Өзекті мәселелер

  • 12.07.18

    Қазақтың ұлттық болмысындағы өзіне ғана тән қасиеттердің бірі – «аманат­» қағидасы. Ұлы даланың демо­кра­тиялық принциптерінің нақты көрі­нісі болып табылатын осынау ерекше түсінік отарлық жүйенің қасаң саясатының негізінде «майдаланып» та кетке­нін жоққа шығару қиын шығар. Мұның сыртында ұлтымызды рухани мешел­дікке ұшырату мәселесі тұрғаны белгілі. Кезінде заманымыздың заңғар, данагөй қайратк...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Шығармашылықтың шыңына лезде­  шығу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні белгілі. Ал Аралдың жағасын­да  туып, анау асқаралы Алатауды бағындыру – бөлек әңгіме. Тұңғыш рет «Білім және еңбек» журналы­нда «Аралды қайтсек сақ­таймыз?» мақаласы басылды. Жұрт назары­ бірден ауған. Сонан соң «Қазақстан пионері» газетінде «Бо­з­айғыр»   әңгімесі   жарыққа  шықты. 1971 жылы республикалық жастарға арна...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Жаз айлары еліміз үшін мерекеге толы. Сол мерекелердің бірегейі – Елордамыз Астана қаласының туған күні. Ел болып атап өтетін Ел­ордаға биыл – 20 жыл. Қызыл­орда қаласының 200 жылдығымен  тұспа-тұс келген мерейтойдың  қуанышты еселей­ түскені рас. Еура­зия­ның жүрегінде бой көтерген қаланың тынымсыз еңбек пен даму жолына түскеніне де жиырма жыл. Ару қала Астананың туған күнімен құт­тықтауды Сыр...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген мақал бар. Расымен, үйдің іші сыңғырлаған бала күлкісіне толы болғанға не жетсін, шіркін! Отбасын құрудағы басты мақсат та – осы. Алайда үлкен жауапкер­шілікті талап ететін бұл ұғым ер мен әйелге өзіндік қиыншылықтар тудырады. Дүниеге бала әкелу адамның денсаулығына байланысты, бірақ оған тәуелді емес. Физикалық, психологиялық және әлеуметті...

    Толығырақ...
  • 12.07.18

    Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең деп бекер айтылмаса керек. Әрбір ата-ана сәбиі дүниеге келген сәттен бастап мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Бөбегінің былдырлаған тілін қызықтап жүріп, бірінші сыныпқа баратын уақытының келгенін де аңғармай қалады. Бірінші сыныпқа барған соң, оң-солын танытып, бар керегін алып беру үшін күні-түні еңбекте...

    Толығырақ...
Бейсенбі, 03 Мамыр 2018

Қызылордалық полицейлер полиция полковнигі Әмірбек Бердібекұлын зейнеткерлікке салтанатпен шығарып салды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.05.2018 11:47

3 мамыр күні Қызылорда облысының ішкі істер департаментінде ұзақ жыл жемісті еңбек еткен департамент бастығының орынбасары Әмірбек Шаймағамбетовтың зейнеткерлікке шығуына байланысты салтанатты шара өтті. Салтанатты рәсімге департамент басшылығы және жеке құрам қатысты. Рәсімнің алғашқы сөзін департамент бастығы, полиция полковнигі Қ.Мұхитов алып, Әмірбек Бердібекұлына ішкі істер органдарында күнтізбелік есеппен 33 жыл абыройлы қызмет етіп, Отан алдындағы антына берік болып, қызметтік міндетін адал орындағаны үшін алғыс білдірді.

Өз құттықтау сөзінде Қайрат Болатұлы «Осы күні құқық қорғау саласының майталманы ретінде құрметті демалысқа шыққаныңызға куәміз. Ел үшін адал қызмет етіп, абырой биігінен көріндіңіз. Сіздің өмір жолыңыз, атқарған қызметініңз – құқық саласының жас мамандары үшін үлгі мен өнеге» деп атап өтті.

Полиция полковнигі Әмірбек Бердібекұлы Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Жаңаталап совхозында дүниеге келген. 1985 жылы Өскемен жол-құрылыс институтын, ал 1999 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастары институтын бітірген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1987 жылдың желтоқсан айында Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің Мемлекеттік автоинспекциясы (МАИ) бөлімшесінің инженерінен бастап, кейін осы бөлімшенің аға инженері, Қызылорда ОІІБ-ның МАИ бөлімі жол-патрульдік қызметі жеке ротасының аға инспекторы, осы рота командирінің орынбасары лауазымына дейін көтерілген.

1993-2002 жылдары Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің Мемлекеттік автоинспекциясы бөлімшесінің бастығы, Қызылорда ОІІБ-ның жол полиция басқармасы бастығының орынбасары , осы басқарманың тіркеу-емтихан қабылдау бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарса, 2003 жылдан бастап Қызылорда ОІІБ-ның көші-қон полиция басқармасы бастығының орынбасары, Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарған. Сырдария АІІБ-нің бастығы лауазымында жүргенде, бөлімді базалық орган қылып жасауға зор үлесін қосқан.

2006-2009 жылдар аралығында Қызылорда ОІІД көші-қон полиция басқармасының бастығы, 2009-2012 жылдар аралығында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2012 жылдан бері департамент бастығының орынбасары қызметін атқарып келді.

Ішкі істер органдарындағы қызметінде ІІ, ІІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Ерекше қызметі үшін» медальдарымен, «Үздік қызметі үшін», «Қазақстан полициясына 15 жыл», «Қазақстан полициясына 25 жыл» омыраулық белгілермен наградталып, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бағалы сыйлығымен, ОІІД-нің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар, облыс басшылығы тарапынан Әмірбек Бердібекұлының сіңірген еңбегі мен еңбек үлесі еленіп, көптеген мақтау марапатқа ие болды.

Ұйымдастырылған салтанатты рәсім барысында ұзақ жылдар бірге қызмет атқарған әріптестері сөз алып, жылы естеліктерімен бөлісті. Қызметтестері сала ардагеріне лебіздерін білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.05.2018 10:27

Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының 73-ші отырысында су ресурстарын пайдалану және қорғау мәселелері талқыланды. 3-4 мамыр күндері өтетін іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің салалық министрлік өкілдері қатысуда.

Қызылордада өтетін 73-ші мемлекетаралық комиссия отырысына қатысу үшін Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, ҚР Ауыл шаруашылық вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Тәжікстан Республикасының энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Султон Рахимзода және Түрікменстан су және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Магтымгулы Байрамдурдыев жұмыс сапармен келді.

Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясы 1992 жылда Орталық Азия елдерінің Арал теңізі бассейніндегі су шаруашылығы мәселелері бойынша шешім қабылдау алаңы ретінде құрылды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов атап өткендей, биыл болжам бойынша аяқсу аз болады, сондықтан су ресурстарын мемлекеттер арасында үлестіру мәселесі өте маңызды, әсіресе Сырдария өзенінің төменгі ағымында орналасқан Қызылорда облысы үшін өзекті болмақ.

Комиссия отырысында қатысушылар 2017-2018 жж. Сырдария мен Әмудария бассейндеріндегі вегетацияаралық кезең қорытындысын талқылап, 2018 жылы вегетациялық кезеңде су алу лимиттері мен су қоймаларының жұмыс кестесін бекітті, сондай-ақ, «Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын кешенді басқару пайдалану және қорғауына ақпараттық-талдау қамтамасыз ету және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру жөнінде» Келісім жобасы бекітілді. Одан бөлек, қатысушылар мемлекетаралық комиссияның жұмысын одан әрі күшейту мәселелерін талқылап, комиссияның 74-ші отырысын өткізу бағдарламасы мен орнын келісті.

Түстен кейін отырыс қатысушылары Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевпен кездесті. Кездесу барысында аймақ басшысы комиссия жұмысының көрші мемлекеттер арасында су шаруашылығы мәселелерін реттеудегі маңыздылығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Халықаралық Арал теңізін құтқару қорының құрылғанына 25 жыл болды. 1993 жылы 25 наурыз күні Мемлекет басшыларының Қызылорда қаласында өткен саммитінде қорды құру жөнінде шешім қабылданды. Жалпы алғанда, Орталық Азия елдерінің су ресурстарын бірлесе басқару жөніндегі әріптестігіне биыл тура 100 жыл болмақ, өйткені 17 маусым күні «Түркводхоз» - бұрын құрамында комиссия мүшелері болған Түркістан республикасының су шаруашылығы басқармасының құрылуына 100 жыл болады.

«Арал теңізі мәселесі баяғыда жеке бір аймақ немесе елдің шеңберінен шығып, бүкіләлемдік деңгейдегі мәселе болды. Жағдайды жақсарту үшін су ресурстарын тиімді пайдаланып, су алу лимиттерін сақтау бойынша жұмысты әрі қарай күшейту керек. Осы мәселелер 15 наурыз күні Астана қаласында Мемлекет басшылардың кездесуінде талқыланды. Ал тамыз айында Ашхабадта Халықаралық Арал теңізін құтқару қорына қатысушы елдерінің Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы жоспарлануда», - деп атап өткен облыс әкімі Мемлекет басшыларының отырысына орай комиссия жұмысын әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөнінде ұсыныс айтты.

Кездесуге қатысушылар комиссия отырысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және оның жұмысына барынша ықпалдастық жасалғанын атап өтті. Мәселен, Өзбекстан Республикасының Су ресурстары министрі Шавкат Хамраев суды пайдалану мәселелері Орталық Азия елдері үшін аса маңызды екенін және өз тарапынан осы салада әріптестік қарым-қатынас орнатуға дайын екенін айтты.

Мемлекетаралық комиссияның 74-ші отырысы Ашхабад қаласында ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізіледі деп жоспарлануда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.05.2018 10:15

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған мерекелік қабылдау өткізді. Қабылдауға 42 соғыс ардагері, тыл еңбеккері және Семей полигоны мен Чернобыль АЭС ядролық сынақ жұмыстарына қатысушылар шақырылды.
Облыс әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Соғыс жылдары майданға 70 мыңнан астам қызылордалық аттанса, бүгінгі күні 37 ардагер қалды. Ұлы Отан соғысының қаһармандары арасында көптеген жерлестеріміз болғанына мақтанамыз. Өскелең ұрпақ жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ауызбіршілі мен ерлігі, ерекше табандылығы мен Отанға деген ыстық сезімінің арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткізгенімізді білуі тиіс», - деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде, ардагерлер мен тыл еңбеккерлері естеліктерімен бөлісіп, ізгі тілектерін айтты.

Сондай-ақ, іс-шара қатысушылары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірімізде 37 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері және 5726 тыл еңбеккерлері бар.
Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетіледі (37 - Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне - 192400 теңгеден); Ұлы Отан соғысы жылдарында жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін КСР Одағының ордендері мен медальдарымен наградталған адамдарға - 120250 теңгеден); 5382 - Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай қызмет еткен адамдарға 72150 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, майдангерлердің тегін демалыс орындарында демалдыру, емдету, жыл бойына коммуналдық қызмет шығындарын өтеу облыстық бюджет тарапынан шешілуде. Одан бөлек, 1 мамыр күнінен бастап жыл аяғына дейін қазақстандық ардагерлер «Жеңіс» қайырымдылық жобасы аясында ТМД елдері бойынша саяхаттай алады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Айбынды еліміздің абыройы асқақтай берсін PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.05.2018 16:47

Құрметті қызылордалықтар!

Қадірлі майдан және тыл ардагерлері!

Сіздерді мемлекетіміздің қос бірдей айбынды мерекелері 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отандастарымыз үшін 7 мамыр - батырлық пен табандылық, елжандылық пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны.

Бүгінде қуаты артып, абыройы әлемді мойындатқан Қазақстанның қарулы күштері заманның кез келген қауіп-қатеріне жауап беретін жинақы да ұтқыр армияға және татулықты ту еткен халқымыздың берік қорғаны, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың сенімді тірегіне айналды.

Ал, 9 мамыр - Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн.

Бұл күн - бейбітшілікті, тәуелсіздікті және өз Отанының бостандығын қорғап қалған майдангер аталарымыз бен тыл еңбеккерлері алдында бас иіп, олардың жеңімпаз рухына тағзым ететін күн.

Сонау сұрапыл жылдары мыңдаған қазақстандық майдан даласында кеудесiн от пен оққа тосып, Отанымыздың бостандығын қорғады. Қаншама боздақ азаттық үшiн жандарын пида еттi.

Біз - жеңімпаз әкелердің ұрпағы екенімізді, халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы екенімізді мақтан етеміз.

«Жеңіс» пен «Жетістік» ұғымдары еліміздің даму қарқынымен қашанда қанаттас келеді. Осынау бейбіт өмірге жеткізген ардагерлеріміз аман болғай!

Бұл - өшпейтін тарих, жылдар жылжыған сайын заңғар тартып, даңқы асқақтай беретін - Ұлы Жеңіс мерекесі!

Бүгінде тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау ұлы мерекенің жемісі.

 

Құрметті  жерлестер!

Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті майдан болса, Ұлы Жеңіс - аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Осынау қасиеттi мереке күнi бiз азаматтық арды ту етіп, өз өмiрлерiн құрбан еткен батыр бабаларымыздың әруақтары алдында бас иемiз.

Ерлік пен еркіндік, елдік пен егемендік ұғымдарын біріктірген қастерлі қос мереке әрбір шаңыраққа шаттық, амандық және бақ-береке әкелсін.

Айбынды еліміздің абыройы асқақтай берсін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Құрметпен,

Қызылорда қаласының әкімі                                                           Н. Нәлібаев

 


Мемлекеттік қызмет саласындағы міндеттер айтылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.05.2018 16:32

Жақында өңірлік коммуникациялар қызметінде 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының міндетін уақытша атқарушы Райхан Ысқақовалар брифинг берді. Онда сала басшылары атқарылған жұмыстардың барысына және алға қойған мақсат-міндеттеріне тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Сансызбайұлы мемлекеттік қызмет саласында биылғы жылдың басты жаңалықтарының бірі Мемлекет басшысына алғаш рет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы Ұлттық баяндаманың ұсынылғандығын айтты.

Облысымызда мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсу мәселесіне жоғары мән берілуінің нәтижесінде ішкі конкурстардың қорытындысымен жұмысқа қабылданған 99 тұлғаның 74,6 пайызы жоғары лауазымдарға тағайындалған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 66 пайызды құраған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы 389 қызмет түрі бойынша 956567 қызмет көрсетілген, оның ішінде электронды түрде 356035 қызмет көрсетіліп, жалпы көрсетілген қызметтің 44 пайызын құраса, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 28 пайыздан аспаған. Яғни, электронды түрде көрсетілген қызметтердің үлесі 2017 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 2 есеге жуық артқан.

Департамент пен Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бірлесіп, мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта артық қызмет жасауына және олардың үстеме ақы, материалдық жәрдемақы және сыйақы беру, еңбек демалысына шығару кезінде құқықтарының сақталуына, іссапар шығындары мен кепілдері уақытылы төленуіне талдау жасалып (сауалнама және рейд), талдау барысында мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы жұмыс көлемінің ауқымдылығына байланысты жұмыстан тыс уақытта, демалыс күндері жұмыс істейтіндіктерін білдірсе, кейбір қызметшілердің еңбек демалысына шығару, іссапар шығындарын өтеу кезінде құқықтары бұзылғандығы анықталған.

Департаментпен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөліктерді тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануына азаматтық қоғам өкілдерімен, белсенді блогерлермен бірлесіп рейд шаралары өткізілген. Рейд нәтижесінде 15 қызметтік автокөліктің қызметтен тыс мақсатта пайдаланылғаны анықталып, тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынымдар берілді.

Өткен жылы облыстың 2 мемлекеттiк кызметшісі (1-еуі Арал аудандық жұмыспен қамту бөлімі, 1-еуі Табиғи ресурстар басқармасы) қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Әдеп кодексі нормаларын өрескел бұзған. Департаменттің ұсынысы негізінде аталған қызметкерлер қатаң жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алу бағытындағы маңызды жобалардың бірі «Қоғамдық бақылау картасы» жобасының жүзеге асырылып жатқандығы туралы баяндалды. Жоба аясында жол, әлеуметтік нысандардың құрылысы, көгалдандыру және өзге салаларда жемқорлықтың алдын алу бойынша қоғамдық бақылау орнату мақсатында «WhatsАpp», «Telegram» мессенджерлері мен «ВКонтакте», «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінде аккаунттар ашып, департаменттің call-орталығы (70-25-20) жұмыс істеп тұрғандығы хабарланды. Бүгінгі күнге дейін әлеуметтік желідегі парақшалар мен call-орталық арқылы 16 өтініш түсіп, олар бойынша тиісті жұмыстар істелген. Өтініштердің 5-еуі - жер мәселесі, 3-еуі - құрылыс, 4-еуі - білім, 2-еуі - ішкі істер, 2-еуі - өзге де мәселелер.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ 73-ші ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
03.05.2018 14:42

Ұйымдастырушылар - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қызылорда облысының әкімдігі. Айта кету керек, шара 3-4 мамыр аралығында өтуде.

1992 жылдан бері жұмыс істейтін комиссия Орталық Азия мемлекеттерінің Арал теңізі бассейніндегі су шаруашылығы мәселелерін шешуге арналған алаңы болып табылады.

Шараға ҚР Ауыл шаруашылығының вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Тәжікстан Республикасының энергетика және су ресурстары министрінің орынбасары Рахимзода Султон, Түркіменстан су және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Байрамдурдыев Магтымгулы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов қатысуда.

Жиын барысында қатысушылар су тоғандары лимитін пайдаланудың қорытындысын шығарып, Әмудария және Сырдария өзендерінің бассейндеріндегі су қоймасы кешендерінің жұмыс режимі туралы баяндайды. Сондай-ақ, тараптар 2018 жылға арналған су тоғандарының лимитін бекітіп, су қоймасы кешендерінің жұмыс режимінің болжамды кестесін бекітуді келіседі.

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі

 


Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары