Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

    ...
    Толығырақ...
Жұма, 02 Наурыз 2018

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАРЫСЫНДА ТОП ЖАРДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.03.2018 09:24

Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өтіп жатқан «Жас ғалым» халықаралық жобалар байқауында қызылордалық оқушылар үздік атанды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ізденімпаз балалардың ғылым бәйгесінде «Мұрагер» мектебінің оқушысы Дінмұхамед Ақпан "Риманның гипотезасы және оның салдары, қасиеттері және шешімі" атты ғылыми жұмысы үшін 1-орынды жеңіп алды. Осы мектептің тағы бір оқушысы Евгений Демиденко "Биологиялық процестердің 4D модельдерін әзірлеу" тақырыбында үздік жоба ұсынып, 1-орын иеленді. №3 мектеп-гимназиясында оқитын Мағжан Бекетов "Компьютердің көмегімен газдардың концентрациясын анықтау" ғылыми еңбегі үшін 2-орын алды.

«Мұрагер» мектебінің оқушысы Диана Валишаеваның "Арал маңындағы тұрғындардың гематологиялық параметрлерін түзету әдістері" атты жобасы үшінші орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаздарды ғылым бәсекесіне дайындаған жетекшісі - Ақышева Қарлығаш Дауылбайқызы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАТАҚХАНАЛАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН АНЫҚТАЙТЫН КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.03.2018 09:21

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес қаладағы жатақханалардың жағдайын анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесі осы жылдың 12 наурызында белгілі болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Марсбек Молдабаев мәлімдеді.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов төрағалық ететін комиссия құрамына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс салаларының жауапты мамандары енген.

«Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жатақханалардың техникалық жағдайын анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Бүгін комиссия мүшелері жұмысқа кірісті. Комиссия 10 күн бойы жұмыс істеп, 12 наурызда нәтижесін ұсынады", - деді Марсбек Молдабаев.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша анықталған мәселелерді шешуге арналған шаралар тізбегі әзірленіп, тиісті іс атқарылады.

«Қалада 22 жатақхана бар, олар негізінен 70-90-жылдары салынған»,- деді қала әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов.

Естеріңізге сала кетсек, 28 ақпан күні Қызылордада Титов тұрғын ауданы 16А жатақхананың бос тұрған бір бөлігі опырылып түскен. Өзге бөлігінде тұрған 46 отбасы эвакуацияланды. Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес тұрғындар 6 айға уақытша баспанамен қамтамасыз етілді, қаржысы жергілікті бюджеттен бөлінеді. 1-2 күннің ішінде олар пәтерлерге көшіріледі. Аталған жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия отбасыларды заң талаптарына сәйкес баспанамен қамту үшін әр жанұяның жағдайын зерттеп жатыр. Сонымен қатар, құлаған жатақхананы бұзу туралы шешім қабылданды.

Бұл жағдай облыс әкімдігінің жіті бақылауында

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі

 


ҚҰЛАҒАН ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫ ПӘТЕРЛЕРГЕ КӨШІРІЛІП ЖАТЫР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.03.2018 09:13

Құлаған жатақханадан мектепке эвакуцияланған отбасылар жергілікті билік есебінен жалға алынған пәтерлерге көшіріліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, жатақхана тұрғындары 2 күн «Мұрагер» мектебіндегі эвакуациялық бекетте болған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Бұған дейін жатақханадан эвакуацияланған 46 отбасыны 2 күнде пәтерлерге орналастырамыз деп мәлімдеген болатынбыз. Қазіргі кезде отыздан астам жанұяны көшірдік. Бұл жұмыс жалғасып жатыр»,-деді Асылбек Шәменов.

Естеріңізге сала кетсек, 28 ақпан күні Қызылордада Титов тұрғын ауданы 16А жатақхананың бос тұрған бір бөлігі опырылып түскен. Өзге бөлігінде тұрған 46 отбасы эвакуацияланды. Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес тұрғындар 6 айға уақытша баспанамен қамтамасыз етілді, қаржысы жергілікті бюджеттен бөлінеді. 1-2 күннің ішінде олар толығымен пәтерлерге көшіріледі. Аталған жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия отбасыларды заң талаптарына сәйкес баспанамен қамту үшін әр отбасының жағдайын зерттеп жатыр. Сонымен қатар, құлаған жатақхананы бұзу туралы шешім қабылданды. Бұл жағдай облыс әкімдігінің жіті бақылауында.

Бұдан бөлек, 2 наурызда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қаладағы жатақханалардың жағдайын анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесі 12 наурызда белгілі болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.03.2018 16:46

"Евразия" спорт кешенінде жекпе-жек сайысынан ерлер мен әйелдер арасында ҚР кубогы өтуде. Облыста алғашқы мәрте ұйымдастырылған дүбірлі додаға Астана, Алматы қалалары және еліміздің облыстарынан 200-ге жуық спортшылар 17 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. Олардың қатарында 4 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 21 спорт шебері, 82 спорт шеберіне үміткер және 73 I разрядты спортшылар бар. Жарыс нәтижесінде мамыр айында Минск қаласы (Белоруссия) өтетін Еуропа чемпионатына қатысатын мықты спортшылар анықталады. Жарыстың салтанатты ашылуында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Сондай-ақ, айтулы спорт бәсекесі Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр. Жарыс бағдарламасы бойынша ертең жартылай финал және финалдық сындар болса, 4 наурызда командалық жарыстың ұрыстары өтеді. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің диплом, медаль, кубоктары табысталады.

Лаура  Шоңғалова

 


Ауылда да кәсіп бар PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.03.2018 16:09

Әңгіменің әлқиссасы былай. Біз аудандар мен ауылдарда кәсіпкерлікті дамытып, жүйелі түрде жұмыс істесек, ілгерілейтініміз анық. Мәселен, жұмыссыздық жойылады, салықтық база нығаяды және қоғамдық-саяси тұрақтылық орнайды. Міне, кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту – кейбір түйткілдерге қарсы тұрар негізгі күш.

Өткен сәрсенбіде Жаңақорған ауданында осы кәсіпкерлік саласы бойынша атқарылып жатқан шаруалар барысын бақылап қайттық. Әуелі өңірге қарасты Төменарық ауылына тоқтадық. Онда Жолдасбек есімді жігіт ағасымен жолықтық. Кәсіпкер екен. Әу баста ол «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 2 млн теңге несие рәсімдеген. Сөйтіп, ауылдан наубайхана ашыпты. Аталмыш қаржыға қажетті құрал-жабдықтар мен көлік сатып алған. Жолдасбек Нұрманұлының айтуынша, ауылда бұрын-соңды наубайхана болмаған. Оның үстіне наубайхана іргелес жатқан Қожамберді мен Сүттіқұдық елді мекендерінде де жоқ. Қысқасы, 10 мыңға тарта тұрғынға қызмет етпек. Жеткізіп беру көлігі және бар. Іске кіріскеніне көп бола қоймаса да, жұмыс қауырт. Өйткені сұраныс өте жоғары. Бөлке наныңыз – 60 теңгеден, тандыр наныңыз 50 теңгеден сатылуда. Қазір 2 адамды еңбекпен қамтамасыз етіп отыр. Ал ауылда 60-қа тарата жеке кәсіпкер мен 26 шаруа қожалығы тіркелген. Айтпақшы, бұрынырақта бұл елді мекенде ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған көрінеді. Жерден несібесін тапқан тұрғындар биыл ауылдағы жағымды жаңалықты естіп, кетпен-күрегін сайлап отыр. Биыл Төменарықта агроаймақ құрылды. Жергілікті әкімдіктің қолдауымен жүзеге асқан жобаға қатысуға ынталылар өте көп. Төменарықтағы толағай тірліктің мұнымен тоқтамайтыны белгілі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында халықтың көпшілігі «балапан басына, тұрымтай тұсына» кетті. Ел экономикасы тұралап, кәсіпкерлер белшеден шығынға батты. Сол жылдары үлкен тәуекелге бел буып, бизнеске бет бұрған Сабытхан ақсақал кездескен қиыншылықтарды баяндады. «1992 жылы кенттен дүкен аштық. Көптеген қиыншылықтар болды. Халықта ақша жоқ. Алты айлап жалақы алмайтын. Барлығына да төзімділік таныттық. Ақырындап әл жинадық»,- дейді ол. Бүгінде ақсақалдың бастаған кәсібін ұлы мен келіні жалғастыруда. Кент орталығынан «Мөлдір» азық-түлік дүкені, «Шахида нан» наубайханасы тұрғындардың сұранысын қанағаттандырып отыр. Алғашында дүкен ашудан басталған кәсіп кейіннен кеңейе түскен. Бүгінде кондитерлік өнімдер, тәтті торт, ыстық нан, тігін шеберханасы, есік-терезе жасайтын шеберхана барлығы да тұрақты түрде жұмыс істеуде. Отызға тарта адамды жұмыспен қамтамасыз еткен. Өз қаржысы есебінен жүзеге асқан жобалар кәсіпкерге өз жемісін беруде.

Жаңақорған ауданында соңғы жылдары кәсіпкерлік саласы дамудың жаңа деңгейіне көтерілген. Әсіресе, егін мен мал шаруашылығының кең етек жаюы тұрғындарға серпіліс сыйлаған сыңайлы. Ата кәсіптен бөлек, сервистік қызмет көрсету саласы да қарқын алған. Жақында кент орталығынан «Атамекен» ойын-сауық орталығы ашылды. Онда асханалар желісі, балалар ойнайтын алаң және кинотеатр орналасқан. Осы кәсіпті бастаған Мұрат Пернебаев ойын-сауық орталығын іске қосуға 20 млн несие алған. Бүгінде орталыққа келушілер саны көбейген. Қызмет көрсету сапасы тұрғындардың көңілінен шығып тұр. Ал орталықта онға тарта адам жұмыс істейді.

Ел үкіметі асыраушы саланы әлдендіру үшін ауыл шаруашылығы кооперативінің санын арттыру жөнінде облыс басшыларына тапсырма берген-ді. Бұл бағытта да бірқатар шаруалар атқарылған. Айталық, Жаңақорған ауданында 2016 жылы «Миялы» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылған-ды. Алғашында кооператив құрамына егістікпен айналысатын 12 шаруа қожалығы енді. Кейіннен оның құрамына қосылғандар саны 65-ке жетті. 2016 жылдың қыркүйегінде «50 ауыл» бағдарламасы бойынша жұмысқа кіріскен. Осы бағдарлама аясында кооператив құрамына енген 41 отбасы мал бордақылау алаңын құрып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 132 млн теңге несие рәсімдеген. Сөйтіп, 690 бұқашық пен 120 жылқыны бордақылауға дайындаған.

Бізде мал сою цехы мен ет комбинаты жоқ. Сосын кооперация мүшелеріне жеке-дара нарыққа өткізуге ұсыныс бердік. Олар әлгі мүйізді ірі қаралар мен жылқыларды тірілей, кейбірін сойып сатты,- деді «Миялы» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Абдулла Абсаттаров.

Жақында мал сою цехы салынған. Қажетті инфрақұрылымды (жол, су, жарық желілері) аудан әкімдігі жеткізіп беріпті. Цехтың құрылысын алматылық «ҚазТехПромСервис» ЖШС жүргізген. Алайда аталмыш серіктестік құрылыс барысында біршама кемшіліктерге жол берген. Ал шаруалар болса, мемлекеттен төленетін тиісті субсидиядан қағылып отыр. Кооператив төрағасының айтуынша, серіктестік қалыпқа келтіреміз деп уәде еткен. Дегенмен цехтың қашан іске қосылатынын дөп басып айту қиын дейді ол.

Кооператив құрамына еніп, несие алғандардың бірі – Рысбек Айдархан. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 3,5 млн теңге рәсімдеген. Оған мүйізді ірі қара алып, 24-ін бордақылап сатқан. Биыл да осы межені бағындырғысы келеді.

Ал аудан әкімі Ғалым Әміреев сәрсенбіде ашық есік күнін өткізді. Бизнес бастауға ниетті азаматтармен жүздесіп, әкімдік тарапынан қолдау болатындығын айтты.

Халық-хабар

 


Тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.03.2018 14:23

Қаладағы Оқушылар сарайында мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды. Жарыстың салтанатты ашылуында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, тоғызқұмалақтан ҚР бас бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жарыстың бас төрешісі Айнұр Жақапбаева және облыстық тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығының президенті, Н.Ергешбаевтың ұлы Әбдіқадыр Ергешбаев қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Түркия, Тәжікстан және Қазақстанның он бір облысынан 20 команда 220 спортшы шеберлік байқасуда. Айта кетейік, биылғы бәсекеге Қытай мен Ауғанстан ойыншылары тұңғыш рет қатысуда. Былтырдан бастап халықаралық мәртебеге ие болған турнирге жыл өткен сайын қатысушылар саны көбейіп, маңызы арта түсуде.

Жарыс классика бойынша 9 турда жас ерекшелігіне сәйкес төрт топта өткізіледі.

Ойынның мақсаты - Елбасы бастамасы аясында ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін тоғызқұмалақты облыс көлемінде дамыту, халық арасында кеңінен насихаттау, спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті қалыптастыру.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлердің есімдері 6 наурыз күні белгілі болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


Қызылордадағы құлаған жатақхана тұрғындарын кәсіпкер Төреғали Шанкерей қамқорлығына алды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
02.03.2018 14:18

Қызылорда қаласындағы құлаған жатақхана тұрғындарын «Аль Асад» ЖШС-нің директоры Төреғали Шанкерей қамқорлығына алып, баспанаға көшкенше тамақтандырып, тұрмыстық қажетті заттармен қамтамасыз етуде.

«Аталмыш жатақхана тұрғындары уақытша біздің мектепке орналастырылды. Бүгінде 150-ге жуық адамды уақытша тұрғынжаймен қамтамасыз етіп отырмыз. Тұрғындар біздің бекетке келген уақыттан бастап қызылордалық кәсіпкер Төреғали Қарышұлы азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етуді мойнына алды. Тіпті сәбилердің жөргектеріне дейін өлшемін сұратып, қамтамасыз етуде. Уақытша қиындыққа кезіккен азаматтарға осылайша қолұшын созып отырған кәсіпкерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ», - деді «Мұрагер» мектебі директорының орынбасары Эльмира Азатбаева.

Мұнан өзге, аталмыш мектептегі № 6 «а» сынып оқушыларының ата-аналары жатақхана балаларына арнайы қойылымдар ұйымдастырып, көңілін көтерді.

Айта кету керек, 28 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 22.40-та Титов тұрғын ауданы 16А мекенжайы бойынша орналасқан жатақхананың тұрғындар қоныстанбаған бөлігі құлады. Ғимараттың төртінші подъездінің 1 және 5 қабаты аралығындағы бөлігі опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Жатақхананың екінші бөлігінде тұратын 46 отбасы қауіпсіз жерге, «Мұрагер» мектебіндегі эвакуациялық бекетке көшірілді.

Жақсылық жасауға асығайық!

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары