Өзекті мәселелер

  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Облыстың оңтүстігінде, қарт Қаратаудың іргесінде,  Сырдария өзенін жағалай қоныстанған, халқы – жайсаң, жері – жомарт Жаңақорған дейтін аудан бар. Батпағының өзі – бренд. Шөбі – шүйгін. Табиғи қазба байлығы талайды тамсандырған өңір. Жайылмалық жұрт жерсіндірген қарбызын алыс-жақын шетеліңіз таласып әкететіні тағы бар. Қысқасы, қазір Қаратаудың етегінде орныққан елдің бірлі...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Байқоңырлық бұқараның әлеуметтік мәселелері оң шешімін тауы­п келеді­. Бұрын «Ресейдің иелігінде» деп онша иек артпайтын аумақ еді, соңғы жылдары­ екі елдің Үкіметаралық келісімдерінің арқасында «жұлдызды қалашықта» да біраз істің беті бері қарап қалды.  Түсінікті болу үшін тақырыпты тарқатайық.

    ...
    Толығырақ...
Сенбі, 05 Мамыр 2018

ҚАЗАЛЫДА СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ КӨШЕ АТЫ БЕРІЛДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.05.2018 15:50

Ұлы Отан соғысы жылдары оның зардабын тартпаған отбасы кемде-кем. Олардың қатарында бір әулеттен 5 азамат аттанған Талқанбаевтар отбасы да бар.

Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Қазалы ауданында ағайынды Талқанбаевтарға көше аты берілді. Жасөспірімдер арасында кіші футболдан ашық турнир өтті. «Өшпесін мәңгі есімің» атты кітаптың тұсауы кесіліп, «Бозкөлдің боздақтары» қойылымы сахналанды.

Шараларға қатысқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бұл жеңісті жақындатып, бейбіт өмірді орнатуға беріле қызмет жасаған ерлерді ұлықтаудың жарқын көрінісі екендігін айтты.

Ағайынды Талқанбаевтар өздерінің әскери міндетін абыроймен атқарған. Тайберген Талқанбаев ұрыс даласында ерлікпен қаза тапса, Айберген, Жылқыбай Талқанбаевтар хабарсыз кеткен. Ал елге аман оралған Бақберген, Жайберген Талқанбаевтар соғыстан кейінгі бейбіт өмірде ел дамуына үлес қосты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 


ХАЛЫҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.05.2018 15:10

Қызылордада халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту шаралары жалғасуда. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиал мамандарының қатысуымен қысқамерзімді курстар адам көп шоғырланатын орындарда өтіп жатыр.

Кезекті сабақ облыстық әкімдік ғимаратында ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған оқыту бағдарламасы кең көлемді. Дәріс барысында қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жаңашылдықтарға тоқталды. ХҚКО мамандары egov.kz электронды порталында қолжетімді болған sms-хабарлама жолдау арқылы үшінші тұлғаларға анықтама алу қызметін таныстырып, проактивті қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету, апостиль қойылған сотталмағандығы туралы анықтаманы беру секілді қызметтер бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Дәл осындай семинар-сабақтар аймақтағы жоғары және орта-мамандандырылған оқу орындарында, мектептерде және басқа да еңбек ұжымдарында өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мемлекеттік корпорация арқылы жоспарда 20 мың адамды қысқамерзімді оқыту курстарымен қамту көзделген.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызметтерді алу бірнеше арналар арқылы қолжетімді болды. Оның ішінде электронды үкімет порталы арқылы 700-ден аса қызмет, ХҚКО арқылы 548 қызмет, «mgov» мобильді қосымшасы арқылы 80-нен аса қызмет көрсетіліп отыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы баспасөз қызметі

 


ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ "КӨКТЕМ МАРАФОНЫ - 2018" ӨТЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
05.05.2018 12:21

Марафонның өткізілуі туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды. Брифингке «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Жасұлан Алдабергенов, «Жомарт» мүгедектерге, балалары мүгедек ата-аналарға және тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсету» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Майя Наримова, «Шуақты бөбек» қоғамдық қор құрылтайшысы Майра Нуркишева қатысты.

"Шараның басты ұйымдастырушылары - Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері және облыстық спорт басқармалары, «Жомарт» қоғамдық бірлестігі, «Шуақты Бөбек» қоғамдық қоры. Негізгі мақсат - «Ұлт саулығы» идеясын, саламатты өмір салтын насихаттау және халықты дене шынықтыруымен, спортпен белсенді айналысуға баулу, бұқаралық спортты дамыту және жас спортшыларды қолдау", - дейді Ж.Алдабергенов.

"Жомарт" қоғамдық бірлестігі төрайымының айтуынша, марафон 13 мамыр күні сағат 09.00-де басталады. Қатысушылар Тұңғыш Президент саябағынан бастап, Сұлтан Бейбарыс көшесі, Тәуелсіздік даңғылы арқылы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионға дейін жүгіріп өтеді. Оған 16 жастан жоғары адамдар қатыса алады.

"Қатысушыларды тіркеу 25 сәуірден 11 мамырға дейін жүргізіледі. Тіркеу жарнасы: жеке қатысушыларға – 500 теңге, командалық қатысушылар үшін – 2500 теңге", - деді М.Наримова.

Сонымен қатар, марафонннан түскен жиналған қаржы «Шуақты бөбек» қоғамдық қоры арқылы дамуында ауытқушылығы бар балаларға арналған оңалту орталығын ашуға жұмсалады. Өткен жылы ашылған қор Дауна синдромына шалдыққан балаларға көмек көрсетеді. Ендігі мақсаты қала орталығынан оңалту орталығы ашылса дейді қор құрылтайшысы.

Айта кету керек, осындай марафон өткен жылы да ұйымдастырылды. Онан түскен қаржы "Жастар Үйіне" жұмсалды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


Күнтізбе

< Мамыр 2018 >
  1 2 3 4 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары