Өзекті мәселелер

  • 21.06.18

    Ұлы Жібек жолының бойында орналас­қан көне қалаға жаңа атау берілді. Оңтүстік Қазақстан облысы бұ­дан былай Түркістан облысы деп аталады. Орталығы – Түркістан қаласы. Бұл тарихи шешімді бүрсі­гүні Ел­басы ресми түрде мә­лімдеді.

    Ақордада «Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақты...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналғандай. Жыл сайын парақорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары қанша кү­шейтілсе, керісінше қылмыстық фактілер де солай көбейіп барады. Әкім­дік­тердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген түрлі іс-шаралары да, экс-премьер-министр, министр мен әкімдердің қолына салынған кісен де парақорларды тоқтата алм...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Нақты жұмыстардың нәтижесі сұралатын уақыт жетті. Бұл облыстағы кәсіп­керлік саласына қатысты. Өткен  сенбіде Жаңақорған, Шиелі  аудандарында  өткен көшпелі  жиында облыс  әкімі  Қырымбек  Көшер­баев өңірдегі кәсіпкерлік са­ласының даму барысын назарға­  алды.

    Мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдері қатысқан жиында аймақ  басшысы:

    ...
    Толығырақ...
  • 21.06.18

    «Оның бүркеншік аты – Пеле. Футболды жақсы көретін, жанын сала ойнайтын. Жылдамдығында шек жоқ. Осыдан 50 жыл бұрын, 19-20 жасымызда Алматы мемлекеттік консерваториясында Төлепберген Әбдірашевпен бірге бес жігіт бір бөлмеде тұрдық. Ауылдан келгенбіз. Қалтамызда тиын-тебеніміз де аз болды. Ішіміздегі ең пысық, ең жылдамымыз Төлепбереген еді. Вокзалға бару керек, троллейбусқа ақша керек деген сын...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Азаттық таңымен бірге келген тарихымыздағы көптеген ақтаңдақтарды ашу, көмескіленген ұлттық сананы жаңғырту сияқты үлкен міндеттерді жүзеге асыруда­ көрер көз, сезер жүрек болса, қаламгерлеріміз атқарған істер аз емес. Жаңа тарих үдесінде өмірге бітімі бөлек көркем дүниелер келе бастады. Олар кейде жаңа өмір көктемінің алтынкүрек өкпегіндей еді. Сондай туындылардың бірі – жазушы Сайлаубай Жұбат...

    Толығырақ...
Дүйсенбі, 09 Сәуір 2018

«АҚМЕШІТ» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІ ЛОНДОН ТӨРІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.04.2018 10:57

«Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Лондонда өткен Наурыз тойына қатысты. Мерекелік шара 2018 жылдың 7 сәуірінде «Victoria Embankment Gardens» саябағында ұйымдастырылды.

Шара Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен өтті.

Шараға Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Ыдырысов қатысып, мерекемен құттықтады.

Сыр елінен арнайы барған өнерпаздар лондондықтар үшін екі бірдей концерт қойып, өнерлерін паш етті.

"Ақмешіт" ансамблінің концерттік бағдарламасы көрермендерді түрлі жанрдағы музыкалық шығармалармен сусындатты. Ансамбль өнерпаздары Дәулеткерейдің "Көрұғлы", Ықыластың "Жезкиік", халық күйі "Ел айрылған" сынды шығармалар мен әлемдік классикалық туындыларды орындаса, ұжымның жеке орындаушылары жыр-термеден шашу шашты.

"Өнерпаздарымыздың бірегей өнері арқылы біз ұлттық өнерді дәріптейміз", - деп атап өтті филармония директоры Талғат Мақашев.

"Ақмешіт" фольклорлық ансамблі Сыр бойының төлтума өнерін, қазақ ұлттық фольклорын насихаттау мақсатында 2009 жылы облыстық филармония жанынан құрылды. 1972 жылы ашылған облыстық филармонияда 7 шығармашылық ұжым жұмыс істейді, оның бірі - "Ақмешіт" ансамблі.

Ансамбль репертуарында 100-ден астам қазақ күйлері мен заманауи өңделген шығармалар бар.

"Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің құрамында 12 өнерпаз бар. Олар республикалық, халықаралық конкурстар мен фестивальдерде жеңімпаз атанып жүр.

Атап өту керек, соңғы жылдары облыс басшылығының қолдауымен ансамбль өнерпаздары Өзбекстан, Ресей, Түркия және елдеріне гастрольдік сапарларда болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Кәсіпкерге зияны тиген тұлғалар жазалана ма? PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
10.04.2018 09:57

Мемлекеттік сатып алу процесіне қатысқан кез келген кәсіпкер жұмысын істеп, көрсетілген қызметіне қарай ақысын алуды ғана ойлайды. Алайда «Арал-су құрылысы» ЖШС үшін бұл іс үлкен проблемаға айналды.

Бәрін басынан бастасақ. Қызылорда облысының статистика департаменті өткен жылы Арал ауданындағы статистика басқармасының ғимаратын қайта жаңғырту үшін мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялаған болатын. Конкурсты «Арал-су құрылысы» ЖШС жеңіп алып, 23 мамырда қызметті орындауға бағытталған 16 млн 913 мың теңгеге келісімшартқа қол қояды.

Статистика департаментінің тапсырысы бойынша кәсіпкер тапсырысты 31 шілдеге дейін аяқтауы тиіс болған және аяқтаған да. Алайда тапсырыс беруші көрсетілген қызметті қабылдау барысында кәсіпкерге жоба-сметалық құжаттамада көрсетілмеген тапсырмаларды да жүктеген. Нақтырақ айтқанда, әжетхана салу, ғимаратты қоршау, асфальт төсеу секілді тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған ақпаратта, келісімшартта, локальдық смета мен техникалық сипаттамада көрсетілмеген жұмыстар. Өз кезегінде кәсіпкер бұл жұмыстарды орындаудан бас тартады.

Дау осы жерде басталып, облыстық статистика департаменті «Арал-су құрылысы» ЖШС-ін сотқа беріп, соттан мемлекеттік сатып алу аясында жасалған келісімшартты бір жақты бұзуды, кәсіпкерді жосықсыз деп тануды және 394 512 теңге тұрақсыздық айыппұлын салуды сұрайды.

Кәсіпкер соттың алғашқы инстанциясында ұтылып қалады. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты облыстық статистика департаментінің талабын ішінара қанағаттандырып, келісімшартты бұзып, кәсіпкерге тұрақсыздық айыппұлын салады.

Соттан ұтылған кәсіпкер Палатадан көмек сұрап келген еді. Кәсіпкерлер палатасы істің мән-жайын зерделеп, облыстық мамандандырылған экономикалық сотына апелляция береді.

«Біз Қызылода облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасында кәсіпкердің құқығы мен заңды мүддесін білдірдік. Нәтижесінде, бірінші саты сотының шешімі өзгертіліп, шешімнің келісімшартты бұзу жайлы бөлігі бойынша жаңа шешім қабылданды.Облыстық статистика департаментінің екі жақты жасалған келісі шартты бұзу жайлы талабы қанағаттандырусыз қалдырылып, кәсіпкер өзіне тиесілі 5 млн теңгеден аса қаражатын ала алды», - дейді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Аида Қаюпова.

Нәтижесінде кәсіпкер сотта жеңіп, бүгінде жұмысын жалғастыруда.

Ал Кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан облыстық статистика департаментін – кәсіпкердің қызметіне кедергі келтіріп, заңсыз әрекеттерге жол бергені үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментіне мәселесін қарап, тиісті шара қолдануға ұсыныс берді.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Игілігі мол жоба PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
09.04.2018 14:10

Әлем балаларды бөліп-жармайды. Ал жасөспірімдер арасындағы қылмыс жасағандарын бала құқығын қорғай отырып тәртіпке шақыратын мамандар жұмыс істейді. Бұл үшін БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) бүгінге дейін жүйелі жұмыс атқарып келгені белгілі. Соның бірі – «Балалар үшін әділ сот төрелігі жүйесін нығайтумен олардың құқықтарын қорғау» атты 2014-2018 жылдар аралығындағы Еуропалық Одақ пен ЮНИСЕФ-тің бірлескен бағдарламасы аясындағы пилоттық жоба. Байыпты бастаманың басты мақсаты – қылмыс жасауға дайын балалармен жұмыс істеудің балама түрлерін табу және кейін оларды сауықтыру мен қоғамға қосу.

Өткен аптада БАҚ өкілдері пилоттық жобаның Қызылорда қаласында жүзеге асырылу барысымен танысты. Жобаға әкімдік, үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік қызметкерлердің, психолог пен қауіп тобындағы балаларды оңалту мен әлеуметтендіру мектептері бірлесе атсалысуда. Қызылордадағы жұмысты «Сыр ұландары» үкіметтік емес ұйымы жүзеге асырған. Ата-аналар «Сыр ұландарына» келген балаларының психолог мамандарымен жүздесіп, пікір алмасқаннан кейін өзгергенін айтты.

- Баламды әрдайым қадағалап отыратынмын. Ол бос уақытында үйде компьютер ойнаумен, өзге де қызықты нәрселермен шұғылданғанын біліп жүрдім. Бір күні балам үйге досын алып келді. Біздің үйге қонды. Сонда оның ата-анасы танымайтын біреудің үйіне қалай қонуға жіберетініне таңғалдым. Одан кейін, Алланың сынағы шығар, балам өзге балалармен төбелесіп, арты өкінішке ұрындырды. Ата-аналар баласына жауапкершілікпен қараса екен. Осы «Сыр ұландары» орталығына келгеннен кейін баламның мінезі ашық, жарқын бола түсті. Түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жетістіктерге жетіп жүр. Осындағы барлық қызметкерге алғыс айтамын, - дейді аты-жөнін атамауды өтінген ана.

Ал аталмыш орталыққа келіп жүрген балалар болса, осында келіп өздерін жан-жақты дамытқанын айтты. Жас өркендердің талабы таудай, арманы асқақ. Бірі кәсіпкер, енді бірі еліміздің атын асқақтатар олимпиада чемпионы болуды армандайды. «Мұнда уақыт өте қызықты өтеді, бізбен жұмыс істейтін мамандар да туысымыздай болып кеткен. Алайда орталықтағы кабинеттің көлемі тар. Оншақты бала келсе, орын болмай қалады» деп қынжылды балалардың біреуі.

«Сыр ұландары» ҚҚ атқарушы директоры Сәуле Әбілдаеваның ақпаратына сүйенсек, орталық жылына 5,481 миллион теңге жұмсайды. Бағдарлама бойынша 2015 және 2017 жылдары 64 кәмелеттік жасқа толмаған бала әлеуметтік-психологиялық көмек алыпты. Оның ішінде 52-сі бағдарламаны ойдағыдай аяқтаса, 10-ы бас тартқан.

Қылмыс жасаған балалармен облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жұмыс істейді. Мекемеде балаларға арналған арнайы бөлме жасақталған. Мұнда түрлі кітаптар мен ойыншықтар тұр. Ал төменгі қабаттағы кабинетте жәбірленуші арнайы қондырғы арқылы полиция қызметкерлеріне жауап береді. Бұл өз кезегінде қылмыскерді көрмей, жеке қалып, өзіне психологиялық жағымды ахуал туғызуға көмектеседі екен. Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, 2016 жылы 35 қылмыстық іс, 583 талап-арыз, 15 азаматтық іс және 252 әкімшілік құқықбұзушылық істері түскен. 2017 жылы бұл көрсеткіш артқан. 47 қылмыстық іс, 728 талап-арыз, 213 әкімшілік іс түскен. Ал биылғы үш айдың өзінде 13 қылмыстық іс, 171 талап-арыз, 113 әкімшілік іс тіркеліпті. Сәйкесінше, заң алдында жауапқа тартылып, сотталғандар саны жыл санап көбейіпті. 2016 жылы – 23, 2017 жылы 30, ал 2018 жылдың үш айында 3 кәмелетке толмаған балалар сотталған. Олардың көбі 2017 жылы «Абайсыздан қазаға ұшырату», «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері», «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру», «Қаруды заңсыз жасау», «Жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу» қылмыстық істері бойынша сотталған. Ал 2016 жылы мұндай санат бойынша жасөспірімдер қылмыс жасамаған.

Ж.Қойшыбекова

 


Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары