Өзекті мәселелер

  • 14.06.18

    Заман  талаптарына  сәйкес  жол­дауда  көрсетілген  барлық  міндеттер­, әлеуметтік  және экономика сала­лары біздің қоғам алдында бірінші кезект­е  тұрады.

    Президенттің Қазақстан халқына бағыттаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында көрсетілген 10 негізгі басымдықтың іске асуы экономиканың барлық салалары­ның  жоғары өсу қарқынын қамтама...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Әдетте, қырандар  көкте – патша, жерде – мейман. Қалықтау үшін биіктік керек. Құлдилау екпінінен күш алады. Жазыққа емес, құзар шыңға қонақтайды. Халықшыл тұлғалар табиғаты да сондай­. Олар Алашын аспан­ға, асқар тауға балайды. Сұңқарға самғау жарасқан дейтініміз  де  сондықтан.

    Сол өршіл рух Аралдың айбозым азаматы Тоғыс Жұмашевтың ақ дидарын аңсатқанда, құс көңіл сағыныш қанатымен жүз...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Елімізде тек дәрінің ғана көмегімен өмір сүріп жүрген азаматтар аз емес. Мемлекет тарапынан оларға қандай жәрдем беріліп жатыр? Көрер жары­ғы әуелі Аллаға, кейін сол дәрілік препаратқа байланысты болып­ отырған науқасқа қарасатын кім?

    ...
    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Қызылорда  қалалық

    №6  емхананың  инфекционист дәрігері  Жамила  УМЫШЕВА:

    - Қазір жұртшылық арасында менингит туралы ақпарат кеңінен тараған. Аурудың алдын алудың медициналық бетперде тағудан басқа тағы қандай жолдары  бар?

    - Сақтану үшін екпе ектіру қажет. Оның құны д...

    Толығырақ...
  • 14.06.18

    Мағжан  ЕРАЛИЕВ,

    “Абзал және К”  ТС  директоры:

    Газеттегі биыл ғана ашылып, бесінші мәрте жарыққа  шығып отырған ер-азаматтарға арналған “Мырза” б...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 27 Ақпан 2018

Қалдықсыз өнім шығаратын кәсіпорын PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.02.2018 09:20

Қызылордалық «Абай Дәулет» ЖШС қалдықсыз өнім өндіру жүйесіне көшті. Бұрын күріш қауызын арнайы құрал болмағандықтан тастауға мәжбүр болған мекеме бүгінде бұл мәселенің де шешімін тапты.

Бәрін басынан бастап айтсақ.

«Абай Дәулет» ЖШС Қызылорда қаласындағы 10 жыл бойы қараусыз қалған зауытты күрделі жөндеуден өткізіп, іске қосқан. Алғашында 7-8 адам жұмыс істейтін зауыт жұмысшыларының саны бүгінде 80-ге жеткен.

Зауыттың жұмыс процесімен танысу барысында ешқандай қалдықтың қалмайтынына көзіміз жетті. Күріш салысы зауытқа түскеннен бастап бірінші қауызынан тазартылып, содан кейін ақтауға түседі. Ақталған күріштің өзі бірнеше електен өткізіліп, майдалары бөлек алынады. Одан әрі дайын болған өнім жуылып, кептіріліп барып арнайы көлемдердегі қаптарға салынады екен. Күрішті ақтау барысындағы жемі малға берілетіндігі белгілі. «Ал майда күріштер қайда кетеді?» деген сауалымызға кәсіпорын басшысы «Кондитерлік өнім әзірлейтіндерден ауыспайды», - деп жауап берді.

Біз үшін ең қызық тақырып күріш қауызы болды. Күріш қауызы өңделмеген күйінде жарамсыз болып табылады. Қара жерге тастаса шіри қоймайды, қауыз күйінде мал жей алмайды. «Абайдәулеттіктер» күріш қауызын кәдеге асырудың жолдарын іздеп, шетелдік тәжірибелерді зерттейді. Австралия мен Жаңа Зеландия елдерінде күріш және күріш қалдықтары қосылған құрама жем жоғары бағаланады екен. Мұндай жем жеген мал асқазан және басқа да ішкі ағза ауруларымен ауырмайды екен. Ол үшін күріш қауызын турау немесе қатты қысыммен майдалау керек. Кәсіпорын арнайы аппаратты шетелден алдыртып, бүгінгі таңда бұрын пайдаланылмай келген күріш қауызын пайдаға асыруда.

«Біз алғашында Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қарабұлақ» құрама жем дайындайтын зауытымен және басқа да мал шаруашылығы басшыларымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Бастапқыда негізгі жемге 5 пайыз ғана қосып көріңіздер деген ұсынысымызды қабыл алған олар қазіргі таңда 50 пайызға дейін қосатын болды. Арпа, сұлы, бидай және басқа да дақылдар қосылған жем малға ауырлық қылып, көтере алмай, соның салдарынан өлімге ұшыраған жағдайлар көптеп кездескен екен. Күріш құрама жемін пайдаланғалы мұндай жағдайлар 70-80 пайызға дейін азайғанын мал шаруашылығы мамандары растап отыр», - дейді «Абай Дәулет» ЖШС директоры Дәулет Сәрсенбаев.

Кәсіпорын басшысы сұхбатымыз барысында және бір мәселені көтерді.

«Бүгінгі күнге дейін күріш алқабында қалған масақтар мен күріш сабандарын өртеу арқылы ғана жоятынбыз. Мұның басты зияны топырақ құрамындағы органикалық минералдар жоғалады. Өртеудің зияндылығын түсінген көрші Қытайда күріш егетін фермерлерге күріш қалдығынан қандай да бір өнім ойлап шығарса, өртемегені үшін субсидия төлейді екен. Ал Польшада отын болмағаны үшін қолда бар өнімнен отын жасауды қолға алған. Бұл бастамаға мемлекет қолдау көрсетіп, субсидиялаған. Нәтижесінде бұл елде 100-ге жуық зауыттар халыққа қолжетімді бағада гранула түріндегі отындар шығарып, отын мәселесі толығымен шешіледі. Осы тәжірибелерді зерттей келе, біз күріш сабанынан гранула түріндегі отын жасауды қолға алудамыз», - дейді кәсіпорын басшысы.

Дәулет Сәрсенбаев қызуы жағынан көмірден кем түспейтін бұл отын түрін шығаруды қолға алса, 4 мәселені шешуге болатындығын жеткізуде. Біріншіден, жаңадан жұмыс орындары ашылады, екіншіден, отынның құны арзандайды, үшіншіден, сексеуіл, жыңғыл сынды табиғи отыр түрлерін бей-берекет пайдаланудың алдын алуға болады. Төртіншіден, топырақтың құнары сақталмақ.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Қалалық бөлім басшысы тағайындалды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
28.02.2018 09:15

Қызылорда қаласы әкімінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №704 өкімімен Иманқұов Әлсейіт Аманжолұлы Қызылорда қаласының «Мемлекеттік активтер және сатып алу» бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Әлсейіт Аманжолұлы 1977 жылы 4 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

1999 жылы «Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын» инженер-технолог, 2004 жылы «Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін» заңгер, 2010 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық – техникалық институтын қаржыгер мамандықтары бойынша бітірген.

1999 - 2005 жылдары Қызылорда еңбекті басқару және халықты әлеуметтік қорғау басқармасында маманы, бас маманы;

2005 – 2007 жылдары Қалалық қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі;

2007 – 2016 жылдары «Қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;

2016 жылдан бастап «Қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарып келді.

 


Жыл басынан 3 адам АҚТҚ жұқтырыпты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.02.2018 17:10

Қазіргі уақытта АҚТҚ инфекциясы еліміздің барлық өңірлерінде тіркелген. Бұл қауіпті вирусты жұқтырудан ешкім де сақтандырылмаған. Ал ЖҚТБ-ны ағзаның иммундық жүйесінің өмірлік маңызы бар жасушаларды жоятын адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) тудырады. АҚТҚ жұқтырған адамда аурудың белгілері бірнеше жыл бойы дамиды. Осы жылдар ішінде ол бірқалыпты өмір сүруі мүмкін. Ал вирус адамды аурулардан қорғайтын маңызды бөлшек болып табылатын қанның ақ жасушаларын зақымдауын тоқтатпайды. Олар зақымдалған кезде адамның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті бірден әлсіреп кетеді. Әдетте, сау иммундық жүйе оңай жеңетін «жеңіл» аурулар бұл жағдайда ауыр асқынулар тудыруы мүмкін. Осы ретте ЖҚТБ-ның адам өміріне, қоғамға қауіптілігі ескеріле отырып, бүгін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының ұйымдастыруымен «АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, жұғу, алдын алу жолдары. Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Бәсекеге қабілеттілік жаhандық индексі бойынша 2017 жылы Қазақстанның алған орны. АИТВ-ның бизнеске әсері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

- Негізінен инфекция адамнан адамға 3 жолмен жұғады. АҚТҚ-мен зақымдалған қан, яғни ине, жыныстық қатынас арқылы және АҚТҚ инфекциясын жұқтырған анадан құрсақтағы сәбиге беріледі. Бүгінгі таңда жалғыз біздің мемлекетте ғана емес, бүкіл әлемде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қызылорда облысы бойынша АИТВ/ЖИТС оқиғасы анықталған сәттен бері тіркелген 126 адам осы инфекцияны жұқтырған. Олардың 73-і – облыс азаматтары. Жұғу жолдары бойынша 126 адамның 33-і – инъекциялық есірткі тұтынушылар, 79-ы жыныстық қатынас арқылы, 8-і ерлер мен ерлер арасындағы (гомосексуал) қатынастан жұқтырғандығы анықталып отыр. Жынысына жіктейтін болсақ, 79-ы – ер-азамат, 47-сі – әйел адамдар. Жыл басынан бері АИТВ инфекциясын жұқтырған үш адам анықталды, - деді ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева.

2017-2018 жылдар аралығында жүргізілген Бәсекеге жаhандық индексі бойынша еліміздің рейтингісі 4 позицияға төмендеп, 57-орыннан 53-орынға түскен. Сонымен қатар АҚТҚ (АИТВ) инфекциясының 15-44 жас аралығындағы адамдарға таралу деңгейі және оның бизнеске әсер көрсеткіші республика деңгейінде 81-орыннан 19-позицияға төмендеп, 100-орынға түскен. Аталмыш дерт бүгінгі таңда жалғыз медицина саласының ғана емес, қоғамдық әлеуметтік өзекті мәселеге айналып үлгерген. Саламатты өмір салтын ұстанып, зиянды заттардан аулақ болып, қауіпті инфекцияға қарсы тұру кез келген азаматтың ұстанымына айналуы тиіс.

Ердәулет  КӘКІМЖАНОВ

 


Қызылордада жекпе-жек сайысынан Қазақстан кубогы өтеді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.02.2018 13:52

2-4 наурыз аралығында «Евразия» спорт кешенінде 18 және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек сайысынан Қазақстан Республикасының кубогы өтеді. Ел кубогына республиканың әр өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан жасақталған 300-ден аса спортшылар 17 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.

Жарыс Әлем, Азия чемпионаттарына, әртүрлі халықаралық жарыстарға және ағымдағы жылғы мамыр айында Минск қаласында (Белоруссия) өтетін Еуропа чемпионатына қатысу үшін мықты спортшыларды анықтау және командаларды жасақтау мақсатында өткізіледі.

Байрақты бәсекеге 2017 жылғы Әлем чемпиондары Қазбек Сағын (Алматы қ.), Данияр Үстембаев (Астана қ.), 2017 жылғы Әлем чемпионатының финалисі Ұлан Мұқашев (Алматы қ.), Сыр елінен ТМД чемпиондары, 66/597 әскери бөлімінен Вадим Федосеев, шекара қызметі 2019 әскери бөлім қызметкері Айдос Бөрібеков қатысады.

Аталған дүбірлі доданы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы Қауымдастығы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруда.

Жарыс 2 наурыз күні сағат 10.00-де басталса, 14.00-де салтанатты ашылуы өтеді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

 


Қызылордада ұлттық ойын ұлықталады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.02.2018 13:51

2-6 наурыз аралығында Қызылорда қаласы Оқушылар сарайында 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер және одан жоғары жастағы ересектер арасында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтеді.

Биыл он бірінші мәрте ұйымдастырылатын турнир мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналып отыр. Ойынның мақсаты - Елбасы бастамасы аясында ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін тоғызқұмалақты облыс көлемінде дамыту, халық арасында кеңінен насихаттау, спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті қалыптастыру.

Турнирде Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Түркия, Тәжікстан және Қазақстаннан 200-ден аса тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасады. Биылғы бәсекеге Қытай және Ауғанстанның ойыншылары тұңғыш рет қатысатын болады. Жарыс классика бойынша 9 турда, жас ерекшелігіне сәйкес 4 топта өткізіледі.

Зияткерлік сайыста еліміздің құрама команда сапында Әлем чемпиондары, ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері Хәкімжан Елеусінов, Әсел Дәлиева, Әлем чемпиондары Ғалымжан Темірбаев, Нұрбек Кабиев, Диана Кенина, Лина Каримова сынға түссе, Қырғызстаннан Азия чемпионы, Әлем чемпионатының жүлдегері Анарбек Жамакеев қатысады.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

 


Білім «таныс» іздеумен емес, ізденумен қонады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.02.2018 12:42

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін дерттің бірі. Жең ұшынан жалғасқан сыбайластық салдары тек әділетсіздікті ғана тудырмайды, халықтың тұрмыстық ахуалы мен құқықтарын да шектейді. Сондықтан әлем деңгейінде қарсылық танытылған сыбайлас жемқорлықпен күрес – ұлт болашағы үшін жасалатын қадам. Тіпті, соңғы кездері «бармақ басты, көз қысты» амалдар оқу орындарынан да жиі байқала бастады. Осы мәселелердің алдын алу мен салдарын анықтау мақсатында өткен аптада М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде арнайы отырыс өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен арнайы мониторингтік топ қатысты. Дөңгелек үстелде кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.

Арнайы мониторингтік топ талдау жұмыстарын колледждердің 2016-2017 және 2017-2018 оқу жылдарындағы кезеңдері бойынша жасады. Нәтижесінде кәсіптік-техникалық оқу орындарында 4 нормативтік-құқықтық қайшылықтар мен 2 сыбайлас жемқорлық әрекеттері анықталған. Сонымен қатар, оқу орындарында артық құжат сұрату мен оқытушылардың құрамы жиі ауысатын жағдайлар да байқалған көрінеді. Әрі мониторингтік топ оқу орындарында жарты еңбек күнімен (0,5 ставка) жұмыс істейтін оқытушылардың шамадан тыс көп екенін, тең лауазымды мұғалімдерге әртүрлі сыйақы тағайындалатынын да атап өтті. Аталмыш мәселе білім беру ұйымдарында мүдделер қақтығысы мен жемқорлыққа әкеліп соғуы мүмкін екені айтылды.

Барлық құқықбұзушылық пен кемшіліктерді талдау әрбір оқу орынымен жеке жүргізілетін болады. Ал аталған кемшіліктер туралы ұсыныстарымызды арнайы мекемелерге жолдаймыз. Сонымен бірге болашақта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында колледж директорлары мен оқытушыларына арнайы оқу семинарларын ұйымдастырып, біліктілігін арттыруға күш жұмсайтын боламыз,- деді мониторингтік топтың төрайымыА.Жарылқасынқызы.

Арнаулы оқу орындарында кездесетін мәселелер тек бұл ғана емес. Тағы бір түйткіл, кәсіптік колледждерде сынақтан аз балл алған оқушылар грантпен оқып жатыр. Демек, сынақтан аз ұпай жинаған талапкерлер пара беру арқылы грант алды дегенді меңзейді. Өз кезегінде мұндай әрекет білім сапасына да әсерін тигізеді дейді талдау тобы. Осы тұрғыда оқу орындардың білім деңгейі мен сынақ қорытындысы сарапталып, сыбайлас жемқорлық әрекеттері анықталған. Жиын барысында толықтырылған топ мүшелері жауапты басқарма өкілдеріне өз сауалдарын қойды. Сұрақтардың дені «кәсіптік-техникалық колледждерде мамандықтар толықтырылып жатқанын, алайда сол мамандықтар қандай қажеттілік деңгейінде ашылады?», «бітірген түлектердің жұмыспен қамтылуын қадағалау жүргізіле ме?» деген мазмұнда өрбіді. Бұған сала мамандары барлық қажетті мамандықтарды жеке мекемелермен қатар кәсіпкерлер палатасының сұранысы бойынша қарастыратынын әрі бітіруші түлектің жұмыспен қамтылуының қамтамасыз етілуі бір жыл көлемінде бақылауда болатынын жеткізді.

Өткен жылдың өзінде арнайы мониторингтік топтың қатысуымен облыс бойынша 17 салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жұмыстары жүргізілген екен. Олар анықтаған кемшіліктер жөнінде арнайы мекемелерге ұсыныстар жасап, кемшіліктерді көрсетіп отырған.

Елбасы жолдауындағы 9-басым бағыт сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттерді күшейту еді. Бұл атқарылған жұмыстарда басым бағыттың орындалуы – ел дамуына, заңның, әділдіктің орнауы үшін жасалатын басты қадамның бірі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимовтың сөзінше, ендігі күн тәртібінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жұмыстары энергетика, білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларында да жүргізілетін болады.

Ерсін  ШАМШАДИН,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың

4-курс студенті

 


Жат ағымнан сақтандырды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.02.2018 12:41

Қалаға қарасты Тасбөгет кентінің тұрғыны төрт-бес досының үгіттеуімен өз орнын өзге ортадан тапқан. Иманының әлсіздігінен жат ағымның торына түскен. Алайда кеш болса да бұл істеп жүрген тірлігінің дұрыс еместігін түсініп, есін жияды. Бүгінде ол отбасының жанында. Бұл туралы Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада өткізілген «Терроризм – жаһанға төнген зор қатер» атты дөңгелек үстелде Тасбөгет кентіндегі «Құддыс Ишан» мешітінің бас имамы Жеңіс Садықов айтты.

Алайда иманының әлсіздігінен түрлі діни ағымның шылауында жүрген өзге қаншама жан бар. Елімізде 2006 жылдан бері заңмен тыйым салынған экстремистік ұйымдардың қатарына өзге жастарымыз еніп кетпес үшін алдын алу мақсатында өткізілген шараға облыстық мәдениет басқармасының заңгері, зағип және нашар көретін азаматтар мен студенттер қатысты. Олар дөңгелек үстел барысында бірқатар сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.

 


Полиция пункттері ашылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.02.2018 12:41

Қоғамдық тәртіпті қадағалаушылардың қызметінде соны серпіліс. Биылғы қаңтар айынан бастап қала орталығында жаңадан 6 учаскелік полиция пункттері қолданысқа берілді. Бұл туралы ҚІІБ баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде қаладағы 290 мыңға жуық тұрғынға Жергілікті полиция қызметінен бірқатар мамандар қызмет көрсетуде. Атап айтқанда, 79 учаскелік полиция инспекторы, 17 учаскелік полиция инспекторларының көмекшісі жүйелі жұмыс атқарып жүр. Қызылорда қаласына қарасты 16, ал ауылдық округтер мен елді мекендерде 8 полиция пункттері орналасқан.

Ал жаңадан ашылған №6 УПП Бейбітшілік көшесі, №26 үйде, №6/1 УПП Әл-Фараби көшесі, №116 үйде, №017 УПП Белкөл кенті, 1-үй, 16-пәтерде, №11 УПП Жеңіс көшесі, №104 үйде, №10 УПП Скатков көшесі, №104 үйде, №12/1 УПП Тасбөгет кенті, С.Сейфуллин көшесі, №30 үйде орналасқан. Енді қызылордалық полиция қызметкерлеріне артылар жауапкершілік жоғарылап, маңызды міндеттер арта түспек. Тәртіп сақшыларына мемлекет тарапынан жасалған жағдай өз кезегінде жемісті нәтижесін береді деген сенімдеміз.

 


Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары