Өзекті мәселелер

  • 19.04.18

    ӨМІР   СОҚПАҒЫ...

    Жол – экономиканың күретамыры, тіршілік ізі. Қала ішіне қамшының өрі­міндей таралатын сол жолдардың  қазіргі  жағдайы  қандай?

    Көктем бастала салысымен Қызылорданың орталық көшелері ғана емес, шетаймақ жолдарына да жан біте­тіні бар. Қазіргі күні қала бо­йынша ұзындығы 619 шақырымды құрайтын 766 көше бар. Оның 503,2 ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Жақында үйге туыстарымыз келіп, кішкентай бүл­діршіндермен оңаша қалып, бала да болса әңгімеге тарттым. Сөйтіп «Кімге еліктейсіңдер?»  деп  сауал  тастадым. Сонда 8 жастағы інім «Бэтмен», «Өрмекші адам», «Халк», «Темір адам», «Флеш» секілді шетел мульт­фильмдерінің басты кейіпкерлерін тізбектей жөнелді. Арасында бірде-бір қазақ батырл­арының есімі жоқ. Онысымен қоймай, сол кейіпке­рлердің өзіне...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    «Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса­, сұлулықты ит те сезеді». Жазушылық жылнамасында әйел, ана тақырыбына ең көп қалам сілтеген талантты жазушы Ғабит Мүсірепов осылай депті. Иә, сұлулықты кім жақсы­ көрмейді, сұлулық кімге билік жүргізбеген десеңізші? Бота көзді, шие ерінді, үріп ауызға салғандай сұлу! Қыздардың осы сипаты қазір бар ма? Әрине, бар. Бірақ көзін линза арқылы қ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Қаржы және қоғам

    - Бұрын бәрін кадр шешкен деседі. Осы рас па, әлде өзгенің бе өсегі?

    - Иә, қазір қоғам емес кешегі, қаржы бәрін шешеді... Қысқартады, кеседі. Өшіреді, өседі... Қаржысы жоқ қасқаның маңдайда соры бес елі.

    - Сонда кадр ешнәрсе шешпей ме?

    - Жоқ, ол да аз-маз шешеді. Қаржың болса қалтаңда,...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    МЫҚ  ШЕГЕ  ҚАЙДА?

    Профессор  Темірбек

    ҚОЖАКЕЕВ  рухына Толығырақ...

Дүйсенбі, 19 Наурыз 2018

ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.03.2018 09:34

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы лауазымына Намаев Бақытжан Біләлұлы тағайындалды.

Б.Намаев 1964 жылы туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Саяси экономия», Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандықтары бойынша білім алған.

Сонымен бірге, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институты жалпытехникалық факультетінің ассистенті ретінде бастаған.

Өзінің еңбек жолында Бақытжан Біләлұлы жеке сектор мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жүйесінде жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Осы қызметке тағайындалмас бұрын «Батуми мұнай терминалы» компаниясының бас директоры лауазымында болған.

 


Қаруды өткізіп, қаражат ал PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.03.2018 19:31

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес 2018 жылғы 10 сәуірден бастап республика аумағында тұрғындарда заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі. Акцияның негізгі мақсаты азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау болып табылады.

Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құрылды.

Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылмайды. Ол азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың,  қ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.

2017 жылы азаматтардан барлығы заңсыз сақталған 313 қару өтемді түрде қабылданса, олардың 298-і - тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 24-і - иір ойықты аңшы қарулар. Облыс көлемінде 2017 жылы тұрғындар арасында қару-жарақ өткізген 163 азаматқа барлығы 15 000 000 теңге төленген.

Азаматтардың заңсыз сақтаудағы қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ішкі істер бөлімдеріне өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз үлестерін қосады деген сенімдеміз.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


«Мигрант» шарасында 219 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.03.2018 19:29

Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 14-16 наурыз аралығында облыс аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын. Аталған іс-шараға департаменттің Көші-қон полиция басқармасы және Жергілікті полиция қызметінен барлығы 266 қызметкер жұмылдырылды. Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517-бабына сәйкес 219 шетел азаматына әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 518-бабымен 20 Қазақстан Республикасы азаматы және 519-бабымен 10 Қазақстан Республикасы азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өзбекстан Республикасының 19 азаматы әкімшілік жолмен, 1 азаматы азаматтық тәртіппен республика аумағынан аластатылды.

Жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ Өзбекстан Республикасының 19 азаматы ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

Бұл жұмыстар күнделікті өз жалғасын табуда.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


ОБЛЫС ӘКІМІ АРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АПАТТЫ ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.03.2018 15:57

Тұрғындармен кездесу барысында Қырымбек Көшербаев олардың жаңа тұрғын үймен қамтылатынын айтты.

Аймақ басшысы Қ.Көшербаев екі қабатты ғимарат блоктарының арасындағы өткел құлаған көпқабатты үй тұрғындарымен кездесті.

Облыстық бюджеттен Кіші Арал көшесінің бойынан 31 жеке үйдің құрылысына қаржы бөлініп, ол Арал қаласындағы апаттық жағдайдағы үйдің тұрғындары мен бюджеттік сала қызметкерлеріне беріледі деп хабарлады облыс әкімі.

«Сіздердің жағдайларыңызды біліп, барлық жағдай жасалғанына көз жеткізгім келді. Апатты ғимарат бұзылады. Сіздерге Кіші Арал көшесінен 31 жаңа жеке үйлер беріледі. Біз көпқабатты үй емес, жеке үйлер салуды жөн көрдік. Осындай шара қолдану арқылы Арал қаласындағы апатты тұрғын үй мәселесі толықтай шешіледі»,-деді облыс әкімі.

Одан бұрын 18 наурызда Арал қаласының әкімі Бауыржан Махатов Өңірлік Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазіргі таңда Арал қаласында 8 отбасы тұратын тағы бір апатты үйдің бар екенін айтты. Төтенше жағдай орын алған үйде 16 отбасы тұрған.Олай болғанда, жаңа 31 жеке үйді апатты үйдегі 24 отбасы мен бюджеттік сала қызметкерлері алатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 17 наурызы күні Арал қаласында екі қабатты ғимараттың блоктары арасындағы өткел құлаған болатын. «Жароков көшесі, 20» мекенжайы бойынша орналасқан ғимарат 1986 жылы балабақша ретінде салынған. Ал, 90 жылдары баспанасы жоқ аудан тұрғындары мұнда заңсыз орналасқан. Екі қабатты үйде 20 пәтер болса, оның 15-де адам тұрған. Тұрғындар бірден аудандық Жастар ресурстық орталығына және туған-туысқандарының үйлеріне орналастырылды. Бүгінде аудан басшылығы тапсырмасымен тұрғындарды уақытша тұрғын үймен қамту шараларын қабылдап, жұмыс жасауда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ҰЙЫМШЫЛДЫҚПЕН АТАП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.03.2018 15:07

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы-"Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымы ең алғашқылардың бірі болып Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамын ұйымшылдықпен атап өтті. Осынау күні қызметкерлер жұмысқа ұлттық киім киіп келіп, мереке сәнін келтіріп, мән-маңызын арттыруға тырысты.

«Біздің бөлім үш жыл бұрын облыс басшысының қатысуымен осы Наурыз мерекесінің қарсаңында ашылған болатын. Сондықтан бұл күні екі бірдей мерекені атап өтеміз. Біздің жас ұжымда әрбір мереке көңілді өтеді. Бұл жолы да дәстүр бойынша мерекелік бағдарламаны қызықты етіп ұйымдастырдық. Мекеме алдында киіз үй тігілді. Қонақтарға арналған қазақтың ұлттық тағамдарына толы кең дастарқан жайылып, қонақтар мен орталыққа келген әрбір адам ұжымға ізгі тілектерін айтты. Қызметкерлердің орындауында концерттік бағдарлама, ұлттық спорт түрлерінен байқаулар ұйымдастылып, жеңімпаздарға арнайы сый-сияпат көрсетілді,» - дейді мамандандырылған бөлім басшысы Гүлдана Рахметова.

Шара барысында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері дәріптелді. Бөлім қызметкері Рүстем Аягөзовтың ұлы Димаштың тұсауын кесу бас маман Жасұлан Абсултановқа бұйырды. Сәбидің алғашқы тәй-тәйіне «Өмірде жығылмай жүрсін, болашағы жарқын болсын» деген тілектер айтылды. Сонымен қатар, жақында дүние есігін ашып, алғашқылардың бірі болып проактивті қызмет арқылы туу туралы куәлігін рәсімдеген тағы бір қызметкеріміздің ұлына арнап «Бесікке салар» рәсімі өткізілді. Әрине, сыйға сый көрсетіліп, ырым-жоралғылары жасалды.

Осылайша, ұжымдағы мамандар өз өнерлерін ортаға салып, келген қонақтарды тәнті етті.

А.Жағыпарова

 


Мемлекеттік қызмет үлкен жауапкершілікті талап етеді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
19.03.2018 12:13

Қазіргі күні сеніп тапсырылған мемлекеттік көлікті жеке мақсаттарына пайдаланатын мемлекеттік қызметшілерді жиі көретін болдық. Тіпті кейде той-томалақтарда бейәдеп қылық танытатындары мен масаң күйде көше кезіп жүретіндерін де байқап жатамыз. Осылайша қызметтік әдеп ережелерін өрескел бұзатын жандар «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегендей, барлық мемлекеттік қызметшілердің атына кір келтіріп жатады. Мысалы, 2017 жылы ең көп тәртіптік заңбұзушылықтарды Шиелі ауданының мемлекеттік қызметшілері жасапты, 33,2 пайыз. Ал үштікті 22,2 және 17 пайызбен Қазалы және Қармақшы аудандары қорытындылап тұр. Осы тұрғыда аталған заңбұзушылықтарды болдырмай, олардың алдын ала алмаған әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметінің қай деңгейде екені айтпаса да түсінікті. Ал өзіне қарасты қызметшілерді ұдайы назарында ұстап, бақылап отыруды мақсат тұтқан Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Бақытжан Ідірісов өзі айтқандай «Ақ үйдегі» барлық мемлекеттік қызметшілердің басын қосып, семинар-кеңес ұйымдастырды.

Облыстық әкімдік ғимаратында 15 жергілікті атқарушы мемлекеттік орган бар. Барлық қабаттарды аралап жүргенде, мемлекеттік қызметшілерге сүйсініп қарауға болады. Жастардың әдебі өздерінің қызметтеріне сай келеді. Әрине, барлығы түзеліп кетті деп айтуға әлі ертерек. Мемлекеттік қызметшілердің теріс әдебі әлде де талқылануда, айтылуда. Десе де, мұның бәрін реттеуге, түзеуге болады,- деді Бақытжан Ідірісов.

«Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» тақырыбында өткізілген семинар-кеңесте қатысушыларға мемлекеттік қызметшінің бойында өз іс-әрекетіне деген жауапкершілік, жаңа идеяларды әзірлеудегі бастамашылдық, сынға сабырлық таныта білетін төзімділік секілді қасиеттері болуы керектігі айтылды. Ал керісінше әдепсіз мінез-құлық танытқандар болса, Әдеп кеңесі оларға қатысты тәртіптік шара көретіні ескертілді.

–  2017 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 12 отырысы өткізіліп, 46 мәселе қаралды. Оның 22-сі – тәртіптік іс (8-і Әдеп кодексінің талаптарын бұзу бойынша, 14-і мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар бойынша), ал 24-і – есептік тыңдау. Қаралған тәртіптік істердің 18-іне тәртіптік шара көру жөнінде ұсыныс берілді,- деді Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Б.Байхожаев. Сонымен қатар Берікбол Ұзақұлы өз сөзінде құқығы қорғалған мемлекеттік қызметшілер туралы да сөз қозғады. Ал мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапалы, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайы болуы керектігі айтылып, басшылардың қарамағындағы қызметкерлерге дөрекілік көрсетпеуі де ескертілді.

Семинар-кеңес соңынан мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» атты қойын кітапшалар таратылды. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы әзірлеген кітапшада мемлекеттік қызметшінің қандай болуы керектігі шынайы мысалдармен жеткізілген.

Ж.ЖҮНІСОВА,

Н.Нұржаубай (сурет)

 


Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары