Өзекті мәселелер

  • 17.05.18

    Адам тағдырының ақ-қарасын таразылау үлкен төзімділік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бар ғұмырын сот төрелігін атқаруға арнап, ардың ауыр жүгін арқалауға бел буған әділ қазылар қашанда қадамын қате жасамауға тырысады. Судья атты қасиетті ұғымға кірбің...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Мұрат  НАСИМОВ,

    саяси  ғылымдарының  кандидаты,

    қауымдастырылған  профессор,

    Толығырақ...

  • 17.05.18

    Нәзипа – қарапайым ғана ауылдың қара торы келіншегі. Осыдан 11 жыл бұрын ата-анасының қолынан ұзатылып, өзге босағаны аттаған еді. Бүгінде жасы 36-да. Адал жары, 3 баласы бар. Екі жыл бұрын әкесі өмірден озар шағында, «осы үй мен аналарың сендерге аманат, бас-көз  болыңдар» деп қызы мен күйеубаласына табыстап кеткен. Содан бері бұлар жалдап жүрген пәтерлерін біржола тастап, осында көшіп келген....

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Статистикалық мәлі­меттер бойынша елімізде болатын қылмыстардың үштен бірі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан орын алады екен. Ал бұл ретте қара күштің иесі ер-азаматтардан, әсіресе, әйелдердің таяқ  жеп, зардап шегетінін ескерсек, олардың тұрақтар жерге зәру болатыны анық.

    Қаламыздағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығы дәл осындай жағдайға тап бол­ғандарға қол ұшын созады, уақытша болса да панала...

    Толығырақ...
  • 17.05.18

    Айтыстың   абаданы  Серік ағам 60-қа келіпті. Ұлтының уызына жарығ­ан елдің еркесі Серік Ыды­рысовтың Сыр елі үшін орны бөлек. Сәкеңді өзімнің аяғым сынып, бауыр­ымнан  айырылып, қайғының уын ішіп жүрген көңілсіз күндердің, мазасыз түндердің бірінде ұялы телефо­н арқылы іздедім. 2017 жылдың 24 қыркүйегі түнгі сағат 11-ден 36 минут өткенде хабарлама жібер­дім. «Серік ағам бар ма екен кең дүниед­...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 14 Наурыз 2018

ЛЕГИОНЕРСІЗ ӨНЕР немесе 12-3=? PDF Print Email
Жаңалықтар - Сергек
15.03.2018 11:50

Қазақстандық футболсүйер қауым көп күтіп, елең еткен ҚПЛ ойындары да басталды. Ел біріншілігінің алғашқы ойыны былтыр 8 наурызда өтсе, биыл үш күнді артқа тастап, яғни 11 наурыз күні жалауын желбіретті. Сырбойылық бас клубтың өткен жылы табысты өнер көрсеткенін бұған дейін де жазғанбыз. Сол маусымда алғашқы ойынды Көк­шетаудың “Оқжетпес” футбол клубына  қарсы  өткізіп, он бір метрліктен мүлт кетпей, 3 ұпайды қоржынға салған едік. Ал, биыл бұл жағдай керісінше өрбіді. Тіпті, сенсацияға  баланды.

Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадион­ның қосалқы алаңында өткен ойын ақтөбеліктерге менсінбей қараудан басталса керек. Себебі, “Ақтөбе­нің” жартылай қосалқы құрамы Қызыл­ордада жеңіске жетеді” деген пікірді айтушы­лар өте аз еді. Нақтылайық. Қаңтар айының аяғында ҚФФ Дауларды шешу палатасы “Ақтөбенің” жаңа ойыншыларын тіркемей қойған-ды. Бұл клубтың ішкі қарыздарына бай­ланысты болды. Мұны команданың сужаң­а директоры Самат Смақов та айтты­.  Дегенмен, “ақ-қызыл” жейделі­лер құрамын жасақтап, біріншілікке дайындалды. Ақырында батыстық ұжым Сыр бойына былтырғы құрамынан қалған жергілікті ойыншыларымен қоса қосалқы құрамындағы бірнеше жас түлегін аттандыруға мәжбүр болды. “Жас бөлтіріктер арыстанның азуында шайналады” деген болжам жасағанбыз. Ойын  басталды, стадионда 3000-ға жуық көрермен. “Қайсар” жанкүйерлері  өз командасының жеңісіне сенімді еді.  Сенім ақталмады. Ойындағы басым­дық “Қайсарда”  болғанымен, 75-минутта ақтөбелік футболшы Абат Айымбетов төрт қайсарлық футбол­шының арасынан сытылып шығып, айып алаңына дейін өтіп кетті. Тоқтатудың басқа амалын таппаған қайсарлық қорғаушы ойын ережесін бұзып, қарсыластардың он бір метрлік айып добын орындауына мүмкіндік алып берді. Өз кезегінде Асланбек Кәкімов пенальтиді нәтижелі орындап, командасын алға шығарды. Сонымен, кез­десудің қалған уақытында таблоға ешқанда­й өзгеріс енбеді. “Қасқырлар” бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырса да, Трофимец қорғаған қақпадан саңылау таба алмады. Қорытынды есеп: 0:1.

Иә, болар іс болды. Бір жаманы мұңайдық, ашуландық. Бірақ, мұның жақсы жағы да бар секілді. Жастардың өздерін дәлелдей алғаны, мойындат­қаны бізге қатты ұнады. Түркияның Антали­я қаласында қысқы оқу-жаттығу жиындарына қатысқан ойыншылар мен Шымкент қаласында жаттыққан футболш­ылар алаңда өнер көрсетті. “Қайсар” ойында басым болды” деп ақтап алуға келмейді. Мойындау керек, біз  жеңілдік. Мойындамасқа шарамыз  жоқ. Өйткені, тарихта  қалатыны – ойын емес, нәтиже. Бүгінде ҚПЛ-ден тұтастай қазақ жігіттері түгілі, Қазақстан азаматтарын көру де мұңға айналды. “Ақтөбе” ойыншылары бізге қарсы кездесуде бірыңғай Қазақстан азаматтарын алаңға шығарды. Оның 7-8-і – қазақ жігіттері. Расында ақтөбеліктер  бізге және жалпы қазақстандықтарға  легионерсіз де жақ­сы­  өнер көрсетуге болатынын дәлелдеді. Жастарға мүмкіндік беріп, жол ашу керектігін көрсетті. Сенімді ақтай алатынын, шетелден түрлі-түсті футболшыларды  шақырмай-ақ, тартыс­ты, қызықты матч өтетініне сендіріп, мойын­датты. Осыдан кейін басшылық қаржыны  әуелі  футболдың инфрақұрылымына, сосын  жергілікті  ойыншылар­ға құйғанды жөн деп санап, іске кіріссе жақсы болар еді. Айтсаң, жазсаң, “байдың асын байғұс қызғанады” болып ке­теді­. Өкінішке қарай, кешегі ойыннан “қасқырлардан” ешқандай да кәсі­билік немесе жанкештілік көре алмадық.

- Жалпы айтқанда, ойында барлығы көрініп  тұр  ғой. Біз  ешқандай  легионерсіз алаңға  шықтық. Командада жер­гілікті ойыншылар ғана  болды.  Ал, қарсыластар  сапында  мықты  ойыншылар ойнады. Біз үшін ол жай ғана “вызов” болды. Қобалжыдық деп айтсақ бол­майды. Менің ойымш­а, жігіттер “Ақтөбе”­ жанкүйерлерінің сенімін ақтап, бар күш-жігерін салып ойнады, - деді “Ақтөбе” футбол клубының  ойыншысы  Ардақ  Сәулет.

Өткенге көз жүгіртсек, қос команда Қазақстан чемпионатында бірінші рет 1992 жылы 20 қыркүйекте кездесіпті. Тіркелген есеп: 1:1. Сырбойылық клуб сапынан Алексей Тен гол соққан. “Қайсар” мен “Ақтөбе” барлығы 37 рет кездессе, оның 19-ы Қызылордада өтіпті. Тағы  бір статистикаға сүйенсек, жер­лестеріміз  батыстық  ұжымға қарсы сегіз ойынға  жалғасқан  жеңіліссіз сериясын ары қарай іліп әкете алмады. 2014 жылы қос команда 3 рет тең ойнаса, 2015 жылы да 2 мәрте ұпай бөлісіпті. 2016 жылы “Қайсардың” премьер-лигада болмағанын еске алсақ, былтыр түзде   1 рет  тең  ойнап, өз  алаңымызда  2 мәр­те жеңіске  жеткен болатынбыз.

Айтпақшы, тақырыптағы  математикалық есепті шештім деп масайраудың қажеті  шамалы. Түсініксіз көрінсе, таныс­тырып,  жөн-жобасын  айта  кетейік. Ақын Мұхтар Шахановтың “12-3=?” деген поэмасы  бар. Онда үлкендер мен жастардың соғысы туралы баяндалады. Арғы жағы  айтпай-ақ түсінікті шығар. Қажет деп  тапсаңыз, поэманы  оқыңыз. Бұл матч көпшіліктің көкейіндегі осыған дейінгі  жалаң  болып келген ойды дамыта­  түскендей. Біздің  мақсатымыз – “Қайсар” ойыншыларын сынау емес, қазақ футболына  жанашырлық  таныту. Легио­нерлер ел футболын қарыштататын болса,­ ендігі құйып жатқан ақшаның ақталаты­н  да  уақыты  жеткен  шығар...

Рыскелді    ЖАХМАН

 


 

Стойчо МЛАДЕНОВ, “Қайсар” футбол клубының бас бапкері:

- Біз бүгін жақсы ойнадық деген ойдамын. Жеңіс үшін бәрін жасадық. Бірақ, жолымыз болмады. Көптеген мүмкіндікті құр жібердік. Мен өз алаңымыздағы алғашқы ойында жеңілеміз деп ойламаған едім. Десе де, бұл – футбол, бұл – өмір. Жеңілісті мойындап, әрі қарай жылжуымыз керек. Чемпионат енді басталды. Әрі қарай бәрі жақсы болады деген ойдамын. Қайталап айтамын, мен өз командама ризамын. Тек таблодағы есепке көңілім толмай тұр.



Валерий АЛЕМАСКИН,

“Ақтөбе U-21”

футбол клубының бас бапкері:

- Біріншіден, біздің жігіттердің бірауыздан қолдау білдіргендерін айта кеткім келеді. Жеңген жағдайда сенсация болатыны әуелден белгілі еді. Өздеріңіз көрдіңіздер, жігіттер бүгін жан-тәнімен беріліп ойнады. Нәтижесінде жеңіске жете білдік. Бізге келісімшарттары бар ойыншылар ойнайтындығын осыдан үш күн бұрын айтқан еді. Ол кезде Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізіп жаттық. Бірден жолға шықтық, Ақтөбеден негізгі құрамға іліккен ойыншылар келіп қосылды. Бүгін олар бірігіп, ерлік көрсетті десем де болады.

Қазақстан Премьер-лигасының II тур ойындары 17 наурыз күні өтеді. “Қайсар” өз алаңында Оралдың “Ақжайық” футбол клубын қабылдайды. Ойын Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның қосалқы алаңында сағат 15:00-де басталады. Билеттер стадионның кассасында сатылады. Қала және облыс тұрғындарын жергілікті клубты қолдауға, жанкүйерлік етуге шақырамыз!

 


 

“Қайсар” футбол клубының Қазақстан Кәсіпқой футбол­  лигасына  ресми түрде тіркеген ойыншыларының  тізімін  ұсынамыз.

Бапкерлер   құрамы:

Стойчо  Младенов (12.04.57, Болгария) – бас бапкер;

Анатолий  Нанков (15.07.69, Болгария) – бас бапкердің көмекшісі;

Тодор Янчев (19.05.76, Болгария) – дене дайындығы жаттықтырушысы;

Ерлан Шойтымов (06.04.80, Қазақстан) – жаттық­тырушы;

Сергей Чекмезов (10.10.64, Қазақстан) – қақпашылар  жаттықтырушысы.

P.S. Айтпақшы дегенді тағы да айтуға тура келіп тұрғанын-ай. Биылғы маусымдағы  алғашқы  матчты “Қайсардың” №1 жанкүйері  Қырымбек  Елеуұлы  да  стадионнан  тамашалаған  еді. Рас, облыс әкімінің  футболға бөлген көңілін тек  шексіздікпен  бағалауға  болатын  шығар. Былтырғы  жылы  қаражаттан  ешқандай  қиындық  көрмеген “қасқырлардың” биыл  да  мәселесін  шешіп  бергені көпшілікке  жасырын емес. Тәжірибелі, талантты  саналған  ойыншыларымыздың  бала  мұрты  енді  тебіндеп  келе  жатқан  жастардан  ұтылуы “Қайсарға” сөзбен де, іспен де көмектесіп жүрген  аймақ басшысына оңай  тимегені  анық. Содан барып “облыс әкімі клуб басшылығын  бір сілкіп-сілкіп  алған  шығар” деген ой келді. “Басы қатты болғанымен,  аяғы  тәтті  болады” десек те,  жалдап   алған  солдаттың   жаумен   жан  берісіп  соғыспайтынына  көзімізді   тағы  да   жеткізгендейміз...

 


МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ ТАЛАПҚА САЙ МА? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
15.03.2018 11:41

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі немесе ауру – астан. Адам арқа­уының мектеп асханаларындағы бүгінгі жағдайы қандай? Тез дайындалып, семіздікке ұшырататын фаст-фуд өнімдері мен газды, энергетикалық сусындар немесе қы­зылды-жасылды арзанқол «дәрумендерге» оқу­шылар та­рап­ынан сұраныс бар ма? Әлде сұратпай-ақ асхана төрінде тұр ма? Болашақтың иелері елдің тізгінін ұстау үшін деннің сау­лығына маңыз беретіні ай­қын әрі мін­детті де. Ендеше, алдымен қызыл­ордалық жас­өспірімдер­дің  денсаулығы  турасында  тарқатайық.

Қызылорда облысы бойынша жоспарланған мектеп жасындағы балалардың саны – 137 950. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова ұсынған мәліметке сү­йенсек, олардың профилактикалық тексеріспен қамтылғаны – 137 259. Ал денсаулық топтары бо­йынша талдасақ, 55 932 дені сау бала бар. Бұл барлық балалардың 40,7 па­йызын  құрайды. Қауіпті топқа алынған балалар саны – 70 780, яғни 51,7 пайыз. Дені сау балалардың қауіпті топқа алын­ған жас жеткіншектерден  аз екенін  аңғарып  отырған боларсыз. «Д»  есебіне­ 11 918 бала, субкомпен­сация­ сатысындағы «Д» есебіне – 165, декомпенсация сатысындағы «Д» есебіне 49 бала алы­ныпты.

Сыр өңіріндегі мектеп жасындағы балалардың аурушаңдық деңгейін сараптасақ, облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы ұсынған статистика былай дейді. Мектеп оқушылары арасында ішек инфекциясымен 2016 жылы 99, 2017 жылы  96 бала тіркелген. Ал қаназдық (анемия) ауруы­мен 2016 жылы 3993 бала ауырса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 4089 балаға артыпты. Ел арасында топырақ пен бор жеуге әуес адамдардың анемия зардабын көп тартатыны туралы айтылады. Мамандардың айтуын­ша, анемиямен ауырған адамның қаны «сұйылып» кете­ді. Бұл дерттің сипаты ағза қан деңгейін қалыпқа келтіріп үлгергенше қанның азайып немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады екен. Мәселен, үлкен жарақаттар алғанда, аузы ашылып кеткен асқазан жарасы, іш сүзегі (дизентерия) негізіндегі қанның тоқтамауы адамды анемия ауруына шалдықтыруы мүмкін. Қан­ның қызыл түйіршік­терін жойып жіберетін безгек (малярия) ауруы да анемия дертін қоздырушы болып табылады. Күнделікті тамақ рационында темір құрамдас заттардың болмауы да осы ауруды қоздырып, ушықтыра  түседі.

Тиімді әрі үйлесімді тамақтана отырып адам ағзасы жан-жақты дамитыны белгілі жағдай. Бүгінде Қызылорда қа­ласында 54 білім ошағы жұмыс істейді. Ал ондағы тамақтың жауапкершілігі жеке кәсіпкерлердің мойнында. Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы А.Нұрсейітовтың ақпаратына сенсек, 2017-2018 оқу жылында барлық мектептердің асхана­лары мен буфеттерін жалға алуға байланысты үш жақты келісімдер жасалынған. Мектеп әкімшілігі тамақтану сапа­сын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді. Оның құрамына міндетті түрде медицина, әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі ретінде енгізіле отырып, нысан басшысының бұйрығымен бекітіледі екен. Осылайша нағыз майталман мамандар өз ісіне кіріседі.

«Жалпыға бірдей мін­детті оқу қорынан берілетін» бір мезгіл тегін ыстық тамақпен әлеумет­тік тұрмысы төмен оқу­шылар қамтылған. Жер­гі­лікті бюджет қаражаты есебінен әр оқушыға бір жолғы мектептік тамақтандырудың құны 223,21 теңгені құрайды. Бұл оқушы үшін әжептәуір көмек болары сөзсіз.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін ат­қарушы Г.Сыздықова қала бойынша жедел ішек ауруларымен мектеп жасындағы оқушылар арасында 2016 жылы 45 мектептен 162, 2017 жылы 44 мектептен 96 оқиғасы тіркелгенін хабарл­ады. Сондай-ақ білім ұяларының 100 па­йыз санитарлық қағида мен талаптарына сәйкес келетіндігі туралы санитарлық қорытындылары алынғанын да айта кетейік. ҚР ҰЭМ-нің бұй­рығы бойынша, Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы саласында дәреже­сін бағалау өлшемшарттарын және тексеру па­рақ­тарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес, мектептерге жылына бір рет тексеру жүргізіледі. ҚР БП бекітілген кестеге сәйкес, ерекше тәртіп бойынша мектеп асханаларын тексеру барысында тағам өнімдерін микробиологиялық зерттеуге сынамалар алынып, ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сарапт­ама орталығының» ШЖҚ РМК-ның Қы­зыл­орда облысы бойынша филиалының зерт­ханаларына өткізіледі. Басқарма басшылығының мәліметінше, 2017 жылы 58 сынама  алынып, сәйкессіздігі анық­тал­маған.

Мектеп жасындағы балалардың тамағын тиімді ұйымдастыру – тек ата-ана ғана емес, қоғам  болып назар аударатын  мәселе. Тамақтандырудың басты талап­тары  сақталса, құба-құп. Ал асханадағы тамақ мәзірінің жағдайы мәз болмаса, балғындардың келешегі  не  болмақ?

Сыр өңіріндегі жа­уапты сала басшылары қаладағы 54 мектептің асханасы санитарлық талапт­арға 100 пайыз сай екенін алға тартып отыр. Алайда қаназдық ауруымен ауыратындар саны көбейген. Абырой бол­ғанда жедел ішек ауруларының саны азайыпты. Жауаптылар жауабын айтты­, сіз не дейсіз, көзі­қарақты оқырман? Мектеп асханаларындағы тағам­ сапасы мен баға­сына көңіліңіз тола ма?

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 


ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
15.03.2018 11:39

Адамзат өміріне техника араласқалы бері табиға­ттың ластануы жайлы әңгіме жиі қоз­ғалып келеді. Мысалы, қарапайым  ғана  көлік­тің адам өміріне пайдасы зор болғанымен, одан бөлінген көмірқышқыл газы ауаның ластануына әкеліп соғады. Ал ол кө­лік­тің біреу емес, бірнешеу екенін естен шығармаңыз. Өнеркәсіп орын­дарынан бөлінген көмір­қышқыл газы да дәл сол сияқты. Күнделікті тұр­мыстық қалдықтардың қоқыс  жәшігі  немесе  кез келген көшенің бо­йында шашылып, іске аспауы, оларды пайдамызға жарата алмауымыз, кейде тіпті белгіленбеген жерде өртеп жіберуіміз  де  түптеп келгенде сол ауаның құрамын  ластап   жатыр.

Алайда көпшілігіміз бұған мән бере бермей­міз. Орын алып жатқан жайттардың солай бол­ғанын заңдылық көре­міз. Жоқ, олай емес. Табиғаттың ластануын тікелей қадағалайтын әр өңірде Табиғат қорғау прокуратурасы бар. Тікеле­й осы прокура­тураның  қадағалауымен қоршаған ортаны кім­нің, қалай ластанғаны анықталып, шара қолданылады. Алайда ҚР-ның Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров экология саласы­ндағы прокурорлық қа­да­ғала­удың сын көтермейтінін айтады.­ Апта басында Астанада өткен жиналыста Қ.Қожамжаров табиғат қорғау прокурорларының енжарлығын, жұмыстарының тиімсіздігін, экологиялық заңнаманы бұзушылықтарға дер кезінде мән берілмейтіндігін атап өтті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

– БАҚ-та, әлеуметтік желілерде қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен денсаулықты қорғау мәселелері күнделікті дерлік жа­риял­ы  түрде  талқыланады.  Атмос­фералық  ауаның  ластануы, ауызсудың тапшылығы, тұрмыс қал­дықтарының бейберекет сақ­талуы, су тасқынына әрекетсіздік танытып отырған уәкілетті мемлеке­т­тік органдардың атына сын айтылып жатады. Бұның барлығы­ эко­логия саласындағы жағдайды жақсарту бойынша нақты­  ұсыныс­тарды әзірлеуді талап­  етеді, - деді Бас  прокурор.

Сондай-ақ өңірлерде атқа­рылған жұмыстардың есептерін тыңдағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорына су қорғау аймақтарында жер учаскелерін бөлу, қатты тұрмыстық  қалдықтарды сақтау және көму мәселелеріне, Шығыс Қазақстан облысы прокурорына атмосфералық ауаның ласта­нуы, жеке­леген елді мекендердің таза ауызсумен қамтамасыз етілуіне, Ақмола­ облысының прокурорына Щучинск-Бураба­й курорттық аймағы­н дамыту­ға және гидроқұрылыстардың салынуына бө­лінген бюджет қаражатын мақ­сатты пайдалануына, Маңғыстау облысы прокурорына бортында мұнай өнімдері бар теңіз кеме­ле­рін кәдеге жарату және жердің өндіріс  қалдықтарымен  ластануы мәселелеріне  қадағалауды  күшейту қажеттілігін ескертті.

Сонымен қатар қоршаған ортаны­ қорғау саласындағы заңдылықта прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша кешен­ді іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырып, экологиялық құқықбұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша сот-тергеу тәжірибесіне талдау жасау туралы нұсқау берді. Ал халықты ауыз­сумен жабдықтау үшін су құбыр­ларын, гидроқұрылыстарын  салуға және  жөндеуге  бағытталған «Нұр­лы жол», «2020 жылға дейін Өңір­лерді дамыту», «2021 жылға дейін Агроөнеркәсіптік кешенді дамы­ту»­  мемлекеттік  бағдарламаларын іске асыру мақсатымен бөлінген бюджет қаражатының тиісті жұм­салуын қатаң қадағалауды талап етті.

Табиғат – тіршіліктің құт-берекесі, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Қазақтың өзі «Жер құтты болса, мал сүтті болад­ы» дейді. Сондықтан адам баласы өзі өсіп-өніп, же­ті­летін, одан өнім алып, тіршілік ететін табиғатқа селқос қа­ра­уына болмайды.

 


ДАУ МҰРАТЫ –БІТУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
15.03.2018 11:37

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы  қабылданғалы бері елімізде оны  түсіндіру, насих­аттау  жұмыстары  аз  жүргізіліп  жатқан  жоқ. Десе де, көпшілік медиация жайлы күнделікті естіп жүргенімен, дауды соттан тыс реттеуге құлық таныта бермейді.  «Дау қалай шешілсе де,  тек сот шешсін» деген пікір қалыптасқан. Осыдан отыз жыл бұрын  жағдай басқа болатын, дау аз болды. Адамдар сотқа келуге ұялатын, ар  санайтын. Ал қазіргі статистика­лық­ мәліметтер үрей тудырады. Егер 80-90-жылдары облысы­мызда  жылына  500-600 азаматтық  іс қара­латын  болса,  қазір  бір жылда қаралған  азаматтық  істер­дің саны  30 мыңнан асып кеткен.

Әрине, даулар кез келген  қоғамда болады. Бірақ олардың барлығын сотта­ шешу мүмкін емес. Болмашы нәрсемен сотқа жүгіне беру де – біздің салт-санамызға жат нәрсе. Мұнымен қоса сотта қаралған даудың нәтижесімен бір тарап жеңеді, екіншісі жеңіледі. Яғни, екі  тараптың да толығымен көңілінен шығатын  шешім қа­былдау  мүмкін  емес.

Халқымызда «Дау мұраты – біту» деген сөз бар. Бітімге келу – әлімсақтан қазақ даласының салт-сана дәстүрінде және мәдениетінде бар тәжірибе. Ел билер­і «Сөз шынына тоқтайды, пышақ қынына тоқтайды» деп дауласқандардың ауытқып, бұра тартқандарын дуалы сөздерімен тоқтатып, әділеттілікке шақырып, ел бірлігі үшін қызмет жасаған. Сондықтан халықтың санасын өзгерту, кез келген дауды  бітіммен аяқтаудың артықшылығын түсіндіру қажет. «Ауырып  ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген даналық сөз бар. Даулардың санын көбейтпей, оларды болдырмау, туындаған дауды ушықтырмау  мәселесіне көңіл бөлу керек. Дауды сотқа­ жеткізбей шешудің  жолдарын кеңірек қолдану қажет. Мысалы, кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру,  коммуналдық төлемдер бойынша берешекті өндіру үшін міндетті түрде сотқа жүгіну­дің қажеті жоқ. Мұндай төлемдерді  нотариустың атқарушылық  жазбалары  арқылы да өндіріп алуға болады. Еңбек даулары­ның  мүмкіндігін­ше  еңбек ұжымдарындағы  келісім  комиссиялары,  кәсіподақ ұйымдары арқылы шешілуі­не  жағдай  жасау  қажет. Ол үшін бұл ұйымдардың жұмысшының  құқығын  қорғайтындай  қауқары  болуы­ шарт. Ертеректе мұндай даулар сол ұжымның ішінде жолдастық соттарда шешілетін. Дау сыртқа шықпайтын. Жолдастық сот тәртіп бұзған жұмысшыны тезге салып қана қоймай, әкімшілік тарапына­н орын алған кемшіліктерді де жөндеп отыраты­н. Ал, қазір дау да көп, дауласушылар да көп. Біз қоғамымызды қалай осындай  жағдайға  жеткізіп алғаны­мызды байқамай қалдық.  «Біздің  елдің  азаматтары қалай  жанжалшыл болып  кеткен, бұл жағдайым­ыз әрі қарай не болады?­» деп алаңдайтын болдық. Түбегейлі өзіміз қолға алмасақ­, қоғамға тиісті ықпал жасамасақ болмайды­. Сондықтан, дауларды соттан тыс реттеу институттарын енгізу – қазіргі қоғам талабы. Осы жобаны­  барлығымыз бірігіп, еліміз үшін, халқымыз үшін, мына өсіп келе жатқан балалары­мыздың  болашағ­ы  үшін  қолдайық.

Ардагер судьялар, облыстың барлық ардагерлері, халықпен қызмет жасайтын барлық азаматтар, жастар­ саясатымен айналысатындар, жастарға білім беру саласы­ндағылар, барлығымыз осы бағытты ұстанып, ұлттық идеологиямызға әсер етуге ықпал жасап, дұрыс бағытпен  іс жасайық!

Ғалия   ШЫҢҒЫСОВА,

сот  саласының  ардагері

 


ТРАНСОРТАЛЫҚ ТЕМІРЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН игілікке айналдырудың тетігі PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
15.03.2018 11:29

Біздің кең-байтақ елімізде техникалық-көліктік байланыс жүйесі аса маңызды инфрақұрылым саналады. Бұрын иен даланы бабаларымыз жел жетпес­  жүйрік тұлпармен лезде­ жортып өткен. Жайлауымыз төрт түлік малға толып, әлемде ең бай болған қазақтар ғана түйе және жылқы көліктерімен шалғай асып, кең жазирада әлемдік дербес дамыған этникалық алып Қазақ елі құрылды. Елімізде алыс қалааралық жол жүйелері ішкі экономикалық және мәдени байланысты дамытып, ел тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етеді. Елбасымыз Н.Назар­баевтың Мәңгілік Ел іргетасын қалаудағы ынталы бастамасымен елімізде мыңдаған шақырым теміржол мен тасжол салынып, техникалық-кө­ліктік  байланыстан қол ұзарып, берекелі қимыл-әрекет қарқын  алды.

Мұндай қала­ара­лық байланыс жүйелері елімі­зде кемелденген жаңа қоғам құру мен оның алып өндірістік базаларын оңай, жедел­ дамытуда аса зор маңыз­ға ие болады. Яғни алыс қалаларды байланыс­тыратын төте жол салынса, кө­лік жылдамдығының артуында, ел экономикасының үдеп да­муында ұтымды жол екені анық.

 

Мәселен, Астана мен Қызыл­орданы байланыстыратын айнал­ма теміржол арқылы жолау­шылар пойызы бір жарым тәулік жүреді. Мұндай ұнамсыз айналма жолға ешкімнің көңілі толмайтыны анық. Әрі алыс жолдың экономикалық шығыны көбейіп, уақыт жоғалтамыз. Сондықтан әуелі еліміздің ор­талы­қ өңірінен өтетін Қызыл­орда-Жезқазған трансорталық теміржолын жандандыра түс­сек, жол уақыты екі еседей қысқарып, солтүстік пен оңтүстік арасы жақындап, экономикалық жедел дамып әрі мәдени байланыстар нығая түсер еді. Бірақ бұл жолды құруда технологиялық тетікті ұтымды пайдалануымыз керек. Әрине, бұл жерде  қазіргі Бейнеу-Сексеуіл-Жезқазған теміржолынан басқа, Астана мен Қызылорда арасын жалғайтын трансорталық теміржолын Николай заманындағы Мәскеу – Санкт-Петербург теміржолы тәрізді тура етіп салсақ, бұл тарихи құрылыс халық үшін игілікке айналып, болашақ ұрпақ алғысына ие болар едік. Он тоғызыншы ғасырдың орта кезінде техникасыз салынған алғашқы Мәс­кеу – Санкт-Петербург теміржол құрылысы технологиялық ерекшелігімен аса бағаланады. Яғни бұл құрылыс бір сызық бойымен тура етіп орман, батпақ, көлдердің үстінен қарама-қарсы бағытта екі қатар теміржол бір мезгілде құрылған екен. Әрине екі қатар теміржолды бірден салған экономикалық тиімді болатыны анық. Әуелі бір қатарын салып, сонан соң оның жанына екінші қатар теміржол салу өте ыңғайсыз болады әрі құрылыс тым қымбатқа түсіп, үлкен әбігерге салады­.

Ендігі кезде бұрынғыдай ой-шұқыр, төбелерді айналып, оралма жолдар салу көлік жылдамдығына кедергі келтіреді. Қазіргі техника дамыған кезде ондай жерлерді тегістеп, батпақ, көлдердің үстінен төте темі­ржол салу тым қиын мәселе­ емес. Сондықтан бұл екі аралық теміржолды тура, екі қатар жолды бірден салу экономикалық үнемді болар еді. Бұл трансорталық Қызылорда-Жез­қазған теміржолын бір сызық бойымен екі қатарын да бірден салу экономикалық маңызд­ылығымен қатар прогресті тарихи бетбұрыс болады. Бұл теміржолды ауылдарға бұрып, айналма етіп салудың қажеті жоқ. Есесіне жаңа түс­кен тура жол бойына көптеген жаңа ауылдар бой көтеріп, сол­түстік пен оңтүстік қалалар арасы жаңа қоныстанған елді мекендермен толығады. Бұл трансорталық төте теміржол еліміздің алыс шеттерін байланыстыруда аса қажеттілігімен бағаланады. Бір сөзбен айт­қанда, Қызылорда мен Жезқаз­ған арасы екі қатар тура теміржолмен тұтасса, қазіргі жаңа шыққан жүйрік пойыздар бұл аралықты бір жарым сағаттай уақытта аққан жұлдыздай сырғып  өте алар еді. Ал Астана мен Жезқазған аралық теміржолын да төтелеп сала алсақ, алғашқы мен бүгінгі астананың арасын жүйрік пойыздар үш-төрт сағат­тай уақытта басып өтуі әбден   мүмкін. Мұндай құрылыс қолға  алынып  жатса,  құрылыс  технолог-инженері өзім де оған қатысып, көмектескім келед­і.

Бүгінде еліміздің солтүстігіне оңтүстік өңірлерден жұрт көшіп барып қоныстануда. Енді осы алысаралық төте жолдармен жалғанса, жақын туыс­тарымызға барып-келіп, байланысып тұрар едік. Егер бұл аралыққа төте тура жол түссе, Қы­зылордадан таңертең жүрдек пойызға отырып, Астанаға жетіп, жұмысты бітіріп әлде тойларда болып, қалаған кезде қайта отырып, кері үйге жетуге болады. Осы тәрізді ұтымды жасампаздығымыз ғана бізді әрдайым алға бастайды. Кезінде оңтүстіктен Сыр өңірі қазақтары және солтүстіктен қостанайлықтар мал жағдайымен ерте көктемде сонау Торғай өзені  бойларында жаз жайлап, қара күзге дейін қоныстанған екен. Бұрын бұл екі жақ бір-бірімен құдандалы-жекжатты болып сыйласып келген. Енді осы аса көркем жазды еліміз орталық өңірі Торғай өзені бойларын курорттық аймаққа айналдырып, ел қоныстанып, екі жақ туыстық байланысымызды қайта жалғастыруға болады­. Бұл орталық қоныс­тану солтүстік пен оңтүстікті және шығыс пен батыс өңір­лерімізді экономикалық және бірыңғай этникалық мәдени байланыс­тырып, тәуелсіз­ді­гіміздің нығаюы­на ықпал етеді. Жаз айлары пойызға билет алу тым қиындап­ кетеді. Егер бұл араға темір­жол түсіп, жақын ортада курорттық аймағымыз ашылса, заман талабы болған бірталай проб­ле­малар бірден шешілер еді.

Заманында бабаларымыз асыл тұқымды тұлпарлармен лезде жортып өткен иен даланы­ ендігі кезде темір тұлпарлармен аққан жұлдыздай сырғып өту – қазіргі заман, өркениет талабы. Қызылорда экономикалық жағына­н өрістеп, сол жағалаудан жаңа қала бой көтеріп жат­қанда, Астан­амен арада бұл жолда пойыздар қатынауы жиілеп, техникалық-көліктік байланыс стратегиялық инфрақұрылым түріне айналып жатса,­ ға­нибет емес пе?! Солтүстік пен оңтүс­тік осы екі әсем қалааралық Ұлы даланы жүйрік пойызбен сырғып өтуге сырттың да көңілі ауып, интуристтердің кең-байтақ елімізге саяхаттауы­на қолайлы жағдай туар еді. Біздің Ұлы далада басталған алғашқы әлемдік өркениет тағы да жаңаша жалғасын табары анық.

Бекназар  Әбсадықов,

инженер,

Қызылорда  қаласы

 


ДАРҚАН ДАЛАНЫҢ ДАРАБОЗЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
15.03.2018 11:26

«Бағалағанға бақ қонады» деген­ бар. Кеудесінде Социалис­тік Еңбек Ері екендігін білдіретін алтын жұлдызы жарқыраған Кәрібоз Әлимаев атамызды кез­дестірген  сайын  осынау даналық­ сөз ойыма оралады. Қашанда жүзінен мейірім ұшқыны төгіліп тұратын ақсақалға сәлемдессеңіз, бір марқайып қаласыз. Қазақтың нағыз қариясына тән ұлылық, ізетпен амандық-саулығыңды сұрағанда, еріксіз сүйсінесіз. Өзінің Алатаудай асқақ абырой-атағын абыздықпен ұштастырған қалпын көргенде, кеудеңде «Кәрекеңнен басқа жеңіл тапты жан болса осыншама беделге маста­нып, өзгеше қалып танытар ма  еді?!»  деген  пендешілік  ой да қылаң  берері  анық.

Кәрібоз Әлимаев – керіліп жатқ­ан маңғаз даланың төл перзенті. Оған туған өлкесінің әрбір пұшпағы, сынық сүйем жері көзі­нің қарашығындай қастерлі. Осынау сайын далада Кәрібоздың кіндігі кесілді, қаз басып, мектеп табалдырығынан аттады, еңбек етіп, маңдай тері төгілді, шаңырақ көтеріп, бақытын тапты. Ал дар­қан­ пейілді құтты қонысы да мұ­ның көкірегінен итерген жоқ. Абырой биігіне көтерді, кеудесіне жарқыратып алтын жұлдыз тақты­, тіпті көзі тірісінде бюст ор­натты, сый-құрметке бөледі. Әсілі «Ұлым деп еміренетін елі болмаса, жұртым деп тебіренетін ұлдың табылм­асы»  айдан  анық  екен.

Кәрібоздың балалық шағы Ұлы Отан соғысының сұрапыл жыл­дарына тұспа-тұс келді. Ел басына күн туған зар заманда кімді кім мәпелегендей?! Қабырғасы қатып, бұғанасы бекіп үлгермей жатып Кәрібоз өзге қатар-құрбыларындай елдегі ауыр жұмысқа араласты. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген жігеріңді жанит­ын қағидамен бел шеше еңбек  етті. Сол тұста ер-азаматтар  түгелдей дерлік қанды қасап шайқаста жүргендіктен елдегі бар ауыртпалық бала-шаға, қарт­тарға түскені баршаға аян. Көп­тен күткен Жеңіс күні де келіп жетті. Еңкейген ел еңсесі ептеп көтеріле бастады. Мектептен соң Кәрібоз Қазалы қаласындағы ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын бітіріп, механи­затор маманығын алып шықты. Тағы да қызу еңбек додасына араласты. Есін білгеннен қара жұмыстың қазанында шыңдалып өскен пісентті ауыл перзенті өзіне тапсырылған кез келген шаруаны дөңгелетіп әкететін. Маусымдық жұмыс барысында таң бозарып атқаннан, түн қараң­ғысы тұмшалағанша жұмыс істеуге­ тура келеді. Білікті басшы, темірдей тәртіпті ұстанатын Қожали Өтепбергенов тізгінін ұстаған «Бозкөл» кеңшарының атағы сол тұста көпшілікке жақсы мәлім еді. Өзіне бекітілген тракторды бәйге атынан бетер күтіп-баптайтын Кәрібозды темір тұлпары да ұятқа қалдырған емес. Талай мәрте жер жыртып, өзіне бекітілген нормасын  асыра  орындады. Тындырымды тракторшы ретінде көзге ілікті. Әлденеше мәрте ауыспалы Қызыл туды жеңіп алды. Дерекке жүгінсек.

«Кәрібоз Әлимаев 1964-1966 жылдар аралығында жер жырту нормасын 141-158 пайызға орындаған. Маусымдық жұмыста өзіне бекітілген 528 гектардың орнына 1031 га жер жыртып, тұқым себуге әзірлеген» дейді қолдағы құжат. Мұндай көрсет­кіштер осымен шектеліп қалмай жалғасын  тауыпты.

«Адал еңбек – ердің досы». Осындай ерен еңбегі үшін Кәрі­боз Әлимаевқа 1967 жылы Социа­листік Еңбек Ері атағы берілді. Бұл кезде біздің кейіпкеріміз небәрі орда бұзар жаста болатын. Арада бірнеше жыл өтті. Кеңшар  басшылығы Кәрібозға шопан­ болуға ұсыныс жасады. Кеудесін­де алтын жұлдызы жарқыраған еңбек батыры тартынған жоқ. Ата баба кәсібін жалғастыруға бел байлады. Қандай жұмыстың да өзіндік қиындығы болатыны белгілі. Бірде Кәрекеңнің отар қоймен бірге түні бойы адасқаны­ бар. Ақ түтек боран көз аштырмайды. Дауылда ыққан малдың адамға бой бермейтіні, қайырым­ға көнбейтіні малсақ ағайындар­ға жақсы таныс. Оған қоса отардың ізінен ажалдай аңдыған аш қасқыр ермесі бар ма?! Ердің нағыз­ сыналар шағы. Алайда дала сырына қанық шопан сыр берме­ді. Арада тәулік өте өзін іздеп табанынан таусылған топпен жүз­дескенде отардың да, батырдың да дін аман екенін көрген ауыл тұрғындарының қуанышында шек болмады. Еңбегі елеусіз қалмады. Әлденеше мәрте ауылдық, аудандық кеңестің депутаты атанды. Зейнетінің бейнетін көріп, Зиба­гүл анамызбен бірге перзенттерін жетілдіріп, немере, шөбере сүйді. Облыс әкімі мінгізген жеңіл көлік ғұмыр бойы өзі төк­кен маңдай терінің жемісіндей сезілгені  де рас.

Міне, бұл күнде Кәрібоз ата сексеннің сеңгірінен асты. Қазалы ауданының құрметті азаматы. Айта кетерлігі, облыс көлемінде Социалистік Еңбек Ері атанғандардың арасында бес адам Қазалы­ ауданының тұрғындары. Ал көзі тірісінде Кәрібоз Әлимаевқа аудан орталығындағы «Жеңіс» бағының нақ төрінен бюст орнатылуы – саңлақ ұлына пейілі дарқан даласындай елінің құрметі­нің  нышаны.

Мақаламызды Тасарық ауылдық округі әкімдігінің бас маманы­ Әлмұхан Кәрібаевтың «Атамыз ауыл-аймаққа аса сыйлы жан. Бір елді мекеннің ғана емес, күллі аудан жұртшылығының мақтанышы» деген сөзімен түйіндесек.

Халқыңыздың ықыласына бөлене беріңіз, елжанды Еңбек Ері!

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы   ауданы

 


НАУРЫЗ – ӘР КҮНІ МӘНДІ МЕЙРАМ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
15.03.2018 11:13

Наурызды тойлаудың шынайы мазмұнға сәйкес әрі заманға сай қызықты да, сәнді болуы, терең мағынаны қарапайым рәсімдермен «әшекейлеу» арқылы жұртқа тартымды мейрам бейнесін жасақтау ғана оны жағымды да әйгілі етпек. Сондықтан көпшіліктің көңілінен қағыс қалдырмас үшін барлық мүмкіндікті ойластыра отырып, наурыздың 14-21-і аралығында кірісуге болатындай рәсімдер мен ғұрыптарды заманға сәйкестендіре жүйелей ұйымдастыруды ұсынып отырмыз. Бұл тоғыз күннің әрқайсысына мазмұн бере отырып, Наурыздың сипатын ашатындай және заманға сәйкес шараларға айналатындай әрі ұлттық таным мен дәстүр, салт пен жоралғылар өз орнын табатындай ахуал орнатуға әбден болады.

 

14  НАУРЫЗ -  КӨКТЕМ  КҮНІ

Белгісі – қызғалдақ, раушан гүлдері. Күнге құрмет, сезім, достық күні. Бұл күні жұрт бір-бірін көктемнің алғашқы күнімен құттықтап, төс қағыстырып, сәлемдесу рәсімін жасайды. Алыстағылар телефонмен, смспен хабарласады, құтпарақпен құттықтасады. Ерлер әйелдерге қызыл гүл сыйлайды. Көшелерге де қызыл түсті безендірімдер ілінеді. Бұл күннен бастап туылған нәресте астралдық жаңажылдық күнтізбеге енгізіледі.

 

15  НАУРЫЗ -  АЛАС КҮНІ

Белгісі - алау. Бұл күн негізінен тазару күні болып табылады. Адамдар үйлерін тазалап, ескі киімдер мен заттарын өртейді. Көше тазалауға жұрт жұмылдырылады. Саябақтар мен саяжолдар тазартылып, ауылдарда бұлақтың көзі аршылады. Үйді, ауылды, көшені аластау рәсімі жүреді. Адамдар бұл күні жаппай шомылып, тазарады.

 

16  НАУРЫЗ - ӨНІС  КҮНІ

Белгісі - бүршік жарған талшыбық немесе қозы. Молаю күні болып табылады. Бұл күні әр ауыл, көше, қала тал егумен айналысады, болмаса болашақ саябақ, орман-тоғай орындарын әзірлейді. Адамдар үйлеріне, көшеге, саябаққа тез көктейтін дақыл, гүл, ағаш егеді.

 

17  НАУРЫЗ - БЕРЕКЕ  КҮНІ

Белгісі - қазан. Бұл күні әр үй «Қазан толы» рәсімі бойынша наурызкөже пісіреді. Әр үй кемінде жеті адамға көже беріп, әр адам кемінде жеті үйден көже ішеді. Осы күннен бастап, жұрт наурыздық дастарқанға әзірлік бастайды. Адамдар бір-біріне қонаққа барып, көже ішеді.

 

18  НАУРЫЗ - ИІС КҮНІ

Белгісі - алақан. Рухани әлемге құрмет күні. Қайырым мен мейірім көрсету күні. Бұл күні жұрт ерте тұрып, қайтыс болған туыстарының зираттарына барып, тазалап, ретке келтіреді. Дұға арнайды. Үйлерінде жеті шелпек пісіріп, таратады. Хош иісті шөптермен, иіссулармен орынжайларды, бөлмелерді жұпарлау қолға алынады. Иіс күні қасиетті жұмаға сәйкес келгені дұрыс.

 

 

19  НАУРЫЗ -  ЖАЙНАУ  КҮНІ

Белгісі - құрақ көрпеше. Бұл күні әркім өз үйін әшекейлейді, көше, ауыл алуан түспен безендіріледі. Төрге құрақ көрпе төселеді, қабырғаларға кілем жайылады. Жаңа киім, жаңа мүлік пен жиһаз сатып алады. Наурызшеруге киешек (костюм) әзірлейді.

 

 

20  НАУРЫЗ -  ШАТТЫҚ   КҮНІ

Белгісі - қоңырау. Бұл күнді әркім қуанышты өткізіп, көңіл сергітер шараларға арнайды. Ренжіскен адамдар бір-бірін кешіріп, қонаққа шақырады, өзі қонаққа барады. Жүрген жеріне және қонақтарға жолдық таратады.

 

21  НАУРЫЗ -  ҮЙЛЕСІМ  КҮНІ

Белгісі - текеметтің түрі, үйлесім нышаны. Бұл күні әркім дастарқан жайып, ол күні бойы жиналмайды. Үйде, далада ән-күй толастамайды, айнала толық безенген. Ырыс түніне арнайы Қыдыр атаға арналған дастарқан жайылады. Ол «Науан» аталатын үшсөрелі тағам болса да жеткілікті.

 

Науан. Бүгінде әр мерекеге тән өз тағамы бар деуге болады. Сондықтан осы жайт біраз ойластырылды. Ол тағам «Науан» атты қазақ ұғымына негізделген үш текті дәмнің жимасынан (набор) тұрады: халқымыз «қызыл» деп ет тағамын, «ақ» деп сүттен пісірілген асты, ал «көк» деп көкөніс пен жеміс-жидекті атаған. Соған орай, үш сөрені үш текті дәмге толтыру арқылы ырысты паш ету мақсат болды. Бұл - наурыздық несібе, берекенің тағамдық нышаны; Жер мен Көктің арасын жалғайтын ырыс пен мол берекені паш ету ырымы; наурыздық дастарқанға қойылар тағамның бәрін жиыстырып, жүйелеп бір ғана науанға айналдыруға болады. «Науан» сөзі - аса биік, таңғажайып, әдемі, жарасымды ұғымдарын береді.

 

Ресми  бұқаралық

мерекелеу  шаралары

Таңғы сағат 10-да Жолтерек (йол) орнату басталады.

12-де рәсім басталып, 14-те көпшілікке арналған Жыл рәсімі аяқталады.

 

Түстен кейін Алтыбақан құрылады. Кеш бата Алтыбақан маңында сауық-сайран басталады. Алтыбақанға 21 наурыздан кейінгі наурыз айында некелік тіркелуге өтініш білдірген болашақ жас жұбайлар кезекпен жайғасып, Алтыбақан тебеді. Алтыбақан рәсімі сарайда өткізілуі мүмкін. Алтыбақан сайраны күн батқаннан таң атарға дейін жалғасады.

Қыдыр түні. Бұл күні «Қыдыр түні» аталатын түнді қарсы алуға кәрі де, жас та кіріседі. Жастар өз алдына «Бастаңғы» кешіне жиналады: қыздар «Ұйқыашар» асын әзірлеп, жігіттер жағы «Селтеткізер» (сюрприз) дайындайды. Олар таң атқанша сайран құрып, таң ата Бас таңды қарсы алуға көшеге шығады.

Қариялар бұл түні «Белкөтерер» жоралғысымен жиналып, Қыдыр түнін өткізеді: олар қонақжай үйге жайғасып, өткен-кеткенді, бастан кешкендерін еске алысып, таң асырады.

 

22  НАУРЫЗ - БАСТАҢҒЫ

Белгісі - күн. Таң атар кезде Алтыбақаншылар жылдың Бас таңын қарсы алуға шығады.

Таңғы 5:15-те Бас таңды қарсы алуға арналған арнайы шара басталады. Таң ата жиналған жұрт көше бойлап Наурызшеруге (карнавал) шығады. Бұл – жаңажылдық өмір шеруі.

«Нау  мен  ырыс»

зерттемесінен  үзінді

 


АМАНАТ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
15.03.2018 11:08

Ол шешесі қайтыс болғалы зират басына үшінші күн қатарынан келіп тұр. Басқа басар жер, барар тауы қалмаған іспетті. Бұл өмірде оған шешесінен өзге еш  жақын  жан жоқ-тұғын. Таң бозынан келіп отырған ол түске қарай зират басына келе жатқан қалың қауымды көріп, тағы кім мен құсап сорлап қалды екен деп ойлады. Есіне шешесінің көз жұмар  алдында: “Балам, жалғыз қалып барасың, жалғандағы ең қорқынышты нәрсе – жападан-жалғыз қалу. Жаныңа жақын серік тауып ал. Сенің сол қызығыңды көрсем деуші едім, оған дәм-тұзым  жетпеді… бақыл  бол” дегені түсті.

Шынымен де жал­ғыздық қандай сүркейлі еді?.. Манағы келе жатқандар зират­тықтың шетін ала келіп тізгін тартыпты. Ет асымдай уақыт айналған олар өлілер мекен­іне тура шешесінің топырағындай бір төмпешікті қосты да, кері қайтты. Ел кете жаңа ғана жабылған жас топыраққа келген ол: «Мұнда кім екен? Кім­нің аяулысы, кімнің арқа тірер асқар белі екен?» деп ойлады. Кенет­ көзіне үюлі топырақ бүлк ете түскендей сезілді. Тұла бойы дір ете түскен ол сол жерде құлап қала жаздады. Бойын теңселіп жүріп әзер тіктеген ол шешесінің топырағына баруға шамасы жетпей­ ауыл шетіндегі өздерінің шағын құжырасына қарай ілбіп келе жатты. Үйіне барғысы келеті­н емес. Бірақ басқа қайда барар еді?.. Ақыры үйіне жеткен ол қиюы кеткен жылауық есігін жаппастан қолына ілінген марқұм шешесінің пальтосын жамылды да, тарс бүркеніп жатып қалды.

Ертесі түс әле­тінде оянған ол тұла бойының от болы­п жанып жат­қанын сезді. Таңдайы кеуіп жатыр екен. Пеш жақтағы ыдыстан сал­қын  су  ішпекке ниетте­ніп орнынан  сүйретіле тұр­ған ол шағын үстелдің үстінде тұрған тамақты көрді. Шамасы көршілерінің біреуі әкелген болса­ керек-ті. Тек мұның ұй­қысын  бұзғысы  келмеген шығар­, не  болмаса оның жанарындағы тұнып қалған қасіретті көргенге дәті жетпеген болар. Тамақтың жартысын да түгесе алмаған ол төсекке қайта құлады.

Арада он күн өткен соң барып қалпына әзер келген ол, таң сәріден анасына қарай жолға шықты. Әп-сәтте зи­рат­қа да жетті. Неге екенін өзі де білмейтін, әлдебір сезім осында жерленген адамның кім екенін білгісі келіп солай қарай бұрылды. Ішінен осы кезге дейін басына ес­керт­кіш тақта қойған шығар деп күбірлеп келе жатып өзінің межел­і жерге келіп те қалғанын байқамай қапты. Топырақ әлі ескі­ре қоймаған екен. Басына қойылған ескерткіш тақтаға қарап ол тағы да талып қала жаздады. Тақтада кәдімгі ай көрікті арудың тірі суреті. Жасы жиырмаға жетпей-ақ тағдыры талқандалған қыршын қыз. Тастағы сурет­ке  телміріп  отырып ол тағы да анасының «Жаныңа жақын серігіңді тап» дегенін есіне алды. Мына қыз өлмеген болсашы… Мен осыны жаныма мәңгілік серік етіп алсамшы деп ойлады. Сосын барып: «Жоқ, мен тура осы  қызға  ұқсайтын  аруды  қалай да табамын» деп, өз-өзіне күбір­леп шешесінің қабіріне қарай барды. Бір шымшым топырағын алып құшырлана иіс­кеген  ол: «Жаным, Ана, мен енді сенің соңғы  айтқан  аманатыңды орындау үшін талпынамын, сондықтан біраз уақытқа келе алмай қалуым мүмкін. Басыңа ешкім келмей жалғызсырайтын шығарсың. Мен өмірлік серігім туралы таңдауымды жасадым, енді соны орындамаққа атта­намын…» деді. Жанарынан бір тамшы жас үзіліп түскен ол орнын­ан жайымен тұрды да, манағ­ы қыздың қабіріне қарай аяңдады. Тастағы бейненің алдын­а  келіп жүгініп отырған ол: «Ей, аппақ ай Ару, мен саған анамды жалғызсыратпашы деп өтінгелі келіп отырмын. Менің бір тілегімді орындашы… Мен анамның аманатын орын­да­маққа  кетіп  барамын, тура сендей сымбатты аруды іздемек­пін…» деді. Қыз бейнесіне ұзақ қараған  ол ақыры орнынан тұрып  белін  шарт буды да, ауыл­ға  қарай  тартты.

Ол содан бастап аттай жеті жыл бойы сол бейнелі аруды іздеумен болды. Бірақ еш жерден­ таппады.

Қайта айналып ауылға келгенде ауылдағылар оны бейшара бала шешесі қайтыс болғалы ой соқты болып ауырып қалды деп мүсіркесті. Ол ауылға келгелі анасының да қабіріне бармады. Ана аманатын орындай алмағанына өзін айыпты санап жүрген-ді. Кімнен көмек сұрарын білмей шарқ ұрды. Ақыры осы ауыл жынды атаған қаңғыбас кейуанаға кезігіп, мұңын шақты. Қораның шетіндегі қара төбет мүжіп жатқан кетік жауырынды иттен тартып алған кемпір оны күнге қаратып ұстап аз-кем отырды да:

– Жоқ… сен оны бұл өмірде ешқашанда таппайсың, ол әлдеқашан өліп қалыпты. Онымен тек арғы әлемде ғана қауыша алады екенсің… Ол да сені сарыла күтіп жатыр екен.  Әдірам қал­ғыр, қу сүйекті мен жейді деп пе ең, мә тамағыңа  тығылсын, - деп жауы­рынды манағы төбетке қарай лақтырып жіберді де, беліндегі сала құлаш қарала жіпті шұбатып, ауылдың ана басына қарай заулап бара жатты.

Кеш бата жер қазатын кетпені мен күрегін алған жігіт зиратқа келіп, алдымен анасының басында аз-кем үнсіз мүлгіп отырды да орнынан тұрып бара жатып: – Анашым менің сізді сонша уақыт жападан-жалғыз қал­дырғаныма кешір! Мен сіздің аманатыңды орындамаққа алыс сапар­ шектім, еш жерден жаныма жақын серігімді таппаған едім, ақыры ол сенің қасыңда жатыр екен, енді ертеңнен бастап біз бірге боламыз, тек бір күн күт, - деді де баяғы қыздың қабі­рі­нің  басына келді. Ерте шыққан­ ай сәулесінің астында қыз суреті баяғы күлімсіреген қалпында тұр екен. Жігіт ләм-мим деместен қыз қабірінің ірге жағын қаза баста­ды. Таң ата межелі жерге жетіп, байқағаны – қыз  оранған аппақ ақірет сол қалпы екен. Тырмысып сыртқа шыққан ол ауылға қарай беттеді. Ауылға келіп, ескі қырман жақта әлденені будақтатып өртеп жатқан жынды кемпірді ертіп үйіне келді  де, шешесінен қалған бүкіл киім-кешекті беріп: «Кеште менім­ен бірге қабір басына барасы­ң. Сосын мен ол жерден қайтпаймын. Мына үй енді саған­  қалады. Менің соңғы тілегім­ді орындасаң  болды», - деді.

Кеш бата кемпірді дедектетіп жетелеген ол зират басына келіп, өзі кеше қазып даярлаған жерге түсті де, беліндегі бір шумақ ала арқанды кемпірге беріп: «Енді мені көм, әрі ешкім білместей етіп тегістеп таста, әрі ақтық демің үзілгенге дейін ешкімге аузыңнан шығарушы болма», - деп өтінді. Таң ата тапсырылған міндетін өтеген кемпір ауылға қарай келе жатып өзінің ес-ақылын жинап алғанын сезіп таңғалды.­

Арада біраз уақыт өткен соң ауыл  адамдары  зираттағы  сурет­терді біреу өзгертіп жүр екен десіп жүрді. Олардың айтып жүргендері қабірдегі қыз суреті бастап­қыдан өзгеріп, түр-тұл­ға­сы толып бара жатқаны еді. Тас­тағ­ы сурет қалай өздігінен өзгереді? Біреу әдейі істеп жүр десті. Арада тағы біраз уақыт өткенде қабір басына келген жұрт баяғы талдырмаш қыз суретіні­ң енді кәдімгі ай-күні жеткен жүкті әйелге айналғанын көріп, жағаларын ұстасты. Ауылға келіп сурет­ туралы айтқанда­рында  сауық­қанына  әлі жыл тола қоймағ­ан баяғы кемпір ышқынып  барып  талып  қалды.

– Е, бейшара, бұл өмірден не көрді, сауыққанына әлі жыл болма­ды. Арманда кетіп бара жатыр-ау, - десті жұрт оның ақырғы сапарға аттанып бара жатқа­нын біліп. Соңғы рет тілге келген кемпір:

– Мен бұл өмірде не көрме­дім, неге куә болмадым, өлі мен тірінің махаббатына, солардың қауышуына да куә болдым… Ертең ерте зираттың шетіндегі осыдан  жеті  жыл  бұрын жерленген қыздың зиратын барып­ көріңдер… - деп барып үзіліп кетті.

«Ақыры есінен қайта адасты» десті жұрт. Кемпірдің сүйегін қабірге  әкелген  жұрт  оны  жерлеп  болып, қыз зиратына  барып, жағал­арын ұстасты. Қыз­дың өзгерген суреті бұрынғы қалпына келіпті де, ескерткіш тастың маңайы қызыл қанға боял­ып қалыпты. Қаумаласқан жұрт не сұмдықтың болғанын біле  алмай­, зиратты тексермекке  қабірді  ашты. Көрдің  іші қан, бірақ  сүйек  жоқ  екен.

Қойшыбек   МҮБӘРАК,

Алматы   қаласы

 


КӨРДЕГІНІ ЖЕЙТІН КІМ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
15.03.2018 11:07

Қазақша сөздің бәрі ескі. Бірақ сол сөзді айтып жүрген жаңа жұрт. Қазақы таным-түсініктің бір сипаты – мағынасы ауырлау сөзді «жаман сөз» деп қысқа қайыратыны. Сондықтан ескі сөздің көбінің түпкі мағынасы бүгінгі жұрт үшін тым көмескілеу көрінеді. Бұл әлдебір сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасына қатысты дау тудыратыны заңдылық. Біздің әңгіме сондай сөздің бірі туралы.

Көрбақ деген сөз бар. Шынын айтсақ, жақсы мағынасы жоқ сөз. Бірақ, бұл сөзді қарғыс ретінде қабылдау қателік болса керек. Әсіредіншілдеу  бір  ағамыз:

- Қазірдің өзінде қолданыста жүрген «көрбақ» деген сөзді құлағым көп шалады. Әлхамдулилаһ, өз адресі­ме аталмыш қарғысты естіп көрген емеспін. Мұны  айтып отырған ана өз баласының жетім  қалуын тілегендей әсер қалдырады. Өзіне және сүйіп қосылған жарына мез­гілсіз өлім сұрап, баласының тұл жетім болып,­ көрді төңіректеп, тентіреп кеткенін қалағаны қалай?! - депті.

Яғни, жұрттың көбі бұл сөзді «көрді төңіректеп жетім қалғыр» деген мағынадағы қарғыс ретінде түсінеді. Қайсар ақын Зейнолла Шүкіровтың прозалық шығармаларының ішінде «Көрбақ» деп аталатын  әңгімесі бар. Аталған әңгіме­нің өзінде көрбақ сөзі жоғарыдағы түсінікпен мазмұндас сипатталады. Анығында бұл сөздің мағынасы одан әлденеше есе ауырлау. «Көрбақ» сөзі – көрге түсіп, жаңа қойылған мәйітті жеп күнелтетін құбыжықтың атауы. Бір сөзбен, мифоло­гиялық  кейіпкер.

Дегенмен, оның мифологиялық кейіпкер емес, өмірде бар немесе бір замандары болған жанды нәрсенің атауы болуы да мүмкін. Бұлай деуімізге Қ.Райымбаевтың кітабын­дағы Қожаназар ишан туралы ел арасында тараған көптеген әңгіме-аңыздардың деректері арасынан кезіктірген мына бір әңгіме себеп болып отыр.

Қожаназар көріпкел, аруақты адам болған. Жынданған, талма ауруларды, басқа да түрлі ауру екенін, неше адам, не ойлап келе жатқандарын біліп отырған. Келгендерді емдеп сауықтырады. Әлі күнге дейін оның бейітіне ауырғандар барып түнейді, басында түнеуханасы бар.

1905 жыл шамасында Қожаназар ишанға орта жүзден Бөрібай деген байлығы мол кісі келіп:

- Менің жеті атамнан бері қарай, өлгендерімізді жерлегеннен соң, көрбақ жеп құрта берді. Содан құтылу үшін Сіздің елге көшіп келіп, Сіздің маңайыңызда болуға рұқсат етіңіз. Сіздің сауабыңыз­  тиер. Сол бәледен құтылар ма екенмін? – дейді.

Ишанның рұқсатымен Бөрібай көшіп келгесін Сырдарияның жиегіндегі Қожаназар ишан мешітінен бір шақырымдай жерден қыш кірпіштен үлкен үй-жай салдырады. Ол әлі бұзылған жоқ. Бөрібай өлгесін сол үйтамға жайғастырады, екі-үш күн өткенде, Қожаназар ишан мешітте намаз оқып отырғанда оң қолын оң жағын­а сілтеп қалады. Намаз біткесін молдалар не болды деп сұрағанда:­

- Келді әлгі пәле Бөрібайға, - депті Қожаназар ишан.

Үй тамға келгендер көрбақтың бел ортасына дейін қазып кірген жерінде екі бөлініп қалғанын көреді. Қожаназардың бейіті де сол үй тамнан 100 метрдей жерге салынған.

Әңгіме аңызға көбірек ұқсағанымен, бұрынғы түнек заманы үшін бәрі мүмкін екенін ұмытпаған дұрыс шығар. Ең бастысы, «көрбақ» сөзінің жақсы мағынасының жоқтығында.

Биболат  САТЖАНОВ

 


БӨЛІСЕТІН ЕДІК... PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
15.03.2018 10:57

Күнделікті күнкөрістің нанымен тіршілік етудемін. Бала-шағаның қамы үшін күйбің тірлігіміз «Сығанақ» базарындағы кезек күтумен өтіп жатыр. Төбесінде жүк салғыш багаждары бар тізіл­ген автокөліктер. Біреудің ағашы мен біреудің темірін өлмес «Волгама» тиеп, айтқан жеріне келіскен ақшаға апарып тастау – менің күнделікті қайталанып отыратын міндетім. «Волга» көліктері жетер­лік. Көп болғаны соншалық, кейде күніне екі немесе үш мәрте ғана қозғаламыз. Табатын күнде­лікті табысымыз сол екі мың мен үш мыңның айналасынан аспайтын.

Бір күні жұмыстағы жігіттермен  әңгімені «соғып», бір жағынан  кезегімді күтіп, клиент болса, орнымнан «ұшуға» дайын тұрғаным сол еді, қолы ашық, «жирный клиент» келді. Ұзын денелі, қолында қара сөмкесі, соған сай қара көзілдірікті де  тағып, шыттай болып киініп алған. Ішімнен «е, мынау біразға түсетін болды ғой»  деп  қуандым.

- Жігіттер, кім  жүреді? -деді.

- Айта  бер, ағасы,  не  зат? Қай­да апару керек? - деп бір қадам  алға  шықтым.

- Арматура мен  төрт  байлам ағаш, «Комсомол»  мөлтек  ауданына­ апару­ қажет. 3500 теңге бере­мін, бола  ма? - деп сұрады. Сірә, бұл базардағы бағаны бұлар білмейді-ау  деймін. Қуанғанымнан:

- Болады, болады, - дедім. Қолыма ақшамды ұстатып, көлігіне отырып, терезесін сәл түсірді де:

- «Қызылжарма»  деген  жазудың   жанында 033 нөмірлі «Камри»­ күтеді. Соның артынан ерерсің, - деді  де  кете  барды.

Қуанып, «бүгін бір олжалы күн болды-ау» деп базардан шығып кете бардым. Теміржол үстіндегі аспа­лы көпірге көтеріле бергенімде, қайдан келе қалғанын қайдам ЖПП қызметкерлері тоқтатты. Ішімнен ойлап қоямын, «жаңағы дөкей  маған  не  тиеп еді» деп. Мән-жайды түсіндіріп, құжаттарымды сұрап, автокөліктен  түсуімді  өтін­ді. Сөйтсем, техникалық байқаудан өткен құжатымның уақыты өтіп кетіпті.

- Інім-ай жібере салшы, бала-шағаның қамы үшін жүрген жандармыз ғой, түсінші, - деп жалынып, жалпайдым. Түсінгісі  келмейді.

- Аға, ренжімеңіз, біз де бала-шағаның қамымен жүрміз, жібере алмаймын, әкімшілік хаттама толтырамыз, - деді.

Әңгімені әрі-бері создық. «Қызылжарма» жайына қалды. Сосы­н қалтамнан мың теңгені шығары­п, «барым – осы!» деп бердім.

- Мұны бергеніңіз үшін жауапқа­ тартылатыныңызды білесіз бе? - деп сұрап алды.

- Иә, - дедім.

- Онда тағы үстіне қоссаңызшы, жігіттермен  бөлісетін едік! - демесі­ бар ма?

Қалтамнан әлгі «байдың» берге­нінен тағы мың теңге суырып бердім де,  іштей  «дүние алма-кезек, сен де келерсің бір күні» деп айтқанда­рына көніп, бөлісетіндерін  беріп,  кете  бардым.

Уақыт зымырап, күндер өтіп жатыр­. Сәрсенбінің сәтті күні бола­тын. Базар ішін полиция формасын киген бір жас жігіт аралап жүр. Түрі таныс. Сол жігітке қарай-қарай есіме өткендегі оқиға түсті. Ішімнен «біздің қызметке жүгінсе екен» деп тіленіп тұрмын. Құдай тілегімді қабыл алғандай, бізге жақын­дап келеді. Кезегім келмесе де, қасымдағы жігіттерге мән-жайды түсіндіріп, кезектен аттап кетуді өтіндім. Әлгі ЖПП қызметкері келіп:

- Волга керек, бірнеше зат бар,- деп барлығымызға кезек-кезек қарап  шықты. Сірә, мені танымады­-ау деймін. Мекенжайын сұрап, бағас­ын бірден айтып, үстіне мұз­дай су  құйғандай  болдым.

- 5000  теңге  болады.

- Мұндай  бағаны  қайдан шығарып  алғансың,  ағасы? - деп қабағын  түйіп  қарап  қалды.

- Інім, негізі менің жүретін кезег­ім  емес,  жігіттермен  бөлісе­тін едік, - деп өз сөзін өзінің есіне түсіргендей болдым. Ол ұзақ қарады... Қарқылдап  күліп, «дүние­нің алма-кезек екенін» түсінгендей айтқа­н  сөзіме  риза  болды. Бір-ақ ауыз сөзбен «айтқаның болсын, ағасы» деп сұраған ақымды қолыма­  ұстатты.

Ердәулет  КӘКІМЖАНОВ,

Қорқыт  ата  атындағы

ҚМУ-дың  4-курс  студенті

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары