Өзекті мәселелер

  • 08.11.18

    Халық – сыншы әрі әр­қашан әділ. Өткен аптада Арал, Қазалы аудан­дарына іссапармен барға­н облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ел алғысын арқал­ап қайтты. Бұқараның базы­насын ескеріп, жұртшылықтың жағдайын  жақсартуда аймақ басшысы бір­қатар тірліктер атқарып жүр. Өткен аптада жер­гілікті тұрғындар сол игі істер­дің жалғасына куә болды.

    Алдымен Арал ауданы орталы­ғындағы жаңа аурухананың аш...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Кез келген тауарды сырттан тасымалдау үлкен тәуеке­л мен көп шығынды талап ететіні сөзсіз. Дамыған­ елдердің көпшілігі тұтынатын тауарын өзі өндіріп, кәсіпкерлері шаруасын шыр айналдырып отыр. Ал бізде ше? Қандай өнім бар дегеннен гөрі, нендей өнім жоқ дегенге жауап табу тез болып тұр. Былай қарағанд­а, қарапайым қаламсап шығаратын зауы­тыңыз  да  жоқтың  қасы. Қайтпек  керек?

    ...
    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Қазір әлеуметтік желі үлкен күшке ие. Ойыңызда жүрген жайтты жақсылап тұрып жазып, көпшіліктің талқысына тастай саласыз. Мұнда  сөздің  байыбына баратын, оны саралай алатын да, көкпардағы  серкедей  жүнін  жұлып, ту-талақай  ет етін де  жұртшылық бар. Ал, күшке ие дегеніміз – көп  мәселенің  шешімін  табатынында. Жама­н жері  кейде жаны ашып жазғандар да жазықты болып жатады­. Атын шыға...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Нәзіктік пен әсемдіктің символы – қыз баласы қашаннан сұлулыққа құмар. Ару­лар­ға ақыл мен  әдеміліктің қатар қажет екенін қазақ бұрыннан айтып кеткен емес пе? Көріксіз қыз – тұзсыз нанмен тең. Ендеш­е  сұлулығын  арттырып, тартымды бола түсу – бұрымдылар үшін сүйікті «мәселе». Бүгінде  айқабақ,  алтын  кірпік, қызыл ерін  сылқымдар кірпігін қалай  күтіп  жүр? Сырт көзге сөз қылуға тұр­майтын т...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    Редакция  қызметкерінің іссапармен бармайтын жері жоқ. Асулардан асып шыңға шығады, еңіске түсіп теңіз кешеді, балықшы мен диқанның қосына­ түнейді, шопандар мен жылқышыларға жолығу үшін жайлауды аралап шаршайды. Иә, жорналшы дегендер өмір бойы солай жол үстінде жүрген­дерінде бұрын көріп білмеген пенделердің талайымен жүзд...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 06 Наурыз 2018

Байыпты бастама PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.03.2018 11:00

Сыр өңірінде қоғамдық бақылау картасы іске қосылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысы Абзал Мұхимов және арнайы мониторингтік топтың басшысы Анар Ізден БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтты.

- Жобаның басты мақсаты – жол, әлеуметтік нысандардың құрылысы, көгалдандыру және өзге салаларда қоғамдық бақылауды орнату. Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдан бастап ауылдық елді мекендердің өздерінің дербес бюджеттері құрылып, жұмыс істеуде. Облыс бойынша 65 ауылдық елді мекеннің өз бюджеттері бар. Сондықтан осы мәселеде қоғамдық бақылау картасы жобасының маңызы зор және өзектілігі жоғары болып отыр, - деді департамент басшысы Абзал Сансызбайұлы.

Байыпты бастаманың ерекшелігі – қоғамдық бақылау картасын қалыптастыруда әлеуметтік желілер мен телефон байланысын пайдалану. Бұл – бірінші тәсіл. Екіншіден, бақылау картасы азаматтарға арналған «Qamqor» қосымшасы арқылы, үшіншіден, аудандарда құрылған арнайы мониторинтік топ арқылы жүргізілмек.

Департамент басшысы А.Мұхимов биылғы 22 ақпан күні жемқорлық жағдайын зерттейтін «Транспаренси Интернейшнл» халықаралық ұйымының сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі бойынша 2017 жылдың ресми қорытындысы жарияланғанын айтты. Бұған дейін еліміз әлемнің 180 елінің арасында 130-орында болса, былтыр бұл көрсеткіш көтеріліп, 122-орынға жеткен. Яғни, Қазақстанның сыбайлас жемқорлық бойынша түйсіну индексі 2 ұпайға, 9 позицияға жақсара түскен. Бұл әлемнің өзге елдеріне қарағанда біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарас, оның алдын алу, болдырмау жағы артқанын көрсетеді.

Ж.Қойшыбекова

 


«ҚАЙСАР» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.03.2018 10:38

Қызылордада «Қайсар» футбол командасының таныстырылымы болып өтті.

Осыдан жарты ғасыр бұрын Сыр жерінде алғаш рет кәсіби футбол командасы құрылған болатын. Осы жылдар ішінде «Автомобилист» атауымен басталған «Қайсар» бүгінде жанкүйерлерінің жүрегінен ерекше орын алып отыр.

Аймақ басшысы спорт жанкүйерлерін жаңа маусымның басталуымен құттықтап, спортшыларға үлкен сенім білдірді.

«Биылғы маусымда «Қайсардың» намысын қорғайтын футболшыларға үлкен жауапкершілік артылмақ. Өйткені, биыл Қызылорда футболы жарты ғасырлық мерейтойын мерейлі жылда атап өтеді. Сонымен қатар, Астана қаласының 20 жылдығы аясында Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы басталып кетті. Осы айтулы датада ойыншыларымыз бізге үлкен сый жасайды деген үміттеміз»,-деді облыс әкімі.

Өткен маусымда «Қайсар» командасы өз міндетін жақсы орындап, чемпионатта 6-орынды иеленген болатын.

«Биылғы жылғы басты міндет - өткен жылғы көрсеткіштерді жақсарту. Облыстың бас командасы кем дегенде бесінші орынды алу керек. Өткен маусымда қасқырлар намысын қорғауда жерлесіміз Мақсат Байжановтың еңбегі зор болды. Биылғы маусымда қос бірдей жерлесіміз Асхат Тағыберген мен Дәуренбек Тәжімбетов туған елге оралды. Қызылордалықтардың «Қайсарда» ойын көрсетуі жанкүйерлер үшін де, жас футболшылар үшін де маңызды деп білемін»,-деді аймақ басшысы.

Шара барысында «Қайсар» футбол командасы жаңа киім үлгілері де таныстырылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ЖАС АНАЛАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.03.2018 10:28

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ауданымызда 4 ұл, 3 қыз дүние есігін ашты. Жас аналарды құттықтауға аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев арнайы ат басын бұрып, аурухана бас дәрігері Ә.Бекбергеновамен бірге аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінде босанған жас аналарды көктемнің шуақты да шұғылалы мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, аудан әкімдігі атынан мерекелік сый-сыяпаттар табыс етті.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

 

 


Аида Керімқұлова: «Мақсатым – ұлттық кодты қалыптастыру» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.03.2018 10:22

8 наурыз мерекесі қарсаңында қызылордалық іскер қыз-келіншектерді таныстырмақпыз. Алғашқы тізімді ұлттық брендке ерекше мән беріп, кәсіпке айналдырған «Қолөнер» ұлттық нақыш орталығының құрылтайшысы Аида Керімқұловадан бастағымыз келіп отыр.

Аида Керімқұлованың басшылығымен жұмыс істейтін «ПромКоммерц КА» ЖК 2011 жылы құрылды. Бұл жеке кәсіпкерліктің ерекшелігі сол, қолөнермен айналысатын, атадан балаға мұра етіп, бүгінгі күнге жеткізе білген өз саласының үздіктерінің басын қосқан орталық.

Бұрын қолөнершілер өз туындыларын базарда, үйлерінде сатып, тіпті рұқсат бермеген орындарда бейберекет сауда ұйымдастырғаны үшін түрлі қиындықтарға да кездесіп келген болатын.

Кәсіп бастауда осы жағдайлардың барлығын саралай білген Аида Әбдіқайымқызы талантты қолөнершілердің басын қосып, ұлттық нақыштағы «Қолөнер» орталығын ашты. Аталмыш орталықта бүгінде ұмыт қала бастаған ұлттық туындылар жаңғырып, тұтынушыларға ұсынылуда.

Кәсіпкер келіншек тауарларды жарнамалауда да ерекше тәсілді қолданады. Әлеуметтік желіде тұтынушысына ұсынып отырған әр тауардың шығу тарихын, салт-дәстүрге қатысты маңыздылығын айтып, сипаттап береді.

- «Қолөнер» орталығын ашудағы мақсатым - ұлттық кодты қалыптастыру. Қазір жаһандану кезеңі деп түп-тамырымызды ұмыта бастадық. Сондықтан да кәсіпті қолға алғанда осы саланы дамытамын деп өзіме сөз бердім. Биыл облысымызда «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жариялағаны біз үшін үлкен қолдау болып тұр. Қолөнершілер деп жалпылама айтқанымызбен, әрқайсысы бір төбе, яғни ағаш шеберлерінің, зергерлердің, тігінмен айналысатын мамандардың туындылары бір-біріне ұқсамайтын құнды дүниелер. Болашақта осы сала мамандарының да еңбектері еленіп, мемлекет тарапынан субсидияланса, тіпті жақсы болар еді, - дейді Аида Керімқұлова.

Бүгінде орталықта тек қызылордалық шеберлердің ғана емес, сондай-ақ өзге өңірлерде де ұлттық өнімдерді шығаратын қолөнершілердің туындылары бар.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ӨМІРДІҢ ИЕСІ СЕН, ҒАЗИЗ АНА! PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.03.2018 10:17

Кеше Жалағаш ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі ерекше аталып өтті. "Өмірдің иесі сен, Ғазиз ана" тақырыбында ұйымдастырылған мерекелік шараға ардагер, батыр аналар, депутаттар мен кәсіпкерлер және түрлі салада қызмет ететін нәзік жандылар арнайы шақырылып, құрмет көрсетілді. Мереке иелерін аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Сонымен қатар шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алиев, ҚР оқу ісінің үздігі, білім беру саласының ардагері Р.Исахметова сөз алып, барлық аналар, әйелдер қауымын айтулы мерекемен құттықтады. Аудан өнерпаздары ақжаулықты аналардың құрметіне мерекелік бағдарламасын ұсынды.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

 


ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.03.2018 10:12

Кеше Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талқылау мақсатында аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың төрағалығымен идеологиялық актив жиыны өтті.

Активте аудан әкімі Елбасы бастамаларының елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына зор көмегін тигізетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамаларына жеке-жеке тоқталып, Ұлт Көшбасшысының Үндеуі бүкіл қазақстандықтарға, еліміздің барша азаматтарына игі әсер ететіндігін айтты. Және де бұл бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана жүзеге асатындығын жеткізді.

Активте Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей директоры Л.Шөменова «Үндеу білім беру жүйесін жақсартады» атты хабарламасында Елбасы Үндеуінің білім беру саласы үшін маңыздылығын айта келе, мектептегі жүйелі жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, «Кәсіпкерлікті қолдау ел дамуына салынатын инвестиция» тақырыбында «Ауыл» несие серіктестігінің директоры Ш.Серікұлы хабарлама жасап, аудан ардагері Т.Байниязов Елбасының Үндеуі мемлекеттің тыныс-тіршілігіне, қам-қарекетіне ерекше леп қосатын, серпін беретін маңызды құжат екендігін айтты.

Жиын соңында аудан әкімі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың Құттықтауын бірқатар партия азаматтарына табыстады.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

 


ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.03.2018 10:07

Қыз-келіншектерге ерекше ілтипат пен құрмет көрсетілетін көктем мерекесінде ұстаздар қауымы да назардан тыс қалмады. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Жалағаш аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы комитеті білім саласында жемісті еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне елеулі еңбек сіңірген ардагер ұстаздар қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті. Салтанатты шараға аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев қатысып, елімізді толайым табыстар мен өркенді өзгерістерге бастайтын өрелі істерге үлес қосқан әйел-аналарға, қыз-келіншектерге арналған өз құттықтауын жеткізді.

Сонымен қатар, ардагер ұстаздарды мерейлі мерекесімен білім саласының ардагері, Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет грамотасының» иегері М.Тұңғышмұратова, жас та болса көпшілік құрметіне бөленіп жүрген ұстаз Қ.Мамзадаева, оқушылары республикалық байқаулардың жүлдегерлері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Ж.Шілдебаева сөз алып, салтанатты шараға қатысушы киелі мамандық иелеріне ыстық лебіздерін білдіріп, мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты шара барысында әуез мектебінің көркемөнерпаздары, оқушылар ұлағатты ұстаздарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

 


ШАҒЫН НЕСИЕЛЕНДІРУ МАҚСАТЫНДА СЫР ӨҢІРІНЕ ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ТАРТЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.03.2018 09:53

Облыс әкімі актив жиналысында шағын несиелендіру мақсатында облысқа қосымша қаржы тартуға тапсырма берді.

Аймақ басшысы Елбасының бес әлеуметтік бастамасы миллиондаған қазақстандықтардың мүддесіне оң әсер етіп, әлеуметтік саланы жаңартуға бағытталғанын атап өтті.

«Президенттің айтуынша, жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша ипотекалық несие алу мүмкіндігіне ие болады. Бұдан басқа, өздеріңіз білесіздер, біз алдымызға облыстың әлеуметтік аз қамтылған тобын мейлінше қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз. Осы мақсатта 2017 жылы 3 жылға арналған тұрғын үй құрылысына бағытталған «Орда» «жол картасын» әзірледік»,- деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, облыс әкімі бастапқы жарна ретінде есепшотында 20% қаржысы жинақталған несие алушылардың санын анықтау үшін салымшыларға талдау жасауды тапсырды.

Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру атты Үшінші бастамасы аясында Қырымбек Көшербаев Қызылордадағы мектеп бітірушілердің Ресей Үкіметінің гранты есебінен білім алып жатқанын атап өтті.

«Жуырда Ресей Федерациясының федералдық бюджеті есебінен Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің К.А.Тимирязов атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясына бакалавр бағдарламасымен «Білім саласындағы ақпараттық жүйелер» мамандығына сегіз талапкерді және магистратура бағдарламасы бойынша «Инженерлік білім беру жүйесін ақпараттандыру» мамандығына жиырма талапкерді жаңадан оқуға қабылдау жөнінде келісімге қол жеткіздік. Сонымен бірге, жыл сайын облыс әкімінің грантымен аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 100-ге жуық дарынды ауыл балаларын аймаққа қажетті мамандықтар бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына жіберудеміз. Біздің жастарымыз талантты және біз оларды жаңа қоғамның қажетті  мамандықтарына бағыттауымыз қажет»,-деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, биылғы жылы шағын несиелендіруге 3 млрд. теңгеден астам қаржыны бағыттау жоспарлануда. Бұл кемінде 500-ге жуық жобаны несиелендіруге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жыл аймағымызда «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жылы болып жарияланды.

«Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында облысқа қосымша қаражат  тартуды тапсырамын»,- деді аймақ басшысы.

Астана қаласының газдандыру жөніндегі Бесінші бастамасы аясында Мемлекет басшысы Қараөзек (Қызылорда облысы) - Жезқазған - Қарағанды ​​- Теміртау - Астана бағытындағы магистральды газ құбырын салу жобасын жүзеге асыруды ұсынды.

Аймақ басшысы Қызылорда облысында бұл жобаны жүзеге асырудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінгі күні Елордамыз Астананы газдандыру біздің Сыр өңірінен бастау алатыны біз үшін үлкен қуаныш.  Біз бұл мәселені бірнеше жыл зерттедік. Нақты айтар болсақ, бұл - сметалық құны 370 млрд. теңге болатын инвестиция, бюджетке түсетін түсімдер мен, ең бастысы, жаңа жұмыс орындары. Жоба бойынша кемінде 200 қызылордалық жұмыспен қамтылатын болады»,-деді Қырымбек Көшербаев.

Өз сөзін қорытындылай келе, облыс әкімі әріптестерін бес әлеуметтік бастаманы іске асыру үшін белсенді жұмыс істеуге шақырды.

«Бізде ауқымды бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыру тәжірибесі бар. Соңғы жылдары атқарылған жұмыстар аз емес. Алайда алда  міндеттер одан да көп. Елбасының жаңа деңгейде қойған міндеттерін нақты істерімізбен атқаратынымызға сенімім мол», - деп қорытындылады аймақ басшысы.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қала әкімі мерекелік қабылдау жасады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
07.03.2018 09:45

Кеше қала әкімдігінің мәжіліс залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, қала әкімінің мерекелік қабылдауы өтті.

Мерекелік шараға 100-ге жуық нәзік жандылар қатыстырылды.

Олардың ішінде Еңбек ардагерлері, батыр аналар, білім, спорт және мәдениет саласының үздіктері, ұлттық-мәдени орталықтардың мүшелері, журналистер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, білім беру мекемелері секілді әртүрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген нәзік жандылар бар.

Шара барысында қала әкімі Н.Нәлібаев: «Мен бүгін Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын.

Жыл мезгілінің ең ғажайып кезеңі, көктемнің шұғылалы шуақты күнінде Сіздерді және Сіздер арқылы барша аналарымыз бен аруларды төл мерекелеріңіз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Өздеріңізге белгілі, биылғы жыл еліміз үшін және біздің өңіріміз үшін де айтулы оқиғаларға толы, тарихи жыл.

Яғни, биылғы жылы Елбасымыздың төл туындысы Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы, Сыр өңірінің бас шаһары - Қызылорда қаласының 200 жылдығы аталып өтеді.

Бұл тарихи тағылымы мен мағынасы терең қос мерейтойды атап өтудің маңызы зор.

Осы игіліктердің қайнар бастауында ұлтымыздың ұлылығын ұлықтаған, берекелі тірлікке жолбасшы болған аналарымыз бен қыз-келіншектердің еңбегі орасан зор.

Бүгінде, сол жандардың ізін жалғап жүрген ақ жаулықты аналарымыз да жетерлік.

Бүгінгі күні біздің қаламызда жасы 100-ден асқан 2 ғасыр аналарымыз және кешегі сұрапыл жылдары, ерлермен қатар ерлік көрсеткен Ұлы Отан соғысының ардагері «батыр анамыз» болса, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысушы өңіріміздегі жалғыз әйел Жанат Сәдіқұлқызы біздің ортамызда отыр.

Жалпы, бүгінгі еліміздің даму жолында, қай саланың болсын қыр-сырын жетік меңгерген нәзік жандылар жеткілікті.

Денсаулық сақтау, білім, мәдениет, журналистика, қаржы, әлеуметтік қамсыздандыру сынды халқымыз үшін ең маңызды салаларды әйелдер қауымынсыз елестету тіпті мүмкін емес.

Мысалы, қазіргі таңда қала әкімдігіне қарасты  құрылымдарда 209 мемлекеттік қызметкер болса, олардың 50 пайызға жуығы - нәзік жандылар.

Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың хатшысы, әкімдікке қарасты 4 дербес бөлімді және қала әкімі аппаратында 2 бөлімді нәзік жандылар басқарып отыр.

Бұл дегеніміз - әйел-қайраткерлердің өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенділігі, беделі мен мәртебесінің көрінісі.

Сондай-ақ, бүгінде қаламызда 3 мың 500 батыр аналарымыз болса, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған жас аналар саны 6 мың 500-ге жетті.

Біздің Сіздерге құрметіміз шексіз. Бұл біз үшін аналарымыздың алдындағы перзенттік парызымыз, жалпы нәзік жандылардың алдында ер-азамат ретінде міндетіміз деп білемін.

Бүгінгі салтанатты шарамызға қатысып, көңілге көктем, баршамызға мерейлі мереке лебін сездіргендеріңізге үлкен алғыс білдіремін!» - деген шаһар басшысы, мерекелік қабылдауға қатысушы барша аруларға жүрекжарды тілегін жеткізіп, мерекелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады.

Өз кезегінде, салтанатты шараға қатысқан ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер Сыр өңірінің бас шаһары – Қызылорда қаласында соңғы жылдары атқарылған ауқымды жұмыстардың арқасында, өңірімізде орын алған оң өзгерістерге тоқталып, осы мақсатта қызмет етіп жүрген барша азаматтарға алғыстары мен аналық ақ тілектерін жеткізіп жатты.

Қала әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары