Өзекті мәселелер

  • 17.05.18

    Адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бар ғұмырын сот төрелігін атқаруға арнап, ардың ауыр жүгін арқалауға бел буған әділ қазылар қашанда қадамын қате жасамауға тырысады. Судья атты қасиетті ұғымға кірбің...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Мұрат  НАСИМОВ,

    саяси  ғылымдарының  кандидаты,

    қауымдастырылған  профессор,

    Толығырақ...

  • 17.05.18

    Нәзипа – қарапайым ғана ауылдың қара торы келіншегі. Осыдан 11 жыл бұрын ата-анасының қолынан ұзатылып, өзге босағаны аттаған еді. Бүгінде жасы 36-да. Адал жары, 3 баласы бар. Екі жыл бұрын әкесі өмірден озар шағында, «осы үй мен аналарың сендерге аманат, бас-көз  болыңдар» деп қызы мен күйеубаласына табыстап кеткен. Содан бері бұлар жалдап жүрген пәтерлерін біржола тастап, осында көшіп келген....

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Статистикалық мәлі­меттер бойынша елімізде болатын қылмыстардың үштен бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан орын алады екен. Ал бұл ретте қара күштің иесі ер-азаматтардан, әсіресе, әйелдердің таяқ  жеп, зардап шегетінін ескерсек, олардың тұрақтар жерге зәру болатыны анық.

    Қаламыздағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы дәл осындай жағдайға тап бол­ғандарға қол ұшын созады, уақытша болса да панала...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Айтыстың   абаданы  Серік ағам 60-қа келіпті. Ұлтының уызына жарығ­ан елдің еркесі Серік Ыды­рысовтың Сыр елі үшін орны бөлек. Сәкеңді өзімнің аяғым сынып, бауыр­ымнан  айырылып, қайғының уын ішіп жүрген көңілсіз күндердің, мазасыз түндердің бірінде ұялы телефо­н арқылы іздедім. 2017 жылдың 24 қыркүйегі түнгі сағат 11-ден 36 минут өткенде хабарлама жібер­дім. «Серік ағам бар ма екен кең дүниед­...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 13 Наурыз 2018

Құрылыс компанияларының мүмкіндіктері артты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.03.2018 10:00

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында құрылыс саласындағы кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.

Отырыста Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов құрылысшыларға жағымды жаңалықты жеткізді. Жаңа жылдан бастап құрылыс нысандарына қатысты талаптарға өзгерістер енгізілді.

«Бұрын құрылыс жұмыстарымен айналысатын компаниялар әлеуетін көрсете алуы үшін бар техникалары мен мамандары туралы ақпаратты беруге міндетті болатын. Осы жылдан бастап бұл талап қағидадан алып тасталды. Енді тек конкурстарға қатысу үшін құрылысты жүргізуге рұқсаты бар лицензиясының көшірмесін ұсынса жеткілікті. Бұл кәсіпкерлер үшін тиімді. Себебі техникасының сипаттамасы мен мамандары туралы ақпаратты жинақтап уақыт жоғалтпайды. Дегенмен, бұл саладағы кәсіпкерлеріміз де жауапкершілікті сезіне білгені дұрыс. Себебі, құрылысшылар балабақша, мектеп, емхана сынды халыққа қажетті әлеуметтік нысандарды салады. Қағида талаптары жеңілдегеніне қарамастан, сапаға ерекше мән беруі тиіс деп санаймын», - деді Қожахмет Ілиясов.

Шарада Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мамандары мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға түсіндірме беріп, осы кезге дейін құрылысшылар тарапынан жіберілген кемшіліктерге тоқталып, оны болдырмау жолдарын түсіндірді.

Айта кету керек, соңғы жылдары Қызылорда қаласында 14 шағын аудан пайда болып, облыс көлемінде 5 жылда 2 млн. шаршы метр тұрғын үй салынған, 200 әлеуметтік нысан пайдалануға берілген.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Облыс тұрғындарының назарына PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.03.2018 09:41

2018 жылдың наурыз айының 9-ынан 10-ына қараған түні белгісіз біреу автокөлігімен Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылы мен Байкенже ауылының аралығындағы тасжолдың бойында адам өліміне әкеп соқтыратын жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша білген, көрген, естіген куәлар болса, Қызылорда ОІІД-нің 29-70-10, 26-28-90, 29-50-46 және Жаңақорған АІІб-нің 2-41-55, 2-41-25 байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз. Хабарламашы туралы мәліметтер жарияланбайтындығына кепіл береміз.

Сондай-ақ, Қызылорда ОІІД Қазақстан Республикасы Кылмыстық кодексінің 53-бабына сәйкес, кінәлі тұлғаның айыбын мойындап келуі қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып табылатындығын хабарлайды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі

 


«Заман-ай» драмасын ауыл көрермендері тамашалады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
14.03.2018 09:28

Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театр ұжымы наурыз айының алғашқы күндері Шиелі ауданының көрермендеріне М.Серікбаевтың «Заман-ай» драмасын ұсынған болатын. Қазіргі таңда Жаңақорған ауданы мен сол ауданға қарасты ауылдардың көрермендері тамашалауда. Театр ұжымы жыл сайын аудан және ауыл тұрғындарына арнайы барып, спектакль қоюды дәстүрге айналдырған.

Енді М.Серікбаевтың «Заман-ай» драмасына қысқаша тоқтала өтсек...

Алпауыт өмірдің қандай сынақ дайындап тұрғанын біліп болмайсың. Жайбарақат өмір сүріп жатқан сәтте белгілі бір нәрсе сол тыныштықты бұзады кеп. Бұл өмірдің заңдылығы-ау шамасы. Ұлын қалаға аттандырып, артынан үлкен үмітпен қалған ата-ана. Жалғызының жан рақаты үшін жайлы өмірлерін тәрк етіп қалаға келгенде қандай жайтқа тап болды? Кімнің таңдауы басымырақ болып шықты? Ал, сіз сырттағы балаңыздың қандай тірлікпен айналысып жүргенінен хабарыңыз бар ма? Ауылдағы жайбарақат көріністен қаладағы нәһар тірлікке ауысатын спектакльде жаныңызға түйетін көп дүниенің бары анық.

Театр өнерін тек театр сахнасында ғана емес, сонымен қатар аудан және ауыл тұрғындарына да насихаттау жолында ұжым болып жұмыс жасалуда.

Алдағы уақытта, яғни сәуір айында театр ұжымы аталмыш спектакльмен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш және Сырдария ауданы орталықтарына баруды жоспарлауда.

Балтай Жәрдесқызы,

Н.Бекежанов атындағы

қазақ музыкалық драма театрының

Ақпарат бөлімінің меңгерушісі

 


Жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамаларын бұзу дерегі бойынша 112 құқықбұзушылық анықталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.03.2018 18:39

Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясы құрылымдарымен 2018 жылдың 2 ай көлемінде экологиялық құқықбұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, ескерту, жолын кесу және анықтау бағытында біршама ұйымдастырушылық шаралар жүргізілді.

Нәтижесінде, есепті мерзімде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 112 дерегі тіркелді. Оның ішінде, жануарлар әлемі саласында - 70, балық аулау  саласында – 38 және өсімдіктер саласында 4 құқықбұзушылық анықталды.

2018 жылдың басынан облыс көлемінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылыққа қатысты барлығы 12 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, заңсыз аң аулау фактісі бойынша - 5, өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу дерегі бойынша - 1, ағаштарды мен бұталарды кесу дерегі бойынша - 4.

Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі

 


ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ – БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.03.2018 18:34

Елімізде ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Электронды декларациялау» тәртібі қолданысқа енді. Мемлекеттік кірістер комитеті енгізген жаңа жоба «Астана-1» ақпараттық жүйесі арқылы экспорт режимі бойынша жұмыс істеуде. Бүгінге дейін мемлекеттік кірістер комитетінің облыс бойынша департаментінде 189 декларация электронды өңделіп, шығарылған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында департамент басшысы Серік Мұстафаев мәлімдеді.

«Жаңа жүйе бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптарына және Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа кеден заңнамасына сәйкес сауданы жеңілдету мақсатында жасалған. Электронды декларациялау деректерді толықтай кодпен цифрландырады және өңдейді, кедендік салықтар мен төлемдерді автоматты түрде есептеп, өндіруді жүзеге асырады. Жүйені енгізудегі мақсат - мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жүргізілетін қызмет түрлерін барынша оңтайландыру, тұрақты түрде жетілдіру, сол арқылы бизнеске қолайлы жағдай жасау»,- деді департамент басшысы.

Серік Мұстафаевтың айтуынша, электронды жүйе арқылы декларацияланы өңдеу мен шығаруға 1 минутқа жуық уақыт кетеді. Көп функционалды жүйе кезең-кезеңімен енгізіледі. Сәуір айынан импорт режимі де элкетронды форматқа ауысады.

Баспасөз конференциясында департаменттің өткен жылы атқарған жұмысы туралы да айтылды. 2017 жылы облыс бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 89%-ы электронды түрде тапсырылған. Бұл  2016 жылғы көрсеткіштен 7,7%-ға артық, яғни жыл өткен  сайын электронды форматта қызмет көрсету қарқыны артып келеді.

Сонымен қатар, 2017 жылы департамент тарапынан жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бюджетке 104,7 млрд. теңге түсірілген. Ұлттық қорға 100,0 млрд. теңге түсім түскен, жалпы шоғырландарылған бюджетке 204,7 млрд. теңге өндіріліп, көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 45,4 млрд. теңгеге артты. Оның ішінде республикалық бюджеттің орындалуы  101,2% және жергілікті бюджеттің орындалуы 101,5% көрсетті.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары