Өзекті мәселелер

  • 13.09.18

    Кез келген жұмысқа тұрарда қандай болмасын мекеме, ең алдымен, «сотты болмаған» деген құжат сұрататыны белгілі. Сол бір «қара тізімде» бар екенсіз, онда арманыңыздағы қыз­метке қол жеткізу қиын дей беріңіз. Алайда облысымызда осы бір мәселеге назар аудармайтын бөлім басшыларының бар екендігі анықталып отыр. Атап айтар болсақ, Арал, Жалағаш аудандық білім бөлімдері мен Сырдария аудандық мәдениет...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Сарабдал саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бұл туралы тарқатып айтқан болатын. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келе жатқанын ескерткен Елбасы жаңа заманға сай болуға үндеді.

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Шыны керек, көптің көкейінде «облыс орталығындағы басты көше­лерд­ің бірі Желтоқсан көшесі нелік­тен жылда жөндеуден өтеді? Оның орнына шетаймақтағы көшелерді жөндесе қайтеді?» деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. Мәселенің мәнісі былай. Былтыр сол көшеге су жүйелері мекемесі ауызсу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Асфаль­т қабаты бір рет қайта қазылса болды, жаңадан салынған жол бі...

    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Ерғали  АБДУЛЛА

    Көрініс

    Қыз Жібектей керімсығысы келгені­мен де, тұқымы  құрғыр мыстандығы қылымсып қайта-қайта көрініп  қала береді...

     

    ...
    Толығырақ...
  • 13.09.18

    Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

    журналист

    БІР   ҚИЫҚ  ОРАМАЛ

    Қазанға ет салып қойған. Қамыр илемекші болып еді, ұн бітіп қалған екен.

    Толығырақ...
Жұма, 04 Мамыр 2018

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.05.2018 11:04

"7 мамыр – Отан қорғаушылар күні" мерекесіне орай аудан орталығындағы "Құрметті азаматтар" аллеясында салтанатты іс-шара өтті. Оған әскер қатарына шақырылған жас сарбаздар, олардың ата-аналары, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым төрағалары, Чернобыль апатының ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, кент тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шара театрландырылған қойылыммен басталды.

Аудан әкімі Ғ.Қазантаев жиналғандарды "7 мамыр – Отан қорғаушылар күні" және Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесімен құттықтап, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.

Әскерге шақырылған жас сарбаздардың ата-аналарының атынан, "Алтын алқа" иесі Айтгүл Қалмағанбетова сөз сөйлеп, жүрекжарды лебізін білдірді. Өз кезегінде еңбек ардагері, "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" Р.Бәйменов бата берді.

Іс-шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер айтып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


«БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ» АТТЫ АКЦИЯ ӨТУДЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.05.2018 11:00

Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 1-31 мамыр аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты жедел-профилактикалық шарасы өтуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы Айбол Аукенов баяндады.

Акцияның мақсаты - балалардың жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттануының алдын алу, көшеде қауіпсіз жүруін түсіндіру.

«Ағымдағы жылдың 4 айында облыс көлемінде балалардың қатысуымен 12 жол-көлік оқиғасы орын алған, онда 13 жеткіншек түрлі дене жарақатын алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен», - деді А.Аукенов.

Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығындағы мектептердің алдындағы жол белгілері жаңартылып, жол патрульдік полиция қызметкерлері балалардың жолдан дұрыс өтуін қатаң қадағалауда.

Акция аясында балалардың лагерьлерге бару кезінде топтасып тасымалдау қағилары бойынша жол қауіпсіздік жұмыстары жүргізіледі. Арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында «Студенттердің идеялары мен бастамалары - жолдардағы жол қауіпсіздігі» атты шығармашылық байқаулар өткізіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік органдармен бірлесіп көлікте балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік құралдарын қолдану қажеттілігі жөнінде «Сіздің жолаушыңыз - бала» атты түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі

 


Қос қаланың сабақтастығы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.05.2018 10:55

Осыдан 24 жыл бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев жаңа Елорданы салу жөніндегі идеясын айтқан еді. Осыдан кейін астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру жөніндегі қаулы қабылданады. Бұл сол уақытта Еділден айырылған халықтың Есілден де айырылу қаупі туғанда қабылданған шешім болатын. Бұл туралы Елбасы Жоғары Кеңесте «Бұл мен үшін емес, бұл ел үшін керек, елдің ертеңі үшін керек, мұның мәнін қазір адамдар толық ұқпас, бірақ болашақ ұрпақ ұғатын болады» деп көрегенді ойын жария еткен еді. Осылайша 1997 жылдың 10 желтоқсанында ресми көшіру болса, 1998 жылдың 6 мамырында Президент Жарлығымен Ақорданың атауы Астана болып өзгертіледі. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде де Сыр бойында дәл осындай ұлт үшін  ұтымды  маңызды қадам жасалды. Ол Ақмешіттің атауын Қызылорда етіп өзгерту және жаңа республиканың астанасы деп жариялау болатын. Осы екі қаланың сабақтастығы аясында жыл басында Қызылорда облысы әкімінің өкімімен «Астана қаласының 20 жылдық, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын ұйымдастыру және өткізу» жөнінде жұмысшы тобы құрылып, арнайы іс-шара жоспары бекітілді. Содан бері жоспарға сәйкес өңірімізде мазмұнды шаралар атқарылып келеді. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында «Астана – болашақтың бағдары, Қызылорда – екі ғасыр куәсі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция да осы іс-шара аясында өтті. Тәуелсіздігіміздің символы Астана және Сыр өңірінің бас қаласы Қызылорда қалаларының мерейтойына арналған алқалы жиынға облыс әкімі Қ.Көшербаев, Сенат депутаты М.Бақтиярұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Ермұханұлы, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Хангелді Махмұтұлы және тағы да басқа зиялы қауым өкілдері қатысып, тақырып төңірегіндегі ғылыми тұжырымдарын айтты.

ХХ ғасырда әлемдегі мемлекеттер арасында Германия мен Бразилия өз астаналарын ауыстыру туралы шешім қабылдаса, жаңа ХХІ ғасырда тек тәуелсіз Қазақстан осындай батыл қадамға бел буды. Қазақстанның ұлан-байтақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа стандартының бой көтеруі – Елбасымыздың қазақ халқына жасаған батыл шешімдерінің бірі. Сондықтан Елорда Елбасы ерлігі деп айтуға толық негіз бар. Астана еліміздің барлық өңірлері үшін жаңғырудың заманауи үлгісін көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы Астана мен ұлтымыздың тарихындағы бірнеше астаналардың мекені болған Сыр өңірінің арасында рухани сабақтастық, табиғи үндестіктің болуы, әрине,  заңдылық. Мемлекет басшысының «Сыр – Алаштың анасы» деген даналық сөзі Сыр елінің Алаштың анасы да, панасы да болғанын дәлелдеді. Міне, биыл «Дарияның жағасында жорғалаған, Айналған Сыр елімен мақтанамын» деп ақындар жырлаған Сыр өңірінің бас шаһары Қызылорда қаласына 2 ғасыр толып отыр. Бұл аз да, көп те уақыт емес. Екі ғасыр мерзім ішінде Қызылорда талай белестерді бағындырған асуларды алды. Сыр елінің бас қаласының стратегиялық саяси маңызы оның Ұлы Жібек жолындағы пункті болуымен де ерекшеленеді. Ақмешіттің айналасында, жалпы Сыр өңірінде бірнеше тайпалық одақтар мен қағанаттар, хандық пен алып империялар болған. Бұған Шірік Рабат, Жәңгер, Сырмат қалалары дәлел, ал кеңес үкіметі орнаған соң 1925-29 жылдары Қызылордаға астана мәртебесі берілгені белгілі,- деді облыс әкімі Қ.Елеуұлы.

Рас. Қызылорда астана мәртебесін алғаннан кейін мұнда еліміздің алғашқы баспа институттары, басқа да ресми құрылымдар қалыптасып, нығайған. Алғашқы өнер, білім ордалары да іргесін қалап, әсем үйлер де бой көтерді. Тіпті, ұлт зиялыларының баршасы осы қалада шоғырланды. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерілері, өнер жұлдыздары, әдебиет майталмандары қоныс тепкен. Осы орайда Қ.Елеулы: «Мына өскелең ұрпақ осыны мақтан тұтып айтуы керек. Қызылорданың көшелерінде С.Сейфуллин де, С.Қожықов та бәрі осы жерде жүрген. Қазақтың жоғын жоқтаған»,- деп жастарға қарап, өз ақылын айтты.

Ал Сенат депутаты М.Бақтиярұлы Қызылорда қаласының екі ғасырлық тарихының көп жылында Қазақстанның астанасы мәртебесімен өткізгендігін және бүгінгі Астананың маңыздылығын тілге тиек етті.

Кейде асау мінезімен арқырай, кейде сабырсыз күйімен сарқырай ағып, кейде сол бір момақан қалпына түсе қалатын қасиетті Сырдарияның суындай сырғыған уақыт тезі мен сынының қилы-қилы кезеңдерінде аты мен атауы өзгеріп тұрғанымен, заты өзгермеген бір көне ескерткіш бар. Ол – осы отырған сіз бен біздің Қызылордамыз, сіз бен біздің алтын ордамыз, тал бесігіміз. Аңызға толы Сырдың жыры да, сыры да тарихқа айналған кезеңдердің екі ғасырлық куәсі – осы Қызылорда. ХІХ ғасырдың 18-інші жылы Қоқан хандығы кезеңінде қорған ретінде іргетасы қаланған әуелгі Ақмешіт – бұл. «Қоқандықтарды қоқандатып қоя алмаймыз» деген желеумен Орынбор генерал губернаторы Перовскийдің орыс әскерімен басып кіріп, 1855 жылдан бастап Перовск атанған қала – бұл. Несін айтасыз, әйтеуір Ақмешіт аталсын, Перовск аталсын, сіз бен біздің Қызылордамызға өткен ғасырдың 25-29-жылдары кеңестік Қазақстанның астанасы болу жазған еді. Сол 1925 жылдан бері Қызылорда аталып келе жатқан қаламыздың қазіргі көне үйлері мен ескі көшелерінде халқымыздың алып тұлғалары мен Алаш қайраткерлерінің рухы бар, ғалымдардың ізі сайрап жатыр. Бәлкім ұлылардан қалған сол рух пен даналар мен қайраткерлердің сол кездегі ізі бізді әрдайым қолдап, желеп-жебеп, небір кезеңдерде салқын соққан саясаттың ырқына шалдырмай келе жатқан болар,- деді М.Бақтиярұлы.

Сондай-ақ конференция барысында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Ермұханұлы «Астана – еларалық ынтымақтың кепілі» атты баяндамасын оқыды. Ол баяндамасында 2018 жылы баршамыздың ортақ мақтанышымыз Елорданың 20 жылдық мерейтойын абыроймен өткізу керектігін айта келе, бүгінгі конференцияның неліктен Сыр өңірінде өткізіліп отырғандығына тоқталды.

Біріншіден, осы өңірде кезінде Оғыздардың астанасы болған. Оны ұмытпағанымыз жөн. Екіншіден, қазақ хандары, оның алдындағы мемлекеттердің ордалары осы жерде тігілген. Үшіншіден, кеңестік кезде Қазақ Республикасының астанасы болды. Төртіншіден, осы өңірде бүкіл қазақ елі, Ресей империясы мойындаған хандар өмір сүріп, жергілікті тәртіпті сақтады. Мысалы, Ырымғазы хан. Бесіншіден, үш жүздің азаматтары, тайпалар мен рулардың басқосатын жері,- деді З.Қабылдинов.

Айта кетейік, конференция барысында өңіріміздегі «Рухани жаңғыру» орталығы туралы да сөз етілді. Әсіресе, облыс әкімінің Елбасы бастамасын жай қалдырмай, үлкен «Рухани жаңғыру» орталығын салып, оған 16 маманды жұмылдырғаны бірде-бір облыста жоқ дүние екендігі айтылды. Сонымен қатар қос шаһардың сабақтастығы туралы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, өзге де зиялы қауым өкілдері баяндамаларын оқыды.

Ж.ЖҮНІСОВА

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША КӨШБАСШЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.05.2018 10:51

Сыр өңірінде жастарды қолдау және әлеуметтік қамтамасыз етуге республика бойынша ең көп қаражат бөлінеді. Жастар аймақ тұрғындарының айтарлықтай бөлігін құрағандықтан жастар саясаты мәселелері аса маңызды. Ол туралы Қазалы ауданында өткен жастар саясаты мәселелері жөніндегі көшпелі кеңес отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

Жиын басында аймақ басшысы жастарды қолдау мәселелері аса маңызды әрі шұғыл шешімді қажет ететіндігін атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, облыс халқының айтарлықтай бөлігі жастарға тиесілі. Тұрғындардың жалпы санының 24 пайызын жастар құраса, олардың 42 пайызы қалада, 58 пайызы ауылда тұрады. Біз оларға сапалы білім мен сұранысқа ие мамандық беріп, жұмысқа орналасуға көмектесуіміз керек. Сондықтан жастар саясатын қаржыландыру - жұмысымыздың басымдықтарының бірі. Қызылорда облысы республика бойынша жастарды қолдауға ең көп қаражат бөліп келеді. Қазірдің өзінде аймақта біраз мәселе шешілді, дегенмен, атқарылмағаны да аз емес», - деді облыс әкімі.

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев өскелең ұрпақты қолдау бойынша орындалған жұмыс туралы баяндады. Аудандық жеке кәсіпкерлік субъектілердің 12 пайызы – жастар. 113 қазалылық жас «Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқудан өтсе, тағы да 56 «Бизнес-Кеңесші» курстарын бітірді, ал 3 кәсіпкер өз ісін бастауға қайтарымсыз грант алды. Жергілікті жастардың ұсынысы бойынша аудан орталығында көше кинотеатры салынып, жастар көп шоғырланатын орындарда тегін Wi-Fi өткізілетін болады.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев «Жастар саясатын дамыту бойынша 2021 жылға дейінгі жол картасын» жүзеге асыру барысы туралы баяндады. «Жол картасы» денсаулық сақтаудан бастап үкіметтік емес ұйымдармен әріптестікке дейін барлық салалар бойынша жастармен жұмыс істеудің 10 бағытын қамтиды. Мәселен, жастарды жаппай кәсіпкерлікті дамыту мен нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша оқыту мақсатында 1515 грант, мемлекеттік тапсырыс бойынша 3088 грант бөлінді.

«Бұған қосымша «Серпін-2050» жобасы бойынша бөлінетін гранттарды қосатын болсақ, 100 пайыз оқумен қамтуға толық мүмкіндігіміз бар. Биылғы жылы Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарын бітіретін 76 түлекті жұмысқа орналастыру бойынша қазіргі таңда түлектердің 31-і магистратураға тапсыруды, 45-ін жергілікті әртүрлі меншіктегі кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру жоспарлануда», - деді Еркебұлан Меңлібаев.

Кеңес отырысын қорытындылай келе, облыс әкімі мемлекеттік орган басшыларына жастарды қолдау шараларын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІ МЕН ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН БОЛЫП ҚОСЫЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.05.2018 10:34

Жаңа елді мекенді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қазалы ауданында өткен көшпелі мәжілісте талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларында Әйтеке би және Қазалы кентін дамыту мәселелері бойынша мәжілістер өткізілді.

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев атқарылған жұмыстар мен бұған дейін де өткізілген мәжіліс отырыстарындағы берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.

"Жасыл белдеу" жасау үшін кент маңынан 14 мың көшет отырғызылып, суаратын арналар жасалды.

"Қазақстан МЖӘ орталығы" АҚ-мен "Шағала" балалар тынығу лагерінің құрылысын салуға келісімге отырды, бүгінде инвесторлар іздестірілуде. Сонымен қатар, 250 орындық аудандық аурухана, 12 екіқабатты үйлер және өзге де әлеуметтік нысандар құрылысының жобалары әзірленді.

Сондай-ақ, аудан орталығында Әйтеке би ескерткішінің жобасы әзірленуде. Оған Өзбекстан Республикасындағы Нұрата кентінде жерленген атақты бидің бейітінен әкелінген топырақ салынады. Оны Науаи облысына іссапармен барған Қызылорда облысының делегаттары әкелген еді.

Аудан әкімі шешімін күтіп тұрған бірнеше мәселелердің барын да атап өтті. Ол Қазалы ауданындағы 49 көшені газдандыру, "Ақкиіз" және "№165" каналдарын тазарту, көшелерді жөндеу және т.б.

Өз кезегінде облыс әкімі басқарма басшыларына құрылыс жұмыстарын қаржыландыру және мәселелердің тез шешімін табуы үшін бірігіп жұмыс жасауларын, ал аудан әкіміне атқарылған жұмыстарды тұрақты түрде бақылауда ұстап, сапасына көңіл бөлуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


БАТЫРХАН ШӨКЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН «ОТАН-АНА» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.05.2018 10:33

«Отан-Ана» байқауының іріктеу туры аяқталды. 25 қатысушының есімі белгілі болды.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға 20 үміткер қатысады деп жоспарланған, алайда өтініштердің көп болуына байланысты олардың қатары 25 адамға дейін көбейді.

«Биыл байқауға 112 өнерпаз қатысуға ниет танытты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Биыл байқау үміткерлерінің дайындығының жоғары болғандығы қуантты. Сондықтан біз қатысушылар санын көбейттік. Бұдан бөлек, биыл байқауда Өзбекстанның өнерпазы бақ сынайды. Алдағы уақытта байқау географиясы ұлғайып, халықаралық деңгейде өтеді деп ойлаймын", - деді «Таңдау» продюсерлік орталығының директоры Қарлығаш Ажиева.

Байқауға қатысушылардың тізімі:

  1. Айзада Әлімбек, ОҚО
    1. Айымбек Сартуков, Алматы қ.
    2. Ақмарал Ешенова, Өскемен қаласы
    3. Әкімxан Маженов, Өзбекстан, Ташкент қ.
    4. Арайлым Маxанбетжанова, Қызылорда қ.
    5. Аян Байжігіт, Жамбыл обл.
    6. Аян Мінішев,  Қарағанды қ.
    7. Бекзат Молдабергенов, Қызылорда қ.
    8. Бүркіт Жанай,  Астана қ.

10.  Гүлнар Көшенова, Қарағанды о.

11.  Данияр Губайдуллин, Маңғыстау обл.

12.  Дария Сартаева, Павлодар қ.

13.  Ерік Төленов,  Кентау қ.

  1. Жомарт Күлбарақов, Алматы обл.
  2. Индира Байымбетова, Қызылорда қ.

16. Ілияс Сейтпенбетов, Алматы қ.

17.Күлайым Қайырбаева, Астана қ.

18. Махмут Нұрахмет,  Қостанай қ.

19.Нұрбол Ақбаев, Қызылорда қ.

20. Нұртас Омаров,  Ақтөбе қ.

21. Павел Цой, Алматы обл.

22. Сырымтай Еңсепов, Алматы обл.

23. Темірлан Пашенов, Талдықорған қ.

24. Тұрғанәлі Шарап, Қызылорда қ.

25. Халид Орынқұл, Жамбыл обл.

 

Қатысушылардың өнерін білікті өнер адамдарынан құралған қазылар алқасы: Дильназ Ахмадиева, Ринат Гайсин, Еркеш Шакеев, Олжас Байканов және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Абдрахманов бағалайды.

Бағдарлама бойынша 16 мамырда үміткерлердің жеребе тастауы болады, 17 мамырда негізгі байқау өтеді. Ереже бойынша әншілер 2 ән орындайды. Оның бірі Батырхан Шөкеновтың шығармасы болуы қажет.

Батырхан Шөкеновтің туған күні, 18 мамырда байқауға қатысушылар әншінің ескерткішінің ашылуына және ағаш отырғызу рәсіміне қатысады.

Кешке орталық алаңда байқау қатысушылары мен қонақтарының гала-концерті өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, 17-18 мамырда Қызылордада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шөкеновты еске алуға арналған "Отан-Ана" атты екінші республикалық әншілер байқауы өтеді.

Ән сайысы Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушылар - облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және "Таңдау" продюсерлік орталығы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ 3 D-КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.05.2018 17:31

Жоба «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жүзеге асырылады. Интерактивті карта республикалық және жергілікті маңызы бар 150 ескерткішті қамтитын болады.

Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің 3 D-картасы 2018 жылдың 1 қарашасына дейін жасақталады.

«Бірінші кезекте картаға ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміндегі және республикалық, жергілікті маңызы бар ескерткіштер енгізілетін болады. Далалық зерттеулер жүргізіліп, нысандар туралы архивтік деректер мен аңыз-әңгімелер жинақталады. Инновациялық әдістер мен компьютерлік бағдарламалардың көмегімен ескерткіштің толық виртуальды моделі қалыптасып, әр нысан туралы 3 тілде толық ақпарат арнайы сайтта орналастырылады», - деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова жобалық басқару бойынша сараптамалық кеңес барысында.

Бүгінде облыста 286 ескерткіш, яғни 30 республикалық, 256 жергілікті маңызы бар ескерткіштер мемлекет қорғауына алынған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫ МЕН ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.05.2018 17:13

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың Қазалы ауданына жұмыс сапары барысында Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентін дамыту мәселелері туралы мәжіліс өтті.

Бұл мәселе бұған дейін 2 рет арнайы мәжілісте талқыланған. Осының нәтижесінде кейбір жобалар қолдау тауып, бірқатар жұмыстар басталып кетті. Бұл туралы Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев баяндады.

Әйтеке би кентінің 55 көшесін орташа жөндеуге 2,7 млрд. Теңге болатын жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Осыдан 3 көшені (Қ.Ерімбет, Жетес би, Ер Мағзаман) орташа жөндеуді бастауға облыстық бюджеттен 120 млн. теңге бөлінді. Ал Қазалы қаласындағы 10 көше моноқалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес кезең-кезеңімен шешімін таппақ.

Инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп жатқан кенттегі 180 гектар аймақтан Рәміздер алаңы мен Демалыс паркiн салу үшін 8,2 гектар жер учаскесі белгіленді.

Ал Қазалы қаласын газдандыруға байланысты аудан тарапынан жобалау-іздестіру жұмыстары жасалып, жоба-сметалық құжатына қажетті қаржы көлемі нақтыланды.

Мәжіліс соңында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев аудан әкімі мен басқарма басшыларына қала мен кентті қосу бойынша жұмыстарды қатаң бақылауды, бөлінген қаржыларды уақытылы игеруді және екі аралықтан жаңа үлгідегі кәсіпкерлік нысандарын салу үшін инвесторларды тарту жолдарын қарастырып, келісімдер жасауды тапсырды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАЗАЛЫДА ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.05.2018 17:05

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазалы ауданында жастар саясаты жөніндегі Қызылорда облыстық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Кеңесте мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі «Жол картасының» жүзеге асырылу барысы, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жас кәсіпкерлерді қолдау бойынша атқарылған жұмыстар, өңірдегі еңбек ресурсы балансының тиімділігі, Қазалы мен Жалағаш аудандарындағы жастар саясаты саласында іске асырылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев аудан бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы баяндады. Аудан халқының 26 пайызын (19 924 жас) жастар құрайды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында биыл жергілікті бюджеттен 12,4 млн. теңге бөлінді. Жыл басынан бері аудан жастарының қатысуымен 150-ден астам шара ұйымдастырылды.

Биыл кәсіппен айналысуға ниет білдірушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 5 есеге дейін артып отыр. Бұған дәлел аудан орталығында алғаш рет SMILE кино кафесі ашылды. Онда аудан жастарының ұйымдастыруымен түрлі шаралар жүзеге асырылып келеді.

Кеңес отырысын қорытындылаған облыс әкімі тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастардың бос уақытын ұйымдастыру, кәсіби бағдар беру, құқықбұзушылықтың алдын алу, жастар корпусын дамыту міндеттелді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


Кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
04.05.2018 15:35

Қазақстанда бизнесті www.egov.kz арқылы жылдам әрі оңай ашуға болады. Электрондық үкімет порталында кәсіпкерлердің игілігі үшін «Банктік шот ашуды және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу» композиттік қызметі іске қосылды. Енді жеке ісін ашқысы келетін азаматтар үш қызметті бірден ала алады: заңды тұлғаны тіркеу, банктік шот ашу және сақтандыру туралы келісімшарт жасау. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету барысында «бір өтініш» қағидатын қолданудың үлгісі болып табылады.

Осы уақытқа дейін азамат заңды тұлғаны тіркегеннен кейін банктік шот ашып, ҚҚС бойынша есепке қою үшін салық органына, содан соң сақтандыру компаниясына баруы тиіс еді. Ал осы бірнеше қызметті біріктірген композиттік қызмет Қазақстанда бизнес ашу үрдісін айтарлықтай жеңілдетеді. Енді екі күннің ішінде (өтініш берген күнді есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге алынғаны туралы куәлікті, банктік шот нөмірін және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келісімшартты алуға болады.

Заңды тұлғаны электрондық тәсілмен тіркеу кезінде әзірше 4 коммерциялық банктен шот ашып, 3 сақтандыру компаниясымен шарт жасасуға болады. Жуырда бұл тізім тағы 9 банк және 4 сақтандыру компаниясымен толығады.

Айта кету керек, бұл композиттік қызметті қолдану үшін құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тіркеуден өтуі тиіс.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары