Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 1510 |
![]() | Кеше | 1814 |
![]() | Осы аптада | 7187 |
![]() | Өткен аптада | 13533 |
![]() | Осы айда | 36730 |
![]() | Өткен айда | 53547 |
![]() | Бәрі | 3107640 |
-
19.04.18
Толығырақ...
ӨМІР СОҚПАҒЫ...
Жол – экономиканың күретамыры, тіршілік ізі. Қала ішіне қамшының өріміндей таралатын сол жолдардың қазіргі жағдайы қандай?
Көктем бастала салысымен Қызылорданың орталық көшелері ғана емес, шетаймақ жолдарына да жан бітетіні бар. Қазіргі күні қала бойынша ұзындығы 619 шақырымды құрайтын 766 көше бар. Оның 503,2 ...
-
19.04.18
Толығырақ...
Жақында үйге туыстарымыз келіп, кішкентай бүлдіршіндермен оңаша қалып, бала да болса әңгімеге тарттым. Сөйтіп «Кімге еліктейсіңдер?» деп сауал тастадым. Сонда 8 жастағы інім «Бэтмен», «Өрмекші адам», «Халк», «Темір адам», «Флеш» секілді шетел мультфильмдерінің басты кейіпкерлерін тізбектей жөнелді. Арасында бірде-бір қазақ батырларының есімі жоқ. Онысымен қоймай, сол кейіпкерлердің өзіне...
-
19.04.18
Толығырақ...
«Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса, сұлулықты ит те сезеді». Жазушылық жылнамасында әйел, ана тақырыбына ең көп қалам сілтеген талантты жазушы Ғабит Мүсірепов осылай депті. Иә, сұлулықты кім жақсы көрмейді, сұлулық кімге билік жүргізбеген десеңізші? Бота көзді, шие ерінді, үріп ауызға салғандай сұлу! Қыздардың осы сипаты қазір бар ма? Әрине, бар. Бірақ көзін линза арқылы қ...
-
19.04.18
Толығырақ...
Қаржы және қоғам
- Бұрын бәрін кадр шешкен деседі. Осы рас па, әлде өзгенің бе өсегі?
- Иә, қазір қоғам емес кешегі, қаржы бәрін шешеді... Қысқартады, кеседі. Өшіреді, өседі... Қаржысы жоқ қасқаның маңдайда соры бес елі.
- Сонда кадр ешнәрсе шешпей ме?
- Жоқ, ол да аз-маз шешеді. Қаржың болса қалтаңда,...
- 19.04.18
ЖҰМЫСТЫ ЖЕР ЖҰТЫП ҚОЙДЫ МА? |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Бүгінгінің болмысы |
12.04.2018 12:34 |
- Жұмыста қысқарту болып жатыр. Ілігіп кетсек, кредитті қалай төлейтінімді білмеймін? - Бізде де солай деп жатқан. Құрысын, күн көру, өмір сүру қиындап бар ма, қалай өзі? Міне, бұл – тұтастай ел ішінде кездесетін диалог. Көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Әрине, үкімет жұртқа жаппай жұмыс тауып беруге міндетті емес. Бірақ, жағдай жасауға міндетті. Бәрі ақшамен теңелген заманда оқымай-ақ диплом алғандар тастан таққа секіріп тайраңдаса, терін төгіп диплом алғандар жұмыс таппай екі қолын “пай-пайлап” жүргені шындық. Осылайша, қазақ қоғамында Әділет, Әділжан, Әділбек есімді талай жандар әділеттілік жайлы әңгіме қозғауға ұялуда. “Жатқанға берсін” деп үйінде аяғын аспанға көтеріп жата алмайтындар дипломын қажет етпей, қара жұмысқа араласып кетті. Бала-шағасының қамы үшін есектің артын жусам да мал табайын дегендер бар. Өйтпегенде қайтсін, жұмыстан жаппай қысқарту белең алғалы қашан? “Менмін” деген белді-беделді компаниялар нарықтық заманның көшіне ілесе алмай, жұмысын тоқтатуға мәжбүр болуда. Жабылуының себебі “жұмысты жүргізе алмады” ғана болмауы мүмкін. Көзінен өзгерісті көргісі келмейтіндер өзінен зор шыққанды аяқтан шалып, арқадан итеруге “мәстір” емес пе? Бұл басқа тақырып болса да, елдегі жұмыссыздықтың бастауы болып отыр. Жалпы, 2015 жылғы дағдарыс кезінде жұмыссыздық қатты өсіп кеткені көпшілікке таңсық емес шығар. Десе де, біраз жылдардан бері жұмыссыз халықтың саны қысқарғанын статистикаға сүйеніп, мойындамасқа шарамыз жоқ. 2016 жылдан бастап-ақ жағдай тұрақтанып, өткен жылы да едәуір түзелген. 2017 жылдың 4 тоқсанында ҚР бойынша 439,3 мың жұмыссыздар саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 0,4%-ға азайса, 2017 жылдың басынан бері 4,9%-дық көрсеткіш сақталып келеді. Energyprom.kz зерттеу орталығының мәліметіне сүйенсек, 2018 жылдың ақпан айындағы есеп бойынша Қазақстанда жұмыссыздардың саны 440,7 мың адамды құрап отыр. Биылғы жылдың алғашқы екі айында екі қолға бір күрек таппағандардың саны 400 адамға артыпты. Негізінен, жұмыссыздықпен күрес бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр. Жұмыссыздар саны бір жыл ішінде 7 %-ға, яғни 32,2 мың адамға азайған. Жұмыс табу бойынша қиындықтарды жою бойынша көшбасшы аймақтардың ішінде Қостанай облысы (жұмыссыздар саны 5%-ға, яғни 24,5 мыңға азайған) мен Ақмола облысы да бар (2,8%, 20,6 мың адам). Жұмыс табу бойынша ең көп қиындық туындап отырған – Астана қаласы. Елордада жұмыссыздар саны бір жыл ішінде бірден 6,8%-ға өскен. Бұл көрсеткіш 23,8 мың адамға сәйкес келеді. Жұмыс іздеп, талай табалдырықты тоздырғандардан айлығы шайлығына әзер жетіп отырғандар бақытты екен ғой дейсің осындайда. Өлместің күні деп, күнкөрісін ғана ойлайтындар бір айға, бір айын бағамдайтындар қашан бір жылға уайымсыз отырар екен? Қаржылық жағдайының төмендігі ер-азаматтың көпшілік ортада өзін төмен ұстауына әкеліп соқтыратыны рас. Еңсені тіктеймін деп жүріп, басын бұтының астынан тауып алып жатқандар көп бізде. “Өкімет өлтірмейді” деуден танбайтын бір кісінің жұмыс іздегеніне біраз уақыт болыпты. Шіркін, жалқаулық та жар бермей жүрген шығар. Көршісі күнде сұрайтын көрінеді: - Жұмыс таптың ба? - Жоқ, жер жұтып қойған-ау, құрғырды! Жағынбасаң, жұмыс жоқ қазір, соны білдім. Алдына жұмыс сұрап барғанда, руласы не танысы болмасаң, бет-жүзіңе қарауға ерінеді. Әлгінде ғана бос тұрған орын бастықтың бірдеңесіне бұйырады да кетеді. Бірінші қимылдасаң да болмайды екен... Ш.ШАТҚАЛ |
«БІЗГЕ ӘДЕМІ СӨЗДІҢ КЕРЕГІ ЖОҚ» |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Саясат |
12.04.2018 12:22 |
Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, Қызылорда қаласының әкімі: «ЖЫЛДАҒЫ ӘҢГІМЕ ҒОЙ» Шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов пен Белкөл кентінің әкімі Асхат Ибрагимовтың атқарған жұмысы тыңдалды. Алдымен Ақарыс Дүйсенұлы алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қала мектептерінің дайындығына тоқталды. Биыл қала бойынша 50 білім ордасын 2139 оқушы бітіреді. Бүгінде олардың 1720-сы ҰБТ-ға қатысады деп жоспарлануда. Ал биылғы оқу жылында Қызылорда қаласы бойынша «Алтын белгіге» (2017 ж - 107) – 92, «Үздік аттестатқа» (2017 ж - 102) 108 үміткер тіркеліп отыр. ҰБТ қаладағы «Мұрагер» мектебі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №5 оқу ғимаратында өткізілмек. Наурыз айында алынған сынама тестілеудің қорытындысы бойынша орташа балл – 93. Жауапкершілігі жоғары білім бәсекесіне бөлім басшысы «тас түйін дайынбыз» деп сендірді. Алайда қала әкімі: – Бұл жылда айтылып жүрген әңгіме ғой. Биыл жақсы нәтиже болатын болсын! Әдемі әңгіменің керегі жоқ, - деп бөлім басшысына қатаң ескертті. ҰБТ-ға аз оқушы қатыстырып, жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген мектептердің бар екендігі рас. Нұрлыбек Мәшбекұлы осы мәселені де назарға салды. – Бізде түлектердің ҰБТ-ға қатысуы жағынан ешқашан 80 пайыздан төмен түскен емес. Дұрыс! Бірақ, қорытындыға келгенде оқушылардың қатысуын ескермейді де, көрсеткен нәтижесіне көңіл бөледі. Мен білемін, кейбір өңірлерде мектеп бітірушілердің саны 30 болса, оның ең жақсы оқитын 5-6-ауы ғана ҰБТ-ға қатысады. Нәтижесі 100 пайызды көрсетеді. Бізде - керісінше. Шыны керек, бұған қарап отырып көңіл түседі. Шахмардан Асқарұлы (қала әкімінің орынбасары.- ред.), осы мәселені тиісті министрлікке жеткізіңіздер. Тек ҰБТ көрсеткішін есептемей, түлектердің де қатысуын назарға алсын! - деп білім бөлімі басшысы мен өзінің орынбасарына тапсырма жүктеді. Түлектер ҰБТ-дан төмен балл жинаған жағдайда өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Шаһар басшысы оқыс оқиғаларды болдырмау үшін қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Дәулет Сүлейменовке қаладағы көпірлердің маңы мен Сырдария өзенінің жағалауында бақылауды күшейту керектігін айтты.
«БОСҚА АЙЛЫҚ АЛЫП ОТЫРҒАНДАРДАН ҚҰТЫЛМАСАҢ, ӨЗІҢНЕН ҚҰТЫЛАМЫЗ» Осыдан соң Белкөл кентінің әкімі Асхат Ибрагимов жыл басынан бері атқарған жұмысын баяндады. Қызылорда қаласына іргелес орналасқан кентте 3994 адам тұрады. Тұрғындардың тең жартысы экономикалық тұрғыдан белсенді. – Белкөл кентінде 2018 жылдың 1 сәуіріне 80 кәсіпкерлік субъекті тіркелген. Оның ішінде 23 мал шаруашылығы, 1 егін шаруашылығы, 21 дүкен, 1 монша, 1 техникалық жөндеу орталығы, 1 шаштараз, 1 жеке балабақша, 2 асхана, 2 газ сақтау және өткізу орны, 12 жолаушылар және жүк тасымалы, 1 кірпіш зауыты, 1 асфальт-бетон зауыты, т.б. кәсіпкерлік нысандар жұмыс істейді. 2018 жылдың 1 тоқсанында қалалық кірістер басқармасына 7 кәсіпкерлік субъекті тіркелген. «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грантқа кент тарапынан 10 жоба ұсынылып отыр,- деді кент әкімі Асхат Жорабекұлы. Қазіргі таңда кентте 21 көше бар. Олардың 3,9 шақырымы асфальттанған, 7,8 шақырымына тас төселген, қалған 11,5 шақырымы – қара жолдар. Биыл Белкөлдегі «2-Линия», «Зеленая» көшелерін асфальттауға облыстық бюджеттен 31,5 млн теңге қаражат қарастырылған. Асхат Жорабекұлының І тоқсанда атқарған жұмыстарының ішінде ақсағаны тұсы аз емес. Мәселен, кентте ірі қара малы өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 4,5 пайызға кеміген. Ал «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында және «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 20 бас сиыр мен 1 асыл тұқымды бұқа сатып алу межеленген. Алайда бұл жоспардың біреуі де орындалмаған. Олқылықтарды осылай жіпке тізген қала басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлы: – Халықпен есепті кездесуің жақсы өтті. Жарайды! Әдемі сөйлейсіздер! Ал іске келгенде мүлде басқаша. Сонда мұның барлығы көзбояушылық па? Оның үстіне биыл облыста кәсіпкерлікті дамытуға үлкен күш салынып отыр. Өткенде сіздерді облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының өзі тыңдады. Ендеше бұл көрсеткіштердің барлығы неге төмен? - деп кент әкімін сауалдың астына алды. – Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспар орындалмады. Дегенмен шаруашылықтар ірі қараны өз қаражаты есебінен сатып алып отыр. Сондықтан оны бағдарламаға енгізе алмаймыз. Алдағы уақытта кеткен кемшіліктің орнын толтырамыз,- деп ақталды Асхат Ибрагимов. Сонымен қатар кентте орын алған қылмыс пен ұрлық-қарлықтың ашылуы да төмен. Мәжілісте кенттегі келеңсіздіктердің көпшілігі слайд арқылы көрсетілді. Көшедегі қоқыстарды былай қойғанда, ондағы балабақшаның қабырғасы сарғайып, күзгі жапырақтарға ұқсап кеткен. Тіпті, Нұрлыбек Мәшбекұлы кент әкіміне қарата: «Мына қабырғаларды (слайдта көрсетілген суретті нұсқап.- ред.) 10 кило әк алып, әктеп қоюға болады ғой. Бұған бюджеттен ақша керек емес шығар. Оны істейтін ниет жоқ, ниет!» деді қатқыл үнмен. Ал мәдениет саласында да бірқатар кемшіліктер анықталған. – Мәдениет үйінде халыққа өз деңгейінде іс-шаралар өткізілмейтін болса, онда оның керегі қанша? Неге ондағы қызметкерлерге мемлекеттен ақша төлеп отырмыз? Одан да жауып тастайық! Болмаса, сапалы, білімді кадрлар іздейік. Асхат Жорабекұлы, босқа айлық алып отырғандардан құтылмасаң, өзіңнен құтыламыз. Белкөлден сапалы маман таппасаңыз, қаладан алыңыз, - деп шаһар басшысы шүйлікті. Жоғарыда анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруге Белкөл кентінің әкімі Асхат Ибрагимовке бір апта уақыт берілді.
«БӘРІН БІРДЕН ШЕШУ МҮМКІН ЕМЕС» Жиын барысында жақында ғана әлеуметтік желілерде тараған қаладағы «50 әжетхана» жайында да сөз болды. Қала әкімінің сөзінше, Елбасының, аймақ басшысының көмегімен бес жыл ішінде Қызылордадағы 32 апаттық жағдайдағы үйдің мәселесі толыққанды шешілген. Оған 8 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалған. – Әрине, біз ол мәселелердің барлығын шешуіміз қажет. Бірақ, бәрін бірден шешу мүмкін емес. Мұндай үйлер, жатақханалар өзге қалаларда да бар. Сол үйді жаңғыртудан өткізейік десек, тұрғындардың 70 пайызы қол қоюы қажет. Ал тұрғындар оған келіспей отыр. Олардың ойынша, оның барлығын тегін істеу керек. Кәсіпкерлерге қашанғы өтініш айтып жөндете береміз. Шынын айтқанда, ол да – «нарушение». Шахмардан Асқарұлы, осындай мәселелерге келгенде телеарналар мен газеттерге толық, әрі нақты жауап беріңіздер! - деді Нұрлыбек Мәшбекұлы. Қала әкімі шаһардың тазалығына да мән беру керектігін ескертті. Егер ол талап орындалмаса, тиісті шаралар көрілмек. Ал қалаға қарасты ауыл әкімдері әр апта сайын мәжілісте атқарған жұмысы туралы есеп беретін болады.
МАРАПАТТАР мен ТАҒАЙЫНДАУЛАР Қаңтардың 28-і күні Титов қыстағында 5 қабатты жатақхананың адамдар тұрмайтын бөлігі құлап, төтенше жағдай орын алғаны белгілі. Зардап шеккендер жоқ. Жергілікті билік тарапынан жедел шаралар қабылданып, тұрғындар қауіпсіз аумаққа көшірілді. Оқиға орнына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтан бастап, ат үстіндегі азамтардың барлығы дереу жетті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей екі күннің ішінде онда тұратын 50 отбасы уақытша пәтерлерге орналасты. Төтенше жағдайға байланысты өңірдегі құрылысшы кәсіпкерлердің демеушілігімен 50 млн теңгеге жуық қаражат жиналды. Оған қаладағы 9 көпқабатты үйлерге жөндеу жүргізіліп, айдың-күннің аманында далада қалған 50 отбасы тұрғын үй кезегі келгенше уақытша баспанамен қамтылды. Аталған жұмыстардың барлығы бюджеттен тыс қаражат көздері арқылы жүргізілген. Мәжілісте қысылғанда қол ұшын созған бір топ жомарт жандар Қызылорда облысының «Құрмет грамотасымен» және төтенше жағдай кезінде әлеуметтік көңіл күйдің тұрақталуына қосқан ерекше қызметі үшін «Қызылорда» телеарнасының тілшісі Елжас Әбділдә облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ, жиында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бұйрығымен Жанат Нәбиқызы Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Ол осыған дейін денсаулық сақтау саласында түрлі лауазымды қызметтер атқарған. Қала әкімінің №732 өкімімен «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Сейтмахан Айменов тағайындалды. Сейтмахан Нұрәліұлы 2014 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бөлім басшысы болған. Түйін. Ендігіде есеп беретін ауыл мен кент әкімдеріне тықыр таянған тәрізді. Себебі қала әкімінің өзі жұмыс істемейтін кадрлардың керегі жоқтығын тағы да ескертті.
Қозы Көрпеш ЖАСАРАЛҰЛЫ |
ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖОҚТЫҒЫ ШАМҰРАТОВТЫ «ШЫРЫЛДАТТЫ» |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Саясат |
12.04.2018 12:20 |
Сейсенбіде қала басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Тасбөгет кентінің әкімі Пахуатдин Шамұратовтың шаңын қақты. Әрине жайдан-жай емес. Жүйелі жұмыстың жоқтығы. Алдымен 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмысын жіпке тізген Пахуатдин Сыражадинұлы сан салада оң өзгерістердің бар екендігін айтты. Өз есебінде құны 807 млн 838 мың теңге болатын 23 көшеге орташа жол жөндеу жұмысын жүргізуге, 15 көшеге (оның ішінде Қ.Байдаулетов, Ә.Жалғасбаев, С.Шажанбаев, Қ.Юсупов, Қ.Тілеубергенов көшелеріне) тасжол төсеуге, жалпы сомасы 43 млн теңгені құрайтын газ желісі құрылысын салуға облыстық бюджетке өтінім жолданғанын жеткізді. Сондай-ақ, кенттің жаңадан қалыптасқан аумағына жалпы ұзындығы 17,9 шақырымына электр желісін тартуға жоба-сметалық құжаттары әзірленуде екен. Ауыл шаруашылығы саласында құрамында 56 мүшесі бар «Тасбөгет» АӨК қарқынды түрде жұмыс істесе, жаңадан «Тасбөгет-Агро» АӨК құрылғандығын жеткізді. Кент әкімінің есебін мұқият тыңдаған Нұрлыбек Мәшбекұлы «Тасбөгет кенті тұмсығымыздың астында тұр. Күнделікті қадағалап отырамыз» деп бастады әңгімесін. Сөйтті де, Тасбөгетте жұмыссыздық деңгейі 0,4 пайызға көбейгендігін, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ешқандай жоба қолға алынбағандығын, қылмыстың ашылуы өте төмендегенін мәлімдеді. Ең қызығы, кент әкімі «жүйелі түрде жұмыс істеп жатыр» деген ауыл шаруашылығы кооперативі Салық комитетіне бір тиын да салық төлемеген. Мұны шаһар басшысының өзі айтты. Тасбөгетте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бірқатар әлеуметтік нысандар салынуы қажет болған. Соның бірі – спорт кешені. Аталмыш нысанға бюджеттен 7,8 млн теңге бөліген. Тез арада бұл нысанның құрылысы басталмаса, қаражат кері қайтарылады. – Нұрлыбек Мәшбекұлы, бұған байланысты бірнеше ұсыныс түсті. Алдағы уақытта сол жобаларды қарап, өзіңізге өткізетін боламын,- деді П.Сыражадинұлы. Ал осыдан екі жыл бұрын Оразбаев көшесіне жаңадан жол салынған. Әйтсе де, асфальттың қазіргі күйі адам көргісіз. – Бұл көше 2016 жылы күз мезгілінде салынды. Мердігер мекеме – «Қыран» ЖШС. 2017 жылы мердігер мекемеге ескертпе хат жолдадық. Жолдың бұзылу себебі – үлкен автобустардың көп жүруі. Биыл қалыпқа келтіруге ұсыныс береміз. Орындамаған жағдайда, тиісті орындарға шағымданып, мәжбүрлеп жасатуға жұмыс істейміз,- деді кент әкімі. Қала басшысы аталмыш көшені қалыпқа келтіруге 1 мамырға дейін уақыт берді. Тасбөгетте тазалықтың жоқтығына орай П.Шамұратовтың тағы ақталуына тура келді. Тіпті, кент орталығында орналасқан «Белгісіз солдат» ескерткішінің маңайы аңғал-саңғал. Сылағы түсіп, сиқы кеткен. Көше қиылыстарында, шеткі аумақтарда тау-тау боп үйілген қоқыстың жөні бір бөлек. Ал көпір жиегіндегі қоршаудың жоқтығын слайдтан көрген қала әкімі: – Мынаны көрдің бе? Қоршау қайда? Бұған ақша керек емес қой. Неге істемейсің? Әлде күнделікті бәрін бақылап, айтып отыру керек пе? Тез арада көпірге қоршау салатын болыңыз!- деді Н.Мәшбекұлы. Сонымен қатар мәжілісте қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жақсылық Ержанов атқарған жұмысын баяндады. Әсіресе құрылысы басталып, аяқсыз қалған нысанның иелерін тауып, осы бағытта жұмыс істеу жөнінде айтылды. Бөлім басшысы бос жатқан аумақты мемлекет меншігіне өткізу керектігін жеткізді. Ал қаладағы көше атауларына байланысты ономастикалық комиссия жұмыс істеуде. Бөлім басшысы мен кент әкімінің есебін тыңдаған Нұрлыбек Нәлібаев оларға бірқатар тапсырма жүктеп, оны орындауға міндеттеді. Халық-хабар |
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚЫЛМЫС КӨБЕЙІП ТҰР |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Құқық құрығы |
12.04.2018 12:19 |
Соңғы кездері облысымызда криминогенді жағдайлар жиі орын алып кетті. Адамдардың бұзақылық жасап, төбелесуі, болмашы мәселе үшін қақтығысып, жаға жыртысуы қалыпты жағдайға айналып барады. Тіпті кейде 1990-2000 жылдардың басындағы «район» болып жиі төбелесетіндерден «асып түсіп, басып озамыз деп жүр ме?» деген де ой келеді. Алайда қазір – құқық қорғау қызметкерлерінің барынша күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқан уақыты. Таң атқаннан күн батқанға дейін «форма» кигендер қала тәртібін бақылап жүр. Әр жерде орнатылған камералар, құқық қорғау қызметкерлеріне берілген су жаңа автокөліктер, оның үстіне соңғы кездері прокуратураның бастамасымен салынған «Полиция» бекеттері, бәрі-бәрі облыстағы тәртіпті сақтап, қылмыс санын азайту үшін жасалынған. Алайда қанша жағдай жасалынғанымен, қоғамымыз күн өткен сайын қауіпті болып барады. «Халық көп шоғырланатын орындарда құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жұмыс істейді» деп салынған полиция бекеттерінің маңында да атыс-шабыс болып жатады. Оны өткенде ғана орын алған атыс оқиғасы дәлелдеп тұр. (Тәртіп сақшыларының қырағылығын осыдан-ақ бағамдай беріңіз). Тіпті, статистикалық деректер де құқықбұзушылықтан гөрі қылмыстың көп екенін дәлелдейді. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті сайты мәліметтеріне назар салсақ, өткен жылы облысымыз бойынша тіркелген 8333 (2016 жылы – 9367, оның 8662-сі – қылмыс) құқықбұзушылықтың 7248-і – қылмыс (оған Байқоңырды қоспайсыз, онда өз алдына 486 құқықбұзушылық тіркелген) болған. Тіркелген 8333 құқықбұзушылықтың 2434-і әйелдерге, 61-і жасөспірімдерге, 35-і мектеп оқушыларына, 10-ы колледж студенттеріне және т.б. қарсы жасалынса, барлық қылмыстың 25-іне құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тікелей қатысы болған. Яғни 25 қылмыс бізді қорғайды, тәртібімізді сақтайды деген қызметкерлердің қатысуымен болып тұр. Олардың ішінде төтенше жағдай департаменті (1), прокуратура (1), сот (1), ұлттық қауіпсіздік (3) қызметкерлері де бар. Ал бір ішкі істер департаменті қызметкерімен жасалынған қылмыс байқаусызда адам өлімімен аяқталған. Жоғарыда аталған барлық көрсеткіштің тең жартысынан астамы, яғни 5659-ы Қызылорда қаласына тиесілі. Бұл қылмыстың әлі де болса облыс орталығында өршіп тұрғанын көрсетеді. Сондай-ақ қылмыстың өршуі Қазалы (603), Шиелі (456), Жаңақорған (374) аудандарында сейілмей тұр. Осылардың ішінде адам өлтіру фактілері облыс бойынша 28-ге жетсе, соның 21-і қалада болған екен. Бұл Қызылорда қаласында өткізілетін профилактикалық шаралардың әлі де болса әлсіз екенін аңғартатындай. |
ҮЙ ИЕСІНІҢ ЗАҢДЫ ҚАРУЫН КІМ ПАЙДАЛАНА АЛАДЫ? |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Құқық құрығы |
12.04.2018 12:18 |
Бүгінде қорғану немесе қажеттілігі үшін қару ұстайтындардың қатары көбейген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облысымыз бойынша азаматтық қару айналымын бақылау саласының есебіне 8165 азамат алынған екен. Ал олардың сақтауында барлығы 10439 қару тіркелген. Оның ішінде 346-сы иір ойықты, 9736-сы тегіс ұңғылы аңшы қаруы болса, 346 газды және 11 пневматикалық тапанша бар. Негізінен, заң бойынша қаруды жасы он сегізге толған кез келген азамат өзінде сақтауға құқылы. Әрине, арнайы шарттарымен. – Қазақстан Республикасы жасы 18-ге толған, психо-неврологиялық, наркологиялық диспансер есебінде тіркелмеген және соттылығы жоқ азаматтарға тегіс ұңғылы аңшы қаруын, газды және пневматикалық тапаншаларды сақтауға және алып жүруге рұқсат береді және тегіс те ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруын да меншігінде кемінде үш жыл ұстаған, белгіленген тәртіппен аң аулау құқығы берілген ҚР азаматтарының ойық ұңғылы аңшы атыс қаруын иемденіп алуға құқы бар,- делінген ОІІД бастығының орынбасары Қ.Қобландин біздің хатымызға жолдаған жауабында. Алайда «қару ұстауға құқығым бар екен» деп оны иемдену айтарлықтай қауіпті екенін ұмытпау керек. Әсіресе, ашуға булыққан адамның қолында қаруы тұрса, жағдай тіптен қиын. Қарсыласына ойланбастан қару жұмсауы ғажап емес. Бүгінде қоғамда мұндай жағдайлардың жиі болып тұратынын естіп те жүрміз. Бірақ 2016, 2017 жылдары және ағымдағы жылдың 3 айында қанша адамның заңсыз қару пайдаланып, салдарынан зардап шеккендердің бар-жоғын білу қиын болды. ОІІД «ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеп-тексеру деректері жария етілмейді» деп, мұндай ақпаратты беруден бас тартты. Дегенмен көп жағдайда үй иесінің қаруын сол үйдегі өзге мүшелерінің пайдаланып жататыны өтірік емес. Әсіресе, аңшы мылтығын қыс басталғанда әкесінен бастап өзге балалары күнделікті аң аулауға алып барады. Алайда заң бойынша заңды иесі бар қаруды сол үйдің өзге мүшелерінің пайдалануына рұқсат жоқ. Ал егер пайдаланған жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 484-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік шара қолданылады. Айта кетейік, заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған тұлға, егер оның әрекеттерінде өзге де құқықбұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауаптылықтан босатылады. |
Жоспарсыз тексерулер басталып кетті |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Құқық құрығы |
12.04.2018 12:14 |
Жылына қаншама өрт болып, соның салдарынан қаншама адам ажал құшып жатады. Көбіне өрт адам факторының әсерінен, яғни өрт қауіпсіздігі талаптарын толық сақтамағандықтан болатыны жасырын емес. Жақында ғана Кемеровода болған қайғылы оқиға да осының дәлелі. Төтенше жағдай туралы алдын ала дабыл беретін құрылғының сол күні өшіріліп тасталуы – адами фактордың айтарлықтай азабы бар екенін көрсетіп тұр. Сондай-ақ қосымша есіктердің сол сәтте жабық тұруы да жүзден аса бүлдіршіндерді бақилық етті. Осы оқиғадан кейін әлемнің ақпарат құралдары бұл жағдайдың қайта қайталанбасы үшін адам көп шоғырланатын барлық орындарды тексеру қажеттігін жарыса жазды. Бұл іске араласқан еліміздің Премьер-министрі Б.Сағынтаев та жауапты мамандарға еліміздегі барлық ойын-сауық орталықтарына жоспарсыз тексерулер ұйымдастыруға тапсырма берген еді. Осыған байланысты біз де Төтенше жағдайлар департаментінен жылына қанша нысан тексеруден өтетінін сұрап білген едік. – 2017 жыл көлемінде өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 1 556 нысан тексеріліп (2016 ж. - 1566), 0,6%-ға азайды. Оның ішінде, ерекше тәртіп бойынша 900 нысан, жоспардан тыс 656 нысан (бақылау бағытында 621, прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша 28, арыз бойынша 7 нысан) тексерілді. Тексерулер барысында 3 887 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталды,- дейді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары А.Төлешов. 2018 жылдың есепті кезеңінде 232 нысан тексеріліпті. Оның 160-сы ерекше тәртіп бойынша, ал қалған 72-сі жоспардан тыс тексерілген. Тексерулер барысында 732 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталса, өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған 164 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 649 мың 350 теңге айыппұл салынған. Ал 2017 жылы салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 20 млн 057 мың 960 теңгеге дейін жеткен. Төтенше жағдайлар департаменті маманының сөзіне сенсек, мұндай айыппұлдарды, әсіресе, білім беру мекемелері төлейтін көрінеді. Өйткені оларға жылына екі рет тексерулер жүргізіледі екен. Айта кетейік, 2018 жылдың І жартыжылдығында ерекше тәртіп негізінде 614 нысан, ІІ жартыжылдығында 401 нысан тексерілетін болады. Олардың басым көпшілігін жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған (адам көп жиналатын орындар, базарлар, орта мектептер мен балабақшалар) нысандар құрайды. Қазірдің өзінде бұл тексерістер басталып кетті. Жақында ғана департамент қызметкерлері «Жібек жолы» ойын-сауық орталығын (блогерлердің тексерісінен бөлек) тексеріп, арнайы оқу-жаттығу өткізді. |
ОБЛЫСТАҒЫ РУХАНИЯТТЫҢ ОЗЫҚ ОРДАСЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Саясат |
12.04.2018 12:10 |
КІТАПХАНА ТАРИХЫНАН СЫР ШЕРТСЕК… Аймақтағы мәдениет пен өнердің, ғылым мен білімнің дамуына зор үлес қосып келе жатқан орындардың бірі – облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы. Іргетасы ХІХ ғасырда қаланған орталық 1867 жылы Перовск қаласында Ақмешіт уезі әскери бекінісінің халқына арналған кітапхана болған. 1938 жылы облыстың құрылуына байланысты Максим Горький атындағы Қызылорда облыстық кітапханасы деп аталды. 1999 жылғы 21 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының білім және мәдениет мекемелеріне есімдер беру және оларды қайта атау туралы» қаулысына сәйкес облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына халық жазушысы, көрнекті ақын Әбділдә Тәжібаев есімі берілді. Ал, 2009 жылы кітапхана жаңа ғимаратқа көшірілді. Осы күні кітапхана қызметінің негізгі бағыттары заман талабына сай ұйымдастырылып, оқырмандардың ақпараттық сұраныстарына сәйкес қорды қалыптастыру, сұраныстарын жылдам әрі сапалы қанағаттандыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, оқуға және білімге қызығушылықтарды қолдау, қоғам дамуы әдістерінің бірі ретінде тұлғаның үздіксіз білім алуына көмектесу жолында еңбек етуде.
ИГІЛІГІ КӨП ІС-ШАРАЛАР Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облыс көлеміндегі барлық кітапханалар үшін ұйымдастыру, әдістемелік орталығы болып табылады. Құжаттық мұраларды сақтау және қайта өңдеу қызметтері - кітапхананың басты бағытары. «Құжаттық мұраларды цифрлау» жобасы аясында өлкетану бағытындағы 2483 кітап цифрлық форматқа көшірілді. Кітапханада 9 бөлім, 7 сектор жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 30870 оқырманға қызмет көрсетуде. Кітап қоры 411201 дананы құраса, оның 112227-сі – мемлекеттік тілде. Ал, кітап берілімі 146701-ді құрап отыр. - Кітапханада көрсетілетін кітапханалық қызмет түрлері мен өткізілетін барлық мәдени шаралар, қорға келіп түскен жаңа әдебиеттер туралы, белгілі бір қаламгер шығармасына арналған виртуалды көрмелер туралы кітапхана сайтында жүйелі түрде жарияланып тұрады. Кітапхана пайдаланушылары үшін соңғы жаңалықтардың бірі – мобильді кітапхана қызметі. Аталмыш қызметті планшет пен смартфон иелері пайдалана алады. Пайдаланушылар виртуалды көрмеден тегін Wi-Fi қызметіне қосылып, қажет кітаптың QR-кодын сканерлеп, оны электронды түрде өз мобильді құрылғысына жүктейді. Мобильді кітапхана қорында Сыр бойының белгілі қаламгерлерінің туындылары бар, - дейді кітапхана директоры Нұржамал Ахметқалиқызы. Кітапхана – тек ғана кітап, журнал сақталатын орын ғана емес, отбасылық басқосулар мен көңілді кездесулер өткізетін орын. Қызықты және ерекше өтетін «Кітапханадағы туған күн» жобасы балалардың есінде мәңгі сақталып қалатын мереке болып табылады. Жобаға туған күн иелері ата-аналарымен және достарымен бірге қатысады. Балалар кітапханадағы уақыттарын өте көңілді өткізе алады. Бұл күні туған күн иелеріне ерекше сый-құрмет көрсетіледі. Зал мерекеге сай әсем безендіріледі. Мерекеде туған күн иелеріне құттықтаулар, жылы лебіздерін айтады. Балалар ән салып, би билеп, түрлі ойындарға белсене қатысады. Сонымен қатар, «Кітапханадағы түн» акциясының орны бөлек. Дәстүрге айналған шараның негізгі мақсаты қалың көпшілікті кітап оқуға шақыру болып табылады.
КІТАПХАНА – ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МЕКЕНІ Кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында 606 дана кітап бар. Мұнда әмбебап сипаттағы әртүрлі сирек кездесетін құнды басылымдар сақталған. Олардың қатарында қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, араб, парсы, латын, тәжік, түрік, шағатай, татар, корей тілдеріндегі жазба ескерткіштер бар. Кітаптар мен қолжазбалардың жазылу әдістері де әр алуан: қисса, дастан, естелік және басқа да жанрда. Кітап басылымдарының дені Қазан төңкерісіне, яғни 1961 жылға дейін жарық көрген. Сирек кітаптардың ішіндегі ең құндысы – арабша жазылып, 1293 Һижра жылы шыққан «Құран Кәрім» кітабы. Кітаптың сырты терімен қапталып, аяттары шөп бояумен боялған. Қазы Фаткуллмад, Қазы Абдулкарим, Шархуакия Халидің 1303 һижра жылы шыққан «Діни философиялық түсіндірме сөздігінің 1-томдығы, 1306 жылы ескі түркі тіліндегі «Имам Азам Бәтуа кітабы», 1307 жылы шыққан араб тіліндегі «Намаздың келу тарихы: намаз тәртіптері» кітабы, 1850 жылы түрік тілінде шыққан «Хуләсә Людфия» пайғамбарлар туралы өлең-насихат кітабы, 1860 жылы шыққан «Аталы Әл-Азхар» даналық сөздер кітабы, 1824 жылы парсы тілінде шыққан «Жүсіп-Зылиха» жыры сияқты жазба мұралары бар. Мұнда Қызылорда қаласы еліміздің алғашқы астанасы болған кезіндегі баспадан жарық көрген 33 кітаптың көшірмелері сақталған. Олар – араб қарпінде жазылған қазақша кітаптар. Сирек кездесетін қолжазбалар мен кітаптар қорында 1892-1909 жылдар аралығында шыққан анықтамалықтар жинақтары мен орыс классиктерінің алғашқы басылымдары да бар. Кітаптар арасында 4х5см-ді құрайтын өте кішкентай кітаптар коллекциясы сақталған. Олардың арасында А.Құнанбаевтың, Ы.Жахаевтың, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, С.Есениннің, А.Ахматованың, Омар Хаямның, Пьер-Жан Беранженің, т.б. кітаптары бар.
ҮЙІРМЕЛЕРДІҢ ҮЙРЕТЕРІ КӨП Кітапханада өнер саласындағы дарынды жандар шығармашылығын насихаттау, мүдделері мен қызығушылықтары ортақ жандарды біріктіру, жастардың өнерге деген қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Өнер» клубы жұмыс істейді. Клубта «Домбыра үйрену» және «Фортепиано» үйірмелері бар. Сондай-ақ, «Рауан», «Бағбан», «Дидар» клубтары да үздіксіз оқырмандарға қызмет көрсетіп келеді. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында әр айдың соңғы жұма күндері «Экран алдындағы кездесулер» айдарымен фильм көрсету ұйымдастырылады. Кітап оқу мәдениетін ілгері жылжыту, оқуды қолдау, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамгершілік тәрбиесі арқылы білімді жеке тұлға қалыптастыру, өз өлкесіне және оның тарихына деген сүйіспеншілік сезімін ояту мақсатында кітапханада «Оқитын өлке» акциясы, «Кітаппен бірге өсеміз», «Кітапханамен бірге оқу» жобалары жүзеге асырылды. Кітапханада «Досыңа кітап сыйла» және «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды. «Міндетті түрде оқылуы тиіс 10 кітап» атты бетбелгі дайындалып, оқырмандарға таратылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында кітапханада көптеген шаралар өткізіліп жүр. Рухани жаңғыру үшін, өзгеру үшін, алға ұмтылу үшін білім керек. Ал, білім көзі – кітапта. Облыстық кітапхана жастарды кітап оқуға шақыру, оқу мәдениетін, оқу талғамын қалыптастыруға бағытталған «Жастар таңдайды» – «Молодежь предпоЧИТАЕТ» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жобаның мақсаты – жастарды кітап оқуға ынталандыру, әдеби талғамын қалыптастыру, кітапты насихаттау. Жастар оқитын таңдаулы 100 кітапты анықтау. Артық білім кітапта болуы мүмкін. «Мен» деген ұлы жазушылардың өзі кітапты ешқашан тақпен ауыстырмайтынын айтқан. Сірә, олар рухани жалаң болып жүргеннен, заттай жұтаң болып жүруді қаласа керек. Облыстағы руханияттың озық ордасы саналған кітапханадағы жаңалықтар мен өзгерістердің әлі де бола беретіні анық. Кітапхана заман ағымынан қалыспай жаңа технологияны меңгеру, халыққа жаңа ақпараттарды жылдам жеткізу, оқырмандар сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңа инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, электронды және дәстүрлі ақпараттардың мәңгілік сақтаушысы болып қала береді.
Рыскелді ЖАХМАН |
ҚЫЗЫЛ мен КӨК, АЙЫРМАСЫ ЖОҚ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Ой-талқы |
12.04.2018 11:54 |
Қызық. Бір құралыптас танысым мектепті «Алтын белгімен» бітірді. Кейіннен университетке оқуға түстік. Танысымның танымы, білімі, парасаты, ойлау қабілеті тым жақсы. Ол әрқашан «Университетті қызыл дипломға бітірсем, жұмысқа тұру мүмкіндігім мол» дейтін. Біз әупірімдеп жүріп бітірдік. Ол ЖОО-нын да қызыл дипломға тамамдады. Өткенде жолығып қалдық. Жөн сұрастық. Жұмыссыз екен. Қызыл дипломды құшақтап талай есікті қағыпты. Алайда бірде-біреуі ашылмаған. Осыған орай студент жастардың арасында сауалнама ұйымдастырдық. Қызыл немесе көк диплом олар үшін қаншалықты маңызды?
|
ҰЛЫН ҚЫЗҒАНАМЫН ДЕП ШАҢЫРАҚТЫ ШАЙҚАЛТТЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Арнайы беттер |
12.04.2018 11:30 |
Тасболат жастайынан анасының еркесі болып өсті. Әкесі де бар тәттісін осы ұлына алып келетін. Әйтпесе бұның алдында үйде анасы бес жыл күткен тұңғыш бала, әлі тілі шыға қоймаған кенже ұл да бар. Бірақ неге екені белгісіз осы ұлы тәтті көрінетін. Мінезі жайдары әрі қамқор анасы да осы ұлына бар зейінін салып, еркелеткіш еді. Тасболат ер жетіп жұмыс істеген сәтте анасының өзіне деген ықыласын бағалап, сыйлағандығы ма, бар табысын әкеп беретін. Ішкі сырымен бөлісіп, жақын досы ретінде сырласатын да. Алайда шаңырақ көтеріп, сәби сүюге асықпады. Бірақ інісі Жомарт алдын орап кетті. Тасболаттан бұрын отбасын құрып, сәбилі болды. Жомарт пен Гүлзираның тұңғышы Сержанның қылықтарына сүйсінген Тасболат өзінің де шаңырақ көтеру керектігін ұға бастады. Күндердің күнінде Гүлжанмен сырласып отырған Тасболат, оған өзіне жар болуға ұсыныс жасады. Жасы 25-ке келген Гүлжан өз-өзін күтіп қалған қаланың қызы болатын. Тұрақты жұмысы, уақытылы алатын жалақысы да бар. Ешкімге қарайлап отырған жоқ. Бір жағынан, сол жұмыс деп оң босағада қалып бара жатқанын сезетін. Сондықтан жігітінің ұсынысын бірден қабыл алды. Жары болуға келісті. Сол-ақ екен, арада бір ай өтер-өтпестен дүркіреп той да өтті. Дүркіремегенде ше, екеуі де табыс тауып, жағдайларын жасап алған жандар. Ата-аналарына айтарлықтай салмақ та сала қоймады. Небір асхана құралдарынан бастап, төсек атаулының сан түрінен құралған қыздың жасауын көргенде, ағайын-туыс таңданды да қалды. Ал құда-құдағи мәз. «Көптен күткен ұлы той» деп бәрі қуанып жүр. Алайда қуанышты сәт ұзаққа бармады. Қашанда анасы десе ішер асын жерге қоятын Тасболат ендігі көп уақытын әйеліне арнайтын болды. Екеуі кешкісін бірге қыдыруды, қонаққа баруды жиілетті. Бұл сәтте анасы құдды бір баласын өзге біреу тартып алғандай күй кешетін. Жүрегі сыздап, кішкентайынан еркелетіп өсірген баласын қатты қызғанатын. Ал сүйікті ұлы табысының тең жартысын ғана өзіне бергенде, тіпті, мазасы болмай жатып қалды. Таңертеңнен кешке дейін төсекте жатып, өзінің бұл әрекетінің дұрыс еместігін түсінсе де, мінезіне қарсы тұра алмады. Ұлының өзінің емес, әйелінің бабын жасап кеткенін көре алмады. Бірте-бірте санасы тек жағымсыз ойлармен уланған ол енді күйеуі кешкілік жұмысқа кеткен сәттері түнде бөлмесінен қорыққан сыңай танытып, жас жұбайлардың қасына ұйықтауға келетінді әдетке айналдырды. Келіні қанша ашуланса да, баласы анасының сөзіне сеніп, қастарына алып жататын. Не анасына, не әйеліне жағарын білмей екі ортада Тасболаттың басы қатты. Ал жас жұбайлардың арасы осылай алшақтай берді. Күндіз жұмыста болатын олардың түнде жанына енесі жатып алады. Бұл жағдай Гүлжанға қатты әсер етті. Құрбыларымен бөлісіп, сыр тарқатқанымен, одан келер еш пайда жоқ. Соңында «төркіндеткіш» болып кетті. Кейде айлап келмей қоятын. Ал енесі оны іздеуге, шақыруға асығар емес. Қайта асығы алшысынан түскендей қуанып жүретін. Кешкілік жұмысынан шаршап келген баласына асты өзі даярлап, төсегін өзі салып беріп, қуаныштан бал-бұл жайнап жүрді. Мұндай күндері өз бөлмесінен де қорықпайды. Ұлының жалғыз жатқанына, Гүлжанның төркінінде жүргеніне мәз. Сөйтіп, баласын келінінен қызғанған ана соңында екі жасты ажыратып тынды. Үнемі араларына түсіп, ұлының сөзін сөйлегені былай тұрсын, түнделетіп бөлмелеріне баруын ақыры доғармады. Ал Тасболат болса кішкентайынан өзін еркелетіп өсірген анасына бір ауыз сөз қарсы келмейтін. Тіпті кейде әйелі Гүлжан артық кетіп жатса, жұдырық ала жөнелетін. Содан да болар екі жастың шаңырағы шайқалды да қалды. Ұлын келінінен қызғанған Қатира жасы алпыстан асса да немере сүйіп, соны еркелетудің орнына, сүйікті ұлын қызғанудан әрі аса алмады. Бүгінде арада бес жыл уақыт өткенімен, Тасболат әлі сүйіктісімен қосылған жоқ. Тіпті, қайта үйленіп, отбасын құруға да батылы бармай жүр. (Кейіпкерлердің есімдері өзгертілген.)
Ақсүйрік |
ӨМІР мен ӨНЕР ӨРНЕГІ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Арнайы беттер |
12.04.2018 11:17 |
Он екі мүшесі сау, аяқ-қолы балғадай кей жандар тағдырдың болмашы сынағынан сүрініп, өмірден баз кешіп жатады. Дүкеннің сөресінде тұрған әдемі әшекейді алуға шамасы жетпей жатса, әлемдегі жалғыз бақытсыз жан өзі секілді сезінеді. Олар әуел бастан Хақ тағала адамзат баласына өмірімен қоса түрлі сынақтарды да тарту ететінін түсіне бермейді. Сондықтан да көбі маңдайына жазылған сынақтың ырқына көніп кетеді. Ал тек мықтылар ғана тағдырдың тартуына тура қарап, бас имейді, кездескен түрлі кедергілерді жеңіп, аяққа тұруға талпынады. Сондай жандардың бірі – Күлпаш апа.
Күлпаштың келгенін естіген өзінің бұрынғы оқу орнының ұстаздары оны жұмысқа шақырады. Өзі алғыр әрі білікті, кез келген істі тиянақты орындайтын ол осында бес жылға жуық қызмет етті. Бір ғана жұмыспен шектелмей, қосымша бірнеше жерде қатар еңбек етеді. Алайда кейінгі жылдары денсаулығы сыр беріп, өзін жайсыз сезіне бастайды. Алғашында құдды аяғына ине тыққандай ауырып, жан сезбей қалса, кейіннен мүлдем төсек тартып, жатып қалады. Ал дәрігерлер болса, ешнәрсе анықтай да, диагноз да қоя алмаған. Ақ халаттылардан үмітін үзген ол қазақы ем іздеп те көрген. Арал, Қазалы аудандарындағы талай емшінің есігін де тоздырады. Бірақ бәрінің айтатыны бір – көз тиген, дуа бар. Осылайша ауруының емін таба алмай, арбаға таңылған күйі қалады. Күлпаш апа арбаға таңылғанымен, он екі мүшесі сау адамдардай бақытты, толыққанды өмір сүріп келеді. Өйткені жанында қашанда қолдау білдіретін бауырлары, қиналғанда көмек қолын созатын достары, шығармашылықпен айналыса келе танысқан таныстары бар. Әрі тағдырдың басына жазғанын Алланың берген сынағы деп қабылдаған ол бүгінде бар жағдайы жасалып, екі аяғымен шауып жүрсе де, өмірден баз кешіп жүрген көп адамға үлгі. Әрі мүмкіндігі шектеулі болса да, белсенді. Қоғамда болып жатқан кез келген оқиғаға қатысып, өз пікірін білдіріп келеді. Сыр еліне М.Шаханов ағамыз келгенде де, «баруым керек» деп, қоярда-қоймай, ол кісімен кездесіп, қолтаңбасын алуға асыққан. Өмірдің сынағына сүрінбей, еңсесін көтеріп тік тұра білген, тағдыр тауқыметін қанша тартса да, тек алға ұмтылған жанның жүзінен нұр төгіліп тұр. Арнайылап үйіне барғанда қарсы алған Күлпаш ападан осыны аңғардық. Сыңғырлаған дауысын айтсаңшы. Кімді болсын елітіп әкетеді. Ал әңгімесін тыңдай бергің келеді. Түңілуді мүлдем білмейді. Кімді әңгімесіне арқау етсе де, тек мақтайды, жақсы жақтарын суреттеп, жанындағы барлық жандар туралы тек жақсы сөз айтады. Тұрақты емін алып, кешкілік жаттығуын жасайды, өз-өзін күтеді. Соның нәтижесі болар, өзі айтпақшы «Бұрынғыдай түк сезбей жатып қалғанымнан қазіргі жағдайым жақсы» дейді. Өйткені қолы, бір аяғы жан сезіп, сәл де болса қимылдайтын болған. Дегенмен Күлпаш апа өмірін өзгемен қосақтауға батылы бармапты. Өзінің айтуынша, өзгеге салмақ салып, масыл болғысы келмеген. Өзгенің бағын байлаудан қорыққан. «Менің тағдырыма екінші жартым шыдай алмай, жарты жолда екі айырылыссақ, «кезіндегі «Сыр сұлуы» ансамблінің бишісі, дәрігердің қызы (әкесі дәрігер болған) қайтып келіпті деген ат келеді ғой» дейді сәл жымиып. Күлпаш апаның тағы бір қыры – шығармашылыққа жаны жақын. Кейде қолына қалам алып, түрлі тақырыптарда мақала жазады. Кәдуілгі тілші дерсің. Ол қалам тартқан тақырыптар сан түрлі. Жеке тұлғадан бастап, математика әлеміне дейін үңілген бишінің мұндай қырын жан-жақтылық деп бағалау керек. Ал бір шумақ ән айтқанда, тұла бойың шымырлап, жанды дауысына тамсанып та, таңданып та қаласың. Осындай жақсы жанның жанынан да тек жанашыр жандардың табылары сөзсіз. Олай дейтініміз, бүгінде біраз басылыммен байланыста жүрген Күлпаш апаның қаламмен мақала жазғанын көрген Талсуат елді мекенінен сайланған депутат Қайрат Ерназаров ноутбук сыйға тартыпты. «Сіз мақаланы қолмен жазасыз ба? Өзіңіз қолым ауырады дейсіз, бұлай болмайды» деп тез арада сыйлығын беріп жіберген екен. Жағымды жаңалық, алдағы алғаш рет өткелі жатқан шығармашылық концертіне де, Күлпаш апаның тілімен айтқанда, Қайрекең қол ұшын созып, демеушілік көрсетеді екен. Қандай жомарт жан! Елім деген ел ағалары барда, мүгедекті ауру деп білмейтін жандардың да табылары сөзсіз. Ендеше мамыр айына жоспарлаған шығармашылық кеші сәтті өтіп, талайды тағы да тамсандырады деп сенеміз. Біз де Күлпаш апаның сыңғырлаған дауысын естіп, биін тамашалауға асықпыз. Алла тағала «мұсылманның душар болған ауру, шаршау, дерт, қайғы, тіпті уайымдаған уайымы арқылы кейбір кінәларын кешіреді» дейді. Бұған қоса душар болған аурулары мен өмірде кездесетін түрлі қиыншылықтарға сабыр ете білген адамның бір сағаттық ғибадатына, тіпті бір минуты бір күндігіне тең болады екен. Осылайша қысқа ғана өмірдің берекеті тасып, ғұмыры ұзара түседі. Әрі сабыр ету арқылы өзге жандардың түні бойы намаз оқып ала алмаған сауабына кенеледі. Күлпаш апа да қиындыққа толы өмір жолы, оған таныта білген сабырлылығы арқылы өзіне мол сауап жинап жүрген болар?... Жансая ЖҮНІСОВА |
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>