Өзекті мәселелер

  • 11.10.18

    Облыстық прокуратура әкімшілік істер бо­йынша қабылданған шешімдерді зерделеу барысында полиция қызметкерінің әкімшілік өндіріс материалдарын бұрмалау фактісін  анықтады.

    Нақтырақ айтатын болсақ, жергілікті полиция қызметінің полицейі Д.Амангелдіұлы қызметтік автокөлікпен кезекшілікте жүрген кезін­де қаладағы дүкендердің бірінің тұсында тоқтап тұрған «Hyunday Accent» маркалы авто­көлігі...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    КӘСІПКЕРЛІК –  ЖЕТЕКШІ   КҮШ

    Еліміздегі басты саяси құжаттардың қатарында «Қазақстан – 2050» страте­гиясы да бар. Ұзақ мерзімді дамуды бекіткен бұл стратегияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мер­зімді кезеңге арналған мемлекеттің 2025 жылға дейінгі жоспарлау құжаты да айналымда. Бұл құжаттың басты мақсаттарының қатарында жеделдет...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Жат діни ағымға еріп, адасу Әселдің жастық ғұмырының біршама жылдарын жалмады. Бойжеткен өміріне жағымды өзгеріс енетініне сенген. Дәл сол сенімнің «арқасында» ә дегеннен ештеңе түсіне алмады. Мұнысын жастыққа жарасатын аңғалдық дерсіз. Уақыт өте келе өзінің және жұбайының «роботқа» айналып бара жатқанын сезген ол көңіліндегі күмәнмен арпалысты. Рухани дертке ұшыра...

    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Бауырлас он екі мүше,

    Бір анадан туғанмен,

    Әрекеттері әртүрлі...

    Бас – ақшаға тартып,

    Аяқ – басқаға тартып,

    Әуреге салды әркімді...

    ...
    Толығырақ...
  • 11.10.18

    Елуде еді өз жасым,

    Тыйылмады көз жасым...

    Жұмыс іздеп шығып ем,

    Киім-кешек тозғасын...

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 20 Наурыз 2018

ҰЛЫ КҮННІҢ ҰЛЫЛЫҒЫ КӨП PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
20.03.2018 17:58

Жетімі мен жесірін жылатпаған қазақ, қарттарын қашанда қадірлей білген. Алайда қатыгез қоғамның тізбегіне ілесіп келген, ата-бабаның салт-дәстүрінен қол үзе бастағандығымыздан ба, әлде кеңестік кезеңдегі солақай саясат салқынының кесі­рінен жатбауырлықтың қаны бойымызда  қалып қойды ма, әйтеуір қарт­тар үйін паналаушылар күннен-күнге көбейіп бара жатыр. Мұны отбасылық құндылықтардың жоғалып бара жатқандығының дәлелі десек, қателеспейміз. Жандарына барып, жүз­деріне бір сәт үңілсең, көздерінен қуаныш пен өмірге деген қайта туған құлшынысты көруге болады. Қараусыз қалған қарттарды мемлекет қамқорлығына алу да – осындай олқылықтың  орнын  толтырудың қамы.

Жақынының жанынан ұзап, жалғыз басына пана іздеген адамдардың жылы ұясына, ыстық ортасына айнал­ған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ламалар  басқармасына  қарасты «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазыналы қарттарымызға арналған «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерек­елік концерт өтті. Оңалту орта­лығының директоры Лариса Тыныс­қызы шара барысында жиналған­дарды  Ұлыстың  ұлы  күнімен құт­тық­тап, ізгі  лебізін  білдірді.

Шара барысында қазақтың салт-дәстүрлері дәріптеліп, қойылым көр­сетілді. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын­!» деп ақ батамен басталған шарада жаңа түскен келіннің бетін ашып, беташар жасап, өмірге келген сәбидің екі аяғын құбылаға қаратып шариғат  бойынша есімін қойып, тәй-тәй басқан сәбидің тұсауын кесу рәсімдері орындалды. Тамырын терең­нен тартқан бұл күн мен түннің теңелетін ғана емес, береке мен бір­ліктің, ырыс пен ынтымақтың, тазалық пен татулықтың бастауы ретінде бес мың жылдан бері тойланып келеді­. Сол дәстүрден жаңылмай бұл жолы да ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашып, мекеме азаматтары гір көтеру, қазақша күрес, арқан тартыс ойындарына қатысып, думанның сәнін келтірді. Бір сөзбен айтқанда, мазмұнға бай, тағылымға толы қазақтың атадан балаға рухани мұра ретінде беріліп келе жатқан салт-дәстүр, жөн-жоралғы осы мейрамда көрініс тапты.

Мейрамға арналған шара мен Ұлыстың ұлы күніндегі дастарқандағы астан дәм татқан  көпшілік ұйымдастырушыларға дән риза. Шара  соңынд­а  оңалту  орталығының  ем алушы­ларының бірі Кенже Махан­бетова өз өнерімен бөлісіп, әннен  шашу  шашты.

Е.МҰХТАРҰЛЫ

 


Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары