Өзекті мәселелер

  • 24.05.18

    «Ауру – астан». Алайда біздегі білім ордаларындағы асханалардың жай-күйі біраз жайттың бетін ашып бергендей. 18 мамырда Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округіндегі №192 орта мектептің асханасынан тамақтанған 25 оқушы уланып қалды. 21 балаға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілсе, 4-еуі аудандық ауруханаға жеткізілген. Ақ халаттылардың айтуынша, эпидемиологиялық ...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты. Онымен күрес барлық уақытта да маңыздылығын жолғалтпаған. Соңғы кезде қанатының кең жайылып кетуінен қауіптенген еліміз оның тамырына балта шабу үшін жаңа стратегиялар қабылдап, үзіліссіз күрес жүргізіп келеді­. Тіпті 2017 жылы Елбасына  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасы» ұсынылған болатын. Онда әлеуметтік зерттеу қорытындыла...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Қашанда таланттыларды  тасада  қалдырмаған  қазақ  тағы бір өнерлі ұлын ұлықта­ды. Сыр елі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған ау­қымды шара ұйым­дастырды.

    Бұл жолғы сән-салтанат пен халық құрметі айрықша есте қалды. Себебі кейбір сарсаңға са­латын «көпсөзді» жиынға  барудан шаршаған жұртшылық  көңілді кон­церт­ке  келіп, рухани демалыс ...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    Жоғарыда аталған тақырыпқа орай жастар арасында­ сауалнама жүргіздік. Бірі былай тартады, енді біреуі былай тартады. Пікірлер сан алуан. Расымен, сөз байласып жүрген жастардан бұрын, біраз жыл бірге тұрып, ажырасып кететін отбасылар да аз емес. Сенімге селкеу, сыйластыққа сызат түсіп, сүйгеніне берген сертін бұзатын білектілер мен бұрымдылар баршылық. Қос ға...

    Толығырақ...
  • 24.05.18

    КІСІНЕГЕН   КІСІ

    Сықақшы

    Ғаббас  ҚАБЫШҰЛЫНА

    Толығырақ...
Бейсенбі, 26 Сәуір 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЕГІС НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.04.2018 09:39

Аудандарға жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жаңақорған ауданындағы Шалқия қорғаныс-мырыш кеніншінде тау-кен байыту комбинатының құрылыс барысы мен Сығанақ қалашығындағы археологиялық зерттеу жұмыстарымен танысты және Шиелі ауданындағы бірқатар нысанды аралап, жылдың алғашқы күріш себу рәсіміне қатысты.

«Шалқия» қорғаныс-мырыш кен орнында жылына 4 млн. тонна өнім өндіретін тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды. Құрылыс барысында кәсіпорында мыңға жуық жұмыс орны ашылса, пайдалануға берілгеннен кейін 1500-ге жуық адам жұмысқа орналасады. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Шалқия қорғаныс-мырыш кен орнын қалпына келтіру және комбинат құрылысының жобасы республикалық Индустрияландыру картасына еңгізілді. Құрылыстың бірінші кезеңі 2019 жылы аяқталып, 2021 жылы кәсіпорын толық іске қосылмақ. Өткен жылы мұнда жұмысшыларға арналған жатақхана салынды. Қазіргі таңда кәсіпорында 710 адам жұмыс істейді.

Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығы республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіш болып табылады. Қ.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Археология» ғылыми-зерттеу орталығы қалашықта 2014 жылдан бастап археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Археологиялық жұмыстармен танысу барысында облыс әкімі «Сығанақ қалашығы мәдени туризм орталығына айналуы тиіс» деп атап өтті.

Сондай-ақ, аймақ басшысы «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС тампонаждық цемент зауытының құрылысымен танысты. Нысан биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Іске қосылғаннан кейін кәсіпорын жылына 1 млн. тонна цемент шығарады, зауытта 260 адам жұмыспен қамтылатын болады.

«Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС бас директоры Ли Цзиньцин мырзаның айтуынша, мамыр айында аудандық колледжде білім алған 48 жергілікті жас Қытай зауыттарында қосымша оқудан өтіп, зауытқа жұмысқа орналасады.

Мұнан бөлек, облыс әкімі Шиелі ауданының бірқатар шаруа қожалықтарын аралады. Екпінді ауылдық округінің тұрғыны Ермұрат Сәдібекұлы 0,7 га аумағында жылыжай салып, 5 га жерде алма ағаш отырғызды. Ал «Ақмая» шаруа қожалығында биыл 2500 га егіс алқабында 1400 га күріш, сондай-ақ, мақсары, жоңышқа, көкөніс пен бақша өнімдерін орналастырмақ.

«Бидайкөл» шаруа қожалығында алғашқы күріш себу рәсімі өтті. Қожалық төрағасы Талғат Байдалиевтің айтуынша, биыл егіс алқаптарында 1300 га күріш, 175 га күздік бидай мен жоңышқа және 320 га ескі жоңышқа өсірілетін болады.

Облыс әкімі қожалық жұмысшыларын көктемгі дала жұмыстарының басталуымен құттықтап, мол өнім алуларына тілектес екенін жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


«Сайтан доңғалағының» жұмысы «дөңгеленеді» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.04.2018 09:35

Алдағы мамыр айынан бастап Қызылордадағы мәдени-демалыс паркі шылымсыз, ішімдіксіз аймаққа айналмақ. Мәдени орында «Ана мен бала» бөлмелері, полиция бекеті, медпункт, анықтама бюросы, этноауыл және қосымша 3 қоғамдық әжетхана келушілерге сапалы қызмет көрсететін болады. Мұндай игі идея – қалалық мәдени-демалыс паркі мен «Aquacristal Group» ЖШС-мен жасасқан келісімшарттың нәтижесі. Жаңа талапқа сақадай сай паркке келіп, демалыс уақытыңызды жақсы өткізгіңіз келсе, сізді мұнан бөлек тағы да тосынсый күтеді. Ол – сужаңа көңіл көтеру «ойыншықтары». Парк директоры Әнуар Нақыптың айтуынша, биыл отбасылық үлгідегі 3 жаңа аттракцион іске қосылады. Оған жеке кәсіпкерлер қолдау көрсетіп отыр. Ал «жұмыссыз» қалғанына 7 жыл болған «Сайтан доңғалағы» ойын аттракционының бүгінде кем-кетігі түзетілуде. Оның жанданып, жаңа келбетке ие болуына атсалысып жүрген кәсіпкер Қуандық Миралиев «аттракционның 70-80 пайызы жаңаланды» дейді. Әрине, техникалық сарапшының кеңесімен ғана. Сарапшы-мамандардың талабына сай әрекет етіп жатқан кәсіпкерге қалтасынан қаражатын шығарғаны үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Ал жасы да, жасамысы да жақсы көретін бұл «Доңғалақтың» жөндеу құны кәсіпкердің коммерциялық құпиясы болып қалды.

- «Сайтан доңғалағы» аттракционын толық қарап шықтық. Жалпы жұмыс органын алатын болсақ, металлконструкцияны қоспағанда, 80-90 пайызы жарамсыз. Ескі бояулардан тазарту жұмыстарын жүргіздік. Металдың сапасын тексердік. Метал жарап тұр, 10 жыл, 20 жыл, тіпті 100 жылға дейін жарамды. Тот басуға қарсы материалдан, яғни легірленген болаттан жасалған. Сосын жапсарлар, жіктің жұмысын зерделедік. Одан кейін жарамайтын қосалқы бөлшектерін тауып, ескерттік. Жетекші дөңгелектер ауыстырылып, электр қозғалтқышы, кабина, бекітетін жерлері жаңаланды. Негізі өткенге қарағанда қазіргі сапасы жақсы болып тұр. Себебі, бір ілмеде ғана тұрған. Жұмыстың барлығы біткеннен соң біз техникалық регламент бойынша сынақ жасаймыз. Оның да екі түрі бар: статикалық, динамикалық. Статикалық сынақ кезінде кабинаға толық жүк салып 10 минут бойы айналдырамыз. Жарамайтын жерін байқаймыз. Динамикалық сынақта тағы 10 минут жүкпен айналдырамыз. Жалпы адамның салмағы 60 келіден деп есептегенде 280 келіден әр кабинаға салмақ салынады. Одан соң қайтадан жапсарлар, негізгі жұмысшы органдар тексеріліп, содан кейін сараптама жасалады. Біз жауаптымыз істеген жұмысымызға, - деді инженер-сарапшы К.Шакиев.

Иә, тұлғалар жауапкершілікті сезініп-ақ тұр. Ендігі кезек, жаңарған аттракционда қонақтардың қаланы бір сәт биіктен тамашалау сезімінде. Қауіпсіздік жайына келсек, парк директоры өрт қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

1996 жылы жекешелендіріліп кеткен демалыс паркі 2008 жылы мемлекет меншігіне қайтарылып, қаланың коммуналдық теңгеріміне өткен болатын. Қазіргі таңда мұнда 22 дүңгіршек, 18 жазғы кафе, 2 фотосалон, 2 қалашық, 68 аттракцион бар. Бұл – соңғы 5 жылдағы 80 кәсіпкердің халыққа көрсеткен қызметі, еңбегі.

Жазира  БАҒЛАН

 


ҚАЛА ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАЛАРДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.04.2018 09:27

Кеше қала әкімі Н.Нәлібаев мектеп оқушылары арасынан халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлерімен кездесті.

Биылғы жылы қаламыздың дарынды оқушылары елімізде, Ресей мемлекетінде және Оңтүстік Кореяда өткен Халықаралық олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға, республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, 21 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Оның ішінде республикалық пәндік олимпиадаға қаладан 16 дарынды оқушы қатысып, жүздеген қатысушының ішінен 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль иеленіп, барлығы 8 жүлде Қызылорда қаласының еншісіне бұйырды. Тарқатып айтқанда, №3 мектеп-лицейдің оқушылары - 2 алтын, 3 қола медаль, №2 «Мұрагер» мектебінен - 1 күміс медаль, №4, 5 мектеп оқушылары 2 қола медаль иеленген.

Осыған байланысты, салтанатты қабылдау барысында қала әкімі оқушылар мен ұстаздарды арнайы марапаттады.

Сонымен қатар, 40 жылға жуық білім саласында қызмет жасаған, оның 27 жылы қаламыздағы бірнеше білім ошақтарында басшылық қызметте болған, «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері және «Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі» атағын иемденген Алтынсары Шүренов қала әкімінің «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» марапатталды. Алтынсары Әлекеұлы ұрпақ тәрбиесімен қатар, қоғамның дамуына ерекше үлес қосып, 2 мәрте қалалық маслихат депутатығына сайланған.

Қала әкімінің баспасөз қызметі

 


ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШИЕЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.04.2018 17:05

Өңір басшысы Қ.Көшербаев ауданға сапары барысында аудандағы кәсіпкерлік нысандары мен шаруа қожалықтары жұмыстарымен танысты. Алдымен аймақ басшысы «Ақмая» шаруа қожалығының егіс алқабында болып, көктемгі егіске дайындық жұмыстарының жүру барысымен танысудан бастады. «Ақмая» шаруа қожалығы биыл 2500 гектар жерге күріш, күздік бидай, мақсары, жоңышқа және көкөніс пен бақша дақылдарын орналастырмақ.

Бұдан соң облыс әкімі «Компания Гежуба Шиелі Цемент» тампонажды цемент зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Зауыт толықтай іске қосылғанда 260 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығаратын болады.

Сапар аясында облыс әкімі Бидайкөл ауылындағы қызанақ өсіретін алқапты аралап көрді. Жалпы жер көлемі 27 гектарды алып жатқан алқаптың 7 гектарына элиталық қызанақтың «Таня» сортын, 11 гектарына қауынның «Торпеда», «Басинка» сорттарын, 13 гектарға қарбыздың «Бархан» сортын егуде.

Одан кейін «Семиренка», «Крепсон», «Золотой превосход» және «Размарин» сорттарынан 20 мың түп алма көшетері егілген алма бақ жұмысымен танысқан өңір басшысы шаруалармен кездесті.

Сондай-ақ, облыс әкімі Қ.Көшербаев «Бидайкөл» шаруа қожалығының егіс алқабында жылдың алғашқы күріш егу рәсіміне қатысты. Биыл қожалық 1300 гектар жерге күріш, 175 гектар жерге күздік бидай мен жоңышқа және 320 гектарға ескі жоңышқа егуді жоспарлауда.

Іссапар барысында аймақ басшысы Бәйгеқұм ауылындағы «Ханқожа» көлі аумағында орналасқан туризмді дамыту жобаларымен танысты.

Шиелі ауданы әкімдігі

 


Ғалымбек Жақсылықов: «Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері бизнес үшін ыңғайлы бола бастады» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.04.2018 14:59

«2017 жылы елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының қабылдануымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері бизнес үшін ыңғайлы бола бастады», - дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов. Себебі құжат кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін ескере отырып әзірленген. Енді кәсіпкерлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балабақша немесе емхана салса, қандай кіріске қол жеткізуге болатынын алдын ала біліп отыратын болды.

Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖЭ) бюджет қаржысынан өзге де қаржы көздерін тарта отырып, маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге болатын тиімді шаралардың біріне айналды. Өткен жылдың соңында бюджет заңнамаларына МЖЭ жобаларын қарау, бекіту және жүзеге асыруды жеңілдететін өзгерістер енгізілді. Бұл қадам алдағы уақытта осы саланың дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.

Нақтырақ айтқанда, қазір «Бағдарламалық МЖЭ» енгізілуде. Бұл дегеніміз жеке әріптес пен МЖЭ жобаларын таңдау барысында қосымша сараптамалар жасалмайды. Яғни арнайы әр сала үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда барлық рәсімдер жазылып тұрады деген сөз.

Мұнан өзге, МЖЭ жобаларын жоспарлау барысы да оңтайландырылуда. Бұрын бұл 5 кезеңнен тұрса, қазір 3-кезеңге дейін төмендетілген, яғни инвестициялық ұсынысқа сараптама жасалады, байқау өткізіледі, МЖЭ келісім шарты жасалады. Ал бұған дейінгі жобаның тұжырымдамасы мен МЖЭ келісім шарты жобасының сараптамасын жасау деген талап алынып тасталды.

- Жалпы МЖЭ жобаларын әзірлеу кезеңі 7 айдан 3 айға дейін қысқартылды, - дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов. – Осыған орай, МЖӘ процедурасы қолжетімді бола түсті. Бұл жайт инвесторларға ұзақ мерзімді қаржы салуға мүмкіндік береді. Заңнамаға енгізілген өзгерістің нәтижесінде әлеуетті мемлекеттік әріптестердің ауқымы мемлекеттік кәсіпорындармен толықты. Сонымен бірге, мемлекеттік бюджет шығынын болдырмау мақсатында мемлекеттің жоба аясындағы қаржылық міндеттемесі бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыны жоспарлау барысында негізгі лимиттен аспауы ескерілетін болады. Мәселен, Бюджеттік Кодексте аудан әкімдігі (немесе облыстық маңыздағы қала) МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемесін мәслихатпен қабылданған құжат негізінде орындауды қамтамасыз ететін норма қарастырылған. МЖЭ келісім шарттарын бақылауда ұстау тетігі ретінде қазынашылық органдарымен келісім шартты тіркеу қарастырылған. Мысалы, мемлекеттік сатып алу саласындағы келісім шарттар қазынашылықта тіркеледі ғой. МЖЭ келісім шарттары да осындай мәртебеге ие болып отыр.

Айта кету керек, қазіргі таңда біздің облысымызда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жалпы құны 25,5 млрд.теңгені құрайтын 66 жоба қолға алынды. Оның ішінде 10 жоба бойынша тиісті келісім шарттар жасалып, жобаларды жүзеге асыру басталуда. Жобалардың бсым бөлігі білім, денсаулық, спорт салаларын қамтиды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


БАБА АМАНАТЫ ДӘРІПТЕЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.04.2018 14:55

Кеше Жалағаш аудандық Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің, «Аналар кеңесінің», аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен халық қаһарманы Б.Момышұлының келіні, жазушы-этнограф З.Ахметованың «Бабалар аманаты» кітабы бойынша пікір алмасу кеші өтті. Жиынға ардагерлер, «Аналар кеңесінің» мүшелері, білім, медицина саласының қызметкерлері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Келелі кездесуге Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ә.Мәдиева модераторлық жасады. Пікір алмасу кешінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрайымы Д.Мирман, ақын, сазгер, ұстаз, аудандық «Аналар кеңесінің» мүшесі А.Орынбаева, аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы Р.Ералы, Қазақстан Журналистер және Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің жауапты хатшысы Қ.Ахетов, облыстық «Сыр дидары» басылымының редакторы С.Алдашбаев, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Қосжанова, аудандық кітапхана редакторы, «Аналар кеңесінің» мүшесі Ұ.Нұрымбетова, Мәдениет ауылдық «Аналар кеңесінің» төрайымы Р.Шарафадинова «Бабалар аманаты» кітабының өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі алатын орнының маңыздылығына тоқталып, мазмұнды баяндамалар, кітаптағы тәрбиелік, өнегелі өсиеттермен бөлісті, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

 


ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
26.04.2018 14:48

Кеше Жалағаш ауданындағы Мәдениет және өнерді дамыту орталығында облыстық ақпараттық топ мүшелері аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуге Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары А.Боранбаев, ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі С.Алдашбаев дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды баяндап, жат ағымның қоғамға қауіптілігін көпшілікке түсіндірді. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының Жалағаш аудандық филиалында облыстық ішкі саясат басқармасын Діни ахуалға талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Алтынбеков жеке тұлғалармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Сонымен қатар, деструктивтік діни ағымдардың алдын алу мақсатында облыстық ақпараттық түсіндірме топ мүшелері аудан жастарымен, «Иманқұл» мешітінде жамағатпен де кездесті.

Кездесуден соң, аудан орталығындағы «Әділет» және «Ырыс» базарларына барып, тұрғындарға тақырыптық арнайы бүктемелер таратты.

Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімі

 


Күнтізбе

< Сәуір 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары