Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
Ақпан 2018

Қызылордада жекпе-жек сайысынан Қазақстан кубогы өтеді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.02.2018 13:52

2-4 наурыз аралығында «Евразия» спорт кешенінде 18 және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек сайысынан Қазақстан Республикасының кубогы өтеді. Ел кубогына республиканың әр өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан жасақталған 300-ден аса спортшылар 17 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.

Жарыс Әлем, Азия чемпионаттарына, әртүрлі халықаралық жарыстарға және ағымдағы жылғы мамыр айында Минск қаласында (Белоруссия) өтетін Еуропа чемпионатына қатысу үшін мықты спортшыларды анықтау және командаларды жасақтау мақсатында өткізіледі.

Байрақты бәсекеге 2017 жылғы Әлем чемпиондары Қазбек Сағын (Алматы қ.), Данияр Үстембаев (Астана қ.), 2017 жылғы Әлем чемпионатының финалисі Ұлан Мұқашев (Алматы қ.), Сыр елінен ТМД чемпиондары, 66/597 әскери бөлімінен Вадим Федосеев, шекара қызметі 2019 әскери бөлім қызметкері Айдос Бөрібеков қатысады.

Аталған дүбірлі доданы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы Қауымдастығы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруда.

Жарыс 2 наурыз күні сағат 10.00-де басталса, 14.00-де салтанатты ашылуы өтеді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

 


Қызылордада ұлттық ойын ұлықталады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.02.2018 13:51

2-6 наурыз аралығында Қызылорда қаласы Оқушылар сарайында 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер және одан жоғары жастағы ересектер арасында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтеді.

Биыл он бірінші мәрте ұйымдастырылатын турнир мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналып отыр. Ойынның мақсаты - Елбасы бастамасы аясында ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін тоғызқұмалақты облыс көлемінде дамыту, халық арасында кеңінен насихаттау, спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті қалыптастыру.

Турнирде Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Түркия, Тәжікстан және Қазақстаннан 200-ден аса тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасады. Биылғы бәсекеге Қытай және Ауғанстанның ойыншылары тұңғыш рет қатысатын болады. Жарыс классика бойынша 9 турда, жас ерекшелігіне сәйкес 4 топта өткізіледі.

Зияткерлік сайыста еліміздің құрама команда сапында Әлем чемпиондары, ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері Хәкімжан Елеусінов, Әсел Дәлиева, Әлем чемпиондары Ғалымжан Темірбаев, Нұрбек Кабиев, Диана Кенина, Лина Каримова сынға түссе, Қырғызстаннан Азия чемпионы, Әлем чемпионатының жүлдегері Анарбек Жамакеев қатысады.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

 


Білім «таныс» іздеумен емес, ізденумен қонады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.02.2018 12:42

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін дерттің бірі. Жең ұшынан жалғасқан сыбайластық салдары тек әділетсіздікті ғана тудырмайды, халықтың тұрмыстық ахуалы мен құқықтарын да шектейді. Сондықтан әлем деңгейінде қарсылық танытылған сыбайлас жемқорлықпен күрес – ұлт болашағы үшін жасалатын қадам. Тіпті, соңғы кездері «бармақ басты, көз қысты» амалдар оқу орындарынан да жиі байқала бастады. Осы мәселелердің алдын алу мен салдарын анықтау мақсатында өткен аптада М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде арнайы отырыс өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен арнайы мониторингтік топ қатысты. Дөңгелек үстелде кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.

Арнайы мониторингтік топ талдау жұмыстарын колледждердің 2016-2017 және 2017-2018 оқу жылдарындағы кезеңдері бойынша жасады. Нәтижесінде кәсіптік-техникалық оқу орындарында 4 нормативтік-құқықтық қайшылықтар мен 2 сыбайлас жемқорлық әрекеттері анықталған. Сонымен қатар, оқу орындарында артық құжат сұрату мен оқытушылардың құрамы жиі ауысатын жағдайлар да байқалған көрінеді. Әрі мониторингтік топ оқу орындарында жарты еңбек күнімен (0,5 ставка) жұмыс істейтін оқытушылардың шамадан тыс көп екенін, тең лауазымды мұғалімдерге әртүрлі сыйақы тағайындалатынын да атап өтті. Аталмыш мәселе білім беру ұйымдарында мүдделер қақтығысы мен жемқорлыққа әкеліп соғуы мүмкін екені айтылды.

Барлық құқықбұзушылық пен кемшіліктерді талдау әрбір оқу орынымен жеке жүргізілетін болады. Ал аталған кемшіліктер туралы ұсыныстарымызды арнайы мекемелерге жолдаймыз. Сонымен бірге болашақта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында колледж директорлары мен оқытушыларына арнайы оқу семинарларын ұйымдастырып, біліктілігін арттыруға күш жұмсайтын боламыз,- деді мониторингтік топтың төрайымыА.Жарылқасынқызы.

Арнаулы оқу орындарында кездесетін мәселелер тек бұл ғана емес. Тағы бір түйткіл, кәсіптік колледждерде сынақтан аз балл алған оқушылар грантпен оқып жатыр. Демек, сынақтан аз ұпай жинаған талапкерлер пара беру арқылы грант алды дегенді меңзейді. Өз кезегінде мұндай әрекет білім сапасына да әсерін тигізеді дейді талдау тобы. Осы тұрғыда оқу орындардың білім деңгейі мен сынақ қорытындысы сарапталып, сыбайлас жемқорлық әрекеттері анықталған. Жиын барысында толықтырылған топ мүшелері жауапты басқарма өкілдеріне өз сауалдарын қойды. Сұрақтардың дені «кәсіптік-техникалық колледждерде мамандықтар толықтырылып жатқанын, алайда сол мамандықтар қандай қажеттілік деңгейінде ашылады?», «бітірген түлектердің жұмыспен қамтылуын қадағалау жүргізіле ме?» деген мазмұнда өрбіді. Бұған сала мамандары барлық қажетті мамандықтарды жеке мекемелермен қатар кәсіпкерлер палатасының сұранысы бойынша қарастыратынын әрі бітіруші түлектің жұмыспен қамтылуының қамтамасыз етілуі бір жыл көлемінде бақылауда болатынын жеткізді.

Өткен жылдың өзінде арнайы мониторингтік топтың қатысуымен облыс бойынша 17 салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жұмыстары жүргізілген екен. Олар анықтаған кемшіліктер жөнінде арнайы мекемелерге ұсыныстар жасап, кемшіліктерді көрсетіп отырған.

Елбасы жолдауындағы 9-басым бағыт сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттерді күшейту еді. Бұл атқарылған жұмыстарда басым бағыттың орындалуы – ел дамуына, заңның, әділдіктің орнауы үшін жасалатын басты қадамның бірі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимовтың сөзінше, ендігі күн тәртібінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жұмыстары энергетика, білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларында да жүргізілетін болады.

Ерсін  ШАМШАДИН,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың

4-курс студенті

 


Жат ағымнан сақтандырды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.02.2018 12:41

Қалаға қарасты Тасбөгет кентінің тұрғыны төрт-бес досының үгіттеуімен өз орнын өзге ортадан тапқан. Иманының әлсіздігінен жат ағымның торына түскен. Алайда кеш болса да бұл істеп жүрген тірлігінің дұрыс еместігін түсініп, есін жияды. Бүгінде ол отбасының жанында. Бұл туралы Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада өткізілген «Терроризм – жаһанға төнген зор қатер» атты дөңгелек үстелде Тасбөгет кентіндегі «Құддыс Ишан» мешітінің бас имамы Жеңіс Садықов айтты.

Алайда иманының әлсіздігінен түрлі діни ағымның шылауында жүрген өзге қаншама жан бар. Елімізде 2006 жылдан бері заңмен тыйым салынған экстремистік ұйымдардың қатарына өзге жастарымыз еніп кетпес үшін алдын алу мақсатында өткізілген шараға облыстық мәдениет басқармасының заңгері, зағип және нашар көретін азаматтар мен студенттер қатысты. Олар дөңгелек үстел барысында бірқатар сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.

 


Полиция пункттері ашылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.02.2018 12:41

Қоғамдық тәртіпті қадағалаушылардың қызметінде соны серпіліс. Биылғы қаңтар айынан бастап қала орталығында жаңадан 6 учаскелік полиция пункттері қолданысқа берілді. Бұл туралы ҚІІБ баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде қаладағы 290 мыңға жуық тұрғынға Жергілікті полиция қызметінен бірқатар мамандар қызмет көрсетуде. Атап айтқанда, 79 учаскелік полиция инспекторы, 17 учаскелік полиция инспекторларының көмекшісі жүйелі жұмыс атқарып жүр. Қызылорда қаласына қарасты 16, ал ауылдық округтер мен елді мекендерде 8 полиция пункттері орналасқан.

Ал жаңадан ашылған №6 УПП Бейбітшілік көшесі, №26 үйде, №6/1 УПП Әл-Фараби көшесі, №116 үйде, №017 УПП Белкөл кенті, 1-үй, 16-пәтерде, №11 УПП Жеңіс көшесі, №104 үйде, №10 УПП Скатков көшесі, №104 үйде, №12/1 УПП Тасбөгет кенті, С.Сейфуллин көшесі, №30 үйде орналасқан. Енді қызылордалық полиция қызметкерлеріне артылар жауапкершілік жоғарылап, маңызды міндеттер арта түспек. Тәртіп сақшыларына мемлекет тарапынан жасалған жағдай өз кезегінде жемісті нәтижесін береді деген сенімдеміз.

 


Қызылорда қаласының үздік жедел уәкілдері анықталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.02.2018 09:00

2017 жыл көлемінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, қызметтік міндеттерін адал орындағаны және резонансты қылмысты ашу, қылмыскерлерді анықтау кезінде жоғары кәсібилік танытқан Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілдері арасында «Үздік жедел уәкіл», «Алғыр жедел уәкіл», «Әзірлемеші жедел уәкіл» аталымдары бойынша конкурс өткізілген болатын. Байқаудың мақсаты полиция қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру деңгейін жоғарылатумен қатар, кәсіби қызметіне ынталандыру болып табылады. Жеңімпаздарды анықтау үшін полиция қызметкерлерінің жұмыс көрсеткіші, тәулік ішінде ашқан қылмыстарының саны, орындаушылық тәртібі, жүргізген арнайы іс-шаралары басшылыққа алынып, нәтижесінде «Үздік жедел уәкілі» аталымына полиция аға лейтенанты Қалымбетов Бейбарыс Оразбайұлы, «Әзірлемеші жедел уәкіл» аталымына полиция майоры Боханов Талғат Қуанышбекұлы, «Алғыр жедел уәкіл» аталымына полиция лейтенанты Бектаев Дастан Берікұлы лайықты деп танылды.

2018 жылы 23 ақпанда департаменттің үлкен мәжіліс залында өткізілген әскери-қызметтік даярлық сабағында үздік деп танылған полиция қызметкерлері басқарма бастығының дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Шараға полиция қызметкерлерінің ата-аналары да қатысып, Алғыс хатқа ие болып, гүл шоқтары табыс етілді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


5196 қызылордалық түлек ҰБТ тапсырады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.02.2018 10:04

Биыл облыста 7102 мектеп бітірушінің 5196-сы тестілеуге қатысады. Былтыр аймақ түлектерінің 66,5 пайызы ҰБТ тапсырған болатын. Сынама қорытындылары бойынша орташа балл 90,1 құрады.

Қызылордада мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарының барысы туралы мәжіліс өтті. Жиын басында облыс әкімі Қ.Көшербаев тестілеуге тиімді дайындықты қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін атап өтті.

- Өткен жылы балаларымыз жақсы нәтиже көрсетті. Мемлекеттік білім грантын тағайындайтын республикалық конкурс қорытындысымен талапкерлер арасында Қызылорда облысы ең көп мемлекеттік грантқа ие болған облыстар қатарынан республика бойынша төртінші орыннан, Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша Қызылорда облысы 82,4 балмен республика бойынша бесінші орыннан көрінді. Сонымен қатар, 2015 жылғы халықаралық TIMSS зерттеу қорытындысы бойынша Қызылорда облысының 4 және 8-сынып оқушылары жаратылыстану ғылымдарынан жалпы рейтинг бойынша үздік 5 мемлекеттің көрсеткішінен жоғары нәтиже көрсетті. Ағымдағы жылы да жақсы нәтиже болуы үшін ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық шараларын күшейтіп, барлық мүмкіндікті пайдалануымыз қажет. Әрбір балаға өзі қалаған мамандығы бойынша оқуына, болашақта елге қажет маман ретінде қалыптасуына жол ашуымыз керек, - деді аймақ басшысы.

Тестілеуге дайындық барысы туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақзира Қасымова баяндады.

- 2017-2018 оқу жылында облыс бойынша мектеп бітірушілер саны - 7102. Оның 5196-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады деп жоспарлануда. Осылайша, оқушылардың 73,1 пайызы тестілеуді тапсырмақ, былтыр облыс түлектерінің 66,5 пайызы ҰБТ-ға қатысты. Бүгінгі күні облыс бойынша «Алтын белгіге» 472 үміткер, «Үздік аттестатқа» 289 үміткер тіркеліп отыр, - деді Ақзира Қасымова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, бітірушілер үшін айына бірнеше мәрте сынама тестілеу өткізіледі, қаңтар айында орташа балл 85,4, ақпан айында 90,1 болды.

Өз кезегінде, қала және аудан әкімдері оқушыларды дайындау және ҰБТ тапсыру пунктерін жабдықтау жұмыстары турады баяндады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қызылордада бас имам ауысты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.02.2018 15:07

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Болатбек Ұласқанұлы Əбуов ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі және «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораз жұма намазында мешіт ұжымы мен жамағатқа жаңа өкіл имамды таныстырып, жаңа қызметте табыс тіледі.

«Болатбек Ұласқанұлы – білімді һәм білікті азамат. Қызмет жолын өзінің туған топырағында азаншы, ұстаз болып бастады. Кейіннен ұстаздық жолда талай діни қызметкерлерді дайындауға атсалысты. Көптеген жауапты қызметтерде болды. Ғылым жолындағы, діни қызмет саласындағы мол тәжірибесі мен іскерлігін көненің көзі болған осы бір қасиетті Қызылорда елінің руханиятын әрі қарай жетілдіруге жұмсайды деп сенемін. Еліміздің бірлігі мен ынтымағы, діни тұрақтылығы мен рухани жаңғыруы жолында атқарар қызметіне сәттілік тілеймін», - деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазірет.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы осы уақытқа дейін өкіл имам қызметін атқарған Талғат Омаровты арнайы алғыс хатпен марапаттап, қазақы салтпен иығына шапан жапты.

«Сіз тәуелсіз еліміздің рухани өркендеу жолында елеулі еңбек етіп келе жатқан жанашыр діни тұлғалардың бірісіз. Имамдық қызметтің жауапкершілігін терең сезініп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамаларына сүбелі үлес қостыңыз. Діни саладағы қажырлы еңбегіңіз бен ізгі істеріңіз үшін өзімнің және Діни басқарма ұжымы атынан Сізге айрықша алғысымды білдіремін! Ізгілік жолындағы жұмыстарыңыз алдағы уақытта да жалғаса беретініне сенімдімін. Алла тағаладан деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, өміріңізге береке тілеймін! Жаратушы Иеміз мерейіңізді әрқашан үстем етсін!», – деп атап өтті.

Болатбек Ұласқанұлы Абуов 1982 жылы дүниеге келген.

2003-2008 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін аударма ісі мамандығы бойынша үздік бітірген;

2008-2010 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін Араб филологиясы мамандығы бойынша Магистратурасын бітірген;

2011-2013 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған;

2013ж. Республикалық имамдар білімін жетілдіру институтында білім алған;

2012-2015 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Шетел филологиясы мамандығы бойынша Докторантурасын тәмамдаған;

Қызмет жолын 1999-2002 жылдары Қызылорда обл., Байқоңыр қаласы «Жәрімбет ишан» мешітінде азаншы, ұстаз, наиб имам болып бастады. 2005 - 2008 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Студенттер кеңесінің мүшесі, төрағасы орынбасары; 2008 - 2010 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының референт-аудармашысы; 2009 - 2012 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқытушы; 2010 - 2014жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының әкімшілік және халықаралық істері жөніндегі көмекшісі; 2014 жылдан бері Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Аппарат жетекшісі, Бас хатшы қызметтерін атқарды.

2018 жылдың 23 ақпанынан бастап ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

Үйленген, екі баласы бар.

muftyat.kz

 


Бәсі биік бірлестік PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.02.2018 09:42

Өткенді қастерлеу, барды бағалау – ұрпақ үшін ұлағат. Бұл тұрғыда ел ішінде ауыз толтырып айтарлықтай тірліктер жүзеге асуда. Жуырда сондай тағылымды шараның куәсі болғаным бар. Арықбалық ауылдық округі аудан көлеміндегі тіректі елді мекеннің бірі саналады. Жуырда ағайынның ауызбіршілігі, тату-тәтті сыйластығы берік қалыптасқан елді мекеннің азаматтары мәдени шара ұйымдастырған еді. Шара барысында кешті жүргізуші ініміз көпшілікке сайысқа демеушілік жасаған азаматты «Отан» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазалы аудандық өкілдігінің төрағасы Жеткербай Ерекешов деп таныстырғанда, зал ду қошемет жасаған. Енді халықтың ықыласына бөленген азамат кім деген сауалға жауап бере кетсек. Осынау баршаға Жетеу есімімен танымал ұзын бойлы, сом тұлғалы жігіт ағасы жоғарыда аты аталған қоғамдық бірлестікке басшылық жасайды. Бірлестіктің атына заты сай болуы жолында тер төгіп жүрген Жәкең түрлі мәдени шараларға қол ұшын созудан тартынып қалған емес. Соның бірі – Ресей патшасы шенеуніктерінің озбырлығы, жазалаушы әскердің жауыздығына қарсы көтерілген әулие әрі батыр  Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілісшілердің шешуші соғысы өткен, тарих парағына «Арықбалық шайқасы» атауымен мәңгілікке енген қанды қасапта ажал құшқан құрбандарды еске алуға арналған сайысқа демеушілік жасағаны-тұғын. Сондай-ақ өткен жылы №94 мектепте интернационалист жауынгер Нұржан Әзиев атындағы пневматикалық мылтық атудан ұйымдастырылған аудандық турнирге де қолдау көрсетті. Дүбірлі додаға аудан көлемінен келген 25 команда қатысып, жеңімпаздарды анықтаған еді. Осы дәстүр биыл да қайталанды. Оған қоса мылтық атудан өткен «Мерген ару-2017» сайысында, өзге де жарыстарда жомарттық танытты.

Аталмыш қоғамдық бірлестік аудан көлеміндегі жастар арасында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруда, саламатты өмір салтын ұстанып, патриоттық тәрбиені жандандыру бағытында жұмыстар жүргізуде. Негізінен азаматтарды Отанды қорғау бойынша конституциялық міндеттерді орындауға, машықтандыруға, тұрмыс салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында әрекет ететін бірлестіктің аудан арасындағы беделі биік. Бұлай болуына Жеткерген Сүлейменұлы башылық ететін бірлестік ұжымының қашанда елмен етене араласып, барымен бөлісетіндігі де әсер етеді. Тағы да санамалап көрейікші.

Өткен жылы Жеңіс мерекесі қарсаңында «Отан» РҚБ Қазалы аудандық өкілдігі патриоттық және спорт жұмыстары айлығын өткізген еді. Аудандық білім, қорғаныс бөлімі, жол полициясы бөлімшесі бірлесе атқарған осынау шара көпшіліктің асқан қызығушылығын туындатқанын қатысушылардың қарасы молдығынан аңғарған болатынбыз. «Қарты бар елдің қазынасы бар» қағидасымен сол шара аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуберген Тобабергенов ақсақалдың отбасында болып, қарт майдангерге сый-сияпат көрсеткен бірлестік басшыларына қарт жауынгер алғысын жаудырғанда, көңіліміз серпілген.

«Жақсының жақсылығын айт». Қашанда қамқорлық жасауды парыз санайтын Жеткерген Ерекешов жуырда тағы да бір азаматтық танытты. Нақты кезеңде «Туған жерге тағзым» акциясы еліміздің барша аймағында өтіп жатқаны көпшілікке аян. Акцияны қызу қолдаған қайырымды жан, «Отан» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазалы аудандық өкілдігінің төрағасы Жеткерген Сүлейменұлы зағиптар қоғамының мүшесі, І топтағы көз мүгедегі Серікбол Шайховтың отбасына қаржылай көмек жасағанын айта кетейік. «Имандының жүзі жарқын» деген осы шығар.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Республикалық АНТ мүшелері Қазалыда болды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
23.02.2018 09:37

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіру бойынша құрылған республикалық ақпараттық топ мүшелері Қазалы ауданында жұртшылықпен жүздесті.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен басқосуға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықов, облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасов қатысты.

Аудан басшысы негізгі басымдық елді өркендетуге бағытталғанын айтып, Жолдауда айтылған 10 міндеттің маңыздылығына тоқталды. Кездесу барысында ақпараттық топ мүщелері мемлекеттің басты құжаты еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде айрықша орын алатынын атап өтті. Сондай-ақ жыл құжатындағы негізгі бағыттар Қазақстанның әлемдегі экономикалық, әлеуметтік және технологиялық салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге бейімделуіне мүмкіндік беретінін жеткізді.

Жүздесу барысында АНТ мүшелері стратегиялық құжатта айтылған басым бағыттардың маңыздылығын жеткізіп, қатысушылар сауалдарына жауап берді.

Жұмабек Табынбаев

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Ақпан 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары