Өзекті мәселелер

  • 19.04.18

    ӨМІР   СОҚПАҒЫ...

    Жол – экономиканың күретамыры, тіршілік ізі. Қала ішіне қамшының өрі­міндей таралатын сол жолдардың  қазіргі  жағдайы  қандай?

    Көктем бастала салысымен Қызылорданың орталық көшелері ғана емес, шетаймақ жолдарына да жан біте­тіні бар. Қазіргі күні қала бо­йынша ұзындығы 619 шақырымды құрайтын 766 көше бар. Оның 503,2 ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Жақында үйге туыстарымыз келіп, кішкентай бүл­діршіндермен оңаша қалып, бала да болса әңгімеге тарттым. Сөйтіп «Кімге еліктейсіңдер?»  деп  сауал  тастадым. Сонда 8 жастағы інім «Бэтмен», «Өрмекші адам», «Халк», «Темір адам», «Флеш» секілді шетел мульт­фильмдерінің басты кейіпкерлерін тізбектей жөнелді. Арасында бірде-бір қазақ батырл­арының есімі жоқ. Онысымен қоймай, сол кейіпке­рлердің өзіне...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    «Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса­, сұлулықты ит те сезеді». Жазушылық жылнамасында әйел, ана тақырыбына ең көп қалам сілтеген талантты жазушы Ғабит Мүсірепов осылай депті. Иә, сұлулықты кім жақсы­ көрмейді, сұлулық кімге билік жүргізбеген десеңізші? Бота көзді, шие ерінді, үріп ауызға салғандай сұлу! Қыздардың осы сипаты қазір бар ма? Әрине, бар. Бірақ көзін линза арқылы қ...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    Қаржы және қоғам

    - Бұрын бәрін кадр шешкен деседі. Осы рас па, әлде өзгенің бе өсегі?

    - Иә, қазір қоғам емес кешегі, қаржы бәрін шешеді... Қысқартады, кеседі. Өшіреді, өседі... Қаржысы жоқ қасқаның маңдайда соры бес елі.

    - Сонда кадр ешнәрсе шешпей ме?

    - Жоқ, ол да аз-маз шешеді. Қаржың болса қалтаңда,...

    Толығырақ...
  • 19.04.18

    МЫҚ  ШЕГЕ  ҚАЙДА?

    Профессор  Темірбек

    ҚОЖАКЕЕВ  рухына Толығырақ...

Сейсенбі, 17 Сәуір 2018

«Банк Хоум Кредит» пен «Қазпошта» бір миллион теңгеге ұтыс ойынын жариялайды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.04.2018 10:53

«Қазпошта» АҚ мен «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ «Табыс» бірлескен акциясын бастады. Акция барысында «Қазпошта» бөлімшесі арқылы «Банк Хоум Кредит»-тен ақшалай несие ресімдеген кез келген клиенттің келесі миллион теңгенің иегері болуға мүмкіндігі бар.

Жеңімпаздар кездейсоқ цифрларды генерациялау алгоритмі бар бағдарламалық қамтым арқылы несие шартының нөмірі бойынша ай сайын анықталады.

«Табыс» акциясына 10 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейінгі сомаға жасалған ақшалай несие шарттары қатысады. Акция 2018 жылдың 10 қаңтарынан бастап 10 шілдеге дейін жалғасады.

Клиент несиесінің сомасындағы әрбір 10 000 теңге ұтысқа 1 мүмкіндік қосады. Яғни, 250 000 теңгеге несие ресімдеген клиенттің 25 мүмкіндігі бар.

«Табыс» акциясы туралы қосымша ақпаратты www.homecredit.kz, www.post.kz ұйымдастырушылар сайтынан және олардың әлеуметтік желілердегі топтарынан біле аласыз.

 


Аз уақытта асудан асқандар PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.04.2018 09:29

Қызылордалықтар Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында арбадағы би спортынан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатынан олжалы оралды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді теміржол вокзалынан жерлестері салтанатты түрде күтіп алды. Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің 11 облысынан спортшылар қатысты.

Айтулы сында облысымыздың намысын қорғаған жерлестеріміз алғашқы мәрте қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Командалық би сайысында бақ сынасқан 1-топ мүгедектері Сағатбек Сиюов, Роза Смағұлова, Несібелі Мүсілімова, Есет Дәрібаев және Александр Огай Қазақстан жеңімпаздары атанды. Жұптық сында Диана Смағұлованың жұбы күміс жүлдені иеленді.

Айта кетейік, Қызылорда облысының Паралимпиялық комитетінде арбадағы би спортынан бөлімше 2017 жылы ашылған болатын. Қазіргі таңда 10 спортшы осы спорт түрімен шұғылданады. Аз ғана уақытта асудан асып, биік белесті бағындырған Сыр спортшыларын жеңістерімен құттықтаймыз!

 


Оқушылар баскетболдан бақ сынасты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
18.04.2018 09:20

Қызылорда қаласы “Мұз айдыны” спорт кешенінің ойын залында “ПетроҚазақстан Кұмкөл Ресорсиз” АҚ-ның жүлдесіне арналған баскетболдан жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті.

Биыл 22 мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы, Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 14 команда қатысты.

Жарыс нәтижесінде ұлдар арасында Қызылорда қаласының №198 орта мектеп командасы топ жарды. Екінші орынды Талдықорған қалалық №2 БЖСМ, үшінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары еншіледі.

Ал, қыздар арасында Қызылорда қаласының “Мұрагер” дарынды балалар мектебінің оқушылары өздерінің мықтылықтарын дәлелдеп, бірінші орынды жеңіп алды. Қалған орындарды Ақтөбе және Павлодар облыстарының командалары өзара бөлісті.

Турнирдің үздік ойыншылары: Рамазан Сәмсін (Ақтөбе), Руслан Кенбаев (Қызылорда), Лия Умерова (Ақтөбе), Дана Сейтова (Қызылорда).

Үздік жаттықтырушылар: Александр Жавзмагин (Қызылорда), Айдын Аязбаев (Талдықорған), Роман Асылбеков (ОҚО), Олег Ким (Қызылорда), Ирина Бондаренко (Ақтөбе), Ирина Шаврина (Павлодар).

Үздік төрешілер: Алтынбек Жүсіпов (Қызылорда), Сайора Омарқұлова (Сырдария), Алексей Когай (Шиелі), Виктор Кузьмин (Ақтөбе), Диляра Мұсаева (Жаңақорған).

Жеңімпаз, жүлдегер командалар және номинация иегерлері диплом, кубок және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 


Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен кездесу өткізілді PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.04.2018 15:41

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бағытында отырыс өткізілді. Оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев, облыстық ішкі істер департаментінің қызеткерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Негізгі баяндамалар тыңдалғаннан кейін, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Мұхимов пен Ұлттық бюроның (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлық әрекеттері ойында болмаса да кей азаматтар қателікке бой алдырып жататындығын, заң білмеген жауапкершіліктен құтқармайтындығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп отырған саясатқа құлақ аспай, ойындағыны жасайтын болса, онда әрине оны түбінде темір тор күтіп отырғандығын да ескерте кетті.

Сонымен қатар, Республика бойынша 2017 жылдың 12 айында 2 237 сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс анықталған. Оның 89-ы жүйелі (системный) жемқорлық фактісі бойынша 257 тұлғадан тұратын қылмыстық топ құрықталған. Орындалған жұмыс актілеріне қол қою және тендерлерде ұтуды қамтамасыз ету бойынша кәсіпкерлерден пара алудың 269 фактісінің жолы кесілген.

2017 жылы 7,5 млрд. теңге, ал соңғы 3 жылда 17 млрд. теңге мемлекет қазынасына қайтарылған.

Әрине бір қуантарлық жағдай соңғы жылдары жалпы облыста тіркелген сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар санының төмендеуі байқалады.

Елбасы өз жолдауында «Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді» деп атап өтті.

Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрбір азаматтың басты міндетіне айналуы тиіс деп қорытындылады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

 


СЕМИНАР ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
17.04.2018 14:05

Бүгін Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Зайырлы мемлекеттегі діни экстремизмнің алдын алу жолдары: өңірлік тәжірибе және проблемалар» тақырыбында семинар өтті. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Телібаев модераторлық жасады. Аудандық терроризмге қарсы комиссия мүшелері, ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері, дінтану пәнінің мұғалімдері және аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысқан аталмыш семинарда «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторы, республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі А.Әкімханов «Зайырлы мемлекеттегі діни экстремизмнің алдын алу жолдары» тақырыбында хабарлама жасап, көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

 


Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары