне 10 мың гектар ағаш отырғызылғанын ескерсек, оның 5 мың гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанының еншісінде. Осылайша суынан айырылған Аралды нуға айналдыру басты міндетке айналды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Салауатұлы «ғалымдардың мәліметі бойынша, Аралдың құрғаған ұлтаны 6 миллион гектарды құрайды» дейді. Әлемді алаңдатқан Аралдың экологиялық жағдайы арттыру үшін түрлі қорлар құрылған болатын.

-        2017 жылғы 30-31 мамырда облыс әкімдігі Халықаралық Аралды Құтқару Қорының Атқарушы дирекциясымен бірлесіп, Қызылорда қаласында бірінші Арал халықаралық тұрақты дамыту форумы ұйымдастырылды. Мақсат – Арал өңірінің қазіргі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттандыру, өзекті мәселелерге әлемдік қауымдастық назарын аударту, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Бүгінде балық өңдеу саласы қарқынды дамып келеді. Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі мен 203 көл есепке алынған. Кіші Арал теңізінің учаскелері толықтай, 203 көлдің 152-сі табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімге берілген. Өткен жылы 8740 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 140 миллион теңге қаржы түсірген.

Жалға алынған қаланың жайын айтқанда, теріскейдегі көршімізбен тату қарым-қатынасқа тоқталғанымыз абзал. Облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов Қазақстан мен Ресейдің «Байқоңыр» кешеніндегі қарым-қатынасы бірте-бірте жалдық жағдайдан кешенді бірлесе пайдалану жағдайына көшіп келе жатқанын айрықша атап өтті. «Осы ретте біз барлық әлеуметтік-экономикалық мәселелерді Ресеймен бірлесе отырып, арнайы құрылған үкіметаралық комиссияның шеңберінде шешіп келеміз» деді ол.

Ж.Қойшыбекова

 


Жолынан жаңылмай келеді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.01.2018 09:16

Əне-міне дегенше, Түркиядағы бірінші оқу-жаттығу жиындары да өте шықты. Енді ақпанның 1-і мен 25-і аралығында екінші жиын басталады. Жаттығу жұмыстары сонымен қорытындыланатын секілді. Мұнан бірнеше жыл бұрын “Қайсар” футбол клубы төрт мәрте жаттығу жұмыстарын жүргізген болатын. Екінші жиында жерлестеріміз 7 жолдастық кездесу өткізеді деген жоспар бар. Әрине, оның саны қысқаруы да мүмкін.

Бұған дейін “қасқырлар” Румынияның жоғарғы дивизионында өнер көрсететін “Сепси” командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екінші кездесу Болгарияның жоғарғы дивизионында доп тебетін “Дунав” командасына қарсы өтті. Анталиядан жеткен мәліметтерге сүйенсек, ойындағы жалғыз голды шабуылшымыз Тоқтар Жаңғылышбай соққан. Шыны керек, әзірге Стойчо Младеновтың шәкірттері ерлеп тұр. Айтпақшы, биылғы “Қайсардың” құрамына қызыға қарайтындардың қатары Қазақстанның түкпір-түкпірінен табылады. Өткен жылы команда құрамының 70 пайызын сақтап қалуды мақсат тұтып, әр клубтағы сырбойылық түлектерді шақыруды әдетке айналдырды. Клубтан қара маржандарға да орын табылды. Жақында ғана “Қайсар” футбол клубының басшылығы Мартиника ұлттық құрамасының шабуылшысы Йоанн Аркинмен келісімшартқа қол қойды. Футболшы бұған дейін “Мэнсфилд” (Англияның 2-ші лигасы) командасының құрамында ойнаған (12 ойын, 2 гол) және швециялық “Сюрианска” клубының құрамында алаңға 15 ойында шығып 5 гол салған. Әлеуметтік желіде жаңа ойыншымыздың Англия кубогы қарсаңында “Ливерпуль” қақпасына соққан голы турасында жазып жатқандар жетерлік.

Р.Сәрсенұлы

 


“АҚМЕШІТ” ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.01.2018 09:15

Өткен аптада Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімдігінің қолдауымен ақындар арасында “Шаршы алаңда шайырлар” атты шағын футбол турнирі өтті. “Мирас” спорт кешенінде жалауын желбіреткен доп додасына Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысының командалары қатысты. Айта кетейік, жарысқа алаң иелері үкілеп екі командасын қосты. Тартысты турнирге дейін жергілікті ақындар қонақтарға Шымкент қаласының көрікті жерлерін аралатып, бірқатар орындармен таныстырды. Қазақстандағы ең биік нүктеде орналасқан Бәйдібек бидің ескерткішінен басталған қонақжайлылық жарыстан кейін де жалғасын тапты. Әлгінде айтқандай, тек еліміздегі ғана емес, әлемдегі ең биік ескерткіш саналатын баба мүсінінен кейін ақындар “Қазақ хандығы” монументіне табан тіреп, ұлттық тағамдардан ауыз тиді. Ол жерде айтыскер ақын Ақмарал Леубаева шашу шашып қарсы алса, Нұрлан Есенқұлов арнау айтты. Одан кейін шайырлар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына бас сұғып, құнды жәдігерлермен танысты. Келесі бағыт Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы болды. Өлмес өнер иелерін ардақтауды әдетке айналдырған оңтүстік билігі мұндай мекеменің іргетасын Қазақстан бойынша бірінші болып қалапты. Ішіне ұлт болып ұйысып, ел болып еңсе тіктегеннен бергі ірілі-ұсақты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізден хабар беретін кітаптар, заттар, жалпы айтқанда, ұлттық құндылығымызды дәріптейтін, қазақ ұлтына тән барлық дүниелер жинақталыпты. Осылайша, жарыс ұйымдастырушылары ел руханиятына қызмет ететін жыр жүйріктерін осындай аурамен тыныстатып, дүниетанымының кеңеюіне ықпал етті.

Енді ойынның өтілу барысына ойыссақ. “Ақмешіт”, “Тараз тарландары”, “Оңтүстік”, “Шамшырақ” секілді төрт команда арасында өрбіген кездесу тартысты өтті деуге негіз бар. Алдымен сырбойылықтар мен әулиеаталықтар алаңда шеберлік байқасса, қос шымкенттік ұжым өзара мықтыны анықтауға мәжбүр болды. Тараздықтарды 5:1 есебімен тас талқан еткен қызылордалықтарға Шымкенттің “Шамшырағы” да шыдас бермеді. Қорытынды есеп: 3:0. Финалдық ойын қоржынында 6 ұпайдан бар “Оңтүстік” және “Ақмешіт” командалары арасында өрбіді. Нағыз ақтық сайыстың ойынына баланған кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Турнирде “Үздік қорғаушы” Қажымұқан Абзалов (“Шамшырақ” командасы), “Үздік қақпашы” Ербол Қамбатыров (“Тараз тарландары” командасы), “Үздік шабуылшы” болып Мұхтар Ниязов (“Ақмешіт” командасы) танылса, “Үздік ойыншы” атағымен Сырым Шыршықбаев (“Оңтүстік” командасы) марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қаратау ауданы әкімі Ғ.Мәуленқұлов диплом, кубок және медальдар табыс етті.

Айта кетейік, қызылордалық команданың намысын Мұхтар Ниязов, Ержеңіс Әбдиев, Ержан Әміров, Ұлықбек Тәңірбергенов, Бекжан Ержігіт, Рыскелді Жахман, Шыңғыс Құдайбергендер қорғады. Тараз жерінде басталған аталмыш жарыс көп ұзамай Шымкентте жалғасын тауып отыр. Дәстүрге айналып келе жатқан доп додасы алдағы уақытта Сыр елінде де өтпек.

Рыскелді ЖАХМАН,

Қызылорда-Шымкент-Қызылорда

 


Құжатнамаға қаралған қаржы қайда? PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.01.2018 08:35

Жаһандану кезеңінде әлеуметтің әлеуетін арттыру басты назарда болуы керек. Көш ілгерілеген сайын ілесіп отыру да оңай емес. Биылғы мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған жолдауы жаңаша дамуға дем беретіні сөзсіз. Басым бағыт – сан салада сандық технологияның көмегімен жоғары нәтижеге қол жеткізу. Осы және өзге де мәселелер жөнінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжіліс отырысында айтылды.

Алдымен аймақ басшысы жыл ішінде өңірде атқарылған жұмыстар барысына тоқталды. Қызылорда облысы макроэкономикалық даму көрсеткіші жағынан республика бойынша алдыңғы қатарда келеді. Мұнымен түйткіл түгел тарқады дей алмайсыз. Былтыр әлемдік нарықтағы «қара алтынның» құны құлдырап, қазынаға тиісті мөлшерде қаржы құйылмады. Оның үстіне облыста өндіріліп жатқан мұнайдың 98 пайызы – су. Демек, мұнай дәуірі тамамдалуға жақын. Осыған орай Қырымбек Елеуұлы: «Жаңа ғасырдың мұнайы – ақпарат және сандық технология»,- деді де, «орын алған сыртқы өзгерістерге біздің ішкі өзгерістер сай болуы тиіс» деп ескертті. Өз кезегінде бүгінгі буыннан күтер үміт көп. Жастар жағы артылған сенімге селкеу түсірмеуі тиіс. Өздеріңізге белгілі, облыс әкімінің тікелей қолдауымен өңір жастары Ресейдің маңдайалды жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алған болатын. Жиында аймақ басшысы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаевқа: «Ресейде білім алып жатқан жастардың жұмысқа тұруына тікелей жауаптысың»,- деп тапсырма берді.

– Соңғы ғаламдық дағдарыс кезінде экономиканың тұрақтылығын шағын және кіші кәсіпкерлік сақтап қалды. Болашақ – кәсіпкерліктің үлесінде. Сондықтан жергілікті әкімдік пен мәслихаттың және «Нұр Отан» партиясының келісімімен «биыл – облыста жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жарияладық. Бұған арнайы Жол картасы дайындалы. Осы жобаны жетілдіруге 32,8 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр,- деді Қырымбек Елеуұлы.

Мәжілісте облыстық салық базасын кеңейту бағытында жасалған жұмыстар жөнінде қозғалды. Өткен жылы аймақ бюджетіне 13 млрд теңгеден аса түсім түскен. Статистикалық мәліметке сүйенсек, өңір халқының 5,9 пайызы ғана кәсіпкер болып тіркелгендердің үлесін құрайды. Тіпті, кейбір ауылдарда кәсіпкерлер мүлде жоқ.

– 2017 жылы Арал ауданында Аманөткел, Райым, Қосжар, Сазды, Сырдария ауданында Қоғалыкөл, Жетікөл, Іңкәрдария, Жаңақорған ауданында Қожамберді, Қыраш ауылдық округтерінде 1-2 кәсіпкерден ғана тіркелген. Ал Қазалы ауданында барлық кент, ауылдық округтерде өткен жылмен салыстырғанда кәсіпкерлер саны 55-ке азайып кеткен, - деді Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы С.Мұстафаев.

Былтырдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен жалпы 2 379,602 млн теңге бөлінді. Оның 1848,9 млн теңгесі республикалық бюджеттен, қалғаны жергілікті қазынадан қаралған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мәлімдеді. Ал өткен жылы өңірдегі өнеркәсіп орындары 773,2 млрд теңгенің өнімін өндірген. Негізгі капиталға тартылған инвестиция – 241,5 млрд теңге. Құрылыс жұмыстарының көлемі 72,1 млрд теңгені құраған. Нәтижесінде 612,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, республикалық көрсеткіштен асып түсті. Дегенмен орын алған олқылықтар да аз емес. Мәселен, былтыр әзірленген 33 жобаның 21-інің жоба-сметалық құжаттарының мерзімі өтіп кеткен. Осылайша бюджеттен 33 жобаның құжатнамасына бөлінген 215 млн теңгенің 140 млн теңгесі желге ұшқан. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 86 млрд теңгеге жеткен. Былтыр 6367,4 тонна бақша, көкөніс өнімдері Ресейге экспортталған.

Сонымен қатар кеңейтілген отырыста ауқымды жобалар жөнінде де сөз болды. Бұйырса, биыл Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек кенттерінің тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізбек.

– Біз биыл үш аудан орталығын міндетті түрде газдандыруымыз қажет,- деді Қ.Елеуұлы.

Елбасы жолдауынан туындаған міндеттер аясында облыста «Рухани жаңғыру» орталығы құрылғандығы жөнінде облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов баяндады. Орталықтың директоры – белгілі тарихшы-ғалым Н.Мыңжасов. Жиын соңында аймақ басшысы Сыр елі ұлт руханияты жолында бастамашы болуы керектігін жеткізді. Және тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Қозы Көрпеш Жасаралұлы

 


Күнтізбе

< Қаңтар 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары