Өзекті мәселелер

  • 12.07.18

    Қазақтың ұлттық болмысындағы өзіне ғана тән қасиеттердің бірі – «аманат­» қағидасы. Ұлы даланың демо­кра­тиялық принциптерінің нақты көрі­нісі болып табылатын осынау ерекше түсінік отарлық жүйенің қасаң саясатының негізінде «майдаланып» та кетке­нін жоққа шығару қиын шығар. Мұның сыртында ұлтымызды рухани мешел­дікке ұшырату мәселесі тұрғаны белгілі. Кезінде заманымыздың заңғар, данагөй қайратк...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Шығармашылықтың шыңына лезде­  шығу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні белгілі. Ал Аралдың жағасын­да  туып, анау асқаралы Алатауды бағындыру – бөлек әңгіме. Тұңғыш рет «Білім және еңбек» журналы­нда «Аралды қайтсек сақ­таймыз?» мақаласы басылды. Жұрт назары­ бірден ауған. Сонан соң «Қазақстан пионері» газетінде «Бо­з­айғыр»   әңгімесі   жарыққа  шықты. 1971 жылы республикалық жастарға арна...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Жаз айлары еліміз үшін мерекеге толы. Сол мерекелердің бірегейі – Елордамыз Астана қаласының туған күні. Ел болып атап өтетін Ел­ордаға биыл – 20 жыл. Қызыл­орда қаласының 200 жылдығымен  тұспа-тұс келген мерейтойдың  қуанышты еселей­ түскені рас. Еура­зия­ның жүрегінде бой көтерген қаланың тынымсыз еңбек пен даму жолына түскеніне де жиырма жыл. Ару қала Астананың туған күнімен құт­тықтауды Сыр...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген мақал бар. Расымен, үйдің іші сыңғырлаған бала күлкісіне толы болғанға не жетсін, шіркін! Отбасын құрудағы басты мақсат та – осы. Алайда үлкен жауапкер­шілікті талап ететін бұл ұғым ер мен әйелге өзіндік қиыншылықтар тудырады. Дүниеге бала әкелу адамның денсаулығына байланысты, бірақ оған тәуелді емес. Физикалық, психологиялық және әлеуметті...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең деп бекер айтылмаса керек. Әрбір ата-ана сәбиі дүниеге келген сәттен бастап мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Бөбегінің былдырлаған тілін қызықтап жүріп, бірінші сыныпқа баратын уақытының келгенін де аңғармай қалады. Бірінші сыныпқа барған соң, оң-солын танытып, бар керегін алып беру үшін күні-түні еңбекте...

    Толығырақ...
Сенбі, 03 Наурыз 2018

СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕ МҰЗ АЙДЫҢ ОРТАСЫНДА ЖҮРЕДІ ДЕП КҮТІЛУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.03.2018 16:02

Әзірге қала және елді мекендерде су тасу қаупі жоқ. Су тасу қаупі бақылауда, бұл туралы өңірлік коммуникацилар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Қоршаған орта және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов мәлімдеді.

Әділхан Қарлыхановтың айтуынша, судың мол көлемі Шардара және Көксарай су қоймасын толтыруда.

"Мұздың бірқалыпты өтуі ауа райына байланысты. Биылғы жылы атқарылған жұмыстар мұзды қауіпсіз түрде өткізеді деп ойлаймыз. Бүгінге дейін Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына босатып жатқан су көлемі 500 м/с құрап, 1 наурыздан бастап Шардарадан келетін су көлемі 500-ден 400 м/с азайтылды. Оның 380 м3/с Көксарайға, қалғаны Сырдария өзеніне түсуде, - деді Әділхан Қарлыханов.

Сонымен қатар, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағанбетовтың айтуынша, өзенде мұз еру процесі жүруде.

«Мұз жүру әлі басталған жоқ. Ал, оңтүстік аудандарда ауа райының жаңбырлы болуы мұздың жұқаруына әсерін тигізді. Қазіргі таңда мұз еру процесі басталды. Егер жауын-шашын болса, мұз тұрған жерінде еріп кетуі мүмкін. Кепіл де айта алмаймыз. Дегенмен, мұз еру наурыз айының ортасында жүреді деп күтіп отырмыз", - деді Серік Сермағанбетов.

Сондай-ақ, алдағы 3 жылда 19 қауіпті учаскелерді қалпына келтіру үшін 13,7 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінеді.

Айта кетейік, бүгінге дейін Сырдария өзенінің 95 қауіпті учаскесінде жер жұмыстары атқарылды. Дарияның қауіп тудыратын учаскелерінде кезекшілік қойылды. Техникамен қамтамасыз етілген 172 мекеме бекітіліп, 500-ге жуық техникамен, қажетті материалдық-техникалық қорлары жасақталған. Екі тікұшақ дайындыққа келтірілген. Мұз жару жұмыстарын жүргізуге арнайы мамандандырылған мекемемен алдын ала келісім жасалынды.

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі

 


ӨҢІРДЕ ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР САНЫ АРТТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.03.2018 15:23

Қызылорда облысында заңсыз жолаушы тасымалдаушыларды анықтау мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1408 заңбұзушылық анықталды, 5 тасымалдаушы айыппұл төледі. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конферециясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев және облыстық әкімшілік полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айбек Құлмағанбетов мәлімдеді.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаевтың айтуынша, соңғы жылдары Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында жолаушыларды заңсыз тасымалдаушылардың саны артты. Мәселен, 8 және 11 орынға лайықталған "Хундай Старекс" (Оңтүстік Кореядан шығарылатын) маркалы 100-ге жуық автокөлік иелері Шиелі кентінен Қызылорда қаласына жолаушыларды заңсыз тасымалдап келген.

"Бұл азаматтардың қызметінде қауіпсіздік шаралары сақтауға қатысты өрескел заңбұзушылықтар бар. Біріншіден, оларда сақтандыру полистері, екіншіден, жолаушы тасымалдауға арналған лицензиялары жоқ. Көліктері тасымалдаушылар реестріне енгізілмеген, маршрут бағыты мен уақыты нақтыланған график жоқ. Жүргізушілер медициналық бақылаудан, ал көліктері техникалық тексерістен өтпеген. Сондықтан, мұндай тасымалдаушылар адамдардың өміріне үлкен қауіп тудырады", - деді Ерлан Жаңабаев.

Заңсыз тасымалдаушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

"Біз тасымалдаушылармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Оларға заң талаптарына сай жұмыс жасау үшін жыл соңына дейін автокөліктерін ауыстыруға уақыт бердік. 16 орынды автобус болуы қажет. Сонымен қатар, осы уақытта олар барлық құжаттарын заңға сәйкес реттеуі керек. Олардың көліктерін несиеге алып, отбасын асырап отырғандығын ескеріп, түсіністік танытттық", - деді Ерлан Жаңабаев.

Облыстық әкімшілік полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айбек Құлмағанбетов жыл басынан бері аймақта атқарылып жатқан рейдтік тексерулер туралы айтты.

"ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес 2018 жылдың 22 қаңтарынан 18 ақпан аралығында "Автобус" шарасы өткізілді. Нәтижесінде 1408 заңбұзушылық анықталды. 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында жергілікті полиция қызметі, облыстық жолаушылар көлігі және автобомиль жолдары басқармасы және көліктік бақылау инспекциясымен бірігіп рейд өткіздік, тасымалдаушыларға түсіндірме жұмысын жүргіздік. Нәтижесінде 5 заңсыз тасымалдаушы айыппұл төледі. Олардың ісі республикадағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес санкциямен сотқа жолданды", - деді Айбек Құлмағанбетов.

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі

 


Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары