Өзекті мәселелер

  • 15.02.18

    Дария демі ішінде. Ақпан басталғалы Сырдарияның маңына жақын орналасқан жұртшылық арнасынан асқан өзен суынан қауіптенгені белгілі. Алайда дүрлігуге негіз жоқ. Бұл туралы облыс­тық  жұмылдыру дайындығы бас­қармасының басшысы Серік Сермағамбетов өңірлік ком­муни­ка­циялар қызметінде БАҚ  өкіл­деріне мәлімдеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Көпшілік ортада кейбір баланың іс-әрекетіне, қылығына қарап, оның тәрбиесіне баға береміз. Өйткені бала ес білгеннен бастап ата-анасының іс-әрекетін қайталап, айтқан сөздерін жаттап, санасына тоқып алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөз осының дәлелі іспеттес. Жасыратыны жоқ, бүгінгі жастарға, балаларға тәрбие жөніне келгенде көңіліміз толмайды. Өйткені, (барлығына бірдей топыр...

    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Алланың адам баласына берген­ сыйы – жарық дүние. Сол дүние есігін ашқаннан бастап өмірден озғанға дейінгі уақыт ол әр адамның өз еншісінде. Ата-ана үшін өмірдегі ең маңызды сәт – сәби сүйіп, тұлға етіп тәр­биелеп, жетілдіріп, ел қатарына қосу. Бұл – әрбір ата-ана үшін алдыға қойған бірінші мақсат. Мұндай  бақыт  біреуге  бұйырса, біреу  осыған  жете  алмай  жүр.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Әңгіменің төркінін тақырыптан-ақ бажайлаған боларсыз. Иә, мәселе жұдырығын жұмса ашпайтын, ашса шаш­пайтын  нағыз Шықберместердің ізін жалғап, өкшесін басып­  келе жатқан жігіттер жайын­да болмақ. Жомарттық, мәрттік, кеңдік, ол – кісінің алдын­а қысылмай кең құлаш даста­рқанын жайып, қолында барын төге салатын, тіпті қажет болған жағдайда жарты бай­лығын теңдей бөле салатын адам. Сіз бен бізде,...

    Толығырақ...
  • 15.02.18

    Қазақ жігіттері ежелден ірі, ержүрек болған. Оны сол уақыттағы саф ауа, табиғи тағам секілді жайттармен байланыстыруға болатын шығар. Белгісіз. Арысы батырлар жырының кейіпкерлерін көз алдымызға елестеттік. «Еліме пайдам тисін, жауыма найзам тисін» деген ұстаныммен ұлтарақтай жері үшін өзгемен егесіп, ат үстінде күнелтті. Қара бастың емес, бар Алаштың қамы үшін қасық қаны қалғаша соғысып, жауды...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 05 Ақпан 2018

ТЕҢІЗБЕН ТАҒДЫРЛАС ТАЛАНТ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.02.2018 18:44

Апта басында сыршыл ақын Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада тағылымды шара өтті. Руханият саласына бар ғұмырын сарп еткен эколог-жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тағдырым теңізбен тағдырлас» атты жазушымен кездесу кешіне замандастары, студент-жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының құттықтауын жеткізген орынбасары Руслан Рүстемов жазушының өмір жолына, шығармашылығына тоқталды.

- Қай ғасырда болмасын, қай заманда болмасын, әрбір ұлттың өркениет деңгейін, руханиятын қаламгерлерімен, жазушылық ортасымен бағалағаны белгілі. Бұл ретте біздегі руханият ортасы бай. Қазақтың даласы мұхит болса, соның бір шетіндегі теңіздің атын қазақтың өзі Арал деп қойған екен. Сол теңіздің жағасында Сайлаубай ағамыз дүниеге келіпті. Мінеки, бүгін жетпістің мерейлі шағында отыр. Қаламыңыз мұқалмасын, жазарыңыз көбейсін! – деді облыс әкімінің орынбасары.

Жазушы тұңғыш рет 1967 жылы «Білім және еңбек» журналында «Аралды қайтсек сақтаймыз?» деген проблемалық мақаласымен, «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған «Боз айғыр» әңгімесімен көрінді. Сондай-ақ, 50-ге жуық көркем фильм мен аудармаларды дүниеге әкелген жазушы небәрі 21 жасында әдебиет әлемінде жарқ етіп, өзіндік ерекшелігімен таныла бастады. Былтырғы жылы «Абыржы» атты трилогиясы қалың оқырманға жол тартқан болатын. «Арал тағдыры – адам тағдыры» дейтіндер кітаптың салмағын, көтерген жүгін де соншалықты ұғынатындай. Арал теңізінің экологиялық мәселесін жазуға 50 жылын сарп еткен қаламгер соңғы шыққан кітабын жазуға 17 жылын арнаған. Сондықтан болар, кездесу кешінде жазушының замандастары көбіне осы шығарма турасында сөйледі. Оның ішінде «Абыржыны» мемлекеттік немесе халықаралық сыйлыққа ұсыну керек!» дегендер де болды.

Кеш барысында «Табиғат тамыршысына айналған талант» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалса, «Кел, теңіз, сырласайық» атты Сайлаубай Жұбатырұлының монологын кітапхана оқырманы Еркебұлан Тынымбайұлы оқыды. Айтпақшы, биылғы жылдың маусым-шілде айларында жазушының жетпіс жасы туған жері Арал ауданында, Қызылорда қаласында кеңінен тойланбақ.

Замандастар пікірі

Қайырбай ЗӘКІРОВ, суретші:

- Сайлаубайдың қаламынан туған туындылар өміршең келеді. Оның «Абыржымен» тоқтап қалмасына да сенемін. Трилогиясын оқып отырып, кейбір сөйлемдердің мән-мағынасына терең үңіліп, аса шеберлікпен жазылғанын байқадым.

Хұсейін ӘМІР-ТЕМІР, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі:

- «Абыржыны» қолыма алып, оқи бастадым. 57-бетіне дейін 3 күн оқыдым, қиынға соққандай. Ал, одан кейінгі 2 күнде барлығын тауысып, соңынан бір-ақ шықтым. Кітап оқырманды еріксіз баурап алады. Сірә, жазушының мықтылығы осы болса керек...

Айжарық СӘДІБЕКҰЛЫ, жазушы:

- 1971 жылы жастарға арналған шығармалардың жабық бәйгесінде «Алыстағы аралдар» повесімен Сайлаубай Жұбатырұлы екінші орынды жеңіп алса, Тынымбай Нұрмағамбетов бірінші орынға ие болды. Екі қызылордалық та сол кезде әдебиетке үлкен дүмпу болып келді.

Шанжархан БЕКМАҒАМБЕТОВ, филология ғылымдарының кандидаты:

- Біз бүгін сырбойылық жазушының ғана емес, қазақ жазушысының кешіне келіп отырмыз. Мен жазушы шығармашылығындағы «Абыржы» трилогиясының жаңартылған нұсқасын түсінбедім деген адамды түсінбеймін.

Рыскелді  ЖАХМАН

 


Жүйелі жұмыс табысқа бастайды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.02.2018 18:36

Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың тұрғындар алдындағы жылдық есеп беру жиынына жұртшылық көп жиналды. Есепті кездесуге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Тілешев, облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов және облыстық басқарма, инспекция басшыларының арнайы қатысуы жүздесудің маңызын салмақтата түскендей.

Жиында сөз алған Арал ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев өткен жылы теңіз төскейіндегі атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді байыпты түрде атап өтті.

Арал ауданында жыл көлемінде біршама жұмыстар істелген. Орайы түскенде, тындырылған тірліктер жайлы аз-кем дерек келтірсек. Ауданға өткен жылы 10,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартуға қол жеткізілген. Бұл есепті мерзіммен салыстырғанда 158,3 пайызға артық дегенді нұсқайды. Атап айтарлығы, салынған инвестицияның 5,1 млрд теңгесі ауданға қарасты елді мекендерге тартылыпты. Олар негізінен өнеркәсіп, көлік, білім беру және денсаулық сақтау салаларына бағытталған екен. Өткен жылы өнеркәсіп орындары 9 млрд теңгеге жуық өнім игерген. Жыл көлемінде аудан бойынша тұз қазу, йодталған тұз, балық, ет, нан және нан өнімдері, кварц топырағы қарқынды өндірілген. Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына Арал ауданынан 7 жоба енгізілді. Бұған дейін төрт жоба жұмыс істеп келсе, 2017 жылы қосымша «Қаптама кірпіш өндіру» және «Асфальт-бетон зауыты» жобасы іске қосылды. Ал, республикалық индустрияландыру картасына енген «Кальцийлендірілген сода өндіру» жобасы бойынша зауыт құрылысы биыл басталады деп жоспарлануда.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бағыты бойынша 13 жоба субсидияланса, гранттық қаржыландыру бағытымен 13,5 млн теңгенің 14 жобасы қайтарымсыз грантқа ие болуы құптарлық жайт. Аудан тұрғындары арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 86 жобаны қамтитын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың аудандық іс-шаралар жоспары жасалып, 15 округте 41 жоба іске асырылған. Аудан аумағынан өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойынан бірнеше жол сервистік нысандары қызмет көрсететінін бұған дейін де жазған едік. Енді оған қосымша ЖК Г.Елешованың «С» санатты сервистік нысаны пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы тағы да екі нысанның құрылысы жалғасуда. Жыл ішінде ауданда 6 млрд теңгеге бөлшек сауда, 4,2 млрд теңгеге көтерме сауда жасалып, жеке кәсіпкер Б.Жандаулетовтың «Ер-Ай» сауда орталығы ашылғанын атап кетейік.

Ауданда жылдық қуаты 18900 тоннаны құрайтын 8 балық өңдейтін зауыт жұмыс істейді. Өткен жылы «Ар-М-Кон» ЖШС-нің «Балық түрлерін сақтау және қатыру» жобасы іске қосылды. Зауыттың жылдық қуаты 2500 тонна балық өнімдерін өңдеуге мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы негізінде қолдауға ие болған отбасылық жеке кәсіпкер Ә.Жаңайбековтың «Қуатбай» балық өңдеу цехында жеті адам еңбек етеді. 2017 жылы аудан бойынша 7000 тонна балық ауланса, 2961 тоннасы өңделіп, 590 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды.

Ауызсу мәселесіне байланысты республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге қаржы бөлінген еді. Қаралған қаржыға Конту, Бөген, Қамыстыбас, Аралқұм, Шижаға, Аманөткел елді мекендерінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары қарқынды жүргізіліп, түйткіл шешілді. 2017 жылы 21 нысанның құрылысына қаржы қаралып, 7 мектеп, Сексеуіл кентінде спорттық сауықтыру кешені мен учаскелік полиция бөлімшесінің, әлденеше спорт алаңдары, бірнеше медициналық пункт, екі полиция бекетінің құрылыстары жүріп, Сексеуіл мен Жақсықылыш кенттерінің жоспарлау жобалары дайындалды. Осы ретте көптен күткен жағымды жаңалықпен бөліссек. Бұл ұзақ жылдардан бері (нақтысы 45 жыл) өзгертілмеген Арал қаласы шекарасының ұлғайтылуы еді.

Есеп беру жиынында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқтала келе, Елбасы Жолдауынан туындап отырған міндеттерді орындау жолдарын тарқата айтты. Аймақтың нәтижелі жетістіктері, әр сала бойынша қол жеткен толымды табыстары, оған аралдықтардың да қосқан үлесі мол екендігін жеткізіп, аймақ экономикасын жандандыру бағытында бірқатар жағымды жаңалықтармен бөлісті. Жиын барысында айтылған ұсыныс-пікірлер, сауалдарға жауап қайтарылды.

 


Шағын кәсіпкерлік жанданады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.02.2018 12:27

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев аудан тұрғындарының алдында қорытынды есеп берді. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Тілешев арнайы қатысты.

Өз баяндамасында аудан әкімі өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына қоса, алдағы міндеттерді де жеткізді. Қазалыда «Нұрлы жер» бағдарламасымен алты көпқабатты үйдің құрылысы басталса, алда қала мен кент аралығынан тағы да тұрғын үйлер салу жоспары тұр. Сондай-ақ «Орда» жол картасы бойынша ұзақ мерзімді несиемен тұрғын үй алғысы келетін азаматтардың тізімі жасақталуда. Осылайша тұрғындардың жер алудағы кезектілігі азайып, тұрғын үй бойынша да өтініштердің санын төмендетуге мүмкіндік туындайды.

«Аудан экономикасын арттырудың бірден-бір тірегі кәсіпкерлік саласы екені белгілі» деген Мұрат Нәлқожаұлы жыл ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарында 11,8 млрд теңгенің өнімі өндірілгенін, мұның өзі өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 5,4 пайызға артық екендігіне тоқталды. Әкімнің сөзінің жаны бар сынды. Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бес жылдығында 17 жоба толық іске қосылып, 212 жаңа жұмыс орны ашылыпты. Ағымдағы жылы аталмыш бағдарлама аясында «РЗА» АҚ-ның ірі қара өсіру кешені мен сүт зауыты II кезеңін іске асыру арқылы мал басын 1200 басқа ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осынау жобалардың нәтижесінде салада өндірілген өнім көлемі 103 пайызға жетті. Алайда кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік мұнан да жоғары. Өңірдегі түрлі жерасты кен қазбалары, ірі корпорациялар болмаса да шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша Қазалы ауданы облыста алдыңғы қатарда тұр. Оған қоса тұрғындардың, әсіресе ауыл халқының кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті екені байқалады.

Алғашқы кезекте ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту жұмысын жандандырамыз деген М.Ергешбаевтың пікіріне елең ете түскен едік. Бұл үшін әр ауыл бойынша сараптама жасалып, қай ауылдың қандай кәсіп түріне икемділігі анықталып, жобалар дайындалған. Тіпті, оларға кететін қаржысына дейін есептеліп, соған сәйкес кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі арнайы «Жол картасы» қабылданғанын естігенде көңіліміз жылыды.

«Тек жұмысты ұтымды үйлестіруіміз керек. Мемлекет тарапынан тиісті қолдау бар. Оның үстіне биыл облыс бойынша «Кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланды. Бұл кәсіппен айналысам деушілердің сенімін нығайтады» деген әкімнің лебізі кездесуге келгендердің көңілінен шыққанын соғылған шапалақ үнінен аңғардық.

Есепті мерзімде Бірлік, Лахалы, Майдакөл, Шилі, Шәкен елді мекендерінен мектеп, Жалаңтөс батыр ауылынан ауылдық клуб пайдалануға берілді. Жуырда Әйтеке би кентіндегі 150 орындық орталық аудандық аурухана және сот ғимараты іске қосылғаны баршаға аян. Ал жыл соңына дейін 5-квартал аймағынан 300 орындық мектеп, Жанқожа батыр ауылынан спорт кешенінің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Ағымдағы жылы аудан орталығынан 600 орындық мәдениет үйі, аудандық мекемелер үйінің ғимараттары, «Шағала» лагерінің құрылысына ұсыныс берілген. Егер қолдау тапса нысандардың құрылыс жұмыстары осы жылы басталмақшы. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Өркендеу ауылынан дәрігерлік амбулатория салынатын болады. Қазалы – ауыл шаруашылығына бейімделген аймақ. Аталмыш салада мемлекеттік қолдаумен бірқатар жұмыстар атқарылған. Нақты дерекке жүгінсек, жыл ішінде салаға тартылған негізгі инвестиция көлемі 189 млн теңгені құрапты. Есепті кезеңде 10,2 млрд теңге көлемінде өнім өндіріліп, өткен жылы салаға 1 млрд теңгеден астам субсидия төленген. Өткен жылы 17 355 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған болатын. Аудан диқандары басты дақыл саналатын күріштің әр гектарынан 45 центнерден өнім жинап, қамбаға 30 мың тоннадан астам астық құйған. Қуанышты жайтпен бөліссек. Қазалы қаласы, Бозкөл, Көларық, Тасарық, Мұратбаев, Майдакөл, Өркендеу, Арықбалық ауылдық округтеріне су айдайтын насос алып берілсе, машина трактор паркі 27 дана ауыл шаруашылығы техникалары және жабдықтарымен жаңаланды. Биыл сол жағымды жаңалықтар жалғасын таппақшы. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына 25 дана техника мен құрал-жабдықтар алынбақшы. Күріш егісінің көлемі 6950 гектар деп межеленсе, сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортты күрішін 150 гектар жерге ұлғайтып егу жоспарланған. Сондай-ақ, өткен жылы 1050 гектар жерге бақша дақылдары егіліп, 14538 тонна өнім алынды. Алынған өнім көрші Арал, Қармақшы аудандары мен Ақтөбе, Астана, Байқоңыр қалаларына сатылып, Ресейге 552 тонна қауын-қарбыз экспортқа шығарылды. Биыл да бау-бақша егу қарқын алатын болады.

Мұнан соң залдан түскен ұсыныс-пікір, сауалдарға кезек берілді. Жиынға қатысушылар Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаевтың жылдық есебін оң бағалады.

Жұмабек Табынбаев

 


Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары