Өзекті мәселелер

  • 20.09.18

    Биыл облыс экономикасының бәсі жоғарылайтын, негізгі көрсет­кіштердің көбеюіне қолайлы жыл. Өндіріс ошағына айналмағанымызбен, өнім өндіру мен экспорттауда алдыңғы қатарда тұрғанымыз рас. Өңірімізде соңғы жылдары көптеген зауыттар мен өндіріс ошақтары салынуда. Солардың қатарында молибден өндіру, балық өңдеу, цемент және шыны зауыттары да бар. Әрине, бұл төртеуі де – аймақтық индустрия­ландыру ...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    КӨНЕ  ҚАЛА  мен  ЖАҢА  ҚАЛА

    Біздің дәуірімізден әрі асатын шежіре-тарихы бар Сақтар мәдениеті көм­бесінің бір бөлігі Сыр бойында жатыр. Ашық аспан астында ата-баба аманатын арқалап, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-VІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Шірік-Рабат, Бәбіш молда, Бұланды, Сығанақ тарихи-мәдени ескерткіштері бүгінде көздің қарашығындай мемле...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Ұшы-қиыры жоқ ну орман жым-жырт тыныштық құшағында мүлгіп тұр. Желмен тербелген зәулім талдар­дың жапырағынан күн көзі зорға көрінеді. Айнала өзгеше, рақат күйге бөленгендей. Табиғаттың дәл осы сәттегі ана уызына тойып маужыраған нәресте тектес кейпіне қарап маңай­да қанды қырғын соғыс жүріп жатыр десе, сенбес едіңіз. Алайда амал қан­ша?! Бірін-бірі жыртқыштан бетер жұлмалап, қыршын боздақтарды...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Тағдыр тауқыметі болар, Аяулым анасынан ерте айы­рылды. Бар-жоғы 7 жасында ең ардақтысынан көз жазып қалды. Әкесі мен әжесі шешесін жоқтатпаса да, періште көңіл ананы аңсап тұрады емес пе? Күніге кешкілік жатар алдында ақ сүтін беріп аялаған аяулысының қойнында ұйықтайтын сәттерін еске алғанда, көзіне еріксіз жас келе­тін. Бала ғой. Енді ғана мектепке­ барды өзі. Сыныптастарын аналары әкелгенде...

    Толығырақ...
  • 20.09.18

    Леннокс Льюис, аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы:

    - Жекпе-жек тең болды деген ойда едім, бірақ Головкин мықтырақ көрінді және екі раундта басым болғандай. Екі боксшы да барлық күшін рингте сарп етті! Жеңісті екеуіне де беруге болатын раундтар болды. Тамаша жекпе-жек! Ең мықты екі боксшыны да көрдік. Екеуін де сыйл...

    Толығырақ...
Наурыз 2018

СОҢҒЫ 17 ЖЫЛ ІШІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ АУЛАУ КӨЛЕМІ 20 ЕСЕГЕ ӨСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 15:52

2000 жылмен салыстырғанда балық аулау көлемі 20 есеге өсті, өткен жылы ауланған 8740 тонна балықтың 3410 тоннасы экспортқа жіберілді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі мен Үкімет мүшелерінің Арал ауданындағы балық өңдеу зауытының жұмысымен танысу барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов мәлімдеді.

Бүгінгі таңда облыста жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан аса өнім шығаратын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді, оның 4-і соңғы 5 жылда салынды. Сондай-ақ, «еврокод» белгісі бар 4 зауыт өнімін экспортқа шығарып отыр. Мәселен, өткен жылы 3410 тонна балық өнімі 9 мемлекетке - Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Польша, Голландия, Дания, Германия және Қытайға экспортталды.

"Мемлекет Басшысының бастамасымен іске асқан «ғасыр жобасы» - "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау" (САРАТС-1) жобасы балық шаруашылығын жандандыруға және дамытуға мол мүмкіндік берді.  Қазір  балық аулау көлемі 2000 жылмен салыстырғанда 20 есеге артты, 2017 жылы 8740 тонна ауланды", - деді Серік Қожаниязов.

Сонымен қатар, балық өңдеу зауыттарын қосымша шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында өңірдің аквамәдениетін дамыту жұмыстары жүруде. Өткен жылы облыстағы 10 шаруашылық 107 тонна тауарлы балықтар өсірді, биыл бұл көрсеткішті 130 тоннаға дейін көбейту жоспарланып отыр.

Айта кету керек, жергілікті кәсіпкер Аманбай Ерхатов 2016 жылы Ульяновск облысы, Димитровград қаласында (Ресей Федерациясы) Арал балығын өңдейтін зауыт салды. Бұл зауыттың балық өнімдері Мәскеу және Санкт-Петербургтің сауда орындарында сатылуда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


«Шағала» лагерін су басты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 15:48

Ағымдағы жылдың 29 наурызында 10 сағат 30 минутта Қазалы ауданы Абай елді мекені тұсында Сырдария өзені арнасында мұз кептілуі әсерінен судың деңгейі 70 см көтерілген, соның салдарынан Сырдария өзеніндегі қорғаныс бөгетінің 3 жерін су жырып кеткендіктен, «Шағала» жазғы балалар лагерін су басты (лагерьдің жалпы көлемі – 29 гектар). Су басқан орын мен Қазалы қаласы шеткі аймағындағы қорғаныс бөгетіне дейінгі ара қашықтық 1,5 шақырымды құрайды.

Қазіргі таңда су деңгейін төмен түсіру және қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру үшін Басықара су торабының қақпағы жабылды. Сонымен бірге тұрғындар құлақтандырылды және эвакуацияға дайын. 7 мың адамды қабылдай алатын жинақтау-эвакуациялық және қабылдау-эвакуациялық пункттері (Қазалы мәдениет үйі - №5 жинақтау-эвакуациялық пункті, Ақсуат ауылдық округі  №100 орта мектеп  -№6 қабылдау-эвакуациялық пункті, Әйтеке би кенті №165 орта мектеп  - №1 қабылдау-эвакуациялық пункті, Әйтеке би кенті №204 орта мектеп  – №2 қабылдау-эвакуациялық пункті, Әйтеке би кенті №5 кәсіби мектеп  - №5 қабылдау-эвакуациялық пункті) дайындыққа келтірілді. Төтенше жағдайлар департаментінің күш құралдары (32 адам мен 5 техника бірлігі), ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ (12 адам мен 3 техника бірлігі), аудандық ішкі істер бөлімінің (40 қызметкері мен 4 техника бірлігі), жергілікті атқарушы органнан (350 адам мен 11 техника бірлігі) тартылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

12 сағат 00 минутта мұз кептілісін жою мақсатында Сырдария өзенінде (Қазалы ауданы Абай елді учаскесі тұсында, 164 кг жару заттарын пайдалану отырып) жару жұмыстары жүргізілді.

12 сағат 45 минутта Сырдария өзеніндегі су деңгейі 40 см-ге төмен түсті.

 

Қызылорда облысы ТЖД

 


«Қайсар» жанкүйерлерін Астанаға алып барады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 14:29

«Қайсар» футбол клубының басшылығы команданың 31 наурызда елордада «Астанамен» өтетін кездесуіне қызылордалық жанкүйерлерді алып баруға арнайы автобус бөлетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жергілікті жанкүйерлер жолға 30 наурыз күні таңертең шығады. Олар мың шақырымнан астам қашықтықта орын тепкен Астана қаласына келесі күні жетеді деп күтілуде.

Команда басшылығы жанкүйерлерді «Астана Арена» стадионына тегін кіргізуге жағдай жасайды. Айта кетелік, бұл кездесу 31 наурызда Астана уақытымен сағат 16.00-де басталады», деп хабарлады команданың баспасөз қызметі. Алғашқы екі турда «Астана» өз алаңында Оралдың «Ақжайығын» 3:0 есебімен тізе бүктірсе, сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу» клубын 2:0 есебімен жеңді. Турнир кестесінде олар 6 ұпаймен көш басында келеді.

Ал «Қайсар» алғашқы 2 турда өз алаңында Ақтөбенің «Ақтөбесінен» 0:1 есебімен жеңіліп, Оралдың «Ақжайығымен» 1:1 есебімен тең ойнап, небәрі 1 ұпайға қол жеткізді. Қазір турнир кестесінде сегізінші орында тұр.  «Қайсар» былтырғы біріншілікте де Алматы, Тараз, Шымкент және Ақтөбе қалаларында өткен ойындарына өз жанкүйерлерін алып барды. Сол үрдісті биыл да жалғастыруды көздеп отыр.

 


ҚОРҚЫТ МҰРАЛАРЫ ЮНЕСКОНЫҢ ЖӘДІГЕРІНЕ АЙНАЛУЫ МҮМКІН PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 14:26

Қазіргі кезде Қорқыт ата мұралары мен Қызылорда облысындағы 9 мәдени ескерткіш ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұраларының тізіміне енді.

Облыстың мәдени мұра бойынша ғылыми-әдістемелік кеңесі аймақтың мәдени ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізу жұмыстарын жүргізді.

«2017 жылы Қорқыт мұралары мен тағы 9 ескерткіш - Сығанақ қалашығы, Жанкент, Кескен күйік, Шірік Рабат, Бәбіш мола, Жент, Баланды, Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері мен Сауысқандық петроглифтері ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіліміне енді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады»,- деп хабарлады  Қырымбек Көшербаев ҚР Премьер-Министрі мен облыс активі және кәсіпкерлерінің басқосуында.

Айта кету керек, мәдени мұраларды сақтау және қалпына келтіру - өңір дамуының басымдықтарының бірі. Мәселен, Қызылордада тараптарды келіссөздер жүргізу арқылы татуластыру тәжірибесін қайта жаңғыртып, еліміздегі алғашқы сотсыз татуласу орталығын ашу жоспарлануда.

"Қызылорда облысы ұлттық дәстүрлер сақталған өңір екендігін ескере отырып,  дәл біздің аймақта еліміздегі алғашқы «Сотсыз татуласу орталығын»  пилоттық жоба ретінде ашу туралы шешім қабылданды.  Өздеріңізге белгілі, Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев сотсыз татуласу институтын жетілдіріп, дауларды соттардың араласуынсыз шешу тетіктерін әзірлеуді тапсырған болатын. Бізде мұндай тәжірибе бар -  Нағи Ілиясов  аулындағы қоғамдық бірлестік құрамындағы ақсақалдар ауылдастар арасындағы дауды бейбіт жолмен шешіп келеді. Бұл тәжірибені тарату қажет", - деп атап өтті облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІ АШЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 14:25

Қазіргі кезде дарынды балалар үшін физика-математикалық бағыттағы мектеп құрылысының жобасы әзірленуде. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен аймақ активі және кәсіпкерлерінің кездесуінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев хабарлады.

«Физика-математикалық бағыттағы мектеп-интернаты пен 300 орындық жатақхана құрылысының жобасын әзірлеуге қаржы қаралды. Бұл дарынды балаларға, оның ішінде ауылдан шыққан жеткіншектерге арналған мектеп болады», - деп хабарлады облыс әкімі.

Үкімет басшысы бұл жобаның тек аймақ үшін ғана емес, тұтас мемлекет үшін маңызды екенін айтып, қолдау танытты.

«Физика-математика мектебін ашу – дұрыс шешім. Бүгінгі таңда біз  цифрландыру, индустриаландыру туралы айтамыз, ал, колледжер мен университеттерде негізінен гуманитарлық сала мамандарын дайындайды. Сондықтан мұндай мектеп керек», - деді ҚР Премьер-Министрі  Бақытжан Сағынтаев.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ 57 АПАТТЫ НЫСАННЫҢ ОРНЫНА 49 ЖАҢА ҒИМАРАТ САЛЫНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 14:24

Қалған 8 нысанның құрылысы алдағы 2 жылда аяқталады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен аймақ активі және кәсіпкерлерінің кездесуінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев хабарлады.

"Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдық апатты нысандар мәселесін шешу болып табылды. Соңғы 5 жылда 57 апатты нысанның 49-ы жаңадан салынып, жаңартылды. Қалған 8 нысанның құрылысын алдағы 2 жылда аяқтау жоспарланып отыр", - деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар, 2025 жылға дейін Бірыңғай перспективалық жоспарға сәйкес облыста 90 денсаулық сақтау нысанын, оның ішінде Сырдарияның сол жағалауынан 600 орындық көпсалалы аурухана, 2 ауданаралық, 1 аудандық және 3 ауылдық аурухана, 48 амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік бекет және 3 емхана салу көзделуде. Бұл ретте 59 нысан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бой көтереді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ШЕҢБЕРІНДЕ 66 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 12:21

Жобалар денсаулық сақтау, білім беру, көлік және автожолдар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және басқа да салаларда жүзеге асуда.  Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен аймақ активі және кәсіпкерлерінің кездесуінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев хабарлады.

"Мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында Қызылорда облысы бойынша құны 29 млрд. теңге 66 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 10 жоба бойынша МЖӘ келісімшарты жасалды", - деп хабарлады облыс әкімі.

Айта кету керек, өңірде кәсіпкерлер салған 400-ге жуық балабақша бар.

"Облыс бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған 394 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. 2015 жылы біз 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100%  қамтамасыз етіп, елімізде алғашқы болып "Балапан" бағдарламасын жүзеге асырдық. Қазіргі кезде аймақтағы балабақшалардың 71% мемлекеттік-жекешілік әріптестік негізінде жұмыс жасауда. Соңғы 5 жылда олардың саны 2 есеге өсті. Осылайша, біз бюджетті босатып, қаражатты басқа да әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағыттап келеміз", - деді Қырымбек Көшербаев.

Өз кезегінде, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысы алғашқылардың бірі болып мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жобаларды жүзеге асыруды бастағанын және аймақтың тәжірибесі өте табысты болғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қызылорда облысына іс-сапармен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметтік делегация келді. Құрамында ҚР ҚР Премьер-Министрінің Кеңсе Басшысы, Инвестиция және даму, Ұлттық экономика, Ақпарат және коммуникация министрлері, сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компания және даму институттарының басшылары бар.

Сапар барысында Бақытжан Сағынтаев және делегация өкілдері облыс активі және кәсіпкерлері, сонымен бірге әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті. "Қараөзек" газкомпрессорлы стансасында болып, Арал ауданындағы "Аралтұз" АҚ және балық өңдеу зауыттарының жұмысымен танысады. Осында қоғам өкілдерімен кездесу өтіп, Солтүстік Арал жобасын іске асыру, суармалы жерлер және ҚР Президентінің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында шағын несие беруге байланысты сауалдарды талқылайды. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласы және ғарыш кешенінің жұмысымен танысады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Қызылорда облысына жұмыс сапары: Б.Сағынтаев активпен және бизнеспен өңірді дамыту мәселелерін талқылады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 12:06

Елбасы тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрі Қызылорда облысына барды. Сапардың мақсаты – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен Бес әлеуметтік бастамасы аясында берген тапсырмаларының жүзеге асырылу барысымен танысу.

Бүгін Бақытжан Сағынтаев 2018 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты индикаторларына қол жеткізу бойынша облыстың Жобалық бақылау жұмыстарының жүйесі және Мемлекет басшысының Жолдауларын іске асыру мәселелері бойынша өңір активімен, аудан әкімдерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Елбасының өсімнің жаңа моделін қалыптастыру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды, ол үшін экономиканың барлық маңызды бағыттары бойынша жобалық басқару жүйесі енгізілді. Бұл — жаппай кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялар тарту, индустрияландыру, АӨК, өнімді жұмыспен қамту, цифрландыру, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу. Әрбір жоба бойынша мақсатты көрсеткіштер белгіленген.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің жобалық басқаруы аясындағы жаңа жаһандық шынайылық жағдайында экономиканың сапалы әрі тұрақты өсімін қамтамасыз етуге қажетті атқарылып жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ негізгі мақсатты индикаторлар туралы баяндады.

Кездесу барысында Қызылорда облысы экономикасының құрылымдық трансформациясын қамтамасыз ету және сапалы әрі теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша ішкі қорларын анықтау және пайдалану жоспарлары қаралды. Осы мәселеге қатысты өздері жауапты бағыттар бойынша ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев сөз сөйледі.

Талқылауға бизнес өкілдері де қатысты. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Э. Жұмағазиев жобалық басқару міндеттерін іске асыруға бизнесті тартудың басымдықты бағыттары туралы айтып берді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікті дамыту Үкіметтің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Бұл — еліміздің экономикалық өсімінің жаңа моделін құрудың басты бағыты. Осыған орай Үкімет кәсіпкерлік ахуалын жақсарту және ШОБ субъектілерінің іскерлік белсенділігін ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр.

Анықтама: Бүгінгі таңда лицензиялар мен рұқсаттар саны 3 еседен астамға қысқартылды. Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларына тексеріс жүргізілді: бақылаудың 25 саласы және қадағалаудың 3 саласы алынып тасталады. ШОБ субъектілерін тексерудің 17,6 мыңнан астам талаптары қысқартылды, мемлекеттік органдарға есептер мен ақпараттың әртүрлі түрлерін ұсыну бойынша бизнеске қойылатын ақпараттық талаптар саны 30%-ке азайды.

Бизнеске қолайлы жағдайлар жасау мен қайта реттеуге бағытталған заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарына қойылатын 30-дан астам ескірген санитарлық ережелер жойылады. Салықтық тексерістер саны 40%-ке азаяды.

Отандық бизнесті дамытуға қолдау көрсету мақсатында Мемлекет басшысы «Шағын несие беруді көбейту» төртінші әлеуметтік бастамасын жария етті. Бұл мақсатқа қосымша 20 млрд теңге бөлінеді (ауылдық жерлерде несие беруге — 14 млрд теңге, қалаларда несие беру үшін — 6 млрд теңге).

Президенттің тапсырмасына сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен халықтың экономикалық белсенді емес топтарын экономиканы дамытуға тарту жөніндегі тапсырмаларын орындауға, сондай-ақ цифрландыру мен автоматтандыруды ескере отырып мамандарды даярлау және қайта даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.  Облыстың кадрлық әлеуетін нығайту, жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, бес әлеуметтік бастама шеңберінде студент жастардың жатақханадағы жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар қаралды.

Талқылауды қорытындылай отырып, Бақытжан Сағынтаев Үкімет бизнесті дамытуға не кедергі келтіретінін, шешімін табудың қандай жолдары бар екенін және қалай көмектесуге болатынын білуі қажет екенін айтты. Жобалық басқару бизнес және мемлекеттік органдарға үнемі байланыста болуға, кәсіпкерлікті дамытудың мәселелерін шұғыл шешуге, сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдауға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, жаңа өндіріс орындарын ашу мен бизнесті неиселендіру тұрғысынан нарық қажеттіліктеріне талдау жасау қажеттігі көрсетілген.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесуі, Индустриялық-инновациялық даму, АӨК мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде және экономиканы әртараптандыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан бірқатар өнеркәсіптік және аграрлық кәсіпорындарды аралау, сондай-ақ, ғарыш саласының дамуымен, Байқоңыр қаласының инфрақұрылымы мен ғарыш айлағымен танысу жоспарланған.

Арал маңында Арал өңірінің активі мен жұртшылығымен Солтүстік Арал жобалары мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру мәселелері кездесу өткізіледі.

Барлық құқығы қорғалған.

primeminister.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде primeminister.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

primeminister.kz материалдарын пайдалану кезінде:

– басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.primeminister.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.

– Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.primeminister.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

 

 


Қызылордадағы атысқа қатысы бар 3 күдікті ұсталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
29.03.2018 11:54

Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі бойында жәбірленушінің қайтыс болу дерегіне күдікті 3 тұлға ұсталып, Уақытша ұстау абақтысына қамалды. Күдіктілер өз кінәларын мойындап жауап берді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2, 3-бөліктері (бұзақылық) және 99-бабы 2-бөлігімен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


АЛПАУЫТТАР АРПАЛЫСЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
29.03.2018 11:32

Құрлықтың арғы бетіндегі АҚШ билігіне Дональд Трамп келген сәттен бастап әлем жұртшылығының пікірі шиеленісіп, Американың болашағына деген үміттері өше бастаған. Алақанынан ақшаның буы бұрқырап, саясаттан гөрі сауда мәселесіне бас қатырған миллиардер президент өз кандидатурасын ұсынған кезден бастап сауда мәселесіндегі реформаны қатаң сынға алды. Сол сәттен бастап-ақ екі ел арасындағы экономикалық саясатты тығырыққа тіреген де – осы президент. Алпауыт мемлекеттің 45-інші басқарушысы болып билік басына келгеніне бір жылдан астам уақыт болды. Бірақ бір мемлекетті ширек ғасырға жуық басқарған басшылармен қатар аты аталып, халықаралық саяси аренада «санкцияшыл» президент атағын алды. Көздегені мен көксегені темпераменті мықты Трамптың тұжырымынан анық байқалды.

Президенттікке үміткер болған сәтте-ақ «Президент қызметіне сайланғандағы бірінші әрекетім – жалақыдан бас тарту» деген сөзімен халықтың жүрегіне жақындаған ол кей елдерге саяси салқын көзқарас танытуын әлі қойған жоқ. Әсіресе, Қытай елімен экономикалық сауда қатынасының бәсекелестігіне көзқарасы алабөтен. Бұл жағдай шекаралас отырған Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

«Тала» десе бір-біріне тарпа бас салайы­н деп отырған алпауыт штат та, қытығына тисе, қылығына жауап бермей­тін Қытай да – қарулы күштері мықты, жауынгерлік жасағы қызыл оттың құшағына қойып кетуге тас түйін тұрған елдер. Алда-жалда сауда келіс­пеушілігі туындай қалса, жеңімпазды анықтау қиынға соғатын тәрізді. Америкалық саясаткерлердің өзі екі елдің арасында сауда-экономикалық кикіл­жіңдерге байланысты соғыс болуы мүмкін деп болжаған. Кейбір сарап­шылардың пікірі Вашингтонның экономикалық және әскери-саяси мүдде аймағ­ы Пекиннің Оңтүстік Қытай теңі­зі­не деген қызығушылығы соғыс қаупін туғызуы ықтимал дегенге саяды. Бұл Солтүстік Кореяның ықтимал қауіп-қатерін жоюға  бағытталған американдық зымыран жүйелерінің Оңтүстік Кореяда­ орналасуымен тығыз байла­нысты. Ал Қытай билігі Пентагонның өз шекарасына тікелей жақын орналасқан жерлерді нығайтуға қатаң түрде қарсылық білдіріп, американдық әскер­дің көздеген мақсаты Қытай жері екенін жақсы біліп отыр. «Ранда» корпорациясының «Америкалық анали­тика және талдау ұйымының» соңғы зерттеулері­нің беделді авторлары АҚШ пен Қытай арасындағы әскери қақтығыс күтпеген жерден басталуы мүмкін екенін үнемі айтып келеді. Өзінің діт­теген мақсаты мен  тұжырымы бар Трамп­ты  қызуқанды­  президент  ретінде бір жылдың ішінде танып үлгердік. Штат санының тым көптігіне байла­нысты  онда  билікке қарсы ереуілдер де жиі болады. Басым көпшілігі Трамп­тың ұстанған қағи­да­лары  мен  басты  бағыт­тарына  келіспейді. Оған қоса, сыртқы  қатынас пен сауда  кеңістігіндегі  мәселелер жергі­лік­ті  жұртты  титық­татып  біткен.

Германия басылымдарының мәлі­метінше, Трамп үкіметі 2001 жылы Қытайдың ДСҰ-ға кіруіне сол кездегі АҚШ үкіметі қате қолдау көрсеткен деп қарайды. Трамп үкіме­ті­нің көзқарасында, Қытайдың сол кездегі экономикалық жағдайы Бейжің билігін ДСҰ-ға кіруге мәжбүрледі. Бұл қадамдардың АҚШ пен Қытай сауда-саттық шиеле­ністерін күшейте түскенін айтады. Ал, Жапонияның «Sankei Shimbun» басылымы өзімшілдік саясатын ұста­натын Трамп үкіметі Қытаймен сауда тапшылығын шешу үшін пәрменді шаралар қа­былдайтын болады деп тұжырым жасап­, Корей  түбегі  шиеленісі рет­тел­се, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы тіпті де өрши түседі деп жазған. Германиядағы «Global Times» ақпарат агенттігі «Трамп билікке келгеннен бері, «мұсылман елдеріне қаратқан иммигр­ация саясаты­», Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындауы, Африка­ны құдық түбіндегі  құрбақаның  елдік теория­сына  балауы, Еуропа елдеріні­ң идео­ло­гияларын ұнатпауы, АҚШ-тың  өз  ішіндегі  қайшылықтар... қатарлы  қадамдарға  барды. Онда Қытай  мен Ресейге қарсы тұратын капита­л бар деп қарамаймын. Қазір, АҚШ пен Қытай арасында шиеленіс­тер мен жарылыстар тым көп, бірақ қырғиқабақ соғыстан бері алып қарайтын  болсақ та, АҚШ ұдайы Қытайға дәл осы кездегідей қысымды жасап келед­і» деген көз­қараста. Осы жағдайлардан АҚШ-Қытай арасында жаңа «сауда соғысы» тууы ықтимал. Рас, Трамп пен Ши Жинпиң басқарып отырған қос ел арасындағы дау-дамай дәл осы жылы өрши түседі деген болжамдар растала бастағандай. Дональдтың доқ көрсеткенінен сескенді ме, Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ үкіметі жолға қойып отырған қосымша кеден салығы саясаты­ әлемнің екі мемлеке­тінің арасында сауда­  соғысын тудырады деп қауіптеніп, кезектен тыс баспасөз конференциясын өткізді. Қытай СІМ өкілінің айтуын­ша, ресми Бейжің заң талап­тарына сай қадамдарды жасап­ келе жатқанын және заң жүзінде қысым­дардан қорғануға, АҚШ-пен қосымша кеден салығы мәселесі бойынша келіссөз  жүргізуге  әзір.

«IRNА» ақпарат агенттігінің мәлі­метінше, Трамп өзінің бизнес өкіліне алдағы 15 күннің ішінде АҚШ-тың жыл сайын Қытайдан 60 миллиард долларға импорттайтын тауарларының тізімін жариялауды бұйырды. Ақ үй Қытайды тауар өндіру үшін заңсыз жолдар­  арқылы АҚШ-тың технология­сына қол жеткізді, Американың 60 000 зауыты мен 6 млн жұмыс орнының жойылу­ына себеп болды деген кінә артып­  отыр.

Ши Жинпиңнің ұстараның жүзінде отырған елі Трампты қалай болса да тоқтатуға тырысуда. Себебі, ақша саясаты мен «сауда сырқатына» шалдыққан АҚШ билігі өзімен іргелес отырған­ мемлекеттердің өзін «тұншықтырып» тұр. Айтпақшы, АҚШ-тың Қытаймен арадағы импорты бұл елдің экспортынан артық. Соның салдарынан да болат­ пен алюминийге жаңа тариф енгізуді бұйырған болуы мүмкін. Ал алпауыттар арасындағы араздық салдарынан енгізі­летін кедендік салық Еуроодақ, Оңтүс­тік Корея, Канада, Мексика, Австралия, Бразилия және Аргентина елдерінен айналып өтеді. Демек, Қазақстан және ортақ одақтағы елдердің мұртын балта шаппайды деген сөз.

СЕМСЕР

 


 

 

Министрлер   мәлімдемесі

Данияр  Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:

- Ұлттық банк мемлекет басшысы айқындаған талаптармен «7-20-25» бағдарламасын іске қосады. Ең бас­тысы, ипотекалық кредиттерді секьюритилендірудің міндетті тетігімен екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекалық кредиттеудің нарықтық қағидаттарын пайдалану керек.

 

Ерлан  Сағадиев, ҚР Білім және ғылым  министрі:

- Жатақханалар құрылысын «Нұр­лы жер» бағдарламасына енгізу қажет. Университеттерде, әсіресе мемлекет­тік университеттерде қажетті аумақ бар, біз әкімшіліктерден жоғары оқу орындарын жер телімдерімен өз деңгейінде қамтамасыз етуді және тиісті байланыстар орнату мәселелерін шешу­ді сұраймыз.

 

Жеңіс  Қасымбек,  Инвестициялар  және даму  министрі:

- Тамақ өнеркәсібі мен агроөнер­кәсіп кешенінің өнімдері шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Экспорттың жалпы көлемі 1,6 млрд долларды құрады. Атап айтқанда, ет және құс өнімдерін Ауғанстанға, Біріккен Араб Әмірлігі мен Иранға, өсімдік майы мен балды Қытайға экспорттау басталды. Жыл сайын 380 экспорттаушы қаржылық және сервистік қолдауға ие болады.­

 

(Үкімет  сағатынан)

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Наурыз 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары