Өзекті мәселелер

  • 19.04.18

    ӨМІР   СОҚПАҒЫ...

    Жол – экономиканың күретамыры, тіршілік ізі. Қала ішіне қамшының өрі­міндей таралатын сол жолдардың  қазіргі  жағдайы  қандай?

    Көктем бастала салысымен Қызылорданың орталық көшелері ғана емес, шетаймақ жолдарына да жан біте­тіні бар. Қазіргі күні қала бо­йынша ұзындығы 619 шақырымды құрайтын 766 көше бар. Оның 503,2 ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Жақында үйге туыстарымыз келіп, кішкентай бүл­діршіндермен оңаша қалып, бала да болса әңгімеге тарттым. Сөйтіп «Кімге еліктейсіңдер?»  деп  сауал  тастадым. Сонда 8 жастағы інім «Бэтмен», «Өрмекші адам», «Халк», «Темір адам», «Флеш» секілді шетел мульт­фильмдерінің басты кейіпкерлерін тізбектей жөнелді. Арасында бірде-бір қазақ батырл­арының есімі жоқ. Онысымен қоймай, сол кейіпке­рлердің өзіне...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    «Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса­, сұлулықты ит те сезеді». Жазушылық жылнамасында әйел, ана тақырыбына ең көп қалам сілтеген талантты жазушы Ғабит Мүсірепов осылай депті. Иә, сұлулықты кім жақсы­ көрмейді, сұлулық кімге билік жүргізбеген десеңізші? Бота көзді, шие ерінді, үріп ауызға салғандай сұлу! Қыздардың осы сипаты қазір бар ма? Әрине, бар. Бірақ көзін линза арқылы қ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Қаржы және қоғам

    - Бұрын бәрін кадр шешкен деседі. Осы рас па, әлде өзгенің бе өсегі?

    - Иә, қазір қоғам емес кешегі, қаржы бәрін шешеді... Қысқартады, кеседі. Өшіреді, өседі... Қаржысы жоқ қасқаның маңдайда соры бес елі.

    - Сонда кадр ешнәрсе шешпей ме?

    - Жоқ, ол да аз-маз шешеді. Қаржың болса қалтаңда,...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    МЫҚ  ШЕГЕ  ҚАЙДА?

    Профессор  Темірбек

    ҚОЖАКЕЕВ  рухына Толығырақ...

Сейсенбі, 13 Ақпан 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: 5 ЖЫЛДА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНГЕ ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 23 ЕСЕГЕ ӨСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.02.2018 11:54

Ресми мәліметтер бойынша, агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 11 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы облыс әкімі  Қ. Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

«Осы уақытқа дейін ресми мәліметтер бойынша, агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 11 млрд теңге инвестиция тартылған. Яғни, соңғы 5 жылда осы салаға құйылған инвестиция көлемі 23 есеге артты. Бұл біздің ауылшаруашылығы өнімін өндірушілеріміздің қаржылық мүмкіндіктерін, олардың дамығандығын көрсетеді. Нәтижесінде, бірнеше жыл қатарынан ауыл шаруашылығы өндірісінің өсіміне қол жеткізіп отырмыз. 2017 жылы - 4,1 пайызға артып отыр», - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, аймақта егін шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы нәтижелі жүзеге асуда. Соңғы 3 жылда мал азығы және майлы дақылдар егістігі 6 мың гектарға ұлғайды. Ал, күрішшілер әдеттегі рекордты тағы да жаңартып, бұрын-соңды болмаған егін - 500 мың тоннадан астам күріш жинады. Нәтижесінде, жалпы күріш жинау осы жылдар аралығында 2 есеге артты.

"Байқоңыр" агрохолдингінің құрылуы аймақтағы күріш кластерін дамытуға ықпал етті. Айта кету керек, Ы.Жахаев атындағы ғылыми-зерттеу институты және Бүкілресейлік күріш институты бірлесіп Қызылорда облысы үшін арнайы күріш сұрыптарын шығаруда.

«Бүгінгі мал басының барлық түрлерінің өсімі бойынша көрсеткіштер облыс үшін ең табысты болған 1993 жылдан 43 %-ға асып түсті. Тек соңғы бір жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару 37%-ға өсті. Оның ішінде күріш экспорты - 39%-ға, бақша өнімдері – 3,5 есеге, көкөніс – 2 есеге өсіп отыр»,-деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖАРТЫ ЖЫЛДА ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН 16 МЫҢ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.02.2018 11:50

Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігінің нәтижесінде аймақта кәсіпкерлікке бет бұрғандардың үлесі 22-ден 26%-ға өсті. Ал, тұрақты жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өткен жылы 5,2%-ға артты. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

"Соңғы жарты жылда 16 мыңнан астам өзін өзі жұмыспен қамтығандарды кәсіпкерлікке тартуға қол жеткіздік. Алайда, бұл – мүлдем біз көздеген нәтиже емес. Біздің  мақсатымыз – жалпы өңірлік өнім көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 45-50%-ға дейін жеткізу және осы бағытта жұмыс істеудеміз»,- деп атап өтті аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын облыс әкімдігі, мәслихат, «Нұр Отан» партиясының филиалы және Қоғамдық кеңес 2018 жылды облыс бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялау туралы бірлескен шешім қабылдады. Өңірде "Жол картасы" кешенді бағдарламасын әзірленіп,оны жүзеге асыру үшін ағымдағы жылы барлық қаржы көздері есебінен  32 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар,шағын және орта бизнесті дамытуға жергілікті бюджеттен қосымша 500 млн. теңге микрокредитті Өңірлік инвестициялық орталық арқылы, ал, Бизнестің Жол картасы аясында берілетін микрокредиттер бойынша пайыздық мөлшерді субсидиялауға   539 млн.теңге бөліп отырмыз. Кәсіпкерлік субъектілеріне көмек ретінде біз «Қазақтелеком» АҚ және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп цифрлық платформаны енгізіп жатырмыз", - деді облыс әкімі.

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚҰНЫ 500 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ 10 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСУДА PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.02.2018 11:50

Қызылорда облысында инвесторлармен бірлесіп экспортқа бейімделген 10 ірі өндірістік жоба жүзеге асуда. Бұл туралы облыс әкімі әкімі Қ.Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Мәселен, түрік инвесторлардың атсалысуымен керамикалық плита және гранит шығаратын  зауыт салынбақ.

«Жазға қарай, Түркиялық «Yıldızlar SSS Holding» компаниялар тобымен бірлесіп, жылына 27 млн. шаршы метрге дейін керамикалық плита және гранит шығаратын зауыт құрылысын жүргізетін боламыз. Биыл жобаның бірінші кезеңінің құрылысы басталады, қуаттылығы - 9 млн. шаршы метр.Осы жылдың көктемінде Арал қаласында кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт құрылысына кірісеміз. Бұл – республика бойынша, толығымен шет елдерден жеткізілетін кальцийлендірілген соданың 75%-ын отандық өніммен қамтамасыз ететін алғашқы заманауи зауыт болмақ»,-деді аймақ басшысы.

Бұл жобаның бастамашысы болып табылатын «Аралтұз» индустрияландыру Картасы аясында тұзды өңдейтін екі испандық цехты  іске қосып,еңбек өнімділігін екі есеге арттырып, шетелдегі сауда нарығын ұлғайтуда.

«Индустрияландыру – жаңа технологияларды енгізуге жол ашуы тиіс. Бұл - Мемлекет басшысының  биылғы «Қазақстан халқына Жолдауында біздің алдымызға қойған негізгі міндеттердің бірі. Бүгінде біз жалпы құны 500 млрд.теңгеден асатын 10 инвестициялық жоба бойынша нақты жұмыс жүргізудеміз», - деп атап өтті облыс әкімі.

 


СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 50-ДЕН АСТАМ ӨНДІРІС ОРНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.02.2018 11:41

Қызылорда облысында 50-ден астам өндіріс іске қосылса, оның 16-сы – ірі кәсіпорын. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде облыс әкімі Қ.Көшербаев мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы айқындап берген және 2013 жылдан бастап біз алдымызға қойған басты міндет – бұл  экономиканы индустрияландыру арқылы әртараптандыру болып табылады. Өнеркәсіп өндірісінің шамамен 70%-ы мұнай мен уран өндірудің үлесінде екенін, бұл ретте, кейбір мұнай ұңғымаларынан шыққан шикізаттың қазірдің өзінде 98%-ы суланғанын ескерсек, біз үшін бұл – бірден-бір жол.»,- деді аймақ басшысы.

Облыс 2017 жылы бір ғана көрсеткіш бойынша, әсіресе, мұнай өндіруде оң векторға қол жеткізе алмауына себеп болған осы фактор - өнеркәсіп өндірісінің көлемі. Өңірдің даму қарқынын көрсететін барлық басқа макрокөрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізді.

«Соңғы бес жылда атқарған жұмыстар нәтижесінде мұнай мен уран бағасына тәуелсіз аймақтық экономика құра алдық деп толығымен айта аламыз.Осы бес жыл ішінде облысымызда 50-ден астам өнеркәсіп нысан іске қосылса, оның 16-сы - ірі және орта кәсіпорын. Нәтижесінде, өңдеуші секторда осы кезең ішінде өндірілген өнім көлемі 65 пайызға артса, шикізаттық емес сектордың экспорт көлемі тек соңғы жылдың өзінде 60 пайызға артты»,- деп атап өтті облыс әкімі.

Бүгін, 2018 жылдың 14 ақпан күні, Н. Бекежанов атындағы облыстық драма  театрында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуі болып өтті. Кездесуге ҚР Президент Әкімшілігінің өкілі Н.Тлешов,ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілі-С.Қизат,ҚР Ішкі істер министрі-Қ.Қасымов,«Нұр Отан» партиясының хатшысы- Ғ.Әбдірахымов, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, 264 елді мекеннің өкілдері және саяси партиялар мен қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңес, сондай-ақ, еңбек ұжымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Есепті кездесудің тікелей трансляциясы «Facebook» және «Youtube» желілеріндегі «Қызылорда облысының әкімдігі» ресми парақшалары арқылы таратылды.

 


Бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.02.2018 15:06

Апта басында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев облыс әкімдігі, облыстық мәслихат депутаттары және облыстық «Нұр Отан» партиясы мен қоғамдық кеңес алдында былтырғы жылы атқарылған шаруалар барысын баяндады.

Жақында ғана Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы сенімге селкеу түсірген жауаптыларды «сойып» салды. Кейбіреуін қызметтен кетірді. Шыны керек, облыс әкімдерінің көпшілігі Елбасының көңілінен шықпады. Тіпті, Алатау бөктеріндегі Алматы мен бас шаһардың басшыларына «Əрине, Қырымбек Көшербаевтың баяндамасынан кейін ол сияқты баяндама жасау қиын. Оған жете алмайсыңдар, əлі жассыңдар, оның тəжірибесі мол, басшылықтың рөліне отырғанына көп уақыт болды», - деді президент. Сол жиында Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысының даму динамикасын оң бағалады.

Аймағымыз бұған дейін мұнай-газ өндірісіне тәуелді болып келді. Біз ішкі және сыртқы өзгерістерге ілесе алмасақ, ілгерілемейтініміз рас. Оған дәлел, өңірде өндіріліп жатқан «қара алтынның» басым бөлгі – су. Соңғы жылдары мұнай өндіру – 12, газ өндіру – 11, уран өндіру 10 пайызға кеміді. Демек, шикізатқа тәуелділіктен арылатын уақыт жетті. Елбасының өзі облыс әкімдеріне индустрияландыру арқылы экономиканы әртараптандыруды тапсырған-ды. Соның аясында өңірде ауқымды жобалар қолға алынды. Мәселен, соңғы бес жылда аймақтың даму структурасы толықтай басқа арнаға бұрылды. Нәтижесінде облыс бюджеті 223 млрд теңгеге ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібі саласында барлық аймақтың алдында келеміз. Естеріңізде болса, қайбір жылы біздің аймақ буферлік зонадан шығарылды. Артынша облыста екі бірдей ет комбинатының құрылысы басталды. Енді ет бағытында экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік молаяды. Ал қалған 2 ет комбинатының жобасы әзірлену үстінде.

– Мемлекеттік – 8, үкіметтік 5 бағдарлама толығымен жүзеге асты. Бес жыл ішінде 50-ден аса өнеркәсіп ошақтары бой көтерді. Оның 16-сы – ірі және орта кәсіпорындар. Ал әлеуметтік даму мәселесіне келсек. Соңғы бес жылда өңірде 200-ге тарта әлеуметтік нысан ел игілігіне пайдалануға берілді. Бүгінде біздің негізгі мақсатымыз – өңірде шағын және орта бизнесті жетілдіру. Осы бағытта табанды жұмыс істеуге міндеттіміз. Қазынадан бизнесті дамуға 32 млрд теңге бөліп отырмыз. Біздің мақсат – шағын және орта бизнестің жалпыөңірлік өнімдегі үлесін 14 пайыздан 45-50 пайызға жеткізу,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Жиын барысында биыл іске асатын жобалар жөнінде де сөз болды. Бұйырса, сәуір айында – Жосалы кенті, жыл соңына таман Тереңөзек пен Жалағаш ауданы көгілдір отынмен қамтылмақ. Сондай-ақ, Жалағаш ауданында орталық аурухана салу қажеттілігі туындап отыр. Облыс әкімі бұл мәселенің де көп ұзамай шешілетіндігін айтты. Ал мемлекеттік «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан сол жағалауда физика-математика мектебі салынбақ. Онда білікті мамандар еңбек ететін болады.

Биыл аймақта жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жарияланды. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Е.Ким мәлімдеме жасады. Аталған мәселеге байланысты облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов та тоқталып өтті. Оның айтуынша, соңғы уақытта тұрғындардың бизнестің қыр-сырын үйренуге деген құлшынысы артқан. Ал, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов былтыр депутаттық корпустың ұсыныстарының басым бөлігі шешімін тапқандығын жеткізді. Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшесі Нұрмұрат Ерманов мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетіліп жатқан көмектер жөнінде, «Рухани жаңғыру орталығының» бөлім басшысы Әлима Әбдіхалықова білім саласындағы оң өзгерістер туралы айтты. Қоғамдық кеңес төрағасы Самұрат Имандосовтың сөзінше, өткен жылы қоғамдық кеңестің 6 отырысы өтіп, онда 10 мәселе қаралған.

Кездесу соңында облыс әкімінің атқарған жұмысы оң бағаланып, іс-қимыл жоспары бірауыздан мақұлданды.

Халық-хабар

 


Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары