Өзекті мәселелер

  • 08.11.18

    Халық – сыншы әрі әр­қашан әділ. Өткен аптада Арал, Қазалы аудан­дарына іссапармен барға­н облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ел алғысын арқал­ап қайтты. Бұқараның базы­насын ескеріп, жұртшылықтың жағдайын  жақсартуда аймақ басшысы бір­қатар тірліктер атқарып жүр. Өткен аптада жер­гілікті тұрғындар сол игі істер­дің жалғасына куә болды.

    Алдымен Арал ауданы орталы­ғындағы жаңа аурухананың аш...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Кез келген тауарды сырттан тасымалдау үлкен тәуеке­л мен көп шығынды талап ететіні сөзсіз. Дамыған­ елдердің көпшілігі тұтынатын тауарын өзі өндіріп, кәсіпкерлері шаруасын шыр айналдырып отыр. Ал бізде ше? Қандай өнім бар дегеннен гөрі, нендей өнім жоқ дегенге жауап табу тез болып тұр. Былай қарағанд­а, қарапайым қаламсап шығаратын зауы­тыңыз  да  жоқтың  қасы. Қайтпек  керек?

    ...
    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Қазір әлеуметтік желі үлкен күшке ие. Ойыңызда жүрген жайтты жақсылап тұрып жазып, көпшіліктің талқысына тастай саласыз. Мұнда  сөздің  байыбына баратын, оны саралай алатын да, көкпардағы  серкедей  жүнін  жұлып, ту-талақай  ет етін де  жұртшылық бар. Ал, күшке ие дегеніміз – көп  мәселенің  шешімін  табатынында. Жама­н жері  кейде жаны ашып жазғандар да жазықты болып жатады­. Атын шыға...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Нәзіктік пен әсемдіктің символы – қыз баласы қашаннан сұлулыққа құмар. Ару­лар­ға ақыл мен  әдеміліктің қатар қажет екенін қазақ бұрыннан айтып кеткен емес пе? Көріксіз қыз – тұзсыз нанмен тең. Ендеш­е  сұлулығын  арттырып, тартымды бола түсу – бұрымдылар үшін сүйікті «мәселе». Бүгінде  айқабақ,  алтын  кірпік, қызыл ерін  сылқымдар кірпігін қалай  күтіп  жүр? Сырт көзге сөз қылуға тұр­майтын т...

    Толығырақ...
  • 08.11.18

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    Редакция  қызметкерінің іссапармен бармайтын жері жоқ. Асулардан асып шыңға шығады, еңіске түсіп теңіз кешеді, балықшы мен диқанның қосына­ түнейді, шопандар мен жылқышыларға жолығу үшін жайлауды аралап шаршайды. Иә, жорналшы дегендер өмір бойы солай жол үстінде жүрген­дерінде бұрын көріп білмеген пенделердің талайымен жүзд...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 29 Наурыз 2018

Бақытжан Сағынтаев өңір дамуына оң бағасын берді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.03.2018 09:27

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметтік делегация Қызылорда облысына жұмыс сапарымен  келді. Делегация құрамында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы,  Инвестиция және даму, Ұлттық экономика, Ақпарат және коммуникациялар министрлері, сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және даму институттарының басшылары бар.

Сапар кезінде Бақытжан Сағынтаев пен делегация мүшелері облыс активімен және кәсіпкерлермен, сондай-ақ әлеуметтік сала өкілдерімен кездесті. «Қараөзек» газ компрессорлық станциясында болып, Арал ауданындағы балық өңдеу зауыты мен «Аралтұз» АҚ жұмысын көрді.  Мұнда қоғам өкілдерімен басқосу өтіп, Солтүстік Арал жобасын жүзеге асыру, суармалы жерлерді жақсарту, ҚР Президентінің 5 әлеуметтік бастамасы аясында шағын несиелендіру ісін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағын дамыту барысымен танысты.

Облыстық әкімдікте өткен жиында аймаққа инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, индустрияландыру, технологиялық жаңғырту және 4.0 индустрия, цифрландыру, жұмыс орындарын ашу және өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтардың мәселелері айтылды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтағы Жобалық басқару жүйесінің іске асуы мен 2018 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты көрсеткіштерінің жетістіктері туралы баяндады. Мәселен, соңғы 5 жылда облыста 50-ден аса өнеркәсіптік нысан іске қосылып, аймақ экономикасын әртараптандыру басталды, өңдеу өнеркәсібі жоғары қарқынмен дамуда.

Агроөнеркәсіптік кешен саласында оң динамика байқалады. Қазір экспортқа бейімделген өнім шығару және өңдеу ісіне екпін берілген. Мәселен, экспортқа шығаруға лайықталған күріш сұрыптарын егу жоспарлануда. Сонымен бірге, "жобалық басқару" аясында жергілікті шаруалардың өнімдерін сыртқы нарыққа тиімді шығаруына мүмкіндік беретін электронды сауда алаңы – агробиржаны құру көзделуде.

Облыстағы негізгі міндеттердің бірі – аймақ халқының әлеуметтік осал топтарын қолжетімді баспанамен қамту.

«Несиеге үй алуға барлығының мүмкіндігі жоқ, сондықтан «Орда» тұрғын үй құрылысының жол картасы қабылданды. Оны жүзеге асыру үшін жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд. теңге қаржы бөлініп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан несиелік тұрғын үйлер сатып алынып, тұрғындарға алғашқы жарнасыз және кейін сатып алу құқығымен ай сайын жалпұл төлеу шартымен берілетін болады. Біздің «Орда» бағдарламасы Елбасының «7-20-25» бағдарламасының лайықты қосымшасы болады»,- деп атап өтті Қырымбек Көшербаев.

Қазіргі таңда облыста өнімсіз жұмыспен қамтылған және жұмыссыз  89 мың азамат бар, оларды әсіресе, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыта отырып, нәтижелі еңбекке баулу жоспарлануда. Осыны ескере отырып, 2018 жыл Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылорда облысында еліміздегі алғашқы «Сотсыз татуласу орталығы»  пилоттық жоба ретінде ашылады. Айта кету керек, аймақта мұндай бастаманың үздік үлгілері бар. Мәселен, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов  аулындағы қоғамдық бірлестік құрамындағы ақсақалдар ауылдастар арасындағы дауды бейбіт жолмен шешіп келеді.

Бүгінде облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 29 млрд.теңгеден астам қаржыға 66 жоба жүзеге асырылуда. Жобалар саны бойынша аймағымыз республикадағы алдыңғы орындардың бірінде.

Соңғы 5 жылда өңірде әлеуметтік саланың 200 нысаны пайдалануға беріліп, бірқатар мәселелердің шешілуіне мүмкіндік берді. Қазіргі негізгі міндеттердің бірі – өмірдің барлық салаларын цифрландыру.

"Біздің міндетіміз – тұрғындардың жайлылығы үшін онлайн қызмет түрлерімен қамтамасыз ету. Қазіргі кезде аймақты цифрландыру үшін 72 жобаны жүзеге асыру көзделуде, бұл мақсатқа облыстық бюджеттің өзінен 2 млрд.теңге бөлу жоспарланып отыр.  20 жобаның іске асырыла бастауы алғашқы кезеңнің «жеңісі» болды", - деді әкім.

Облыс жобалық басқару аясында 5 салалық – базалық индустриаландыру, агроөнеркәсіптік кешен, сауда, денсаулық сақтау және білім беру; 3 тікелей – жаппай кәсіпкерлікті дамыту, қаржылық тұрақтылық, нәтижелі жұмыспен қамту бағыттары бойынша 10 жобаның жүзеге асырылуына қатысуда.

Мәселен, аймақ «Инвестиция тарту» жобасы бойынша негізгі капиталға құйылатын инвестицияны 7,5 пайызға нақты өсіру туралы міндеттемме алды. Бұл республикалық көрсеткіштен жоғары, елімізде бұл көрсеткіш 5.1%.

«Аймақта  инвестицияның нақты өсімін АӨК, базалық индустриаландыру, денсаулық сақтау, білім беру және туризм салаларында да республикалық көрсеткіштен арттыру жоспарлануда. 72 жобаны жүзеге асыру көзделуде, оның ішінде құны 1 млрд. теңгеден асатын 23 жоба және сомасы 1 млрд. теңгеге жуық 49 жоба бар»,- деп атап өтті облыс әкімі.

Нәтижесінде биыл аймақта өңдеуші сектордағы инвестиция көлемін 40%-ға, өңдеу өнеркәсібінің үлесін – 7,2%-ға, шикізаттық емес экспорт көлемін 16,7%-ға ұлғайту межеленіп отыр.

Бұған қоса, «Кәсіп жүргізу шарттарын жақсарту, бизнесті бақылауды және шығындарды азайту» жобасы аймақ үшін басымдыққа ие болып табылады. Жыл басында жалпы бюджеті 32 млрд. теңгеден асатын «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жол картасы» әзірленді. Оның ішінде 3 млрд. теңгеден астам қаржыны стартап-жобаларға бөлу жоспарлануда.

«Ағымдағы жылы шағын несиелендіру ісіне тек облыстық бюджеттің өзінен 1 млрд.теңге бөлінді, тағы 2 млрд. теңгені басқа қаржы көздерінен тартуды жоспарлап отырмыз. Өңірлік инвестициялық қор құны 500 млн. теңгеден асатын 171 жобаны мақұлдады»,-деді аймақ басшысы.

Бұдан бөлек, жұмыссыз және өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтардың жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыруы үшін 3 млн. теңгеге дейін қайтарымсыз грант беру үшін  облыстық бюджеттен 200 млн. теңге бөлу жоспарлануда.

«Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесінде республикалық жобалардан бөлек 33 инновациялық және бюджеттік, сондай-ақ, экономиканы цифрландыру жобасына бақылау жүргізілуде. «Hack Day», «Бейресми жұмыспен қамтуды заңдастыру», «Агробиржа», «Арбат» және басқа жобалар пилоттық режимде іске асуда.

Қызылордада Бақытжан Сағынтаев Астананы газдандыру жобасы бастау алатын "Қараөзек" газкомпрессорлық стансасының жұмысымен танысты. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың шілде айында Қызылорда облысында жоғары газкомпрессорлы "Қараөзек" стансасы іске қосылды. Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлеріне көгілдір отын жеткізу дәл осы станциядан бастау алады. Қызылорда облысы үшін бұл қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін тағы бір жоба.

Балық шаруашылығы қайтадан облыс экономикасының маңызды салаларының біріне айналуда. Тек соңғы 5 жылдың ішінде аймақта 4 балық өңдеу зауыты ашылды, балық өнімдерінің экспорты 8 есеге артты. Саланың дамуы туралы Бақытжан Сағынтаевқа "Арал балықөңдеу зауыты" ЖШС аралау кезінде баяндалды.

Арал ауданының жұртшылығымен кездесу барысында Солтүстік Арал жобасын жүзеге асыру, суармалы жерлерді жақсарту, ҚР Президентінің 5 әлеуметтік бастамасы аясында шағын несиелендіру ісін жетілдіру мәселелері талқыланды.

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  биыл республикалық және жергілікті бюджет есебінен «САРАТС-2» жобасының 4 бөлігін жүзеге асыруды бастадық. Олар – Қызылорда су торабына кешенді жөндеу жүргізу, қорғаныс бөгеттерін нығайту, өзен арнасын түзету және Қазалы ауданы бірлік елді мекенінің тұсынан көпір салу»,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Облыс әкімі Елбасының тапсырмасын уақтылы орындау мақсатында жобаның қалған 4 бөлігін іске асыруды жеделдетуді ұсынды.

Делегация барған келесі нысан "Аралтұз" АҚ болды. Айта кету керек, 2017 жылдың қорытындысы бойынша тұз өндіру көлемі 2012 жылға қарағанда 2,2 есеге артты, 2018 жылы өндірілген тұз көлемін өткен жылдың көрсеткіші секілді 25%-ға, ал 2021 жылы тағы да 2 есеге көбейту көзделуде. Сонымен қатар, отандық инвестор Қазақстанның даму Банкінің қолдауымен кальцийлендірілген сода шығару зауытын салуды жоспарлап отыр, құрылыстың бірінші кезеңі осы жылдың сәуір айында Арал қаласында басталады.

Нысан басында ҮИИДБ-2 бағдарламасы аясында аймақта жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Мемлекеттік индустриаландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында 6 мың жұмыс орнын қамтитын 620 млрд.теңгенің 26 жобасы жүзеге асырылуда. 2018 жылы 650 жұмыс орнының құрылуымен 102 млрд.теңгенің 4 жобасын: молибден үш оксиді өндірісі, шыны және тампонажды цемент зауыттары, сондай-ақ, балық өңдеу кәсіпорындарын іске қосу жоспарланып отыр. Экспортқа бейімделген және жаңа технологияларды қолданатын бұл өндіріс орындары еліміздегі алдыңғы қатарлы нысандар болады.

Сондай-ақ, жақын арада Қытай, Түркия және Иран мемлекеттерімен бірлесіп 301 млрд.теңгенің 5 инвестициялық жобасын іске асыру межеленіп отыр. Мұнда 3,4 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Шетелдік әріптестермен бірігіп тағы 9 инвестициялық  жоба жүзеге асады.

Естеріңізге сала кетсек, "Байқоңыр" кешеніндегі ұзақ мерзімді әріптестік тұжырымдамасының аясында   қаланың болашақ дамуы,  сонымен қатар шағын және орта бизнеске қатысты бірқатар ғарыштық бағдарламалар жүзеге асуда.

Сонымен қатар, "Восточный" космодромындағы ғарыш бағдарламаларының бөлігін "Байқоңырға" ауыстыру туралы шешім қабылданды. Қос тараптан 2022 жылы  жер серігі бар қазақстандық зымыран тасығышын ұшыру үшін  "Бәйтерек" бірлескен жобасын жүзеге асыру мерзімін жеделдету туралы келісілді.

Байқоңыр қаласының дамуын жаңа құрылыспен қатар, қолданыстағы инженерлік инфрақұрылым желілерін жаңғырту ісін Қазақстан тарапынан қаржыландыру механизмі бекітілді.  Мәселен, қаладағы ауыз су және кәріз желілерін жаңғыртуды республикалық бюджет есебінен жүргізу үшін олар жалдан шығарылып,  Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілді.

Байқоңыр қаласын газдандыру жұмыстары жалғасуда. Өткен жылдың қараша айында бірқатар тұрғын үй (447 пәтер), 5 мектеп және 1 балабақша көгілдір отынға қосылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының қаржысы есебінен 5 көпқабатты тұрғын  үйдің құрылысы басталды. "Байқоңыр" кешеніндегі тұтынушылар үшін электр энергиясын бағасын төмендету шаралары да жүруде.

Кездесу барысында қатысушылар Елбасы жолдауындағы негізгі бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы да айтты.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңір дамуының оң динамикасын атап өтіп, бағасын берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


БИЫЛ СЫР ӨҢІРІНДЕ 5 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.03.2018 09:26

Жаңа кәсіпорындарда 3,4 мың жұмыс құрылады. Биыл экспортқа бағытталған тағы 4 ірі өнеркәсіп өз жұмысын бастайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев және Үкімет мүшелеріне "Аралтұз" АҚ жұмысымен танысу барысында облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мәлімдеді.

Бұл "Хайси Дэшен сода саласы" қытайлық компаниясымен бірлескен кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт, тау-кен комбинатының құрылысы және ресейлік инвесторлармен бірлесе тұз өндіру зауыты, сондай-ақ, "Байқоңыр" ӘКК қатысуымен  жылына 1500 тонна өнім өндіретін құс фабрикасы және "Баласауысқандық" ванадий кен орнында ванадий бес окисінің өндірісін айына 50 тоннаға дейін ұлғайту.

"Осы жылы біз 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 301 млрд теңгенің 5 инвестициялық жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз" - деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким.

Айта кетейік, 2017 жылы аммоний метаванадаты экспортталатын елдер қатарына Ұлыбритания да қосылды, өткен жылы кәсіпорын экспорт көлемін 3,2 есеге ұлғайтты.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін өңірде  тағы 4 жоба іске қосылады.

"2018 жылы 102 млрд. теңгенің 4 жобасын іске қосуды межелеп отырмыз. 650 жұмыс орны ашылады. Бұл - молибден үш окисі өндірісі, тампонажды цемент және шыны шығаратын зауыттар, сондай-ақ, балық өңдеу цехы. Бұл еліміздегі ірі өндіріс орындары, экспортқа бейімделген және жаңа технологияларды қолданатын кәсіпорындар болады", - деді Евгений Ким.

Сонымен қатар, Қытай, Иран, Түркия және Татарстан елдеріндегі шетелдік әріптестермен 9 бастамалы инвестициялық жобаны бірлесе жүзеге асыру жоспарлануда.

"Қытай тарапымен 5 жобаны: күн панелдері, смартфондар мен планшеттерге арналған аса жұқа әйнек өндірісі; күн және су электрстанцияларының құрылысы; тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін және жарылғыш заттар шығаратын зауыт салу жоспарлануда.  Түрік елімен 3 жоба, оның ішінде "Юлдызлар ССС холдинг"  компаниясымен қуаттылығы 138 мВт болатын газ поршенді электр станция мен керамикалық плита шығаратын зауыт құрылысы, сондай-ақ, түркиялық "Tat" компаниясымен бірігіп томат пастасын өндіруді жүзеге асырамыз. Ал, ирандық инвесторлармен құны шамамен 1 млрд.теңге болатын ет комбинатының құрылысын жүргізу мәселесі қаралып жатыр", - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


СӘУІР АЙЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КАЛЬЦИЙЛЕНДІРІЛГЕН СОДА ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.03.2018 09:20

«Аралтұз» АҚ-на қарасты «АралСода» бірлескен кәсіпорнында 700 жаңа жұмыс орны құрылады. «Аралтұз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Мұқашев ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев пен Үкімет мүшелері кәсіпорынға барған кезде мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың сәуір айында жобалық құны 93,5 млрд. теңгені құрайтын және жылдық қуаттылығы 300 мың тонна болатын кальцийлендірілген сода зауыты құрылысының бірінші кезеңін бастаймыз. Ірі жобаны жүзеге асыруға қытайлық «Хайси Дэшен сода саласы» трансұлттық компаниясы шақырылып, «АралСода» ҚҚ БК» ЖШС құрылды», - деді Дәурен Мұқашев.

Бұл зауыттан шығарылған кальцийлендірілген сода елдегі осы өнімге сұраныстың 75 пайызын қамтитынын мәлімдеді.

«Қазіргі кезде еліміздегі кальцийлендірілген сода нарығы 100 пайыз Ресейден импортталатын өніммен жабылады, оның жылдық көлемі - 400 мың тонна. Кәсіпорынды іске қосу кезінде 700 жаңа жұмыс орны құрылады. Шығарылған өнімді тұтыну және қазақстандық қамту үлесін ұлғайту мақсатында бірқатар кәсіпорындармен келісім жасалды», - деп атап өтті Дәурен Мұқашев.

Жобаны жүзеге асыру «Қазақстанның Даму банкі» арқылы қаржыландырылады.

«Инженерлік инфрақұрылым жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу ісі аяқталып қалды. Қазіргі кезде Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп «БЖК-2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық нысан жүргізу үшін Ұлттық экономика Министрлігіне құжаттар топтамасын ұсынып жатырмыз»,- деді «Аралтұз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Бақытжан Сағынтаев Арал маңындағы балық және азық-түлік өнеркәсібінің дамуымен танысты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 17:54

Бүгін Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Арал ауданында «Аралтұз» цехтары мен Арал қаласындағы балық өңдеу зауытының мысалдары негізінде балық және азық-түлік өнеркәсібінің даму қарқынымен танысты.

Арал маңында балық өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Қызылорда облысында 22 балық өңдеу кәсіпорны бар, оның ішінде Еуропалық Одаққа — 4, Қытайға — 3, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне — 9-ы өнім экспорттайды.

Анықтама: ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтеріне сәйкес өткен жылы балық және балық өнімдерін экспорттау көлемі $56,5 млн құрады, басқаша айтқанда, қазақстандық балықтың ⅔ экспортқа жіберіледі. Сонымен бірге, Қызылорда облысының экспортқа қосқан үлесі $12 млн асты (3500 т).

Бақытжан Сағынтаев қуаттылығы жылына 6 000 тонна болатын «Арал балық өңдеу зауытының» өндірісімен танысты. Дайын өнім Ресей, Қытай, Польша, Голландия, Германия, Дания, Грузия, Әзербайжан және Өзбекстан нарықтарына экспортталады.

Күннің екінші жартысында Бақытжан Сағынтаев «Аралтұз» АҚ зауытының мысалында өңірде ИИДМБ жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты.

Жақсықылыш ауылында йодталған тұз шығаратын жалғыз зауыт және ел аумағындағы ең ірі тұз өндіру және өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді.

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аралтұз» компаниясы ас және техникалық тұзды өндіру бойынша екі испан цехын іске қосты. Бірінші цех еуропалық технология бойынша жұмыс істейді және йод қоспалары бар ас тұзының тоғыз түрін шығарады. 2016 жылы техникалық тұз өндірісін кеңейту мақсатында екінші испан желісі — полимерлік цех сатып алынды. Зауытты қайта құру еңбек өнімділігін екі есеге арттыруға және жұмыс орындарымен 1200-ден астам адамды қамтамасыз етуге, жұмысшылардың жалақысын 60%-ке арттыруға мүмкіндік берді. Өндіріс және өткізу көлемі үш есеге жуық өсті, ал экспорттық өнім үлесі 65%-ке жетті.

Анықтама: 2017 жылы «Аралтұз» АҚ 3,5 млрд теңгеге 332 600 т өнім өндірді. Өткен жылы экспорт көлемі 212 600 тоннаны құрады. Биылғы жылдың қаңтар–ақпан айларында өндіріс көлемі 58 200 тоннаны (637 млн тг), экспорт 44 400 т (981,2 млн тг) құрады.

Сондай-ақ, аралау барысында «Аралтұз» директорлар кеңесінің төрағасы Д. Мұқашев кальций қосылған сода өндіру бойынша жобаны іске асыру басталғаны туралы айтты.

www.primeminister.kz

 


2018 ЖЫЛЫ СОЛТҮСТІК АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІН ІСКЕ АСЫРУ БАСТАЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 17:48

Биыл Қызылорда облысында "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау" (САРАТС) жобасының алғашқы 4 бөлігі іске асырылады. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Арал ауданында өткен жиын барысында хабарлады.

Жобаның бірінші кезеңін іске асыру теңіз бен Арал қаласының арасын 100 шақырымнан 17 шақырымға дейін қысқартуға, бұрын жоғалып кеткен балықтың 22 түрінің теңізге қайта оралуына мүмкіндік берді. Биыл "САРАТС" жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру жұмысы басталады.

"Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл республикалық бюджет есебінен «САРАТС-2» жобасының 4 бөлігін жүзеге асыруды бастадық. Олар – Қызылорда су торабына кешенді жөндеу жүргізу, қорғаныс бөгеттерін нығайту, өзен арнасын түзету және Қазалы ауданы Бірлік елді мекенінің тұсынан көпір салу»,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Облыс әкімі Елбасының тапсырмасын уақытылы орындау мақсатында жобаның қалған 4 бөлігін іске асыруды жеделдетуді ұсынды.

Айта кетейік, Елбасының бастамасы бойынша 1993 жылы 26 наурызда құрылған Халықаралық Аралды құтқару қоры 2018 жылы өзінің 25 жылдығын атап өтуде. Қордың құрылған күні - 26 наурызды - "Арал теңізі" күні деп атап өту туралы шешім қабылданды.

"Мемлекет басшысының жасампаз бастамаларын жалғастыру мақсатында өткен жылы Қызылордада тұрақты даму халықаралық форумы өтті. Форумда 26 наурыз – «Арал теңізі» күні болып жарияланды. Бірнеше күн бұрын облыста теңізді құтқару ісіне өзіндік үлесін қосқан эколог-ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен мерекелік шаралар өтті. Елбасының халық арасында "ғасыр жобасы" аталған САРАТС жобасын жүзеге асыру туралы дер кезінде қабылдаған тарихи шешімінің нәтижесінде Арал теңізінің солтүстік бөлігі сақталып, жергілікті халықтың өмірі жақсарды" - деп атап өтті аймақ басшысы.

2003 жылы теңіз бен қаланың аралығы 70 шақырым болса, қазір бұл қашықтық  17 шақырымға дейін азайды. 15 жылда Арал ауданында балық аулау көлемі 83 есеге артты, егер 2003 жылы 83 тонна балық ауланса, 2017 жылы 6 934 тонна су маржаны ауланды. Бұрын 7 ғана балық түрі болса, өткен жылы олардың саны 22-ге көбейді. Қазіргі кезде облыста 8 жұмыс істеп тұр, оның 4-уі соңғы 5 жылда салынған.

Аралдың жандануы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді. Өнеркәсіптік кәсіпорын саны үшеуден  жетіге көбейді.  2003 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 874 болса, 2017 жылы олардың қатары 3266 бірлікке артты. 2003-2017 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлер саны 2 есеге (9,1 мың ш.метрден 19,2 ш.метрге) өсті.

Әлеуметтік нысандар - мектеп, ауруханалардың саны да артты. 15 жылда Арал ауданында 29 медициналық мекеме және 31 мектеп салынған. 2003 жылы 7 балабақша болса, қазір 52 бөбекжай жұмыс істейді. Қазіргі кезде Арал ауданында 78 мың адам тұрып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қызылорда облысына іс-сапармен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметтік делегация келді. Құрамында ҚР ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, Инвестиция және даму, ұлттық экономика, Ақпарат және коммуникация министрлері, сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компания және даму институттарының басшылары бар.

Сапар барысында Бақытжан Сағынтаев және делегация өкілдері облыс активі және кәсіпкерлері, сонымен бірге әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті. "Қараөзек" газкомпрессорлы стансасында болып, Арал ауданындағы "Аралтұз" АҚ және балық өңдеу зауыттарының жұмысымен танысты. Осында қоғам өкілдерімен кездесу өтіп, Солтүстік Арал жобасын іске асыру, суармалы жерлер және ҚР Президентінің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында шағын несие беруге байланысты сауалдарды талқылады. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласы және ғарыш кешенінің жұмысымен танысады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


МЕМЛЕКЕТ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 16:25

Туби ИБРАЕВА,

Арал ауданының кәсіпкері:

Биыл жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы болып бекітіліп отыр. Мен 2015 жылдан бастап жеке кәсіппен айналысып келемін. 125 орындық жеке балабақшам бар. Аудандағы жұмыссыздықты азайту мақсатында 35 адам жұмыспен қамтылып отыр. Балабақша үштұғырлы тіл саясаты бойынша тәлім-тәрбие береді. Өңірлік инвестициялық қордан балабақшаны жабдықтау үшін 7 пайызбен 10 миллион теңге несие алдым. Несие алу барысында ешқандай кедергі болмады. Сондықтан кәсіп бастағалы жүрген азаматтарға несие алып, кәсіп бастауға кеңес беремін. Алдағы уақытта осы несиені жауып, қайта алып, бизнесті дамытқым келеді. Мен үшін бұл өте тиімді және мүмкіндігі зор бастама болды.

 


САРАТС жобасының екінші кезеңінен күтеріміз көп PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 16:16

Нұртай ӘБЕНОВ,

Арал ауданындағы «Жамбыл» өндірістік кооперативінің балықшысы, III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері:

 

Ата кәсібіміз балық шаруашылығында жұмыс істеймін. Арал теңізінің тартылуына байланысты қиындықтар туындады. Ал, қазір теңіз көлемі ұлғайып, балықшы қауымның жұмысы жанданып, жақсы дәрежеде жұмыс істеудеміз. Теңізіміз орнына келіп, қуанышқа кенеліп, балықшылардың әлеуметтік жағдайлары жақсарып, жақсы жаңалықтарға ие болып жатырмыз. «САРАТС» жобасының екінші кезеңі басталады деген хабарды естіп, біз балықшы қауым өте қуаныштымыз. Енді Арал теңізінің жағдайы бұдан да жақсы болып, теңіз қалпына келсе дейміз. «САРАТС» жобасынан үміт мол, балықшылар қауымы болып, жалпы ел-жұрт болып, жақсы жақсы игі істерді күтеміз.

 

 


Үкімет басшысы «Қараөзек» станциясына барды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 16:03

Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Қараөзек» компрессорлық станциясына барды, онда Премьер-Министр Президенттің бесінші әлеуметтік бастамасы – «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» шеңберінде «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылыс жоспарымен танысты.

Қараөзек станциясы Қазақстан кен орындарының батыс топтарынан (Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз, Жаңажол және Өріктау газы) табиғи газды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін Бейнеу-Бозой-Шымкент газ магистралды жүйесінде жұмыс істеуге бағытталған. Зауыттың өнімділігі жылына 10 миллиард текше метрді құрайды, бұл көрсеткішті болашақта жылына 15 миллиард текше метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Биылғы шілде айында «Қараөзек» компрессорлық станциясынан «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағытында 2,7 миллион адамды табиғи газбен қамтамасыз ететін «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы басталады.

Анықтама үшін: Бірінші кезеңде ұзындығы 1081 шақырым «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Астана» бағыты бойынша магистральдық газ құбырының құрылысы жоспарланған. Екінші кезеңде ұзындығы 276 шақырым болатын «Астана – Көкшетау» газ құбыры тартылады. Үшінші кезеңде - 177 шақырым болатын «Көкшетау – Петропавл» учаскесі және соңғы төртінші кезеңде аталған газ құбырынан газ тұтынудың болжамды ұлғаюын есепке ала отырып, магистралды газ құбырының өткізгіштік қуатын жылына 3 млрд текше метрге дейін жеткізу үшін «Жезқазған» және «Теміртау» компрессорлық станцияларын тұрғызу жоспарланған. Магистралды газ құбырын толтыру және тұтынушыларды газ жеткізумен қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана әкімдіктері 2019 жылдың шілдесіне дейін газ құбырының аяқталуын синхрондау арқылы газ тарату желілерін жобалайды.

Сондай-ақ бұл жоба магистралды газ құбыры бойындағы инфрақұрылымды белсенді дамытуға, табиғи газды пайдалануға қатысты жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Сапар барысында «Қызылорда-Жезқазған» автожолын дамыту перспективалары да қаралды.

 


ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 15:57

Бүгін 29 наурыз күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында білім ордасының жұмыс барысымен танысты.

80 жылдан астам тарихы бар университет бүгінде бакалавриаттың 62, магистратураның -30 және докторантура бойынша 9 білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауда. Бүгінгі таңда университет институционалдық аккредиттеуден және 80 мамандық бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өткен.

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі өткізген Ұлттық рейтингте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 9 орынға ие болды. Сонымен қатар, университет Дамушы Европа және Орта Азия елдері университеттерінің QS “EECA” рейтингі нәтижесінде 2018 жылы Үздік 300 университет тобына енді. Университке 2017 жылдың қорытындысы негізінде Евразиялық экономикалық одақтың «Признание» халықаралық премиясы берілді.

Бүгінгі күні үштілде мамандар даярлау бакалавриаттың 16 мамандығы бойынша жүргізілуде. Университет 2018 жылғы ақпан айында ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің аккредиттеуінен өтті.2017 жылдың 4 мамырында университетте “Бизнес-Старт” инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығы ашылды. Казіргі уақытта бұл Бизнес - инкубаторда 17 жоба бойынша 50 студент өз кәсіптерін ашып, жұмыс жүргізуде.

Университеттің ғылыми-педагогикалық қызметті 501 профессор-оқытушы жүргізеді. Оның ішінде 18-і ғылым докторы, 204-і ғылым кандидаты, 15-PhD докторлар. Ал магистрлік дәрежесі бар оқытушылар саны 189-ды құрайды. Білім ордасының компьютерлік бағдарламалар-мен қамтамасыз ету бөлімі құрған «Е-универ» электрондық университет жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйе университеттің барлық құрылымдық бөлімдерінің жұмыстарын автоматтандырумен қатар, қашықтықтан оқыту технологиясы және ашық білім беру ресурстары арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруда. Сонымен қатар, 2017 жылдың 11 тамызында CISCO (Циско) академиясы ашылды.

Университет білім беру қызметінде 10 оқу ғимаратын, 5 жатақхананы, Студенттер сарайын, 7 асхананы, «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенін, оқу-әскери полигонын, ғылыми-техникалық кітапханасын, 4 шеберхананы және оқу-зертханалық жылыжайды қолдануда.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа университеттің интерактивті мұражай концепциясы, Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандықтарына қорғау мен шабуылға арналған комплекс және Бизнес инкубатор жобалары таныстырылды.

 


Б.Сағынтаев Қызылорда облысының әлеуметтік сала қызметкерлерімен Президенттің Бес бастамасын жүзеге асыруды талқылады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 15:56

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мәселелері бойынша білім  беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамаларын ашатын жаңа мүмкіндіктері: қолжетімді баспана, салық салуды төмендету, студенттерге арналған жаңа пакет – қосымша гранттар мен жатақханалар, микрокредиттеуді кеңейту, тұрмыс сапасын жақсарту үшін жаңа газ құбырларын тарту және өңірлерде бизнесті дамыту толықтай қаралды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру аясында инфрақұрылымды жаңғырту, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және саланы ырықтандыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев берілген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін Үкіметтің барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өтті. Бес бастама бойынша нақты іс-шаралар мен орындалу мерзімін қамтитын Жол картасы іске қосылуда. Барлық іс-шаралар 2022 жылға дейін жүзеге асырылмақ. Қазіргі уақытта олардың орындалу тетіктері толықтай пысықталуда -  наурыз айының соңына дейін қажетті заңнамалық өзгерістер жасалады.

Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек қазақстандықтарға тиімді шарттармен баспана беру бойынша қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ететін «7–20–25» бағдарламасының жасалуы, іске қосылатын мерзімі мен қатысу шарттары туралы мәлімдеді.

Білім және ғылым  вице-министрі Т.Ешенқұлов  білім беру мәселелері және жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, студенттік жастардың тұрмыс жағдайын жақсарту жоспарлары туралы баяндама жасады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Әлтаев «Микрокредиттеуді кеңейту» Төртінші бастамасы аясында берілетін жаңа мүмкіндіктерді түсіндірді.

Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көтеру үшін  салық жүктемесін төмендету туралы айтты.

Талқылау барысында «Болашақ» университетінің ғылыми басшысы Б.Досманбетов, жырау А. Алматов, облыстық медицина орталығының дәрігер-хирургы Н. Амитов, облыстық музыкалық драма театрдың көркемдік жетекшісі А. Хусейн пікір білдірді.

primeminister.kz

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары