Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
Сейсенбі, 24 Сәуір 2018

Инновациялық жобаларға арналған гранттарға кімдер қатыса алады? PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.04.2018 10:55

Қымбатты оқырман, біз кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдіруші азаматтарға арналған кеңес беру айдарымызды жалғастырамыз. Бүгінгі тақырыбымыз кәсіпкерлерге арналған инновациялық жобаларға берілетін гранттарға қатысты болмақ. Біздің сауалымызға кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Гаухар Батпанова жауап береді.

- Гаухар, сәлеметсіз бе. Жыл сайын өңірімізде инновациялық жобаларға қатысты гранттарға конкурс өткізіліп тұратынынан хабардармыз. Жалпы, осы грантты жеңіп алу үшін конкурсқа кімдер қатыса алады? Қандай жобалар инновациялық болып саналады? Осы жөнінде айтып өтсеңіз.

- Инновациялық грант дегеніміз – экономиканың басым секторларында, яғни өнім өндіру мен қызмет көрсету салаларында шағын қалалар, моноқалалар және де ауылдық елді мекендерде өзінің кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар. Жалпы, инновациялық грант дегеніміз өзінің тұрғылықты жерінде жоқ кәсіп түрін ашу болып табылады. «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы инновациялық жобаларға арналған гранттарға шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаушы кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар  және 50 жастан асқан адамдар қатыса алады.

- Инновациялық жобаларға арналған гранттарға қатысамын деген азаматтар қандай құжаттар жинақтауы қажет?

- Жобаға қатысушы үміткер мынадай құжаттарды жинақтауы қажет: заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, кәсіпкердің ағымдағы шотында грантқа қатысу барысында ұсынып отырған жоба құнының 10 пайызы көлемінде қаржысы бар екендігін дәлелдейтін банктен алынған анықтама, өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама, бизнес-жоспары және «Бизнес кеңесші» оқу курсынан өткендігін дәлелдейтін сертификаттың көшірмесі, өтініш берілген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама, сонымен қатар мемлекеттік грант беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім, міне, осы құжаттарды конкурстық комиссияға ұсынады.

- Құжаттар қай уақытқа дейін қабылданады? Конкурсқа қатысу үшін қосымша қайдан кеңес алуға болады?

- Үміткерлер конкурстық құжаттаманы 15 мамырға дейін, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақытпен, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін) ұсына алады. Құжаттарды Қызылорда қаласы, Әйтеке би 28 мекенжайында орналасқан облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына тапсыру қажет. Конкурсқа қатысуға қатысты қандай да бір кеңес қажет болса, біз – Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері әрдайым әзірміз. Мұнан өзге, бизнес-жоспарды да біз тегін әзірлеп береміз әрі «Бизнес кеңесші» курсына оқыту шарасын да Палатаның бизнес-тренерлері тегін жүргізеді.

- Кеңесіңізге рақмет.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Жүзден озған жүйріктер PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
25.04.2018 10:48

«Кітап – білім бұлағы». Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырған «Кітап. Ұлттық рух. Замана тынысы» атты «Үздік оқырман-2018» жас оқырмандар байқауы аса тартымды өтті. Кент пен Қазалы қаласындағы 11 мектептен талапкерлер қатысқан шара оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегілікке тәрбиелеу, жастарды кітап оқуға шақыруды көздеген байқау аталмыш кітапханада осымен үшінші мәрте мәреге жеткен еді.

Ардагер ұстаз Қадырбек Бекетов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ерлан Нұржаубаев, оқушылар үйінің бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Бақыткүл Зарипова, №216 орта мектептің мұғалімі Жазира Тәжікенова, орталық кітапхананың әдістеме-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Роза Бекетаева қазылық жасаған сайыс шын мәнісінде білімнің сарқылмас қазына екендігін ұқтырды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда». Байқау қорытындысымен М.Горький атындағы №16 орта мектептің оқушысы Аяулым Зұлқарнай бас жүлдені иемденді. Барша талапкерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Кешті аудандық орталық кітапхананың директоры Индира Әбілқасымқызы қорытындылап, қатысқан барша оқырмандарға жүрекжарды лебізін білдірді.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 


Қымбат қазына 10 000 данамен таратылады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.04.2018 17:44

Бұдан былай жоғары оқу орнының студенттері әлем мойындаған даралардың еңбегімен тыныстайды. Тегін. Әрі өзге тілдегі кітаптарды аударуға да уақыт жұмсамайды. Кітапқұмарлар үшін мұнан асқан жағымды жаңалық жоқ шығар!? Себебі ұсынылған оқулықтар – білім іздеген талаптыға таптырмас құрал. Айта кетейік, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында 6 үлкен жобаны атап көрсеткен болатын. Соның бірі – «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Ал жаңа гуманитарлық білім деп Президент ғылымның 7 бағытын айтты. Олар: философия, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, тарих, филология және саясаттану. Бүгінде осы бағыттағы әлемдік деңгейдегі оқулықтарды қазақ тілінде сөйлету жұмыстары басталып та кетті. Сонымен қазақ жастарына арналған 100 оқулық қандай болуы керек? Оған қойылған талаптар турасында былтыр Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық аударма бюросының басшысы Рауан Кенжеханұлы былай деген-ді. «100 оқулықты іріктеу кезінде шартты түрде қойылған талаптардың ішінде бұл оқулық кемінде 3 рет басылған болуы керек деген талап бар. Бірақ біздің аударатын оқулықтарымыздың көбі оннан көп басылып шыққан. Соның негізінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеген. Сонымен қатар соңғы басылымы 2014 жылдан кеш болмасын деген талап қойылды. Ондағы ой – қазіргі күнде өзектілігі бар деген көзқарас. Және ең басты талап, әрине, әлемдегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының педогогикалық практикасында болуы керек».

Осы талаптарға сақадай сай кітаптар Қызылордаға да келіп жетті. Әзірге 18-і қазақ тіліне аударылған. Қымбат қазынаға баланған кітаптың әрқайсысы 10 000 данамен таралмақ. Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде дінтану ғылымдарының магистрі Әлібек Бақытжанұлы мен экономика ғылымдарының кандидаты Абай Серікұлы ақпарат берді.

-        Еліміз тәуелсіздік алған 25 жыл бойы біз экономикамызды көтеру мақсатында жұмыс істеген болатынбыз. Кейін Елбасының мақаласынан соң гуманитарлық білімге бет бұра бастадық. Себебі біздегі гуманитарлық білім салалары қазіргі әлемдік тенденциялардан қалыс келе жатыр. Сол себепті ең бірінші ретте осы бағыттағы оқулықтар аударыла бастады, - деді дінтану ғылымдарының магистрі Әлібек Жаппасбаев.

Оның айтуынша, философиялық кітаптардан Сократтан бастап Дейлиге дейінгі данышпандар туралы оқуға болады. Сондай-ақ құдайтану баяны, барлық діндегі құдайды тану мәселесін біле аласыз. Ал экономика ғылымдарының кандидаты А.Серікұлы ұсынылған оқулықтарда экономиканың жаңа бағыттары, Батыс ғалымдарының экономика бойынша теориялары жинақталғанын айтты.

Ал кеше Қызылорда педагогикалық колледжінің директоры Б.Сайлыбаев аударылатын 100 оқулық әлемнің 42 елінде, 34 тілде басылып шыққанын, сондай-ақ ол кітаптардың құны өзге елдерде қымбат екенін айтқан болатын. Айталық, профессор Мэнкьюдің «Экономикс» атты оқулығын америкалық студенттер 280 долларға сатып алатын көрінеді. Себебі, бұл деңгейдегі бір оқулықты құрастырып, баспаға дайындау құны 500 мыңнан 3 миллион долларға дейін жетеді екен. Ал біздің елдегі аударылатын 100 кітап кез келген адам үшін қолжетімді болмақ.

Ж.Қойшыбекова

 


Қыздардың құлағындағы сырғасын алдап алатын алаяқ ұсталды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
24.04.2018 14:06

2018 жылғы 28 ақпанда жедел тергеу шаралары кезінде қызылордалық полицейлермен мектеп оқушыларының құлағындағы сырғаларын алаяқтық жолмен иемденген 1987 жылы туылған азаматша ұсталды. Ол «мектепте сырға тағуға болмайды» және «құлақта дұрыс тұрмайды» деген желеумен  жасөспірімдердің құлағындағы сырғаларын шешулерін сұрап, білдіртпей сөмкесіне салып, ізін суытып отырған.

Осыған қатысты Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасына оқушылардың ата-аналары арызданған. Оның заңға қайшы әрекетінен 6 адам зардап шеккен. Жедел іздеу шаралары барысында заттай айғақтар алынып, алаяқ әйел кінәсін толық мойындаған.

Аталған азаматша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен 1-тармақшасына сәйкес кінәлі деп танылып, сот үкімімен 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осыған орай, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті ата-аналарға балалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертіп, бөтен адамдармен сөйлескенде сақтық шараларын сақтау қажеттігін баса көрсетеді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары