Өзекті мәселелер

  • 12.07.18

    Қазақтың ұлттық болмысындағы өзіне ғана тән қасиеттердің бірі – «аманат­» қағидасы. Ұлы даланың демо­кра­тиялық принциптерінің нақты көрі­нісі болып табылатын осынау ерекше түсінік отарлық жүйенің қасаң саясатының негізінде «майдаланып» та кетке­нін жоққа шығару қиын шығар. Мұның сыртында ұлтымызды рухани мешел­дікке ұшырату мәселесі тұрғаны белгілі. Кезінде заманымыздың заңғар, данагөй қайратк...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Шығармашылықтың шыңына лезде­  шығу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні белгілі. Ал Аралдың жағасын­да  туып, анау асқаралы Алатауды бағындыру – бөлек әңгіме. Тұңғыш рет «Білім және еңбек» журналы­нда «Аралды қайтсек сақ­таймыз?» мақаласы басылды. Жұрт назары­ бірден ауған. Сонан соң «Қазақстан пионері» газетінде «Бо­з­айғыр»   әңгімесі   жарыққа  шықты. 1971 жылы республикалық жастарға арна...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Жаз айлары еліміз үшін мерекеге толы. Сол мерекелердің бірегейі – Елордамыз Астана қаласының туған күні. Ел болып атап өтетін Ел­ордаға биыл – 20 жыл. Қызыл­орда қаласының 200 жылдығымен  тұспа-тұс келген мерейтойдың  қуанышты еселей­ түскені рас. Еура­зия­ның жүрегінде бой көтерген қаланың тынымсыз еңбек пен даму жолына түскеніне де жиырма жыл. Ару қала Астананың туған күнімен құт­тықтауды Сыр...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген мақал бар. Расымен, үйдің іші сыңғырлаған бала күлкісіне толы болғанға не жетсін, шіркін! Отбасын құрудағы басты мақсат та – осы. Алайда үлкен жауапкер­шілікті талап ететін бұл ұғым ер мен әйелге өзіндік қиыншылықтар тудырады. Дүниеге бала әкелу адамның денсаулығына байланысты, бірақ оған тәуелді емес. Физикалық, психологиялық және әлеуметті...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең деп бекер айтылмаса керек. Әрбір ата-ана сәбиі дүниеге келген сәттен бастап мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Бөбегінің былдырлаған тілін қызықтап жүріп, бірінші сыныпқа баратын уақытының келгенін де аңғармай қалады. Бірінші сыныпқа барған соң, оң-солын танытып, бар керегін алып беру үшін күні-түні еңбекте...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 12 Наурыз 2018

АЙМАҚТАҒЫ ЖАТАҚХАНАЛАРДЫ ТЕКСЕРГЕН КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.03.2018 19:13

Естеріңізге сала кетсек, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың тапсырмасымен 2018 жылдың 2 наурызында қала және аудандардағы жатақханалардың техникалық жағдайын тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

Бүгін тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында құрылған комиссия аймақтағы жатақханалардың жағдайын тексеруге қатысты атқарған жұмысының қорытындысын жариялады.

Қызылорда облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Марсбек Молдабаевтың айтуынша, облыстағы 22 жатақхана тексеруден өткізілді.

"Қалада орналасқан жатақханалардың техникалық жағдайын аккредитациядан өткен 4 мекеме және мемлекеттік органдардың басшыларынан құрылған комиссия тексерді. Тексеру барысында 22 жатақхананың 3-еуінің жағдайы жақсы, 18-і күрделі жөндеуді қажет ететіні анықталса, Титов қыстағындағы №32 жатақхана апатты деп танылды. Қала әкімдігі мен жұмыс комиссиясы бірлесіп аталған жатақханаға қатысты тиісті жұмыстар атқарып жатыр", - деді Марсбек Молдабаев.

Комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес 18 жатақханаға қатысты шығарылған шешім Қызылорда қаласы әкімдігіне жолданды.

"Мұнан соң, қала әкімдігі «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында бұл жатақханаларды күрделі жөндеуден өткізу бағытындағы шараларды атқарады. Дегенмен, бұл үшін тұрғындардың 75 пайызының келісімі болуы керек. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» туралы Заңының 50-бабының 1-тармағына сәйкес үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті. Яғни күрделі жөндеу жұмыстарының шығынын өтеу пәтер иелеріне жүктеледі", - деп атап өтті Марсбек Молдабаев.

Сонымен қатар, комиссия аудандардағы жатақханаларды да тексеруден өткізді.

Қазалы ауданында 4 жатақхана бар, олардың жағдайы жақсы.

Қармақшы ауданындағы 1976 жылы салынған 150 орындық жатақхана 2015 жылдың наурыз айында апатты деп танылған. Қазіргі кезде бұл ғимарат бос тұр.

Жалағаш ауданындағы 50 орындық индустриалды-аграрлық колледж жатақханасының жағдайы жақсы деп танылған.

Жаңақорған ауданындағы аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасы да қалыпты жағдайда.

Шиелі ауданындағы 240 орындық индустриалды-аграрлық колледжге 2017 жылы күрделі жөндеу жүргізілген, қазіргі кезде оның жағдайы жақсы.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


Нөсер жауын бір мектептің жұмысын тоқтатты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.03.2018 14:11

Қазалы ауданында төтенше жағдай жарияланды. Нақтырақ айтсақ, осы ауданның Аранды ауылындағы №97 мектептің ауласын су басты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне шұғыл түрде өткізілген брифинг барысында айтылды.

6 наурыздан бастап жаңбырдың жаууына байланысты мектептің ауласында біраз су жиналып қалған. Соған байланысты барлығы 30 қызметкер, 8 бірлік техника жұмыс істеп, су сору жұмыстары жүргізілген. Алайда мектептің қабырғаларында жарық пайда болғандықтан, оқу тоқтатылды, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Асқар Тулешов.

Небәрі 2015 жылы пайдалануға берілген «№97 орта мектептің ауласын су басты» деген хабарлама келе сала облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С.Сермағамбетов және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы О.Бержанов бастаған жұмыс тобы оқиға орнына барып, нысанның жағдайымен танысқан. Таныса келе, комиссия мүшелері сабақты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдаған. Дегенмен оқушылар көршілес ауылдағы мектепте білім алатын болады.

12 наурыздан бастап мектеп мұғалімдері мен 98 оқушы көршілес Қожабақы ауылындағы №25 мектептің екінші ауысымында оқиды. Ұстаздар қауымы мен оқушыларды тасымалдау үшін Қазалы ауданы әкімдігінен арнайы көлік бөлінген,- деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов.

Айта кетейік, №25 мектеп 624 орындық әрі мұнда тек бір ауысыммен ғана балалар оқитын көрінеді. Сондықтан Аранды оқушылары екінші ауысыммен осында оқымақ және сабақты да өз мұғалімдері береді. Ал оқушылардың қашанға дейін ол мектепте оқитыны әзірге белгісіз. Десе де, Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ізбасаров «соңғы қоңырауды өз білім ұяларында қарсы алады деген үмітіміз бар» дейді.

Алайда көңілге күдік ұялататыны – мектеп ауласын ғана басқан су, қалайша оқу ғимаратының еденін көтеріп, қабырғасына сызат түсіреді. Бұлай деуімізге себеп, өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған баспасөз парағының өзінде «нысанға түскен сызат пен еденнің көтеріліп кетуіне байланысты ғимаратта оқу процесін тоқтату туралы шешім қабылдады» делінген. Ал брифинг берген тиісті сала өкілдері судың тек мектеп ауласын ғана басқанын айтады. Бір жауыннан-ақ қабырғасына сызат түсіп, мектептеріміз жарамсыз бола беретін болса, құрылысқа жауапты мекемелер жаңадан салынатын нысандарға қадағалауды күшейткендері абзал.

Жансая  ЖҮНІСОВА

 


Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары