Өзекті мәселелер

  • 21.06.18

    Ұлы Жібек жолының бойында орналас­қан көне қалаға жаңа атау берілді. Оңтүстік Қазақстан облысы бұ­дан былай Түркістан облысы деп аталады. Орталығы – Түркістан қаласы. Бұл тарихи шешімді бүрсі­гүні Ел­басы ресми түрде мә­лімдеді.

    Ақордада «Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақты...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналғандай. Жыл сайын парақорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары қанша кү­шейтілсе, керісінше қылмыстық фактілер де солай көбейіп барады. Әкім­дік­тердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген түрлі іс-шаралары да, экс-премьер-министр, министр мен әкімдердің қолына салынған кісен де парақорларды тоқтата алм...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Нақты жұмыстардың нәтижесі сұралатын уақыт жетті. Бұл облыстағы кәсіп­керлік саласына қатысты. Өткен  сенбіде Жаңақорған, Шиелі  аудандарында  өткен көшпелі  жиында облыс  әкімі  Қырымбек  Көшер­баев өңірдегі кәсіпкерлік са­ласының даму барысын назарға­  алды.

    Мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдері қатысқан жиында аймақ  басшысы:

    ...
    Толығырақ...
  • 21.06.18

    «Оның бүркеншік аты – Пеле. Футболды жақсы көретін, жанын сала ойнайтын. Жылдамдығында шек жоқ. Осыдан 50 жыл бұрын, 19-20 жасымызда Алматы мемлекеттік консерваториясында Төлепберген Әбдірашевпен бірге бес жігіт бір бөлмеде тұрдық. Ауылдан келгенбіз. Қалтамызда тиын-тебеніміз де аз болды. Ішіміздегі ең пысық, ең жылдамымыз Төлепбереген еді. Вокзалға бару керек, троллейбусқа ақша керек деген сын...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Азаттық таңымен бірге келген тарихымыздағы көптеген ақтаңдақтарды ашу, көмескіленген ұлттық сананы жаңғырту сияқты үлкен міндеттерді жүзеге асыруда­ көрер көз, сезер жүрек болса, қаламгерлеріміз атқарған істер аз емес. Жаңа тарих үдесінде өмірге бітімі бөлек көркем дүниелер келе бастады. Олар кейде жаңа өмір көктемінің алтынкүрек өкпегіндей еді. Сондай туындылардың бірі – жазушы Сайлаубай Жұбат...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 03 Сәуір 2018

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА БОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.04.2018 10:15

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Балайым Кесебаева, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Фахриддин Қаратаев жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына келді. Халық қалаулылары ең алдымен «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті.

Тұрғындардың түрлi мәселелеріне, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың өтініш-тілектері бойынша қабылдау жүргізді.

Сонымен қатар, жаңадан салынып жатқан аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының құрылысымен, «Өркен әлем» ЖШС тігін цехының жұмысымен, «Бағдаулет-57» шаруа қожалығының мал бордақылау алаңы жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, халық қалаулылары Аққұм ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, Елбасы Жолдауы мен Үндеуі ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдар екендігі жөнінде айтып өтті.

Аудан тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салса, өз кезегінде мәжілісмендер Жалағаш ауданындағы келелі, ауқымды істер одан әрі өз жалғасын табуына тілек-ниеттерін білдірді.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

 


БІЛІМ ДОДАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.04.2018 09:52

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы мен М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар академиясының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ыбырай Алтынсарин шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген «Кел, балалар, оқылық!» атты байқауда «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша №31 мектеп-гимназиясының оқушысы Ева Грищенкова жүлделі І орынды иеленіп, ерекше шығармашылық дарынымен көзге түсті.

Сондай-ақ аталмыш мектептің оқушысы Жахат Еркебұлан «Orda Junior-2017» облыстық ғылыми жобасында жүлделі І орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Нәтижесінде, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының ұйымдастыруымен ғылымға ден қойған жас ұрпақты қолдау мақсатында өткізілген «Жас ғалым-2018» републикалық мектеп оқушылары арасында ғылыми жоба байқауында ІІ орынды иеленді.

Ал, орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша аудандық және облыстық кезеңдерден жеңіс тұғырынан көрінген №31 мектеп-гимназиясының оқушысы Братислав Сетраков 2018 жылдың 25-30 наурыз аралығында Қостанай қаласында өткізілген республикалық олимпиададан жүлделі ІІ орынды иеленді.

Аудан мерейін асқақтатып, білім додасынан оза шапқан жас өрендерді аудан жастары, ата-анасы, ұстаздары марапат-қошеметімен күтіп алды.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

 


Сыр спортының салмағы басым PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.04.2018 14:57

Бүгін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімов БАҚ өкілдеріне арнап брифинг берді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиынға басқарма басшысынан бөлек, таеквондодан Қазақстан чемпионы Айнұр Есбергенова, дзюдодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Адия Сайын, каратэ-додан әлем чемпионы Нұржан Ақпанбет, киокушинкайкан каратэден жастар арасында әлем чемпионы Айбек Шаукилов және ММА-ден жастар арасындағы әлем чемпионы Ғани Әділсерік секілді өз саласының үздіктері қатысты. Брифинг барысында спортшылар да сөз кезегін алып, жетістіктері турасында ой қозғады.

Жалпы, дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады. Осы орайда Елбасымыздың бұқаралық спорт түрлерін дамытуды тапсырғанын айтпай кетуге әсте болмайды. Бұқаралық спортты одан әрі дамыту үшін бүгінгі таңда мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 113,7 млн теңге бөлініп, 282 спорт нұсқаушысы 138 елді мекенді қамтып, 41040 мың адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.

- Облыста осы күні жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында Олимпиада резервін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі және 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жүргізуде. Cпорт мектептерінде 18287 оқушы 35 спорт түрімен шұғылданады, - деді басқарма басшысы Олжас Азатұлы.

Айта кетейік, 2017 жылы облыс спортшылары ҚР чемпионаттарында 797 медальды (204-і – алтын, 248-і – күміс, 345-і – қола) жеңіп алды. 2016 жылмен салыстырғанда 102 медальға артып отыр. Ал Азия, Әлем чемпионаттарында – 92 медальды (28-і – алтын, 27-сі – күміс, 37-сі – қола) иеленді. Бұл көрсеткіш 45 медальға артты. Биылғы жылдың 1-тоқсанында облыс спортшылары ҚР чемпионаттарында 339 медальға (105-і – алтын, 91-і – күміс, 143-і – қола) ие болды.

Спортшылардың жетістіктерін, жеңістерін ақпараттандыру, өзгеге үлгі ету басқарма басшылығында толықтай шешімін тапқан деуге болады. Өйткені, бүгінде облыстағы дене шынықтыру және спорт басқармасы қарамағындағы спорт мекемелерінің сайты ашылып, жұмыс істеп тұр. Мұны өз кезегімізде Сыр спортындағы жаңашылдық, ел спортына деген қамқорлық деп түсіндік.

Рыскелді  ЖАХМАН

 


Сырдария сабырлы қалпына түсті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.04.2018 12:44

Сырдария өзенінен келетін қауіп сейілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов мәлімдеді. Әйтсе де, дария демі бірнеше рет жауаптылардың зәресін алғанға ұқсайды. Мәселен, желтоқсанның 28-і күні мұз кептелісінің салдарынан өзеннің ескі арнасы толысып, ПМК-29 саяжайындағы 9 тұрғын үйдің ауласын су басқан. Ал қаңтардың 29-ында Сырдария ауданындағы қорғаныс бөгетінің ролін атқарып тұрған «Аласиыр» каналының ұзындығы 5,8 шақырымды құрайтын бөгеті 10 жерден бұзылған. Салдарынан 2300 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге су жайылған. Бұған байланысты Сырдария ауданы әкімдігі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында өзен арнасындағы мұз кептелісінің кесірінен Ғ.Мұратбаев көшесінің бойында салынған жаңа көпірдің маңында ұзындағы - 700, ені 20 метр аумақты су басқан. Айта кетейік, бұл маңда мақтаулы жаңа қаланың құрылысы жүріп жатыр. Сол жағалауды тасқын судан сақтап қалу үшін республикалық және облыстық бюджеттерден қыруар қаржы бөлінген. Оған «Қызылорда қаласы шегінде қорғаныс бөгетін салу және реконструкциялау» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілген. Серік Сермағамбетовтың сөзінше, оңтүстік аудандарда мұздың қалыңдығы – 45 см, ал солтүстікте 70 см болғанға ұқсайды. Ақпан айының 26-сынан бастап аймақта мұз жару процесі басталған. Жаңақорған, Шиелі, Қызылорда қаласы және Сырдария ауданынан сеңнің жүруі қалыпты жағдайда өткен.

Қармақшы ауданында наурыздың 21-інде сең жүру кезінде мұз кептелісі салдарынан Қызылтам елді мекенінің тұсындағы «Жосалы-Жалағаш» тасжолы бойындағы көпір мен жолды су шайып кеткен. Адам шығыны жоқ. Су шайған көпір мен тасжол бұзылмаған. Ал наурыздың 28-інде Қазалы қаласында мұз кептелісінің кесірінен «Шағала» жазғы балалар демалу лагерінің аумағын су басты. Атқарылған шұғыл шаралардың арқасында сол маңдағы елді мекендерді су басу қаупі сейілді.

Сәуірдің 1-інде Сырдария өзеніндегі мұз жару процесі толықтай тамамдалды. Мұз «Ақлақ су» торабынан өтіп, теңізге түсті. Бүгінде облыс аумағына түсіп жатқан су көлемі 160 текше метрді құрайды.

Ал жыл басынан бері аймақта 14 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелген. Оқыс оқиғалардан зардап шеккендер саны 3 есеге өскен. Кешегі Ресейдің Кемерово қаласындағы адам шығынына әкелген өрт біздегі төтеншеліктерді де аяғынан тік тұрғызған тәрізді. 2018 жылдың І тоқсанында өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 232 нысан тексерілген. Нәтижесінде 732 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталған.

Биыл І тоқсанда 164 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 649 мың 350 теңге айыппұл салынды. Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан облыс бойынша І тоқсанда 83 өрт оқиғасы тіркеліп, материалдық шыған 2 млн теңгені құрады. Бұдан 3 адам қаза болып, 4 адам түрлі дәрежеде жарақат алды,- деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов.

Кемерово қасіреті талайға сабақ болуы тиіс. Омар Құмарұлының айтуынша, ҚР Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 31 наурыздағы тапсырмасына сәйкес сәуір-мамыр айларында сауда объектілері, білім беру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (жеке балабақшалар) өртке қарсы жай-күйі жоспардан тыс тексерілмек. Өрт қауіпсіздігін сақтауға қойылатын басты талаптар: эвакуациялық есіктердің, өрт қауіпсіздігіне қажетті құрал-жабдықтардың болуы, күзетшілердің өрт қауіпсіздігі кезінде қажетті құралдарды қолдана алуы тиіс. Бүгінде департаменттің есебінде тұрғындар көп жиналатын 15 сауда үйі мен базарлар бар. Олар – «Жібек жолы» ойын-сауық орталығы, «Мұз айдыны» спорт кешені, «Арай» спорт-сауықтыру кешені, т.б.

Сонымен қатар 20 наурыздан бастап тазалық айлығы басталғаны белгілі. Тиісінше тілсіз жаудан төнген қауіп те көбейген. Себебі 20 наурыздан бүгінге дейін төтеншеліктерге 52 рет дабылды қоңырау түскен. Оның 7-еуі өрт болса, қалғаны – өртке жатпайтын жану дерегі. Қураған шөпті өртеудің соңы қызыл жалынға ұласып, тұрғын үйлердің қорасы, тіпті, 2 көлік өртеніп кеткен. Осы орайда департамент басшысы облыс тұрғындарын сенбілікке шыққанда өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырды.

Халық-хабар

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ "АҚМЕШІТ" ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІ ЛОНДОН ТӨРІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.04.2018 12:41

"Ақмешіт" фольклорлық ансамблі Лондонда өтетін Наурыз тойына қатыспақ. Мерекелік шара 2018 жылдың 7 сәуірінде "Victoria Embankment Gardens" саябағында ұйымдастырылады.

"Ақмешіт" ансамблінің концерттік бағдарламасы көрермендерді түрлі жанрдағы музыкалық шығармалармен сусындатпақ. Ансамбль өнерпаздары Дәулеткерейдің "Көрұғлы", Ықыластың "Жезкиік", халық күйі "Ел айрылған" сынды шығармалар мен әлемдік классикалық туындыларды орындап, ал ұжымның жеке орындаушылары жыр-термеден шашу шашады.

"Өнерпаздарымыздың бірегей өнері арқылы біз ұлттық өнерді дәріптейміз", - деп атап өтті филармония директоры Талғат Мақашев.

"Ақмешіт" фольклорлық ансамблі Сыр бойының төлтума өнерін, қазақ ұлттық фольклорын насихаттау мақсатында 2009 жылы облыстық филармония жанынан құрылды. 1972 жылы ашылған облыстық филармонияда 7 шығармашылық ұжым жұмыс істейді, оның бірі - "Ақмешіт" ансамблі.

Ансамбль репертуарында 100-ден астам қазақ күйлері мен заманауи өңделген шығармалар бар.

"Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің құрамында 12 өнерпаз бар. Олар республикалық, халықаралық конкурстар мен фестивальдерде жеңімпаз атанып жүр.

Атап өту керек, соңғы жылдары облыс басшылығының қолдауымен ансамбль өнерпаздары Өзбекстан, Ресей, Түркия елдеріне гастрольдік сапарларда болды.

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі

 


Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары