Өзекті мәселелер

  • 12.07.18

    Қазақтың ұлттық болмысындағы өзіне ғана тән қасиеттердің бірі – «аманат­» қағидасы. Ұлы даланың демо­кра­тиялық принциптерінің нақты көрі­нісі болып табылатын осынау ерекше түсінік отарлық жүйенің қасаң саясатының негізінде «майдаланып» та кетке­нін жоққа шығару қиын шығар. Мұның сыртында ұлтымызды рухани мешел­дікке ұшырату мәселесі тұрғаны белгілі. Кезінде заманымыздың заңғар, данагөй қайратк...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Шығармашылықтың шыңына лезде­  шығу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні белгілі. Ал Аралдың жағасын­да  туып, анау асқаралы Алатауды бағындыру – бөлек әңгіме. Тұңғыш рет «Білім және еңбек» журналы­нда «Аралды қайтсек сақ­таймыз?» мақаласы басылды. Жұрт назары­ бірден ауған. Сонан соң «Қазақстан пионері» газетінде «Бо­з­айғыр»   әңгімесі   жарыққа  шықты. 1971 жылы республикалық жастарға арна...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Жаз айлары еліміз үшін мерекеге толы. Сол мерекелердің бірегейі – Елордамыз Астана қаласының туған күні. Ел болып атап өтетін Ел­ордаға биыл – 20 жыл. Қызыл­орда қаласының 200 жылдығымен  тұспа-тұс келген мерейтойдың  қуанышты еселей­ түскені рас. Еура­зия­ның жүрегінде бой көтерген қаланың тынымсыз еңбек пен даму жолына түскеніне де жиырма жыл. Ару қала Астананың туған күнімен құт­тықтауды Сыр...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген мақал бар. Расымен, үйдің іші сыңғырлаған бала күлкісіне толы болғанға не жетсін, шіркін! Отбасын құрудағы басты мақсат та – осы. Алайда үлкен жауапкер­шілікті талап ететін бұл ұғым ер мен әйелге өзіндік қиыншылықтар тудырады. Дүниеге бала әкелу адамның денсаулығына байланысты, бірақ оған тәуелді емес. Физикалық, психологиялық және әлеуметті...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең деп бекер айтылмаса керек. Әрбір ата-ана сәбиі дүниеге келген сәттен бастап мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Бөбегінің былдырлаған тілін қызықтап жүріп, бірінші сыныпқа баратын уақытының келгенін де аңғармай қалады. Бірінші сыныпқа барған соң, оң-солын танытып, бар керегін алып беру үшін күні-түні еңбекте...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 01 Мамыр 2018

СЫР ЖУРНАЛИСТЕРІ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.05.2018 18:41

Талдықорған қаласында “Жетісу” және “Огни Алатау” газеттерінің 100 жылдығына орай БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырылған шағын футбол турнирі өз мәресіне жетті. ОҚО, Жамбыл, Қарағанды, Алматы, Қызылорда облыстарынан және Астана қаласынан барлығы 9 команда бақ сынасқан доп додасы 2 күнге созылды. Топтық кезеңдегі алғашқы ойынын сырбойылық журналистер “Талдықорған” командасына қарсы өткізіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті. Одан кейін “Тараздан” 3:2 болып ұтылса, “Егемен Қазақстан” командасын 8:1 етіп ойсырата жеңіп, топтан екінші орынмен жартылай финалға шықты. Жерлестеріміздің жартылай финалдағы қарсыласы футбол турнирлерінің фавориті “Хабар” болды. Финалға бергісіз өткен ойын 3:2 есебімен “Ақмешіттің” пайдасына шешілді. Ал, ақтық сында қызылордалық қаламгерлер Шымкент журналистеріне есе жіберіп алды. Қорытынды есеп: 4:0.

- Қайсыбір кездесуімізді алып қарасақ та, талас-тартысқа толы, шиеленісті ойын болды. Турнирге қатысқан командаларды осал деуге келмейді. Барлығы жақсы дайындықпен келгенін көрсетті. Финалда ғана шымкенттіктерге күшіміз жетпей қалды. Әрине, біз үшін турнирдің күміс жүлдесі де жаман нәтиже емес деп ойлаймын. Жалпы, Сыр журналистері бүгінгі таңда бұқаралық спортты дамытуда, саламатты өмір салтын насихаттауда ақпараттық жағынан емес, іспен де дәлелдеп жүр. Алдағы уақытта жеңіс тұғырынан көрінеміз деген ойдамын, - дейді “Ақмешіт” командасының капитаны, “Qyzylorda” телеарнасының редакторы Әділбек Жақанов.

Айта кетейік, “Ақмешіт” командасы бұған дейін де республикалық жарыстарда Қызылорданың намысын абыроймен қорғап жүр. Жергілікті журналистер соңғы жылдары БАҚ өкілдері арасындағы облыстық турнирлерді көптеп өткізуді қолға алып келеді. Сыр спортының дамуына үлес қосып жүрген әріптестерді жеңісімен құттықтаймыз!

Рыскелді  ЖАХМАН

 


Түрлі этнос өкілдерімен кездесті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.05.2018 16:42

Мәдениет және өнерді дамыту орталығында аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай түрлі этнос өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев, аудандық мәслихат хатшысы М.Еспанов, аудан ардагерлері, түрлі этнос өкілдері қатысты. Кездесу барысында сөз алған аудан әкімі Қ.Әубәкірұлы қазақы ортаны жатсынбай, осы жерде ұрпақ өрбітіп, кәсіппен айналысып, қолдарынан келгенінше қызмет етіп, тіпті қазақтармен құда-жекжат болып, туысқандық қарым-қатынас өрбіткен, сондай-ақ, республика, облыс, аудан көлемінде жетістікке жетіп жүрген жастарға тоқталып өтті.

Кездесуде түрлі этнос өкілдері жылы лебіздерін білдіріп, алғаусыз алғыстарын жеткізді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев кездесуді қорытындылап, сый-сыяпат көрсетті.

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 


Жалағаштықтар ынтымақ пен бірлік күнін сән-салтанатпен атап өтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.05.2018 16:37

Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесіне айналған 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні ауданымызда 1500-ден астам адамның қатысуымен өткен мерекелік шеруден бастау алды.

Шеруді еңбек ардагерлері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, мәслихат депутаттары, өңірдің құрметті азаматтары, өзге ұлт өкілдері бастады. Шеруге қатысқан әрбір еңбек ұжымының жетістіктері, көрсеткіштері барша қауымға таныстырылды.

Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев аудан халқын айтулы мерекемен құттықтап, бірлігі мен берекесі ұйысқан, ортақ мүддеге тоғысқан жалағаштықтарға ақ тілеу, терең алғысы мен құрметін білдірді.

Орталық алаңға жиылған аудан жұртшылығына мәдениет үйінің көркемөнерпаздары театрландырылған қойылым мен концерттік бағдарлама ұсынып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Ән мен би, сән мен салтанат, салт пен дәстүр қатар өріліп, халық достығының көрінісі айқын көрінді.

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 


ЖЕРЛЕСІМІЗ Н.СӘЛІМГЕРЕЕВ «СЫР БАРЫСЫ» АТАНДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.05.2018 16:32

«Евразия СК» қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» жарысының финалдық кезеңі мәресіне жетті. «Алтын белбеу» жарысы бір айдан астам уақытқа созылды. Бозкілемдегі балуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсіп, «Алтын белбеу» жарысы өте тартысты өтті. Өйткені, әрбір балуанның белдесуге тыңғылықты дайындықпен келгені көрініп тұрды.

Түйе балуан сайысына 14 спортшы қатысты. Олардың арасында Арал ауданының тумасы, жерлесіміз Нұрым Сәлімгереев «Сыр барысы» атанды. Оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 170 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

Ендігі жерде жеңімпаз спортшымыз шілде айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде облыс намысын қорғайтын болады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


АТ ЖАРЫСЫ БІРЛІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.05.2018 16:26

Бүгін Арал өңірінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесін және Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойларын аудан көлемінде кеңінен атап өту мақсатында «Арал ауданы әкімдігінің жүлдесі үшін» ат спорты түрлерінен (тай жарысы, құнан, топ және аламан бәйгелері) жарыстар өткізіліп, Арал қаласындағы ипподром алаңы тұлпарлар тұяғының дүбіріне бөленді.

Ұлттық ат спорты додасына облысымыздың 7 ауданы мен Қызылорда қаласының сәйгүліктері қатыстырылды.

24 шақырымдық аламан бәйгеде Шиелі ауданы, Балаби ауылының «Қарашық» есімді қара аты өзгелерді шаң қаптырып, бас бәйгеге тігілген 500 мың теңгені ұтып алды. Сол сияқты 16 шақырымдық топ бәйгеде 14 тұлпардың ішінен Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылының «Интерн» есімді күрең аты топ жарса, Арал ауданы, Аралқұм ауылынан қосылған «Сұлтан» есімді тұлпары құнан бәйгеде 10 шақырымды басқалардан бұрын бағындырды. Ал, тай  арыстың бас жүлдесі Арал ауданы, Аралқұм ауылының «Астра» есімді жүйрігіне бұйырды. Жалпы, бүгінгі бәйгенің жүлде қоры 2 млн 220 мың теңгені құрады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН – ТУҒАН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.05.2018 16:23

Баршаға мәлім, бірлігі жарасқан Қазақстан халқы 130 ұлт өкілдерінен тұратын болса, теңіз төскейіндегі Арал ауданында бүгінде орыс, корей, татар, өзбек, украин, башқұрт, молдаван, қырғыз, қарақалпақ сынды этнос өкілдері жергілікті халықпен етене араласып, тату-тәтті, ынтымақта өмір сүруде.

Осы орайда, бүгін Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесін айдынды Арал жұрты да өзіндік сән-салтанатымен атап өтті. Береке мен бірліктің туы желбіреп, еңбек пен достықтың күйін шертетін ғажайып мезгілді аралдық ағайын асыға күтеді. “Қазақстан – бірлік пен татулық бесігі”. “Тату елде тыныштық, бейбіт елде береке орнайды”. “Бірлігі жарасқан Қазақстан!” деп ұрандаған аралдықтар мерекені тойлауды күнмен таласа бастап кетті.

Мерекелік шара алдын ала жоспарлаған бағдарламаға сай орталық алаңнан бастау алып, аудан оратығында бірқатар мекемелердің қатысуымен достық шеруі болып өтті.

Жалпы, Қазақстан халқының бірлігі күні бүгінгі таңда жұрт асыға күтетін жалпыхалықтық мерекеге айналған. Осы орайда аспан да шайдай ашылып, күн шуағын төгіп, аудан тұрғындары мен қонақтарының көңіл күйі де көтеріңкі болды. Әсіресе, арнайы мерекеге орай әзірленген өзге ұлт өкілдерінің ұлттық билері мен өнерпаздардың театрландырылған қойылымы қалың жұрттың назарын аудартпай қоймады. Осы жерде аудан әкімі М.Оразбаев барша халықты мерекемен құттықтады.

- Бүгінде 1 мамыр – бірлік мерекесі бүкіл елімізде, әр қала мен ауылда тойланатын жалпыхалықтық мереке болып қалыптасып кетті. Тәуелсіздік алғаннан бері мереке жаңа әрі терең мазмұнға толды. Қазақстан халқының бірлігі күні біздің берік достығымыз бен тұтастығымыздың, адал ниетіміз бен мақсат-мүддеміздің бірлігінің символына айналды. Қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау - баршамыздың алдымызда тұрған басты міндет. Елдегі саяси тұрақтылық, дінаралық, ұлтаралық татулық - біздің басты байлығымыз. Мереке құтты болсын, бейбітшілік пен игілік, береке-бірлік тілеймін, - деді Мұхтар Оразбаев.

Мерекелік құттықтаудан кейін аудан өнерпаздары мамырдың әнін аяусыз төгіп, жырдан шашу шашты. Концерттің сәні болған бүлдіршіндер өз өнерімен жиналған жұртты тәнті қылды. Осылайша, бірлік мерекесі халықтық жаппай серуенге ұласып, шырайлана түсті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІН АТАП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.05.2018 15:25

Мереке қарсаңында облыс орталығында «шығармашылық Арбат» ашылып, қалалық мәдени-демалыс саябақ қайта жаңғыртудан өтті. Саябақтың жаңа тұжырымдамасы аясында «Ана мен бала» бөлмесі, медициналық бекет, «Этноауыл» және анықтамалық бюро ашылды. Жаңа маусымның ашылу рәсімінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қала тұрғындарын Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Мерекелік шара «Бірліктің берік босағасы» атты өзге ұлт өкілдерінің шеруі мен «Ерулік беру» рәсімімен басталды.

«Бейбітішілік және келісім – біздің басты құндылығымыз, сондықтан біз оны сақтауымыз керек. Олар әрқашан біздің тарихи жетістіктеріміздің арқауы болып, бүгінгі күні де қоғамды жаңғыртудағы зор міндеттер мен ауқымды реформаларды жүзеге асыруға ықпал етеді. Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біз болашақта да халқымыздың жасампаз бірлігін туған еліміздің игілігі үшін нығайтпақпыз», - деп атап өтті облыс әкімі жаңартылған саябақтың ашылу рәсімінде.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Атап өтейік, Қызылорда қаласының мерейтойына орай қалалық мәдени-демалыс паркінің жаңа тұжырымдамасы бекітіліп, биылғы маусымнан бастап саябақ «Шылымсыз аймақ», «Ішімдіксіз аймақ» идеясымен жұмысын бастайды. Саябақ аумағында «Ана мен бала» бөлмесі, «Полиция бекеті», «Медпункт», «Этноауыл», «Анықтама бюросы» пайда болады. Мәдени-көпшілік шараларды өткізу үшін сахна қайта жасалды. Жеті жылдан бері істен шығып тұрған «Колесо обозрения» биыл қайта жасалып, іске қосылды. Қазіргі таңда саябақта 80 кәсіпкер халыққа қызмет көрсетуде.

Сондай-ақ, бүгін Ы.Жақаев көшесінің бойында «шығармашылық Арбат» ашылды. Мұнда жаз бойы қолөнер жәрмеңкелері мен өзге де мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл облыс тұрғындары Қызылорданың 200 жылдығы мен Астананың 20 жылдығын атап өтеді. Қос мерекеге орай республикалық айтыс, Сырдарияның сол жағалауындағы жаңа қаланың алғашқы шағын ауданының ашылуы, Елордада ғарыш музейін салу секілді ауқымды іс-шаралар жоспарланған. Алдыңғы жылдары Сыр өңірінде «Мәңгілік алау» мемориалы мен ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткіші қайта жаңғыртылды, этномәдени бірлестіктер үшін «Достық үйі» ашылып, Мемлекеттік рәміздер аллеясы, «Аналар аллеясы» және өзге де мәдени-қоғамдық нысандар ашылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Ардагер спортшылар бас қосты PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.05.2018 14:33

Бірлік күні мерекесіне орай Қазалы ауданының ардагерлері кіші футболдан жарыс өткізді. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын қазалылық азаматтар әр қалада бас қосып,осындай спартакиада өткізуді 10 жылдан бері дәстүрге айналдырып келеді. Бұған дейін Астана, Қостанай, Алматы, Қызылордада өткен жарыс ағымдағы жылы туған жерде жалғасын тапты.

Шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев саламатты өмір салтын қалыптастырып, үнемі спортты жанына серік еткен азаматтардың бұл үрдісі келешек ұрпаққа үлгі-өнеге екендігіне тоқталып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Аса тартысты өткен жарыста «Астана» командасы жеңімпаз атанды. Ал қалған орындарды «Қазалы-1», «Қазалы-2», «Замандастар» командасы еншіледі. Айта кетерлігі, осы жолғы жолдастық кездесуге Астана, Алматы, Тараз, Ақтау, Қызылорда қаласы мен Мәскеуден де ойыншылар келіп қатысты.

Жұмабек Табынбаев

 


Бірлігі бекем достық PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
01.05.2018 14:15

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді». Қазалы ауданында Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған шара ауқымды түрде өткізілді. Татулығы тұғырлы, бірлігі берекелі жұртшылықты құттықтаған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Халқымызда «Бақ қайда барасың − ынтымаққа барамын» деген дана сөз бар. Бәріміздің басты арманымыз − берекелі-баянды, тату-тәтті өмір сүру. Халқымыздың ынтымақ, бірлігі арта берсін» деп сөзін түйіндеді.

Бүгінгі бірлік пен татулықты, тыныштық пен бейбітшілікті мұраттаған шарада аудан тұрғындары әр ұлттың әні мен биін, өнерін тамашалап, көтеріңкі көңіл күйде жүрді. Бейбіт елдің аспанында әсем әуен шырқалып, күмбірлеген күй көкке қалықтады. Би биленіп, көпшілік қауым бір-біріне ізгі ниеттерін білдірді. Бір сәт дерекке жүгінсек. Сонау қиын-қыстау кезеңде Қазалы жеріне келген түрлі ұлт өкілдері киелі мекеннен пана тапты. Бауырмал қазақ халқымен бір үйдің баласындай етене араласты. Қазіргі таңда Қазалы ауданында 14 ұлттың өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде.

Жұмабек Табынбаев

 


Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары