Өзекті мәселелер

  • 13.09.18

    Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көше­лерд­ің бірі Желтоқсан көшесі нелік­тен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфаль­т қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол бі...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    Көрініс

    Қыз Жібектей керімсығысы келгені­мен де, тұқымы  құрғыр мыстандығы қылымсып қайта-қайта көрініп  қала береді...

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

    журналист

    БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

    Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

    Толығырақ...
Жұма, 09 Наурыз 2018

ЕЛБАСЫНЫҢ БЕС БАСТАМАСЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
09.03.2018 13:45

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев апта басында Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашып, сөйлеген сөзінде Қазақстан халқына арналған әлеуметтік бес бастамасын жария етті.

Баяндамасының басын наурыз айының­ ерекшелігімен бастаған Президент өз отбасының қазақ жеріне келген талай  жандарға  көмек  көрсеткенін еске алды. «Наурыз айының еліміздің Тә­уелсіздік күнтізбесінде ерекше орны бар. Көктемнің алғашқы күнінде біз Алғыс айту күнін атап өтеміз. Сонымен бірге, бұл – Қазақстан халқы Ассамб­леясы құрылған күн. Ұлыстың Ұлы күні мен қымбатты әйелдеріміздің де шуақты  мерекесі наурыз айының еншісінде.­ Осынау ізгі оқиғалардың барлығы Қазақстан халқын біріктіре түседі. Біз елдің бірлігі мен сындарлы саясатының арқасында барлық сынақтардан сүрін­бей өттік. Ел иесі қазақ халқының маңайы­на ұйысқан барша этностар оны жоғары бағалайды. Бүгінде Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында «Қазақ Еліне мың алғыс» атты ескерткіштер бой көтерді. Бұлардың бәрін түрлі этникалық топтар өз еріктерімен салған. Ол ескерткіштер – қазақ халқы мен жеріне,­ Отанымызға деген алғыстың белгісі. Осынау ізгі бастамалар халқымыздың кең пейілі мен дарқан көңілін көр­се­теді. Жақсылықты жадында сақтай білген елдің рухы қашанда биік», - деді Президент. Сонымен бірге, Елбасы өз отбасының қазақ жеріне келген талай жандарға көмек көрсеткенін еске алды. «Отбасымның тауар вагондарымен әкеліп, ен далаға тастай салған талай отбасы­ларға  көмек көрсеткенін біле­мін. Бәлкім ересектер қауымы ол күн­дерді  есте сақтайтын шығар, сондай-ақ, ол кезеңді бүгінгі жастар да білуі тиіс. Бұл біздің қандай халық екені­мізді, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екенімізді айғақтайды», - деді мемлекет  басшысы.

ЗЕЙНЕТАҚЫ  мен  ЖАЛАҚЫ  МӨЛШЕРІ   АРТАДЫ

Бюджет қызметкерлерінің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшу білім беру саласындағы жалақы мөлшерін – 29, денсаулық сақтауда – 28, әлеуметтік қамсыздандыру салас­ында 40 пайызға дейін өсіруге мүмкіндік туғызғанын айта келе Нұрсұлтан Назарбаев­ 2018 жылы мұғалімдердің жал­ақы мен зейнетақы мөлшері­нің ұлғаятынын мәлім етті. «Гүл­денген Қазақстан дегеніміз, бұл – ең алдымен өз-өзіне сенімді, мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығын шын сезіне­тін, оған ілтипатпен және патриоттықпен үн қататын адамдар. Біз мемлекеттің әлеумет­тік міндеттерін ұмытқан жоқпыз және оны орындаймыз. 2018 жылы оқытудың жаңарған­ мазмұнына көшкен мұғалімдердің еңбекақысы 30 пайызға өседі. Бұл барлық мұғалімдер­дің 68 пайызын қамтиды. Біліктілік тестілерін тапсырған­ соң тағы 50 пайызға артады», - деп хабарлады Елбасы. Сонымен бірге Президент базалық зейнетақының өсуі мен оның индексациялануы есебінен 2018 жылдың 1 шілдесінен бас­тап зейнетақы мөлшері 2017 жылға қарағанда 37 пайызға ұл­ғаятынын жеткізді. 2017 жылы ішкі істер органдары әскери қызметкерлерінің лауа­зымдық еңбекақысы 25 пайыз­ға көбейгені мәлім. Президент ел экономикасы өркендегендіктен осындай жетістіктерге қол жеткізгенімізді атап айтты. Мемлекет әлеуметтік жетіл­діруге апаратын  жаңа қадам жасау­ға дайын  екеніне  екпін  түсірді.

 

ИПОТЕКАЛЫҚ   НЕСИЕ  ҮСТЕМЕСІ  АРЗАНДАЙДЫ

«Біз соңғы жылдары аза­мат­тарымыздың баспана алу мүм­кіндіктерін кеңейтуге көп күш салдық. Алайда бұл атқарылған істер жеткіліксіз. Әлі күн­ге дейін көптеген отбасылардың өз үйі жоқ. Бұл – әлеуметтік маңы­зы зор мәселенің бірі. Біз ипотекаға қолжетімділікті артты­рып, осы мәселені шешу үшін барлық жағдайды жасауы­мыз  керек»,-деді Н.Назар­баев. Президенттің пайымынша, жұмысы бар әр азамат пәтер сатып алу үшін тиісті тетіктер­ді қа­растырғаны жөн. «Осыған орай мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни, жұмысы бар азамат ипотекаға мынадай талаптар бо­йынша үй сатып алады: ипотеканың жылдық мөлшері 14-16 пайыз емес, 7 пайызды құрайды. Егер қазіргі таңда банктер ипотекалық несиенің міндетті бастап­қы жарнасын 30 не 50 пайызын төлеуді талап етсе, жаңа бағ­дарлама бойынша оның мөл­шері 20 пайыздан аспауы­ керек.­ Ал ипотека 10-15 жылға емес, 25 жылға дейін берілуі тиіс. Бұл қадам халықтың ай сайынғы төлейтін ақшасының мөлшерін азай­тады», - деп мәлімдеді Президент. Бұл бағдарламаны жүзеге­ асыруда Ұлттық банк, екінші деңгейдегі банктер және қор нарығының мүмкіндіктері пайдаланылады. Президенттің тапсырмасы бойынша Ұлттық банк кем дегенд­е 1 трлн теңге тартып, ол қаражатты жоғарыдағы талаптармен банктерге ұсыну үшін жаңа ипотекалық несиелер саты­п алуға жұм­сайды. «Осылайша, қазақстандық арман орындалады!»  деді  Елбасы.­

 

ТАБЫСЫ  ТӨМЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА САЛЫҚ

ЖҮКТЕМЕСІ АЗАЯДЫ

Екіншіден, Нұрсұлтан На­зар­баев жалақысы төмен қазақстандықтарға салынатын салық жүктемесін азайтуды ұсынды. Бұл айына минималды есептік көрсеткіштің 25 есе көлемінде жалақы алатын азаматтарға қатысты қолданылады. «Са­лыстырмалы түрде төмен жалақ­ы алатын қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап­ олардың салық жүк­темесін 10 есеге азайтып, 1 па­йыз ғана салық салу­ды ұсынамын», - деді ол. Президенттің айтуынша, үнемделген қаражат жұмыс­шының  еңбекақысын ұлғайтуға бағытталады. Соның нәти­же­сінде еліміздегі жалдамалы жұмысшылардың үштен бірі­нің (бұл  2 млн-нан астам адам) жұмыс  берушіге  салмақ  түсір­местен  жалақысы  өседі.

 

ҮКІМЕТ   ЖОҒАРЫ  ОҚУ ОРЫНДАРЫНА  БЕРІЛЕТІН ГРАНТТЫ   КӨБЕЙТЕДІ

Үкімет 2018-2019 жылдары жоғары  оқу орындары студент­терін оқытуға қосымша 20 мың грант бөледі. Президенттің үшінші бастамасының зор жаңалы­ғы – осы. «Қазір еліміз­дегі жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам жастар білім алуда, соның ішінде 30 пайыз­ға жуығы мемлекет бөлген грант­тарда оқиды. Жоғары білімнің қолжетімділігін және сапасын арттыру үшін қазіргі жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-19 оқу жылында тағы да 20 мың грант бөлу керек. Оның 11 мыңы жаңа экономикаға қажетті тех­ника­лық мамандықтар бо­йын­ша бакалаврлық білім беруг­е тиесілі болады. Ең алды­мен, инженерлер, ақпараттық технология саласының мамандары, роботтехниктер, нанотехнологтар туралы айтып отырмын. Техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқытатын оқу орындарындағы жаңа грант­тардың құнын ұлттық университет­тердегі гранттардың деңгейіне дейін өсіру қажет», - деді Нұр­сұлтан Назарб­аев.

Мемлекет басшысы әлем­дік стандарттарға сәйкес білім беру жүйесін құра отырып, студентт­ердің тұрғын жайларына тиісті дәрежеде көңіл бөліну керектігін мәлімдеді. Осыған орай құзырлы ми­нистр­лікке 2022 жылдың соңына­ дейін студен­ттерге  арнап­  кемінде 75 мың орындық  жатақхана салуды­ тап­сырды. Елбасының айтуынша, бұл қадам алдағы жылдарда өсе беретін  сұраныс­қа қарамастан  жатақхана тапшылығын  бір­жола шешеді.

 

ШАҒЫН   БИЗНЕСТІ

НЕСИЕЛЕУ   АРТАДЫ

Президент шағын және орта бизнесті несиелеу көлемі артатынын хабарлады. «Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүргізілген жұмыстардың аясында өзіне-өзі жұмыс істейтін және жұмыссыз азаматтарды қолдауымыз керек­. Осы бағытта жеңіл­дікпен несие беру маңызды механизм­дердің бірі болып табыла­ды. 2017 жылы барлығы 32 млрд теңгеге 7 200 микронесие  бе­ріл­ген. Соған қара­мастан, «Бас­тау-бизнес» жо­басы бо­йынша біліктілігін жетіл­дірген 5 мың адам өз кәсібін аша алма­ған», - деді Елбасы. Ол 2018 жылы осы мақсатқ­а қосымша 20 млрд теңге бөлінетінін мә­лімдеді. Осылайша, микронесиелеу 14 мың  адамды  қамтиды.

 

АСТАНАҒА  КЕЛЕР

ЖЫЛЫ  ГАЗ  КЕЛЕДІ

Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев Қараөзек-Жезқаз­ған-Қарағанды-Теміртау-Астана газ құбырын салуға Үкіметке тапсырма берді. «Қазір  еліміздегі газдандыру 50  пайыз­ға жетті. Тоғыз облыс, соның ішінде батыс және оңтүстік облыст­арға  газ  жет­кізілді. Алайда орталық және солтүстік об­лыстар әлі де газға қол жеткізе алмай отыр. Осы мәселені шешу үшін Қараөзек-Жезқазған-Қа­рағанды-Астана  бағытындағы газ  құбыры ма­гистра­лін салуымыз  керек», - деді  Елбасы.

Алаштың анасы – Сыр елінен  бастау алатын жобаны жүзеге­ асырудың нәтижесінде 2,7 млн қазақстандық газбен қамтылады және Астананың экологиялық жағдайы жақ­сара түседі. Президенттің айтуын­ша, алдағы жылы толықтай газға­ көшетін болсақ, атмо­сфераға таралатын зиянды заттар­ 6 есеге немесе жылына 35 мың тоннаға дейін төмендейді екен.

Төлен  ТІЛЕУБАЙ,

журналист,

арнайы «Халық» үшін Астанадан

 


«ҚЫРЫҚ ЕРКЕК ТОЛТЫРА АЛМАҒАН ҮЙДІ БІР ӘЙЕЛ ТОЛТЫРАДЫ» PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
09.03.2018 13:26

Қазақ  халқының  ұғымында «әйел қырық шырақты» деген түсінік бар. Бұл сөз жаны нәзік, жүрегі жұмсақ, көңілі дарқан, пейілі кең әйелдің түсінігі мол, шыдамды дегенді білдіреді. Ерге бергісіз қайраты, жанға­ бергісіз жігері болса да, әйел қауымының жақын адамынан сүйеу күтері анық. Отбасына береке, ошақ қасына жылулық, шаңырағына құт, балаларына мейірім, қоғамға қамқорлық сыйлай білетін әйелдерді кейде темірден жаратылғандай көретініміз рас. Десек те, ет пен сүйектен жаралған пенде болғанн­ан кейін толғауы тоқсан тір­шіліктің тіні сол қауымға жүктеледі де тұрады. Кейде ер адамға тиесілі жұмыст­ы істеп, онысын қалыпты құбылысқа теңеп жүре беретін әйелдер – бір әлем.

 

Әйел – ана. Халқымыз төрге отырғызы­п, «қыз – жат жұрттық» деп жастайынан санасына сіңіріп өсірген қыз баласының ең басты мақсаты – ибалы келін, аяулы жар, ардақты ана болу. Жұп-жұмыр жұдырықтай жү­регіне жылылық пен ұлылық ұялаған әйел – өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Адамзат өміріндегі адамның анасы атанатын қауымның шуақты көктем­нің 8 наурызы – тұрақты мерекесі. Әйел – әр адамға апа, қарындас, сіңлі, жеңге, жар, ана бола білетін абзал жан. Адам баласы анадан асып тумайды. Өйткені қандай жетістікке жетсең де, оның қабырғасын анаңыздың ақ тілегі мен мазмұнды тәрбиесі тіреп тұр­ғанын  ұмытпаңыз.

«Қырық еркек толтыра алма­ған үйді бір әйел толты­рады». Әйелдің жүрген жері мереке мен берекеге, ізгілік пен ілтипатқа толы екенін осы бір ауыз сөзден-ақ аңғара беруге болады. Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негі­зін қалаушы Жәнібек хан бір әңгіме  үстінде:

- Бұл дүниеде кімнің төрт құбыласы тең болмақ? - деп сұ­райды. Сонда Жиренше шешен:­

- Бұл дүниеде жүйрік аты, қыран құсы бар, өзі сұлу, мінезді қатыны, бес атар мылтығы бар жігіттің төрт құбы­ласы  тең  болады, - депті.

Сол секілді ер-азаматтардың құбыласын тең етіп, шаңырағына береке сыйлап отырған ардақты жандардың қадір-қасиетін ұғынып жүрміз бе? Қоғамда демографиялық дүм­пу жасап, халық санының артуына үлес қосып келе жат­қан көпбалалы аналарға қандай көмектер көрсетілуде? Айт­қан ақылы мен берген кеңесін кәдеге  жаратып  жүрміз  бе?

Анасын ардақтаған ел азбайды. Қазақ даласын жайлаған талай тарихи сәттерде аналардың ролі басымдыққа ие болды. Намысшыл, өршіл аналар­ымыздың табанын сор тілімдеп, таңдайын шөл кеп­тіргенде де бауыр еті – балаларын құшағынан ажыратпай, құрсағын  жарып  шыққан баласын ашқұрсақ тастамай, үзім нан мен жұтым су тауып беріп отырды. Аштық жайлаған зұлмат жылдан, көктен бомба түсіп, соғыс жайпаған елдің ортас­ынан ұрпағын аман алып шыққан аналардың еңбегі ерлік емей немене?! Қарап отырсаңыз, ол заман мен бұл кездің арасы жер мен көктей. Десек те, жер кеңейіп немесе аспан жерге жабысып қалған өзгеріс жоқ. Тек қасқыр заманның түлкі қулыққа бет алғандығын салыстырмалы түрде осылай жеткіземіз. Бодандықта жүрген тұстағы әлеуметтік ахуалдан қазіргі тұрмыстық жағдай мың есе артық десек қате айтқандығымыз емес. Өкініштісі сол, қымбатшылық қысып, пейілдің тарылып тұр­ған заманында көп баланың анасы атанудың өзін ерлікке балап жүрген жайымыз бар. Ал олардың хал-жағдайы сын көтере ме, отбасының әлеумет­тік жағдайы мен балалардың денсаулығы қандай, қайда, қандай жағдайда өмір сүріп жатыр деген сауалдарға кабинетте отырып жауап іздейтін болдық. Яғни, бейхабармыз. Басым көпшілігі пәтерден пә­терге көшіп, санасын тұрмысқа билетіп алған. Мұны қоғамдық төңкеріс деп қабылдау қажет. Ал мемлекет­тің қолынан келе­тіні –жәрдемақы  беру...

- 2018 жылдың 1 қаңтарынан  бастап мемлекеттік атау­лы  әлеуметтік көмек отбасындағы кіріс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан аспайтын отбасыларға беріледі. Егер отбасында жұмысқа қабілетті адам болса, көмектің шартты, отбасы мүшелері еңбекке жарамсыз болса, шартсыз түрі төленеді. Бүгінде қала бойынша 3000-нан астам отбасыға түсіндірме жұмыстары жүр­гізіліп, 1000-нан аса құжат қабылданды. Көпбалалы 650-ге тарта отбасыға көмектің шартсыз, ал 415-іне шартты түрі төленді. Осылайша, 2 кент пен қалаға қарасты ауылдық округтердің көпбалалы тұрғындары атаулы әлеуметтік кө­мекпен  қамтылуда, - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар бөлімі  басшысының орын­басары  К.Құрақбаева.

Рас, қазіргі күні көпбалалы отбасын көрсек, таңдай қағып, қалай асырайтынына алаңдаулы көңілмен қараймыз. Бір жағынан аймақтағы аналардың денсаулық көрсеткіші де жұл­дызымызды жағып тұрғаны шамалы. Еліміз егемендік алған­нан бері 27 жыл болды. Осы уақыт аралығында мем­ле­кеттің басты капиталы сана­ла­тын адамға және оның денсаулығына бейжай қаралмайды. Мемлекеттік негізде бағдар­ламалар қабылданып, ана мен бала денсаулығын нығайтуда зор күш жұмсалуда. Қызыл­орда облыстық денсаулық сақтау  басқармасының мәліметін­ше, аймағымыздағы туу жа­сындағы әйелдердің саны – 173 мың 182, оның 4137-сіне денсаулығына байланысты бала көтеруге тыйым салынған, ал 450-і жатырсыздық бойынша тіркеуде. Дұрыс тамақтанбау, уақытылы ем қабылдамау секілді әлеуметтік себептермен 18064 әйел есепте тұрады. Тұр­мыс тапшылығымен әйелдер­дің уақытылы дәрігердің қа­былдауында болмауы түрлі ауруларды асқындырып жат­қаны шындық. Дәрігерлік кеңе­с алу, диагностикалық тексе­ріс­тен өту – ең қиын шаруа­ деп есептейді. Тұрмыстық тілмен айтқанда, емханада өткізген екі сағатымда тамақ істеп, тексеруде тұрған төрт сағатымд­а кір жуған­ым жақсы. Алайда ден­саулығының  тынып,  жүйке­сінің жұқарып жатқандығымен шаруа­сы жоқ. Сол себептен облы­сымыздағы әр үшінші әйел қан­аздық ауруымен ауырады, 100 әйелдің 12-сінің ғана дені  сау.

Рас, «сананы тұрмыс билейді». Ұрпақ жалғастыру жолында әйелдердің денсаулығы мен әлеуметтік ахуалына баса мән беруіміз керек. Қос құлақты қазанының барынан не пайда, ішіне салатын ауқаты болмаса. Көпбалалы ана атанудан не қайыр, жәрдемақы құны не арбаны сындырады, не өгізді өлтіреді. Қоғамдық ортада да демографиялық дүмпу жасаған жаны нәзік жаратылыс иелеріне жеңілдік көрсетілмеген. Әсіресе, қоғамдық көлікте. Бір үйден 5-6 оқушы мектепке, қосымшаға барса, оның барлығына бірдей жолпұл тауып беру ауызша оңай, жеме-жемге келгенде қалтаға, одан қалды, ананың жүйкесіне салмақ түседі. Жеке басына да мән бермеу­шілік осындай тапшылықтан бастау алатынын осы бастан ­ескеру керек.

Баспана мәселесінде де бас қатырарлық түйткілдер көп. Көпбалалы ана ретінде тұрғын үй кезегінде тұрған аналардың саны жетіп артылады. Олардың кезегі келемін дегенше бала саны екі есеге көбейіп, пәтер алуға қаражат жинамақ түгілі, есін де жиып үлгермейді. Сол себепті жұмыр басы домалаған жерге жантая салуға бейім. Адам капиталын жаңғырту әр отбасыдан басталатынын ескер­сек, көпбалалы отбасыларында керек-жарағы жеткі­ліксіз деңгейде өсіп-жетіліп жатқан  балаларға  көз  қырын  салу – азаматтық парызымыз.

Пайғамбарымызға (оған Алланы­ң  салауаты мен сәлемі болсын) бір  адам келіп:

- Я, Расулулла, қартайған анамды өз қолыммен тамақтандырамын. Дәретін алғызып, арқалап жүремін. Осы амалыммен ақысын өтеген болам­ын ба? - деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай  дейді:

- Жоқ, ақысының жүзден бірін де орындаған болмайсың. Ол саған аяққа тұрып кетуіңді күтіп қызмет еткен еді, ал сен оған өлімін күтіп қызмет етудесің. Бірақ, Алла тағала бұл аз ғана жақсылығың үшін көп сауа­п ихсан етеді, - деп жауап берген  екен.

Ана – әрбір адамның ғұмырдағы ең жақын жанашыры, сырласы және ақ ниетті тілекшісі. Кез келген пенденің ішкі дүниесінің әсемдігі, мінезінің ерекшеліктері анасының ақ сүтімен бойға дариды. Жүрсін Ерманша айтқанда, «Әйелмен құның өлшенер, Құдайдан кейін – сол шебер. Бақытты сен де болмайсың, Әйелің сорлы болса егер! Сырыңды соған ашасың, Шөліңді содан басасың. Адамның күні әйелмен, Әйелдер мәңгі жа­сасын!».

Нұрбике  ҚАЗИ

 


ҚҰДАЙ САҚТАДЫ! PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
09.03.2018 13:16

Иә, «Құдай сақтады!» демеске шара жоқ. Әйтпесе,­ 300-ге тарта адамның мәйітін бұл уақытта үйіндінің астынан іздеп жатқан болар едік. Қыстың соңғы күні қаладағы Титов қыстағындағы №16 А тұрғын ауданынд­а орналасқан жатақхананың бос тұрған бүтіндей бір бөлігі құлап қалды. Жауаптылардың сөзіне сенсек, жатақхана апатты жағ­дайда емес. Түнгі сағат 22.40 шамасында аталмыш ғимараттың оң жағы гүрс еткен. Лезде жермен-жексен болған бөлігі тұтас қаланы  аяғынан  тік  тұрғызды. Оқиға  орнына  қала  әкімі  Нұрлыбек Нәлібаевтан бастап, төтеншеліктер тайлы-таяғым­ен түгел жиналды. Ішкі істер департаментінен 10 техника, Төтенше жағдайл­ар департаментінен 3 техника, ОӨАЖҚЖ-дан 4 тех­ника, жұмыл­дыру дайындығы басқармасынан 2 техника­ жет­кізіліп, дереу іске кірісті. Абырой болғанда адам да аман, жарақат­ алғандар  да жоқ. Бірақ,  үрейленген көпшілік «Мұрагер» мектебінде­гі эвакуациялық пунктке көшірілген. Оларға медици­налық  және  психология­лық  көмек  көрсетілген.

– Қаншама зат ішінде қал­ды. Жақында жөндеу жасадық. Батарея орнаттық. Енді шығынд­ы кім өтейді? - дейді жатақха­на тұрғыны Сая Нұсан­бекова.

– Мұнда тұратындардың көпшілігі – жетім-жесірлер, көпбалалы аналар. Мен әке-шешесі жоқ тұл жетім үш баланы бағып отырмын. Баспана кезе­гіне тұрдық. Кезегіміз келгенше осында уақытша қоныстандық. Қазір бүкіл киім-кешегіміз, заттарымыздың барлығы сонда жатыр. Құдайдың ісі ғой! Қайте­міз? - деді жатақхана тұрғыны Шырынкүл Сейдалиева.

Іргетасы 1971 жылы қалан­ған 5 қабатты 103 бөлмелі ғимарат «Жылу электр орталығының» жатақханасы ретінде тұр­ғызылған. Оның ешқайсысы да жекешелендірілмеген. Жатақханада қоныстанған тұрғын­дарға бұрын жергілікті билік өкілдері уақытша паналауға рұқсат берген көрінеді. Дегенмен сондағы тұрғындар бір­неше жыл бұрын жатақхананың апатты жағдайда екендігін айтып­, шағым жасаған-ды. 2015 жылы қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орын­басары  Біржан  Далабаев:

- Аталмыш  ғимарат  «апатты жағдайда» деп таныл­ғаны­мен,  шатырындағы  жабындылар қайтадан жабылған болатын. Бұдан бөлек іргетасына нығайт­у жұмыс­тары жүргі­зілген. Енді бұл үйден уақытша тұруға пәтерлер ұсынылы­п отыр, - деген еді «Астан­а» арнас­ына   берген  сұхбатында.

Міне, жөндеу жұмыс­та­рының  қалай жүргізіл­ген­дігін осыдан-ақ байқай беріңіз. Оқиға болған күннің ертесіне шұғыл баспасөз брифингі өткізілді. Қала әкімінің орынбасары Асылбек Шәменовтің айтуынша, ғимараттың құлау себебі белгісіз. Нақты болжам жасау да қиынға соғып тұр. Тұрғындардың сөзінше, оқиға боларда карбидтің иісі шыққан. Қабырғаларда сызат пайда­ болған. Бүгінде зерделеу жұ­мыс­тары жүргізілу үстінде.

Тұрғындардың ендігі жағдайы не болмақ? Жергілікті мәслихаттың шешімімен зардап шеккен тұрғындар уақытша баспанамен қамтылды. Ал құлаған ғимарат толықтай бұзылмақ. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев та тұрғындармен жүздесіп, аталған мәселені толық  бақылауға  алатындығын жеткізді.

Осы оқиғадан кейін жергі­лікті атқарушы органдар аймақ басшысының өкімімен өңірдегі жатақханалардың жай-күйін тексеруге кірісті. Бұған арнайы комиссия құрылды. Басты мақса­т – қателікті қайталамау. Бүгінде аталмыш ғимараттардың саны – 22. Басым бөлігі Қызылорда қаласында орналасқан. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы  басқарм­асының  басшысы  Марсбек Молдабаев:

– Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жатақханалардың техникалық жағдайын анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері жұмысқа кірісті. Олар 10 күн бойы жұмыс істеп, 12 наурызда нәтижесін ұсынады, - деді.

«Жатақханалардың техникалық жағдайына кім жауапты?» деген сауал қойдық.

– Аталған жатақханалардың барлығы пәтер иелері кооперативінің қарауында болуы керек. Жыл сайын ПИК ғимараттардың техникалық жағдайы туралы есеп беріп отырады,- деді М.Молдабаев.

Ал ПИК-тің қалай жұмыс істейтіндігін көпқабатты тұр­ғын үйлерде орналасқан көп­шілік  жақсы  біледі...

Қозы  Көрпеш ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


БЕЙҚАМ БОЛУҒА БОЛМАЙДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
09.03.2018 13:07

Көктем келіп, күн жылына бастағанда дария­ бетіндегі қалың мұз еріп, су арнасы­нан  асып, жағалай қоныстанған жұртты әбігерге салатыны бар. Бұл уақытта Сыр­дарияның тосы­н мінезіне еттері үйренген халық «сақтансаң, сақтаймынның» қамына кіріседі.  Жандарын  шүберекке  түйіп, қам­да­нады. Бұл – күн жылынды дегеннен бас­талатын  жылдағы  көрініс. Кейде, тіпті, бөгеттерді  бұзып, сол маңдағы ауыл тұрғындарын бір есеңгіретіп алады. Айтып­ келмейтін апатты­ң  алдын  қанша алсақ та, табиғат тосын­ мінезін қай уақытта төндіретінін білмейсің. Өткенде ғана қыс­тың бел орта­сында  бөгетінің  бес  жері  бұзылып, Сырдария  ауданы  біраз  әбігерге түсіп еді. Қыс  мезгілінде­гі  жағдай­  осын­дай  бол­са­, көк­­темнен  қо­рық­пасқа  болмас.

Осыған байланысты тиісті мекемелермен байланысып, жауап сұратқанымызда Қызыл­орда облысы жұмылдыру да­йын­дығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жа­наб­аев «Жаңақорған ауданы түгелдей мұздан тазартылды. Ал Шиелі ауданы Қызылқайың елді мекенінің тұсында мұз жүріп жатыр» деген болатын. Ал «Қазгидромет» Қызылорда қаласы тұсында 9-19 наурыз, Қазалы ауданында 15-25 нау­рыз аралығында Сырдария өзенінің мұздан тазаруы жө­нінде  болжам жасап отыр. Осының алдын алу әрі дариядағы мұзды қауіпсіз өткізу мақсат­ында Су ресурс­тарын пайдалануды реттеу және қор­ғау жөніндегі Арал-Сыр­дария  бассейндік инспек­циясы  ҚР Ауыл шаруашылығы министр­лігі Су ресурстары комитетіне  Шардара  су  қоймасынан  өзен­нің  төменгі ағысына секун­дына 400 текше метр су жіберу  (оның  300  текше  мет­рін Көксарай су реттегішіне, 100 текше метрін Сырдария өзенінің төменгі ағысына) жөнінде ұсыныс жасаға­н бо­латын. Қазіргі таңда ұсыныс  қанағаттандырылып, 4 наурыздан бастап өзеннің төменгі  ағысына  секундына 100 текше метр су жіберілуде. Аталған су көлемі мұз жүру болжамына сәйкес, 13-14 наурызда Қызыл­орда су торабына жетеді.­ «2017 жылы  төменге  тас­талып  жат­қан су көлемі секун­дына 1050 текше метр бол­ған. Бұл 650 текше метрге артық еді» дейді Су ресурс­тарын пайдалануды реттеу­  және қорғау жөніндегі Арал-Сыр­дария бассейндік инспек­ци­ясы  басшысы Ә.Қар­лы­ханов.

Айта кету керек, Шардара су қоймасындағы су көлемі бүгінгі таңда былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда аз, 3809 млн текше метр (2017 жылы 4590 млн текше метр). Сондай-ақ инспекция ұсынған мәліметке сүйенсек, Көксарай су ретте­гішіндегі су көлемі де 2017 жыл­ға қарағанда 622,33 млн текше метрге кем. Оның үстіне Қызылорда су торабына дейін де су көлемі каналдармен алыну­да. Ал Көкарал гидротех­никалық құрылысы  арқылы Үлкен Арал теңізіне секундына 280 текше метр (2017 жылы 144 м3/с) су көлемі жіберіліп жатыр. Бұл фактілер дария тасып­, арнасынан асады де­ген­ге  саймаса да, мұздан толықтай­ тазармайынша, бейқам болуға болмайды. Айтып келмейтін апаттың алдын алған өзімізге де жақсы.

Ж.ЕЛУБАЙҚЫЗЫ

 


САНИТАРЛЫҚ ҚАҒИДАҒА СЕЛҚОС ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ немесе халықтың декреттелген тобындағы адамдардың әлеуметтік жағдайы мен құқықтары бекітілген нормативтік-құқықтық актілермен қорғала ма? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
09.03.2018 12:57

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №128 бұйрығымен «Міндетті медици­налық  қарап-тексеруді  өткізу қағи­даларын  бекіту  туралы»  санитарлық­  қағидалар  бекітілген.

Осы қағидалар талаптарына байланы­сты жұмысшылар мен маман­дар өз денсаулықтарын ден­саулық сақтау субъектісінде медициналық тексеріп-қараудан және сарап­тама орталығында толық зертханалық тексер­уден өту мерзімдері белгіленген.

Бекітілген қағиданың 1-ші ЖАЛПЫ­   ЕРЕЖЕЛЕРІНДЕ:

1.1 «Осы қағидаларды жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ ведомстволық қатыстығына және жекеменшік нысанына қарамастан ден­саулық сақтау субъектілері орындауға  міндетті» делінген.

Қағидалардың талаптарын орындауға міндетті болған облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты субъект басшылары және облыстық сараптама орталығы мамандары талаптарға назар аудармай отырғандығы түсініксіз. Қағиданың 2-параграфы 5-тармағында «Міндетті алдын­ ала медициналық тексеріп-қарауды медициналық ұйымның қыз­мет­кері жүзеге асырады»; 6-тармағында «Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараудың деректері 025/е медициналық картасына енгі­зіледі»; 9-тармағында «Өндірістік кәсіпорындарда зиянды және қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен  байланыста жұмыс істейтін­дерді  міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу тәртібінде  кезеңдігі  жылына бір рет жүргізіледі» деп  анық  жазылған.

Енді осы баптарының орын­далуына тоқталатын болсақ, қағиданың 14-тармағы – ЖҰМЫС БЕРУ­ШІ­; 14.1.-тармақшасында жұмыс беруші өндірістік кәсіпорын басшысы «Әр жылы желтоқсан айынан кешік­тірмей Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына өндірістік кәсіпорында жұмыс жасаушы адамдардың Т.А.Ә көрсетіп, зиянды және қауіпті жұмыс орындарында жұмыс жасайтын және еңбек өтілін толық жазып  тапсырады» делінген.

Өндірістік  кәсіпорын басшысының сұранысы бойынша берілген тізімді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жауапты маманы сарап­тап, әрбір жұмысшының, маман­ның атқаратын қызметінің зияндылығына байланысты қандай дәрігерден міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өтетін­дігін және зертханалық тексеру түрлері туралы санитарлық-эпидемиологиялық сипаттама береді. Осы санитарлық-эпидемиологиялық сипат­тамаға негізделіп, емхана басшы­сы мен өндірістік кәсіпорын басшысы міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауды өткізуге келісімшарт жасайды. Қағиданың 14.2-тармақшасында: «міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудың төлемақысы жұмыс беруші есебінен жүргізіледі» делінген.

Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудың төлемақысы жұмыс беруші тарапынан келісімшарт негізінде төленетін болғандықтан, міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау уақытылы және сапасы өте жоғары болуы керек.

Қағидада жазылғандай, емхана басшысы әр тоқсан сайын жүргі­зіл­ген медициналық тексеріп-қарау қорытындысы бойынша қорытынды акт жасап, қалалық, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармала­рына тапсырады. Соған негізделіп ауру адамдарды сауықтыру іс-шаралары бекітілуі тиіс, бірақ та бұл жұмыстар  толық  атқарылмайды.

Қағида  талаптарына  байланысты облыстық, қалалық, аудандық  қоғамдық  денсаулық сақтау  басқармалары  басшысы мен жауапты маманының  міндеттері:

Қағиданың 10-тармағына сәйкес, а) емхана тарапынан тоқсан сайын берілетін қорытынды актіге мониторинг жасаулары тиіс; б) қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы өндірістік кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшы мен мамандардың міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулармен толық  қамтылуына,  уақытылы өтуіне­  және  оның сапасына бақылау жүргізуге міндетті. Осы міндеттер қалалық басқарма мамандары тарапы­нан орындалмай отырғандықтан, өндірістік кәсіпорындарда еңбек ететін адамдар арасында бір­де-бір «кәсіптік ауру» мен «жұқпалы аурулар және ішек құрттардың қоздыр­ғыштары» анықталмаған. Ол турал­ы мәліметтер облыстық ден­саулық  сақтау  басқармасының  2015 жылғы 29 қаңтардағы №06-13/479 және облыстық тұтынушылар құқық­тарын қорғау департаметінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы №5-5/31 жеке кәсіпкерге жазған шығыс хаттарында нақты көрсетілген. Өкінішке орай 2016 жылы Қазақстан Республикасында міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау кезінде 239 кә­сіптік аурулар мен улану тіркелген, соның ішінде Қарағанды облысында - 111, Шығыс Қазақстанда - 99, Жамбылда - 14, Ақтөбеде - 3, Оңтүс­тік  Қазақстанда - 2.

Жоғарыдағы көрсетілген мәлі­меттерде өзге облыстарда кәсіптік ауруларды анықтау бойынша білік­тілік деңгейі жоғары мамандар міндетті мерзімдік медициналық тексеріс жүргізген кезде «кәсіптік аурулар­ мен улануларды» анықтауға болат­ындығын  дәлелдеп  отыр.

Бекітілген  қағидалар  талаптарына­ байланысты медициналық  ұйымның  атқаратын   мін­деттері:

Қағиданың 13-тармағы 2-тар­мақшасында: «Субъект басшысы медици­налық тексеріп-қарау бойынша  өз бұйрығымен комиссия төрағасы­ және комиссия мүшелерін бекітеді» де­лінген.­

Дәрігерлік комиссия төрағасы болаты­н дәрігер ол үшін «Еңбек гигие­насы және кәсіби аурулар ұлттық орталығында» (Қарағанды қаласында) кәсіптік біліктілігін кәсіби аурулар диагностикасы бо­йынша 864 сағат жетілдіріп (оқу төлемақысы – 300 000 теңге), профпатолог-дәрігері сертификатын алуы қажет. Сол кезде профпатолог-дәрігер комиссия төрағасы құқына ие бола алады. Сондай-ақ, міндетті медициналық тексеріп-қарау жүргі­зетін комиссия мүшелері болған терап­евт, хирург, невропатолог, рент­генолог, акушер-гинеколог, офталь­молог, отоларинголог, зерт­хана дәрігерлері де жоғарыда атал­ған «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар­ орталығында» кәсіби ауруларды анықтау бойынша 108 сағат білік­тілігін жетілдіріп (30 000 теңге төлема­қы төлеп), сертификатын алулары тиіс. Сертификаты бар дәрігерлер ғана комиссия мүшесі болуға­  құқылы  болады.

Өндірістік кәсіпорындарда «қауіпті, зиянды өндірістік фак­торлармен» жұмыс істейтін жұмысшы мен мамандарға келісімшарт негізін­де міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауды жүргізген кезде, біліктілігін кәсіптік аурулар бойынша жетілдірмеген дәрігерлер қалайша «кәсіптік аурулар» мен «жұқпалы ауру мен ішек құрттар қоздыр­ғышын»  анықтай  алады?

Өкінішке орай облыстық ден­саулық  сақтау  басқармасының      2015 жыл­ғы 29 қаңтардағы деректері бойынша Қызылорда облысында         11 профпатолог дәрігері бар, 22 дәрі­гер білімін жетілдірген делінген. Осы дәрігерлерді оқытуға облыстық бюджеттен қаржы қаралған ба? Кәсіптік аурулар клиникасы бойынша жоғарыдағы дәрігерлер білік­тілігін жетілдіріп, сертификаттар алған­ болса, олардың біліктілік деңгей­лері қайда? «Еңбек гигиенасы­ және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» мәліметінде соңғы бес жылда облыс бойынша 5 дәрігер ғана білі­мін жетілдіріп, сертификат алған: 2015 жылы – 3, 2014 жылы – 1, 2015 жылы – 1 дәрігер, 2016-2017 жылдары­ жоқ. Демек, орындалмаған жұмысты орындалды деп ақпарат беруге үйренгенбіз.

Оның нақты дәлелін медициналық тексеріп-қараудың заң талап­тарына сай келмейтіндігін Қызыл­орда облысы прокуратурасының тексеріп анықтаған фактілері жарияланған 2017 жылғы 5 мамырдағы «Кызыл­ординские вести» газетіндегі «Незаконный платный медосмотр» мақа­ласын оқып көріп, байқауға болады.

Қағиданың 13.3-тармақшасында: «Субъект басшысы тоқсан сайын мерзімдік медициналық тексеріп-қараудың қорытындысы бойынша қорытынды акті жасап, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті аумақтық бөлімшесіне жазбаша хабарлауы тиіс» деп жазылған.

Егер де тоқсан сайын міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудың қорытындысы бойынша жасалған қорытынды актіге талдау жасалса, жұмысшылар мен мамандар арасында «кәсіптік аурулар» мен «жұқпалы ауру және ішек құрт қоздырғышы» анықталған  болар  еді.

Өндірістік кәсіпорындарда зиянды аса қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін адамдар арасында созыл­малы әлеуметтік аурулар мен кәсіп­тік және жұқпалы аурулар, ішек құрт­тары ауруларының алдын алу бойынша жүйелі, жоспарлы, уақытылы профилактикалық іс-шаралар жүр­гізу қажет. Сонымен қатар жұмысшылар мен мамандардың гигиеналық біліктілігін уақытылы жетіл­діріп отыру – өзекті мәселе.

2010 жылдан бері гигиеналық біліктілікті жетілдіруге арналған бағдар­лама Комитет мамандары тарапы­нан қағидадан алынып тас­талған. Сол себепті жұмысшы мен мамандардың денсаулығын қорғау бойынша нақты жүйелі профилак­тикалық іс-шаралар жүргізілмейді.

3. Халықтың декреттелген тобындағы адамдардың гигиеналық білік­тілігін жетілдіру бойынша «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 148-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылы 24 маусымдағы №449 бұйрығымен «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын және гигиеналық оқу бағдарламаларын бекіту туралы» қағидалары  бекітілді.

Қағиданың  жалпы ережесінің 1.1-тармағында: «Осы қағидаларды меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар орындауға мін­детті», 1.4-тармағында «Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту  инфекциялық  аурулардың  алдын­ алуға, нысандарды күтіп-ұстауға, пайдалануға және орналастыруға байланысты қойылатын санитар­лық-эпидемиологиялық талаптар­ды білім жетілдіруші адамдар­дың кәсіптеріне сәйкес жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауға оқыту» деп көрсетілген.

Жоғарыдағы санитарлық қағи­далар талаптарындағы негізгі мақсатына келсек, әрбір жұмыс беруші жеке кәсіпкер мен заңды тұлға Кодек­стің 90-бабының 4-тармағы            7-тармақшасында «Дара кәсіпкер мен заңды тұлға өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес декреттелген топ өкілдерін гигиеналық оқуды қамтамасыз етуге міндетті» деп нақты жазыл­ғандай, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға «өз қарауындағы жұмыс істейтін декреттелген топ өкілдерін гигиеналық оқытуға міндетті» болса, онда гигиеналық оқытудың төлем­ақысын жұмыс беруші төлеуге тиісті емес пе? Бұл талаптарды орындау бойынша қадағалаушы орган тарапынан жұмыс берушіге нақты нұс­қаулар берілмеген. Егер де әлеумет­тік нысандарда еңбек ететін мамандар уақытылы гигиеналық оқу курсынан өткен кезде, кәсіптік аурулар және жұқпалы аурулардың пайда болу  жолдары мен олардан сақтану профилактикасын, нысан тазалығын, құрал-жабдықтарды таза ұстау, тазартып жуу, зарарсыздандыру әдісін білуімен қатар арнайы киімдерді пайдалану, медициналық тек­сер­іп-қараудан өтудің қажеттігін, гигие­налық біліктілігін жетілдіру және жеке бас гигиенасы мен қоғамдық гигиена, нормативтік-құқықтық акті талаптарынан хабардар болады.

Декреттелген топтағы адамдардың гигиеналық біліктілігін жетіл­діруге жататын кәсіптер тізбесі бекітілген қағидада көрсетілген. Аталмыш қағиданың 3.1-тармақшасында: «Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту және емтихан жүргізу жұмысқа тұру кезінде және одан әрі жылына бір рет кезеңділігімен жүргізіледі»; 3.2.-тармақшасында: «Халықтың декреттелген тобының адамдарын гигиеналық оқыту қызметі «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылы 16 мамырдағы ҚР Заңына сәйкес хабарлама жасау тәртібінде жеке немесе заңды тұлғалар жүзеге асырады». 3.3-тармақшасында: «Гигие­налық оқытуды және  емтихан жүр­гізуге тартылатын адамның (жауапты тұлға) санитарлық-эпидемиологиялық бейнеде арнайы медициналық  білімі  болады­» делінген.­

Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау депар­таменті директоры Қазақстан Республикасының 2007 жылғы «Ли­цен­зиялау туралы» Заңының талаптарына бойсұнбай, санитарлық-гигиеналық білімі жоқ, медицина институтының санитария гигиена факультетін бітірмеген, санитарлық дәрігер болып жұмыс істемеген, біліктілігін санитарлық дәрігер бойынша әр бес жылда мамандығын жетілдірмеген, санат дәрежесі жоқ жеке кәсіпкерлерге 2009 жылдан бастап «Мемлекеттік лицензия» беріп отырған. 2015 жылы облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылы 16 мамырдағы №202-V-ҚРЗ» Заңына сәйкес хабарлама жасау тәртібіне назар аудармай, заң талабына сәйкес келмейтін «Мемлекеттік лицензиялары» бар жеке кәсіпкерлерге гигиеналық оқыту жүргізуге хабарлама жасау тәртібін бекітіп беріп отыр­ғанын аталмыш департамент өзінің 06.04.2016 жылғы №04-04/1663 шығыс хатымен мойындап отыр. Онда: «...кәсіпкерлер С.Басқараева және Т.Беделбаевтың білімдері санитариялық-гигиеналық мамандығы болмағанмен, Заң күшіне енгенге дейін мемлекет­тік лицензия алғандықтан автоматты түрде мемлекеттік реестрге енгізілді» делінген. Бұл не деген батылдық, заң талаптарына бойсұнбаушылық?

Қорыта айтқанда, бүгінгі күнгі қолдан­ыстағы санитарлық қағидалар талаптарының заңбұзушылық жағ­дайын  анықтау  үшін  сұрайтыным:

1. Облыстық тұтынушылар құқық­тарын қорғау департаменті мамандары­ тарапынан 2009 жылдан жеке кәсіп­керлерге гигиеналық оқу жүргізу үшін берілген мемлекеттік лицензиялардың  заңдылығын  анықтау;

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы №449 бұйрығымен бекітілген «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын және гигиеналық оқу бағдарламаларын бекіту туралы» қағидалар талаптарының орындалуына қадағалау жұмыстарының жүргізілмей отырғандығын заң аясында тексеріп, қағидалар талаптарына жауап бермей­тін гигиеналық оқу жүргізуге жағдай­ жасап  отырғандығын  анықтау;

3. Бүгінгі өркениетті қоғамға өз ісін жетік білетін, рухани таза, саяси қыра­ғы, адам тағдырына жаны ашитын, нормативтік-құқықтық актілерді оқы­ған, оның талаптарынан хабары бар, ұлтжанды басшылар мен лауа­зымды тұлғалар  қажет  емес  пе?

4. Билік басында отырған басшылар және жұмыс беруші жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тарапынан санита­рлық қағидалардың талаптарын орындау бойынша беріп отырған жалған­  ақпараттарды  анықтап, оларға­ заң  аясында  тыйым салу.

Жоғарыдағы бекітілген норматив­тік-құқықтық актілердің талаптарына бойсұнып, қағидалар талаптарын орындау бойынша қазіргі уақытта өріс алып отырған заңбұзушылық әрекеттерді жою арқылы Қазақстан Республикасы Заңы және нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес өмір сүріп, жұмыс істеген кезде ғана біз өз тәуелсіздігімізді сақтаймыз, азаматтық құқығымызды қорғай аламыз.

Бір сөзбен айтқанда, санитарлық қағидаға селқос қарауға болмайды.

Сабет  ДӘРІБАЕВ,

ССРО  және  Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау  жүйесінің  үздігі,

Қызылорда   қаласы

(Соңы. Басы өткен санда.)

 


АЛАЯҚҚА АЛДАНҒАН АНА АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
09.03.2018 12:46

Кеше Қазалы ауданының тұрғыны Д.Дастенова Қазалы қаласы әкімшілігі алдында аштық жариялады.­ Алаяқ­тың арбауына түскен ол мәселесін құзырлы органдар да шеше алмағандықтан, осы қадамға барғанын  айтады. Нақтырақ айтсақ, 2015 жылы Д.Дастено­ваның атынан жалған құжат дайындап, «Каспий банк­тің» менеджерімен байланысқан Қызылорда қаласының тұрғыны Лайла Тәуекелова (Д.Дастенованың редак­циямызға келіп түскен хатында осылай жазыл­ған) есімді азаматша Динараның атынан несиеге ұялы телефон алады. Жәбірленушінің айтуынша, ұялы теле­фонның өз құны 390 мың теңге, ал несиеге 475 мың теңгеге түскен екен.

Алайда өз атынан несие рәсімделгенінен бейхабар ол барлық мән-жайды банк менеджерлері хабарласып, несиені төлеу мерзімі келгендігін ескерткенде ғана бір-ақ білген. Төбесінен жай түскендей күй кешкен Дастенова несиеге өзінің еш қатысы жоқтығын айтып, Қызылорда облысының прокуратурасына арызданады. Облыс прокуроры Х.Дәуешовтің де қабылдауында болады. Нәтижесінде несиеге рәсімделген ұялы телефонның Ақтөбе облысына жіберілгендігі анықталып, Д.Дастенованың сонда баруына­ тура келген. Арада біршама уақыт өткеннен кейін Қызылорда қаласына арнайы келген Ақтөбе облысының тергеушісімен әлгі алаяқ ұсталып, әккі қу «істеген­ ісіме өкінемін, келтірілген шығынды өтеп беремін» деп қолхат жазып берген (қолхаттың түпнұсқасы  Д.Дасте­новада). Осымен іс те жабылады. Алайда атал­ған мерзімде несиесі жабылмай, құр алданып қалғанын сезген жәбір­ленуші Л.Тәуекелованы өзі іздеп тапқаны­мен, одан қайран болмайды. Өйткені Д.Дастенованың айтуынша, Л.Тәуекелованың банкте де, құзырлы органдарда да таныстары бар және оған ешкім ештеңе істей алмай­тын көрінеді. Тіпті «Каспий банктің» бөлімшесіне де барып арызданғанымен, одан да нәтиже шықпайды. Бүгінде өзінің несие алмаға­нын дәлелдеумен келген Д.Дастенова бар амалы­ таусылғанын, сондықтан аштық жариялауға бекінгенін және бұл туралы құзырлы органдарға ескерткенін айтады. Сондай-ақ несие­ні рәсімдеген «Каспий банк» менеджері мен алаяқ Л.Тәуекелованың үстінен қылмыстық іс қозғауды, банктің борышкерлігінен өзін босатуды талап етеді.

Айта кетейік, болған жағдайға байланысты Қызыл­орда облысы прокуратурасына арнайы хат жолдап, бұл істің оң шешілуіне ықпал етуін сұрағанбыз. Алайда хатымызға жауап дайындаған олар Бас прокуратураның келісімін күтіп отырғандығын жеткізді. Ал облыс­тық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Н.Анарбаев бұл іс тергеу құрылымдарының өндірісінде болмағанын хабарлады.

Жансая   ЖҮНІСОВА

 


«ҚАЗАҚСТАН СЫБАЙЛАСҚАН ЕЛДЕРДІҢ КАТЕГОРИЯСЫНАН ШЫҒУЫ МҮМКІН» PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
09.03.2018 12:27

Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары:

Ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлық әлі де болса елімізде тыйылмай тұр. Бұл, ең алдымен, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні анық. Сондықтан барлық мемлекеттік органдарда жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жүргізілгені жөн. Осыған орай    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаевпен аймақта бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімелескен  едік.

– Берікбол Ұзақұлы, Елбасы Н.Назар­баев «Төртінші өнеркәсіптік револю­ция  жағдайындағы дамудың жаңа  мүмкіндіктері» атты жолдауында еліміздің  жаңа  әлем көшбасшыларының қатарына қосылуына қажетті нәрсенің бәрі бар екенін мәлімдеп, оған жету үшін 10 негізгі міндеттерді айқындап берген еді. Сондағы «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты тоғызыншы міндетінде қай салада болмасын, жемқорлық тыйылмай, бірде-бір іс нақты шешімін таппайтынын, сондықтан жемқор­лықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса беретіндігін айтқан болатын. Осы бағыттағы­  жұмыстар  өңірімізде  қалай  жүргізіліп жатыр?

– Елбасымыз өзінің әрбір жолдауында жемқорлық мәселесіне үнемі тоқталып, қоғам алдын­да осы проблеманы көтеріп, бізге жаңа мақсаттар мен міндеттер жүктеп келеді. Ол өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы атап өткен болатын. Осыған орай, соңғы жылдары елімізде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның алдын алу бағытында түрлі жүйелі және  ауқымды  шаралар  атқарылып  келеді. Осы шарал­арды  атқаруда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ролі ерекше. Жыл сайын агенттік тарапынан қоғамда сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойын­ша  кешен­ді жоспарлар әзірленіп, барлық әлеуметтік топтарды қамтыған шаралар өткізілуде. Мысалы, өткен жылы сыбайлас жемқ­орлыққа қарсы іс-қимыл бағытында өткізілген семинарлар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, форумдар, кездесулер және басқа да іс-шаралардың саны алдыңғы жылдармен салыстыр­ғанда едәуір артып,­ 1400-ден асты. Соным­ен бірге агенттікпен  азаматтардың жемқорл­ыққа деген мүлдем төзбеушілік көз­қарасын қалыптастыруға, пара алумен қатар пара берудің де қылмыс екенін түсіндіруге бағыт­талған жадынамалар мен посте­р-плакаттар, елімізге  белгілі қоғам қайрат­керлерінің, спортшылардың  ұрандары жазыл­ған  баннерлер, бейнероликтер  әзірленіп, халық арасында кеңінен насихатталуда. Бұл да өз кезегі­нде қоғамның жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға  септігін  тигізеді.

– Сіздердің  бұл бағыттағы жұмыстарыңызды жеңілдету  әрі  жақсарту мақсатында облыстардағы агенттіктер жанынан арнайы мониторингтік топтың құрылғанын білеміз. Осы топтың біздің өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары қандай? Көңіл көншітеді ме?

– Еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарының бірі – бұл індетке қарсы бүкіл қоғамды тарту, бірлесе күресу. Осыған сәйкес департамент жанынан үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлік палатасының өкілдерінен және белсенді блогерлерден, бір  сөзбен  айтқанда, қоғам өкілдерінен тұратын­ арнайы мониторингтік тобы құрылып, жұмыс iстеуде. 2017 жылы топтың 10 отырысы өткі­зіліп, стратегияда белгіленген мін­деттердің орындалуы бо­йынша облыстық білім, денсаулық сақтау, энергетика және коммуналдық шаруа­шылық басқармаларының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің, жергі­лікті полиция қызметі­нің, әлеуметтік қорғау департ­аментінің, аудан әкімдік­терінің, облыстық халық­қа қызмет көрсету орта­лығының және коммуналдық қызмет меке­ме­лерінің жұмыстары қаралып,  аталған мекемелерге 41 ұсыным берілді. Бұдан бөлек топ өкілдері департаментпен бірле­сіп мемлекеттік ор­ганда жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекел­деріне сыртқы талдау жұмыстарына белсенді қатысуда. Өткен жылы 17 мемлекеттік органда жүргізген сыбайлас жемқо­рлық тәуекелдеріне сырт­қы­  талдау  нәтижесімен 3 мүдделер қақтығысы, 32 нормативтік-құқықтық актілерде коллизиялар, 3 жасырын мемлекеттік қызмет­ түрлері және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері арасында 20-дан астам қарама-қайшылықтар анықталып, нәтижесімен жемқорлықтың алдын алу мен нормати­втік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу­  бағытында 77 ұсыныс  берілді.

– Жалпы, елімізде осы бағытта жүргізіліп жатқа­н  жұмыстарға  халықаралық  ұйымдар  қандай­  баға беруде? 2017 жылы «Транспаренси Интерн­ешнл» ұйымы әлем елдерінің Сыбайлас жемқор­лықты қабылдау индексін жариялады. Қазақстанның   көрсеткіші   қалай?

– Қазақстан 31 ұпай жинап, әлемнің 180 елі­нің арасынан 122-орынды иеленді. Сөйтіп, 2016 жылмен салыстырғанда өзінің көрсеткіштерін 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартты. Өз кезегінде Қазақстан 1999 жылдан бастап аталған рейтингтің  қатысушысы бола тұра, алғаш рет 31 ұпайға қол жеткізді, бұл 30 ұпай бастапқы мәнді асып, барынша сыбайласқан елдердің катего­риясынан шығуға мүмкіндік берді. Демек, соңғы жылдары мемлекеттің сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға негіз­делген және оны іске асыруда азаматтық қоғам инс­титуттарының рөлін арттыруды көздейтін стратегиясының аясында кешенді шаралардың атқарылуы, азаматтық қоғам өкілдерінің жем­қорлы­қпен күреске белсене араласуы, сондай-ақ елімізде тіркелген жемқорлық санатындағы қылмыстардың саны 18 пайызға төмендеуі өз кезегін­де Қазақстанның халықаралық рейтин­гін жақсартуға мүмкіндік берді. Сондықтан да бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі күшейтіп, бүкіл қоғамды жемқорлыққа қарсы жұмыл­дыруымыз қажет.

– Әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан   Ж.ЖҮНІСОВА

 


ЖЕРДЕ ЖЕТІМ ЖЫЛАМАСЫН... PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
09.03.2018 12:23

Ұлан-ғайыр далада ұзын сонар көштің шаңын қалдырып, ұлық күй кешкен ұлтымыздың ұсақтала бастаған тұсы – балалар үйіне қалдырып жатқан балаларымызбен өлшеніп еді-ау. Құрсағын жарып шыққан сәбиін үкіметтің үйіне өткізіп, белінен бөлінген шарананың тағдырына көзін тарс жұмып қарайтын безбүйрек жандар қазақтығымызға қанша рет сын болды? «Жетімін жылатпаған халықпыз» деп көлгірсігенде бітіргеніміз қайсы? «2018 жылы жетімдер үйін жаппай жабамыз» деп жар салғанымыз қайда? Ол шынымен орындала ма? Балалар үйлеріндегі жетімдердің жайы өркениетке өкшесін тіреп тұрған бүгінгі қоғамымызды «бас ауруынан» шынымен айықтыра ала ма? Атауын өзгерткенмен әлі де сол қамқорлыққа зәру қаракөздеріміз паналап отырған мекемелерге біз де бас сұғып көрген едік...

БАЛАЛАР  ҮЙЛЕРІН  ЖАБУҒА

НЕ   КЕДЕРГІ?

Қалалық білім басқармасына қатысты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балал­арға арналған Балалар үйі (88 бала), SOS Астана балалар ауылы (53 бала), Мамандандырылған балалар үйі (40 бала), «Нұрлы жүрек» әлеу­меттік қызмет көрсету орталығы (62 бала) және Балаларды бейімдеу орталығы мемлекеттік мекемелері бар. Бұдан өзге Денсаулық сақтау басқа­рмасына қарасты төрт жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін Балалар  үйі тағы бар. Онда 53 бала тәр­биеленуде. Жалпы алғанда 296 жетім бала десек, оларды асырап алуға үмітті 300 отбасы кезекте тұр екен. Жетімінен ата-ана болуға қабілетті, бала асырап алудың кезегінде тұрған жандардың көптігі көкейіңе қуаныш ұялатады. Онда неге әрбір балаға зәру  отбасыға бір-бір баладан беріп, жетімдер үйлерін шын мәнісінде неге жауып тастамасқа?! Өкінішке қарай, дәл қазір ол мүмкін емес. Тіпті, кейбірі бұл жұмыстың маша­қа­ты өте көп екенін айтып, мұңын шақса, енді бірі «Жетімдер үйі бізге бала беруге бейіл емес, себебі баланың сол балалар үйінде болғаны өздер­іне  жақсы, мемлекеттен жақсы ақша бөлінеді» деген уәжін білдірді. Ең негізгі себеп – бұл балалар үйінде асырап алуға болмайтын, ата-ана­лары  бар  тірі  жетімдердің  жүрген­дігі  болып отыр. Ал олар кімдер?

 

80  ПАЙЫЗ  БАЛАНЫ  АСЫРАП АЛУ  МҮМКІН  ЕМЕС

Ата-анасынан айырылған балалардың статусы әртүрлі болады. Олардың ішінде ата-анасы жағдайының нашарлығына байланысты уақытша тастап кеткен балалар мен тастанды балаларды асырап алуға болмайды. Оларды патронатқа алуға да рұқсат жоқ. Тек тұл жетім статусы­на ие болған балалар ғана болашақ отбасыдан үміттене алады. Еліміз бойынша 30 мыңға жуық жетім балалардың тек 7 мыңдайы – тұл жетім, ал қалғандары – ата-анасы тірі балалар. Яғни балалар үйіндегі балалардың 80 пайызы асырап алуға жат­пайды. Оларды ата-ана құқығынан ажырату үшін көп уақыт керек екен. Міне, мәселе. Бұл балалардың өз ата-анасы ешқашан қайтып келмесе, олар сол жетімдер үйінде қалуға мәж­бүр. Оны асырап алғысы келгендер де ала алмайды. Нәтижесінде, тек мейірімге шөлдеген бала ғана зардап шегіп өседі. «Милосердие» қайырымдылық қорының директоры Аружан­ Саинның бұл туралы бір­неше рет мәселе көтергені де есімізде. Балалар үйіндегі бір балаға жыл сайын 160 мың теңге бөлінеді. Баласының біреудің табалдырығына кеткенінен, балалар үйінде жүргені көкек  аналарға да тиімді болып тұр. Олар сондықтан да баласынан бас тартпай, уақытты  оздырып, күндерін создырып жүре береді. Ал оларды ата-ана  құқығынан  айырып, баланы жетімдер  үйінің  иелігіне алуға арыз бере алатын мекеменің өзі бұған салғы­рттық танытып отыра береді. Өйткені, екі  жақтың  да  ұпайы  түгел. Бала мемлекеттің қамқорлығымен өсіп жетілер-ау, бірақ оған ата-ананы­ң аялы алақаны мен отбасылық  аураның  ауадай қажет екенін кім түсінеді?! Ауыр болса да, мойындайтын  мәселе осы болып тұр. Ал біз биыл жетімдер үйін жабамыз дейміз...

 

118  БАЛА  ОТБАСЫНА  ОРАЛДЫ

Астана қалалық Балалар үйіне табан­ тірегенімізде үлкен тойдың үстінен түстік. Төрт айлық Айлинді (аты-жөні өзгертіп алынды. – авт.) асырап алған ата-аналары қуана құшақтарына қысып, үйлеріне алып кетуге келіпті. «Бұл баланы біз ұзақ күттік. Бала туылғалы төрт айдан бері құжаттарын рәсімдеумен айналысып, бүгін ақ түйенің қарыны жа­рылуда. Ұлты орыс болса да Айлин біздің өз баламыз болады. Қарағым, баласыз өмір оңай емес... Осы ба­лапанының соңынан ұл ерсін, қыз ерсін»  деді Айлиннің  болашақ  әжесі кемсеңдеп.

...Иә, бала – бауыр етің. Болашағың. Оны асырап алудың жолында қаншама қиындықтарды көрген ата-ана  болашақ  балаларын ұлтымен  де бөліп қарамапты. Ең бастысы, олар бұл балақайдың сол шаңырақты қызыққа бөлер қылықты болып­  өсерінен үмітті. «Соңғы жылдары жетім балалардың саны азайды деп айтуға болады. Оған Аналар үйлерінің ашылуы да себеп болып отырған шығар. 2017 жыл ішінде балала­р үйлерінен 118 тәрбиеленуші Қазақстан азаматтарының отбасы­ларына орналастырылса, оның ішін­де қорғаншылық пен қамқоршылыққа – 31, асырап алуға – 37, патро­наттық тәрбиеге – 9, туған отбасыларына – 41, бала қонақтайтын отбасы­на 61 бала уақытша берілді. Мысалы, былтыр мекемеге 80 бала қабылданса, оның 35-і анасына қайтарылып, 38  бала асырап  алынды, 17-сі қамқорлық­қа, 3-еуі патронаттық тәр­биеге берілді. Балалар үйінде баланың өсіп да­муына барлық жағдай­  жасалынған. Бірақ баланың бақыты үшін сүйікті отбасы, ана жүрегінің жылуы қажет екенін білу үшін сара­пшы болудың қажеті жоқ»,- дейді Балалар үйі меке­месінің бас дәрігері  Әлия  Кенжебаева.

Иә, Аналар үйінде орналасқан әр қазақ ол жерге­ бармаса, баласын Балал­ар үйіне өткізген болар ма еді? Бірақ, олар бәрібір әкесі жоқ толыққанды емес отбасылардың қатарын арттырып  отыр  ғой.

 

АУРУ  БАЛА  КІМГЕ  КЕРЕК?

«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орта­лығына табан тіреге­ні­мізде, аяқ-қолы сау, жүрегі жаралы жетімдер­дің қасіретіне туа сала бойына­ біткен ауруы қосылған қара­көз­дерімізді көр­дік. Мұнда Балалар үйлерінен шыққан ауру балалар келе­ді. Жыл басында 216 бала болса, жылдың соңына  қарай 251-ге жетіп­ті. Олардың  арасында  тұл жетімдер, ата-анасы жұмыста болатындар, күндізгі бөлімге ғана келетіндер де бар. Туабіт­ті түрлі аурумен келетін балаларды өзгелердің асырап алу оқиғасы мүлде тіркелмепті. Керісінше өздерінің ауру балаларын өткізіп, жұмысбастылықпен жүрген қаншама ата-ана бар?! «Бұл – қоғамның қасіреті, жетім балалар саны азайды деп қуанғанымызбен, ауру балалардың азаймай отырғаны шындық. Бұлар да – қо­ғамның  бір  мүшесі. Бұлар да мейірімге, қамқорлық­қа зәру. Жетімдер үйіндегі балалар 18 жастан кейін оқу оқып, жұмыс істеп кете алады. Ал бұлар мына­д­ай жағдайларымен еш­қайда  бара алмайды. Олардың жыл сайын қа­тары  артып­ отырғандықтан, 18 жастан асқандар үшін қосымша құрылыс қарастырылып, енді сонда қалатын болды. Одан ары қарай қалай, қайда баратындары әзірге белгісіз», -дейді «Нұрлы жүрек» мекем­есі директорының орынбасары Махаббат Алдабе­ргенқызы.

Гүлжан   РАХМАН,

журналист,

Астана  қаласы

P.S. Қабырғаның  арғы  жағындағы  қоғам. Жәудіреген жетімдер­дің мекенін өзіміз қолдан жасап отырған жоқпыз ба, осы? Терезенің тұсына барсаң, тесіле қараған көзден денең тітіркеніп кетеді. «Мен кімге керекпін?» дейтіндей. Әлемдегі өркениетті елдердің барлығы басқа жүйемен өмір сүруде. Оларда баланың балалар үйінде тұруы – балаға жасалған қастандық болып есептеледі екен. Қазақстан халықаралық конвенцияға қосылса да, «Неке мен отбасы туралы» Кодекске қол қойса да, интернаттық тәрбиеге емес, отбасылық тәрбиеге басымдық берсе де, бұл мәселе әлі күнге дейін толықтай шешімін тапқан жоқ. Балаға қастандық жасаудан қалыспай келеміз...

 


ЖАЛҒЫЗДЫҚ ЖАРАСПАЙДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
09.03.2018 12:20

«Жетістіктерім жетерлік. Облыстық, республикалық деңгейде марапат алып жүрмін. Өнерім – өмірім. Бірақ... Әдеттегі­дей үздіктер тұғырынан көрініп, сыйлығымызды алғаннан соң өнер додасына қатысушылардың барлығы қайтуға жинала бастайды. Бірі үйіне, енді бірі жеңісін тойлауға. Ал менің бағытым – қарттар үйі. Сахнада ән шырқаған сәтім немесе жыр оқыған кезім, көрермендердің ыстық ықыласы, өнердегі достарым, бәрі, бәрі сол жерде қалып қойғандай. Жалғыз қайтамын. Үйге келгенде есігімді ешкім ашпайды. Құлып. Міне, сол мезетте жалғыздықпен бетпе-бет келесің!.. Бұл жалғанда жан атаулыдан жақын­ың қалмаған сәтті бар жан-тәніңмен, түйсігіңмен сезіне білу, оның қасіретін шара­сыздықпен  ұғыну...».

Бұл – 49 жастағы Кенже Маханбетованың өткізген  кезекті кеші. Мұндай сұрықсыз  кештің  куәсі  болған көздер  бұл мекен­де қаншама? Асыл қазыналарымыздың тұрағы. Осында қазақ құрметтеген, қазақ бас иген, даналықтың кілті – қарттарымыз ғұмыр кешуде. Мұнда өмір сүріп жатқан­ әжелеріміздің сөзінше, қарттар үйіндегі қызметкерлердің барлығы мейі­рімді. Ас-суы мезгілімен беріліп тұрады. Денсаулығына қарауы да дұрыс. Тек жан дүниесінің жетімсіреуін сол қажеттіліктердің  баса  алмайтыны көңілге кірбің түсіре­тіні  сөзсіз. Сосын  тағдырдың  «сыйы» дейді де, ары қарай Тәңір ұсынған уақытпен  санасы­п  жүре  береді.

Біз әңгімеге арқау етіп отырған Кенже Маханбетова Жалағаш ауданы Жаңаталап елді мекенінде дүние есігін ашқан. Екі жарым­  жасында жұлыннан сарысу алғаннан­  кейін аяғы қозғалмай, арбаға таңылыпты. Қос қанаты әкесі мен шешесі қайтыс болған­ соң ол осы қарттар үйіне келген. 1996 жылдан бері өз үйіне айналған бұл маңнан жанын­а  тыныштық тапқан. Өмірін өлеңмен өріп жүрген жаны жайсаң, жүрегі жұмсақ  жан екенін байқадық. «Биыл сах­нада­ жүргеніме 20 жыл болады» деп жымиды­ ол. Өнер фестивалінің тұрақты қатысушысы, «Алтын қауырсын» марапатының иегері болып сүйікті ісінде жетістікке жетіп келеді. «Мен бір аққу жаралы» атты кітабы жарық көргелі шабыты тас­қындай түсіпті. Осы­лай­ша қалалық, об­лыс­тық, республикалық деңгейдегі өнер додала­рына түсіп, ән мен жыр әлемінде қанатын кеңге жайды. Сахнада өнер көрсету – Кенже Маханб­етова  үшін  баға  жетпес  бақыт.

- Алда 8 наурыз әйелдер мерекесі келе жатыр. «Айтулы күнге қандай сыйлық қалайсыз деп сұрап жатады?» Мен үшін шын  көңілмен  тарту еткен қаламсаптың өзі – үлкен сый. Ал өмірімдегі ұмытылмас бағалы сыйлық деп электронды арбаны айтар­  едім. Оны Бердібек Сапарбаев ағамыз Қызылордаға келген сапарында­  сыйлап  кетті. Қайы­рымдылығы мен ізгі ниетіне алғысым шексіз, - дейді К.Махан­бетова.

Келешекке құрған жоспарын сөз еткенімізде, өзінің үш әнін жарыққа шығарғысы келеті­нін айтты. Ол үшін дыбыс студияларына барып әнді өңдеу керек. Әннің сапалы шығуы­на Астана, Алматы сияқты қалалардағы заманауи музыкалық  аппараттардың рөлі зор. Ол үшін әрине, қаражат қолбайлау болып отыр. Қазіргі күні осы мақсатын орындау жо­лында тынымсыз еңбек етіп жүр. Оның өлеңде­рінің барлығы жүрегінің иесі, махаб­батына арналған. Ал сүйіктісі өмірден озғанына біршама уақыт  болыпты. Сондықтан да болар, қара су мен қара нанды бірге бөлісіп жейтін жақының болғаны қандай жақсы­ деп армандайды. Әрі көңілін күпті етіп, жүрегін сыздататын жара да – осы.

Қарттар үйінде біз кезіккен қарттың бірі – Валентина әжей. Жасы 81-дің үстіне шықса да әлі тың. Қарттар үйіне 2015 жылы табан тіреген. Құдай қосқан қосағы­ның ұлты – қазақ. Екеуі бірге сүрген отыз жылдың ішінде екі ұлдың аяулы анасы атанды. Алайда тағдырдың адамға ұсынар «сыйы» таусылған ба? Бір ұлы жастай өмірден озды. Ал екінші ұлы шаңырақ көтеріп, үй болған соң анасын тастап, жұбайымен алыстағы Америкаға кетіп қалған. Отағасы мен үлкен ұлын жер қойнын­а бергеннен кейін жұбанышым деп есептейтін екінші ұлынан тірідей айырыл­ғаны  жүрегіне  батты.

- Шалым қайтыс болған соң бала келін­нің соңынан кетіп, екі бөлмелі пәтерде жалғыз қалғанмын. Бірақ ол үй де маған бұйырмады. Өзімнен үлкен апамның қызы үйді өз атына аударып, кейін маған «тайып тұр» деді. Қайта қарттар үйінен пана тапқаныма қуанамын. Алғысым­  зор, - деді ол.

Ұлымен жиі болмаса да, анда-санда телефо­н  арқылы  жағдай  сұрасып, сөйле­сіп  тұрады. Сондағы  еститін сөзі:  «үйден неге  айырылып  қалдың?». «Келіннің діні ерекше. Санаулы ғана адам жиналып алып ән айтады» дейді Валентина әжей. Қарттық жетсе де көңілі  сергек ана бізге тағы да  келіп  тұруымызды  өтінді.

Қарттар үйі. Бұрын қазақта мұндай «шаңырақ» болмаған. Ал қазіргі күні осы үйдің бар болғанына шүкірлік айтамыз. Қарттар үйіндегі әлеуметтік қызметкер Азиз Аққалиевтің мәліметінше, 2016 жылы орта есеппен алғанда барлығы –   169  адамға әлеуметтік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 112-сі – ер адам, қалған  57-сі – әйелдер. Ал былтыр «қоныстанған» 156 адамның 101-і – ерлер, 55-і – әйелдер­.

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналарымыз жалғыздықтың зарына лайық болмаса керек-ті. Меккеге үш рет арқалап апарсақ та, ақ сүтін ақтай алмайтын ардақтыларымызға өзінің отанында қартаю бақыты да бұйырмапты. Немересінің қызығына тоймай, шөбересінің қолынан су ішер уақытта төрт қабырғаға қамалып, жан бағып отырғаны кімге сын? Аналарымызға жарасатыны жалғыздық емес еді ғой... Халықаралық әйелдер мерекесінде қарттар үйіндегі әйел-аналарымыздың көңілін аулауға барып,­ ойымыздағыны «олжалай» алмағаным­ызға  қынжылдық.

Жазира  ҚОЙШЫБЕКОВА

 


ШАТТЫҒЫН «ШИШАДАН» ІЗДЕМЕСЕ... PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
09.03.2018 12:14

Мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранда қатаң тыйым салынған сусын бар. Ол әу бастан берекесіздіктің бастауы, құтты қашырушы, адамның арын аяқ асты етуші болып саналады. Сол сусынды серік етіп, ұрттаушылардың сырт келбеті сүйкімсіз, ажары сынық келеді. Бұл туралы өз заманында Мөңке би де арнауларына қосып, елі үшін қам жеген. Ол күңірене отырып: «Ішкенің сары су болады, берсең итің ішпейді. Бірақ, адам соған құмар болады» деп болашақты болжаған.

Міне, қазір билеріміз қорыққан заман орнады. Айдалада арақты қымсынбай қолына ұстап жүрген жандарды көрсек, таңғалмайтын жағдайға жеттік. Тіпті той барысында бағасы қымбатын мақтанып үстелге қоямыз. Шишадан шаттық табатын секілді бір-бірімен жарысып қу арақты қылғытып жіберетіндерге не дерсіз? Егер сондай отырыстарда «аузыма арақ алмаймын» деп қашқақтасаңыз, қуаныш иесін сыйламағанның белгісін байқатады екенсіз. Бірақ жақсылыққа жайылған дастарқан арақтың кесірінен жамандыққа душар қылмаса игі.

Бір жұтымның өзінен барлық бәлені тауып отырған жандар айналамызда жетерлік. Бірінің отбасы ойрандалады, екіншісінің денсаулығына дерт жабысады, ал басқалары қу құлқынның қамымен қарызға белшесінен батады. Міне, осындай опа бермейтін жағдайларды көзбен көрсе де, көңілге түймейтіндер маскүнем болып жүр. Ең өкініштісі, «маскүнемдердің» қатарын ақ жаулықт­ы аналар мен бұрымды бойжеткендер де толықтырып отыр. Бұрындары ішімдік ішуді тек ер-азаматтардан байқайтын едік. Енді жаһан­дану деп жар салған заманда бөтелке ұстаған әйелдерді де көрдік. «Мұртқа өкпелеп жүргенде,­ сақал шықты» деген осы шығар, бәлкім!

Abai.kz ақпараттық порталында Қазақстан Орталық Азияда арақты ең көп ішетін елдердің қатарында екені жазылған. «Жаман нәрсе жұққыш келеді» дегендей еліміз «улы» затты дем арада бойына сіңіріп үлгерген. Тіпті, 130 мил­лион халқы бар Ресеймен ішімдік ішуде ат төбеліндей халқы бар еліміз теңесіп отыр. Мұндай жаға ұстатар статистиканың өсуіне біздің аймақ та «атсалысып» жатқан жайы бар. Әсіресе, әлемді бір қолымен тербететін  әйелдер  қауымы.

Қызылорда облыстық наркология орталығына жылына жүзден астам әйел маскүнемдіктен емделуге келеді екен және олардың дені – қаракөз қазақтың қыздары. Арақтың азабынан құтыл­ғысы келетіндердің қатарында тым жақсы отбасының отанасы болған жанда­р да, маскүнемдікке кездейсоқ душар болғандар да бар. Көпшілігі тағдырдың теперішін тартып, ішке түскен күйзелісінің емін ішімдіктен іздеп, аяғын аңдамай  басқан.

Нарколог мамандардың айтуынша, әйелдердің араққа құмартып кетуі үшін небәрі 2-3 жыл жеткілікті. Ал ерлерде бұл процесс 5-6 жылдың көлемінде жүреді. Алайда араққұмарлыққа тез душар болған қыз­дардың дертінен айығуы ұзақ уақытты қажет етеді. Мұның мамандар алға тартатын себептері де бар. Алғашқысы – адамды арақтың зардаптарынан сақтандыратын ферменттердің әйел бауырында орналасуы. Ал екінші салдары – маскүнем келіншектердің ауруын­ мойындамай, өз-өзімен төмен  дәрежеде күресуі. Қай жағынан  қарасаң  да, пайдасы жоқ судың ден­сау­лыққа тигізер зияны да зор.

Дәрігерлердің айтуынша, арақты аз болса да ішетін әйелдердің сәбилері 80-90 пайыз әлсіз, болашақта психикалық түрлі қиындықтарға, сөйлеу кемістігіне душар болады. Ал араққұмар әйел өз жасынан едәуір үлкен көрініп, мінез-құлқы мен ойлау қабілеті күрт өзгеріске ұшырайды.

Дана халқымыз «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп өсиет еткен. Бұл араққұмарлыққа да қатысты деп білсек айып болмас. Өйткені, маскүнемдік те дерттің бірі болып табылады. Ол туабітті қалыптаспайды әрі тұқым қуаламайды. Яғни, бұл дертті адам өзі қолдан жасап алады. Кейін тән азабына жан азабы қосылып, айығудың амалын таппай әбігерге түседі. Кімде-кім ащы судан азап тартқысы келмесе, ұрпағының азғындалуын қаламаса, арақты ауызға алмағаны жөн.

Маржан  ҚҰРМАНҒАЛИЕВА,

Қорқыт  ата  атындағы  ҚМУ-дың  студенті

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары